Сапасын дамыту жолдары



жүктеу 19.56 Kb.

бет6/33
Дата12.01.2017
өлшемі19.56 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге 
құштарлығын арттыру; 
Тәрбиелiк: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.  
Сабақтың типі:   жаңа білімді меңгерту сабағы. 
Сабақтың әдісі:    Сын тұрғысынан ойлау (СТО) әдістері, кубизм, түсіндіру. 
Сабақтың формасы:   оқушылармен  жұмыс  
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   Дербес компьютер, интерактивті тақта, Power Point –та 
дайындалған презентация-слайдтар, электронды оқулық.  
Сабықтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
а)  Оқушылармен сәлемдесу; 
б) оқушыларды түгендеу; 
в) жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру;  
г) оқушылардың көңілін сабаққа аудару.   
д) Оқушыларға қауіпсіздік ережелеріне байланысты сұрақ қою. 
ІІ. Сұрақ – жауап 
“Ашық сұрақтар” әдісі 

35 
 
1.
 
Модель деген  не? 
Жауабы:  Модель деген - нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп 
көрсету. 
2.
 
Модельдеу деген не? 
Жауабы:  Модельдеу  дегеніміз  –  объектілерді,  процестерді  немесе  құбылыстарды  зерттеу  мақсатында 
олардың моделін (макетін құру) 
3.
 
Модельдер қасиеттеріне қарай қандай топтарға бөлінеді? 
Жауабы:  
1)
 
Қолданылу аймағы; 
2)
 
Модельде уақыт факторын ескеру; 
3)
 
Білім саласына қарай топтау; 
4)
 
Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау; 
4.
 
Оқу моделі деген не? 
Жауабы:  Оқу  моделі  деген  –  көрнекі  оқу  құралы,  әртүрлі  машықтандырушы,  үйретуші  программалар 
түрінде болуы мүмкін. 
5.
 
Тәжірибелік  модель  деген  не? 
Жауабы: Тәжірибелік моделі деген – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте ұсақ объектілер үшін  
олардың  үлкейтілген  көшірмесі болып табылады.  
6.
 
Ғылыми-техникалық модельдер деген не? 
Жауабы:  Ғылыми  –  техникалық  модельдер  деген  –  процестер  мен  құбылыстарды  зерттеу  мақсатында 
құрылады.  Оған  мысал  ретінде  электрондардың    жылдамдығын  үдеткіш    -  синхротрон,  найзағайдың 
разрядын  бақылаушы құрал және теледидар  тексеруге арналған стендерді айтуға болады. 
7.
 
Ойын модельдері деген не? 
Жауабы:  Ойын  моделі  деген  –  әскери,  экономикалық,  спорттық  ойындар  жатады.Бұл  модельдер  әртүрлі 
жағдайда объектіні бақылауға  жаттықтырады. 
8.
 
Имитациялық  модель деген не? 
Жауабы:  Имитациялық  модель  деген  –  шын  мәніндегі  нақты  объектіні  өте  жоғары  дәлдікпен  бейнелей 
алады.  Тәжірибе  нақты  объектіні  зерттеу,  бағала  у  мақсатында  бірнеше  рет  қайталанады  немесе  бір 
мезгілде  әртүрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен  қатар жүргізіледі. 
ІІІ. Не? Қайда? Қашан?  
(Видеодағы сұрақты шешу арқылы  жаңа тақырып ашылады) 
IV. Мағынаны тану. Жаңа сабақ. 
Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек? 
1.
 
Электрондық кестелер деген не?  
2.
 
Кестелік процессордың терезе интерфейсін қалай түсінеміз?  
3.
 
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары қандай?  
    Кәдімгі қағаздағы кестені қарайық. Бұл кестені сызғышпен, қаламмен салдық.  
 
 
 
 
 
Электрондық  кесте  –  бұл  торларына  мәліметтер  (мәтіндер,  сандар,  формулалар)  жазылған  кәдімгі 
кестенің компьютерлік түрі.  
 

36 
 
 
 
    Кестелік кұрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең тараған кұралдардың бірі Міcrosoft Ехсеl 
болып  табылады.  Ол  сандық  мәліметтермен  жұмыс  істеуге  негізделген.  Ехсеl  көптеген  математикалық 
амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде 
түрлі-түсті  диаграммалар  түрғызып,  мәліметтер  базасын  даярлап,  олармен  жұмыс    істеуді,  сандык 
тәжірибелер жүргізуді қамтамасыз ете алады. Ехсеl мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында 
ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолдануынан көрінеді.  
 
     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Excel терезесінің негізгі элементтері 
 
Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді. 
Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды. 
Стандарттық тақта – Excel командаларының көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды.  
Форматтау тақтасы – форматтау командаларына арналған батырмаларды қамтиды. 
Формула жолы -  ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді.  
Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды. 
Жолдар тақырыбы – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба.  
Бағандар  тақырыбы  –  бұл  алфавит  бойынша  реттелген  әріптік  ентаңбалар,  олар  әрбір  бағанның  үстінде 
орналасқан. 
Қалып-күйлер жолы  – құжаттың ақпаратын қамтиды. 
Шиыру жолақтары  - құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.  
Негізгі ұғымдары:  
 *  Қатар  –  электрондық  кестедегі  горизонталь  жол,  максимал  саны  65536  –  жұмыс  аймағының  сол  жақ 
шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.  
 *  Бағана  –  электрондық  кестедегі  вертикаль  жол,  барлық  саны  –  256,  жұмыс  аймағының  жоғарғы 
шекарасында латын әріптерімен белгіленген.  
* Ұяшық – бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: 
В3.  
Excel-дің объектілерімен өңделген .xls кеңейтілуі және 
 
              түрінде  берілген  файл  оның  құжаты  болып  табылады.  Excel-де  құрылған  файл  жұмыс  кітабы 
болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр 
парақ 65536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын 

37 
 
алфавитінің  А,В,С,...,АА,ВВ  әріптерімен  белгіленеді.  Баған  мен  жолдың  қиылысында  ұяшық  –  деп 
аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған  екпінді ұяшыққа сандар мен мәтін енгізуге 
болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. 
Мысалы: А1, С20.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұмыс  кестесі  бойынша   ауысу   маус  көмегімен  орындалады.  Кесте  бойынша  маус  нұсқағышы  
өзінің  тұрған  орнына  байланысты  түрін  өзгертеді.  
+    ( қосу  белгі)  -   кестенің  жұмыс аймағында  
↔  ( бағдарша) -   айналдыру  жолағында  баған  не  жолдың  енін  өзгерту  кезінде. 
Жұмыс кестенің  бетінде орын  ауыстыру  үшін:  
 1.   Терезенің  төменгі   сол  жақ   бұрышындағы  беттерді  айналдыру  батырмаларын  шерту  арқылы.  
 2.        F5  пернесін    басыңыз.    Переход    диалогтық    терезесінен      Сcылка      өрісіне    таңбаның  атын,  леп  
белгісін  ауысу  керек  болатын  ұяшықтың  адресін  енгізіп, ОК батырмасын шертіңіз. 
Диалогтық  терезе  өрісіне ұяшық адресін жазуда  міндетті  түрде  ағылшын тіліне ауысу  керек!  
 Кестеге  бет  қосу  үшін:  
 1.    Маустың    оң    жағынан    Добавить      командасын    орыңдап,    лист  белгісіне    шертіп  ОК  батырмасын 
шерту.  
 2. Вставка.  Лист   командасы.  
 Кесте  бетінің атын өзгерту  үшін:  
 Маустың оң  жақ  батырмасын  шертіңіз.  
1.
 
Переименовать  командасын   таңдаңыз.  
2.
 
Атын  енгізіп,  кез  келген  жерге  шертіңіз  
Баған  енін  өзгерту  үшін:  
 А,В,  С,  D,  E,F      атауы    бар    бағанға  барып,    қосбағытты    тілсызыққа    айналғанда      маус  арқылы  созуға  
болады.  
 Жол  биіктігін  өзгерту  үшін:  
 1,2,3,…  сандары  бар  жолға барып,  қосбағытты  тілсызыққа  айналғанда   маус арқылы созуға  болады.  
Мәліметтерді енгізу 
     Енгізілетін  мәліметтің  сан  немесе  формула  екенін  оның  алғашкы  символына  қарап  аныктайды.  Егер 
енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызады. Егер біріншісі теңдік белгісі 
болса,  формула  деп  қабылдайды.  Егер  бірінші  символымыз  әріп  немесе  апостроф  (')  болса,  мәтін  деп 
кабылдайды. 
      Мәліметтерді  енгізу  Еnter  пернесін  басумен  жүзеге  асырылады.  Енгізілген  мәліметтерді  енгізбей  алып 
тастау  үшін  немесе  ұяшыктың  бастапкы  мәндерін  калпына  келтіру  үшін  Еsс  пернесін  басамыз  немесе 
формулалар жолындағы Болдырмау(Отмена) батырмасын шертеміз. 
Жұмыс кітабын құру 
        Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік 
терезеде    құрылатын  жұмыс  кітабының  қосымшасын,  одан  кейін  шаблонды  таңдау  ерек,  соңынан    ОК 
батырмасын  шертіңіз.  Кәдімгі  жұмыс  кітаптары  Кітап  шаблонының  негізінде  құрылады.  Жұмыс  кітабын 
Кітап шаблонының негізінде құру үшін       батырмасын шертуге болады.  
Жұмыс кітабын ашу 
        Құрылған  жұмыс  кітабын  ашу  үшін  Файл  менюіндегі  Ашу(Открыть)  командасын  немесе      
батырмасын  таңдау  керек,  сол  кезде  Құжатты  ашу  диалогтік  терезесі  ашылады.  Бума  өрісінің  тізімінен 
керекті  жұмыс  кітабы  орналасқан  дискіні  таңдау  керек.  Төменде    орналасқан  тізім  ішінен  (екі  рет  шерту 
арқлы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзің таңдау керек.  

38 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұмыс кітабын сақтау 
        Жұмыс  кітабын  сақтау  үшін  Файл  менюіндегі  Сақтау  командасын  немесе  Стандартты  аспаптар 
тақтасының     батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді. 
Бума  өрісінің  тізімінен  диск,  ал  төменгі  тізімнен  кітап  сақталатын  бума  таңдалады.  Файл  типі  өрісінің 
тізімінде  –  кітап  форматы  сақталады.  Файл  аты  өрісіне  кітап  атын  енгізіңіз  және  Сақтау  батырмасын 
шертіңіз.  
V. Компьютердегі   практикалық  жұмыс.    (оқулық  бойынша)  
8.2. тапсырма 
 
Берілгендерді енгізу, редакциялау және рәсімдеу. 
Парақты келесі мазмұнда рәсімдеңіз. 
1.
 
MS Excel – ді ашыңыз.Үлгі ретінде ұсынылған кестені құрыңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2. А1 ұяшығына кестенің “қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге) тақырыбын енгізіңіз. 
Кестенің тақырыбын енгізу үшін мына команданы орындаңыз: 
Пішін  (Формат)  –  Ұяшық  (Ячейка)  –  Қосымша  (Вкладка).  Ұяшықтарды  біріктіру  (алдын  ала  А1:  Е1 
аумағын белгілеңіз) 
3. А2 ұяшығына  “Аты – жөні” сөзін енгізіңіз. 
4. В2 ұяшығына  “Қазан” сөзін енгізіңіз. 
5. С2 ұяшығына  “Қараша” сөзін енгізіңіз. 
6. Д2 ұяшығына  “Желтоқсан” сөзін енгізіңіз. 
7. Е2 ұяшығына  “Барлығы” сөзін енгізіңіз. 
8. А3, А4, А5 ұяшықтарына қызметкерлердің тегі мен аты-жөнін толтырыңыз. 
9. В3:Д6 ұяшықтар аумағына сәйкес сан мәндерін енгізіңіз. 
10. Кестені жұмыс  дискіңізге сақтаңыз.  
VІ. Көз  жаттығуларын  жасау. 
VІІ. Сабақты қорытындылау  
          (Венн диаграммасы)  
VІІІ.  Рефлексия 

 
Бүгін сабақ қалай өтті?  

 
Бүгін мен не үйрендім?  

 
Маған не ұнады?  

 
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...  
ІХ. Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. 
Электрондық кестелердің  негізгі ұғымдары. 
Х. Оқушылады бағалау. 
 

39 
 
 
              
        Қызылорда қаласы 
           №218 орта мектебінің физика пәні мұғалімі 
          Ахмедияров Бауыржан Абсалимович 
 
 
 
 
 
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым. Торричели тәжірибесі. 
Барометр. 
 
Сабақтың мақсаты:  
а) Білімділік мақсаты: Атмосфералық қысымның пайда болу себебін,   
                                          атмосфералық қысымның ашылу тарихын,                 
                                          Торричели тәжірибесін түсіндіру, оны өлшейтін     
                                          құралмен, таныстыру. Атмосфералық қысымның                 
                                         биіктікке байланысты қалай өзгеретін түсіндіру. 
ә) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды танымдық және практикалық іс-                       
                                          әрекетте дұрыс әдіс-тәсіл жасауға үйрету. Еңбекке                  
                                          ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде,          
                                          табандылыққа үйрету. 
б) Дамытушылық мақсатыОқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой   
                                                    қорытуды пайдалана білуге. Физикалық  
                                                    теориялардың, олардың элементтерінің,   
                                                    ұғымдардың модельдерін, заңдары қолдану,                 
                                                    шекаралары туралы  білімді қалыптастыру.   
                                                    Эксперименттер жүргізуге икемдерін дамыту. 
Сабақтың түрі: Аралас және түсіндірмелі 
Сабақтың әдісі:  Кітаппен жұмыс 
Сабақта қолданылатын техникалық құралдар: 
Компьютер. 
Сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар: 
 
 
1.Тақырыпқа сай  слайдтар 
 
 
2. Паскаль  шары. 
                    3. Поршені бар шыны түтік. 
 
 
4. Фонтанды демонстрациялайтын құрал, Комовский  
                        сорғысы немесе қол сорғысы. 
 
 
5. Штатив су құйылған банка немесе химиялық стакан 
 
 
6. Барометр анеройд, ауа сорғысының қалпағы бар тарелка,   
                         қол сорғысы.   
 
 
7. Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты   
                          өзгеруін көрсететін құрал. 
 
 
8. Ашық сұйықты манометр, демонстарциялық манометр,  
                          резеңке тығындары. 
 
 
9. Сорма сорғының нобайы, үрме сорғының нобайы. 
 
 
10. Магдебург тарелкалары. 
Сабақтың өту барысы.  1.Ұйымдастыру (амандасу,түгелдеу) 
                                            2.Үй тапсырмасын сұрау (Сұрақ қою арқылы) 
                                            3.Жаңа сабақ түсіндіру 
                                            4.Жаңа сабақ бекіту. 
                                            5.Өткен тақырыпқа есептер шығару 
                                            6. Үйге тапсырма беру 
                                            7. Бағалау 
                                            8. Үй тапсырмасы. 
 

40 
 
     Үй тапсырмасы. Қайталау сұрақтары. 
1.Су құбырының құрылысын,не үшін және қайда пайдаланамыз? 
2.Паскаль заңы дегеңіміз не, формуласы,өлшем бірлігі? 
3.Ауырлық күшінің табанына түсіретін қысымның формуласы? 
4.Газда,қатты денеде қысым қалай беріледі? 
5.Қандай заттарда біз қысымды аз немесе көп жұмсаймыз? Мысал 
6.Заттың  тығыздығының формуласын жаз? 
7.Үйкеліс күшінің неше түрі бар және формуласы? 
8. Динамометр қандай құрылғы? 
9.Деформация деген не?Немесе мағынасы қандай? мысал келтір. 
10.Дененің өзара әрекеттесуіне мысал келтір? 
Жаңа сабақ 
 
   Біз  Жердің  ауа  қабығының  Жердегі  барлық  денелерге  қысым  түсіретінін  білеміз.  Бұл  қысым 
атмосфералық  деп  аталады.  Мұның  шамасы  қандай?Атмосфералық  ауаның  тұрақты  тығыздығы  (әр  түрлі 
биіктікте  әр  түрлі)  және  белгілі  бір  биіктігі  болмағандықтан  (атмсофераның  нақты  шекарасы  жоқ) 
атмосфералық қысымды өлшеу үшін p = ρgh формуласын қолдануға болмайды. Бірақ бәрібір атмосфералық 
қысымды  анықтауға  болады.  Атмосфералық  қысымды қалай  өлшеу  керектігін  ең  алағаш  итальян  ғалымы 
Э. Торричелли ойлап тапты. Оның ұсынған тәжірибесін 1643 ж. Г. Галилейдің шәкірті В. Вивиани жүзеге 
асырды. Бұл тәжірибеде бір ұшы бекітілген ұзындығы 1м-ге жуық шыны түтік қолданылды. Оны сынаппен 
толтырып  саусақпен  жауып,  (сынап  төгілмеу  үшін)  төңкеріп  сынабы  бар  ыдысқа  саламыз.  Түтіктен 
саусақты  алсақ,  біраз  сынап  бөлігі  ағып,  жоғары  жағында  ауасыз  кеңістік  —  “торичелли  бостығы”  (118-
сурет) пайда болады.        Мұндағы сынап бағанының биіктігі (ыдыстағы сынап деңгейі) 760 мм еді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Торричелли бұл тәжірибесінің нәтижесін  былай түсіндіреді. “Бұған дейін,  — деп жазды ол, — сыныптың 
табиғи  қасиетіне  қарамастан  төмен  түсуіне  мүмкіндік  бермейтін  күш  түтіктің  жоғарғы  бөлігінде  не 
бостықта,  не  аса  сиретілген  затына  орналасады,  деген  пікір  бар  еді.  Бірақ  та  мен  бұл  күш  –ішкі  және  де 
сырттан алынады деп бекітемін. Ыдыстағы сұйық бетіне өз салмағымен 50 миль ауа әсер етеді. Егер сынап 
сыртқы ауаның салмағын теңестіруге дейін көтерілсе бұл таң қаларлық жай емес”. 
Атмосфералық қысым түтік бағанының қысымына тең: 
pатм = pсынап 
Егер бұл қысымдар тең болмаса, сынап тепе-теңдікте болмас еді. pсынап>pатм болғанда сынап түтікшеден 
табаққа төгілер еді, ал pатм>pсынап болғанда түтікше бойымен жоғары көтеріледі. 
Сондықтан  ауа  қысымын  сынап  бағанының  сәйкес  биіктігімен  (әдетте  мм  арқылы  берілген)  өлшеуге 
болады.  Мысалы,  егер  қандай  да  бір  Жерде  атмосфералық  қысымы  760  мм  сын.  бағ  тең  десе,  онда  бұл 
жердің  ауа  қысымы  биіктігі  760  мм  вертикаль  сынап  бағаны  түсіретін  қысымына  сәйкес  келеді.  Сынап 
бағанының биіктігі үлкен болса атмосфералық қысым үлкен, ал биіктігі аз болса қысым да аз болады. 
Егер, Торричелли тәжірибесіндегі сынабы бар түтікшеге вертикаль шкала бекітсек атмосфералық қысымды 
өлшеу құралы — сынап барометрі (грек сөзі “барос” — ауырлық) пайда болады. 
Қазіргі  кезде  0 °С  температурада  биіктігі  760 мм  түтікшедегі  сынаптың  түсірген  қысымына  тең 
атмосфералық қысымды  қалыпты атмосфералық қысым деп атау қабылданған. 
Бұл қысымды паскальмен есептеп шығару үшін гидростатикалық қысымның формуласын қолданамыз: 
p = ρgh. 
Бұл формулаға ρ = 13595,1 кг/м3 (0 °С сынап тығыздығы), g = 9,80665 м/с2 (еркін түсу үдеуі) және  
h = 760 мм = 0,76 м (қалыпты атмосфералық қысымға сәйкес  сынап бағаны) мәндерін қойсақ, онда келесі 
шаманы аламыз. 
p  = 101 325 Па. 
Бұл қалыпты атмосфералық қысым болып табылады. 

41 
 
Әдетте  қалыпты  атмосфералық  қысымға  жуық  қысым  теңіз  деңгейіндегі  жерлерде  байқалады.  Теңіз 
деңгейінен биіктеген сайын (мысалы, тауда) қысым азаяды. 
     Торричелли тәжірибесі оның көптеген  замандас-ғалымдарының қызығушылығын туғызады. Тәжірибені 
естіген  Паскаль  әр  түрлі  сұйықтармен  (май,  шарап,  су)  оны  қайталап  жасап  көрді.  119-суретте  1646 ж. 
Паскаль  жасаған  су  барометрі  көрсетілген.  Атмосфералық  қысымды  теңестірген  су  бағаны  сынап 
бағанынан биіктеу болып шықты.  
1648 ж.  Паскальдың  тапсырмасымен,  Ф. Перье  Пюи-де-Дом  тауының  етегі  мен  төбесіндегі  барометрдің 
сынап  бағанының  биіктігін  өлшеп,  Паскальдің  атмосфералық  қысым  биіктікке  байланысты  деген 
болжамын дәлелдеді: тау төбесіндегі сынап бағаны 84,4 мм аз болып шықты. Жер бетінен биіктеген сайын 
атмосфералық  қысымның  азаятынына  ешқандай  күмән  қалмас  үшін  Паскаль  тағы  да  бірнеше 
тәжірибелерін,  бұл  жолы  Парижде,  Нотр-Дам  соборының  етегі  мен  төбесінде,  Сен-Жак  мұнарасында, 
сондай-ақ  90  баспалдақты  биік  үйде  жасады.  Өзінің  нәтижелерін  ол  “сұйықтардың  тепе-теңдігінің  ұлы 
тәжірибесі туралы” еңбегінде жариялады. 
Неміз  физигі  Отто  фон  Герикенің  (1602—1686)  де  тәжірибесі  көпке  танымал  болды.  Атмосфералық 
қысымның  бар  екенін  Торичеллиден  тыс  қорытындылаған  еді  (оның  тәжірибелері  туралы  9  жыл  өткесін 
естіген). Өте жұқа қабырғалы металл шардың ауасын сора отырып, Герике шардың жиырылғанын байқады. 
Бұл  құбылыстың  себебін  ойлана  отырып,  шардың  жиырылуы  қоршаған  ауаның  қысымының  әсерінен 
болғанын түсінді. 
Атмосфеалық  қысымды  ашқан  Герике  Магдебургтегі  үйінің  алдына  сұйық  бетінде  жүзіп  жүрген  адам 
бейнесі шыныдағы бөліктерді көрсететін су барометрін жасады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   1654  ж.  атмосфералық  қысымның  бар  екеніне  көз  жеткізу  үшін  Герике  “Магдебург  жартышарларымен” 
өзінің  атақты  тәжірибесін  жасады.  Тәжірибенің  көрсетілуіне  император  Фердинанд ІІІ  және  Регенсбург 
рейхстагының мүшелері қатысты. Олардың көзінше өзара біріктірілген екі жарты шарлардың қуысынан ауа 
сорылып  алынады.  Осы  жарты  шарларды  атмосефералық  қысым  күші  бір-біріне  жабыстырғаны  сонша, 
оларды бірнеше жегулі аттармен ажырату қиын болды (120-сурет).  
Барометр-анероид. 
ХІХ  ғасырдың  ортасына  дейін  атмосфералық  қысымды  өлшеу  үшін  Э. Торричелли  ойлап  тапқан  сұйық 
барометрлер (негізінен сынапты) қолданылды. 1844 ж. Л. Види жаңа сұйықсыз барометр жасап  шығарды, 
ол барометр-анероид деп аталды (“анерос” — грек сөзі — сұйықсыз)Барометр-анероидтың құрылысы 121-
суретте көрсетілген. Оның басты бөлігі домалақ 1 металл қорап, оның толқынды (гофрирленген) негізі бар. 
Осы қораптың ішіндегі ауаны сорып алады. Атмосфералық қысым артқан кезде қорап сығылады да, оның 
жоғарғы иілген беті оған бектілген 2 серіппені тарта бастайды. Қысым азайған кезде, серіппе жазылады да, 
қораптың  жоғарғы  бөлігі  көтеріледі.  Беріліс  механизмі  3  көмегімен  серіппеге  4  стрелка  —  көрсеткіш 
бекітілген. Бұл стрелка 5 шкала бойынша ауысып, қозғалады. Анероидтың шкаласын сынапты барометрдің 
көрсетуі бойынша градуирлейді.  
    Сынапты  барометрлермен  салыстырғанды  барометр-анероидтар  аса  берік,  сенімді  емес,  өйткені  ондағы 
серіппе  мен  мембранасы  уақыт  өтуімен  өзінің  серпімділігін  өзгертеді.  Дегенмен,  ол  әрі  портативті  және 
сұйығы жоқ, қолдануға ыңғайлы болғандықтан іс жүзінде жиі пайдаланады. 

42 
 
Барометрлер  метерологиялық  зерттеулерде  ең  қажетті  құралдар  болып  саналады,  өткені  атмосфралық 
қысымды білу, жақын күндердегі ауа райын болжауға қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     Сынапты барометрлермен салыстырғанды барометр-анероидтар аса берік, сенімді емес, өйткені ондағы 
серіппе  мен  мембранасы  уақыт  өтуімен  өзінің  серпімділігін  өзгертеді.  Дегенмен,  ол  әрі  портативті  және 
сұйығы жоқ, қолдануға ыңғайлы болғандықтан іс жүзінде жиі пайдаланады. 
Барометрлер  метерологиялық  зерттеулерде  ең  қажетті  құралдар  болып  саналады,  өйткені  атмосфралық 
қысымды білу, жақын күндердегі ауа райын болжауға қажет. 
     Анероидтардың  сезімталдығының  жоғарылығы  сонша,  оны  тіпті  2–3  м-ге  көтерген  кезде  стрелка-
көрсесткіші  бірден  қозғала  бастайды.  Бұл  атмосфералық  қысымның  өзгерісін  тіпті  үйдегі  баспалдақтар 
бойымен немесе метродағы эскалаторлармен көтеріліп келе жатқанда байқауға мүмкіндік береді. 
    Жер  бетінен  биіктеген  сайын  ауа  қысымы  азая  берді.  Барометрмен  аэростатта  көтерілу  кезінде  әр  түрлі 
биіктіктен атмосфера қысымын өлшеуге болады. Әрбір 12 м биіктікке көтерілгенде орта есеппен қысым 1 
мм сын. бағанына азаяды екен. 6 км биіктікте ауа қысымы Жер бетіндегіден 2 еседей кіші болады. 
    Атмосфералық  қысымның  биіктікке  тәуелділігін  білу  барометр-анероидтарды  биіктік  анықтау  үшін 
пайдалануға  болады.  Әрбір  атмосфералық  қысым  мәніне,  теңіз  деңгейінен  алғандағы  белгілі  бір  биіктік 
сәйкес келетіндіктен, бұл құралды метрге (не километр) градуирлеуге болады.  
Авиацияда  қолданылатын  барометрлік  биіктікті  өлшейтін  аспаптар  альтиметр  деп  аталады.  Солардың 
көмегімен ұшқыштар самолеттің көтерілу биіктігін анықтап отырады. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал