СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



жүктеу 4.69 Kb.

бет7/41
Дата09.01.2017
өлшемі4.69 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41

Алтыншы ерлік,  
немесе Сұлтанмахмұт үшін сор кешкен…
Сұлтанмахмұт Торайғыров!
Кейде  кісі  аты-жөнін  айтсақ  жетті,  оның  өне  бойынан  от 
өріліп, ұшқын шашқандай болатыны бар.
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың кегіне – 
Күн болмағанда, кім болам?!
дейтін  Сұлтанмахмұт  Торайғырұлы  есімін  ауызға  алсақ  бітті 
жасынан лапылдап жанып өскен, жалындап өткен, өлең отына 
өртеніп өлген қыршын дарын көз алдыңа келіп тұра қалады.
Алаштың  ұранын  жазған  Сұлтанмахмұттың  кінәсі  де, 
күнәсі де, егер ескі көзбен қарар болсақ, Әлихан Бөкейханұлы, 
Ахмет  Байтұрсынұлы,  Міржақып  Дулатұлы,  Жүсіпбек  Айма-
уытұлы, Мағжан Жұмабайұлы секілді елім, жерім деп еңіреп 
өткен азаматтардың қай-қайсысынан да бір мысқал кем емес. 
Бүгінгі  тілмен  айтқанда  жалын  атқан  ақынның  халқын  сүюі, 
халық  үшін  басын  бәйгеге  тігуі  өзінің  әлгі  әріптестерінен 
артық болмаса кем емес деген сөз бұл! Профессор Бейсембай 
Кенжебайұлының  айтуына  қарағанда  Сұлтанмахмұт  қайтыс 
болғанда ұлы ақын Мағжан Жұмабайұлы жылап тұрып: «Ала-
таудай  ақыныңнан  айырылдың  қазақ,  Қанатыңнан  қайырыл-
дың қазақ» – деп өлеңмен сағаттап сөз сөйлеуінің сыры, шын 
қайғының қаралы жыры да міне осында. Ал, олай болса, атал-
мыш  қазақ  мәдениетінің  Алатаудай  алыптары  қиын  тағдыр 
кешіп, айдалып, аты жабық келіп бүгін ғана ақталып жатқанда 
Торайғырұлының «тайраңдап» оқулықтардан орын алып, орта-
мызда жүргені қалай?
Біздіңше, мұның екі себебі бар. Ең алдымен сұңқаржүрек 
ақынның  қара  дауыл  соққан  қаралы,  халықты  қанжылатқан, 
қансыратқан жаралы жылдарға ілікпей, жетпей – 1920 жылы, 
жиырма  жеті  жасында  қайтыс  болуы.  Әйтпесе,  табиғатынан 
әсіренауқаншыл, жақсылық қылса да, жамандық қылса да аяу-
сыз  кірісетін,  ұлылығы  ұрмалыққа  ұласып  кете  беретін  қазақ 
құрығынан ұлы ақын өліп құтылмаса, тірі құтылмасы бесене-
ден белгілі жай. Алайда, сол ұраншыл ұрмалыққа берілген кезде 
әсіре белсенділер отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдардың 
науқаны  туғанда  өзгелермен  бірге  Сұлтанмахмұт  ақынды  да 
(өзгелер  секілді)  көрінен  тұрғызып  алып,  «айдатып»,  өлідей 
сот татып, әдебиет тарихынан шығарып, неге кейінгі ұрпақ қо-
лы жетпестей етіп жауып тастамады екен? Ақ көз әпербақандар 
ұлы ақын рухын, оның ғажап рухани мұрасын аяйын да деген 
жоқ.  Өмірден  ерте  кетуіне  қарамастан  дүркін-дүркін  оралып 
соғып тұрған дауылдар тұсында оққа байлау мақсатында ақын 
басына,  әдеби  мұрасына  бұлт  үйіріп,  дүркін-дүркін  шабуыл 
жасап,  оққа  байлап  бақты.  Асылы,  Сұлтанмахмұттың  басқа 
бір себебі бар. Асылы, Сұлтанмахмұт басының кірленбей аман 
қалуының екінші, басты себебі – зерттеушісінің жүрекжұтқан 
мықтылығында, зерттеушісінің ақын тағдыры үшін аянбай, та-
банды түрде үздіксіз күресе білуінде.
Өткенге  көз  жіберіп,  көңіл  қыдыртып  ойлансақ  әдебиет 
пен  өнерге  жасалған  саяси  науқанның  қай-қайсысынан  да 
С.Торайғыров  мұрасы  тыс  қалған  емес  екен.  Алайда,  соның 
бәрінен  дер  мерзімінде  ақталып  шығып,  ұлы  ақын  есімі  мен 
әдеби  мұрасының  бізбен  бірге  жүруіне,  Жер-Ананың  құша-
ғын да ғана емес, халқының құшағында жасауына бас себепкер 
адам – аяулы ғалым Бейсембай Кенжебайұлы!
Сұлтанмахмұт Торайғырұлы бар әдеби мұрасын – бар тағ -
дырын  Бейсекеңе  аманат  етіп  тапсырып  кеткендей.  Б.Кен же-
байұлы бар ғұмырын ұлы ақын мұрасын тануға, танытуға, әр 
кезеңде жабылған жаладан арашалауға бағыш тай ды. Өзі анық 
танығанынан  танбайтын  табанды  –  белдескен  жерде  не  белі 
сынбай,  не  белдігі  үзілмей  қайтпас  қайсар  ғалым  Бейсембай 
Кенжебайұлы болмағанда, ол ақын әруағы үшін басын бәйгеге 
тігіп,  жан  сала  күреспегенде  Сұлтанмахмұт  есімін  өлідей-
ақ  әлдеқашан  ақтаңлаққа  айналдырып  жіберіп,  ақтаң лақтар 
есебінен, жоғарыда аталған әріптестерімен бірге, жылап-еңіреп 
енді-енді  қайта  ашып,  қайыра  қауышып  мәз-мейрам  болып 
жататын едік… Сұлтанмахмұт үшін де ақын жыр-мұрасын қа-
дірлейтін исі қазақ Бейсекеңе қарыздар.
Орыс халқы А.С.Пушкин арқылы әлемдік аренаға шықты. 
Орыс  оқымыстылары  Пушкин  мұрасы  төңірегінде  құмырсқа-
ның илеуіндей қалың. Бар саналы ғұмырын Пушкинтануға ба-
ғыш таған оқымыстылар қаншама орыс халқында. Өзі дүниеден 
көшкен  соң  бар  кітапханасы  мен  архиві  ақын  музейіне  өтіп 
жататын  зерттеушілер  қаншама?!  Пушкин  қолжазбасын  ксе-
рокөшірмеге көп қылып көшіртіп алып ақын жырын сүйер шә-
кірттеріне тарататын Венгеров секілді талай фанатик ғалымдар 
өтті ғой мынау жалғаннан. Розанов, Бонди, Благой, Цявловская, 

90
91
Тынянов, Раевский, Новиков, Абрамович, Левкович… бәрі де 
тағдырын  ұлы  орыс  ақыны  есімімен  байланыстырған,  рухы-
мен  сабақтастырған  ғалымдар.  Бұл  мәселелерді  үстемелетіп 
айтып  отырған  себебіміз  –  қазақ  әдебиетшілеріне  осы  мінез 
баяу  сіңіп  келеді.  Біз  ғылым  жасауда  тым  әкімгершілміз, 
тым  науқаншылмыз,  кімнің  қызметі  үстемдеу  болса  –  соның 
сөзі  өтімді,  кімнің  лауазымы  жоғары  болса  –  соның  ығына 
жығылғышпыз, уақытша беделге бас игішпіз. Өлі ұлы әруақты 
аялау  орнына  тірі  бастықты  көбірек  жағалаймыз.  Мұның 
ғылымдағы құлдық екенін ескермейміз. Сондықтан да ақиқат 
өледі,  ғылым  көрінгеннің  қанжығасында  кетеді,  нәтижесінде 
ғылым  кенжелейді.  Бейсембай  Кенжебайұлы  Сұлтанмахмұт 
рухына, жоғарыда аталған ғалымдар секілді мүлтіксіз берілген, 
алаңсыз арналған жан еді. Тірі тышқанды жағаламай, өлі арыс-
танды  бағалаған  шынайы  ғалым  еді  Бейсекең.  Бұл  жолда  ол 
беделге  бас  имеді,  мансапқорға  жағынбады,  ақиқаттан  танба-
ды. Дәйімгі табандылығын ұлы ақын мұрасы дауға түскенде де 
танытты.  Ұлы  ақынды  анықтау,  ақтау,  тану,  таныту  жолында 
ол ұлтшыл да, космополит та атанды, Қазақстан Компартиясы 
Орталық Комитетінің қаулысына да ілікті. Қайсар әрекеті үшін 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  әр  кездегі  хат-
шылары  болған  М.С.Соломенцев,  Н.Жанділдинмен  сілкілесіп 
айтысты.  Айтыс  жайын  айтпас  бұрын  «Сұлтанмахмұттануға 
бастаған бұл жол қалай арналанып еді?» – соны анықтап, ойла-
нып алайықшы.
–  Торайғыров  тақырыбына  қашан,  қалай  келдіңіз?  –  деп 
сұрадым бірде Бейсекеңнен.
– Ұлы ақын есімін мен тұңғыш  рет 1922 жылы естідім – 
деді ғалым сабырлы ғана. – Келесі жылы ақынның «Адасқан 
өмір»  деген  атпен  жарық  көрген  жинағын  оқыдым.  Ақын 
шы ғармалары  маған  айырықша  әсер  етті.  Сол  күннен  бастап 
Сұлтанмахмұт менің сүйіп оқитын ақыныма айналды.
Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқып 
жүргенде  1939-40  оқу  жылы  «Сұлтанмахмұт  Торайғыров»  –  
деген  тақырыпта  курс  жұмысын  жаздым.  Ол  1940  жылы  ма- 
мыр айында, ақынның қайтыс болғанына жиырма жыл толуына 
орай «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланды. 
Міне, содан бері мен Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығар-
масын зерттеу жұмысымен үздіксіз айналысып келемін. Ақын-
ның  екі  поэмасын  кітап  етіп  шығардым.  Таңдамалы  шы ғар -
малары  екі  рет  менің  басқаруыммен  жарыққа  шықты.  Ақын 
өмірі  мен  шығармалары  хақында  көптеген  мақала,  «Сұлтан-
махмұттың  ақындығың  /1949  ж/,  «Сұлтанмахмұт  Торайғыр  - 
ұлы»  /1957  ж/,  «Сұлтанмахмұт  Торайғыров  зерттеу,  тану  мә-
селесі» /1968 ж/ секілді зерттеу еңбектерін, «Асау жүрек» әң-
гімелер жинағын шығардым.
Ғалым  кезінде  бұл  жайларды  жәй  хабарлау  ыңғайында 
қарапайым  ғана  айтқанымен,  бастан  кешкен  қиындығы  айта 
қалғандай ауыр болыпты.
Б.Кенжебайұлы  сонау  қырқыншы  жылдардың  өзінде, 
Сұлтанмахмұт  ұлтшыл  буржуазия  өкілі  ретінде  бағаланатын 
кезеңде,  ақын  мұрасына  төніп  келе  жатқан  қауіпті  сезіп  оны 
«Халық ақыны» биігіне көтере бағалапты. Солай бағалапты да 
айықпас, құтылмас пәлеге қалыпты. Ол «Сұлтанмахмұт қазақ 
халқының  ашынған  ойын,  мұңын,  тілегін,  аңсаған  арманын, 
асыл  сана­сезімін  бойына  сіңірген,  қазақ  халқының  өмірі  мен 
тұрмысын,  әлеуметтік  және  рухани  бейнесін  түгел  қамтып 
жырлаған талантты ақын. Қазақ халқының Абайдан кейінгі 
реалист үлкен ақыны» («Социалистік Қазақстан», № 158, та-
мыз 1945 ж) – деп жазған екен игі ниетпен. 
Ақынға  ізгі  ниет,  ақық  бағалауды  қимаған  солақайлар 
тап-тап  беріпті  ғалымға.  Атап  айтқанда  Жұмағали  Сәрсеков 
«Сұлтанмахмұт  –  Шоқан  Уәлихановтың,  Абай  Құнан баев­
тың, тағы басқалардың үлгілі дәстүрінен тіпті аулақ, реак­
цияшыл ақын» («Казахстанская правда» № 185, 15 қыркүйек, 
1946 ж) – деп ұлы ақынды кеудесінен итере, кері сырып тастап-
ты. Халық ақыны деп бағалаған Бейсекеңе недәуір тіл тигізіпті. 
Ол аз десеңіз, тап солай «халық ақыны» деп бағалағаны үшін 
Қ.Бекхожин Бейсекеңді «Буржуазияшыл­ұлтшыл ақындардың 
адвокаты» («Казахстанская правда» № 212, 28 қазан, 1946 ж) 
– деп қаралапты.
Ғалым Сұлтанмахмұттың дүниетанымы озық, жыр-мұрасы 
үздік  дегені  үшін  жазықты  болады.  Әдетте  халыққа  еңбегі 
сіңген сүйікті ақынды не өлідей, не тірідей кем бағалап, кері 
тартып жатса, не кір жағып алып білімсіздік танытса сырттан 
үшінші біреу ара ағайындық жасап «мұныңыз дұрыс болмады» 
– деп араласар еді. Ал Ж.Сәрсеков, Қ.Бекхожин Сұлтанмахмұт 
мұрасын  артық  бағалап  қойды  деп  байбалам  салады.  Талай 
ақын, жазушы ұсталып, атылып кетіп, талай әдеби мұра жабы-
лып қалып, қалың оқушы жақсы әдеби үлгіге сусап отырғанда, 
саяси науқаннан аман қалған бірді-екілі С.Торайғыров сынды 
ақынды халыққа көп көру, енді сол ырыс-несібеден айырғысы 

92
93
келу,  ара  түскен  ғалымды  жазықты-жауапты  етуді  қалай 
түсінерсің, қалай ақтарсың? Мақаланың аты «Буржуазияшыл-
ұлтшылдардың адвокаттары» /Қ.Бекхожин/ болғанда, айтары – 
ғалымға таңары – «халық жауы, ату, асу керек» – болып шықпай 
ма?! Бір оқпен екі қоянды атуды көздеген мақсат қандай жаман, 
мақала қандай залалды десеңізші! Бұл – қатты айтқанда, тып-
тыныш зерттеу жұмысымен айналысып жүрген кісінің мойны-
на қоңырау тағу, құйрығына шала байлаумен бара-бар әрекет 
емес пе?!
«Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» дегендей ғалым 
көрген  қуғын-сүргіннің  басы  –  осы!  Бұл  қуғын  1947  жылы 
ғалым  «Сұлтанмахмұттың  ақындығы»  аталатын  тақырыпта 
кандидаттық  диссертация  қорғар  тұста  тіпті  үдеп  кетеді. 
Қылышынан  қан  тамған  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Комитеті  1947  жылы  «Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының, 
Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел 
қателіктер туралы» арнайы Қаулы қабылдады. Онда бірсыпыра 
еңбектермен  бірге  Сұлтанмахмұт  әдеби  мұрасының  ұлтшыл- 
дық сипаты, оны зерттеген ғалым Б.Кенжебайұлы бағалауын- 
дағы  «ұстамсыздық»  сыналды.  Кейін  ғалымның  өзі  бұл  Қау-
лы  жөнінде  былай  деп  жазды:  «Болған  іс,  басымнан  өткен 
уақиға ретінде бір жайды айтпасыма болмайды. Мен өзімнің 
әлеуметтік  өмірімде  сынға,  талқыға  көп  түстім.  Әсіресе 
қырқыншы,  елуінші  жылдары  жиырма  жыл  бойына  дерлік 
үздіксіз  орынды,  орынсыз  сыналып,  айыпталып,  соққы  көріп 
жүр дім…  1947  жылы  «Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 
тіл  және  әдебиет  институтының  жұмысындағы  өрескел 
қате лер  туралы»  деген  қаулы  шығарды.  …Қаулыда  менің 
«Сұлтанмахмұттың  ақындығы»  –  деген  кандидаттық  дис ­
сертациям  –  қолжазбам  да  сыналды.  Онда  ақынның  ұлт­
шылдығы,  қайшылығы ашыл маған, саяси бағыты, көзқарасы 
асыра бағаланған делінді» (Б.Кенжебайұлының «Өмір өрінде» 
аталатын қолжазбасы. 36-бет. Ғалым архиві).
Ғалымның  күрсініске  толы  қолжазбасынан  бір  өкінішті 
жайды  аңғарамыз.  Бақсақ  Б.Кенжебайұлының  кандидаттық 
диссертациясы  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің 
Қаулысына  әлі  ешқайда  кітап  болып  басылмаған  қолжазба 
күйінде сыналып кіріп отыр. Бұл не деген сөз? Бірін-бірі жау 
тұтқан  қазақтың  әсіре  сақ,  әсіре  белсенді,  әрі  Кенжебайұлын 
көре алмайтын бір пенденің жандайшап әрекеті деп білу керек 
мұны! Қазір ғалым архивінде «Сұлтанмахмұттың ақындығы» 
/1947 ж/ – аталатын кандидаттық диссертациясының түптелген 
қолжазбасы  сақтаулы.  Қолжазба  еңбектің  Кіріспе  тарауы  /16-
бет/  жыртылып  алынып  тасталған.  Мән-жайын  сұрағанымда 
«Қаулыға  орай  кезінде  жыртқызып  тастаған»  –  деді  ғалым. 
Ол  «Кіріспеде»  нендей  ой  бар  еді?  Бұл  сұраққа  жауапты 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  сол  кездегі 
бірінші хатшысы Ж.Шаяхметовтің Алматы қаласының ғылым, 
әдебиет  және  көркем  өнер  қызметкерлерінің  жиналысында 
жасаған «Идеология майданындағы қызметкерлердің айбынды 
міндеттері» – деп аталатын баяндамасынан табамыз. Баяндама-
да Ж.Шаяхметов: «Тіл және әдебиет институты, оның жеке 
ғылыми  қызметкерлері  бізге  дейін  болған  таптық  қоғамдар ­ 
дың  өндіріс  қатынастарының  әлеуметтік  мәнін  ашып  көр­
сетпеді.  Мәселен,  Кенжебайұлы  жолдас  өзінің  «С.Торай­
ғыр овтың  ақындығы  туралы»  (диссертация  аты  қате  ата­
лып  отыр.  Қ.Е.)  –  деген  диссертациясында  былай  деді:  «…
халқымыз тап ретімен ұйымдасып үлгермегені былай тұрсын, 
тапқа  айқын  жіктеліп  те  жеткен  жоқ  еді.  Сондықтан 
да,  біздің  ол  кездегі  әдебиетімізде  таптық  бағыт,  таптық 
көзқарас күңгірт жатады. Бізде айқын, таза тап ақыны, тап 
жазушысы жоқ деуге болады».
Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелерін  мұндай  өрескел 
қате және ғылымға қайшы әдіспен баяндау салдарынан өткен 
заманның  әдебиет мұрасының бәрі, қазақ халқының әдебиет 
өкілдерінің  бәрі  біржақты,  тек  жақсы  жағынан  зерттелді. 
Осыдан келіп өткен заманның әдебиет өкілдерінің бәрі жалпы 
ұлт, жалпы халық қамқоры деп көрсетілді.
Мұндай  теріс  әдіс  өткен  заманды,  хандарды,  байларды, 
билерді  дәріптеуге,  қазақ  ауылының  бұрынғы  феодалдық­
рушылдық қалпын көксеуге әкеліп соқты.
Ақыр  аяғында,  қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелерін 
мұндай өрескел қате, ғылымға жат әдістермен баяндау сал­
дарынан  марксизм­ленинизмге  көріне  қайшы  келіп  ғылы ми 
әдебиетімізде бұрынғы қанаушы таптардың өкілдерінің бәрі 
мұнтаздай болып шықты, езілген таптардың өкілдері, өткен 
заманда халықтың тұрмыс мүдделерін көксеген, үстем тапқа, 
билер мен бектерге қарсы шыққан таңдаулы адамдар ескеру­
сіз қалдырылды» («Қазақ ССР Ғылым академиясының хабар-
лары», Алматы 1948 ж, 6-бет).
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  қаулысына 
іліну, бірінші хатшы Ж.Шаяхметов жасаған баяндамада сыналу 

94
95
істің  насырға  шапқаны  (Әрине  баяндаманы  тұздықтап  жазып 
беретін  жандайшаптар  болатыны  түсінікті).  Ендігі  көретінің 
бірыңғай көзтүрткі, ендігі еститінің бірыңғай сын пікір. Оған 
да  шүкіршілік  ет.  Әйтпесе  коммунистік  партия  қатарынан 
шығарып,  жапқызып  қою,  түрмеде  шіріту  оп-оңай  ол  кезде. 
Сөйтіп  Сұлтанмахмұттанушы  Бейсембай  Кенжебайұлына 
қарсы «компания» басталып-ақ кетті. Жиналыс сайын Кенже-
баев сыналады. Баспасөз біткен Кенжебаевты сынап, ай-кәпірге 
айналдырады.
Ал  құдайшылығына  келсек,  бүгінгі  күн  биігінен  қарасақ, 
Б.Кенжебайұлының  тап  туралы  айтып  отырған  пікірі  мейлін-
ше дұрыс. Уақыт, саясаттан қаймықпай ақиқатты қалай ашып 
айтқан  десеңізші?!  Алайда,  РАПП-тық,  КАЗ  АПП-тық  пси-
хология  иектеген  әдебиетшілер,  тап  тартысына  құрылған 
коммунистік идеология сарбаздары ғалым пікірін қалай ақиқат 
тұтсын?!
«Торғай жаңбыр жауса балапанын қорғайды, бұршақ жау-
са  басын  қорғайды»  –  дегендей  үйіріліп  соғып  келе  жатқан 
дауылдан ықпасқа, қорықпасқа мүкін емес-ті. Кенжебайұлы да 
Сұлтанмахмұттың  «аз-кем  қателескенін»  айтып,  кандидаттық 
диссертациясын 1949 жылы «қайта жөндеп» «Сұлтанмахмұт - 
тың ақындығы» деген атпен кітап етіп шығарды. Кітапқа Тіл  
және әдебиет институтының сол кездегі директоры Мәлік Ғаб-
дуллин партиялық сынға қарсы келмейтін, партиялық этиканы 
ескере отырып алғысөз жазды: «…КК/б/П Орталық Комитетінің 
жоғарыда  аталған  қаулысында  және  Ж.Шаяхметов  жол­
дастың  «Идеология  майданындағы  қызметкерлердің  ай бын­
ды  міндеттері»  туралы  жасаған  баяндамасында  Б.Кен­
жебайұлының  осы  еңбегі  большевиктік  әділ  сынға  алы ­ 
нып,  Сұлтанмахмұт  шығармашылығын  зерттеудегі  автор­
дың  жіберіп  алған  елеулі  қате­кемшіліктері  атап  көрсетіл­
ген  болатын.  Онда,  Кенжебаев  жолдас  Сұлтанмахмұт  шы­
ғармаларын  мадақтаумен  болып,  оның  таптық  әлеуметтік 
мәнін  және  қайшылықтарын  толық  аша  алмады  делінген»  /
(айрықшаланған. Қ.е.).
Содан бергі кезде Б.Кенжебаев жолдас қазақ әдебиетінің 
тарихын жасау жөнінде күрделі ғылыми жұмыстар жүргізе 
отырып, өзінің Сұлтанмахмұт жайында жазған осы еңбегін 
қайта  қарап,  ондағы  қате­кемшліктерін  түзеп  шықты…» 
/Б.Кенжебаев. «Сұлтанмахмұттың ақындығы». А., 1949, 3-бет/ 
– деді онда. 
Демек,  әдебиет  пен  өнерді,  ғылымды  идеологияға  бағын-
дырған,  саясат  қолжаулығына  айналдырғысы  келген  әкімдер - 
дің «шарапаты» арқасында ғалым дұрысын бұрысқа «түзеді», 
тура жолдағы ақынды адасты деп жазуға мәжбүр болды.
Алайда  «қателігін»  мойындағанына  қарамастан  Б.Кенже-
баевты  сыналудан,  ұлтшыл  атандырудан  –  сынаудан,  басына 
бұлт үйіруден тынбады, танбады «достары».
«Дегенмен  кейбір  жолдастар,  газет­журналдар  менің 
бұл  істерімді  місе  тұтпады.  Тіпті  ескермеді.  Кенжебайұлы 
қателерін мойындамады, түземеді, тіпті мойындағысы, тү­
зегісі  келмеді  деп  мені  сынай  берді:  буржуазияшыл  ұлтшыл 
да,  космополит  те  деді;  түзелмейтін  ғалым,  беріл мейтін 
жау етіп бейнеледі» /«Болған, бастан өткен оқиғалар» – ата-
латын  қолжазбасынан.  37-бет/  –  деп  жазды  күйінген  ғалым. 
Бұл  қарапайым  жолдарда  қадірменді  ғалым  бастан  кешкен 
құқайдың  –  қуғын-сүргін,  жәбірлеудің  ызалы  табы  жатыр. 
Кімдер еді ол шынайы ғалымды жәбірлеген? Кімдер еді ол халық 
деп  соққан  жүректі  жаралаған?  Ол  –  бір  кісі  емес,  мерзімдік 
саясатқа ұйып қадамды жаңсақ басқан бірнеше адам, бірнеше 
адам  ғана  емес,  Мәскеуден  басталып  республикаға  құтырына 
жететін  тұтас  «механизм».  Жоғарыдан  айтылды  екен  деп  ат-
тандай бермей, ойланып алуға, ақылға жеңдіріп саябыр табуға 
да  болушы  еді  ғой.  Ал  бізде  керісінше,  жоғарыдан  таңылған 
емеурінге өзіміздің бақай есебімізді араластырып, арадағы бол-
машы өкпені ашу-ызаға айналдырып, ақылды ашуға жеңдіріп, 
аярлыққа дейін жетіп жатқандар болыпты уақытында. Сондай-
сондайды көргенде 1937-38 жылдардың қанды қырғынан сабақ 
ала алмаған ағаларға іштей ренжисің амалсыз.
1949  жылы  17-сәуірде  Қазақстан  Жазушылар  одағы  пар-
тия жиналысы болып, онда Б.Кенжебайұлы, Т.Нұртазин, Ә.Қо -
ңыратбаев,  Е.Ысмайылов  секілді  ғалымдар  «ұлтшыл»  көз қа-
расы  үшін  айыпталыпты.  С.Омаров,  Ж.Саин,  С.Мұқанов  се-
кілді ардақ тұтар ақын-жазушыларымыздың сол жолы Бей се-
кең  жөнінде  айтқан  сөздерін  стенограммадан  оқысаңыз  төбе 
шашың тік тұрады. (Бұл жиналыс жөнінде «Жас алаш» газеті - 
нің 1989 жылғы 11 қазан күнгі № 198/11235/ санында жария-
ланған «Жылымық алдындағы ызғар» аталатын мақалада бір-
сыпыра жайлар баяндалған).
«Құйрықты  бұйрықтар»  дегендей  Б.Кенжебайұлының 
Сұлтанмахмұт  үшін  көрер  құқайының  екінші  бір  кезеңі  осы-
лай  басталып  кетті.  «Саяси  қырағылық»  деген  ұғыммен  бүр-

96
97
кемеленген  қуғын,  ізге  түсу,  шалу,  мұқату,  мазақтау  одан  әрі 
жалғасып  жатты.  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Ко ми-
тетінің  сол  кездегі  хатшысы  Нұрымбек  Жанділдин  «Комму-
нист»  жинағында,  1950  жылы  Б.Кенжебайұлының  «қателігін 
мойындап»,  «жөндеп»  шығарған  аталмыш  кітабы  жөнінде 
«Сұлтанмахмұт  туралы  сапасыз  кітап»  аталатын  мақала  да 
жариялады.  Мақалада  Б.Кенжебайұлының  Сұлтанмахмұт  дү-
ниетаным-көзқарасы  туралы  пікірі  қатты  сыналып,  улы  тіл, 
ащы сия зәрі ұлы ақынға да аямай төгілді. «Б.Кенжебаев өзінің 
кітабында Сұлтанмахмұт шығармашылығын марксизм­ле ни­
низм тұрғысынан зерттеймін деп тырысқан. Бірақ ол марк­
сизм қағидаларын қоғамдық құбылыстарды түсін діруге марк­
систерше емес, талмуд­карилерше қолданған…
Сұлтанмахмұттың сарыуайымға салынып, дүниеден үміт 
үзуге  дейін  баруын  біз  қалайша  ақтай  аламыз?  Сұл тан мах­
мұтта жазық жоқ, бұған сол кездегі дәуір кінәлі деу – тарихқа 
жала  жапқандық  болар  еді.  Сұлтанмахмұттың  бұл  дәуірде 
де (1918­20 жылдары. Қ.Е.) ұсақ буржуазия шыл дықтың, бур­
жуазияшыл­ұлтшылдықтың  идеясына  шыр матылып,  объ­
ек тивтік реакцияшыл роль атқарғанын ашық көрсетудің ор­
нына, оны бүркемелеуге, немесе ақтауға тырысу – марксизм ге 
жат  нәрсе»  («Коммунист»  1951,  №  5)  –  деп  жазды  ол.  Ма-
қала авторы философиялық терминдерді орынды-орынсыз үс-
темелеп,  Сұлтанмахмұтты  қате-кемшіліктерге  мелдектетіп, 
оны  жақтаушы,  ақтаушы  Б.Кенжебайұлын  қайдағы-жайдағы 
талмуд-қариге  балаудағы  мақсат  не  десеңізші?  С.Торайғыров 
сынды  ұлы  ақынды  әдебиет  тарихынан  сызып  тастау  ма? 
Әлде ақын арқылы оның мұрасын зерттеуші Б.Кенжебайұлын 
түрмеге  жаптыру,  аттыру  ма  философ-хатшы  мақсаты?  Кісі 
түсініп болмайды, әйтеуір. 
Біздіңше, бұл – артық айтсақ, Б.Кенжебайұлын құрту, ше-
геріп  айтсақ  мүдірту  үшін  жасалып  отырған  әрекет.  Әрекет 
аяғы ушығып, Б.Кенжебайұлы мен Н.Жанділдиннің бірін-бірі 
аңду,  республика  шеңберінде  күн  көрсетпеген  әкім  үстінен 
Мәскеуге  арыз  жазуға  дейін  мәжбүр  болған  ғалым.  Ғалым 
Б.Кенжебайұлының Н.Жанділдиннен зәбір көрген соң Мәскеуге 
жазған арызы күні бүгін архивінде сақтаулы…
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  хатшысы 
айтысқа білек сыбанып кіріскен соң өзі де аянбасы, өзгені де ая-
масы белгілі. Елуінші жылдары ғалым Б.Кенжебайұлына қарсы 
жазылған мақала, қарсы жасалған әрекеттің қай-қайсысынан да 
хатшы ықпалын аңғаруға болады. 
Сол  кезеңнің  әсіресолақай  әпербақан  сыншысының  бірі 
Жұмағали Сәрсеков сөзіне ден қоялық: «Сұлтанмахмұт… үл­
гіні, өнегені орыс халқынан үйрен деп, дәл Абайдай ашып айта 
алмады… Ал, ақпан төңкерісінен кейін ол алашорданың ақыны, 
алашорданың  қазақ  халқына  қарсы,  большевиктерге  қарсы 
нағыз  пасықтық,  нағыз  жауыздық  күресінде  үлкен  қызмет 
атқарған, даурықпа ұраншысы болды… Алайда, Кенжебайұлы 
жолдас  осы  ақиқаттарды  аттап  өтіп,  Сұлтанмахмұтты 
көкке  көтерді,  оны  «классик»,  «зор  тарихи  көрініс»,  «өз  за­
манының азамат ақыны» деп лепірді» («Әдебиет және искус-
ство» журналы, 1951, № 7) – деп жазды ол.
Бір-бірімен сабақтас ойлар, бір-бірімен жалғас кінәлаулар 
әрі сондай сауатсыз, әрі сондай қатерлі. Сауатсыз дегеннен гөрі 
кейде  саясатты  көзперде  жамылғы  етіп  алып,  әдейі  жасалған 
әрекеттей зәрлі көрінетін сәттері қаншама? Ұраншыл, ұрдажық 
сыншы  Ж.Сәрсековтің  кім  көрінгеннің  қолында  қолшоқпар 
болып  жүретін  сауатсыз  сыншы  екені  кім-кімге  де  аян.  Ал, 
фи лософ  –  философия  ғылымдарының  докторы,  кейін  Қазақ-
стан Республикасы Ғылым академиясының академигі атанған 
Нұрымбек  Жанділдинге  жол  болсын?  Мансап  пен  ғылым-
ды  «сәтті  ұштастырған»  Н.Жанділдинді  де  қоя  тұрайық,  әде-
биетті  нәзік  түсінеді  дейтін  талғампаз  сыншы  Баламер  Са-
хариевке  не  көрінген?  Ол  «Социалистік  Қазақстан»  газеті 
1952  жылғы  наурыз  айында  жариялаған  «Б.Кенжебаевтың 
творчествосындағы  қателіктер»  –  аталатын  мақаласында 
кісі  танымас,  кісілік  табиғатына  қайшы  пікірлер  айтады.  Өлі 
Сұлтанмахмұтты да оңдырмайды, тірі Бейсембайды да аямай- 
ды. «Б.Кенжебаев Сұлтанмахмұтты «өз заманының ұлы, ас­ 
қан азамат ақыны», «қазақ халқының классик ақын­жазушы­ 
сы» деп… жөнсіз асыра бағалайды да, ақынның алашордашыл, 
ұлтшыл бағытта болған қателіктерін атүсті сүйкей салады… 
шынында  Сұлтанмахмұт  ұсақ  буржуазияның  сойылын  со­ 
ғушы, соның мүддесін қорғаушы болды» – дейді. Ол аз болса 
«…Б.Кенжебаев  өзінің  бұл  ұлтшылдық  бағыттағы  өрескел 
қателері  талай  рет  қайталанып  көрсетілсе  де,  ол  баспасөз 
бетіндегі  мұндай  пікірлерге  күні  бүгінге  дейін  құлақ  аспай, 
қателіктерін  түзеуге  тырыспай  келеді.  Тіпті  қателіктерін 
мойындауды  да  қажетсінбейді.  Бірақ  оның  мұндай  орынсыз 
«қайсарлығына»  совет  жұртшылығы  төзе  бермейді»  (№  72, 

98
99
25 наурыз) – деп зерттеушіні сойылмен ұрғандай сұлатып са-
лады.
Апыр-ау,  деп  ойлайсың,  бүгін  «осы  мақаланы  шынымен 
білімдар  әдебиетші  Баламер  Сахариев  жазды  ма?»  Иә,  Бала-
мер  Сахариев  жазды.  Өз  байламы  ма?  Сөз  жоқ.  Баламердің 
қаралаушы  мақаласының  арқасында  ықпалды  әлдекім  тұр. 
Қазір де бар бұл «әдісті» ол кезде болмады деп қалай айтайық, 
қалай ақтайық?!
Бәлкім, Бейсембай Кенжебайұлы ұлы ақын С.Торайғыров - 
ты  жете  біліп  (танып),  жетік  бағалағаны  үшін  кінәлі.  Бәлкім, 
«Абай»  секілді  ұлы  эпопеяның  алғашқы  кітабын  Қазақстан 
Компартиясы Орталық Комитетінің хатшылары қарсы болуы- 
на  қарамастан  жарыққа  шығарып  жібергені  үшін  жалалы… 
Әйтеуір  біздің  аңғарғанымыз  ол  жылдары  Қазақстан  Жазу-
шылар одағы мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті, 
Ғылым академиясы арасында табанды ғалым Бейсембай Кен-
жебайұлына қарсы жасақталған үлкен күш, екі арада жортуыл, 
жорық…
«1951­1952  жылдары.  Кенесары  –  Наурызбай  қозғалысы­
ның  кертартпа,  феодалдық­монархиялық  қозғалыс  деп  та­
нылуына  байланысты  даурықпа  сынның  қызған  кезі.  Газет­
тер қазақ оқығандарын шетінен буржуазияшыл­ұлтшыл деп 
«әшкерелеп» жатыр. Мені де күн құрғатпай «әшкерелейді…»
Ол кезде қазақ университетінің ректоры профессор Төле­
ген Тәжібаев. Төлеген әрі депутат, әрі Орталық Комитеттің 
мүшесі. Қысылған соң бір күні, осы Төлегенге барып сөйлесейін: 
мәселенің мән­жайын түсіндірейін, жәрдем етуін, әділдігін ай­
тып, ара түсуін сұрайын деп ойладым…
Бардым. Ойыма алған әңгімемді айта бастадым. Төлеген 
тез сөзімді бөлді:
– Сіз Торайғыров жинағын шығарған екенсіз. Оны еш жер­
де айтпай­ақ та қойыңыз, өзіңізге еңбек, заслуга деп есептеуші 
де болмаңыз…
– Жо­жоқ…
–  Мен  қазақ  кітаптарын  алмайтын  да,  оқымайтын  да 
едім. Жақында, бір жерде қолыма түсе қалған соң, бетін ашып 
қараған едім. Масқара екен!..
– Сорым­ай, бірдеңе қате кеткен екен­ау! Иә? 
–  Қатені  айтады  ғой,  тіпті  сорақы:  «мілләт»  –  дейді. 
Мілләт! – деп сұқ саусағын кезеді.
Жүрегім орнына түсіп, мен ол сөздің мәнін түсіндіре бас­
тадым. Төлеген тағы да сөзімді бөлді:
– Оны қойыңыз! – деп ежірейді, – Мілләт деп отырған кісі 
буржуазияшыл  националист,  пантюркист…  Ист,  ист  деп 
Төлеген қалды. Ішімнен «сенген қойым сен болсаң…» деп мен 
кеттім» (Б.Кенжебайұлы. «Бастан өткендер, ойға келгендер 
мен  жиған­тергендер»,  Бірінші  дәптер.  1950­1960  жылдар. 
13­14­бет).
Ғалым архивінде осындай жазба сақталған.
Жақсы  аталып,  жайсаң  азамат  атанып  жүрген  қазақтың 
маңдайалды  адамының  да  түсінігі  осындай  ол  кезде.  Бәл-
кім білместік. Бәлкім басын алып қашу. Басты мәселе – Сұл-
танмахмұтта, оның «мілләт» деген бір сөзінде де тұрған жоқ.  
Гәп  –  Бейсембай  Кенжебайұлында.  Артына  шала  байланған  
кі  сіні  қолдау  –  жалалы  адаммен  бірге  жалалы  атану,  бірге 
жауапты болу. Жақсы азамат болғанымен әккі әкімнің қашып 
отырғаны  –  осы  жайлар!  Оның  Сұлтанмахмұттан  қашуы  – 
Б.Кенжебайұлынан қашу, оны қолдаудан қорқу. Мұндай адам, 
ұзамай  университет  «ұлтшылдары»  М.Әуезов  пен  Б.Кен же-
байұлын  теріс  көзқарастары  үшін  бір  бұйрықпен  қызметтен 
босатады да. Алаштың кенже баласындай Кенжебайұлына енді 
университет есігі де жабылғалы тұр…
Жақсылыққа  дегенде  алтыбақан  алауыз  қазақтың,  жаман-
дыққа  келгенде  ынтымақшыл  топтың  әрекетінің  «нәтижесі» 
қандай? Нәтижесін білу үшін біз ғалым күнделігіне үңілеміз.
«Бір  жылдан  кейін,  –  деп  жазады  ол  күнделігіне,  –  1953 
жылы наурыз айында аудандық, қалалық партия комитетте­
рі  мені  партия  қатарынан  шығарды;  Қазақтың  С.М.Киров 
атындағы мемлекттік университеті қызметтен босатты.
Осыдан мен тоғыз ай қызметсіз отырдым: жау деп еш­
бір мекеме қызметке алмады, ешбір газет­журнал жаз ған да­
рымды баспады. Бірқатар жолдастар маған жоламай кетті. 
Совет  азаматы,  профсоюз  мүшесі,  жазушы,  ғылым  кан ­
дидаты  қызметсіз  отырды…»  («Болған,  бастан  өткен  оқи-
ғалар», 37-38-беттер).
Әрине, «ұлтшылсың» деп көзге шұқығанға көнер, мәжіліс 
сайын  сыналар  сөзге  шыдар.  Көнбеске,  шыдамасқа  шарасы 
қайсы? Ал адам-пенде ретінде қалай күн көрді десеңізші? Алда 
үрей  туғызып  үргедектеніп  келе  жатқан  қатерге  қалай  қарсы 
тұрды?

100
101
Басына  қаралы  күн  туғанда  «достарының»  жоламай  кет-
кеніне өлердей өкінген ол «Тек бірді­екілі жолдастардың ау­
даруға алған кітаптарын аударыстым. Сонымен күн көрдім, 
бала­шаға асырадым. Баспа орындары біліп қалып, кейде оны 
да бергізбей қойып жүрді» /Сонда, 38-бет/ – депті одан әрі әлгі 
аталған күнделігінде. «Күн жауғанда қойнында, күн шыққан-
да  мойнында»  болатын  жалған  достарды  қойшы  тәйірі,  ал 
басын  бәйгеге  тігіп,  жалалы  жанға  жақындап,  аудармаға  тар-
тып, нәпақа бөліскен «бірді-екілі жолдастары» кім? Осы жай-
ында білмек болып сұрағанда ғалымның ерекше еміреніп, зор 
ризашылықпен тебіреніп еске алған адамы – Әбен Сатыбалди-
ев болды. Басы даулы болып жүрген жылдары Б.Полевойдың 
«Нағыз  адам  туралы  аңыз»,  Е.Мальцевтің  «Шын  жүректен», 
Ф.Гладковтың «Балалық шақ туралы әңгімелер» аталатын шы-
ғармаларын  Ә.Сатыбалдиев  атынан  алып,  бірлесіп  аударып-
ты. Өзі Міржақып Дулатовтай «алаш», «халық жауы» атанған 
адамның күйеу баласы, соңында «салпаңқұлақ» жүрген Әбен 
Сатыбалдиевтің  бұл  кісілігі  қалай  бағаласаң  да  жарасатын, 
мейіріңді оятып, мерейіңді тасытатын іс. Бейсекең тіршілігінде 
аға-інідей  ынтымақтасып  өткен  Ә.Сатыбалдиевке  қашан  көз 
жұмғанша риза бейілде өтті. Бейсекең Ф.Панферовтың КСРО 
Мемлекеттік сыйлығы берілген «Бейбітшілік үшін күрес» ро-
ман-дилогиясын аударуы да СОКП қатарынан шығып, қинал-
ған кездерінде жасаған әрекеттері болатын. 
Әрине,  мұның  қай-қайсысы  да  маздаған  жүреккке  жылу, 
мұңды  көңілге  медеу  ғана.  Куә  болып  отырғанымыздай,  ке-
зінде  аударма  жасап  жүргенін  біліп  қалып,  бергізбей  қойған, 
жолын  кескен  «жолдастары»  да  болыпты.  Шіркін  уақыт-ай 
десеңізші…
Жазушы-ғалым жары Меңжамал Кенжебаева:
– Тарыққанда күйсандық сатып, нан пұл ажыратпақ болдық. 
Сонда  көрші-қолаң  «халық  жауы»,  партиядан  шығарылған 
ұлтшылдың күйсандығы құрысын, бәлесінен аулақ» – деп ал-
мады.  Бейсембайдың  қымбат  кітаптарын  базарға  апарып  са - 
тып, нан қылған күндеріміз болды ғой, қарағым» – деген кезін-
де тарыққан, зарыққан жылдарын есіне алып.
Көңілсіз күй, күйсіз күндер қанша уақытқа созыларын кім 
білсін,  егерде  Бейсекеңнің  шешімді  әрекеті  болмаса.  Өзінің 
тәуекелшіл  әрекеті  жөнінде  ол:  «Қалалық  партия  комитеті 
партиядан шығарған соң, мен облыстық партия комитетінің 
екінші  секретары,  сол  кезде  бірінші  секретарьдың  қызметін 
атқарып  отырған  З.А.Бунаков  жолдасқа  барып  жолықтым, 
жайымды айттым. 
Партиядан  шығармақ  түгіл,  жапқызып,  атқызсаңыз  да, 
материалдарды түгел, жете тексеруіңізді өтінем – дедім. Ол 
кісі соған уәде етті. Істі партия бақылау комиссиясына беріп, 
алты­жеті  ай  тексертті»  (Аталған  қолжазба.  38-бет)  –  деп 
жазды.
Мұнымен  де  шектеліп  жатқан  ғалым  жоқ.  Жоқ  қатесін 
бірде мойындаған болып, бірде шынын айтып Қазақстан Ком-
партиясы Орталық Комитетіне, «Социалистік Қазақстан» газеті 
редакциясына  хат  жазумен  болды.  Сөйтіп  жүріп,  торығумен 
өткен тоғыз айдан соң, Сұлтанмахмұттанушы Бейсембай Кен-
жебайұлы  СОКП  қатарына  қайта  оралды.  Кезінде  СОКП  қа-
тарынан шығарылу – жазаға дайындау, СОКП қатарына қайта 
оралу – жазадан аман қалу, қатердің таралып, бұлттың ыдыра-
уымен бара-бар еді ғой. Сондықтан да жазықсыз жапа шеккен 
ғалым  СОКП  қатарына  қайта  оралды  деген  сөзді  қуанышты 
көңілмен айтамыз. 
Алайда, ғалым қазақтың С.Торайғыровтай көрнекті ақыны 
әдеби мұрасын зерттеу жолында қаншама сор, қаншама бейнет 
кешті  десеңізші?!  Асылында,  қаралау,  мансұқтау  бағытында 
жазылған солақай мақалаларды ойланып оқысаңыз екі жағдай- 
ға көз жетеді. Солақай мақала авторларының бір парасы жастай 
өлген Сұлтанмахмұтқа кекті, оны ұлтшыл-буржуазияшыл, ала-
шордашыл ақын кебінін кигізіп, халық қолынан тартып алып, 
жаптырып тастамақ. Ал, ендігі бір парасы қандай жағдайда да 
ақ  сөйлейтін  Бейсембай  Кенжебайұлын  аяқтан  шалу,  ұлтшыл 
ақынды  қорғаған  ұлтшыл  райында  құлатпақ,  құртпақ.  Енді 
ойлап қарағанда екі жарылып тұрған осы топтың өзара бірігіп, 
ұйымдасып әрекет еткені байқалады. Олар өзара ойласып, тізе 
қосып Б.Кенжебайұлы үстінен тиісті орындарға арыз жазудан 
бастап, үлкен жазушылар аузына қилы-қилы сөз салуға дейін 
әрқилы  әрекет  етіп  баққан.  Саяси  науқан  кезінде,  одан  кейін 
де Бейсекең өзі жайында әртүрлі әрекетке барған адамдардың 
бас-басына хат жазып, айыптарын айтып, аярлықтарын бетіне 
басқан. Сондай хаттың бірін алға тартайық.
«Аса құрметті Ісмет Кеңесбайұлы!
Қазақ жазба поэзиясының аса көрнекті өкілінің бірі Сұл­
танмахмұт  Торайғыровтың  ақындық  шығармашы лы ғына 
арналған  менің  еңбегім  республикалық  «Казахстанская  прав­
да»  газеті  беттерінде,  сондай­ақ  түрлі  жиналыстар  мен 

102
103
мәжілістерде талқылауға түсті. Соның баршасында мен ең­
бегімде жіберген мынадай «қателіктер» қадап айтылды:
1/.  С.Торайғыровтың  табиғатқа  һәм  қоғамға  мате риа­
листік  көзқарасын  асыра  бағалаппын,  2/.  С.Торай ғыровты 
қапысыз халық ақыны деппін.
Сәрсеков  және  басқа  нантабар  әдебиетшісымақтар  бұл 
«қателіктерімді» бар жерде асқан белсенділікпен әшкерелеуі 
мені  таңқалдырмайды.  Сондай­ақ  олардың  жоғарыда  көр­
сетілген  «қателіктер»  арқылы  маған  «ұлтшылдық  қа те­
ліктер»  деген  жарғы  тағуы  да  таңқалдырмайды  мені.  Таң­
қалдырмайтын себебі олар осы арқылы саяси капитал жинап 
алғысы келеді ғой баяғы. 
Алайда мені Сіздің солармен ымыраласып кетіп, тізе қоса 
қимылдап,  өз  жаныңыздан  тағы  бір  «қатемді»  тап қаныңыз 
қайран қалдырмай тұрмайды. Сіздіңше мен С.То райғыровты 
«әбден қалыптасқан марксист­лениншіл» дейтін көрінемін. 
Менің  есіме  мынадай  жайлар  келеді:  Сіз,  біріншіден, 
С.Торайғыров  шығармашылығының  үлкен  жанашыр­жақ­
таушысы  сияқты  едіңіз,  екіншіден,  менің  әңгімелі  болып 
жүрген  еңбегімді  оқып  шықтыңыз,  үшіншіден,  Ғылым  ака­
демиясы  Тіл  және  әдебиет  институты,  Қазақ  Мемлекеттік 
университетінің  Ғылыми  Кеңестерінде  менің  диссерта­
ция  қорғауым  үстінде  Сіз  екі  рет  ресми  сөйледіңіз.  Соның 
қайсысында  да  Сіз  менің  қарапайым  еңбегіме  жоғары  баға 
бере сөйледіңіз. Мен айтқандарыңызға шүбәсіз сенген едім. 
Сенгенім  бекер  болғалы  тұр.  Ұлы  Абай  айтқан  «Сенбе 
жұртқа, тұрса да қанша мақтап» – тың кері келді. Сіз енді 
басқаша  сайрап  жүрсіз…  Соңғы  бірнеше  айдың  межесінде 
менің  еңбегім  жайында  Сіздің  пікіріңіз  түбірімен  өзгерген 
секілді… Сіз тіпті менің «қатемді» ойдан қосып, «әшкерелеуге» 
білек сыбанып кірісіп те кетіпсіз.
Сіз  басқаратын  Комиссияға  жазған  түсінік­хатымда 
айтқанымдай,  менің  еңбегімде  С.Торайғыровтың  таби ғат қа 
һәм қоғамға материалистік көзқарасын асыра баға лаушылық 
бар.  С.Торайғыров  шығармашылығы  жө нінде гі  менің  пікірім 
аталмыш еңбегімде және түсінік­хатым да айтылған.
Менің  өз  басыма  келсек,  бар  саналы  ғұмырымда  /оның 
20  жылын  баспасөзде  өткіздім/  бір  мәрте  де  екіжүзділік 
танытқан пенде емеспін.
«Делами, 
Кровью – строкою вот этою
Нигде не бывшей в найме» – 
деп В.Маяковский айтқандай халқыма, Отаныма адал қызмет 
етуге тырысамын. 
Менің Сізге деген шынайы құрметім мен сенімімді қабыл 
алыңыз.
Б.Кенжебаев.
23/ХІ-46 ж. 
Алматы».
Бұл – академик Ісмет Кеңесбаевқа бағышталған хат.
Апыр-ау,  деп  ойлайсың  бүгін,  халықтан  Сұлтанмахмұт 
сынды сүйікті ақынын тартып алғанда кім ұтады, әйтпесе оны 
бұралаң-соқпақ  қиын  жолдарда  ақтап,  жақтап  келе  жатқан 
Б.Кенжебайұлын жыққанда кім ұтады? Әдебиет үшін де, халық 
үшін  де  бірыңғай  ұтылыстан  өзге  не  бар  бұл  әрекеттерде? 
Халық ұтылған соң жеке пенде ұтты не, ұтпады не?
Халық  деп  атқарған  істің,  мезетінде  азабы  қаншалық  зор 
болуына  қарамастан,  аяғы  –  қайыр!  Су  ағады,  тас  қалады. 
Кезеңдік саяси науқанды малданған мансап иелерінің іс-әрекеті 
теріске шықты, ғалым пікірі әділетке айналып күні бүгін сал-
танат құрып отыр. Қазір Сұлтанмахмұт атын атасақ ойымызға 
ұлы ақын мұрасы үшін күрескен де тірескен Бейсекеңдей ғалым 
есімі қоса оралады. Кезінде тірескен табанды іс-әрекеті үшін 
белуардан сор кешсе, бүгін «Сұлтанмахмұттанудың негізін са-
лушы» аталады, ұрпақтарынан алғыс алады…
Қазақтың  көрнекті  ғалымы  Бейсембай  Кенжебайұлының 
С.Торайғыров  мұрасын  ақтау,  жақтау  жолында  кешкен  сор, 
көрген бейнетінің бұл бір кезеңі, бір бөлегі ғана…

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал