Сапасын дамыту жолдары



жүктеу 19.56 Kb.
Pdf просмотр
бет2/33
Дата12.01.2017
өлшемі19.56 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
Мәдениеттану  негіздері:  Оқулық.  -  Алматы:  Дәнекер,  2000.  Троянская  С.Л.  Развитие 
общекультурной компетентности в процессе образования. - Ижевск, 2004. - с. 15-19. 
2.
 
Каган М.С. Философия культуры. - СПб.:  Петрополис, 1996. 
3.
 
Ұзақбаева С.А. О соотношениях понятий «культура», «этнокультура» и «национальная культура».  
4.
 
Қазақстанның даму стратегиясындағы мәдениет пен өнердің орны. Алматы 1999. 269 бет. 
5.
 
Қазақстан мектебі № 8 2012 жыл  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
В.О.Иманбай,  
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖҚБАРИ, Алматы, Қазақстан 
ББЖҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру  
кафедрасының аға оқытушысы    
А.Қ.Набиева БҚО,  
Ақсай қаласы №4 ЖОББМ-тің  директордың  
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 
 
 
 
ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫНА СЫНИ 
ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫҢ ӘСЕРІ 
 
 
Ұстаз  бен  шәкірт  арасындағы  өзара  қарым-қатынас  жасау  мәселесі  психологисы  ғылымындағы 
және  тәлім-тәрбие  ісіндегі  әрі  маңызды  әрі  күрделі  проблемалардың  қатарына  жатады.  Мұғалім  мен 
шәкірттер арасындағы педагогикалық-психологиялық қарым-қатынас жасауда әр қилы қиыншылықтардың 
үнемі  кездесіп  отыратындығы  шындық.  Егер  бастауыш  мектеп  жасындағы  балалар  үшін  мұғалім  барлық 
бейнесімен,  іс-әрекетімен  ерекше  із  қалдырып,  оларға  күшті  әсер  ететін  «тұлға»  болса,  ал  ересек  балалар 
мұғалімнің  әрбір  қимыл  қозғалысына,  іс-әрекетіне,  сөзіне,  оның  ақыл  кеңесіне,  өзге  адамдармен  қарым-
қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды.  
Шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды, талап-тілектеріне лайықты ұнамды қасиеттерді 
көргісі келеді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастың бірнеше түрлерін психологиялық тұрғыдан 
анықтау  мақсатында  арнайы  зерттеу  жұмыстарын  жүргіздім.        Негізгі  мәселе  мұғалімдік  мамандыққа 


 
қойылатын  жас  өспірімдердің  талабын  психологиялық  тұрғыдан  негіздеп,  ұстазға  тән  сапалар  мен  
ерекшеліктердің  сырын  ашып  көрсету  және  оны  педагогикалық,  методикалық  жағынан  алып  талдау 
болатын.  
Оқушылардың ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастарын, өзіндік пайым-
түсініктерін ұнамды және ұнамсыз деп бөліп қарауға болады.  
Ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынас психологиясындағы мұғалімнің ұнамды сапалық 
ерекшеліктері: 

 
 Шәкірттердің адамгершілік қасиеттерін ескеріп, онымен үнемі санасып отыруы;  

 
Жасөспірімдер  мен  ересек  адамдарға  бірдей  деңгейде  қарым-қатынас  жасап,  олардың  пікірімен 
санасуы;  

 
Оқушыларға сенім білдіруі;  

 
Шәкірт бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай, өзіне ескертуі;  

 
Оқушымен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсетуі;  

 
Кімге де болса игі тілегімен көмек көрсетуі;  

 
Оқушы мінезін айтпай-ақ түсініп, үнемі сезімталдық көрсетуі;  

 
Оқушылардың табысы мен ықылас-ынтасын тез аңғарғыштығы;  

 
Әркімге лайықты талап қоюы;  

 
Өз пәнін жетік біліп, қосымша материалды қамти алатындығы;  

 
Өзінің  мамандығын  өзге  ғылымдармен  байланыстыра  білуі,  білімнің  әр  тараптығы 
/универсальность/;  

 
Сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі;  

 
Өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы;  

 
Өз пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыра білуі;  

 
Сабақты  шебер  ұйымдастырып,  әрбір  оқушының  дербес  жұмыс  істеуін,  сабаққа  сыныптың  түгел 
қатысуын қамтамасыз етуі;  

 
Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды өткізуі;  

 
Оқушылардың дербестігін бағалап, олардың бастамасын қолдап отыруы;  

 
Балалардың пікірімен санасып, талап-тілектерін орындауы;  

 
Оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы;  

 
Оқушылардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі;  

 
Ұл-қыз арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасалуы;  

 
Әрбір нәрсенің орындалу жолын шәкірттеріне үйрете алуы;  

 
Әрбір істі көңілді орындап, тапқыр сөйлейтіндігі;  

 
Мінез құлқының қарапайымдылығы;  

 
Өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсетуі;  
Ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынас психологиясындағы мұғалімнің ұнамсыз сапалық 
ерекшеліктері:  

 
Шәкірттерге немқұрайлы қарап, оларды бала санауы;  

 
Олардан тек өз айтқандарын сұрауы;  

 
Оқушыларға сенімсіздікпен қарап, тапсырманы бұлжытпай орындалуын талап етуі,  

 
Оқушының ағат қылықтарына мысқылмен қарап, ескерту жасауы;  

 
Дауыс көтеріп шәкірт пікірін тыңдамауы;  

 
Оқушыны жете түсінбей атүсті жауап беруі;  

 
Оқушыларды алалауы;  

 
Сабақты кітап шеңберінде ғана түсіндіруі;  

 
Сабақты қызықсыз, әрі жалаң өткізуі;  

 
Оқушыларға  бір  талабын  шегіне  жеткізе  орындатпай  жатып,  екіншісін  қойып,  сабақтың  берекесін 
кетіруі; [1] 
«Маған бәрінен де жақсы мұғалім қымбат, өйткені ол-мектептің жүрегі», - деген Ыбырай Алтынсарин. 
«Ал,  дәл  қазір  бүгінгі  мектептерге  баланың  әрекетін  зерттейтін  мұғалім  қымбат,  өйткені  олар  бүкіл  білім 
саласының  жүрегі  дер  едім»  деген  [2]    пікірге  толық  қосылар  едім.  Иә,  шындығында  да  оқушы  мен 
мұғалімнің  арасында  шынайы  демократиялық  қарым-қатынас  болмайынша  балаға  өзің  ойлағандай  білім 
беру  мүмкін  емес.  Біз  білетін  қарым-қатынастың  типтері:  авторитарлық,  либералдық  және  гумандық. 
Авторитарлық  қарым  –  қатынаста  баланың  бойын  үрей  сезімі  билеп,  жасқаншақ,  енжар  болады. 
Либералдық    қатынаста  оқушылар  өз  іс-әрекетіне  есеп  бермей,  сапасыз  әрекеттерге  бой  алдырады. 

10 
 
Гумандық  қарым-қатынаста  балалар  өз  пікірлерін  ашық  айтуға  дағдыланады.  Мұғаліммен  теңдік  шынай 
демократиялық қатынаста болады. 
Менің  байқағаным  СТО  бағдарламасы  гумандық  қарым-қатынасқа  негізделіп  құрылған.  Ұстаз  бен 
шәкірт  арасындағы  қарым-қатынас  психологиясына  СТО  бағдарламасының  әсері  өте  зор  дер  едім.  Оны 
өзім  жұмыс  жасап  жүрген  мектеп  оқушыларының  бойынан  байқап,  көріп  жүрмін.  Осы  оқушылардың 
пікіріне тоқталып өтсек:  
оқушы пікірі: - Біздің мұғалімдеріміз өзгеріп келеді. Жаңаша бағытта сабақтар беруде. Сабақ өте қызықты 
өтеді.  Мұғалім  біздің  пікірімізбен  санасады.  Бізге  бағыт-бағдар  береді.  Кейде  біздің  пікірімізді  ұлы 
адамдардың пікірімен қатар қойған кезде, өзіңді үлкен сезінесің. Менің де пікірімнің дұрыс болғаны ма деп 
ойлайсың. Мұғалімдеріміздің барлығы жаңалыққа жақын болса екен.  
оқушы  пікірі:-Бізде  сабақ  өте  қызықты  өтеді.  Күлеміз,  еркін  сөйлейміз.  Мұғалім  бізді  бақылап  тұрады. 
Сосын бізге өз ойын айтады. Бізден «келісесіңдер ме?» деп сұрайды. Біз ойланып жауап береміз. Бәріміз өз 
ойымызды айтуға асығамыз. Көп ойланамыз.  
Бұндай  пікірлердің  көбеюінің  өзіндік  бір  себебі  бар.  Мектеп  мұғалімдерінің  көпшілігі  СТО 
курсынан өтіп, осы бағдарламаны әрі қарай жетілдірушілер қатарына көрінуде. Расында да ұжым арасында 
белгілі бір өзгерістер байқалды. Ол – мұғалімдеріміздің ізденіс жолға түсуі.  
Алғашқы  семинардан-ақ  мұғалімдер  бір-бірімізге  жақындай  түстік.  Ойымызды  ашық  айтуға  тырыстық. 
Мұғалімдеріміздің  деңгейін  байқадық.  Курстан  өткен  мұғалімдердің  сабақтарында  да  өзгерістер  пайда 
болды. Олардың қызығушылығы артты. Кейбіреулері ізденіс жұмыстарымен айналысуда. Бұның өзі үлкен 
жетістік.  
Оқушылар пікірі:  
-Кейбір сабақтарда мұғалімнен қорқып отырамын. Қазір маған «дұрыс  айтпадың» деп айта ма деп. 
Қанша қорықпайын десем де қорқамын. Неге осындай сабақтар болады екен? 
 
 
 
 
 
 
 
 
-Сабақтар  әр  түрлі  өтеді.  Мұғалімдердің  түсіндірулері  де  әр  түрлі. 
Кейбір сабаққа келгің келеді, ал кейбір сабақтарға келгің келмейді. Сабаққа келмесең, мұғалім ұрсады.  
 
Оқушылардың осындай пікірлерінен соң маған да ой келді. Иә, дұрысында да сабақ әр түрлі өтеді. 
Бір  мұғалім  сабағын  қызықты  өткізсе,  екіншісі  қызықсыз  өткізеді.  Неге  бұлай?    Себебі,  СТО 
бағдарламасының  курсынан  мұғалімдеріміздің  барлығы  бірдей  өткен  жоқ.  Бұл  бағдарламаның  барлық 
стратегияларын  меңгеріп,  оқушыға  бағытталған  сабақтарды  ұйымдастыру  әрине  мұғалімдердің  өздеріне 
байланысты.  СТО  бағдарламасының  стратегияларын  мектепте  барлық  мұғалім  пайдаланады,  ал  СТО 
бағдарламасының  курсынан  өткені  тек  30  мұғалім  ғана.  Менің  ойымша  пән  мұғалімдері  СТО 
бағдарламасының  элементтері  мен  стратегияларын  сабақтарында  тиімді  қолдана  білсе  және  пәнаралық 
байланыс туғызса, ұстаз бен  шәкірт  арасындағы қарым-қатынас  психологиясының  жағымды жақтары көп 
боларына сенімдімін. 
Сондықтан  мектеп  мұғалімдері  СТО  бағдарламасының  арнайы  курстарынан  өтіп,  сыни  тұрғыдан 
ойлау методикасын жақсы меңгерсе деймін. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Жұмабаев М., «Педагогика» Алматы, «Мектеп» 1989 жыл 
2.
 
«Дауыс пен көрініс»№3 (15) 2003 жыл 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

11 
 
Қуандық Альбина Қуандыққызы  
 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы 
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің  
басшы және ғылыми-педагогикалық 
қызметкерлерінің  біліктілігін арттыратын республикалық институты 
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 
Жукешбаева Жанна Мунербекқызы 
Астана қаласы, №66 мектеп-лицейі,  
Бастауыш сынып мұғалімі 
 
Педагог мәртебесінің қалыптасуы мен дамуы 
 
Қазіргі  білім  беру  жүйесінде,  мемлекеттік  құжаттарда  мұғалім  еңбегіне  зор  көңіл  бөлініп,  үлкен 
талаптар  қойылуда.  Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында  7–тарау  50–бап  және  51  бапта 
«Педагог  қызметкердің  мәртебесі»  туралы  айқын  көрсеткен.  Сол  талаптар  мұғалімнің  кәсіптік 
мәртебесімен және беделімен тікелей байланысты. Қазіргі қоғамда жастар арасында педагог кәсібін таңдау 
әрі сол кәсіптің беделі мен оның қалыптасу жолдары өзекті мәселенің бірі болып отыр. 
Қай  заманның  мұғалімі  болмасын  ұлы  Абайдың  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға»,-
дегеніндей, тәлім – тәрбие ісіне жалықпайтын, шығармашылығы мол, еңбекшіл парасатты азаматы болуы 
керек.  Өйткені,  баланы  өзіне  тарта  алатындай  шын  тәлімгерлігі  бар  адам  ғана  ұстаз  деген  атаққа  ие  бола 
алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қана қоймай, тарихи танымы  мол, 
саяси – экономикалық және педагогикалық сауатты болуы тиіс. Сонымен бірге балаға ата– анадан кейінгі 
ақыл  –  ой,  адамгершілік,  эстетикалық,  сана  –  сезімдік  дене  тәрбиесі  мен  ұлттық  тәрбиені  сіңіруші  адам 
болуы шарт. 
   Білім  беру  –  тәрбиелеу  мен    оқытудың  үздіксіз  үрдісі  екендігі  заңды  нәрсе.  Бұл  үрдістегі  басты 
тұлға  –  мұғалім.  Ұлы  ғұламамыз  А.Байтұрсынұлы  XX  ғасырдың  басында  «Ең  әуелі  мектепке  керегі  – 
білімді,  педагогика  мен  методикадан  хабардар,  оқыта  білетін  мұғалім»,-  деген  екен.  Өткен  ғасырдың 
басында  айтылған  бұл  сөз  бүгінгі  күні  де  маңызын  жойған  жоқ.  Әсіресе,  ол  қазіргідей  білім  реформасы 
жүріп  жатқан  уақытта  тіпті  маңыздырақ  болып  отыр.  Олай  дейтініміз,  өз  білімін  көтеріп,  өз  бетінше 
жетілдіріп отырмаса, тынбай ізденбесе мұғалімнің балаға берер білім дәрежесі жеткіліксіз болары күмәнсіз. 
   Оқушыларды  Отанды  сүюге,  адалдыққа,  адами  тазалыққа,  ізгілікке,  имандылық  пен 
инабаттылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу – әрбір ұстаздың абыройлы парызы, һәм қарызы. 
Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, этно – мәдени дәстүрлерді сақтап, 
дамыта  отырып,  шығармашылық  ізденіспен  жұмыс  істеп,  өмірге  еніп  жатқан  жаңа  технология  мен 
техниканы  меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс. 
Демократияға  қадам  басқан  қоғамда  мұғалімге  артылатын  жауапкершілік  жүгі  жеңіл  емес.  Бүгінгі 
мектептің  басты  міндеті  –  өзіндік  ой–көзқарасын  ашық  айта  алатын,  өмірге  бейім  тұлға  қалыптастыру 
болса,  оған  мұғалімнің  шәкіртіне  деген  сүйіспеншілігі,  оны  тұлға  ретінде  бағалауы  баланың  адамдық 
қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.    
  
 Мұғалім    беделі,  жеке  басының  ерекшелігі  мектеп  ісінде,  жас  ұрпақ  тәрбиесінде  айрықша  орын 
алады.  Мұғалім  беделінің  артуына  алдымен  мұғалімнің  өзі,  сонан  соң  мектеп  жауапты.  Егер  мұғалім 
беделді,  өз  пәнін  жетік  меңгерген  болса,  әрине,  оның  беделі  өз  ортасында  –  әріптестері,  шәкірттері 
арасында арта түсері даусыз. 
Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің  II съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер 
– бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан 
ұстазға  жүктелетін  міндет  өте  ауыр»,-дегені  жоғарыдағы  сөздің  айғағы.  Ендеше,  өз  ісіне  берілген, 
жаңалықты  жатсынбай  қабылдайтын  ұлттық  қасиеттеріміздің  асылдарын  асқақтата  отырып,  шәкіртінің 
жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. 
Қазір  «ХХІ  ғасырдың  мектебі  мен  мұғалімі  қандай  болуы  керек?»,-деген  негізгі  сұраққа  жауап 
ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қатып қалған 
қатандық  пен  жаттандылықтан  аулақ,  тәжірибелік  қызметте  педагогикалық  үйлестіруді  шебер  меңгерген 
психолог  –  педагогтік  диагностика  қоя  білетін  мұғалім  қажет.  Бұрын  өз  пәнімді  жақсы  білсем,  аздаған 
педагогикалық  әдіс–  тәсілдерді  меңгерсем,  баланы  өз  еркіме  бағындырсам,  өте  күшті  педагог  деген 
тоқмейілсу орын алса, енді бұл көзқарасты мүлде өзгертуге тура келеді. Өйткені, қазір заман өзгерді, қоғам 
өзгерді. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлде 
басқаша.  Өйткені,  олар  –  ешнәрседен  қорықпайтын,  өзінің  болашағына  тиімділік  тұрғысынан  қарайтын, 
іскерлікке  бейім,  романтик  көп  нәрсеге  сене  бермейтін  адамдар.  Мұғалімдерге  қойылатын  талаптарды 

12 
 
шешуде  мектеп  әкімшілігіне,  әдістемелік  кеңестерге  олардың  бүгінгі  күн  талабына  сай  жетіліп  дамуына 
жан – жақты іс – шаралар жүргізуді  талап етеді. 
      1.Мұғалімдердің өз жұмысына талдау жасауға үйренудің маңызды ерекшелігін ескеріп, мектеп басқару 
ұжымы мұғалімнің жұмысына талдау жасау жүйесімен танысу, оның педагогикалық ойлау логикасына ден 
қойып,  сабақтың  міндетін  айқындау,  оның  құрылымын,  формасын,  қолданылатын  талдау  себептерін 
ғылыми негіздеуге ұмтылуға бағыттау, сол мақсатта сабаққа кіріп, осы негізді талдау жасау. 
       2.  Әдістемелік  жаттандылықтан  қашып,  нақтылы  жағдайға  сәйкес  әдістемелік  қатынас  таңдай  білу, 
оқытудың жаңа технологияларын қолдану, әртүрлі әдістемелік ұсыныстарға сүйене отырып, өзі оқытатын 
сынып  оқушылары  ерекшеліктеріне  ұстаздың  өзінің  ізденіс  ерекшелігіне  сәйкес  әдіс  –тәсілдеріне  таңдай 
алуға  мүмкіндік  жасау.  Қазіргі  таңда  педагогикалық  шығармашылықты  дамытудағы  жаттандылықты 
жойып, оқытуда таңдап алынған жаңа технологиялардың тиімділігін кәсіптік білгірлікпен дәлелдей алатын 
мұғалімдердің білімін, кәсіптік деңгейін көтеру. 
     3.  Келесі  бір  өзекті  мәселе:  оқыту  мен  тәрбие  жұмысындағы  ұлттық  педагогиканың  орны.  Бұл  өте 
күрделі  мәселе.  Сондықтан  мұғалім  өзінің  әрбір  ісінде  әйтеуір  ұлттық  педагогиканы  пайдалану  осы  екен 
деп  орынды  –  орынсыз  пайдаланбай,  оқыту  мен  тәрбиеде  оның  орнын  білу  керек.  Яғни,  ұлттық  тәрбиені 
білім  негіздерімен  ұштастыра,  сабақтастыра  отырып  баланың  жеке  қабілеті  мен  дарынан  ояту,  жетілдіру, 
шығармашылыққа,  іскерлікке  баулу,  халқымыздың  ізгі  қасиеттерді  баланың  бойына  сіңіру,  имандылық, 
мінез – құлқын қалыптастыру, жүзеге асыру көзделуі тиіс. 
4. Қазір мектеп мұғалімдер ұжымының құрылымы 25-30 жас аралығында. Ендеше жас мамандармен 
жұмыс  істеуді  жолға  қою  керек.  Бұл  салада  әрбір  жас  маман  тәжірибелі  ұстаздарға  бөлініп,  қамқорлыққа 
алынады.  Арнаулы  кесте  бойынша  білім  жетілдіру  курстарына  жіберіледі.  Арнаулы  әдістемелік  көмек 
көрсетіліп,  семинарлар  өткізіліп  тұрады.  Олардың  оқу  және  тәрбие  жұмыстарына  қатысып,  кеңес, 
бағдарламалар беріледі. Жастарды ынталандыру, шығармашылық ізденіс жасауға баулу мақсатында «Жас 
мұғалімдер  мен  тәрбиешілер»    сайысы  өткізіледі.  Оның  нәтижесі  аттестация  кезінде  есепке  алынады. 
Ұжымның  құрамының  жас  болуы  бір  жағынан  жақсы,  екінші  жағынан  мұғалімдікті  шын  сүйетіндер 
ізденеді, дамуға ізденіс жасайды. Кімдер «кездейсоқ» осы мамандықты таңдаса, бұл оның өзіне де, мектеп 
ұжымының жұмысына да өзінің  әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан әр оқу жылында пән бірлестіктері, 
тәрбие және сынып жетекшілері бірлестіктерінің негізгі жұмыстарының бірі – жас мұғалімдермен жұмыс. 
     Ең  басты  мақсат  –  оқушыларды  сабаққа  ынталандыру.  Оқушылар  сабаққа  қызықты  дегенше,  іс  оңға 
басты  дей  беріңіз.  Шәкірттерді  пәнге,  қала  берді  өтілетін  тақырыпқа  қалай  қызықтыруға  болады?  Әрине, 
сабақты  қызықты  етіп  өткізу  айтуға  ғана  жеңіл.  Оқушыларды  еліктірерлік,  еріксіз  баулап  аларлық  сабақ 
өткізу қай уақытта да оңай шаруа емес. Бұл мұғалімнің белсенділігін, еңбекқорлығын, қабілеттілігін, қажет 
десеңіз, дарындылығын қажет етеді.  
    Әр мұғалім әр сабақты ерекше құштарлықпен, шабытпен өткізгенде ғана нәтиже беретіні сөзсіз. 
    Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімдерге өз қызметінде 200 – дей жұмыс түрін атқаруға тура келеді 
екен.  Ол  мектептің  барлық  шараларына  қатысады,  көптеген  адамдармен  қарым  –  қатынаспен  жасайды, 
көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдайларды кездестіреді, оларды шамасына қарай шешеді. 
    
Қазіргі  педагогикалық  әдістемелік  газет  –журналдарда  жарияланған  әдіскер  ұстаздардың,  мектеп 
директоры  мен  олардың  орынбасарларының  көкейкесті  мәселелерінің  ең  негізгісі:  жоғарыда  тоқталған 
қазіргі  заман,  XXI  ғасыр  мұғалімі  ләзім,  оған  қойылатын  талаптар  қандай?  Біздіңше,  олар  мына 
төмендегілер: 

Мұғалім  жеке  көзқарасы  бар  және  оны  қорғай  білетін  жігерлі  тұлға  және  маман  мұғалім  болуы  қажет. 
Зерттеушілік,  ойшылдық  қасиеті  бар  мұғалім  өз  ісіне  сенімді  болады,  жалтақ  болмайды.  Өз  ісін  жетік 
біліп,  табанды  жүргізетін  мұғалім  ғана  түпкі  нәтижеге  қол  жеткізе  алады.  Ондай  мұғалім    әр  ісіне  есеп 
беріп, уақытты дұрыс пайдаланады, азаматтық  ар – ожданын ылғи да қорғай алады. 

Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін үнемі жетілдіріп отырумен қатар күнделікті ісінде оны шебер 
пайдалана білуі керек. 
Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты  тұлға білім беретін мұғалім емес, осы  білімді қызыға қабылдауға 
дайын оқушының болуы. Біздің алдағы мақсатты ісіміздің бірі және  негізгісі осы. Ұстаз еңбегі осы дәрежеге 
ие болса ғана мұғалім мұраты орындалған болар еді және мектеп өз мақсатына жеткен болар еді. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. –Алматы: Юрист, 2008, 34-35-бет 
2.
 
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2002  
3.
 
Шаймерденов Р.Қ. Педагогика және психология сөздігі.–Алматы,  2002  
4.
 
Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. –Алматы, 2002   
5.
 
Шакузадаұлы Н. Әдептілік қағидалары. – Алматы, 2002  
6.
 
Қазақстан мектебі  № 9, 10.  2005 ж. 

13 
 
Rakhmetova  Saule Sainovna 
Nazarbayev Intellectual School,Atyrau 
 
 
PSYCHOLOGYCAL-PEDAGOGICAL DIAGNOSTICS AND SUPPORT OF GIFTED STUDENTS 
 
 
The article is dedicated to the topic of identifying  gifted and talented students.There are  given  ways  how  to raise 
their  abilities  and  approaches  of  working  with  them.Currently,    a  lot  of  institutions  focus  attention  to  new 
pedagogical technologies and strategies in education and one of them is Nazarbayev Intellectual Schools. 
 If we ask a question “Who are gifted and talented students?” the answer will be like this: 
-Students with ability to learn easily; 
-They can use their critically reasoning to solve problems; 
- They are verbally advanced; 
-They need constant engagement and enrichment activities 
-May become bored with repetition; 
-They may resist schedule changes. 
Defined by Gagne,giftedness is the possession and use of untrained and spontaneously expressed natural abilities,in 
at  least  one  ability  domain,to  a  degree  that  places  an  individual  in    at  least  at  the  top  10percent  of  age  peers.He 
identifies  4  domains  representing  giftedness:intellectual,creative,  socio-affective  and  sensorimotor.  Talent 
designates the superior mastery of systematically developed abilities or skills and knowledge in at least one field of 
human activity to a degree that places an individual at least among the top 10 percent   of age peers who are active 
in  that  field  .These  skills  include:academic,arts,business,leisure,social  action,sports  and  technology.Catalysts 
(either positive or negative) for their development include milieu, people,provisions and events. 
 Gagne’s Differentiated Model of Giftedness and Talent  
Giftedness:top10%  Famous  pedagogues  Betts  and  Neihart  have  categorized  gifted  and  talented  students  into  six 
groups  .This  is  really    useful  for  identifying  gifted  and  talented  students  in  secondary  schools  where  their  ability 
may not be evident in their work . 
Successfully gifted . These students achieve high results at  school and they are the group most likely be identified 
as gifted and talented.They are conforming,talented ,eager for the approval of others ,and perfectionistic.They lack 
autonomy and assertinevess,and avoid taking risks. 
Challenging  gifted.  These  students  are  highly  creative  but  frustrated,bored  ,questioning  and  sometimes 
rebellious.They do not conform to the school system and often challenge school rules and conventions. 
Underground  gifted  .  These  students  deny  their  abilities  in  order  to  fit  in.  They  may  be  insecure,  shy  and  quiet, 
avoid taking risks and resist challenges.Many are never identified as gifted. 
Dropout gifted .  These students are resentful and angry because they feel that the system has failed to meet their 
needs.They  are  often  perceived  as’rebellious  loners’,  and  may  be  disruptive  or  withdrawn.They  fail  to  complete  
schoolwork, and their level of achievements  fall well below their ability. 
Double  –labeled    gifted  .These  students  are  gifted  but  also  have  a  physical  or  sensory  disability  or  a  learning 
difficulty.Often  their  giftedness  goes  unrecognised    because  people  to  see  past  their  disability.They  can  become 
angry and frustrated ,and may feel powerless. These students may deny that they are having difficulty by claiming 
that  activities  or  assignments  are  ‘boring’  or  ‘stupid’.  They  may  use  their  humour  to  demean  others  in  order  to 
bolster their own lagging self-esteem. They urgently want to avoid  failures and are unhappy about not living up to 
their  own  expectations.  They  may  be  very  skilled  at  using  intellectualism  as  a  means    of      coping  with  their  
feelings of  inadequacy. They are often impatient, critical and react stubbornly to criticism. 
Autonomous  students.  They  are  confident,  independent,  and  self-directed  .  They  are  intrinsically  motivated  and 
willing  to  take  risks.They  set  goals  for  themselves  and  take  responsibility  for  their  behavior.By  identifying  these 
characteristics  we  can  try  differentiate  our  classes  to  engage  and    challenge  these  students.Gifted  students  are 
exceptional,different,potentially  outstanding.  They  have  needs  that  need  to  be  met,just  like  everyone  else.They 
have  multiple  intelligences.    Being  a      teacher  in  a  class  with  gifted  students  can  be  both  an  exciting  and 
overwhelming  experience.So  how  can  we  cater  for  them  in  the  class?    We  can  differentiate  using  activities  and 
resources (different tasks for students); giving direction (some more, some less); dividing into groups(according to 
levels).We  can  identify  their  potential  by  communicating  with  their  other  teachers  ,coaches,  parents, 
community,parents,peers and the students themselves!We can do this through discussions ,objective and subjective 
testing,portfolios,questionnaires,interviews,nominations. The main approaches of working with gifted  students: 
  Allowing  them to raise their individuality; 
 Teaching to be in advance and  develop themselves; 

14 
 
Teaching individually and selectively; 
To let them feel comfortable in any situation; 
Giving an opportunity to work in groups; 
Setting up extra courses according to students inclination and concern; 
Increasing the  extracurricular activities’ role in teaching; 
Teaching to be patient; 
The effectiveness of mutual collaboration between a teacher and a  student ; 
The directions and ways of developing talent and giftedness:   
1 General intellectual giftedness: 
-to make students participate in various subject olympiads,competitions;     
- to make students participate in distance learning Olympiads;   
- to  make them participate in intellectual creative contests; 
 To involve students into intraschool scientific circles; “ Talent”-8-11 grades, “Intellect”1-7grades 
 2.Artistic-creative giftedness: 
-different contests,festivals depending on students inclination; 
 -students participation in concerts, festivals, exhibitions; 
3. Giftedness in sports: 
 Students participation in sports contests, meetings. 
 Types of  work carrying on with gifted students: 
1.Kinds of group and individual work with gifted students; 
2. Conducting optional lessons at school; 
3. Conducting selective courses for students; 
4. To make students participate in various circles and sports; 
5.To  organise  different  intellectual,  creative,  sports  competitions-thematic    exhibition  of  paintings,dramatic 
reading, “Weeks of Projects”, ”The Golden Fleece” etc. 
6.Scientific-practical conferences, investigative competitions.  
Many of the models appropriate for gifted students can be used or adapted for all students.One of the most widely 
recognized is Renzulli’s School Wide Enrichment Model (SEM) (Renzulli & Reis, 1997), which was developed in 
the    mid-seventies  and  which  continues  to  be  refined.Central  to  this  model  is  the  Enrichment  Triad  Model  , 
designed  to  provide  challenges  and  engage  all  students  ,allowing  them  to  engage  in  meaningful  learning  and 
problem  solving  to  the  extent  they  are  able  to  seize  .It  also  creates  a  substantive  role  for  parents  and  community 
involvement.The  Enrichment  Triad  Model  is  comprised  of  three  elements,  which  culminate  with  the  student  as 
producer of knowledge. 
The Enrichment Triad Model 
This is at the heart of the School Wide Enrichment Model and is comprised of three types of enrichment:  
Type 1 
This provides enrichment outside the regular curriculum for all students.Common examples of Type 1Enrichment 
are  drama  or  music  performances,field  trips,demonstrations,visiting  authors  or  mini  courses.  These  can  be 
organized for a whole school, a certain age group or on the basis of interest. It may be possible early in the school 
year to enlist parents and others in the community to plan 
a   calendar of events early in the school year. 
To make this the most valuable learning experience possible, it is important to prepare students through discussion, 
reading  or  demonstration  before  the  actual  event.  Renzulli  &  Reis      also  suggest  giving  presenters  teaching  tips 
appropriate  for  the  age  group  they  are  addressing.  For  example,  wearing  a  uniform  if  one  normally  does,  or 
bringing props or equipment used on the job. 
On occasion, it may be appropriate  to have an  “advanced Type 1”  for students  who are particularly interested in, 
and  already  know  something  about,  a  topic.  An  example  might  be  a  field  trip  to  a  building  which  uses  some 
alternative energy source for students who already know something about, and are interested in, alternative energy. 
Type 2 Enrichment  
The focus of this type of enrichment is on the development of “learning how to learn” skills. Examples include: 
(1) Learning how to use library data bases 
(2) Engaging in exercises to develop creativity or critical thinking skills 
(3) Learning how to conduct an interview 
(4) Learning various research methodologies 
(5) Improving written and/or oral communication skills 

15 
 
(6)  Sometimes  Type  Two  can  also  involve  developing  social  and  personal  skills  such  as  how  to  listen,  work 
effectively in groups, and set goals. Many students can benefit from these kinds of experiences, although the level 
may differ for different students. 
Type 3  Enrichment 
 In  Type  3  investigation  ,  the  student  becomes  the  producer  of  knowledge  or  product  ,  often  based  on  interest 
generated from a Type 1 experience.Examples are: conducting a science experiment to answer a question , creative 
writing, designing a set for a play, creating learning materials for other students, solving a community problem, or 
developing  a  pamphlet  for  a  target  audience.  It  is  essential  that  the  Type  3  be  self,  not  teacher,  chosen;  that  the 
student use primary, rather than secondary, sources in doing research; and that the student have the opportunity to 
present his/her product or findings to an audience in some meaningful form (Renzulli, 1997). 
     Nazarbayev  Intellectual  Schools  are      built  with  a  view      to  gifted  children  in  Kazahkstan.  Lessons  are  taught 
trilingually  -  in  English,  Kazakh  and  Russian.  Nazarbayev  Intellectual  Schools  (NIS)  are  a  part  of  a  wider 
programme  of  educational  reform,  which  includes  the  establishment  of  Nazarbayev  University,  the  Centre  for 
Educational  Excellence  and  further  initiatives  to  focus  on  teacher  training  and  development.  Named  after  the 
president of the country, Nursultan Nazarbayev, the NIS schools are intended to change the way of  delivering the 
education  to  gifted  and  talented  secondary  (high  school)  aged  children.    There  held  a  lot  of  festivals,  scientific 
conferences, subject olympiads to define gifted and talented students. 
One of strategic partners of  autonomous educational organization Nazarbayev Intellectual School is the Center for 
Talented Youth (CTY) is a gifted education program for school-age children founded in 1979 by Dr. Julian Stanley 
at Johns Hopkins University.   One of the key areas of collaboration is to support teachers in their desire to develop 
the abilities of talented children and to participate actively in society. Additionally, the Center works in accordance 
with the program "Study of extraordinary talent" by Professor Julian C. Stanley. These organizations are working 
on the development of the system of competitive selection of students, aimed at assessing subject knowledge (Cito) 
and  the  assessment  of  the  psychometric  abilities  of  students  to  understand  the  natural  and  mathematical  Sciences 
(CTY).  The  organizations  selected  by  strategic  partners  of    AEO    are  internationally  recognized  and  have  vast 
experience in various countries of the world. 
  The      mission  of  Intellectual  schools  is  to  promote  the  development  of  intellectual  potential  of  the  nation,  to 
provide knowledge and skills, contributing to the formation of an educated, moral, critical thinking, physically and 
spiritually matured citizen, striving for self-improvement and creativity. 
References: 
GIFTED AND TALENTED STUDENTS 
A Resource Guide for Teachers,2007 
Betts, G. T. and Neihart, M. (1988). "Profiles of the Gifted and Talented". Gifted Child Quarterly . 
 
 
 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 19.56 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет