Сарыарқа күйшілері Кіріспе



жүктеу 414.3 Kb.

бет3/5
Дата12.01.2017
өлшемі414.3 Kb.
1   2   3   4   5

 

Əдебиеттер: 

 

Адамов Д.  Тəттімбеттің күйлерін жеткізуші: ел іші- өнер кеніші // Орт.Қазақстан.-  



2008.- 5 

ақпан.- 4 б. 

Асауова  С.  Күйші  Тұрысбек:  өнердің  өз  адамы  //  Астана  хабары.-  2006.-  10 

қаңтар.-4 б. 

Ахметова  Б.Т.  Күйші  Тəттімбет  мұрасын  насихаттаушы  Т.  Түсіпбеков.-  Астана: 

"

Сарыарқа" баспа  үйі, 2004.- 126 б.: сур. 



Əбенбаев  С.  Эсетикалық  мəдениет  негіздері:  (оқу  құралы).-  Алматы:  Дарын, 

2005.- 280 

б. 

Əбдезұлы Қ.  Тарих жəне тағдыр; ред. З. Қабдолов.- Алматы: Қазығұрт, 2004.- 208 



б. 

Əбдешев М. Тəттiмбет медальмен наградталған: Дерек // Орт. Қазақстан.- 2001.-31 

қазан 

Əбдіқалықұлы  Ə.    Тəттімбет  хикаяты  хақында:  Оқыдық,  пікір  айтамыз  // 



Балқантау.- Егіндібұлақ, 1996.- 19 қазан 

Əбдiəкiмов Ə. Қазақстан тарихы: Таным // Азия Транзит.- 2000.-N5 (тамыз).-30-42 

б. 

Əсемқұлов Т. Сарыжайлау ғұмыр: [Тəттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл] 



// 

Қазақ əдебиеті.- 2005.- №45. -4-5 б., Орт.Қазақстан.- 2005.-19,22 қараша.- 7 б. 

Əукешова Ж. Тəттімбет туралы бірер сөз: /Тəттімбет ат-ғы ұлт-аспаптар оркестрі/ 

// 


Ленин туы.- 1986.- 6 желтоқсан 

Баймұханбетов Р. Тəттімбет туралы фильм // Нар. трибуна.- 1994.- 13 тамыз 

Баймұханбетова  Р.    Тəттімбет  мұрагері-күйші  Тұрысбек  Түсіпбеков  //  Қазақстан 

музейлері.-2004.- N1(4). -53-55 б. 

Балқашұлы  Т.  Тəттімбет  күйлерінің  дүбірлі  мерекесі:  Тəттімбет  атындағы  ІІ 

республикалық  конкурсы  қарсаңында  //  Орт.Қазақстан.-2004.-  20  қараша.-16  б.  23 

қараша.-6 б. 

Балташұлы Е. Тəттiмбет - қоғам қайраткерi // Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан 

Балташұлы Е. Бiр қайнауы iшiнде: Премьера // Орт. Қазақстан.- 2004.- 2 наурыз.-7 

б. 


Бегалин С. Күй күмбезі Тəттімбет жəне оның күй тарту мектебі. // Күй табиғаты.- 

Алматы, 1981.- 29-41 б. 

Бейсембек  Т.  Конкурс  шарттары  жəне  қалақ  домбыра:  Тəттімбет  атындағы  ІІ 

республикалық конкурс // Орт.Қазақстан.- 2004.- 30  қараша.-5 б. 

Бейсембек Т. Сылқылдақ: Дастан // Орт. Қазақстан.- 2001.- 31 қазан 

Бекенов У.  Күй керуені: оқу құралы. Алматы: Өнер, 2002.- 144 б. 

Бекенов У.  Күй көтерер көңілдің көк жиегін.- Алматы: Қазақстан, 1975.- 48 б. 

Бекенов У.  Күй табиғаты.- Алматы: Өнер,  1980.- 174 б. 



 

14 


Бекенов  У.    Ұлы  күйшінің  мұрагерлері:  Т.Қазанғапұлының  туғанына  175  жыл 

толуы қарсаңында // Ленин туы.- Егіндібұлақ, 1990.- 30 маусым 

Бектұров Ж. Домбра мұңы // Орт. Қазақстан.- 1990.- 3 тамыз 

Бектұров  Ж.  Партия,  соғыс  жəне  еңбек  ардагері  Н.Төкішевке  ашық  хат  //  Ленин 

туы.- Егіндібұлақ, 1990.- 31 шілде 

Бердібаев Р. Тəттімбет шыңы // Орт. Қазақстан.- 1990.- 18 желтоқсан 

Ғалым М. "Бес Төре" күйі кімдерге арналған? // Қазақ əдебиеті.- 2007.- 6-12 шілде 

(

№27).- 7 б. 



Ермегияев  А.  "Тəттімбет  -  Тəңірінің  тартуы":  "Отан"  партиясының  төрағасы 

А.Ермегияевпен  сұхбат;  Сұхбаттасқан  Е.Балташұлы  //  Орт.Қазақстан.-  2004.-  30 

қараша.-1,4 б. 

Жазықбаев,  Е.  Тұрысбек  күйшi  –  Тəттiмбет  мұрагерi:  Өнер  //  Азия  Транзит.- 

2003.- N4.-50, 51 

б. 


Жақанов  И.    Аққулар  қонған  айдын  көл:  Деректі  əңгімелер,  эсселер.-Алматы: 

Жазушы, 1988.-  208 б.: портр. 

Жақанов  И.  Тəттімбет  күйлері  шертілген  кеш  //  Аққулар  қонған  айдын  көл.- 

Алматы, 1988.- 163-176 б. 

Жанғожин  А.  Тəттімбеттің  кітабы  -  «Саржайлау».  //  Орт.  Қазақстан.-  1989.-  28 

қаңтар 


Жандаев Ш.  Тəттімбет өмірін зерттеген // Орт.Қазақстан.- 1990.- 25 шілде 

Жарылғапова Г.Б.  Сайдалы Сары Тоқа // Жаңаарқа.- Атасу, 2006.- 5 тамыз.- 3 б. 

Жолдасбекұлы  М.  Елтұтқа:  Ел  тарихының  əйгiлi  тұлғалары  /  М.Жодасбекұлы, 

Қ.Салғараұлы, А.Сейдiмбек.- Астана: KUL TEGIN баспасы, 2001.- 358 бет.: сурет 

Жұбанов А.Қ.  Əн-күй сапары.- Алматы:  Қазақ ССР-нің "Ғылым баспасы, 1976.- 

479 


б. 

Жұбанов А.  Ғасырлар пернесі.- Алматы:  Дайк - Пресс, 2002.- 328 б. 

Жұмағали  С.  Күй  күмбезі  Тəттімбет  атындағы  конкурс  өткізілді:  өнер  //  Азия 

Транзит.- Қарағaнды, 2004.- N12.-42-43 б. 

Жүзбасов Қ. Күй ғұмыр // Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан 

Жүзбасов Қ. Күй ғұмыр // Қазақ əдебиеті.- 1990.- 7 желтоқсан 

Зиялдуллақызы  Г.    Ұлы  баба  рухына  бағышталады:  Тəттімбет  атындағы  І 

Республикалық конкурс  // Орт.Қазақстан.- 2001.-24 қазан 

Кенжалиев  И.    Қос  ішек:  Құрманғазы,  Тəттімбет  /ред.  Алтынбекова  Р.-  Алматы: 

Өнер, 1990.-  216 б. 

Күй қайнары / құраст. А. Райымбергенов, С. Аманова.- Алматы: Өнер, 1990.- 288 

б. 


Қажымұқанұлы  Ə.  Шертпе  күйдің  шебері:  Тəттімбеттің  туғанына  -  190  жыл  // 

Взгляд на  события.- Қарағaнды, 2005.- 2 қараша(N43).-18 б. 

Қазақтың шертпе күйлері.- Қарағанды: Болашак-Баспа, 2006.- 176 б. 

Қалқаман Жүнісбекұлының екі күйі // Парасат.-  2006.- №4. -18 б. 

Қарағанды  облысы.  Қарағанды  облыс  əкімі.    Мəди    Бəпиұлының  125  жылдығын 

жəне Тəттімбет Қазанғапұлының 190 жылдығын мерекелеу туралы: Қарағанды облысы 

əкімнің өкімі // Орт.Қазақстан.- 2005.- 23 сəуір.-2 б. 

Қауысов Б. Өнерімен Арқаның кім таласар!? // Орт.Қазақстан.- 2001.-5 мамыр 

Қауысов  Б.  Ұлы  күйшiнiң  ұрпақтарын  iздеген  байқау:  Өнер  күнделiгi  //  Орт. 

Қазақстан.- 2000.- 20 желтоқсан 

Қуанбаев  А.  Күй  құдіреті  Тəтекең!:  Тəттімбеттің  туғанына  190  жыл  толуына  // 

Орт. Қазақстан.- 2005.- 9 шілде.-16 б. 

Лəмбеков С. Тəттімбет: Хиқаят.- Алматы: Өнер, 1993.- 272 бет 

Лəмбеков С. Тəттімбет: Т.Қазанғапұлының туғанына 175 жыл толуы қарсаңында // 

Ленин туы.- Егіндібұлақ, 1990.- 17,27, ақпан, 3, 10 наурыз, 12  сəуір, 5 мамыр 

Мұсаұлы Ы. Сыңғырлаған сұлу саз // Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан 

Мерғалиев  Т.  Тəттімбет  күйлерінің  тарихы  туралы  //  Қазақ  əдебиеті.-  1963.-  19 

шілде 


 

15 


Мұстафин Б. Тəттімбет Қазанғапұлы: Арқа ардақтылары // Орт. Қазақстан.- 1990.- 

12 


қаңтар 

Мұхамедханов  Қ.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы    Мəтін].  Т.4.  Абай 

мұрагерлері. Естеліктер.- Алматы: Алаш, 2005.- 328 б.-(Алаш мұрасы) 

Нəсенов  Б.    VIII-Бөлім:  Сегізінші  том.  Он  екінші    кітап  :  Тəттімбет.  Он  үшінші 

кітап : Мəди.- Алматы; Новосибирск, 2005.- 245 б.: фото 

Омарбекұлы  М.  Ұлан  даланың  ұлы  күйшісі:  /С.Лəмбекұлының  «Тəттімбет» 

романы туралы/ // Балқантау.- 1995.- 12 сəуір 

Омарбекұлы  М.  "Тəттімбеттің  Алтын  домбырасы"  атты  қор  құрылды    // 

Қарқаралы.- 2004.- 3 шілде 

Оразбай  Е.  Тылсымы  көп,  тұңғиығы  терең  тұлға:  Тəттімбет  атындағы  ІІ 

республикалық конкурс // Орт.Қазақстан.- 2004.- 30 қараша.-5 б. 

Попов Ю. Ұлы күйші мұрасы // Коммунизм таңы.- 1990.- 31 шілде 

Рахымбайқызы  Н.  Күй  күмбезі  Тəттімбет:  Тəттімбет  Қазанғапұлының  туғанына 

190 


жыл //Қарқаралы.- 2005.- 9 шілде.-2 б. 

Рүстемова  Г.  "Қарағайдың  түбінен  қайырып  алған  қобызым"  //  Орт.Қазақстан.- 

2000.-30 

желтоқсан 

Садырова  Т.    Тəттімбеттің  тəтті  күйі  тербейді:  ұлы  күйші  Тəттімбеттің  туғанына 

190 


жыл //Дала мен қала.- 2005.- 16 желтоқсан.-12 б. 

Садырова Т. "Өнер алды-қызыл тіл": Ұлы күйші Тəттімбеттің туғанына 190 жыл // 

Дала мен қала.- 2006.- 6 желтоқсан(N49)-8 б. 

Салықов  К.    Күйші:  [Тəттімбет  Қазанғапұлының  туғанына  190  жыл]  //  Егемен 

Қазақстан.- 2005.- 18 қараша.-5 б. 

Салықов К. Тəттімбет: Поэма мен өлеңдер.- Алматы: Ж.Ш.С. Жалын, 1998.- 192 б. 

Салықов Т.  Тəттімбет: поэма, өлеңдер, толғау.- Астана: Фолиант, 2005.- 220 б. 

Сатаев А. Шадыман: Тəттімбет туралы повесть // Орт. Қазақстан.- 1968.- 24 шілде 

Сауғабаев К. Той дүбірі жақын: /Тəттімбеттің туғанына 175 жыл толу қарсаңында/ 

// 


Орт. Қазақстан.- 1990.- 29 маусым 

Сəдуақасова  А.  Ұлы  күйшіге  арналады:  Тəттімбеттің  190  жылдығына  // 

Орт.Қазақстан.-2005.- 16 маусым.-13 б. 

Сейдiмбек  А.  Тəттiмбет  Қазанғапұлы:  (1815-1860)//  Орт.  Қазақстан.-  2001.-31 

қазан 

Сейдімбек  А."Қазақтың  ғұмыры-  күй  ғұмыр":  Қаламгер  А.Сейдімбекпен  əңгіме  /  



əңгімелескен Т.Майбас // Орт.Қазақстан.- 2004.- 30 қараша.-4 б. 

Сейдiмбек, А. Қазақтың күй өнерi / А.Сейдiмбек.- Астана: Күлтегiн, 2002.- 832 бет 

Сейдімбеков А. Бес төре // Орт. Қазақстан.- 1990.- 14 шілде 

Сейдімбеков А. Тəттімбет // Орт. Қазақстан.- 1992.- 13, 14 наурыз 

Семқұл  Б.  Тəттiмбеттiң  бас  сүйегi  қайта  жерлендi  ме?  Жерленбесе  қайда  ол: 

Қазақстан Республика назарына// Азия Транзит.- 2000.- 27 қаңтар(N3).-6 б. 

Семқұлтегі Б. Тəттімбетті сан қырынан танытып, сомдаған туынды // Балқантау.- 

1994.- 12 

қараша 

Смағұлов Ғ. Ұлы күйшiнi ұлықтаған зерттеушi// Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан 



Тайтөлеуов  Ж.  Күмбiрлеген  күй-құдырет,  күй-арман:  Халық  композиторы 

Т.Қазанғапұлының  туғанына  185  жыл  толуына  арналған  толғау//  Орт.  Қазақстан.- 

2000.- 19 

шiлде 


Тарақты А. Тəттімбет // Қазақтың əйгілі күйшілері. IХ-ХХ.- Алматы, 1992.- 11 б. 

Тəттімбет (Будут звучать в веках).- Қарағанды:  Полиграфия, 1993.- 109 б. 

Тəттімбет.  Сылқылдақ: (қазақ халық аспаптары оркестріне арналған партитура) / 

Тəттімбет; Тəттімбет;  Күйлерді өңдеп, оркестрге түсірген Ə. Шоқанбаев.- Қарағанды: 

[

б.ж.], 2004.- 108 б. 



Тəттiмбет Қазанғапұлы: (1815-1862) // Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан 

Тəттімбет  Қазанғапұлы  //  Қазақ  ССР.  4  томдық  энциклопедия.  Т  4.-  Алматы, 

1989.- 565 

б. 


 

16 


Тəттімбет Қазанғапұлы // Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 

1990.- 532 

б. 

Тəттімбеттің туғанына 175 жыл. // Ленин туы.- 1990.- 4 тамыз 



Тəукейұлы Ы. Тəттімбетке тағзым  //Орт.Қазақстан.- 2005.- 10 қараша.-16 б. 

Тоғжанов, Е.Л. Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов, Т.Т.Аршабеков.- Қарағанды: 

Қарағанды экономикалық ун-тi, 2002.- 324 бет. 

Тойбек  Ж.  Шертпе  күйдің  атасына  арналды:  Тəттімбеттің  туғанына  -  190  жыл  // 

Орт. Қазақстан.- 2005.- 3 қараша.-11 б. 

Тоқтамысов  Т.  Тəттiмбет  жəне  оның  мұрагерлерi//  Орт.  Қазақстан.-  2000.-27 

желтоқсан 

Тоқтаған А. Күй аңыздары мен мектептері // Ана тілі.- 2004.- N11. -6 б. 

Төкешев  Н.  Жазушы  Жайық  Бектұровқа  ашық  хат:  Т.Қазанғапұлының  туғанына 

175 


жыл //Ленин туы.- 1990.- 17 шілде 

Төкешев  Н.  Кемел  күйші  Омбыдағы  қабылдауда:  /Т.Қазанғапұлының  175  жыл 

толуына/ // Ленин туы.- 1990.- 29 қыркүйек 

Төкешев Н. Күй күмбезі // Орт. Қазақстан.- 1990.- 3 тамыз 

Төкешев Н. Тəттімбет Омбыда // Орт. Қазақстан.- 1990.- 7 қазан 

Төкешев Н. Халық композиторы Тəттімбет // Ленин туы.-1990.- 21 шілде 

Тұралықызы  Т.    Сарыарқаны  күйімен  кұмбірлескен:  Ұлы  күйші  Тəттімбеттің 

туғанына 190 жыл //Дала мен қала.- 2005.- 2 желтоқсан(N48).-8 б. 

Тұрсынбаев  Б.      Тəттімбеттің  бас  сүйегін  Шаяхметов    қана  біледі  //  Жас  Алаш.- 

2002.- 14 

наурыз(N31).-7  

Түсіпбеков Т. Деректі кітап шығару қажет: Т.Қазанғапұлының туғанына 185 жыл 

толуы қарсаңында  // Сарыарқа.- 1999.- 18 қыркүйек 

Түсіпбеков Т. Кемеңгердің көлеңкесі де ыстық // Ленин туы.- 1990.- 28 шілде 

Түсіпбеков Т. Тəттімбет: Деректі повесть.- Қарағанды, 1993.- 110 б. 

Түсіпбеков Т. Тəттімбет - бəрімізге тəн тұлға: тілек  // Жаңа жол.- Киевка, 1993.- 

16 

қаңтар.-3 б. 



Түсіпбеков Т. Тəттімбет - «Саржайлау» // Ленин туы.- 1990.- 11 қаңтар 

Түсіпбеков Т. Тəтті күйдің атасы - Тəттімбет: [Тəттімбет күйлері туралы] // Азия.-

Тразинт 1993.- № 41.-қазан. -8 б. 

Түсіпбеков  Т.  "Тірілтіп  Тəттімбеттің  он  саусағын":  Тəттімбет  атындағы  өлкетану 

мұражайының  меңгерушісі  Т.Түсіпбековпен  əңгіме  /Əңгімелескен  Ж.Райымбекқызы  // 

Орт.Қазақстан.- 2005.-1 қаңтар.-13 б. 

Түсіпбеков Т. Шертпе күйдің атасы // Сарыарқа.- 1994.- №5.-3-15 б. 

Тілеухан  Б.  "Қазақтың  қаны-қобыз,  жаны-домбыра":ҚР  парламенті  Мəжілісінің 

депутаты, əнші Б.Тілеуханмен сұхбат /сұхбаттасқан Т.Майбас // Орт.Қазақстан.- 2004.- 

желтоқсан.-3 б.  



Тілеухан  Б.  Шертпе  күйдің  дəстүрін  жалғастыру  -парыз:  Респ.  мəдениет 

комитетінің 

төрағасы 

 

Б.Тілеуханмен 



əңгіме 

/

əңгімелескен 



С.Сексенұлы 

//

Орт.Қазақстан.- 2001.-31 қазан 



Ысқақов Б.  Тəттімбеттің тəтті күйлері // Дала мен қала.- 2005.- 18 қараша(N46).-

16 


б. 

Янушкевич  А.  Қазақ даласына  сапар туралы  жазбалар.- Астана: Аударма, 2003.- 

264 

б.-(Тарих.Таным.Тағдыр) 



 

Қарымсақұлы Əшімтай  

(1808-1903) 

 

Сарыарқадағы күйшілік мектептің орнығып, шыңдалуына ықпал еткен дəулескер 

күйшілердің  бірі  -  Əшімтай  Қорамсақұлы.  Əшімтай  Қарағанды  облысының  Балқаш 

қаласына  жақын  маңдағы  Ортадерсін  ауылында  1808  жылы  дүниеге  келіп,  осы  ата 

қонысынан 1903 жылы топырақ бұйырған. Күйшінің шыққан тегі Орта жүз Арғын, оның 

ішінде Балқаш төңірегін, Тоқырауын бойын қоныс еткен Дада тобықтылар. Аға баласы 



 

17 


деп  аталатын  Дада  тобықтылардан  алты  ата  Бораншы  өрбіген.  Олар  Үмбетбай, 

Байбазар,  Қонақбай,  Абыз,  Құдайберген,  Бақал  деп  аталады.  Осылардың  ішіндегі 

Бақалынан Əшімтайдың аталары тарайды. 

Əшімтайдың  арғы  атасы  Бəйтелі  деген  кісі  Орта  жүзге  даңқы  жайылған  бақсы 

болған. Қобызбен күй шалып, сəуегейлік айтып, келер күндерді болжаған. Қобызын 

бəйгеге  қосып,  төңірегін  тəнті  еткен.  Бəйтеліден  туған  Балақай,  Күшік,  Андас,  Беден, 

Қарымсақ (Жаман) деген балалары да шетінен өнерпаз, əнші-күйші, ақын-жыршы болған. 

Осы  қасиеттеріне  қатысты  ел  ішінде  күні  бүгінге  дейін  айтылатын  мынандай  өлең 

жолдары бар: 

«

Балақай, Беден, Күшік, Андас, Жаман,  



Қиыннан қиыстырып өлең табам»... 

Осы  əулеттің  Қарымсағынан  (Жаман)  туған  Əшімтай  күйшілік  өнерді  өмірінің 

мағнасына  балаған  біртуар  өнерпаз  болған.  «Ол  күй  тартқанда  көктегі  құс  айналып, 

көгендегі қозы жусап желі басына жылқы үйездейді екен» дейді. Тоқырауын бойының 

көне көз қарттары. Мұнысы табиғатпен тілдес көшпелі елдің мұң-сырын, сезім-əсерін 

күй  тілімен  Əшімтайдың  дəл  жеткізе  алатын  өнерпаздығын  айтқан  болу  керек.  Айтса 

айтқандай, Əшімтайдың бір ғана «Қоңыр қаз» күйі табиғат пен адамның, табиғат пен 

қоғамның  тағдырлас  болмысын  жеріне  жеткізе  жырлаған,  философиялық  синтезге 

толы  терең  мағыналы  күй.  Күйдің  əуен-ырғақтық  бітімі,  бір  қарағанда,  табиғатқа 

еліктеген  натуралистік  сипат  танытқанымен,  оның  саз-сарынындағы  терең  толғаныс, 

құрылысындағы  мінсіз  тұтастық  жəне  тартылу  тəсіліндегі  даралық  Əшімтайды  қазақ 

күйшілерінің маңдай алды өкілдерінің бірі ретінде мойындауға мəжбүр етеді. 

Бүгінгі  күнге  Əшімтайдың  «Қоңыр  қаз»  күйін  бел  баласы  Хамзе  жə  өңірдің  əйгілі 

күйшісі  Аққыз  Ахметқызы  жеткізді.  Хамзенің  домбыраны  кие  тұтқаны  сонша,  105 

жыл  ғұмыр  кешіп,  дүниеден  озарында  жанындағыларға  ымдап,  домбырасын  төсіне 

қойдыртып  көз  жұмып  еді  дейді.  «Қоңыр  қаз»  күйін  жеріне  жеткізіп  тартқан  күйші  - 

Əшімтайдың немересі, Қазақстанның халық артисі Мағауия Хамзин. 

 

Əдебиеттер: 

Əшімтай  Қарымсақұлы  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  А. 

А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 156 б. 

Қарымсақұлы  Əшімтай  //  Сейдімбек  А.  Қазақтың  күй  өнері  Астана:  Күлтегін, 

2002.- 771 

б. 


Қоңыр қаз // Бекенов У. Күй керуені: оқу құралы. - Алматы : Өнер, 2002. - 103 б.  

Тоқтамысов Т. Əшімтайдың "Қоңыр қазы" // Орт.Қазақстан.- 2001.- 27 қаңтар 



 

Орынбекұлы Бегімсал 

(1911-1985) 

 

Бегімсал  Орынбекұлы  -  күйші-домбырашы.  Қарағанды  облысының  Шет 

ауданына қарасты өңірде туып-өскен. Руы - Орта жүз Арғын, оның ішінде Қаракесек. 

Бегімсалдың  өскен  ортасы  күйшілік  өнерді  айырықша  қастерлеп,  ғажайып  дəстүр 

қалыптастырған. Ол дəстүрдің əйгілі өкілдері Тəттімбет, Тоқа, Ықылас, Дайрабай сияқты 

дəулескер  күйшілер  болса,  олардың  өкшесін  басып,  ұлы  мұрасын  жалғастырушы 

Қыздарбек  Төребайұлы,  Əбди  Рысбекұлы,  Сембек  Айдосұлы,  Мақаш  Садуақасұлы, 

Баубек  Жарылғапұлы,  Ахметжан  Сармантайұлы,  Манарбек  Ержанұлы,  Əбікен 

Хасенұлы, 

Мағауия 


Хамзин 

сияқты 


күйші-домбырашылар 

қатарында 

Бегімсал 

Орынбекұлының  есімі  де  құрметпен  аталады.  Арқаның  күйшілік  дəстүрін  жеріне 

жеткізе  игерген  Бегімсалдың  репертуарында  жетпіске  тарта  күй  болған.  Солардың 

ішінде  Абылай  ханның,  Тəттімбетгің,  Тоқаның,  Дайрабайдың,  Қыздарбектің  күйлерін 

нəшіне  келтіре  таратқан.  Өкініштісі,  1937-38 жылдардағы репрессиялық  саясат  кезінде 

осы өңірден Ахметжан, Кəріпбек (Шортанбай ақынның жиені), Əбди, Сембек сияқты əйгілі 

күйші-домбырашылар тек қана күй тартқаны үшін атылды да, тірі қалған Бегімсал сияқты 


 

18 


күйші-домбырашылар  күй  тартудан  жасқанып,  жан  сауғалауға  мəжбүр  болды. 

Нəтижесінде тамырын тереңнен  таратқан  күйшілік  дəстүрдің  сабақтастығына  өлшеусіз 

нұқсан келді. 

Бегімсал  кезінде  Тоқа,  Дайрабай,  Қыздарбек,  Əбікен  сияқты  күйші-

домбырашылардың  алдын  көріп,  олардың  өлмес  өнеріне  құлақ  құрышын  қандырып 

өссе,  өз  кезегінде  Сыдық  Мұхамеджанов,  Мағауия  Хамзин  сияқты  музыка 

саңлақтарының дарынын ұштауға ықпал еткен. 

Бегімсал Орынбекұлы дəулескер домбырашьшығына қоса, өз жанынан «Бес перне», 

«

Мырза шертпек» атты күй шығарған көшелі күйші де. Бегімсал марқұмға Қарағанды 



облысының Босаға теміржол станциясынан топырақ бұйырды. 

 

Əдебиеттер: 

Орынбекұлы Бегімсал // Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.- 809 

б. 

 

Рысбекұлы Əбди 

(1868-1931) 

Рысбекұлы  Əбди  -  Қарағанды  облысының  Шет  ауданына  қарасты  Аюлы  елді 

мекенде  туып  өскен  дəулескер  күйші  домбырашы.Тоқырауын  бойында  қалыптасқан 

күйшілік  мектептің  көрнекті  өкілі.Əйгілі  Қыздарбек  күйшінің  шəкірті,тамаша  күйші 

домбырашы Əбікен Хасеновтың ұстазы. 

Əбди  əрідегі  Итаяқ,  Тəттімбет,  Тоқа  күйлерін,  өз  замандастарынан  Қыздарбек, 

Ақмолда,  Сембек,  Мақаш,  Ахметжан,  Кəрібек  күйлерін  нəшіне  келтіріп  тарататын 

шебер домбырашы болған. 

Əбдидің  шыққан  тегі  –Орта  жүз  Арғын  ішіндегі  Қаракесек  руы,оның  ішінде 

Кəрсөн  атасынан  өрбіген.Əбди  өз  жанынан  көптеген  сазды  күйлер  шығарған.  Алайда, 

бүгінгі  күнге  оның  «Қарғыс»,  «Зар  қосбасар»  атты  екі  ақ  күй  жеткен.  Мұның  себебі, 

Əбди  Рысбекұлы  «ескілікті,  социализмге  жат  өнерді  насихаттағаны  үшін»  деген 

айыппен  1931  жылы  атылады.  Дəл  осындай  айыппен  сол  жылдары  бірінен-бірі  өткен 

əйгілі  күйшілер  Сембек  пен  Ахметжан  да  озбыр  саясаттың  құрбаны  болған.  Мұнан 

кейін  іле-шала  1937-38  жылдардың  репрессиялық  сүргіні  басталады.  Осы  елге  жиен 

болып  келетін  Сəкен  Сейфуллин  атылды.  Осындай  аласапыраннан  кейін,бір  кезде 

күймен  тербіліп  ұйықтап,күймен  серігіп  оянатын  ел-жұрт,  енді  домбыра  мен  қобыз 

көрсе  үрейленетін  халге  жеткен.  Мұндай  ахуалдан  кейін,бірер  ұрпақ  алмасқанда 

халықтың жады көмескі тартып шыға келді. 

Əбди  атылар  алдында  сауға  сұрап,өзінің  «Зар  қосбасар»  күйін  өкше  басар  інісі 

Əбікен  Хасеновке  үйретіп  кетуді  өтінген.  Өзек  өртенгендей  тың  сарын  күйге  ынтық 

Əбікенге  қатты  əсер  етіп,  «Аққе-ай,  енді  бір  тартыңызшы»  деп,жалбарынып 

отырып,түрме  ішінде  екінші  рет  тартқызған.  Бұл  күйді  Əбікен  Хасенов  1957  жылы-

өлерінен бір жыл бұрын ғана Қазақ радиосына жаздырды. Əбдидің əйгілі «Қосбасары» 

замана талқысынан өтіп,бүгінгі күнге осылай жетткен. 

Əбди атылған соң оның артында қалған жанұясы мен ет жақын туыстары да қуғын 

көрген.Əбдидің əйгілі Əлімжан деген баласы мен Күлəш есімді келіні жан сауғалап,жер 

ауып,өмірлерін Бішкек қаласында өткізіп келеді. Бұлардан үш ұл,бір қыз бар. 



 

Əдебиеттер: 

Əбди  (ХІХ-ХХ)  //Қазақ  күйлерінің  тарихы:  оқулық  /  Т.  Мерғалиев,  С.  Бүркіт,  О. 

Дүйсен. - Алматы: 2000. - 371 б.  

Рысбекұлы Əбди //Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.- 790 

б. 

 

 



 

 

19 


Сармантайұлы Ахметжан  

(1877-1930) 

 

Дарынды  күйші,  сазгер  А.Сармантайұлы  1877  (кей  деректе 



1860-1929) 

жылы  Семей  губерниясының  Қарқаралы  үйезіне  қарасты 

Тоқырауын  болысындағы  Қусақ  даласында  (қазіргі  Қарағанды 

облысы, Ақтоғай ауданы) дүниеге келген.  

Атасы Байзақ батыр, əкесі Сармантай ел билеген болыс болған. 

Өз жанынан бірнеше күй шығарып, халық күйлерімен қоса, Тəттімбет 

шығармаларын шебер орындаған.  

1926-28 


жылы  Ақтоғай-Балқаш  атырабында  байларды  тəркілеу  науқаны 

жүргізіліп, ел басына зобалаң туғанда ел күйзелісіне күйімен үн қосып, «Қасірет», «58-

інші статья» күйлерін шығарған.  

Байдың  тұқымы  ретінде  бірнеше  рет  қамалып,  күшпен  ұжымдастырылуға  қарсы 

ұйымдастырылған  Балқаш  бойындағы  (бунтқа)  қатысқан.  Ақыры  1930  жылдың  12 

наурызында  ұсталып,  осы  жылдың  22  қыркүйегінде  үштіктің  үкімімен  РСФСР 

Қылмыстық кодексінің 58-2,10 статьясы бойынша сотталып, ату жазасына кесілген.  

Қарқаралы  түрмесінде  Ахметжанмен  бірге  Бижанұлы  Сүлеймен,  Адамбайұлы 

Əбілқан  дейтін  азамат  бір  күнде  атылып,  тас  байдлаған  денелері  қара  суға  тасталады. 

А.Сармантайұлының  күйлерін  өз  қолынан  үйреніп,  кейінгі  ұрпаққа  жұғысты  еткен 

күйші домбырашылар: Хасенұлы Əбікен, Түсіпбекұлы Əзіхан, Тілеуханұлы Изат.  

1992 


жылы 26 мамырда Қазақстан Бас прокуратурасының шешімімен ақталады.  

1997 


жылы  А.Сармантайұлының  120  жылдық  мерейтойы  тойланды.  Балқаш 

қаласында А.Сармантай атына көше берілген.  

Қарағанды  облысы,  Ақтоғай  ауданының  орталығында  қуғын-сүргінге  ұшырап, 

құрбан  болғандарға  орнатылған  мəрмəр  тасқа  120  азаматтың  аты-жөні  қашалған. 

Соның ішінде Сармантайұлы Ахметжанның да аты-жөні тұр. 

А.Сармантайұлының  күйлері  «Саржайлау»,  «Сегіз  аяқ»,  «Теріс-қақпай»,  «Елу 

сегіз», «Қосбасар» (екі түрі бар), «Қасірет», «Көкейкесті» т.б. 



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал