СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



жүктеу 4.69 Kb.

бет37/41
Дата09.01.2017
өлшемі4.69 Kb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

СаНадаҒы жаралар
Қазақ  мемлекеті  күн  санап  өсіп,  біртіндеп  жетіліп  келе 
жатқан жас мемлекет. Бүгінгі күн, бүгінгі сәтке дейін де талай 
тартыстан өтіп, тағлым түйіп, тарихын жасап келеді. Ертеңіне 
сенгендіктен, абайлап өтіп жатқан әрбір өткелек тұсында кез- 
дескен  кемшілікті  қаламгерлер,  қайраткерлер,  оқымыстылар, 
ой шылдар  айтып  келеді,  халықты  оятып,  жаңалыққа  көзін  
ашып, болашаққа бірге аттанып барамыз. Қазір мемлекетіміз- 
дің  әрбір  сәті  –  тарихи  сипатқа  ие.  Жетпіс  жыл  бойы  бастан 
кешпеген не ғаламатты жеті сағат, әйтпесе жеті күнде басынан 
өткізіп жатыр жас мемлекет. Ел басынан ел жасына дейін бір 
тілекте:  «Қайтсек  егемендігімізді  сақтаймыз?»,  «Қайтсек  ел-
дігімізді  көркейтеміз?»  Сол  жолда  жасы  кішіміз  жасы  үлкен-
дерге  жол  беріп,  жасы  үлкеніміз  жасы  кішіге  қол  беріп,  қол-
дасып, бірлесіп болашаққа беттеп барамыз.
Әрбір  асуды  алғанға  дейін  бірсыпыра  ойласатын  ағайын, 
алған  соң  да  шырқырасып,  айтысып,  таласып,  шұрқырасып, 
пікірлесіп табысып жатады. Жас мемлекет жан-жағына қарап 
өседі.  Жас  мемлекет  басында  отырған  азаматтар  бұқара  пікі-
рін  тыңдай,  есептесе  өседі.  Бұл  ретте  зиялылар  арқалар  жүк 
айрықша,  азаматтар  атқарар  іс  қыруар.  Зиялылар  жақсылық 
жағында  болса  ұлт  ұтады,  зиялылар  қорғалақтаса  ұлт  ұты-
лады.  Көп  мәселе  интеллигенция  аталар  зиялылардың  интел-
лектуалдық  ой  белсенділігіне  байланысты.  Қазір  көркем  әде-
биеттен  гөрі  өткір  саяси  публицистика  өрістеп  тұрған  болса, 
оның  осындай  заңдылықтары  бар.  Бұрын  ғылыми  жанрларда 
ғана көретін көп ағамыз қоғам қамы, халық тағдыры жайында 
толғану  арқасында  көрнекті  публицист  райында  бой  тастай 
бастады.  Өзіндік  ойын  тайынбай  айтар  табанды  публи цист 
ағамыздың бірі, профессор Тұрсынбек Кәкішев. “Еңбек сіңір- 
ген ғылым қайраткері” атағы бар адам жарасымды от басын- 
да  жайғасып  алып  жайына  отырса  кім  қой  дейді?  Тұрсекең  
олай  етпеді.  Жас  мемлекетіміздің  әрбір  адым-алымында  өз 
ойын  көгілдір  экраннан  айтып,  баспасөзде  жазып  отырды. 
«Санадағы  жаралар»  (Қазақстан,  1992)  ғалымның  жалынды 
публицист  ретінде  қоғаммен  бірге  қозғалып,  айтқан,  жазған 
ойларының жинағы.
Бостандық дегеніміз бодандық болып жетпіс жыл жүрдік, 
енді неге жалтақтай береміз? – деп те сөйледі Тұрсекең. Ресей 
бізге ақшасын бермей қойған тұста да қаттырақ сөйлеп жібер- 

514
515
ген Тұрсекең. Ана тілі мемлекеттік тіл неге болмайды? – деп 
те толғанған ертеректе. Шүкір, қазір соның көбі қалыпқа келді. 
Бірақ, жаңа проблемалар туды…
Қазақстан жас мемлекетінің әрбір қадамын қуана қадағалап, 
тұсауы қашан кесіледі, шідері қашан алынады? – деп ынтыға 
күткен адам ғана осылай сөйлей алады. Белгілі бір мектептен 
өткен  саясаткер  болмаған  соң  пікірінің  артық,  кемі  де  болып 
жатады.  Жаның  ашып  сөйлеген  сөздерің  әлдебір  мансап  ие-
леріне тиіп кетіп жататыны да бар. Жанашырлық сөзің арнайы 
айтылған  жаманшылық  болып  қабылдануынан  сақта  құдай 
бізді  деп  деп  те  отырасың  ондайда.  Тұрсекең  де  сондай.  Ол 
ақынжанды адам. 
Ақындар қуанғыш, жұбанғыш, 
Сезімі тұтанғыш баладай.
Кейде олар артық та сөйлейді
Уақыттың көңліне қарамай –
деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай ақынжанды адам артық кетіп, 
кем түсіп жататыны болады. Бірақ кісі оның қазақ қауымдасса, 
жас мемлекетіміз дарақ болып бой тіктеп, зәулімденіп өссе де - 
ген ниетіне риза болып отырады. Ақ, адал ниетіне құлап оты-
рады.  «Санадағы  жараларды»
  оқып  отырғанда  бұрын  теле-
дидардан көріп, ағымдағы баспасөзден оқыған осындай ойлар-
ға қайта кезігіп, осындай сезімдерді қайыра бастан кешеміз.
«Мен осы қазақ халқымен істес болып, бірге келе жат қаныма 
біраз болды ғой. Көп уақытта соның жоғын жоқтап, жыртысын 
жыртып  жүргенде  өзіңді  жаманатқа  қалдыратын  кезі  көп. 
Сонда қай жағынан шығарыңды білмей дал бола сың. Солай бола 
тұрса да өз қолыңды өзің кеспейсің. Оған өкпелегенде қайда барып 
сіңесің?  Ел  деп  жүрегің  соққан  соң  батылдыққа  барып,  ащы 
шындықты айтып қаласың. Оған бармасаң еліңнің де, өзіңнің де 
есең кете береді»
 (109-бет) – деп жазыпты ғалым.
Рас қой. Қазақ әлі оянып болмаған халық. Бастыққа тәуелді 
сезімнен  әлі  ажырап  болмаған  халық.  Өзіне  тиесіліні  талап 
етудің өзіне ерік-жігері жете қоймады. Зәуіде оянғаны саудаға 
кетеді. Саудада ұлттық сипат, саудагерде ұлттық болмыс бола 
бермейді.  Әзірге  сауда  саласында  жүрген  жігіттердің  ішінде 
ұлт көркейсе, ұрпақ өссе деп жүргені некен-саяқ шығар. Оған 
қарап қазақты өрге сүйрер ойдан қайтуға, халықтық әрекеттен 
тартынуға  болмайды  ғой.  Ғалымның  қиналыс-қынжылысы 
осындай  ойға  меңзейді.  Ғабит  Мүсірепов  «Жақсылықтың 
төлеуі  өлгеннен  кейін.  Жауыздықтың  төлеуі  тірлігінде  алына­
ды»
 – депті. Қалай дәл айтылған?! Тәңірден жақсылық төлеуі 
де тіріде болсын деп тілейік.
Кітапты  қолға  ұстағанда  атына  қарап,  «санада  жара  бола 
ма?»  –  деп  еріксіз  ойланасың.  Ойлана  отырып  оқисың  кітап-
тағы  әр  материалды.  Оқисың  да  санада  жара  болатынына 
көз  жеткізесің.  Қазақ  айтар  еді:  «Тән  жарасы  жазылады,  жан 
жарасы жазылмайды» – деп. Санадағы жара да сондай жазы-
луы қиын жарадан екен. Санадағы жара жаңаша ойлап, ақтаң-
лақ атаулыны ақтағанда, ақжарылқап күн туып, қоғам ақ жол-
ға  түскенде  ғана  жазылады  екен.  Біз  қазір  сан  ғасыр  бойы 
санамызға  түскен  жараларды  емдей  өсіп  келеді  екенбіз.  Жан 
қинаса да ақиқатшыл сөзге не жетсін?! Профессор Тұрсынбек 
Кәкішев еңбегі ақаиқатшыл сөз, шыншыл ойлардың жинағы!
Т.Кәкішев  еңбегінің  бір  сүбелі  саласы  –  азаматтық  тари-
хымыздың  өткеніне  арналады.  Айталық  «Алашорда»  партия-
сының жай-күйін егжей-тегжей сөз етеді. Тарихшы ларымызбен 
келіспей, керілдесіп те қалады. Кеше «халық жауы» деп әбден 
күстаналаған  аймүйіздеріміздің  «халық  досы»,  халықты  ба - 
қытқа бастар көсемдер екенін бүгін анық-қанық танып білдік. 
Бірақ  бірден  тани  алған  жоқпыз  ғой.  Профессор  Т.Кәкі шев 
«Алаш  ақиқатын  кім  айтады?» 
–  деп  алғаш  айқай  салған-
дардың  бірі.  Алашты  жағылған  күйе,  тағылған  жаладан  ара-
шалаушылардың  бірегейі  болды.  «Ақиқаттың  ауылын  ізде­
генде»
  –  аталатын  алғашқы  тарауға  жинақталған  мақалалар 
негізінен  Алашқа  байланысты  ой-толғамдар.  Ерте  айтамын 
деп келте айтқан тұстары бар шығар, біз ғалымның ерте айтып 
серке шыққанына ризамыз.
Орайында ойға түседі, Ә.Тәжібаев «Тұрсынбекті мен аппақ 
пейілі  ақаусыз,  кісілік  пен  кішілікке  бірдей  жарасқан  аса  ірі 
азамат  деп  таныдым»
  –  деп  бағалапты  «Есімдегілер»  атала- 
тын естелік кітабында. Ал, кейінгі жастар – біздер Тұрсекеңді 
ал ғаусыз адал жанды жанашыр ұстаз тұтамыз. Қоғам жайын- 
да,  адам  жайында,  азаматтық  міндет  хақында  сөйлей  қалсақ,  
ұс тазымыз  секілді  шыншыл  сөйлеуге  тырысамыз.  Онымыз 
кейде шыдамсыз сөз болып шығады. Әрісі Ахмет Байтұрсынов 
өмір сүрген, берісі Тұрсынбек Кәкішев өмір сүріп отырған ке-
зеңге қарағанда заманымыз жақсы. Саяси баспалдақтармен де, 
эко номикалық баспалдақтармен де біртіндеп жоғарылап келе-
міз.  Заманаға  сенеміз.  Замана  тәрбиелеп  жатқан  жаңа  адамға 
се неміз. 

516
517
Әр  дәуір,  әр  кезеңнің  өз  ақтаңдағы  бар.  Оның  үстіне  біз 
де тұтанымпаз халықпыз. Қайраткер, қаламгерлеріміздің бірін 
ақтап алып қуанып жатсақ, бірін қаралап алып, қуарып, қайта 
қайғы  жұтып  жүреміз.  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсы-
нов  бастаған  бір  шоғыр  топ  алыптарды  ақтаймыз  деп  жүріп, 
Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин болып 
басталатын екінші бір шоғыр топ таланттарын жоққа шығарып 
жібере  жаздадық.  Әйтпесе  жетпіс  жылдағы  ойлы-қырлы  жү-
ріс-тұрысымызды  саралаймыз  деп  отырып  Сәбит  Мұқанов, 
Есмағамбет Ысмайылов секілді (өлісі бар, тірісі бар) – тағы бір 
топ дарындарды күнәлі етіп ала жаздадық. Осының бәрі біздің 
біреуді ақтау үшін біреуді қаралау керек, біреуді жақтау үшін 
енді  біреуді  жамандау  шарт  деп  білетін  таным  шарғылығы, 
әмсе  асығыстығымыздан.  Уақыт  аумалы-төкпелі  болды.  Уа-
қыт қа қызмет ететін идеология қаһарлы еді, ол халыққа емес, 
уақытша саясатқа қызмет етті. Кейде сол идеология шылауына 
шырмалған  ағаларымыз  алдыңғы  толқынды  сүмірейте  сынап 
та  жіберетін,  кейде  сынаған  болып  отырып  та  ақтайтын  еді 
ғой.  Кезінде  Ғабит  Мүсіреповтің  кейде  менің  бар  дегенім 
жоқ,  жоқ  дегенім  бар  сипатында  айтылады  деген  сөзін  есті-
ген едік. Демек, олардың сөзінің сыртқы тұлғасына емес, іш-
кі тұнбасына үңілу керек болады. Аға буын ішкі пікірін сырт-
қа сыналап шығарып үйренген. Оның бәрін кінә ретінде тізіп, 
күнә ретінде қарастырсақ не болғанымыз? Аталмыш кітаптың 
«Ар  мен  жан  тірегі»
  –  аталатын  екінші  тарауына  енген  «Әр 
дарынның  тарихта  өз  орны  бар»,  «Дүниетаным  иірім дері», 
«Е.Исмайылов  не  үшін  сотталды?»
  –  аталатын  эссе,  толға-
ныс тары  жетпіс  жыл  беделіндегі  бұралаң  жолдың  қазақ  қa-
ламгерлері мен тарихшылары тағдырына түсірген салмағы жа- 
йында.  Алдыңғы  толқын  ағалардың  жүріп  өткен  жолын,  іс-
әрекетін әңгімелегенде Тұрсекең барын-барша, жоғын-жоқша, 
әділ  талдайды.  Уақыт  қиындығы  мен  дарындар  қиналысын 
сабақтас  қарап  шыншыл  шешім  жасап  отырады.  Бұған  біз 
сүйсінеміз. Өткенге кешірімділеу болмасақ, келешек біздің де 
қазір жіберіп алып жататын кемшіліктерімізді кеше ме? Ойлану 
керек!..
«Санадағы  жаралар»  –  кітабына  ғалымның  1988-1991 
жылдар арасында жас мемлекеттің жай-күйін бақылай отырып 
радио,  теледидардан  сөйлеген  сөздері,  қарқынды  қимылдап, 
жедел  жазып,  ағымдағы  баспасөзде  жариялаған  мақалалары 
енгізіліпті.  Ол  мақалалары,  сөздері  жөнінде  ғалымның  өзі: 
«Күні  бұрын  қалай  жүріп,  қалай  тұрарын  білетін  «даныш пан­
дарға»  ешуақытта  сенген  емеспін.  Жариялылық  Қазақстанға 
жете  бастаған  кезде,  яғни  1988  жылдан  бері  жазғандарымды 
әдейі бірінен кейін бірін орналастырып отырмын. Ой эволюция  ­ 
сы,  уақыт  алып  келген  жаңалық  өз  ретімен  көрінсін  деген  пи­
ғылым  бар.  Сондықтан  менің  толғауымдағы  кейбір  ой­пікір, 
тіпті  тарихи  деректер  қазіргі  көзқарас  пен  тұжырымға  сай 
келмей, қиғаш кетуі ғажап емес. Ол үшін әрине кешеңдеп жетіл­
ген ой­сананы айыптаудың орны бола қоймас, бірақ ештеңе тын­
дырмағандардан,  тыныштығын  күйттегендерден  сүріне  жү ріп 
жол іздеген дұрыс қой деп жатырмын. Мен үшін қампиған даңқ­
тан  елді  елең  еткізетін  алаштың  ақиқаты  қымбат»
  (262-бет) 
–  деп  жазыпты.  Алғаусыз  ақ-адал  ой!  Біз  осы  ойға  тәнтіміз, 
біз  осы  ойға  тұрамыз.  Күні  үшін  күлік  жеген  жан  Тұрсекең 
емес. Ұлты үшін ұмтылып, ұлы мұрат жолында жүрген, артық 
айтып «айыпты» аталса да, кем соғып, кемшілікті болып жат- 
са да – ұлттық мұраттан таймаған табанды ғалым. Ең бастысы 
өз  байламын  жаппай,  жасырмай  ашық  айтатындығы  ұнайды 
бізге. Соның бір айғағы – «Санадағы жаралар».
Асылы, идеология айқындалып, ұлттық идеал қалыптасып 
үлгермей жатыр ма, әлде уақыт салмағына шыдамай жан бағып 
кеттік пе, әйтеуір кейінгі жастарда аға буынға тән – еңбеккер-
лік,  ұлттық  бейіл,  фидайылық  (фанатизм),  идеалға  адалдық 
белсенді бой көрсете алмай жүр. Қайраткерлік ой қаламгердің 
қай буынына да аса қажет фактор. Ол адамның – кісілік өзегі. 
Әсіресе,  кейінгі  жас  буынға  азамат-қайраткер  райында  жедел 
жетілу  қажет.  «Санадағы  жаралар»  өзінің  ұлттық  болмыс, 
адал бейілімен бұл орайда да үлкен-кішіге бірдей ой салатын 
публицистикалық ой-толғамдарға толы.
8.03.1994 ж.

518
519
КеШеге ІНІ, БҮгІНге аҒа КереКең…
К.Сыздықовтың «Ұстаздық ұлағаты»  
кітабына жазылған алысөз
Уақыттан жүйрік ештеңе де жоқ.
Күні  кеше  сияқты  еді,  алты  алашқа  аяулы  Бейсекең  –  Бей-
сембай  Кенжебаевтың  «Әдебиетке  дарынды,  білімді  Керімбек 
келді» – деп отыратыны. Одан сәл кейінірек «Керімбек те қы зық, 
біз қашып зорға құтылған декандыққа әуестеніпті. Жазу қалатын 
болды ғой…» – деген үні құлақта.
Бейсекең  талантты  шәкіртін  жақсы  көрсе,  Ісмекең  жарық-
тық  (Кеңесбаев)  туыс  тұтып  әспеттеді.  Асекең  (Сүлейменов) 
атының  өзін  «Кер-ре-екең!»  –  деп  біртүрлі  достық  махаббат - 
пен  маңғаздайтын.  Мұқағалиша  айтқанда,  бәрі  де  кеше  еді.  Ол 
кезде  Керекең  алдыңғы  толқынға  сүйкімді  іні  еді.  Алдыңғы 
толқыннан бата алғандай бүгінгі әдебиет ақсақалдары Зәки Ах-
метов,  Серік  Қирабаев,  Зейнолла  Қабдолов  та  еркелетіп  бақты. 
Әрине, жігіттің өзі жақсы болған соң сүйсінеді, еркелетеді, әдеби 
іс-әрекетін  бағалай  бауырына  тартады.  Әйтпесе,  қайдан?  Бұл 
күнде  әрідегі  ақсақалдардың  айналайыны  мен  досы  Ас қардың 
«қыршаңқы» «жестін» Керімбек Сыздықовтың өзі де сағынатын 
болар.  Олар  әлдеқашан  бақилық  болып  кетті  ғой.  Әзірге  қалт-
құлт етіп, аман жүрген академиктеріңіз әлгі кісілер, бізге дәріс 
берген,  жетекшілік  жасаған  ұстаздар!  Аман  болсын,  лайым! 
Еркелік сақталу үшін еркелетер есті кісілер керек-ақ қой, керек-
ақ… Әйтпесе, сырты бүтін, іші түтін пенделерге се нің еркелігің 
неменеге  керек?!  Бұл  күнде  еркелікті  азайтқан,  алпыстың  ар-
қасына  көтеріліп,  пайғамбар  жасына  жақындап  келе  жатқан  ол 
еркелей аларлық есті іні бар ма, дегендей алты асқардан төмен 
қарап-қарап қояды. Кім ілінді көзіне? Кім білсін? Әйтеуір алдын 
алыстатып, арқасын жақындатып алғанын біледі?! Білгендіктен, 
қолына  қалам  ұстаған  жастарға  қарап  мұңдылау  күледі.  Дүние 
диалектикасы. Кешегі күнде ұлтың ірі тұлғаларына іні Керекең 
бүгінгі жастарға аға… Інілік жауапкершіліктен аға жауапкершілігі 
– ауыр! Оны Керекең жақсы біледі.
Керімбек  Сыздықов  алпысқа  айқайламай,  дабырламай,  өзі-
не тән мәйін мінезбен сызылып қана келді. «Кітабыңызды шы-
ғарып берейік тә» – деп қамқорсыған дос-жаран, кейбір жа нашыр 
інілеріне де ыңғай берген жоқ. Енді сол тілекке әрең дегенде кө-
ніп,  ертелі-кеш  жазған-сызған  дүниелерін  жинақтап  ұсынып 
отыр. 
Жинақ не туралы?
Әдебиет туралы мақалалар, Қазақстан Жазушылар одағында 
жыл  қорытындысында  жасалған  баяндама,  ағалар  жайында 
айтылған алғаусыз адал ойлар, ұстаздық және ұстаздар жайында, 
туған  тілдің  қадір-қасиеті,  ана  тілін  ардақтауға  үндеу,  қазақ 
диаспорасы жөнінде пікірлер, сұхбат, сырласу материалдары.
Антуан  Экзюпери  айтады:  адам  баласы  адым  сайын  өзінің 
кім  болғанын,  жолдың  қалай  басталып,  қалай  сабақталып  келе 
жатқанын ұмытпай еске алып отыру керек. Мен бүгінге балалық 
шақтан келдім деп.
Расында, ондай азамат шүкір-ананы ұмытпаған үлкен жү рек- 
ті жан болып шығады. Қолжазбаны қарап отырғанда менің ойы- 
ма әйгілі жазушы айтқан аталы пікір оралды. Белгілі бір биікке 
көтерілген сәтте, белгілі бір асудан асқанда, әмсе мүшел жас тұ- 
сында жүріп өтіп келе жатқан жолыңа бір үңіліп, бір түйіп тас- 
тап отырмасаң кім болғаның. Ағынмен бірге ағып өте берер бол- 
саң, кеудеңде жаның тұрып – жаңқаға айналғанға бара-бар емес 
пе?! Әсіресе, Керімбек Сыздықов секілді алдындағы ұстаздары- 
на, әріптес ағаларына сүйкімді іні, оңтүстіктің қалам ұстаған аза- 
маттарына ортақ сүйікті аға бола білген адам үшін сыйлы өтіп, 
парасатпен жеткен пайғамбар жасын нем бар, нем жоқ, не тын- 
дырдым, тындырарым қайсы – деген өткенімен өкінішті, берері- 
мен мақтанышты өмір жолын бір безбендеп алу жарасымды-ақ. 
Ертелі-кеш жазылып, кітапқа ұсынылып отырған мате риал- 
дардың  әдебиеттануға  тән  зерттеу  мен  журналистика  жан ры  –  
сұхбаттасуға дейін қамтылып жатуының да сыры осын да. Бұған 
дейін  «Мұхтар  Әуезов  –  әдебиет  сыншысы»  (1973),  «Мұх тар- 
танудың  беймәлім  беттері»  секілді  бір  тақырыпты  тұтас-тұ- 
тас  зерттеу  еңбектерін  берген  және  ол  дүниелері  сә ті мен 
туып,  сәтті  бағаланған  Керекеңнің  қолымыздағы  кіта бы ның  
аралас  жанр  туындыларынан  бас  құрауы  –  заңды.  Бұл  алпыс- 
тың асқарына шыққан азаматтың еңбек есебі. Автор – кейіпкер, 

520
521
кейіпкер  –  авторға  айнала  сөйлейтін  сәттер  болады  әдебиет- 
те.  Көбіне,  мемуарға  тән  осы  сипаттар  жанры  әрбасқа  болуы- 
на  қарамастан  қолымыздағы  кітапқа  да  тән.  Автор  өзі  жайын-
да  арнайы  сөз  сабақтамағанымен,  әңгіме  ауанына  орай,  сөздің 
сірағасы  райында  төбе  көрсеткенінің  өзінде  кейіп   кер  болып  та 
үлгереді.  Ұстаздарының  ұлағат  сөздерін,  тұстаста рының  тал- 
ғамды ойларын толғаныспен ортаға салады  Автор. Сөйте, тұра 
автордың  өмір  жолы,  қызмет  бабы  –  қоса  өріледі  –  кейіпкер! 
Авторлық  пен  кейіпкерлік  арасында  осы  «Ұстаздық  ұлағаты» 
аталатын кітап өмірге келген.
Оның алғашқы тарауы – әдебиет мәселелеріне, екінші тарауы  
– әлеумет мәселелеріне арналыпты. Әралуан мәселелер бір-бірі-
мен табиғи сабақтасып, екі тарау материалдары бірінен екінші-
сіне жымдаса табиғи өтіп кетіп жатыр. Екі тарау материалдары 
бірін-бірі толықтырып жатыр.
Еңбектің  тағы  бір  ерекшелігі  –  онда  автор  соңғы  40  жыл-
да  табандап  тұрып,  еңбек  етіп  келе  жатқан  Оңтүстік  Қазақ-
стан  облысының  руханият  картасын  жасауға  тырысқан  секілді. 
Кім  жайында,  не  хақында  қалам  тербесе  де  Оңтүстік  тағ дыр-
тарихымен  сабақтастыра  сөйлейді.  Мейлі  М.Әуезов,  Т.Әлім-
құлов, Қ.Қазиев, М.Байғұтов творчествосы жайында толған сын, 
мейлі  қазақ  тілі,  жоғары  оқу  орны,  ондағы  білім  сапасы,  қазақ 
құрылтайы жөнінде ой бөліссін – сөзін оңтүстік арқылы сабақтап, 
ойын оңтүстік қазына-байлығына айналдырып ортаға салады.
Бұрын бір тақырыпты, бір мақсатты зерттеумен айналысқан 
Керекең  бұл  еңбегінде  тақырып  ауқымын  мейілінше  кеңейтіп, 
жан-жақтылық  танытқан,  әдебиет  өміріне  де,  әлеумет  өміріне 
де  еркін  барған,  еркін  қалам  тартқан.  Қазақстан  жерінде  әде-
би  айналымға  енді  еніп  жатқан  софылық  әдебиеттің  ұлы  өкілі 
– Қ.А.Ясауиден тартып, ұлылар легі Абай, М.Әуезов, Жам был, 
Ғ.Мүсірепов  болып  жалғасады.  Әдеби  дәстүр  түзбесе  ұлының 
ұлылығы қайсы?! Стилист жазушы Т.Әлімқұлов, отты публицист 
Б.Бұлқышев,  «акварелист»  Қ.Қазиев  жайындағы  үш  мақала, 
тегеурінді  Ү.Шойбеков,  лирик  М.Байғұт,  емшілігін  қоса  алып 
жүрген  Ерсін  Қойбағаров  шығармашылығы  дәстүр  жалғасы 
ретінде әңгімеленеді. Әрине, бұған жеке шығармалар жайындағы 
пікір толғамдары қосылады.
Қадымнан  қазірге,  әріден  тартып  бүгінге  дейінгі  әдебиет 
тұлғаларын тұтастыра тұлғалап, олардың әдеби мұрасын, твор-
честволық тағдырын талдауға еркін жеткен әдеби білім, эстети-
калық талғам зерттеушіні ардақты ете түседі.
Профессор  Керімбек  Сыздықов  қай  тақырыпқа  қалам  тарт-
сын,  қандай  тұлға  жайында  толғансын,  не  жайында  жазсын  – 
зерттеп, танып, біліп жазады, өзіне тән сұлу стиль, М.Әуезовті 
зерттей жүріп табиғи сіңірген көркем тілмен төгілте, мөлдірете 
жазады.  Үлкен-кіші  мақала  –  зерттеу  материалдарының  қай-
қайсысын да тұшынып оқып, пайдалы ой-пікір түйесің. Әрине, 
аты бар, білім иесінің уақыт «заказына» тым бейімделе бермегені 
жөн. Оны да жасырмайық.
Қолдарыңыздағы кітап әдеби қосымша оқу құралы, ғылыми-
танымдық,  журналистік  еңбек  ретінде  кім-кімге  де  пайдалы 
болары сөзсіз.
27.03.2001 ж.

522
523
аБыз ақыНды   
СаҒыНдырҒаН еңБеК
Ә.Мұсақұловтың “Әбділда Тәжібаев поэзиясы” аталатын 
кітабына жазылған алғысөз
– Уақытың қалай?
Уақыт жоқ қой, Әбеке. Жәй ма, шәй ма?
– Кезінде Кенжебаев жетекшілігімен жазылған бір зерртеу 
еңбегім бар еді. Соны оқып, пікір айтсаң. Бүгінгі уақыт талабы-
на орайластыра жөндесем.
Еңбек кім туралы, не туралы?
– Әбділда Тәжібаев поэзиясы хақында.
– Әбекең, Бейсекең… Болсын Әбеке, болсын!
Профессор Бейсембай Кенжебаев, ақын Әбділда Тәжібаев 
дегенде тағат тауып тұра алмайтын әдетім бар. Әзіз адамдар - 
дың бірін – әкемдей, бірін туған ағамдай көріп, оларға еркелеп 
өскен кісімін. Олар да мені бауырына тартып, мейлінше еркеле-
тіп  ержеткізді,  қолынан  келгенінше  қолдады,  жарықтықтар. 
Енді  сондай  абзал  адамның  бірінің  жетекшілігімен  енді  бірі-
нің шығармашылық тағдырын зерттеген еңбекті оқып білген, 
түйген пікірімді айтып бермесем, кісілігіме мін, сүйегіме таңба 
емес пе, жарқыным-ау?! Еңбектің дерегін дәйектеп алған соң 
Әбекеңе  сөзге  келмей  «Болсын,  болсын»  –  деп  өбектеуімнің 
сыры да, міне осында!
Әбекең деп әспеттеп отырған кісім – әдебиетші, профессор 
Әмір Мұсақұлов. Әмір Мұсақұлов – әдебиет әлеміне тым бей-
таныс  есім  емес.  Тұтас  ғұмырды  шәкірт  тәрбиелеуге  арнап 
келе  жатқан  оқымысты  алпысыншы  жылдары  әдебиетте  бір-
сыпыра көрінді, жетпісінші жылдың басында кандидаттық дис-
сертация қорғады. Ол кездегі кандидаттық диссертация бүгінгі 
докторлыққа алдырмайтыны түсінікті. Ара-кідік ағымдағы бас-
пасөзде мақала жазып, оқырманмен сиректеу де болса жүз десіп 
отырады. Бірақ, негізгі мамандық – ұстаздық.
Оңтүстік  Қазақстандағы  Қ.А.Ясауи  атындағы  халықара-
лық қазақ-түрік университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының 
меңгерушісі қызметін біраз жылдан атқаратын ол жылы өңірге 
кеңінен  белгілі  –  аға,  бақытын  шәкірт  тәрбиелеуден  тапқан  – 
шынайы ұстаз. Шын беріліп атқарар болсаң ұстаздық бір сәт 
босатпайтын, уақыт арттырмайтын мамандық.
Кезінде  жазылып,  сәтті  қорғалған  зерттеу  еңбегін  араға 
отыз жыл салып, қорғалақтай ұсынып тұрған себебі де осында 
жатса керек. Пысықай әлдекім болса бұл қолжазбаны кезінде-
ақ  кітап  етіп  бастырып  жіберген  болар  еді.  Қайтесің,  аға 
буынның алдындағы көсем ұстаздарынан алған адал тәрбиесі. 
Сол  адалдық,  сол  тазалықты  кейінгі  ұрпақ  көкірегіне  құйып 
кете  алар  ма  екенбіз?!  Қабылдай  ма,  қабылдар  ма,  қабылдай 
алар ма, кейінгі ұрпақ? Тазалықты қабылдау үшін де кісіге ми 
сауытының мөлдірлігі, жүрек арнасының ашықтығы керек-ау.
Жарықтық  Сәбит  Мұқановша  айтқанда,  қызды-қыздымен 
біраз  жерге  кетіп  қалдық  па,  енді  негізгі  мәселеге  қайта 
оралайық.
Әмір  Мұсақұлов  еңбегі  –  Әбділда  Тәжібаевтың  поэзиясы 
хақында.  Әрі  алты  қыр  астында  қалған  –  сонау  алпысыншы 
жылдары жазылған еңбек. Еңбек ескірмей тұрмайды. Әсіресе, 
әдебиеттану еңбектері тез сыр беріп қоятыны болады. «Ескіру-
дің»  тағы  бір  себебі  –  қазақ  елі  феодализмнен  коммунизмге 
бірден  өтіп  кетіп  –  бір,  жетпіс  жылдан  соң  коммунизмнен 
капитализмге «бірден өтіп кетіп» – екі, жұртты да таң-тамаша 
қалдырып, өзіміз де таң-тамаша күй кешіп жатқан жайымыз бар. 
Уақыттың өзгеруі – әдебиетті зерттеу методологиясын өзгертіп 
жібереді. Кезінде адым сайын қайталанатын «социалистік реа-
лизм» адыра қалғалы қашан?! Социалистік реализмді жаттап, 
соны ту етіп ұстаған, методология етіп ұстанған еңбектің көбі 
қолжазбадай  да,  кітап  күйінде  де  күресінге  кетті.  Мәселенің 
қиын жері – осында! Дегенде, кезінде маңдай терді сыпырып 
тастап, адал атқарылған еңбекте көп ойлар, көп пікірлер бағалы 
қалпын сақтап қалады екен. Оқып отырғанда тауып айтылған 
ондай  өміршең  ойлар,  жүрегіңді  жылытып,  бүйрегіңді  бүлк 
еткізеді  екен.  Бәлкім  ділі  жұмсақ  болғанымен  діні  қатты, 
марқұм Бейсембай Кенжебаевтың талап тегеуріні әсері, бәлкім 
талапты ердің талмай ізденуі жемісі, әйтеуір қолжазбаны оқып 
отырғанда бірсыпыра қызықты ойларға кездестім. Абыз ақын 
Әбділда  Тәжібаевты  бір  кісідей  білемін  деп  жүрген  (кейбір 
қолжазбалары,  хаттары,  фотосуреттері  менде  сақтаулы.  Қ.е.
басым  өзім  ерекше  құрметтеп  жақсы  көретін  қалам  иесінің 
бірсыпыра  тосын  жайларын  осы  қолжазбадан  оқып,  рахатқа 
баттым. Ендігі бір сәтте «бәрі коммунистік партияның арқасы» 
дегендей  әсіре  әңгімелер  жиілеген  тұста,  ақынның  уақыт 
ырқымен  есіп,  жалаулатып  кеткен  сәттерін  кемшілік  ретінде 
ымырасыз сынау орнына, жетістігі райында аялап өте шыққан, 
әйтпесе, «сияқты» – деп сүйеп салды сынаған сәттерінде автор- 

524
525
ға ренжіп бақтым. Ренжитін де ештеңе жоқ – бәрі уақыт табы. 
«Мызғымайтын»  маркстік-лениндік  ілім  мызғып,  қозғалмай- 
тын  кеңестік  қоғам  қаңғалақтап,  қоғам  асты-үстіне  түсіп 
жатқанда,  белгілі  бір  ғалымның  пікірі  –  уақыт  белеңінен  аса 
алмады деп ренжуге бола ма?!
Қыл-қысқасы,  Алла  берген  адал  уақытты  ақ  жұмсап,  ақ-
адал пікірімді қолқабыс қолжазба үстінде деген оймен айтып 
шықтым. 
Енді, міне қайталай оқып отырмын. Жоқ, автор өз еңбегін 
өңдеп  шығыпты.  Редакциялық  өңдеудің,  негізінен,  қысқарту 
арқылы  жүргізілгенін  де  шамалап  отырмын.  Егер,  еңбекті 
бастан-аяқ  бүгінгі  таным  тұрғысынан  қарап,  бүгінгі  ағынға 
қарай икемдеуді мақсат етсе – онда түгел қайта жазып шығуға 
тура келген болар еді. Олай ету – ғалымның кезіндегі қырық 
жасына  жасаған  «опасыздығы»,  олай  ету  –  еңбекке  қиянат 
болар  еді.  Күнбе-күндік  күрес-көтеріліс,  төбелес-төңкеріс, 
ғажап шапшаң өзгеріс арасында жүріп жазған шығармаларын 
сырбаз  Сәкен  Сейфуллин  де  кейін  қайта  оралып  қарағанда, 
өзгертпеген. Өз сөзімен айтқанда, кексе Сәкен, балаң романтик 
Сәкенге қиянат жасағысы келмеген. Асылы, мұндай тәсіл – әлем 
әдебиетінде молынан кездесетін тәжірибе! Әмір Мұсақұловтың 
өзінің  кезінде  жазылған  зерттеу  еңбегін  қысқарту  арқылы 
өңдеуін мен осылай түсіндім.
Еңбек қазақ әдебиетінің бар жанрында еңбектеніп, әсіресе 
поэзияға молынан үлес қосқан, бүгін мақтанып айтатын М.Ма-
қатаев,  Қ.Мырзалиев,  Т.Молдағалиев,  Ж.Смақов,  Ә.Дүй сем-
биев,  Ф.Оңғарсыноваға  ақындық  мектеп  болған  аяулы  Әбе-
кең  –  Ә.Тәжібаев  поэзиясы  хақында.  Әбекеңнің  поэзиясы  те-
легей-теңіз  дерлік,  шалқып  жатқан  бір  шалқар  дүние!  Әлем-
дік  поэзияда  жетпіс  жастың  маңында  махаббат  лирикасын 
ғажайып  биікке  көтеріп  жазған  ұлы  ақын  –  И.В.Гете  екені 
әмбеге  аян.  Ал,  Ә.Тәжібаев  махаббат  лирикасын  80-90  жас 
аралығында маздатып та, тамылжытып та жазды ғой, асылым-
ай!  «Телегей-теңіз,  шалқыған  шалқар»  демегенде  не  дейін, 
енді?!  Бірақ,  Ә.Мұсақұлов  зерттеу  жазған  тұста  абыздайын 
ақын тірі еді, тынысты еді, шау тартпаған шабытты шағында 
еді.  Тіпті,  «Аралдарды»  жазып,  қазақ  әдебиетінде  құбылыс 
жасап, жұртты таңқалдырып, жастарды соңынан ілестіріп алып 
кетіп  бара  жатты  аса  талантты  ақын.  Ә.Мұқсақұлов  зерттеуі 
Әбекең  поэзиясын  хронологиялық  тұрғыдан  –  тууы,  ізденісі, 
қалыптасуы, уақыт ағымымен қатар адымдауы деген ыңғайда 
қарастырады.  Бұл  да  өзінше  бір  шежіре  –  жиырмасыншы 
жылдардан жетпісінші жылдарға дейінгі ізденіс арналарын әрі 
дәйекті, әрі поэтикалық шеберлік тұрғысынан ашып береді.
Бүгінгі  ұрпақ  кеңестік  жетпіс  жылдың  әрбір  он  жылында 
не болып, не қойғанын біле бермейді. Ал, мына зерттеуде 20-
30  жылдар,  соғыс  жылдары,  соғыстан  кейінгі  өмір  кезеңдері 
ақын шығармашылық тағдыры өзегімен өзара сабақтастырыла 
әңгімеленеді.  Кезең-кезеңдегі  әлеуметтік-экономикалық  өзге-
рістер  қоғам  бойындағы  қозғалысқа  ақынның  творчестволық 
қатынасы, шығармашылық иесінің уақытпен бірге өсіп, есеюі 
–  зерттеуде  тәп-тәуір  талданады.  Ақынның  поэтикалық  зор 
қарқын әкелген «Аралдар» жыр жинағына дейін баспалдақтап 
айтылып, сатылаған ақындық өсу әдеби сын, зерттеу тұрғысы-
нан сараланады.
Ешкім де әу бастан жүйрік жазып, бірден классик бола қал-
масы кім-кімге де белгілі. Дарынды болып туғанмен талантты 
тәрбие өсіреді, ізденіс биіктерге жеткізеді. Сол ақынның ізде ніс 
іздері,  жүріп  өткен  соқпақ  сораптары  еңбекте  анық  та  айқын 
көрініс табады.
Зерттеуші  тек  уақыт  ағымы,  қоғамдағы  өзгерістер  ізімен 
жүріп  отыратын  жәй  шежіреші  ғана  емес,  кезінде  әдебиет-
тану  жеткен  рухани  қазынамен  сусындаған  һәм  қаруланған, 
эстетикалық көзқарасы қалыптасқан, талғамы биік әдебиетші. 
Ол  оқиғалар  ізімен  жүріп  қана  отырмай  ақын  шыққан  өр, 
биіктерді, кейде құлаған еңістерді қатты қадағалап, шығар ма-
ларды талдап таразылайды.
Талдау  «Аралдар»  жинағына  жеткен  жерде  біз  кеше  ғана 
«лықсып  тасып,  жырдағы  жалғандықпен  мылтықтасып» 
(М.Ма қатаев) жүрген шабытты, терең де тегеурінді, философ 
ақын Әбділда Тәжібаевты табамыз. Өкінішке қарай әдебиетші 
Әбділ да Тәжібаевтың ақындығын әріден тартып, «Аралдарға» 
малтып зорға жетеді. Әбекең ешуақытта нашар ақын атанбаған. 
Алайда «Аралдар» жинағына дейін Әбекең өлеңді кеңестік қо-
ғамның жетістігіне құрып жазатын жалғандау пафостың ақы- 
 ны.  Ақынның  қалыптасу  жолын  зерттеген  әдебиетші  бізді, 
сөйтіп, өзіміз білетін, сүйетін философ ақынмен табыстырып 
зерттеуін аяқтайды.
Бұл – абзал адам, абыз ақынды сағындырған еңбек болды. 
Әдебиетші аға өзге де мақалаларын бір қосып «мұқабалайтын» 
болса жас өркен үшін жақсы кітап шығарына сенемін!
19.03.2001 ж.

526
527

1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал