Сарыарқа күйшілері Кіріспе



жүктеу 414.3 Kb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата12.01.2017
өлшемі414.3 Kb.
1   2   3   4   5

 

 

 



Ержанұлы Манарбек  



(1901-1966) 

Манарбек  Ержанұлы  көрнекті  əнші,  күйші,  композитор,  қазақтың 

сегіз қырлы, бір сырлы дейтіндей өнерпазы. Қазақстанның халық артисі 

(1938) 


Қарағанды  облысының  Ақтоғай  ауданына  қарасты  Қарабұлақ 

ауылында  1901  жылы  дүниеге  келіп,  1966  жылы  Алматы  қаласынан 

топырақ бұйырған. 

Əкесі  Ержан  кедей  адам  болған.  М.Ержановтың  өке-шешесі  ерте 

кайтыс  болып,  ол  жастай  жетімдік  көреді.  Сондыкған  ол  жасынан 

өзінің еңбегімен күн көреді. Балкаш көлінің Қоңырат жақ бетіне шығып, сонда балык, 

аулап,  байлардың  малын  бағып,  оның  ара-арасында  үй  салу  жұмысымен  де 

шұғылданып, əйтеуір күн көру жолында түрлі-түрлі кəсіптер істейді. 

М.Ержанов  жас  кезінен  домбраға,  өнге  үйір  болады.  Өз  болса  да  домбыра 

тартуда  тез  арада  қолы-қолына  жұқпай  ауыл  адамдарының  көзіне  түсіп  өнерші  бала 

атанады. Дауысы да əуелден əдемі, бір ерекше сарын бар сиякты еді. Оның талабына 

сол  жердегі  Күсенбай  деген  кісі  Манарбекке  күй  үйретеді.  Күсенбайдан  үйренген 

күйлерімен  қатар  Манарбек  əнді  де  қуып,  жасы  он  беске  таман  келгенде  сол 

араның белгілі əншісі болып ауызға ілінеді. 

М.Ержанов жас кезінде аз уақыт балалар үйінің де есігін ашады Онда болған аз 

уақытында  шала  да  болса  хат  танып,  сауатын  өз  бетімен  біраз  кеңейтеді.  Бірақ 

Манарбек  балалар  үйінде  көп  болммай,  далада,  еркіндікте  өсіп  қалған  адам,  елге 

шығып, өнер жолына түседі. 

1928 

жылы  Алматыға  қазақтың  тұңғыш  драма  театры  келгенде  М.  Ержанов 



қатты  қуанды.  Театрға  келіп,  онда  түсу  ойы  барын  айтады. Театрдың басшылары 

М.  Ержановты  тыңдап  көріп,  оның  əдемі  дауысына,  сөйлеген  сөзінен,  жүріс-

тұрысынан  артистік  қабілетінің  барлығына  қызығып,  оны  театрдың  артистері 

қатарына  алады.  Алғашқы  кездерде  Манарбек  театрдың  ұйымдастырып  тұратын 

концерттерінде  шығады.  Оның  сахналық  қабілетін  дамыту  үшін  осы  кездерде  оны 

жеңіл-жеңіл рольдерге жібереді. 

1931 

жылы  М.Ержанов  Риддердің  (Ленингорск)  жұмысшылар  театрына  барып 



кіреді.  Онда  екі  жылдай  қызмет  істеп,  өзінің  Алматыдан  алған  тəжірибесін 

үйретіп, театрды біраз көтеріп тастайды. 

1933 

жылы  М.Ержанов  Алматыға  қайтып  келеді.  1934  жылдың  басында, 



Музыка  театры  ашылғанда,  Манарбек  соның  негізгі  артистерінің  бірі  болып, 

«

Айман-Шолпанда»  -  Жарастың  ролін  ойнайды.  М.Ержанов  сол  Жарастан  бастап, 



«

Қыз-Жібекте»:-Шеге,  «Жалбырда»  -  Елемес,  «Ер  Тарғында»  -  Сақан,  «Абайда»  -  Əзім, 

«

Біржан-Сарада»  -  Естай  тағы  сол  сияқты  баска  операларда  көптеген  сахналық 



образдар жасайды. 

1953 


жылдан  өмірінің  ақырына  дейін  ол  Жамбыл  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік филармониясында əнші-солист, .халықтың əн жанрында кең орын алатын 

терме, желдірмеден бастап, кең танысты əндерге дейін еркін орындады. 

Манарбекті  үлкен  өнерге  баулыған  алғашқы  ұстазы  -  əйгілі  Шашубай 

Қошқарбайұлы.  Ал,  оныңжастайынан  құлағына  сіңірген  əндері  -  Біржан,  Ақан,  Жаяу 

Мұса,  Ғазиз,  Естай,  Əсет,  Шашубай  сияқты  əншіліктің  туын  көкке  шанышқан 

өнерпаздардың  мұрасы.  Бұл  ретте  Манарбектің  əншілігі  Арқа  əндерін  түпнұсқа  қалпында 

жеткізуші ретінде айырықша бағалы. 

Əнші  ретінде  Манарбек  Арқаның  терме,  толғау,  желдірме  əуендерінен  бастап,  кең 

тынысты  көшелі  əндерін  орындауда  өзіндік  шеберлік-шалымымен,  дара  бітімді  дарынымен 

жұртшылықтың ықылас-ілтифатына бөленді. 

Манарбек  жүзге  тарта  əн-күйімен  де  жұртшылыққа  кеңінен  танылған  өнерпаз.  Ол 

халықтық  үлгіде  əн-күй  шығара  отырып,  өзіндік  ерекшелігін  даралай  білді.  Оның 

туындылары  əуен-сазының  біртұтастығымен,  құрылысының  күрделілігімен,  өмір 

құбылыстарын дəл бейнелей білуімен айырықша назар аударады. 


 

Манарбек Ержанұлының күйлері: «Аққу», «Балалық шақ», «Би күйі», «Жеңген солдат», 



«

Жетісу», «Жорға», «Көңіл күйі», «Өрнек», «Шалқыма», «Шалқар көл», «Күсембайға», хорға 

арналған  «Партизан  жорығы»,  «28  гвардияшы-панфиловшылар»,  «Жастар  тойы» 

«

Жастар  əні»,  «Бейбітшілік  маршы»  атты  шығармалары,  «Паровоз»,  «Амангелді», 



«

Бақыт  жыры»,  «Қуанамын»,  «Қойшының  əні»,  «Əнші  Біржанға»,  «Сайра  бұлбұл» 

əндері  қазақ  совет  музыкасында  өзінің  лайықты  орнын  алды.т.б.  Əн-күйлерінің  көбісі 

күйтабаққа жазылып, кітапқа басылып, радио мен теледидардың алтын қорына енген. 

М.Ержанов  1966  жылы  дүниеден  қайтты.  Ол  Еңбек  Қызыл  Ту  жəне  «Құрмет 

белгісі»  орденімен  марапатталған.  М.Ержановтың  құрметіне  Қарағандыда  көше 

аталған. 

 

Əдебиеттер: 

Ақбаева Н. Əн кернеді даланы, үнің шарлай: М.Ержановтың туғанына - 100 жыл 

//

Орт. Қазақстан.- 2001.- 24 қазан.-10 б. 



Ақышев 3. Əнші аға: (М.Ержанов туралы)// Қазақ əдебиеті.-1976.- 21 акпан 

Алтыбақан / құраст. Р. Қосманова.- Алматы: Кайнар, 1990.- 304 б. 

Байділдаев Ө. Əнші-күйші Манарбек // Қанатты өнер.- Алматы, 1973.- 73-79 б. 

Байділдаев Ө. Қанатты өнер: очерктер жинағы.- Алматы: Жазушы, 1973.- 126 б. 

Байсейітов Қ. Құштар көңіл.- Алматы: Жалын баспасы, 2004.- 232 б.: портр., сур. 

Байсейітов Қ. Құштар көңіл.- Алматы: Жазушы, 1977.- б.: портр., сур. 

Бодыров К. Замандасқа: (М.Ержановтың 60 жасқа толған мерейтойына арналған 

өлең)// Парасат.-1993.-№З 

Жарылғап  М.  Əн  еркесі  -  Манарбек:  М.Ержановтың  туғанына  -  100  жыл  // 

Орт.Қазақстан.- 2001.- 10 қазан.-12 б. 

Жұбанов  А.  Манарбек:  (М.Ержанов  туралы)//  Замана  бұлбұлдары.-  Алматы, 

1975.-393-399 

б. 

Ержанов Манарбек // Қазақ Совет Энциклопедиясы. 4 том.-Алматы, 1974.- 161 б. 



Ержанов Манарбек // Қазақ ССР Қысқаша энциклопедия. 4 том.- Алматы, 1989. 

231 


б. 

Ержанов  Манарбек  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  А.  А. 

Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 228 б. 

Ержанұлы Манарбек // Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.- 

802 

б. 


Қаупынбайұлы Т. Əнші бала // Қазақ əдебиеті.- 2008.- №7. -14 б. 

Қоспақов  3.  Əн  зергері  Манарбек:  (М.Ержанов  туралы)  //Жұлдыз.-1993.-№10.-

183-191 

б. 


Қоспақов  З.  Əн  зергері:  /Манарбек  туғанына100  жыл  //Жас  Алаш.-  2001.-  13 

наурыз.-(Ырғақ.-N3.-4 б.). 

Құсайынов  А.  Сан  қырлы  өнерпаз  еді:  [М.Ержанов  туралы  естелік]  //  Балқаш 

өңірі.-2001.- 10 қазан 

Лұқпан Е. Əнші атындағы көше // Орт.Қазақстан.- 2004.- 6 қараша.-14 б. 

Майшекин М. Көркемөнер шеберлері. Алматы: Қаз. мемлекет баспасы, 1959.- 139 

б.: сурет 

Манарбек Ержанов // Педагогика жəне өнер = Педагогика и искусство. - 2008. - № 



2. - 6-8 б.  

Манарбек  Ержанов  //  Тоғжанов  Е.Л.  Атамекен:  оқу  құрал  /  Тоғжанов  Е.Л., 

Аршабеков Т.Т.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-ті, 2002.- 215 б. 

Мүбəрəкұлы  Б.  Əнші  аға,  ізбасарын  іздейді-ау  //  Орт.Қазақстан.-  2001.-  12 

желтоқсан 

Мүбəрəкұлы  Б.  Əн  кеші  өтеді:  М.Ержановтың  туғанына  -  100  жыл  // 

Орт.Қазақстан.-2001.- 5 желтоқсан.-10 б. 

Мүптекеев Б. Қазақтың қайталанбас күйі, асқақтаған əні: [халықпен қауышып ұлт 

рухын  көтеріп  отыр.  Осы  үрдіс  жалғаса  берсе,  шетте  жатқан  байлығымыз  аз  емес]  // 

Егемен Қазақстан.- 2006.- 10 қазан.- 6 б. 



 

Сардарбек К. Əн қанатында: М.Ержановтың туғанына - 100 жыл // Балқаш өңірі.- 



2001.- 1 

тамыз 


Сардарбек  К.  Мен  Манарбектің  келінімін:  М.Ержановтың  туғанына  -  100  жыл 

//

Балқаш өңірі.- 2001.- 31 қазан 



Сардарбек К. Сахна саңлағы: М.Ержановтың туғанына - 100 жыл // Балқаш өңірі.- 

2001.- 8 

тамыз 

Тарази Ш. Хабиба неге қынжылады? // Парасат.- 2001.- N7-26 б. 



Тұрғынбекұлы С. Ел жадынан шықпаған ерен əнші М.Ержановтың туғанына 90 

жыл // Сұхбат.-1992. – 18 ақпан 

Ыбыжанқызы  К.  Əн  əлеміндегі  асқақ  үн:  М.Ержановтың  туғанына  -  100  жыл  // 

Балқаш өңірі.- 2001.- 25 шілде 

 

 

Ерназарұлы Дайрабай 

(1860-1937) 

Ерназарұлы Дайрабай Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының 

жеріндегі  Атасу  өзенінің  бойында  дүниеге  келіп,  1937  жылы 

Шымкент  облысының  Қызылқұм  ауданына  қарасты  Шəуілдір 

кентінің  маңындағы  Шілікті  деп  аталатын  қыстауда  дүние  салған. 

Шыққан  тегі  бойынша,  Дайрабай  –  Орта  жүз,  Арғын,  оның  ішінде 

Мейрамсопыдан тарайды.  

Дайрабай  азаттық  сүйгіш,  жүйрік  ат,  қыран  құсқа  құмар,  сері 

көңіл  жан  болған.  Бұған  қоса  табиғат  оған  əншілік,  ақындық, 

күйшілік  сияқты  ғажайып  қасиет  дарытқан.  Содан  да  болар,  ол  Тоқа,  Ықылас, 

Қыздарбек,  Əбди  сияқты  күйшілермен,  Жарылғапберді,  Ғазиз,  Иманжүсіп,  Үкілі 

Ыбырай, Төлебай сал сияқты əйгілі өнерпаздармен дəм-тұзы жарасып, қадірлес-сыйлас 

болған. Оның есесіне Дайрабай заманымен тіл табыса алмай, Қазан төңкерісінен бұрын 

да, кейін де қуғын-сүргінді көп көрген. 

Дайрабай  күйлері  бітім-құрылысының  мінсіздігімен,  əуен-сазының  мейлінше  бай 

нақыштарымен,  сондай-ақ,  айтар  ойының  сергек  те  сезімталдығымен  дараланады. 

Оның  күйлері  аз  аяда  аста-төк  ойды  сапырып,  тыңдаушы  рухын  аспандатып,  өмірге 

ғашық етіп үлгереді. Сөз жоқ, бұл біртуар дарынның ғана қолынан келер құдірет. 

Ерназарұлы  Дайрабайдың  күйлері:  «Əтеген-ай»,  «Дайрабай»  (4  нұсқасы  бар), 

«

Қоштасу», «Қыр», «Сыр», «Сырдың суы», «Шəуілдір» т.б. 



Ең  алғаш  «Дайрабай»  күйін  республика  жұртшылығына  таныстырған  адам 

қарағандылық  Байсейітов  Ыбырай.  Бұл  кісінің  тартуында  Қарағанды  облыстық 

радиосы  жазып  алған  «Дайрабай»  күйі  республикалық  радиодан  отызыншы  жылдары 

берілді.  Кейін  «Дайрабай»  күйінің  əсем  нұсқалары  Ə.Хасенов,  М.Хамзин, 

М.Тілеуханов сияқты белгілі домбырашылардың тартуында хатқа түсті. 

Белгілі  композитор  Е.Рахмадиев  «Дайрабай»  күйінің  негінде  1951  жылы 

«

Дайрабай» атты симфониялық күй жазды. 



 

Əдебиеттер: 

Бегалин С. Жыр жайлауы. - Алматы : Қазақстан, 1976. - 165 б. 

Дайрабайдың  дүбірі  //  Бегалин  С.  Сахара  сандуғаштары.  -  Алматы  :  Қазақстан, 

1976. – 113 

б. 

Дайрабай // Жұмаділдин А. Жаңаарқа: дерекнама. - Алматы : Кенже-Пресс-Медиа, 



2003. - 324 

б.  


Дайрабай // Қазақ күйлерінің тарихы: оқулық / Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен. 

Алматы, 2000. – 338 б.  



Дайрабай  //  Тарақты  А.  Қазақтың  əйгілі  күйшілері:  ІX-XX  ғасырлар:  [альбом-

кітапша] сурет.: Н.Т.Жээренчиев, Г.С Искакова. - Алматы : Қазақстан, 1992. - 19 б. 



 

10 


Ерназарұлы  Дайрабай  //Сейдімбек  А.  Қазақтың  күй  өнері.-  Астана:  Күлтегін, 

2002.- 588 

б. 

Ерназарұлы Дайрабай // Жаңаарқа: энциклопедия. - Алматы : Темірқазық, 2009. - 



195 

б. 


Сейдімбек А. Ерназарұлы Дайрабай// Орт.Қазақстан.-1992. -3 қазан. – 4 б. 

 

 

Итаяқ күйші  

(ХІХ-ХХ) 

Қарағанды  облысының  Шет,  Ақтоғай  аудандарының  жерін  көктей  өтіп,  Балқаш 

көліне  құятын  Тоқырауын  өзенінің  бойындағы  тамаша  күйшілік  мектептің  негізін 

салып, дəстүрін орнықтырушы дəулескер күйшілердің бірі Итаяқ. Бұл өңірден шыққан 

Қыздарбек,  Əбди,  Сембек,  Ақмолда,  Мақаш,  Кəрібек,  Баубек,  одан  берідегі  Əбікен, 

Манарбек, Мағауия сияқты күйші-домбырашылар Итаяқтың күйлерін тартып өскен. 

Итаяқ ХІХ ғасырдың орта шенінде дүниеге келіп, ХХ ғасырдың бас кезінде дүние 

салған. Шыққан тегі – Орта жүз, Арғын, оның ішінде Шұбыртпалы руынан. Ол  əйгілі 

Тəттімбетпен,  Дайрабаймен  өнер  өрлестірген.  Тоқырауын  бойында  күні  бүгінге  дейін 

Итаяқтың «Зер Қосбасар» күйін тартатын домбырашылар бар. 

Қыздарбектің  домбыраға  ынтықтығын  оятқан  адам  Итаяқ  деген  күйші.  Он  екі 

тармақ  зар  төккен  Итаяқтың  мол  мұрасы  өкінішке  орай,  бүгінгі  күнімізге  -  жетпей, 

уақыт  аласапыранында  ұмыт  болды  деуге  болады.  Тек  жалғыз  ғана  күйі  қазір  Шет 

ауданында тұратын жазушы, халық қазынасының қадірін білетін ізамат Жүнісов Кəмелдің 

қолында сақтаулы. 

 

 



Əдебиеттер: 

Жүністегі К. Тарланның соңғы тұрағы // Орт.Қазақстан.- 2002.- 10 тамыз.-13 б. 

Итаяқ // Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.- 768 б. 

 

Көшмағамбетұлы Боранқұл  



(1928- 

Боранқұл  Көшмағамбетұлы  -  белгілі  күйші-домбырашы,  Арқаның  күйшілік 

дəстүрінде қырыққа тарта күй шығарған өнерпаз. 

Боранқұл 1928 жылы қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты 

Мұңлы,  Қулы  деп  аталатын  таулардың  баурайында  туған.  Болашақ  күйшінің  шыққан 

жұрты  -  Тама  руы,  оның  ішінде  Жөгі  деп  аталатын  бұтағы.  Шежіре  дерегі  бойынша 

Боранқұлдың  жеті  атасы:  Малай-Қожыр-Қойбақ-Əлсейіт-Бұхар-Əбілда-Көшмағамбет 

деп  таратылатын  болса,  осылардың  əр  қайсысы  бір-бір  ауыл  болып  өсіп-өніп,  исі 

қазаққа батырлығымен, билігімен, өнерімен танылған тұлғалар шыққан əулет. Мəселен, 

осы  əулеттен  шыққан  Əлсейіт,  Дүйсенбай  өз  заманында  жоңғар  шапқыншылығына 

қарсы  күресте  аты  аңызға  айналған  батырлар  болса,  Сағындық  қара  қылды  қақ 

жаратын əділ билігімен танылған. Ал, Бұхар, Қуандық, Сүйіндік, Сүймен дейтін кісілер 

мыңды  айдаған  байлығымен  ел-жұртқа  пана  болған.  Əбділда  болса  тоғызқұмалақ, 

дойыбы ойындарынан жан баласынан ұтылмай, ру аралық бəсеке ойындарда əулетінің 

мерейін  өсіріп  отырған.  Күні  бүгінге  дейін  Жайлаукөлдегі  Əбділда  қыстауының 

желкесіндегі  төбе  үстінде  əйгілі  ойыншының  жалпақ  тасқа  ойып  түсірген 

тоғызқұмалақ  ұялары  мөрдей  болып  жатыр.  Баранқұлдың  əкесі  Көшмағамбет  ит 

жүгіртіп,  құс  салған,  мылтық  асынып,  тұзақ  құрған,  табиғаттың  тілін  білетін  аңшы 

ретінде  төңірегін  тəнті  еткен.  Тама-Жөгілдердің  көш  жолын  қуалап  Бетбақтың 

шөлімен  жүрген  жолаушы небір күңгірлеген күмбездерге қазір  де куə  болар еді. Ал,  осы 

əулеттің  ұлы  тұлғалары  Ықылас  пен  Сүгір  күйшіні  ауызға  алғанда  исі  қазақтың  мерей-

мəртебесі  аспандап  шыға  келетіні  аян...  Қысқасы,  Боранқұлдың  күйші  ретінде 



 

11 


қалыптасуына  шыққан  тегінің,  өскен  ортасының  шапағат-ықпалының  болуы 

табиғи құбылыс. 

Көшпелі өмір салтты тіршілігіне тірек еткен Арқа Тамалары жаз айларында Сарысу 

өзенінің  бойындағы  Қаражал,  Қызылжар,  Қылыш,  Мұңлы,  Қулы  деп  аталатын  алапты 

жайласа, қара күз түсе Бетбақтың шөлін басып өтіп, Шу бойын қыстайтын болған. Бұл 

өңірлерде əрідегі Қорқыттан бастап, берідегі Жанақ, Тəттімбет, Тоқа, Дайрабай, Ықылас, 

Қыздарбек, Сүгір сияқты дəулескер күйшілердің сан ғасырлық ұлы өнері рухани дəстүрге 

айналған.  Сол  дəстүрді  тəу  еткен  ел  ішіндегі  Асан,  Сəдібек,  Шəмшілда,  Əділ  сияқты 

көкірегі  қазына  домбырашылардан  Боранқұл  жастайынан  тəлім  алып  өскен.  Əсіресе, 

нағашы  ағасы  Шəмшілданың  өнерпаздық  өнегесі  Боранқұлға  айырықша  ықпал  еткен. 

Жаны  сергек,  ел  ісіне  белшешіп  араласатын  Шəмшілда  ауылдық  кеңестің  төрағасы, 

Шымкент қалалық атқару комитетінің төрағасы сияқты жауапты қызметтер атқарып, 

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Ал, домбырашы ретінде 1936 жылы 

Қазақстан өнерпаздарының байқауына қатысып, Күлəш Байсейітова, Манарбек Ержанов 

қатарлы  өнер  саңлақтарымен  бірге  жүлделі  орынға  ие  болған.  Шəмшілда  өзінің 

жиені  Баранқұлға  домбырашылық  өнердің  қыр-сырын  үйретіп  қана  қоймайды, 

сонымен  бірге  Тəттімбет,  Тоқа,  Дайрабай  сияқты  дəулескер  күйшілердің  əрбір 

туындысының  сыр-шежіресін  тəптіштеп  айтып,  əрбір  күйдіңтілін  шешіп,  саз-сарынын 

жорып,  өмір  құбылыстарын  күй  тіліне  түсіруге  баулиды.  Содан  да  болар,  Баранқұл 

күйші-домбырашы  ретінде  барша  болмысымен  Арқа  мектебінің  өрісін  ұзартушы  өнерпаз 

ретінде ден қойдырады. 

Боранқұл  Көшмағамбетұлының  жастық  шағы  ел-жұрттың  мал-мүлкін 

тəркілеу,  ұжымдастыру  (коллективизация),  зорлықпен  өмір  салтты  өзгерту,  отыз 

екінші жылғы сүргін ашаршылық сияқты саяси-əлеуметтік аласапыран кезеңімен тұспа-

тұс  келді.  Осындай  қиын  кезеңде  Арқа  жұртының  қомақты  бөлігі  жан  сауғалап, 

Қазақстанның оңтүстік өңіріне төңкеріле көшеді. Осы кезден бастап Боранқұл да өзінің 

ағайын-əулетімен  бірге  Шу,  Талас  өзендерінің  бойын  қоныс  етеді.  Шымкент  облысының 

Сарысу,  Талас  аудандарында  қырық  бес  жылдай  ұстаздық  қызмет  атқарады.  Барша 

қабілет  -  қарымын  ұрпақ  тарбиесіне  арнайды.  Табанды  еңбегі  Боранқұлды  абырой  биігіне 

көтеріп, Қазақсганның халыққа білім беру жəне ағарту ісінің озық қызметкері атағына ие болады. 

Боранқұлдың  күйшілік  өнерінің  бағы  ашылып,  бойындағы  бұла  дарынын 

халқының  рухани  игілігіне  жаратқан  кезі  де  осы  ұстаздық  еткен  жылдары  (1948-1993). 

Өмірден көріп-білгенін, сезіп-түйгенін күй тіліне түсіріп, ол өнері алдымен ауыл-аймағын 

баурап,  өкше  басар  шəкірттерін  еліктіріп,  бара-бара  байтақ  қазақ  даласына  танылады. 

Өнегесі  текті,  сарыны  соны  күйлері  Қазақ  радиосының  алтын  қорына  жазылады, 

Қазақтың 

Мемлекеттік 

Құрманғазы 

атындағы 

консерваториясының 

оқу 

бағдарламасына  енеді.  1987  жылы  Самарқан  қаласында  өткен  Орта  Азия 



халықтарының  дəстүрлі  музыкасына  арналған  халықаралық  симпозиумға  қатысып, 

лауреат атанады. 

Боранқұл Көшмағамбетұлының жұртшьшыққа кеңінен тараған күйлері: «Ана жүрегі», 

«

Ақ  кесене»,  «Арнау»,  «Əттең-ай»,  «Əселдің  арманы»,  «Балдызым»,  «Боздақтар», 



«

Батыр», «Биле-биле», «Дауылдан кейін», «Даукер», «Жаңа жыл», «Жолайырық», «Жан 

сыры»,  «Желтоқсан»,  «Жер  ортасы  -  Көктөбе»,  «Жолда»,  «Ешкіл  таудың  етегі»,  «Кең 

жайлау»,  «Көк  кесене»,  «Кербез  аққу»,  «Қайран  елім,  қазағым»,  «Қоштасу»,  «Құлагер», 

«

Майданнан  хат»,  «Мерген»,  «Немере  жұбанышы»,  «Сағыныш»,  «Толғау»,  «Тракторшы 



қарындас»,  «Ұстаз»,  «Ықылас  туралы  толғау»  т.б.  Бұл  күйлердің  атауы  аңғартып 

тұрғанындай,  Боранқұл  күйші  ретінде  ел  өмірінің  елеулі  сəттеріне  бейтарап 

қарамайтынын  аңғаруға  болады.  Жалпы  қазақтың  күйшілік  дəстүріне  халықтың 

тарихи-əлеуметтік  өмірін  бейнелегіш  шежірешілдік  қасиет  тəн  болса,  осынау  өміршең 

дəстүрді Боранқұлдың да темірқазақ еткені айқын байқалады. 

 

Əдебиеттер: 

Көшмағанбетұлы  Боранқұл  //  Сейдімбек  А.  Қазақтың  күй  өнері.  -  Астана  : 

Күлтегін, 2002. – 814 б. 


 

12 


Қазанғапұлы Тəттімбет 

(1815-1860) 

Қазақтың  күйші  -  композиторы,  шертпе  күй  орындаушылық 

мектебінің негізін қалаушылардың бірі Тəттімбет Қазанғапұлы. 

Тəттімбет  күйлері  бұл  күнде  тек  Қазақстан  аймағына  емес  бүкіл 

совет тыңдаушыларына, тіпті Европа, Азия, Америка елдеріне де мəлім. 

Қазақ  халқының  аса  бай,  əрі  өзіндік  ерекшелігі  мол  музыкалық 

фольклорында  ХIХ  ғасырда  өмір  сүрген  халық  композиторы  Тəттімбет 

шығармалары  ерекше  орын  алады,  оның  есімі  халық  композиторлары 

Құрманғазы, Дəулеткереймен бірге аталады. 

Тəттімбет  1815  жылы  Қарқаралы  ауданының  Абай  атындағы 

селолық  окрунің  Қызылжар  қыстауында  орта  шаруа  жанұйясында  дүниеге  келген. 

Күйшінің  əкесі  Қазанғап  орта  дəулетті,  ел  жұртына  қадірлі  инабатты  адам  болған. 

Сондықтан  Тəттімбет  тұрмыстан  кемшілік  көрмей  өседі.  Бұл  жағдай  оның  күйшілік 

өнерге  жастайынан  бой  ұрып,  талантының  ерте  қалыптасуына  жағдай  жасайды. 

Тəттімбетке домбрашылық өнер өзінің арғы тегінен бастап дарыған. Тəттімбет шыққан 

Қаракесектің  Шаншар  руында  Битен,  Шитен  сияқты  сөзге  шешен,  өнерпаз  күйші  - 

домбрашы  серілер  өткен.  Бұлар  өнердің  қай  түрінен  болмасын  құр  алақан  қалмаған. 

Күй  тартуды  ол  бала  жасында  əлі  домбрашыдан  үйренеді,  анасы  Ақбөпе  /Қалайы/ 

баласының күй шертіп үйренуіне ықылас білдірді. 

Ел  ішін  жиі  аралап,  қалың  көпшіліктің  тұрмыс  жағдайына,  дəстүр-салтына  көзі 

қана  жүріп,  ер  жеткен  Тəттімбет  Балқантау,  Қарқаралы  төңірегіндегі  күйші-

домбрашылар өнерімен етене танысады. Сөйтіп, өсе келе ол бүкіл Сарыарқадағы Орта 

жүзге мəлім күйші атанды. 

Туған  өңіріндегі  қалың  елді  тəнті  еткен  Тəттімбет  «Сары  өзен»,  «Қосбасар», 

«

Сарыжайлау»,  «Теріс  қақпай»,  «Сылқылдақ»,  «Былқылдақ»,  «Бес  төре»,  «Азамат», 



«

Алшағыр»,  «Көкейкесті»,  «Боз  айғыр»,  «Бос  торғай»,  «Қорамжан»,  «Ерке  атан», 

«

Ноғай қазақ»,  «Кер киік»,  «Сары қамыс»,  «Қашқан қалмақ»,  «Қара жорға»,  «Азына», 



«

Балбырауын»,  «Жетім  қыз»,  «Сал  қоңыр»,  «Қош  жанаған»,  «Шəйір  қалды»  барлығы 

қырықтан астам күйлердің авторы. 

Тəттімбет  күйлерінде  негізінен  өмір  тартысы,  тағдыр  тауқыметі  суреттеле 

отырып,  адамдардың  сұлулыққа  құштарлығы,  алыс  қалған  арманы,  сайраған  үміті, 

өкініш сарыны баяндалады. Композитор шығрмаларының ең биік шыңы - «Көкейкесті» 

күйі.  Бұл  күйді  Тəттімбет  өміріның  соңғы  жылдарында  науқастанып  жатып  тартады. 

Мұнда  халық  шежіресінің  ұлылғы  мен  ұлағатты  ақыл-ойдың  парасаты  толғанады. 

Тəттімбет  күйлерінде  тілмен  айтып  жеткізе  алмайтын  асқан  əсемділік  пен  музыкалық 

ой-дүниесінің  жарасымдылығының  сыры  оның  орындаушылық,  яғни,  домбраның  қос 

шегін  шерту  тəсілдерінің  неше  алуан  түрлерімен  өрнектелуінде,  оның  асқан 

талантының,  тамаша  дарынының  өзіндік  ерекше  қырын  танытатын  шығармасы  - 

«

Сылқылдақ»  күйі.  Бұл  күйді  композитор  өзімен  өнер  сайысына  күй  төгілген 



домбрашы қызға арнап тартады. Тəттімбеттің «Қосбасар» күйінің бір түрін бірінші рет 

нотаға  түсірген  белгілі  этнограф,  музыка  зерттеушісі,  қазақтың  500  əн-күйлерін 

жинақтап, тұңғыш жарыққа шығарушы А.В.Затаевич. 

Тəттімбет  тек  асқан  күйші  ғана  емес,  сонымен  бірге  сөзге  де  ұста,  шешен, 

шыншыл,  əділетті  көксеген,  ақын  жанды  адам  болған.  Ол  реті  келгенде  жерде  жуан 

таяқ бай-манаптарды өткір тілмен өріп, олардың дөрекі мінез, ожар қылықтарын бетіне 

айтудан тайсалмаған. 

Тарихи  құжаттарға  қарағанда,  1855  жылғы  24  наурызда  Россия  патшасы  II 

Александрдың  таққа  отыруымен  байланысты  болған  тойға  Тəттімбет  өнерпаз  ретінде 

Арқа  қазақтарының  өкілдерімен  бірге  Петербургке  барады.  Осы  сапарында  қос  шекті 

домбырада өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Тəттімбет өнер сүйген қауымның 

назарын ерекше аударып, сыйлық ретінде күміс медальға ие болады. 



 

13 


Дарынды композитор, асқан күйші Т.Қазанғапұлы көп жасамаған. Ол 1862 жылы 

қырық  жеті  жасында  дүние  салған.  Бірақ  ол  өзінің  қысқа  өміріне  қарамастан,  артына 

өшпес мұра қалдырып кеткен өнер иесі. 

Тəттімбетттің  құрметіне  оның  есімімен  Қарағандыдағы  өнер  колледжі,  Қазыбек 

би  селосындағы  Мəдениет  үйінің  халық  аспаптар  оркестрі  аталады.  Қазыбек  би 

селосында  күйшіге  мемориалдық  ескерткіш-стелла  (горельеф),  мемориалдық  тақта 

орнатылған,  оның  есімімен  аталатын  көше  бар.  Алматы  консерваториясында  1971 

жылдан  шертпе  күйлер  класы  жұмыс  істейді.  Қорыта  айтқанда,  өткен  ғасырда  өмір 

сүрген  күйші  Тəттімбет  өнері  біздің  Совет  дəуірінде  қайта  түлеп,  өзінің  мұрагер 

ұрпақтарына  жалғасты.  Тəттімбет  күйлері  ХХ  ғасырдағы  қазақ  музыкасының 

мəдениетіне үлес болып қосылып, халықтың музыкалық өнерінің алтын қорынан орын 

алды.  Тəттімбеттің  күйшілік  мектебі  біздің  дəуірімізде  профессионалдық  дамудың 

даңғыл жолына түсіп, көп дауысты оркестр үнімен жаңғырды. 


Каталог: saryarka -> colection
colection -> Алғы сөз «Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы»
colection -> Өлкетану бөлімі
colection -> Алғы сөз «Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы»
saryarka -> «ОҒƏК өлкетану ресурстары – жастарға» сериясының 3 басылымы
saryarka -> Күн көріс үшін жүргенде жоқпын өмірде Жетпеді даусым жаратқан жалғыз
saryarka -> Евней Букетов:…қазақи қалпымда ойланамын
saryarka -> Қарағанды тас көмірін алғаш тапқан Апақ Байжанов туралы алып-қашты əңгімелер төңірегінде

жүктеу 414.3 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет