СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)


романының  теріліп  жатқанын  тісіңнен  шығарушы  бол-



жүктеу 4.69 Kb.
Pdf просмотр
бет9/41
Дата09.01.2017
өлшемі4.69 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41

романының  теріліп  жатқанын  тісіңнен  шығарушы  бол-
ма. Қазақта кім көп, қызғаншақ пен арызшы көп. Үлкен 
шатағы  бар  кітап  болып  тұр.  ешкімге  сездірмей  тезірек 
шығарып алайық» /Аталған естелік/ – деп оңашада сыбырлай 
тағатсыз  ескертуінің  өзінде  қауіп-қатермен  жағаласқан  сезім 
жатыр ғой…
Көзді  жұмып  нартәуекелге  барған  баспагер  Бейсембай 
Кенжебайұлының  ақылды  істеген  екінші  бір  ісін  қараңыз. 
Әдетте  баспагер  кісіге,  оның  ішінде  басшы  қызметкерге  өзі 
басқарып  отырған  баспа  кітабын  өзі  талдап,  мақтап  мақала 
жазу – партиялық баспагерлік этикаға жатпағаны мәлім. Алай-
да, Скворцов, Бұзырбаев, Әбдіхалықов секілді ақ дегені алғыс, 
қара  дегені  қарғыс  болып  тұрған  әкімдердің  айтқан  сөзін, 
берген  нұсқауын  орындамаған  баспа  басшысы  /Бейсекең/ 
енді  қорғаныс  амалына  көшеді.  Қорғаныс  жолы,  әрекет  ама-
лы  –  «Абайды»  қарағай  мен  қорғасын  иісі  сейілмей  тұрып, 
сүйінші  данасынан  оқып,  мерзімді  баспасөз  арқылы  дүйім 
жұртты  құлақтандырып  жіберу.  «Көп  қорқытады,  терең  ба-
тырады» – көпшілік пікірімен санасар, кешірімді болар деген 
ойды  малданған  еді,  баспагер!  Қаршадай  бала-редактор,  да-
рынды ақын Қуандық Шаңғытбаевты қабатына ала «Абай» ро-
маны жөнінде «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») 
газетінде мақала жазуы, мақаланың шығармамен бір қатар (бір 
күнде) жарық көруі – жақсы ойластырылған айла. Әкімдердің 
діңкесін құртқан жариялылық. «Абайдың» мықтылығын біле, 
сезе тұра қарсы болып, тосқауыл қойып жүрген әкімдер «болар 
іс болып, бояуы сіңіпң ел құлақтанып қалған соң шарасыздан 
бармағын  шайнайды  ғой  баяғы.  Зәрін  де,  кәрін  де  айтқанын 
тыңдамаған,  «Абай»  тоқтатылды»  –  деп  айлалы  ақпар  беріп, 
жер  соқтырып  кеткен  «алаяқ»  Б.Кенжебайұлына  төгеді.  Оған 
қарсы дауыл тұрғызады, жауын жауғызады. Бірақ, тағы да оны 
Мұхтар  Әуезов  пен  Бейсембай  Кенжебайұлы  білмеуге  тиісті. 
Біле қалса Мәскеуде Әуезовтің де дос-жараны аз болмауы ке-
рек. Ал, Кенжебайұлы Мәскеуден – «КСРО Жоғарғы Кеңесі ве-
домствосынан» жақында ауысып келіп отыр. Бүкілодақтық ста-
роста М.И.Калининмен бір партиялық ячейкада болып, қоян-
қолтық қызмет істеген (М.И.Калининге қазақ тілінде жазылған 
арыз-шағымдарды аударып беріп отырған. Қ.е.) Кенжебайұлы 
ілгерілеп ізденсе шу шығуы мүмкін. Отырған орындығы қым-
бат мансап иелері бұл жайды білмейді емес, ескермейді емес. 
Ендігі  жаза,  шараның  бәрі  Қазақстан  Компартиясы  Орта-
лық  Комитетінің  сол  кездегі  хатшысы  Мұхаметжан  Әбдіха-
лықов қолымен атқарылатын сыры да міне осында! Жоғарыда 
Бейсекең  күнделігінен  келтірілген  ашу,  ыза,  айқай  сөздердің 
қандайы  да  М.Әбдіхалықов  аузымен  айтылғанымен,  оның 
арқасында  қазақты  –  қазаққа  салған,  әкімді  еңбекшіге  сал-
ған, шоқпарды ізгілікке жұмсаған зұлым күш – М.Әуезов пен 
Б.Кенжебайұлына  қарсы  орасан  топ  тығылып  тұр  ғой.  Сон-
дықтан  бұл  жерде  қаншама  қатты  келгенімен,  айтпас  сөзді 
айтқанымен  Мұхаметжан  Әбдіхалықовтың  жағдайын  түсініп 
қабылдау жөн. Ал, біз келтірген күнделік сөздері (келтірілмеге - 
ні  де  бар)  қаншама  қатты  дегенімізбен  сол  кезең  әміршіл 
әкімдері үшін қарапайым қызмет нормасы ғана.
Көзі  тірісінде  қадірлі  Бейсекеңмен  «Абай»  романының 

118
119
жарыққа қалай шыққаны жөнінде әңгімелескеніміз бар. (Бірде 
Қуандық  Шаңғытбаев  сәлемдесе  келіп,  екеуі  роман  жөнінде 
жылап отырып естелік айтысқандары да есте. Оның бәрін ай-
тып  жату  –  артық).  Енді  сол  сырласу,  әңгімелесудің  кейбірін 
ортаға салайық.
– Сіздің басыңызды бәйгеге тігіп, тосқауыл қойылып құла-
тылғалы  тұрған  «Абай»  романына  жаныңызды  салып,  араша 
түсуіңіздің  сыры  неде?  Бір  республиканың  бірінші  басшысы, 
1937  жылы  «қазақ  интеллигенциясының  99  процентін  қыр - 
ған» (С.Мұқанов) Скворцов сынды қанды шеңгелге қарсы тұ-
руға  күш-қайратты  қайдан  алдыңыз?  –  деп  сұрадым  бірде 
қайсар ғалымнан.
–  Бір  кісінің  ой-қиялынан  туғанымен,  көркем  шығарма  –  
халықтікі.  Елді  есейткіміз  келсе  есті  шығарма  жазайық.  Ең 
болмағанда  жазылған  есті  шығарманы  шырылдап  қорғамасақ 
торғай  құрлы  болмағанымыз,  ел  ретінде  тозғанымыз  де. 
«Абайдың» жақсы шығарма екеніне сендім, сенген соң халыққа 
жетсін деп, Қуандық екеуміз қолдан келгенді жасадық. Әрине, 
Мұқаң риза болды ғой. Әйтсе де соқыр сенімді әкімдер күрік 
тауықтай күрілдеп бәле болды. Басымнан қиқу кетпеді. Ақыры 
арызымды жаздым да «өз еркіммен» баспаның бас редакторлық 
қызметінен  кеттім.  Кеткеніме  сірә  да  өкінбен.  Керек  болса 
арызымның көшірмесі өзімде сақтаулы…
Ғалым өткен өміріне күліп қарады. Өкініші болса ішінде. 
Ал, өзі пенде басшыларға күле қарап сөйледі.
Иә, ғалым айтқандай-ақ, оның Қазақстан Компартиясы Ор-
талық  Комитетінің  сол  кездегі  хатшысы  М.Әбдіхалықов  аты-
на  Қазақтың  мемлекеттік  біріккен  баспасы  бас  редакторлығы 
қызметінен  босату  жөнінде  жазған  арызы  сақталыпты.  Арыз 
«Беседа с Вами окончательно укрепила мои мысли и желание 
уйти с выполняемой мной сейчас работы…» – деп басталады.
Ұзын  сөздің  қысқасы,  эпопея  қарлығашы  –  «Абай»  рома-
нының  жарыққа  еріксіз  шығуы,  баспа  бас  редакторы  Бей-
сембай  Кенжебайұлының  қызметінен  «өз  еркімен»  кетуімен 
аяқталады.
Иә, сол қаһарлы 1942 жылы туған нәрестелердің бірсыпы-
расы «Мына мендей перзентіне сол күні, Ат қойыпты Мұхтар 
деп» – М.Шаханов айтқандай Мұхтар аталды. Мұхтарлар көп 
туды  сол  жылы.  Мұхтар  Әуезовтің  өзі  де  эпопеясы  жарыққа 
шығып, ұлыланып қайта туды… «Абай» романы осылай жарық 
көрген еді!
Сегізінші ерлік, –  
Тағдыры бір, тағлымы ортақ тарландар-ай…
(Елуінші жылдары қуғын көрген қазақ зиялылары
өмірінен бір үзік сыр)
Жариялылық арқасында жарыққа шыққан, қайта құру  ар-
қасында  қайта  табысқан  қайраткер,  қаламгерлерімізді  же ке- 
дара  қызықтап,  қойдан  жуас  қоңыр  мінезбен  елеусіз  жү ріп 
те  елдік  іс  атқарған  аяулыларымызды  тірісінде  қадірін  біл-
меппіз,  басын  бағалай  алмаппыз-ау  деп  те  өкінеміз.  Тағдыр 
талқысына тап келіп атылып кеткені бар, тіршілік тауқыметін 
тартып,  абақты  азабын  арқалап  аман  келгені  бар  –  тарихтың 
сын сағаты соққанда бұлардың бірін-бірі қалай құлатқанын ар-
хив ашып, оқып, біліп қан жылаймыз. Елдігімізге сын, кісінің 
жүзі  төмендейтін  сол  бір  бетке  шіркеу  жайды  аяусыз  айтып, 
жасырмай  жариялап  жатырмыз.  Халық  қасіретті  қайталамау 
үшін, қайраткер атылып, қара-бұқара, қатын-бала қан жыламау 
үшін  солай  ету  де  керек,  әрине!  Сонымен  қатар  сәби  халқын 
тарих өткелегінен өткерер тар кезеңде қайраткерлердің қалай 
тізе қосып еңбектенгенін, басына бұлт үйірілген қиын-қыстау 
кезде бірін-бірі қалай сақтағаны, бірін-бірі қалай демеп, желеп-
жебегенін де ұмытпау ләзім.
Жалғыз ағаш орман емес, жалғыз кірпіш қорған емес деген 
атамыздың қастерлі сөзі бар емес пе? Ырыс кіргізер – ынтымақ, 
шырық бұзар – бейынтымақ. Есіктен келе жатқан ырысты ке-
удеден  кері  итеріп  киесін  қашырар,  ырыссыздық  шақырар 
ырықсыз әрекеттерді көп кешті ғой халық басынан. Көп қазақ 
оқымыстылары,  ақын,  жазушылары  қатарын  дос  тұта  алмау-
дан, қатарын қанаттас көре алмаудан қасірет тапқан жоқ па?! 
Осы  індеттен  бұл  күнде  ақи-тақи  құтылып  та  кеткен  жоқпыз 
ғой.  Ендеше,  жұрт  бірін-бірі  көрсетіп,  шабысып  жатқан  тар 
кезеңде бірімен бірі қапысыз табысып, бірін-бірі сақтап қалуға 
тырысқан қазақтың бір шоғыр оқымысты-ғалымдары тағдыры 
һәм тағлымы жөнінде деректі толғанысқа кезек берелік.
Тоқырау кезеңінде елеусіз жүріп те елдік іс атқарған, бірақ 
атқардым деп сірә да айтпаған жандардың басын бағалай ал-
мағанымызға  өзіміз  өкінеміз.  Осындай  өкініш  аралас  әңгіме 
соңғы кезде Әлкей Марғұлан, Бейсембай Кенжебайұлы, Әуел-
бек  Қоңыратбаев,  Қайым  Мұхамбетханов  жөнінде  жиі  айты-

120
121
лып қалып жүр. Жайшылықта мейлінше қарапайым ғалымдар 
халық ісі – ғылым ісіне келгенде қайсарлықты қайдан табады?
Аталмыш  ғалымдар  отызыншы  жылдары  жазықсыз  жапа 
ше  гіп,  мезгілсіз  опат  болған,  қазақ  халқының  еңсегей  бойлы, 
те рең де тегеурінді ой-қайраткерлерінің көзін көрген, солардың 
тәлімін алған жандар еді. Бейсекең Мәскеуде – КУТВ-да оқыған-
да М.Жұмабаевтан дәріс алған сүйікті шәкірті, Әлекең Алаш-
тың рухани мұрагері, Әукең 1937 жыл науқанына Қалжандай 
ағасы  мен  Әлібектей  інісін  берген  қасіретті  жан.  Қайым  аға 
ұдайы  ұлы  М.Әуезов  жанынан  табылып  үйренген  үлкен  жү-
ректі  адам.  Бұлар  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов, 
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Қожанов, С.Садуақасов секілді 
алыптардың көзін көріп, тәлімін алғандықтан да тәңірінің тура 
жолынан тартына алмады. Басқа салғанға көнді, бірақ алған бет-
тен қайта қоймады. Діні берік ғалымдар сол себепті де қанды 
шеңгел  отыз  жетінің  логикалық,  саяси  заңды  жалғасы  болып 
табылатын  қырқыншы,  елуінші  жылдардың  ұзына  бойында 
қуғындалудан  бір  танбады.  Қуғындау  мақсаты  –  халық  деп 
соққан жүректі тұншықтыру, ғылыми тегеурінді ойы бар, айқын 
бағыт-бағдары бар адамдарды тура жолдан тайдыру, тұқырту. 
Таза ғалымдық мінездің адамдары қазақтың көне әдебиеті үшін 
күйді,  мәдениетіміздің  шығыспен  кіндіктес  екенін  айтқаны 
үшін шырғалаң күй кешті, Абай үшін айдалды, Сұлтанмахмұт 
үшін сорлады. 
Ғалымдар  әрекетінде  қоғам  жатырқарлықтай  әбестік,  те-
рістік  бар  ма  еді?  Тек  туған  халқыма  болсын,  ұлттық  ғылым 
өркендесін деген ізгі ойдан өзге ешқандай жат мінез, жаулық 
пиғыл  жоқ  қой  олардың  әрекетінде.  Халқына  қызмет  етпе-
генде  кімге  қызмет  етеді  адам  баласы?!  Ендеше  олар  неге 
қудаланды? 
Жастық  шақта  кісі  өмір  құбылыстарына  әуестенгіш  ке-
летін әдеті. Әлгіндей сұрақты бірде профессор Бейсембай Кен-
жебайұлына қойғанмын. Жан жарасын тырнадым ба, кім білсін, 
әйтеуір ол біртүрлі алабұртып, іштей тікіленіп:
Сұңқар бол, қаршыға бол, қақпай қоймас
Әйтеуір бір мініңді таппай қоймас.
Тәп­тәуір кісі деген адамдары
Оқығанға бір жала жаппай қоймас – 
деп  өлеңмен  жауап  берді.  Кейін  білдім,  Мақыш  Қалтаевтың 
өлеңі екен.
Ғалымның  астарлы  жауабынан  менің  ұққаным  –  олар 
дарындылығы  үшін  күйіп,  күндестік  құрбанына  айналыпты. 
Дарындылар  қоғам  үшін  пайдалы  бола  тұра,  қатар  жасайтын 
дарынсыздар үшін тиімсіз ғой. Шынайы дарынның алаңы көп 
қашанда. Дарынсыздың қу құлқыны – қарынның қамынан өзге 
қайғысы  бола  бермейді.  Олар  өздері  жәннәттай  жақсы  өмір 
кешуі үшін жанын аямас дарынды замандасынан құтылғанша 
асығады.  Даналардың  халық  тілегімен  ғана  емес,  тарих 
тілегімен туарын қайтсін олар?!
Алды әлдеқашан о дүниеге аттанып кеткен, соңы ақабадай 
арамызда  селдіреп-кілдіреп  жүрген  жоғарыда  аталған  аяулы 
ғалымдардың  жала  жабылып,  алыс  сапарға  айдалатыны,  сор 
сүргінге айналатын қуғын көргені қате соққан уақыт желімен 
бірге қатар жүріп күндейтін көрсоқыр әрекеттің де ісі. Ақыл- 
дан  азап  шеккендей,  тағдырына  таланттылығы  үшін  жазған 
Ә.Мар ғұлан,  Б.Кенжебайұлы,  Ә.Қоңыратбаев,  Қ.Мұхаметха- 
нов  се кілді  ғұламалардың  бар  қасіреті  осында.  Біз  –  кейінгі 
ұрпақ осыдан ащы сабақ алып өссек дұрыс болады…
Мойнына құрық түсер сәтте Әлкей Марғұлан барша ғылы-
ми атақтарынан бас тартуға бейіл болған, Бейсембай Кенжебай-
ұлы  СОКП  қатарынан  шығарылып,  қызметінен  қуылған,  Қа-
йым Мұхаметханов айдалып кетіп, жайсыз жердің дәмін та тып 
оралды, Әуелбек Қоңыратбаев Аламатыдан аластатылды...
Егерде  зәуімен  олардың  таршылық  көрген  кездеріндегі 
жаз баларын оқудың сәті түссе – жайшылықта әкелеп алдында 
тұрар,  жәкелеп  жанынан  қалмас  жандардың  жандайшаптарға 
қалай  айналғанына  қайран  қаласың,  доссыған  жандардың 
оларға жоламай кеткенін біліп жағаңды ұстайсың, адам таби-
ғатының  соншалық  алалығын  біліп,  иманың  қасым  болады. 
Мұндай  қиын-қыстау  сәтте  қайта  бірге  кінәлағандар,  қатар 
зә бір-жапа  шеккендер  бір-бірінің  жанына  үңіліп,  қарлығаш 
болып бір-біріне қанатымен су сеуіп жүргені. Бұл қазақ айта-
тын  «аздың  атасы  бірдің»  кері.  Бұл  –  тағдырластықтан  туған 
тауқымет ауыртпалығын бір көтеру мақсаты.
«Бәрін айт та бірін айт» дегендей, енді осы ойларды өмір лік 
дерекпен дәйектеу қажет. Алдын-ала ескертетін жай – Ә.Мар-
ғұлан, Б.Кенжебайұлы, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Мұхаметханов сын-
ды  ынтымақтас,  мұраттас  ғалымдардың  өзара  қарым-қаты на-
сын бір мақалада ақи-тақи тауысып айту мүмкін емес. Біз ұлт 
ғылымы мәдениетін биікке көтеруге тырысқан тағдырлас жан-

122
123
дардың  бір-біріне  деген  ыстық  ықыласының  кейбір  сәттерін 
ғана әңгімелеумен шектелеміз.
Үлкеннің аты – қашан да үлкен. Академик Әлкей Марғұлан 
ғылым  биігіне  аталмыш  ғалымдардың  қай-қайсысынан  да 
бұрын жетті. Сөйтті де Бейсекең, Әукең, Қайым ағалардың қай-
қайсысына да қол ұшын созды –ау. Бейсекең докторлық диссер-
тация қорғағанда оппонент райында шешіліп сөйлеген, қолдай 
қолпаштаған  жанның  бірі  –  Әлкей  Марғұлан.  (Ғалымның  ол 
сөзі  Бейсекең  архивінде  сақтаулы).  Жас  шамалары  қатар  бо-
луына қарамастан Бейсекеңнің ол кісіге құрметі бөлек-ті. Сол 
құрметтің белгісі шығар күнделік дәптеріне мынадай ойларын 
жазып қойыпты: «Әлкейдің алпыс жылдығында.
Құрметті жолдастар! Біз Әлкей екеуміз құрдаспыз. Бір ақ  
кәдімгі  құрдас  кісілер  сияқты  қалжыңдасып  көрген  емеспіз. 
Осында  Әлкейдің  кейбір  жолдастары  айтқандай,  жастық, 
жігітшіліктерінде бірге болғанымыз жоқ. Бұған Әлкейдің аса 
байсалдылығы,  мейлінше,  жан­жақты  бі лімділігі  әсер  етті. 
Біз Әлкей екеуміз өзімізді ұстаз бен шә кірт тәрізді ұстадық. 
Әлкей менің ұстазым. Ол маған екі рет оппонент болды.
Иә,  Әлкей  жастардың,  жас  ғалымдардың  ғана  ұстазы 
емес, өзінің құрбы­құрдастарының да ұстазы. Тамаша ұс таз. 
Ал, Әлкейдің шәкірттері көбейе берсін».
Қатар-құрбы бола тұра білімдар әріптесін ұстаз тұту қандай 
ізет  десеңізші.  Айтса-айтқандай,  Бейсекең  қазақ  әдебиеті  та-
рихын  түркі  халықтарына  ортақ  кезеңдерден  бастау  жөнінде 
мәселе  көтергенде  оны  қолдаушылардың  бірі  де  –  Әлкей 
Марғұлан  болды.  Солай  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  жаңа 
концепция орнықты.
Өзінен екі жылдай бұрын қайтыс болған Әлкей Марғұлан 
қазасы  жөнінде  әлсіз  денсаулықты  ол  әзіз  жүрегін  тебірентіп 
күнделігіне  былай  деп  жазыпты:  «Әлкей  қайтыс.  Академик 
Әлкей Марғұлан жоқ. Мені жылайды деп, Құлбек оны маған 
байқап есіттірді. Жыладым. Жылайтындай өкініш! Теңіздей 
терең ой, көп білім өлді. Өлді!»
Өмірде құдандалы, өнерде үзеңгілес, тілектес жасаған ака-
демик  Әлкей  Марғұлан  жөнінде  Бейсекеңнің  қимас  сезімінің 
бірі осылай қоштасу сөзі болып төгілді.
Профессор  Бейсембай  Кенжебайұлының  қанаттас,  мұрат-
тастары  Әуелбек  Қоңыратбаев  пен  Қайым  Мұхамет хановқа 
деген  ықылас-ілтипаты  да  алабөтен  болатын.  Ақмешіттен 
Әу кең  келсе  Бейсекеңе  соғып,  амандық-саулық  білісіп,  шер 
тар қатысып  әңгімелесер  еді.  Жеті  шәһәрдан  Қайым  аға  кел-
се  Бейсекеңе  жолығып,  сұхбаттасып  аттану  –  дәйімгі  әдеті. 
Ұзақ ты  күн,  кейде  ұзақты  түнге  созылар  олардың  әңгімесін 
тың дау  соншалықты  қызықты  болатын.  Прфоессор  Бейсем-
бай Кенжебайұлының архивінде күнделігінде қанаттас жүріп, 
қатар адымдап, мұраттас ғұмыр кешкен бұл ғұламалар жөнінде 
ыждағатты бейілден туған нелер тәтті сөздер бар ғой. Ол жазба-
ларды оқып отырып аяулы ғалымдардың өзара достық қарым-
қатынас сырларына қанығамыз ғой баяғы.
Ә.Қоңыратбаев  елуінші  жылдардағы  солақайлық  жөнінде 
былай  деп  жазды:  «Бұл  жылдары  әдебиеттану  ғылымы  ба­ 
рынша  шиеленіскен  еді.  Көптеген  қазақ  ғалымдарының  қа­
та рында,  мен  тағы  да  қуғын­сүргінге  түстім.  М.Әуезов, 
Б.Кен же байұлы, Е.Ысмайылов, мен жайында толып жат қан 
мақалалар жарияланды. Республикалық «Социа листік Қазақ­
стан» газетінің бетінде мен туралы жазыл ған «Шығыстың 
шылауындағы  әдебиетші»  деген  тен денциялық  сипаты  ба­
сым мақаланың жарық көруі сорақы іс болды. Осы жылдары 
мен үш батып, үш шықтым. Бір неше жыл қызметсіз қалып, 
елге  қайтуға  мәжбүр  болдым»  (Ә.Қоңыратбаев,  «Керуен», 
1989  ж,  171-бет).  Бұл  бір  Әуелбек  Қоңыратбаевтың  ғана  ба-
сынан  кешкен  тағдыры,  көр ген  сорақысы  емес  еді.  Атал-
мыш  ғалымдардың  қайсысы  да  бірсыпыра  қиындық  көрді. 
Қ.Жұмалиев,  Е.Ысмайылов  бір сы пыра  уақыт  түрмеде  оты-
рып  шыққанын  қайтерсін?!  Аталмыш  ғалымдар  қуғын-сүргін 
көруіне  қарамастан  дүниенің  ғылымын  жасады.  Қиналыста 
жүріп  ұлттық  ғылымды  өркендеткен  олардың  ерлігіне  тәнті 
қаласың.  Моральдық-психологиялық  тұрғыдан  шеттетушілік 
көріп  жүрген  оларды  қолдаған  жан  бар  ма,  сонда?  Біздің 
байқауымызда  бұлар  өз  бастарына  бұлт  үйіріліп  жүруіне 
қарамастан бірін-бірі қорғаудан, бірін-бірі қолдаудан бір танбап-
ты. Біз – кейінгі ұрпақ ерлікке пара-пар осы бір текті мінезден 
үлгі  алсақ  жарасады…  Енді  пікірді  дәйектейтін  документ-
деректерге қонақ берелік. 
Бірде  жас  зерттеуші  Тынысбек  Қоңыратбаев  әкесінің 
архивінде  Бейсекеңнің  хаты  сақталғанын  құлағдар  етті.  Жата 
жабысып хаттың көшірмесін сұрап алдым. Ол хат мынау: 
«Әуелбек!
Хатыңды алдым. Амандық. Өзің де солай боларсың. 

124
125
Биыл бізде де, Тіл, әдебиет институтында да конкурс бо­
лады  деп  естиім,  бірақ  қашан,  қалай  болатынын  білмеймін. 
Түбінде  сен  бұл  жөнінде  сол  мекмелердің  ресми  адамдарына 
хат жазып, сонан білуің керек, оның сөкеті жоқ.
М.Сералин  шығармаларын  жинағаны…  (өшіп  кеткен. 
Қ.Е.).  Бізде  де  оның  көбі  жиналды.  Біз  ХХ  ғасыр  басын дағы 
әдебиет өкілдерінің программада барларының шығар ма ларын 
хрестоматия  етіп  құрастырмақшымыз.  Сералин  докторлық 
диссертацияға лайық тақырып емес. Сен док торлық диссер­
тацияны қазақ әдебиеті мен шығыстың үл гілі әдебиетінің бай­
ланысы туралы бір тақырыпқа жазсаң, ол өзіңе де, ғылымға да 
жақсы болар еді. Өйткені сен оны жақсы білесің, тез… /өшіп 
кеткен. Қ.Е./
Мен  сенің  соңғы  мақалаларыңды  мақтағалы  жүр  едім. 
Сен алдымды орап кеттің, менің мақалаларымды мақ тапсың. 
Асылында  менің  емес,  сенің  мақалаларың  мақтарлық.  Сенің 
Мұхамбетжан (Сералин болар. Қ.Е.) туралы мақалаңды саяси 
хата деп, оны басқан газетті айыптап біреу партиялық га­
зетке хат жазған екен, «құдай айдап» ол төрелік айтуға маған 
келді. Мен оның саяси хата емес екенін дәлелдеп жазып бердім. 
Оның газетке шығуы да мүмкін.
Тағы сенің докторлығың туралы: біз қазақтың 18, 19 ға­
сырдағы,  20  ғасыр  басындағы  көрнекті  ақындары  ақындық 
бұлағының  бір  көзі  шығыстың  үлгілі  әдебиеті  дейміз.  Сен 
соны  ашуың,  белгілі  ақындар  шығармасынан  көрсетуің  керек 
ғой деймін. Атын қалай деп аласың, оны өзің білесің. Ақылдасу 
керек.
Қиындық көрсең де ғылыми еңбек жазып жүруің ерлік. Мен 
сенің соныңды мақтаймын.
Қош, сау бол! Бейсембай. ІІІ.56.»
Иә, хатты да оқып шықтық. Осы қарапайым ғана хатта жан 
жадыратарлық қандай қасиет бар?
Біздің  пайымдауымызша,  бұл  қарапайым  хатта  қайталан - 
бас қайсарлық, бекзат кісілік бар. Хат жазылып, жолданған уа-
қыт қазақ зиялылары басына үшінші рет қауіп бұлты үйіріліп 
барып тарала бастаған кез. Соның алдында ғана Қ.Жұмалиев, 
Е.Ысмайылов  түрмеге  жабылған,  М.Әуезов,  Б.Кенжебайұлы  
бір бұйрықпен ҚазМУ-ден қызметтен қуылған. Ә.Қоңырат баев-
тың қиындық көргенін Бейсекең хаты айғақтайды. Міне, осын-
дай  жарғыдан  зәрезап  болуына  қарамастан  екі  батыр  ғалым 
бірін-бірі қайрап жігерлендіріп отыр. Докторлық диссертацияға 
ұсынған тақырыбына қарасаң қарадай зәрең ұшады. Бейсекең 
қабілетін мақтай, қолпаштай ұсынып отырған тақырып, қатал 
шовинистік саясаттың теріс ықпалымен құйрық кесісіп, әбден 
қол үзісіп кеткен – Шығыс әдебиеті мәселесі. Бейсекең Әукең-
дей  әріптесін  ғылым  үшін  әрі  тұңғиық  терең,  әрі  ұланғайыр 
мол, шексіз пайдалы Шығыс әдебиетін зерттеуге үгіттеп отыр. 
Қайрап  салса  қара  тасқа  өтер  ме  деп  білімпаз  замандасын 
қайрап  жүрекшайлықты  қиынға  жұмсап  отыр.  Кезеңдік  кесе-
пат саясат оларды Шығыстан тықсыра қуады. Ал, олар болса 
кіндіктес Шығысқа жанұшыра ұмтылады… Кім үшін, не үшін? 
Ұлттық ғылым мерейі үшін! 
Өз бастарына қаншама қатер төніп, қауіп бұлты үйірілуіне 
қарамастан қазақ қамын жеген, ұлттың рухани әлеміне жанын 
пида етуге бар ай-мүйіздер-ай… Өмірде осындай-осындай өз 
басы  рахатынан  ұлтының  ұлы  мұратын  артық  санайтын,  өз 
мүддесінен халық мүддесін жоғары қоятын табанды, жігерлі, 
қайсар  жандар  болады.  Ондай  адамдар  тап  сондай  істерімен 
аяулыға айналады. Аяулы адамдардың ісіне сүйсінгендіктен де 
өмірге құштарлығың артып жүре береді. Беу, беу дана да дарқан 
қарттарым-ай, сендердің тұла бойларың тұнған қасиет еді-ау… 
Бейсекеңнің  кеңесін  қабыл  алды  ма,  болмаса  қоламта-көңіл 
қайта шоқтанды ма, әйтеуір Ә.Қоңыратбаев кейін «Көне түркі 
поэзиясы  және  қазақ  фольклоры»  деген  тақырыпты  белгілеп, 
докторлық диссертация соңына түсті.
Бұл бір дерек! 
Осы дерекке жалғас екінші бір құжатқа ерік берелік. Әрине 
екі  ғалымның  да  ойы  асыл  болуына  қарамастан  Әуелбек  Қо-
ңыратбаев  жетпісінші  жылдарға  дейін  докторлық  диссерта-
циясын қорғамады. Бейсекең кеңесін құп алып көне шығысқа 
ден  қойған  Әукеңнің  ғылыми  еңбегі  жазылып  бітпеді  деуге 
ауыз  бармайды.  Уақыт  салқындығынан  бойын  тартты,  ойын 
тежеді-ау шамасы. Ә.Қоңыратбаев жетпіс екінші жылға дейін 
кандидаттық  шенмен  жүрді.  Бұл  –  Әукеңнің  өзін  қайдам, 
қазақ ғылымының қамын ойлаған адамның жанына батарлық 
салмақ-ты. Жанына батқандықтан болар қанаттас ғалым Бей-
сембай  Кенжебайұлы  Бүкілодақтық  аттестация  комиссиясы-
на  /ВАК/  Әуелбек  Қоңыратбаевқа  докторлық  диссертация 
қорғамай-ақ  «профессор»  атағын  беру  керектігін  өтініп  хат 
жолдапты. Онда «филология ғылымының кандидаты, доцент 

126
127
Ә.Қоңыратбаевты  мен  комсомолда  бірге  жүрген  кездерден, 
одан  қалса  ҚазМУ­де,  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 
әдебиет институтында қызметтес болған кездерден бастап 
білемін. Ал, ғылыми­педагогикалық қызметін 1921 жылдан, ол 
Ғ.Мұратбаевпен бірге Ташкенде, Орта Азия және Қазақстан 
комсомолдарына арнап «Жас қайрат» (1920­1925 ж) журнал­
газетін шығарысқан кезінен білемін. 
Әдеби  сынмен  1935  жылдан,  әдебиеттану  ғылымымен 
1925 жылдан айналыса бастаған ол республика баспасөзінде 
көптеген публицистік және әдебиеттану еңбектерін жария­
лады.
Академик  М.О.Әуезовтің  жақын  шәкірті  болған  доцент 
Ә.Қоңыратбаев  1947­49  жылдары  қазақ  әдебиеті  тарихы­
на арналған бірсыпыра ғылыми еңбекте онымен істес болды.  
Абай  шығармаларының  түсініктемесін,  қазақ  совет  әдебие­
тінің (1917­1947) библиографиялық көрсеткішін, «Қозы Көр­
пеш – Баян сұлу жыры», «Шолпан Иманбаеваның поэзиясына» 
арналған жекелеген монографиялық еңбектердің авторы.
1962 жылдың басында республика оқулық баспасынан қа­
зақ тілінде «Әдебиетті мектепте оқыту методикасы» ата­
латын  ғылым  мен  практиканы  сабақтастыратын  тұңғыш 
оқулығы жарық көрмек.
Доцент  Ә.Қоңыратбаев  Қазақстан  «Құрмет  белгісі»  ор ­
денімен  наградталған  жоғары  оқу  орнының  байырғы  қыз­
мет кері  ғана  емес,  республиканың  көрнекті  әдебиеттанушы 
ғалымы болып табылады.
Менің  ойымша,  доцент  Ә.Қоңыратбаев  «Қазақ  тілі  мен 
әдебиеті» рубрикасы бойынша филология профессоры атану ­ 
ға әбден лайық.
  Б.Кенжебайұлы
филология ғылымының докторы
профессор ҚазМУ­дың 
қазақ әдебиеті кафедрасы меңгерушісі» –
делінген.
Бүкілодақтық  аттестациялық  комиссияға  жолданған  бұл  
хат  та  көп  жайды  аңғартқандай.  Докторлық  диссертацияңды 
тездет  деп  талай  рет  ауызекі  де,  хат-хабармен  жазбаша  да 
қаузаған-ақ шығар. Сонымен қатар ғылым кандидаты қалпында 
да профессорға балап, сол атақты қанаттасына қалап осындай 
хат жазуы жүрек тебірентерлік емес пе, Бейсекеңнің?!
Айта берсе Бейсекең мен Әукең аралық ғылыми-шығар ма-
шылық, өмірлік-достық қарым-қатынас сабақтары мол. Уа қыт 
қаталдығына  аяғын  көп  шалдырған  қос  ғалым  бірінен  ке йін 
бірі  араға  жыл  салып  жарық  дүниемен  қоштасты.  Алдымен 
Әуелбек Қоңыратбаев кетті дүние-керуеннен. Ал, өмірде сый-
лас-сырлас  ғұмыр  кешкен  аяулы  жанның  қазасын  қанаттас-
қадірлесіне есіттіру оңай болған жоқ еді кезінде. Сол бір сәтті 
күнделігіме тәпсірлеген екенмін. Күнделік беттерін оқырманға 
ұсынуға мәжбүрмін.
«30 қаңтар 1986 жыл.
Белгілі  әдебиетші  Әуелбек  Қоңыратбаев  қайтыс  болып ­ 
ты.  «Қазақ  әдебиеті»  газетіне  қазанама  жарық  көрді.  Ол  
үй  де  талай  қонақ  болған,  Бейсекеңмен  қатар­құрбы  кісі  еді. 
Бірде  түні  бойы  Шығыс  ренессансы  жайында  әңгімелегені 
бар. Мі не, сол Әукең қайтыс болды. Бейсекеңе қалай есіттіру 
керек?
«Қазақ әдебиеті» газетін жасырып қойдым. Бейсекең:
–  Бүгін  «Қазақ  әдебиеті»  газеті  шықпаушы  ма  еді?  – 
деп сұраған еді, өткен аптадағы номерін ұсына салдым. Сөз 
арасында  «Әукең  қатты  сырқаттанып  жатса  керек»  –  деп 
қойдым. 
– Не дейт?
Бейсекең алақтап қарап қойды. 
– Кетіп қала ма деген қауіп бар…
– Алда пақыр­ай.
Арада бір күн өтті. Қызметтен келе Әукең қазасын есіт­
тірдім.
–  Көңіліңізге  алмаңыз,  Әукең  қайтыс  болыпты.  Недәуір 
жасаған кісі. Сізден бес­алты жас үлкен болуы керек… Зиян­
сыз  өтірікті  соғып  жібердім  көститіп.  Шындығында  Әукең 
Бейсекеңнен  бір  жасы  кіші  еді.  Бейсекең  көңілі  босап  біраз 
толқып отырды.
– Босамаңыз Бейсеке, айттым ғой, Әукең Сізден бес­алты 
жас үлкен…
Ол маған алая қарап:
– Сенің айтуыңа қарағанда Ғабит те, Ғабиден де, Әлкей 
де,  Әуелбек  те  менен  үлкен  болып  шықты  ғой,  әйтеуір.  Бұл 
түрмен маған кезек келмей қалып жүрмесе не қылсын?! – деді 
де терең күрсінді».

128
129
Өмірде ынтымағы, ғылымда ырыс-бағы жарасқан Бейсекең 
мен Әукең жайында айтар кейбір сыр пернелері осындай!
Бейсекең  ғылымда  ерекше  сыйласқан  жандардың  бірі  – 
қазақ  әдебиеттану  ғылымының  қабырғалы  қайраткерлерінен 
санауға болатын Қайым Мұхаметханов.
Ауыр соққыға бергісіз алғы қатерлі қаулылар аз болғандай 
Қазақстан КП Орталық Комитеті 1953 жылы 1 тамызда «Қаз-
ақстан  Ғылым  академиясы  Тіл  және  әдебиет  институтының 
жұмысы  туралы»  деп  аталатын  және  бір  ызғарлы  шараның 
төбесін  көрсетті.  Мұнда  Абайдың  ақындық  мектебіне  шүбә 
келтірілді. «Уақытында мен көп қателескен жанмын. Бақыты- 
ма  орай  кезіндегі  қателіктерім  бүгін  дұрыстыққа  шығып  жа- 
тыр»  –  деді  бірде  көрнекті  орыс  әдебиетшісі  Виктор  Шклов- 
ский.  Әдебиетші  айтқандай-ақ,  Қайым  Мұхаметханов  кезінде 
айт қан дұрыс ойының өзі бұрыстыққа баланып көп зәбір-жапа 
шекті.  Абай  үшін  айдалып  алыс  сапарлардан  оралды.  Қанша 
қиындық  көрсе  де  пікірінен  қайтпаған,  қолынан  қаламын 
тастамаған  табанды  ғалымның  кезіндегі  қателігі  бұл  күнде 
қазақ әдебиетіне ырыс-құт болып қосылу үстінде. 
Бірде әңгіме үстінде Қайым аға: «Ел­жұрттан жырақта­
лып  кетіп,  сотталып,  қайта  оралғанда,  бәйбішесін  ертіп 
Се мейге  арнайы  келіп,  қайырлы  қадамымды  құттықтаған, 
өз  қаражатына  дастархан  жайып,  халқыма  қадірімді  ай­
тып  үрейлі  психологияны  сындырып,  қайта  таныстырған 
да,  табыстырған  да  Бейсекең  еді»  –  дегені  бар.  Ғалымдығы 
жарасқан жан кісіліктің де үлгісі екен ғой деп ойлағанбыз сон - 
да.  Көзі  тірі  аяулы  қарияға  айналып,  арамызда  аман  жүрген 
Қайым ағаның жан сырына тым сұғына бермей осымен шек-
телейік. Сәті түссе ғалым аға ақеден көңілмен естелік жазып 
бермек уәдесі бар… Енді біз осындай жандардың ғылымдағы 
ынтымағы хақында бір-ер сөз айталық. 
Біздің пайымдауымызша, қатеден-қате теріс бағаланып ең-
бегі  еш,  бейнеті  сорға  айналып  барып  қайтқан  Қайым  Мұха-
м етхановты қайталай ғылымға тартушы, қанаттанды рушының 
бірі де Бейсекең болғандай. М.О.Әуе зов бастаған аяулылармен 
қатар  Бейсекең  де  Қайым  Мұхамет хановтың  ғылымға  оралу-
ын  жанымен  тілеп,  дос  пікірімен  жебелеушілердің  бірі  бола 
біліпті. Шежіреге толы ғалым күнделігі. Ақырын ақтарып от-
ырып  ғалым  Қайым  Мұхаметханов  жөнінде  толайым  бағалы, 
қызықты  пікірлерге  кезігеміз.  Сондай  пікірдің  біріне  құлақ 
түреміз.
«Мәселе  былай  тұр:  біз  Абайды  не  маңында  ешкім, 
ешқандай шәкірті болмаған тұл ұстаз деп білуіміз керек те, 
не маңында түрлі ақындар, шәкірттері болған ұстаз деп мой­
ындауымыз керек, екеуінің бірі.
Абайды  маңында  ешкім,  ешқандай  шәкірттері  болмаған 
тұл ұстаз десек, онымыз шындыққа, тарихқа қиянат, өрескел 
қата  болады.  Өйткені  дұрысында,  өмірде  Абайдың  маңында 
түрлі  ақындар  мен  әншілер,  әңгімешілер  мен  музыкашылар 
болған; бәрі де Абайдан ақыл­кеңес алған, үйренген.
Абайдың  маңында  кімдер  болды?  Абайдан  олар  не,  қалай 
үйренді?  Абай  маңында  болғандардың  қайсысының  қандай 
өнері  бар  еді?  Қандай  әдеби  мұралары  бар?  Бұл  сұрауларға 
Қайым Мұхаметхановтың диссертациясында анық та толық 
жауап берілген…
Қайымның  диссертациясы  фактыны  жинауы,  зерттеуі 
жағынан  да  әрі  өте  көлемді,  әрі  өте  құнды  ғылыми  еңбек, 
авторына  ғылым  кандидаты  атағын  беруге  әбден  тұратын 
еңбек.
Осында бірді­екілі жолдастар Әріп Абайдың шәкірті бола 
алмайды, өйткені Әріп Абаймен айтысқан, тартысқан, Абай­
ды даттаған дегенді айтты.
Менімше  бұл  дұрыс  емес.  Ол  замандағы  ұстаз,  шәкірт 
де генді  бүгінгі  бір  кеңсенің  бастығы  мен  бағынышты  қыз­
меткері деп ұғуға болмайды. Шәкірттің кей ретте ұстазын 
ұқпауы, қағыс ұғуы, кейбір мәселені ұстазы ұққанша ұқпауы 
өзінше ұғуы, осыдан олардың айтысып­тартысуы мүмкін. Бі­
рақ шәкіртінің ұстазымен кей ретте ұғыныспай, ұстазының 
кейбір қылық­мінезін ұнатпай, ұстазының ықпалында болуы, 
ұстазының ойын, жолын өзінше қолдануы, өз әлінше ілгері да­
мытуы мүмкін. Абай мен Әріп арасы дәл осылай болған. Әріп 
– Абайдың шәкірті.
Әріп  Абайдың  әсерімен  жоқ­барды,  ертегіні  өлең  ету­
ден,  ертегілік­романтикалық  дастан  жазудан  бірте­бірте 
реалистік  шығармалар  жаза  бастаған,  ескіліктен  демок­
раттық­ағартушылық бағытқа келген ақын.
Бұл  мына  диссертацияда  да,  менің  кітабымда  да  айқын 
дәлелденген.»  (Қорғауда  сөйлеген  сөзім),  (Б.Кенжебайұлының 
жеке архивінен) – деп жазыпты ол.

130
131
Зерделей  қарасақ  ғалымның  осы  жазбаларында  қазақ  ғы-
лымына,  ғылым  жасаушыларына  қатысты  біралуан  сыр  бар. 
Қиындық көрген адам жасымай, мойымай ғылымға қайта та-
лап қылып отыр. Ал, кейбіреулер болмашыны желеулетіп оның 
кеудесінен кері итереді, жігерін құм қылады. Әдетте шын ғы-
лым жасаушы бар да, ғылымды байлық, мансап көзіне айналды-
рушы бар. Ғалым бар да, ғалымсымақ бар. Ақиқатты айтамын 
деп  жанұшырып  ышқына  сөйлеген  сөздің  арасында  «арзан» 
шәкірттен  қорғаған  болып  қамқорсыған  нәумез  біреулердің 
төбесі көрініп қалып жатыр. Бейсекең де олардың атын атамай 
«бірді-екілі  жолдастар»  депті  ғой.  Асылында  ол  «жолдастар» 
Әріпке  қарсы  емес,  Қайымға  қарсы.  Асылында  олар  Абайды 
ақтап,  жақтап  отырған  жоқ,  шын  ғалымнан  сақтанып  отыр. 
Ал, осындай сәттегі Бейсекең сөзі қандай адал, қандай әділ?! 
Қаншама қамқор пікір бар абзал адамның қарапайым сөзінде. 
«Асылында адам шындықты жылап айтады, өтірікті күліп ай-
тады» – деген сөзді Бейсекең жиі қолданушы еді, жарамсақтық-
ты  жақтырмай,  жаратпай,  мансұқтай  айтар  еді.  Олай  болса 
Бейсекең сөзі – күліп айтылған жалған сөзге соққы беретін жы-
лап айтқан ақиқат сөзі демеске әддіміз қайсы?! 
Тарих керуеніне қарап отырып бір жайға қайран қаласың. 
Қазақстан  Ғылым  академиясының  ке зін дегі  «қайрат керлері» 
қазақ эпосына қарсы науқан көтеріп, майдан ашқан. Ол саяси 
науқанда  таяқ  М.Әуезов,  Ә.Марғұ лан,  Б.Кен жебайұлы,  Ә.Қо-
ңыратбаев,  Қ.Мұхаметханов  секілді  шын  ғалымдарға  тиген. 
Саяси  науқан  салмағы  езген  Әлкей  Марғұлан  әде биеттен  ар-
хеология,  этнографияға  бой  тасалап  кетуге  мәж бүр,  Бейсем-
бай  Кенжебайұлының  «Сұлтанмахмұттың  ақын дығы»  атала-
тын  диссертациясы  қолжазбасынан  Қазақ стан  КП  Орталық 
Комитетінің  қаралы  қаулысына  енеді,  әде биет  инсти тутының 
«қолжазба қоры» бөлімінің меңгерушісі Әуелбек Қоңыратбаев 
қызметін тастап, қашуға мәжбүр, «қа зақтың бас ақыны» – Абай 
жөнінде  диссертация  жазған  Қайым  Мұхаметханов  істі  бола-
ды…
Бұл – ғылым жасау амалы емес, ұлт ғылымын құрту әрекеті 
ғой. Бұл – ұлттық ғылым көсегесін көгертем деген жандардың 
емес,  дарындардың  жолына  кесе-көлденең  тұрамын  деген 
пенде-адамдардың  қимылы  ғой.  Қалай  десек  те  осы  әрекет- 
терде жан-жақты дайындығы бар аға буын ғалымдардың түбіне 
жеткен қанды шеңгел саясаттың енді олардың көзін көріп, тә- 
лімін алған екінші буын ғалымдарды тұншықтыру амал-айла- 
сы жатты. Қашанда саясат құрығы ұзын. Ауыз бірлігі кем қазақ 
жағдайында  шын  ғалым  ізіне  ғалым  атанған  залымды  салып  
қою қиын емес. Ұлттық санасы соншалық жетілмеген ұлт ин -
теллигенциясын  бір-біріне  айдап  салып,  айтыстырып-тартыс-
тыру  да  қиын  емес.  Қазақ  ғылыми  зиялысының  алтын  орда, 
асыл ошағы болуға тиісті – Қазақстан Ғылым академиясында - 
ғы  қырқыншы,  елуінші  жылдардағы  жағдайдың  кісі  қын жы-
ларлық халде болу сыры міне осында!
Ғылым тамырына балта шабатын мұндай қасіреттің сырын 
аталмыш ғалымдар іштей түсінген. Қайдан да дарындылардың 
кетіп, дарынсыздардың қалуы – оларға ой салған. Қара шаңы-
рақта қалған қарақшының қорықшы еместігін көзі бар, көңіл 
діті  жіті  жандар  қалай  түсінбесін?!  Түсінгендіктен  де  олар 
көңіл  дертін  жылап  отырып  күнделіктеріне  түсірген.  Жаман 
әдет кейінгі ұрпақты жалмар індетке айналмасын деген оймен 
түсірген шығар күнделігіне. Қадірлі ғалым, жан шуағын айнала-
сына мол төккен ғазиз жүректі абзал адам Бейсекең күнделігіне 
мынадай ойлар жазып қалдырыпты: «Өсер елдің баласы, Бірін-
бірі батыр дейді. Өшер елдің баласы, Бірін-бірі қатын дейді». 
Қазіргі  қазақ  оқығандарының  бір-біріне  наразы,  қарсы,  жау 
болып жүруі, бірін-бірі шенеп, жамандап, бірі үстінен бірінің 
өтірікті-шынды  арыздар  беруі  осыдан  болмақ  керек.  Өйткені 
қазақ өшіп бара жатқан халық қой». 
Міне,  мәселе  қайда?  Әйтпесе,  мына  жолдарға  назар  ауда-
райық.  «Былай,  үстірт  қарағанда  шыбын  соншама  сұм, 
жыртқыш  емес  сияқты.  Ал,  асылында  шыбын  жыртқыш, 
қанішер; ол  басқаның  ғана  қанын  ішіп  қоймай,  бірінің  қанын 
бірі ішеді. Сен бір шыбынды өлтірсең, соның қанын он шыбын 
жиналып келіп, таласып­тармасып ішеді.
Қазақтың  осы  күнгі  бірқатар  оқығандары  дәл  шыбын 
тәрізді.  Қарап  тұрғанда  олар  мүләйім,  момақан.  Ал,  терең, 
жан­жақты тексеріп, анықтай келсең, Абай айтқандай: «Қо­
сылмас ешбір бастары, Біріне­бірі қастыққа, Қойнына тық­
қан тастары…» Ебін тауып, өнімсіз іс жөнінде ерегіседі, күн­
деседі,  арыздасады.  Ақырында  бірінің  қанын  бірі  ұрт тайды, 
бірінің басын бірі жалмайды». (Б.Кенжебайұлы архи вінен).
Бұл не? Жала ма? 
Бұл – қазақ ғылымына жасалып отырған қастандықты терең 
түсінгендік.  Бұл  –  өзара  ынтымақ  таппай  өзгеге  жем  болуды 

132
133
көре-біле тұра түсінбейтінімізді, әйтпесе түсінгіміз келмейтінін 
әшкерелеу. Бұл – қазақтың намысы өліп, өзі рухани өшіп бара 
жатқан халық екенін жүрегі қан жылап отырып айту. Демек бұл 
– АҚИҚАТ!
Төніп келе жатқан қатерді айқын сезінгендіктен де Бейсе-
кең  хал-қадари  әділетсіз  күйген  дарынды  әріптестерін  тар 
кезеңде қорғауға, қолдауға тырысқан шығар. Орта оңбай – іс 
оңалмайтынын сезген болар. Кенеуі кеткен ортадан кернеулі іс 
шықпайтынын  сезгендіктен  де  әділет  жолында  күйіп  жүрген 
әріптестерін келешек үшін үмітін үздірмей, демеумен жанына 
дару болған шығар.
«Болмасын деген оңбасын» – деген қанатты сөзді жиі ай-
тар  еді  Бейсекең.  Алайда  «болсын»  деген  ниеттің  де  көп-көп 
мәні бар. Аталған ғалымдар ұлт ғылымына болсын деген ниет-
те жүрді. Ал, тоқырау жылдары жекжат-жұрағат дегендей же- 
ке адамға болсын деген психология белең алды. Бәленшекең- 
нің  әйелі,  түгеншекеңнің  келіні  қорғаған  диссертациялардан 
ұлт ғылымына иненің жасуындай пайда болса не дерсіз? Ұлт 
ғылымы дегеннен шығады, дүниедегі бір қасірет – қазақ тілін 
білмейтін  жандардың  қазақ  әдебиетінен  диссертация  қор-
ғағаны…  «Сөз  түзелді,  тыңдаушым,  сен  де  түзел»  дегендей, 
жаңарған уақытқа орай бұл мәселе де шешімін табар…
Ә.Марғұлан, Б.Кенжебайұлы, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Мұ ха нбет-
ханов  секілді  шын  ғалымдардың  шығармашылық  принципі  – 
шынайы  ғылым  еді.  Олар  ғылымдағы жалғандықпен  майдан- 
дасып  өтіп  барады.  Тағдыры  бір,  тағлымы  ортақ  тарландар-
ай!..
Тамыздың 31-і, 
1990 жыл.
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 4.69 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет