СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)


Ояну дәуірінің әдебиеті – ойлы ғалым зеттеуінде



жүктеу 4.69 Kb.
Pdf просмотр
бет12/41
Дата09.01.2017
өлшемі4.69 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41

Ояну дәуірінің әдебиеті – ойлы ғалым зеттеуінде 
(Он екінші ерлік)
ХХ ғасыр да аяқталды.
Қара  үйін  (киіз  үй)  жығып,  бау-шуын  буып-түйіп  тарих 
қойнауына  беттеп  бара  жатқан  ХХ  ғасыр  –  адамзат  баласы 
тарихындағы  ең  бір  күрделі  кезең.  Әсіресе  қазақ  секілді  тағ-
дыры  ылғи  да  қыл  үстінде  жүретін,  түйесінің  жүгі  ылғи  да 
аумалы-төкпелі  келетін  халық  бұл  дәуірді  біркелкі  даму  ая-
сында  өткізбегені  хақ.  Ілгері  басқан  қадамы  кейін  кетіп,  ал-
дым  деген  бостандығы  бодандық  таз  кепештің  өңі  өзгерген 
түрі болып шыға берген қазақ халқы үшін ХХ ғасыр әр буын 
ұрпағы әр қырынан үңіліп қарайтын; бірі бейіл берсе, бірі рен-
жи әңгімелейтін кезеңге айналары және шындық.
Қай нәрсенің де бастауы бар, аяқталуы бар. Аяқталып ке-
ле  жатқан  ғасыр  жайында  ойланғанда  адамзаттың  бұл  дәуір-
дәурені қалай басталып еді деген сұрақ көңілде жатады. 
ХХ ғасыр басы – қазақ халқы үшін жер бетінен жойылу мен 
тарих аренасында қалу дегендей алмағайып халді алға тартқан 
күрделі  тарихи  кезең.  Қазақша  айтқанда  өмір  не  өлім  дерлік 
бұл кезеңге орыстың отарлау саясаты шеннен асқан қысым бо-
лып жетті. Бұл кезеңге хандық дәуір тұсындағы жыраулардың 
өктем үні талып-талып жетсе, әлсіреген ақындық үн қайта оя-
нып,  халықты  ояту  сарынына  айналып,  қайта  зорайып  жетті. 
Жаңа дәуір есігін өшкен ел ретінде емес, өзгелердей өскен ел 
райында ашайық деген үн, асқақ рух кең даланы кернеді. Сары 
даланың жаңбырдан кейінгі нөсер жаңбырмен көгеретіні сын-
ды отарлық тесікөкпе етіп езген, ұйқы басқан қазақтай халық 
бостандықпен  ғана  түлейтінін  жарлай  айтты,  зарлай  айтты 
ақындар. Халықты ояту, бостандыққа үндеу – отар ел ақындары 
үшін оңай болмасы хақ. Астарлай айту, ажарлап айту, тәмсілдеп 
айту дегендей қазақ ақындары ой айтудың сан-алуан тәсіліне, 
халықты  оятудың  сан-алуан  амалына  барды.  Осыдан  келіп 
халық,  бостандық  деп  жарғақ  құлағы  жастыққа  тимей  жар-
лап  жүрген  ақын,  жазушылар  «кітаби»,  «ағартушы»,  «сын-
шыл  ағартушы»,  «ұлтшыл»,  «демократ»  дегендей  түрлі  атау, 
жарғыға ие болды. Ой айтудың сан-алуан формасынан әдебиет 
байлығы туындайды. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі 
түрлі  ағым,  әдіс,  әдеби  мектептер  өмірге  осылай  келді.  ХХ 
ғасыр  басындағы  әлеуметтік  өмірдің  сан  қатпарлығы  секілді 
жиырмасыншы  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  мейлінше 
күрделі болатын себебі де міне осыдан. 
 Күрделі әдебиет, бай әдебиет – халыққа ұнағанымен орыс 
отарлық саясатын өңін өзгертіп жалғастырған кеңестік кезеңде 
жақсы  атала  қоймады.  Дәуірдің  дауылпаз  қаламгерлерінің 
бірі  діни-клерикалдық,  бірі  ұлтшыл-буржуазиялық  деген-
дей шеттетілумен болды. Міне, осындай әдебиетті М.Әуезов, 
С.Мұқанов,  Е.Бекенов,  Е.Ысмайылов,  Қ.Жұмалиев,  Б.Кен-
же байұлы  секілді  ғалымдар  кезең-кезеңде  зерттеп  оқулық, 
монография  жазды.  Солардың  ішінде  профессор  Бейсем-
бай  Кенжебайұлы  еңбегі  ерекше.  Ғалым  еңбегінің  ерекше 
шоқ тықты  екенін  әрісі  М.Әуезов,  С.Мұқанов  та,  тұстас-қа-
нат тасы  Е.Ысмайылов  та  мойындаған,  жоғары  бағалаған. 
Б.Кенжебайұлының  «Қазақтың  ХХ  ғасыр  басындағы  демо-
крат  жазушылары»  (1958  ж)  аталатын  құнды  монографиялық 
зерттеуі оқулық райында әлденеше рет қайта басылым көріп, 
студент  қауымының  ықыласына  бөленді.  Оқулық  соңғы  рет 
1993 жылы «ХХғасыр басындағы әдебиет» (Білім, 1993 ж) де-
ген атпен жарық көрді. Ендігі әңгіме осы ояну дәуірі әдебиетін 
қиын-қыстау кезеңде ғалымның қалай зерттегені жөнінде.
Бұл  –  көрнекті  оқымысты,  профессор  Бейсембай  Кенже-
байұлының  «ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті»  аталатын, 
алпысыншы  жылдардың  басынан  бері  бірнеше  дүркін  басы-
лып,  жас  өркен  студент  қауымының  рухани  қажетін  өтеген 
оқулығының  кезекті  басылымы.  Белгілі  бір  биік  мақсатсыз 
қолға  қалам  алмайтын,  ақ  қағазды  орынсыз  шимайламай-
тын  бағдаршыл  ғалым  оқулығының  аз-кем  қайта  қаралған, 
түпнұсқа  қолжазбасымен  салыстырылған  нұсқасы  болатын 
бұл! Ғалымның өзі жоқ, еңбегі алдымызда ашық жатыр…
Шын  бағалы  еңбектің  қай-қайсысының  да  қиын-қызық 
ғибратты тағдыры болмақ. Марқұм Бейсембай Кенжебайұлы-
ның аталмыш еңбегі де талай тар жолдан қысылып, қиындық 
көріп  өткен  еңбек.  Бала  күннен  әдебиет,  ғылымға  баулыған 
ұстаз  еңбегінің  қалай  туып,  қандай  жолдан  өткенін  ғалым 
тағдырымен  сабақтастыра  әңгімелеп  беру  –  шәкірттік,  қажет 
болса перзенттік парыз.
Көркем әдебиетке қарағанда тез тозып, тез ескірердей көрі - 
ніп  келген  сала  –  әдебиеттану.  Әсіресе,  әдебиет  тарихы  жа-
йындағы зерттеулер әсіреқызылдай оңғақ келгені де рас. Мұ-
ның себебін жанрдан іздеп жаңылысып келген екенбіз. Әдебиет 
тарихы  жайлы  зерттеулердің  солғындық  танытуы  –  оның 

156
157
мерзімдік  саясатқа  икемделе  тар  өрісте  жазуылуында  екенін 
енді  біліп  жүрміз  ғой.  Әйтпесе  әдебиет  тарихы  жайындағы 
зерттеудің  өмірін  ұзартатын  ғалымның  тың  концепциясы, 
тегеурінді ойы ғой. Әдебиет тарихы жайындағы бар еңбектің 
кешеден  бүгінге  жетпеуінде,  ертеңге  жол  тартып  кетпеуінде 
автордың терең ой, тегеурінділік, тың концепцияның болмауы-
нан деп білуіміз керек.
Болашақты болжағыш – көреген, мерзімдік идеология өк-
темдігіне  көне  қоймаған,  аяғын  уақытша-алдамшы  саясатқа 
шалдырмай, не айтса – ұлт мүддесі тұрғысынан жазған табан-
ды  ғалымның  бірі  –  Бейсембай  Кенжебайұлы  еді.  1904-1987 
жылдар аралығында өмір сүрген ол уақыт қира кезеңдігін ба-
стан көп кешті, уақытты малданған тар өрісті, тараң пиғылды 
әсіребелсенді  әпербақан  жандардан  зәбір-жапаны  көп  көрді. 
Ол  айтысқан,  ол  тартысқан  адамдар  –  Қазақстан  Компартия-
сы  Орталық  Комитетінің  кезіндегі  хатшылары  Мұхаметжан 
Әбдіхалықов,  Нұрымбек  Жанділдин,  М.С.Соломенцев  секілді 
биік лауазым иелері болуының өзі көп жайды аңғартса керек. 
Азуын  айға  білеген  лауазым  иелерімен  не  үшін  айтысты,  не 
үшін тартысты ғалым? Ұлт әдебиетінің мүддесі үшін. Ұлтын 
сүйгені үшін жазықты болып, «ұлтшылдығы» үшін талай нәлет 
сөзін  естіді.  Талай  партиялық  сөгіс  алып,  1953  жылы  партия 
қатарынан  шығарылды.  Бүгін  күлкілі  көрінетін  бұл  жай,  бұл 
шаруа уақытында соншалық зәрлі, соншалық қатерлі естілетін. 
КОКП  қатарынан  шығарылған  ұлтшылды  итжеккен  күтіп 
тұрар еді ол жылдары. Саналы өмірін қазақ әдебиеті тарихын 
зерттеуге арнаған Бейсембай Кенжебайұлы бар ғұмырын осын-
дай қауіп пен қатер арасында өткізді. Көне шығыс философы 
әл-Жиһаз (775-868 ж) айтқандай, «қатер күткен жан – қатерге 
берілген жан» – дегендей, сәт сайын қауіп-қатер күте жүріп, ұлт 
үшін еңбектенді.
Көңілге  қауіп  ұялатып,  басты  қатерге  тіге  жүріп  қазақ 
әдебиеті  тарихы  жайында  аянбай  еңбек  етті.  Тасқа  салса 
кетілмей,  қайта  жетіле  түсер  шарболаттай  өршіп,  саясатқа 
қайшы  келетін,  тек  қана  ұлт  мүддесімен  үндесетін  толайым 
еңбектер  берді  халқына.  Құлағынан  қиқу  кетпей  жүріп  тың 
концепциялар  бірінен  соң  бірі  туындап  жатты  әдебиетте.  Ба-
сын  қатерге  тігіп,  жанын  шүберекке  түйе  жүріп  жасалған 
еңбектерден ғалым кезінде көбіне қарғыс алды. Тек кейін ғана 
алғыс алды. Тек кейін ғана ол еңбектердің, ол концепциялар- 
дың  шын  бағасын  білдік.  Қымбат  ойлардың  қадіріне  кейін 
жеттік. Ерте қалыптасқан, дер мерзімінде мойындалуға тиісті 
«Бейсембай Кенжебайұлының қазақ әдебиеті тарихын зерттеу 
мектебі» кешігіп кейін мойындалды, ғалым әбден қартайғанда 
кеш құрметтелді. 
Қиындықпен,  күреспен  жүзеге  асқан  ғалым  еңбегінің  әр-
қайсысы  ерлікке  бара-бар  күй  кешті.  Ғалым  қазақ  әдебиеті 
тарихын  біртіндеп  ілгерілетіп,  біртіндеп  тереңдете  түсті. 
Сөйтіп  жүріп  ғалымның  тұтас  қазақ  әдебиеті  жайлы  жүйесі 
қалыптасты.  Түркі  халықтарына  ортақ  кезеңдерден  бастау 
алатын  қазақ  әдебиеті  тарихының  Бейсембай  Кенжебайұлы 
жасаған  дәуірлеу  жүйесі  қазір  мейлінше  мойындалған,  мек-
теп  оқушыларынан  бастап  жоғары  оқу  орындарына  дейін 
оқытылады.  Сонымен  қатар,  бас-басына  атап  айтар  болсақ, 
профессор  Бейсембай  Кенжебайұлы  әдебиетіміздің  түркі  ха-
лықтарына  ортақ  ежелгі  дәуірі,  қазақ  хандығы  тұсындағы 
әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті кезеңдерін тың 
проблема ретінде алғаш көтеріп көпке жеткізген, концепцияға 
айналдырып әдебиетте орнықтырған табанды, көреген ғалым. 
Өзі  бастап  зерттеген  тұтас-тұтас  дәуір  әдебиетіне  талантты 
шәкірттерін  бағыттай  тәрбиелеп  ұстаздық  ұлылығымен  тәнті 
еткен де Бейсекең. Мырзатай Жолдасбеков, Мұхтар Мағауин, 
Рымғали Нұрғалиев, Қабиболла Сыдықов, Нәмет Келімбетов, 
Алма  Қыраубаева  секілді  дарынды  ғалымдар  еңбегі  аталған 
жерде Бейсекең есімі қосарлана аталып, құрметтелуінің сыры 
да міне осындай есепсіз адал ұстаздық тәрбиеге байланысты. 
Өзімен өкшелес шығып, қазақ әдебиеті тарихында қанаттас 
еңбектенген  Әуелбек  Қоңыратбаев,  Ханғали  Сүйіншәлиев, 
Рахманқұл Бердібаев, Тұрсынбек Кәкішев, Зәки Ахметов, Ше-
рияздан  Елеукенов,  Темірбек  Қожакеев  сынды  ғалымдар  да 
Бейсекең алдында әрдайым шәкірттік бейілмен бас иеді.
Бүгін  арамызда  ғалымның  өзі  болмағанымен  еңбегі  ерек-
ше  аталатыны,  бүгін  арамызда  ғалымның  өзі  болмағанымен 
есімі  шәкірттерінің  аузынан  түспей  құрметпен  аталатыны  – 
ғалымдық пен ұстаздықтың, кісілік пен кішіліктің, азаматтық 
пен  парасаттылықтың  аға  ғалым  бойында  құп  жарасып, 
қосарланған  қасиеттердің  егіз-егіз  қатар  дамуынан.  Кешегі 
бейнет – бүгін зейнет, кешегі нәлет – бүгінгі құрметке ұласқан. 
Бұл  ретте  Б.Кенжеайұлы  әдебиеттану  ғылымындағы  Потеб-
ня, Лосев, Бахтин секілді ғалымдар санатынан еді. Замананың 
жақсарып,  ықыластың  ауғанын  шет  жағалап  жақсы  жасаған 
ғалымның  өзі  де  көріп,  көп  нәрсені  көңіліне  түйіп  аттанды 

158
159
мынау  жарық  дүниеден.  Оған  да  шүкіршілік!  Жарық  таңның 
атқанын көрмегенмен алғашқы шапақтарын көріп, таң атарына 
көз жеткізіп аттану да бақыт-ау, асылы.
Ғалымның  ой-қуатын,  көз-жанар  қуатын  ала  қыруар  бей-
нетпен  келген  еңбегінің  бірі  –  «Қазақ  халқының  ХХ  ғасыр 
басындағы  демократ  жазушыларың»  (1958  ж)  аталатын  аса 
бағалы  монографиясы.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымына  аса  зор 
үлес  болып  қосылған,  кезінде  Мұхтар  Әуезов,  Әлкей  Марғұ-
лан,  Мәдине  Богданова  (Мәскеу),  М.Ғайнуллин  (татар),  Ісмет 
Кеңесбаев,  Аалы  Тоқамбаев  (қырғыз)  сынды  әр  ұлт,  әралуан 
оқымыстылары  тарапынан  тап  солай  аса  жоғары  бағаланған 
бұл еңбек дүниеге оңай келген жоқ-ты. 1958 жылы ғылыми мо-
нография, кейін жоғары оқу орындары студенттеріне арналған 
оқулық  райында  әлденеше  дүркін  басылым  көрген  бұл  еңбек 
ғалымның  докторлық  диссертациясы.  Демек,  бұл  еңбекке 
ғалымның талай жылдық маңдай тері сіңді деген сөз. 
Он жыл ұлындай болып қолында тұрған кездері аталмыш 
еңбектің  қалай  туғаны  жайында  бірде  жадырап,  бірде  жауар 
күндей түнеріп, бірде күліп, бірде күрсініп талай сыр айтқаны 
бар.  Өзінің  айтуына  қарағанда  кандидаттық  диссертациясы  – 
«Сұлтанмахмұттың ақындығы». Жаңалығымен жақсы қорғал-
ған диссертация қолжазба күйінде (әлі кітап болып басылмаған 
кезі)  «достарының»  көрсетуімен  Қазақстан  Компартиясы  Ор-
талық Комитетінің қаулысына ілінеді. Сондағы бар жазығы – 
диссертациясында  қазақ  әдебиеті  тарихын  тапқа  жіктей  зерт-
теудің қажеті аз деген пікір. Ғалым диссертациясы Орталық Ко-
митетке алдырылып әлгіндей пікір айтылған «Кіріспе» тарауы 
жыртылып  алынып  өртелген.  Өзі  қудаланған,  газет-журналға 
қараланып жазылған. Ақыры, жоғарыда айтқанымыздай, 1953 
жылы партия қатарынан шығарылған.
Міне, осындай көрген зәбір-жападан зәрезап болып жүрегі 
шайлыққан ғалым әуелі докторлық диссертацияға – «Қазақ со-
вет әдебиетінің қалыптасуы» – деген тақырыпты алады. «Жи-
ырмасыншы  жылдардағы  қазақ  әдебиеті»  –  аталатын  еңбекті 
жазып аяқтап, «Жұлдыз» журналында жариялатады. (Кейінірек 
кітап  етіп  шығарды).  Бірақ  көңілі  толар  емес.  Күні  кеше  өзі 
аға  тұтқан  ардақтардың  көбін  атауға,  қазақ  кеңес  әдебиетін 
қалыптастырудағы  еңбектерін  ауыз  толтырып  бағалай  айтуға 
тиым  салынған.  Оларсыз  дәуір  әдебиеті  түгенделетін  түрі 
көрінбейді.  Олардың  әдеби  мұрасын  әңгімелемей  еңбек  ғы-
лыми болмақ емес. Кеше ғана өзіне әдебиет әліп-биін үйреткен 
марқасқалар еңбегін атап, бағасын бермеу – ғалым үшін опа-
сыздықпен  тең.  Жазылып,  пісіп-түсіп  дегендей  дайын  болған 
диссертациядан ғалым бас тартты. Саналы түрде бұл тақырып-
ты тәрк етіп, «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» аталатын 
кезең әдебиетіне көшті. Идеология жегіндісіне айналғысы кел-
меді.  Саясаттан  ғылым,  ғылымнан  саясат  жасағысы  келмеді. 
Өзгеміз болсақ әлде қайтер едік, оңайдан орайы келіп тұрған 
«советтік» тақырыптан бас тартпас едік-ау. Ал Бейсекең біткен 
істі  жылы  жауып  тастап,  бәрін  қайтадан,  тыңнан  бастады. 
Міне, оңайға ұмтылмай, ғылымды қиыннан жасар шын ғалым 
табиғаты. «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» монография-
сы өмірге осылай келген.
ХХ ғасыр басындағы – жаңа ғасыр көгіндегі әдебиет қан - 
дай әдебиет еді? Зерттеуші міндеті ауырлады ма, жеңілдеді ме?
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті – әдеби ағымдар өзара 
айқасқан, ақын-жазушының әрқайсысы әртүрлі бағыт ұстаған, 
ақтарар  архиві,  қарап  оқыр  кітабы,  жарық  көрген  баспасөзі 
мол, қысқасы бейнеті белуардан келетін күрделі кезең. Ең ба-
стысы  ол  кезеңге  саяси  баға  теріс  беріліп  келген.  Оны  Сұл-
танмахмұт  Торайғырұлының  әдеби  мұрасын  зерттеу  үстінде 
өзі де байқаған, ақ сөйлеймін деп кермек дәм татқан. «Ауызы 
күйген үрлеп ішеді» демей, сөйте тұра өзі қуғын көрген кезең 
әдебиетіне қайта баруы – ғалым қайсарлығы, ұлтжандылығы, 
принциптілігі,  табандылығы.  Жаным  халқымнан  аяулы  ма? 
–  деген  ардақ  сезім  жетегіне  ергендік.  Жаным  –  арымның 
садағасы деп білген ердің әрекеті бұл!
Ғалымның  осындай  ақ-адал  ойын  сүйіп,  сүйсініп  бағала-
ғаны  болар,  әйтеуір  ұлы  Мұхтар  Әуезов  ҚазМУ-дың  ректо-
рына  бірінен  соң  бірі  дегендей  екі  хат  жолдапты  Бейсекеңді 
қолдап.  Орайында  сол  хаттан  үзінді  келтіре  кету  де  артық 
болмас.  Бірінші  хатта:  «Б.Кенжебайұлымен  ҚазМУ­де  көп 
жыл  үзеңгілес  қызмет  атқаруым  себепті  оның  ғылыми­пе­
да гогикалық  еңбектерін  жақсы  білемін.  Әрі  докторлық  дис­
сертациясын  ойдағыдай  қорғап  шығарына  қапысыз  сене­
тін діктен  аталған  диссертацияға  кеңесші  болуға  қуа на­
қуана  келісетінімді  хабарлаймын».  –  депті  (19.1.1955  ж). 
Екін ші  хатында:  «ҚазМУ­дың  доценті  Б.Кенжебайұлы  
«ХХ ғасыр басындағы қазақ демократиялық әдебиеті» атала­
тын тақырыпта еңбек етіп келеді.
Бұл қолдай қуаттауға әбден лайық тақырып, өйткені ав­

160
161
тор  еңбекші  бұқара  тіршілігімен  сабақтас  демократтық 
бағыттағы  әдеби  процесті  зерттеу  талабын  қойып  отыр. 
Бұл кезең әдеби процесі әлі күнге байсалды зерттеу нысанасы­
на айналған жоқ­ты. 
Доцент  Кенжебайұлы  бірсыпыра  жылдардан  бері  бұл 
тақырыпты  үздіксіз  зерттеп  келеді.  Торайғыров  ақындығы, 
С.Дөнентаев, М.Сералин өмірі мен шығармашылығы хақында 
бас­басына зерттеулер жазып жариялады. Аталмыш ең бек­
терге  қарап  Кенжебайұлының  ұлан­асыр  материал  жинап 
қана қоймай, бағалы байламдарға келгенін көруге болады. 
Маған сондай­ақ Кежебайұлы жолдастың ХІХ ғасыр әде­
биеті  және  совет  әдебиетіне  арналған  зерттеу  еңбектері 
(Абай, Жамбыл тағы басқалар) де жете мәлім.
Міне,  осы  жайлардан  кейін  Кенжебайұлының  доктор лық 
диссертациясын жемісті аяқтап, табысты қорғарына күмән 
болмасқа керек» (30.VІ.1955 ж) – деп жазыпты.
Осының  бәрі  үлкен  сенім,  осының  бәрі  көл-көсір  көңіл, 
қанаттас-дос ғалымға деген үлкен үміт, үлкен асыр тілек, ал-
дына  түсіп,  келер  кедергілерді  күні  бұрын  болжап,  кедергі-
бұлттарды ыдырату, ғалымға жол ашу.
Сөйтіп ғалым саналы түрде күрделі кезең әдебиетіне бар-
ды. Ғалым жүгі ауырлады. Ғалым аянбай еңбек етті. Бұл ретте 
ғалым ізденісі сала-сала.
Біріншіден,  Мәскеу,  Санкт-Петербург,  Қазан,  Өфе,  Қазақ-
стан архивтерін сүзіп шықты.
Екіншіден, ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ, татар, 
башқұрт баспасөзін көп дәптерге көшіре конспектілеген.
Үшіншіден,  ХХ  ғасыр  басында  жарық  көрген  кітаптарды 
жинаған, оқыған, зерттеген.
Төртіншіден, ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында қазақ 
даласында ашылған мектеп-медреселердің тарихын зерттеген.
Бесіншіден, ХХ ғасыр басында өмір сүрген ақын-жазу шы-
лардың  ағайын-туыс,  көзкөрген  дос-жарандарымен  жолығы-
сып, көп-көп естелік әңгімелерін жазып алған.
Аталмыш сала-сала зерттеулерді жүйелі жүргізіп, матери-
ал өзегіне концепция ұялата қамшының өріміндей жымдасты-
ра өріп шығу үшін әрі тарихшы, әрі әдебиетші, әрі тілші, әрі 
журналист, әрі педагог дегендей үлкен эрудит, шынайы фило-
лог  болуға  керек-ті.  Сол  қасиет  Бейсекең  бойынан  табылды. 
Б.Кенжебайұлы әрі журналист, әрі әдебиетші, әрі тарихшы, әрі 
тілші, әрі педагог ретінде жан-жақты зерттеу жүргізіп, орыстың 
басқыншылық  саясатының  әрекет  аясын,  ішкі  сырын  ашты. 
Ашқанын  мол  дерекпен  жемдеп  астарлап  айта  білді.  Ақын-
жазушылардың  діни  оянушылық,  ағартушылық,  ағартушы-
демократ дегендей дүниетаным, көзқарас сатыларынан өткенін 
аша білді. Ұлы замандасы Мұхтар Әуезовті сүйсіндіріп жүрген 
де ғалымның осындай іргелі ізденісі, осындай мол-мол табы-
сы,  толайым  ашқан  жаңалығы.  «Қазақ  халқының  ХХ  ғасыр 
басындағы демократ жазушылары» (1958 ж) аталатын ғылыми 
монографияның  архивтік  дерекке  бай,  жан-жақты,  тарихи-
филологиялық аспектідегі аса құнды еңбек болып шығуының 
шын сыры міне осында. Дуалы ауыздардың батасына ілінетіні, 
көре алмас күншілдердің шағым-шатағына ілігетіні де еңбектің 
ұлттық мүддеге байланған ұлттық болмыс-бітімінде.
Көре алмаушылар дегеннен шығады, аяулы ғалым еңбегін 
мансұқтағысы келген әсіресақ «көргіштер» Ақмолада башқұрт, 
Әкірам татар – олардың қазақ әдебиетіне қатысы қанша – деп, 
Әбубәкір, Нұржан, Шәді, Мәшһүр Жүсіп – діндар, оларды әде-
биетке  әкелу  зиянды  деп  байбалам  салған,  үстінен  арыз  ай-
датқан, Мақыш Қалтаевтың қызына арыз жаздырып: «әкем  нің 
мұрасын  зерттейді,  маған  ақша  төлемейді»  –  дегізіп  аран дат - 
қан.  Ғалым  есіл  уақытын  сарп  етіп,  осындай  әдейі  ұйым-
дастырылған  арыздың  бас-басына  жауап  жазып,  әбігерге  түс-
кен. Жауаптың бірсыпырасы біздің қолымызда…
Міне  осындай  қосылмас  бастары,  бір-біріне  дегенде  қой-
нына тыққан тастары бар, бірін-бірі жау көрген қазақы ортада 
әрекет ете отырып, ХХ ғасыр басында өмір сүрген әрбір қазақ 
ақын-жазушыларын жаманаттан аршып, арылтып әдебиет тари-
хына қосу ғалым үшін қаншалықты қымбатқа түсті десеңізші? 
Елден етекбастыны көп көре жүріп ел үшін еңбектену – ерлік! 
Бір ғана мысал келтірейік: Мұхаметжан Сералин жөнінде ма-
териал  іздеп  оның  ауылына  барған  ғалым  үлкен  қайғының 
үстінен түседі. М.Сералиннің мал-мүлкін тәркілеп, көк түніке-
лі үйін өртеп, қатын бала-шағасын жер аударып жіберген екен. 
Қаламгердің  жарияланбаған  бірсыпыра  шығармасы,  ұзақ 
жыл дар  жинап,  жасақтаған  кітапханасы  күйіп  кетіпті.  Басын 
сауғалай  бет-бетіне  ыдырай  қашқан  туыстары  –  ізденіп  кел-
ген ғалымға естелік айтып беруге қорқыпты. Көрші-қолаң Се-
ралин  атын  атауға  жасқанады  екен.  Ағайыны  Ақыш,  шәкірті 
Жұмаш  Еленовті  әңгімеге  көндіріпті.  Әйтпесе,  С.Торайғыров 

162
163
жөнінде  Шәйбай  Айманов,  Кенжетай  Айманов,  Шаймер-
ден Торайғыровқа жолығып, көп-көп мәлімет алып қалған да 
ерінбес еңбекші Бейсекең ғой.
Ғалым қос ғасыр тоғысында жасаған қазақ ақын-жазушы-
лары  жайындағы  материалдарды  осындай  зор  қиындықпен 
жүріп жинақтаған. Қиындықпен қолға түскен ол материалдар 
бүгінде  қазақ  әдебиеті  қазынасына  қосылды,  сирек  дерек  бо-
лып тарих бетінен сөйлейді.
Осылай аянбай еңбектеніп, бейнет кешкен ғалымды түрт-
пектеу, ағын – қара, дұрысын – бұрыс деу жанға тиер қиянат 
емес пе?! Сұлтанмахмұт ұлтшылдығын ашпады, қарилық-тал-
мудтық  көзқарасын  әдейі  жасырып  отыр  деп  байбалам  сала-
тын сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 
хатшысы Нұрымбек Жанділдиннің «Коммунист» журналында 
1951 жылы № 5 номерінде жариялаған жалалы мақаласын кім 
ұмытар?!  Әйтпесе  әдебиетші  Жұмағали  Сәрсековтің  Бейсе-
кең ді ұлтшыл баспасөзді («Қазақ», «Айқапты» айтады) қозға-
ды,  ұлтшыл  ақын-жазушыларды  қатарға  қосты  деп  кінәлады. 
«Әдебиет  және  искусство»  (1951,  №  7)  журналында  кірлеп 
жазған мақаласын қалай өкінішпен еске алмассың?!
Профессор  Бейсембай  Кенжебайұлының  аталмыш  еңбегі 
өміржасы өксіп жүріп жазылған еңбек.
Дау аяғы алпысыншы жылдарға жеткен. Қазақстан Респуб-
ликасы Ұлттық академиясы 1959 жылы жазда «Қазақ әдебиеті-
нің негізгі проблемаларына» арналған ғылыми-теориялық кон-
ференция өткізгенде де Бейсекең еңбегін күстаналамақ беріш 
бейілдер  төбе  көрсеткен.  Абырой  болғанда  Мұхтар  Әуезов 
үзеңгілесі Бейсекеңнің бұл еңбегін ерекше бағалап, айбар та-
нытып арашалаған, «Көпшілікке ұнаған баяндаманың бірі Бей­
сембай Кенжебаев жолдастың баяндамасы болды… ХХ ғасыр 
басындағы қазақ әдебиеті шығармаларын көп зер салып зерт­
теп  жүрген  Бейсембайдың  баяндамасындағы  қорытынды, 
жаңағыдай  сын  пікір  өте  орынды,  дұрыс  айтылған  ой  деп 
білемін» – («Әдеби мұра және оны зерттеу», 1961, 349-бет) – 
деп жоғары бағалаған.
Аяулы ғалым Бейсембай Кенжебайұлының «Қазақ хал қы-
ның ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» – аталатын 
абыройы зор еңбегі осындай көп жаланы бастан кеше, мол-мол 
қайратпен жарық көрген қымбат еңбек.
Қандай да бір оқулық алдымен әдеби-ғылыми жұртшылық 
талдау-талқысынан өтіп барып жас өркенге жол тартады. Бей-
секеңнің  оқулығы  да  жоғарыда  айтқанымыздай  ауыр  жол, 
қиын тағдырды бастан кешкен еңбек. Докторлық диссертация-
да  айтқан  ойын  ғылыми  монографияда  бүркемелей,  астарлай 
сөйлеуге, монографияда келтірілген деректің кейбірін оқулық-
та алып тастауға мәжбүр. Қайтесің уақыт қира кезеңдігі. Кейін 
араға бірсыпыра уақыт салып барып студент қауымға қайыра  
жол  тартқан  сәтте  оқулықты,  ғалым  шәкірті,  профессор  Тұр-
сынбек  Кәкішев:  «ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиетіміздің  ағар ­ 
тушы­демократтық  бағытпен  өркендеу,  даму  барысын  ғы­
лыми негізде баяндау арқылы Б.Кенжебаев 1966 жылы жоғары 
оқу орындарының студенттеріне «ХХ ғасыр ба сындағы қазақ 
әдебиеті» оқулығын жасап беріп, қазақ әде биеттану ғылымы ­ 
на өзінің үлкен үлесін қосты» (Б.Кен жебаев, «Асау жүрек», 5- 
бет)  –  деп  жоғары  бағалады.  Аталмыш  оқулық  1993  жылы 
«Білім»  баспасынан  қайыра  жарық  көрген  сәтте  (бірнеше  ба-
сылым  көрді)  «Ғалымның  хаты…»  –  аталатын  соңғысөз  жа-
зып,  кәделі  оқулықты  докторлық  диссертация,  ғылыми  мо-
нографиямен  салыстыра,  толтыра  таразылап  жіберуге  тура 
келді. Ғалымның көзі тірісіндегі аманат-тапсырысы да, кейінгі 
ұрпақтың  үміт-тілегі  де  осы  болатын.  Аманатты  қаншалық 
орындадық,  бір  аллаға  аян.  Жүрек  таза,  тілек  ақ!  Ең  басты-
сы  –  ғылыми  құнды  монографияның  қайта  басылымға  толық 
жарағаны. 
Сөйтіп ұлт мүддесін ешқандай атақ-лауазымға айырбаста-
май ту етіп көтеріп өткен қыранжүрек ғалым еңбегі бірсыпыра 
жылдан  соң  жас  өркенге  асылдың  сынығы,  жақсының  көзі, 
әділдік  сөзі  болып,  1993  жылы  қайта  жол  тартты.  Жас  ұрпақ 
жатырқамай, жатсынбай қабылдады. Бұл да ғалымның өшпестей 
етіп жасаған бір рухани ескерткіші. 
Ғалым басының қадір-қасиеті, еңбектерінің ерекшелігі ту-
ралы Рахманқұл Бердібаев былай дейді: «Олар: аға ғалымның 
ерекше  еңбек  сүйгіштігі,  кең  білімділігі,  творчестволық  ба­
тылдығы, және көздеген нысанасына беріктігі, ғылыми ақи­
қат  үшін  күресіп,  өз  пікірін  ақырына  дейін  қорғай  алатын 
қайсарлығы» (Ұстаз. Ғалым. Азамат).
Бауырлас  өзбек  ғалым  Натан  Маллаев  Бейсекең  туралы: 
«Кенжебаев  есімін  біз  –  М.О.Әуезов,  Е.Ысмайылов,  Қ.Жұ­
малиев,  М.Қаратаев  секілді  ірі  ғалымдармен  бір қатарда 
құр меттейміз.  Себебі  –  Б.Кенжебаев  қазақ  әдебиеті  тари­
хы,  қазақ  совет  әдебиеті  проблемаларын  жаңа  методология 

164
165
не гізінде  терең  зерттеген  қазақ  әдебиеттану  ғылымының 
ал ғашқы  қарлығаштарының  бірі.  Ол  біз  үшін  қазақ  әде ­ 
биет ғылымының алғашқы кірпішін қалаудан зәулім мұ наралы 
көк күмбезін тұрғызысқан сәулетші (архитектор) іспетті бо­
лып көрінеді» – деп жазды. 
Міне, ғалымның бір арнадағы еңбегі. 
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 4.69 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет