Сарыарқа күйшілері Кіріспе



жүктеу 414.3 Kb.

бет1/5
Дата12.01.2017
өлшемі414.3 Kb.
  1   2   3   4   5

 



Сарыарқа күйшілері 



 

Кіріспе. 

 

Тарихқа  көз  жүгіртесек,  əр  халық  өз  тарихын  əр  түрлі  жолдармен  белгілейтіні 

ерекше  байқалады.  Айталық  Арабтарда  көне  тарихын  алып  тас  мүсіндерге  түсірсе, 

қытайларда  ескі  жазу  тəсілімен  сақталған.  Үнділерде  би  өнерінің  тілімен  бейнелесе, 

европалықтар зəулім храмдар мен қорғандар салып қалдырған. Ал, қазақ халқы болса, 

өз  тарихын  аса  бай  ауыз  əдебиетімен  жырлап,  саз  өнерімен  суреттеген.  Соның  бірі  – 

күй сазы. 

Күй  –  көне  жанр.  Оның  сан  ғасырлық  тарихы  бар.  Қалыптасқан  дəстүрлері  мен 

мектептері бар.  

Арқаның  күйшілік  мектебі  –  шертпе  мəдениетінің  алтын  қазығы  деуге  тұрарлық 

үлкен  мектеп.  Себебі,  Арқа  иісі  қазақтың  тарихи  ортақ  мекеніне  айналған,  үш  жүздің 

еншісі  бөлінбегенін  айғақтап  тұрған  қасиетті  Ұлытау  да  осында.  Домбырасымен 

«

Ақсақ  құланды»  толғаған  күй  атасы  –  Кетбұғы  өмір  кешкен  Жошы  ұлысыда  Арқа 



өңірінде  дəурендегені  шежіреден  аян.  Небір  балбармақ  домбырашылар  өмір  кешкен 

Сарыарқа  жерінде  күй  дегенде  алдымен  аузымызға  абыз  Кетбұғыдан  бөлек  керей 

батыры - Байжігіт, арғынның аты аңыз ға айналған ақылманы – Тəттімбет сері түседі. 

Осылардың  ішінде  Арқа  мектебінің  басында  тұрған  тұлға  сөз  жоқ,  Тəттімбет  екені 

даусыз.  Тəттімбетше  күй  тарту  үрдісі  осыдан  кейін  Тоқа,  Дайрабай,  Қыздарбек, 

Сембек,  Əбди,  Итаяқ,  Əбікен,  Аққыз,  Мағауиялар  арқылы  дамып,  шертпенің  даңқы 

мұқым қазаққа үлгі болды. 

Назарларыңызға  иісі  қазақ  күй  өнерінің  шырайын  келтіріп,  мəртебесін  өсіретін 

рухани  асыл  қазынасымен  таныстыру  мақсатында,  ел  ішіндегі  атадан  балаға 

сабақтасқан  домбырашылық  дəстүрді  жалғастырушы  күйшілер  туралы  дерекнамалық 

құжаттарды негізге алып, түрлі басылымдарда жарияланған материалдарды пайдалана 

отырып,  библиографиялық  көрсеткіш  құрастырдық  Бұл  көрсеткіш  ғылыми  зерттеу 

болып  табылмайды.  Басылымға  Қарағанды  облысында  туған  Арқаның  күйшілік 

мектебінің  өрісін  ұзартатын,  өресін  биіктететін  тамаша  күйлер  шығарған  дарынды 

күйшілер  немесе  жалпы  Қарағандымен  байланысы  бар,  облыс  өңірінде  қызмет  еткен 

ата-бабаларымыздан  қалған  мол  мұра  –  киелі  күй  өнерін  насихаттаушы,  домбырашы 

адамдар туралы мағлұматты енгізуге тырыстық. 

Облыс  бойынша  көптеген  күйшілер  туралы  нақты  деректер  жеткіліксіз 

болғандықтан, 

олардың 


барлығын 

толығымен 

тұтастай 

қамти 


алмадық. 

Библиографиялық  көрсеткішті  құрастыру  барысында  түрлі  ақпарат  дереккөздерінде 

жарияланған  мəліметтерге  сүйендік.  Н.В.Гоголь  атындағы  облыстық  əмбебап  ғылыми 

кітапханасының  мол  кітап  қорынан  алынған  бар  деректердің  басын  біріктіріп,  оларды 

жинастырып,  құрастыру  барысында  белгілі  зерттеушілердің  еңбектерін  басты  негізге 

алып, пайдаланылған басылымдар тізімін көрсеттік.  

Көрсеткішке  енгізілген  барлық  есімдер  алфавит  бойынша  орналасқан.  Мұнда 

кейбір  материалдар  болмауы  мүмкін.  Оқырмандардың  барлық  ескертулері  мен 

ұсыныстарын құрастырушы мұқият тыңдап алғыспен қабылдайды. 

Сонымен,  алдарыңызға  ұсынылып  отырған  «Сарыарқа  күйшілері»  атты 

библиографиялық  көрсеткіш  тек  қана  оқушы,  студент  қауымға  ғана  емес,  барша 

жұртқа, 


яғни 

жоғары 


оқу 

орындарының 

оқытушыларына, 

мұғалімдерге, 

өлкетанушыларға,  кітапханашыларға  жəне  өз  өлкеміздің  тарихын  білгісі  келетін 

оқырмандарға арналған. 

Күйшілер есімдерін келешек ұрпақтарға жеткізу бəріміздің қасиетті парызымыз. 

 

 



 

 

 



 

 



Ахметқызы Аққыз  



(1897-1986) 

Ахметқызы  Аққыз  1897  жылы  қазіргі  Қарағанды  облысының 

Ақтоғай  ауданында,  Тоқырауын  өзенінің  бойында  Есалы  деген 

жерде дүниеге келіп, 1986 жылы тоқсанға қараған жасында осы ата 

мекенінен топырақ бұйырды. 

Аққыздың  əкесі  Тобықты  ішіндегі  Ақсақ  атасынан  тарайтын 

Құбылтайдың  Ахметі  деген  кісі  Тоқырауын  бойындағы  мыңды 

айдаған дəулетті адам болыпты.  

А.  Янушкевич  жазатын  Тұрсын  мырза,  Шөже  ақын  жырға 

қосатын Бегалының Жəңгірі сияқты ірі байлармен Ахметтің заманы 

бір,  қонысы  іргелес.  Бұрынғы  дəстүрде,  түйе  түгілі  кие  тұтатын  қазақ  байлары  тіл-

көзден  сақтанып,  əрбір  жүзінші  түйенің  сол  көзін  ағызып  жіберіп  отырған.  Сонда 

түйелі байлардан түйесінің санын білгісі келгендер "неше соқырың бар?" деп сұрайтын 

болған.  Егер,  "үш  соқырым  бар"  десе,  онда  үш  жүз  түйесінің  болғаны.  Құбылтайдың 

Ахметінде  ұсақ  малды  былай  қойғанда,  тек  түйенің  өзінен  он  соқыры  болса  керек. 

Яғни, мың түйе біткен ғой. Ал, желқанат жылқы түлігі он үш мың басқа жеткен. 

Дəулет  тегін  адамға  біте  ме,  Ахмет  те  ағайынға  ақыл-парасатымен  жаққан, 

төңірегіне  сыйлы  адам  болыпты.  Əсіресе,  өнерді  кие  тұтып,  өнер  адамды  шашылып-

төгіліп  қарсы  алады  екен  де  Тоқа,  Дайрабай,  Ықылас,  Əшімтай,  Қыздар  сияқты 

күйшілерді  Ахмет  бай  жаз  болса  ерулікпен  елеп,  қыс  болса  соғымнан  қалдырмайтын 

болған.  

Аққыз  болса,  Ахмет  байдың  тоғыз  қызының  ең  кенжесі,  Атаның  күшін,  ананың 

сүтін  сарыққан  кенже  болғандықтан  Аққыз  жас  кезінен  атқа  мініп,  бəйгеге  шауып, 

еркекше болып, еркін өседі. Оның əу бастағы шақырып қойған аты Мүгілсін екен, бір 

бетінен  қақпай  өсірген  əкесінің  ықыласына  қақ  төңірегі  Аққыз  атап  кетеді.  Желдей 

еркін  өскен    қыз  дəулескер  күйшілердің  жанында  бол  өнерге  жастайынан  ден  қояды. 

Бұл орай Аққыздың ең көп тəлім алып, алдын көр ұстазы Əшімтай күйші. Əшімтайдың 

əй  "Қоңырқазын"  бүгінгі  күнімізге  жеткізушілерінің  бірі  осы  Аққыз  күйші.  Ал, 

Аққыздың  шəк  Мағауия  Хамзиннің  тартуындағы  "Қоңырқаз  күйін  дəстүрлі  қазақ 

музыкасының ас қазынасы десе, əсіре сез болмайды. 

Ахметқызы  Аққыз  Арқаның  күйші  дəстүрін  жастайынан  құлағына  сіңіріп,  оған 

ынтыға  ден  қойып,  бойжеткен  кезде  төңірегіне  дəулескер  домбырашылығымен 

танылады. Ерке өскен мінезді қыз Арқаның бұрау, теріс бұрау, тел бұрау, шалыс бұрау 

сияқты  құлақ  күйлермен  тартылатын  күйлерін  еркін  меңгеріп,  өзі  қатарлы 

домбырашылармен  тізе  қосып  күй  тартысқанда  ұдайы  өнерін  асырып  отырған.  Талай 

рет  додалы  күй  айтыстарына  да  түскен.  Əрине,  күймен  айтысу  үлкен  өнерді  қажет 

етеді.  Мұндайда  өзгенің  күйін  көп  білу  оны  келістіріп  тарту  жеткіліксіз.  Ең  бастысы 

жаныңнан  шығарған  күйлермен  қарсыласың  мойын  оздыруың  керек.  Аққыздың  өзі 

шығарған  күйлерін  кезінде  Қыздарбек  Төребайұлы  тыңдап  батасын  берген.  Əсіресе, 

"

Аққыз"  деп  аталған  тырнақ  алды  күйін  сол  кездің  жастары  қолдан  қолға  көшіре 



үйреніп, сүйіп тартатын болған. Сабырлы сыр мен нəзік ойнақылығы қос ішек жарыса 

үн қататын бұл күй Аққыздың өзіндік қолтаңбасы жарқын айғақ. 

Ахметқызы  Аққыздың  өнерге  алаңсыз  беріліп  мұңсыз-қамсыз  кешкен  ғұмыры 

мейлінше  келте  болған.  Он  жетінші  жылғы  төңкерістен  кейін  желбуаз  ұраншылдық, 

елді жікке бөліп қырқыстырған таптық көзқарас, ұжымдастыру  тəркілеу сияқты саяси 

əлеуметтік  шаралардың  бəрі  ауқатты  жанұялардың  шаңырағына  жалаң  қылыштай 

үйірілгені  белгілі.  Мұндай  нəубеттен  Ахмет  байдың  да  отбасы    қалмайды.  Қатал 

заманның  нысанасына  ілінген  ең  алғашқы  бес  жүз  байдың  бірі  ретінде  қорлық  пен 

зорлықтың  небір  сорақылығын  бастан  кешіп  тəркіленеді.  Сонсоң,  көп  кешікпей-ақ, 

репрессияға  ұшырайды.  Қыз  ғұмырында  көрген  қызығы  алдамшы  түстей  ғана  болып, 

ата жұртта аһ ұрып Аққыз қалады. Мұнан кейінгі көрген қорлық тартқан азапты айтып 

тауысып болмас. 



 

Есіл бұла дарын осылайша жанбай жатып сөнгендей, өнбей жатып солғандай күй 



кешеді. Қайран домбыраға қол созуға қорыққан жылдарды бастан өткереді. Адам ғана 

емес,  ұлттың  мұңын  мұңдап,  жоғын  жоқтаған  өнер  де  репрессияға  ұшырайды.  Əйгілі 

"

Зар  Қосбасарды"  дүниеге  əкелген  ауылдасы  Əбди  Рысбекұлы  1931  жылы  тек  күй 



тартқан  үшін  атылады.  Дəл  сол  жылы  "Наз  Қосбасардың"  авторы,  буынсыз  күйші 

Айдостың  Сембегі  атылады.  Оның  да  бар  кінəсі  күй  тартқаны.  Бұл  сұмдықты  көзімен 

көріп,  жаны  түршіккен  Əбікен  Хасенов  шыбын  жанын  алып  қашады...  Осыдан  кейін 

домбыраға  қол  созып  көр.  Бір  кездегі  домбыраны  жастанып  ұйықтайтын  Аққыз,  енді 

домбыра көрсе үрейленіп, зəресі ұшатын болады. 

Міне,  күйшіліктің  мың  жылдық  ұлы  дəстүрі  бір  ғана  ұрпақтың  көз  алдында 

осындай нəубетке тап болды. 

Күйші  əженің  сезімталдығына  қайран  қалғанбыз.  Қайран  қала  отырып,  бүгінгі, 

болашақ  ұрпақтың  да  күй  құдіретінен  дəл  осындай  мəн-мағына  таба  білуін  армандап 

едік. 


Бұл аңызды Серкебаев Жолкелді атамыздан естіп, жазып алынды. 

Осынау  басы  ашық  ақиқатқа  күйші-домбырашы  Ахметқызы  Аққыздың  (1897-

1986) 

да өмірі мен өнері айғақ бола алады. 



Сөз болып отырған Ахметқызы Аққыз - əлгі Итаяқ, Қыздарбек, Əшімтай бастаған 

күйшілер легінің шəкірті. Аққыздың қатары да селдір емес. Кешегі Манарбек Ержанов, 

Қали  Байжанов,  Əбікен  Хасенов,  Бегімсал  Орынбеков,  Дəулет  Мықтыбаев  сынды 

арқалы өнерпаздар еске түседі. 

Енді,  мына  қызыққа  қараңыз.  Аққыз  күйшінің  алдына  отырып,  саусағына 

саусағын  шуда  жіппен  матастырып,  домбыра  үйренген  күйші  -  Қазақстан 

Республикасының  халық  əртісі  Мағауия  Хамзин.  Ал,  Мағауияның  ондаған  шəкірті 

күйшілікті  өмірлік  мұрат  тұтып,  бұл  күндері  ортамызда  жүр.  Сондай-ақ,  Əпике 

Əбенова, Жақсылық Омашев, Тұрған Түсіпбеков сияқты ел ішіндегі күйшілік дəстүрдің 

туын  ұстап  жүрген  азаматтар  да  тікелей  Аққыз  күйшінің  алдын  көрген,  тəлім  алған, 

Аққыздың  өз  құрсағынан  туған  жалғыз  баласы  Тілеужан  да  күйшілік  өнердің  парқын 

білетін  жаны  сергек  азамат.  Ұлттық  өнердің  темірқазығы  болып  табылатын  рухани 

сабақтастық дегеніміз осы болса керек. 

Міне,  бір  ғана  өңірдің  мың  жылға  ұласқан  күйшілік  өнерінің  шежіресі  осындай. 

Нағыз  өнердің  уақыт  пен  кеңістік  аясындағы  өміршеңдігіне  осы  сияқты  рухани 

сабақтастық айғақ болса керек. 

 

Əдебиеттер: 

Аққыз (Мүгілсін) Ахметқызы // Сыр мен сымбат. - 2005. - № 1. - 12 б.  

Аққыз  (Мүгілісім)  Ахметқызы  (1900-1987  жж)  //  Тоғжанов  Е.Л.  Атамекен:  оқу 

құрал  /Тоғжанов  Е.Л.,  Аршабеков  Т.Т.-  Қарағанды:  Қарағанды  экономикалық  ун-ті, 

2002.- 218 

б. 


Аққыз // Бекенов У. Күй табиғаты. - Алматы : Өнер, 1980. - 44 б. 

Аққыз  Ахметқызы  ///Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  А.  А. 

Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 100 б 

Аққыз // Бекенов У. Күй керуені: оқу құралы. - Алматы : Өнер, 2002. - 40 б.  

Аққыз:  естеліктер  мен  толғаулар  /  Құрас.  Б.Ж.  Тəкішов.  -  Қарағанды  :  Болашақ- 

Баспа, 2007. - 94 б. 

Ақсұңқарұлы С. Аққыздың аңызы: эссе // Орт.Қазақстан.- 2007.- 5 шілде.-4 б. 

Ахметқызы Аққыз //Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.- 677 

б. 

Баймұханов  М.  Гүлнəр  күйді  асқақтата  береді:  Аққыз  (Мүгілсім)  Ахметқызының 



туғанына - 110 жыл // Сыр мен сымбат.- Қарағaнды, 2007.- № 6.-3 б. 

Баймұханов  М.  Күй  анасының  тойы  дүркірей  өтті:  Аққыз  (Мүгілсім) 

Ахметқызының туғанына - 110 жыл // Азия транзит.- Қарағaнды, 2007.- № 7-8.-2 б. 

Балташұлы Е. Аққыз: мəдени мұра //Орт.Қазақстан.- 2007.- 22 наурыз.-4 б. 



 

Бекенов  У.  Ұлы  күйшінің  мұрагерлері:  Т.Қазанғапұлының  туғанына  175  жыл 



толуы қарсаңында // Ленин туы.- Егіндібұлақ, 1990.- 30 маусым 

Жанысбай  С.  Күйшіге  құрмет:  Аққыз  (Мүгілсім)  Ахметқызының  туғанына  -  110 

жыл / Жанысбай С. //Орт.Қазақстан.- 2007.- 24 шілде.- 1 б. 

Жанысбай С. Ақəженің шəкірті: өнер //Орт.Қазақстан.- 2007.- 27 желтоқсан.-5 б. 

Сейдімбек  А.  Ахметқызы  Аңқыз  (1997-1986):  Күй-шежіре  //  Азия  Транзит.- 

Қарағанды, 

2001.- N1.-13-15 

б. 


Туғанбай  А.  Ақəже:  Аққыз  (Мүгілсім)  Ахметқызының  туғанына  -  110  жыл  // 

Орт.Қазақстан.-2007.- 21 шілде.- 8 б. 

Шөкейқызы Р. Өнерлі əже // Сыр мен сымбат. - 2008. - № 11/12. - 6 б.  

 

 



Байсейітұлы Ыбырай 

(1889 – 1947) 

Ыбырай  Байсейітұлы  Қарағанды  облысының  Жаңаарқа  ауданына  қарасты 

Сарытау  деген  жерде  1889  жылы  дүниеге  келген  күйші-домбырашы.  Кезінде  Тоқа, 

Дайрабай,  Ықылас,  Қыздарбек,  Əбди  сияқты  дəулескер  күйшілердің  көзін  көріп, 

олардың  күйлерінің  мол  қорын  жеткізуші.  1934  жылдан  бастап  Қарағанды  облыстық 

радио  комитетінде  домбырашы-солист  болып  қызмет  атқарып,  күй  өнерінің 

насихатталуына елеулі еңбек сіңірген. Əбікен Хасенов, Мағауия Хамзин сияқты күйші-

домбырашылармен  шығармашылық-достық  қарым-қатынаста  болған.Ыбырайдың 

тартқан  күйлері  Бегімсал  Орынбекұлы,  Мұхит  Битенов  сияқты  өнерпаздар  арқылы 

бүгінгі күнге жетті. Ыбырайдың баласы Мақсұт Байсейтов-белгілі ақын. 

Ыбырайдың өзі шығарған «Нарқызыл» атты күйі белгілі.  

Ең  алғаш  «Дайрабай»  күйін  республика  жұртшылығына  таныстырған  адам 

қарағандылық  Байсейітов  Ыбырай.  Бұл  кісінің  тартуында  Қарағанды  облыстық 

радиосы  жазып  алған  «Дайрабай»  күйі  республикалық  радиодан  отызыншы  жылдары 

берілді.  Кейін  «Дайрабай»  күйінің  əсем  нұсқалары  Ə.Хасенов,  М.Хамзин, 

М.Тілеуханов сияқты белгілі домбырашылардың тартуында хатқа түсті. 

 

Əдебиеттер: 

Байсейітов Ыбырай // Жаңаарқа: энциклопедия. - Алматы : Темірқазық, 2009. - 132 

б. 

Байсейітұлы Ыбырай //Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.- 



799 

б. 


Дарынды  домбырашы  //  С.Бексейіт.-  Сарыарқа  саңлақтары.  -  Павлодар  :  ЭКО 

ҒӨФ, 2007. - 209 б.

 

Көшімов Ə. Дарынды домбырашы //Орт.Қазақстан.-1970.-5 шілде 



 

 

Бозмағамбетұлы Амантай 

(1906-1972) 

Бозмағанбетұлы Амантай 1909 жылы Қарағанды облысының Шет жəне Жаңаарқа 

аудандарының  жапсарында  жатқан  Ортау  тауының  ішінде  дүниеге  келіп,  1972  жылы 

Жаңаарқа  ауданының  басында  қайтыс  болған.  Шыққан  тегіОрта  жүз  Арғын,  оның 

ішінде  Қуандық  руынан  өрбіген  Алтай-Сайдалы-Барқы-  Нияз  болып  келеді.  Амантай 

əйгілі  күйші-композитор  Тоқа  Шоңманұлымен  аталас  туыс  жəне  Тоқаның  күйшілік 

мектебінен  тағлым  алып,  оның  күйлерін  бүгінгі  күнге  жеткізуші  санаулы  өнерпаздың 

бірі.  Ол  Тоқа  күйлерін  1937  жылғы  репрессияның  құрбаны  болған  дəулескер 

домбырашы  Рабат  деген  кісіден  үйренген.  Амантай  «Сал  күрең»,  «Қосбасар»,  «Сары 

өзен»  сияқты  халық  күйлеріне  қоса,  Тоқаның  «Бастау  Қосбасар»,  «Боз  айғыр»,  «Төрт 

толғау»  күйлерін,  Дайрабайдың  «Дайрабай»  күйінің  бес  нұсқасын  нəшіне  келтіріп 


 

тартатын  болған.  Жаңаарқа  топырағының  жүйрік  домбырашылары  Қойбағар 



Жылқыбайұлымен, Мұхит Битенұлымен тізе қосып жүріп, кезінде күй құмар қауымды 

өнерлерімен сусындатқан. 

Амантай  Бозмағамбетұлының  өз  жанынан  шығарған 

«

Торы  ат»  күйі 



жұртшылықтың  ұйып  тыңдайтын  күйлерінің  бірі.  Бұл  күйдің  шығу  себебі  –  1960 

жылдардағы  солақай  саясатқа  байланысты.  Халықтың  бірлі-жарым  сауын  малынан 

басқа  мал  ұстауына  тиым  салынып,  артық-ауыс  мініс  малдары  мен  күш  көліктері 

күшпен тартып алынады. Осындай қиянаттың тұзағына Амантайдың бəйге Торы аты да 

ілігеді. Содан, арада біраз уақыт өткенде «Қазақстанға-40 жыл» деген ресми той болып, 

шаруашылық  атынан  қосылған  Амантайдың  Торы  аты  бəйгеден  келеді  ғой.  Жасынан 

жүйрік  ат,  қыран  құс,  құмай  тазыны  өбектеп  өскен  Амантайды  осы  оқиға  қатты 

толықтырып, «Торы ат» күйін шығарады. 

Амантай  Бозмағамбетовтың  домбырашылық-күйшілік  өнеріне  алғаш  көңіл 

аударған  адам  –  музыкалық  фольклордың  білікті  маманы  Тымат  Мерғалиев.  Ол  1962 

жылы  Амантайдың  репертуарынан  жиырмашақты  күйді  үнтаспаға  жазып,  «Дайрабай» 

күйінің бір нұсқасын нотаға түсірген. 

А.Бозмағамбетұлының  алдын  көрген  шəкірттері  Мұхамеджан  Тілеуханов, 

Жақсылық Мағзұмов, Ералы Тоқанов сияқты белгілі өнерпаздар. 

 

Əдебиеттер: 

Амантай күйші // Жұмаділдин А. Жаңаарқа: дерекнама. - Алматы : Кенже-Пресс-

Медиа, 2003. - 337 б.  

Бозмағамбетұлы  Амантай  //  Жаңаарқа:  энциклопедия.  -  Алматы  :  Темірқазық, 

2009. - 176 

б. 


Бозмағамбетұлы  Амантай  //Сейдімбек  А.  Қазақтың  күй  өнері  Астана:  Күлтегін, 

2002.- 806 

б. 

 

Дүкенұлы Ықылас  



(1843-1916) 

 

Дүкенұлы  Ықылас  халық  композиторы,  күйші,  қобызшы, 



қобыз  мектебінің  негізін  қалаушылардың  бірі.  Қарағанды  облысы 

Жаңаарақа  ауданында  туған.  Ықыластың  атасы  Алтынбек  айтулы 

зергер,  ұста  адам  болған;  ағаштан  қобыз,  домбыра  жасап,  өзі  сол 

аспаптарды жақсы тарта білген. Ал өз əкесі Дүкен күйшілік өнерді 

ұстанған. Ықыластың күйшілік дарыны ерте ашылып, 7-8 жасынан 

қобыз  ұстап,  əкесі  тартқан  күйлерді  тез  игеріп  алған.  15  жасынан 

ол  үлкен  жиындарда  өнер  көрсете  бастаған.  Кезінде  Ықыластың 

талантына  тəнті  болған  Жанақ  пен  Шөже  ақындар  жас  өнерпазға  батасын  беріп, 

Тəттімбет пен Тоқа сынды күйшілер оның өнерін өте жоғары бағалаған. 18 жасында ол 

əкесінен  үйренген  күйлерге  өзгеріс  енгізіп,  оларды  классикалық  деңгейге  көтерді; 

бақсылардың  жүйесіз  сарын  түлеткен  қобыз  үніндегі  абстракцияны  жойып,  оны 

адамның шабытына, ой-толғауына бағындырды, сөйтіп, қобызды халықтық музыкалық 

аспапқа  айналдырды.  Ықылас  алғашқы  күйлерін  халықтық  фольклордағы  оқиғалар 

негізінде  құрды;  эпостық  жырларды,  аңыз  ертегілерді  қыл  қобыз  үнімен  шертті  жəне 

қыл  қобыздың  үн  көлемін  байытып,  тереңдетті.  Оның  күйлерінің  ырғағы  өзінен 

бұрынғы  күйшілерге  ұқсамай,  адам  көңілінің  тоқсан  толғаулы  сырын  жыр  етті, 

уақытты,  замана  тынысын,  өмір  шындығын  шертті.  Ол  толғаған  «Қорқыт»  -  бақытты 

өмірді  аңсау,  тəтті  қиял;  «Кертолғау»  («Тоғыз  тарау  ?  Кертолғау»  деп  те  аталады)  ? 

замана  келбеті,  мезгіл  туралы  ой;  «Қоңыр»  -  адам  сезімінің  шаттанған,  шуақты  сəті, 

жарқын  лиризм;  «Ықылас»  -  шабыт  шарықтауы;  «Қазан»  -  елдің  батырлық  салтын 

ардақтаған салтанатты шеру; «Қамбар-Назым» - махаббат жыры; «Жезкиік» - кең дала 

табиғаты, еркіндік жыры; «Шыңырау» - зұлымдық қасіреті; «Аққу» - өмірді сүю, өлімді 

жеңу,  адам  құдіретін  дəріптеу;  «Жалғыз  аяқ»  -  əділет  үшін  оптимистік  құлшыныс; 


 

«



Ерден»,  «Жарым  патша»,  «Бестөре»  -  отаршылдық  жүйе,  Ресей  өкіметіне  беріле 

қызмет еткен қазақ ақсүйектері, тағы басқа  Ықыластың азаматтық ойын айқындайтын 

саяси-əлеуметтік  мəні  бар  күйлер.  Ықылас  Омбы,  Қызылжар  (қазіргі  Петропавл), 

Ақмола  (қазіргі  Астана)  қалаларында,  жəрмеңкелерде  қобыз  тартуда  алдына  жан 

салмаған.  Оның  Сүгір,  Ашай,  Əйкен  сияқты  талантты  шəкірттері  болды.  Өз  ұлы 

Түсіпбек те қобызда өте шебер ойнады, ол əкесінің көптеген күйлерін Д.Мықтыбаевқа 

үйретті. Қобызшы Ж.Қаламбаев Сүгірден Ықылас күйлерін үйреніп, оларды нақышына 

келтіре  орындады.  Ықыластың  көптеген  күйлері  Қазақтың  мемлекеттік  академиялық 

халық 

аспаптары 



оркестрінде, 

«

Отырар 



сазы» 

фольклорлық-этнографиялық 

оркестрінде  де  орындалады.  Жамбыл  облысы  Байқадам  ауылында  Ықылас  атында 

музыкалық мектеп, Алматы қаласында музыкалық аспаптар мұражайы бар. Ықыластың 

қобызы Жамбыл облысы Жайлаукөл ауылында тұратын немерелерінде сақтаулы.  

 

Əдебиеттер: 

 

Бегалин С. Жыр жайлауы. - Алматы : Қазақстан, 1976. - 165 б.  

Жақанов И. Ықылас: роман.- Алматы: Өнер, 1990.- 256 б. 

Жанəбіл  С.  Ықыластың  қобызы:  Ықылыс  қобызшының  қобызы  //  Ел  мəдениеті.- 

2006.- 14 

шілде(№6).- 3 б. 

Жахин  С.  Ықыластың  "Ерден"  күйі  жəне  басқа  да  сазгерлер  жайлы  ойлар  // 

Сарыарқа.-Жезқазған, 2001.-30 маусым 

Дүкенұлы Ықылас // Жолдасбекұлы М. Елтұтқа: ел тарихының əйгілі тұлғалары / 

Жолдасбекұлы М., Салғараұлы Қ., Сейдімбек А.- Астана: KUL TEGІN баспасы, 2001.- 

231 

б. 


Дүкенұлы Ықылас // Жаңаарқа: энциклопедия. - Алматы : Темірқазық, 2009. - 176 

б. 


Дүкенұлы  Ықылас  //  Сейдімбек  А.  Қазақтың  күй  өнері  -Астана:  Күлтегін,  2002.- 

507 


б. 

Қоңыратбай Т. Əлемдік музыка тарихы: [жинақ] - Алматы : Өлке, 2010. - 479 б. 

Нығмет Ж.Н. Қазақ тілі хрестоматиясы: оқу құралы - Алматы: "Білім", 2003.- 392 

б. 


Ықылас Дүкенұлы// Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 9 том.-634 б.

 

Ықылас  Дүкенұлы  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  А.  А. 



Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 560 б. 

Ықылас  Дүкенұлы  //  Тоғжанов  Е.Л.  Атамекен:  оқу  құрал  /  Тоғжанов  Е.Л., 

Аршабеков Т.Т.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-ті, 2002.- 216 б. 

Ықылас  күйлері  //  Бекенов  У.  Күй  көтерер  көңілдің  көк  жиегін.  -  Алматы  : 

Қазақстан, 1975. - 41 б. 

Ықылас қобызшы // Бегалин С. Сахара сандуғаштары. - Алматы : Қазақстан, 1976. 

– 110 

б. 


Ықылас // Бекенов У. Күй керуені: оқу құралы. - Алматы : Өнер, 2002. - 77 б.  

Ықылас // Бекенов УКүй табиғаты. - Алматы : Өнер, 1980. - 87 б. 

Ықылас  //  Күй  қайнары  =  Голоса  народных  муз  /  құраст.:  А.  Райымбергенов,  С. 

Аманова. - Алматы : Өнер, 1990. – 37 б. 

Ықылас // Жұмаділдин А. Жаңаарқа: дерекнама. - Алматы : Кенже-Пресс-Медиа, 

2003. - 331 

б. 

Ықылас // Қазақ күйлерінің тарихы: оқулық / Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен. - 



Алматы, 2000. - 320 б. 

Ықылас  //  Тарақты  А.  Қазақтың  əйгілі  күйшілері:  ІX-XX  ғасырлар:  [альбом-

кітапша]: сурет.: Н.Т.Жээренчиев, Г.С Искакова. - Алматы : Қазақстан, 1992. - 17 б.  

 

 




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал