Сапасын дамыту жолдары


Бағалау  –одан  арғы  білім  туралы  шешімді  қабылдау  мақсатымен  оқытудың  нәтижелерін  жүйелі



жүктеу 19.56 Kb.
Pdf просмотр
бет17/33
Дата12.01.2017
өлшемі19.56 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33

Бағалау  –одан  арғы  білім  туралы  шешімді  қабылдау  мақсатымен  оқытудың  нәтижелерін  жүйелі 
түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен 
оқушылар   өздерінің  қандай  мақсатқа  жететіндіктерінің  өлшемдерін  түсіну.  Осыған  байланысты 
бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.  
  4.  Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану  

163 
 
Оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  қоғамдағы  өзгерісті  танып 
білуге және оларды тез қабылдауда мол  
   6.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  білім  беру  және  оқыту.  мүмкіндік  береді. 
Жоспарланған  сабақты  тиімді  өткізуге  көмектеседі,  оқушының  ой  өрісінің  дамуына,  зерттеулік 
жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.  
   5.  Талантты және дарынды балаларды оқыту  
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай 
балаларды  анықтау  туралы  ой-пікірлер  мен  зерттеулер  жасау.  Оқушылардың  қабілеттерін  дер 
кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.  
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді 
әдетте  жас  ерекшеліктері  деп  атайды.  Сондықтан  педагогика  және  психология  балалардың  жас 
ерекшеліктеріндегі  ширақтықты,  өзгерімпаздықты  айқындайды,  тәрбиеленушінің  және  қоршаған 
ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.  
   7. Білім берудегі  басқару және көшбасшылық  
Аталған  модуль  білім  берудің  кез  келген  жүйесіндегі  тұрақты  даму  мен  өзгерістердің  сырттан 
енгізілуі  мүмкін  емес,  олар  нақты  сыныптардағы  мұғалімдердің  тәжірибесі  мен  түсініктеріндегі 
өзгерістерден  бастау  алу  керек  деген  тұжырымға  сыйады.  Қандай  жағдай  болмасын,  өзіңіздің 
өмірлік  ұстанымыңызды  таңдай  білу,  адамдық  көшбасшылыққа  негізделеді.   Олай  болса, 
бағдарламаның негізгі идеясы сыни  тұрғыдан бағалау, өзгерту және  тәжірибе мен білім саясатын 
қайта  бағалау  мұғалімдер  бастамасымен  барлық  деңгейлерде  өзгерістердің  іске  асырылатыны 
негізделеді.  Мектеп   жұмысының  бағдарламасына  балаларға  көшбасшы  болуға  үйрететін 
тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.           Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған 
жаңа  білімімді  өзімнің  іс-тәжірибемде  толығынан  қолдандым..  Осы  7  модульді  апарып  сабақтарыма 
қолданған  кезде  сыныптағы  көрініс,  оқушылардың  көзқарасымен  оқу  үрдісіне  қатысты   орын  алған 
өзгерістерге тоқталғым келеді. 
 
                   
 
 
 Ақылдың алты қалпағы тапсырманы орындау кезіндегі марапаттау 
Сабақтарымда  СТО  әдістерін  қолданған  өте  тиімді  болды.  Біріншіден,  жеке,  жұппен,  топпен  жұмыс 
барысында баланың белсенділігін, сабаққа қатысуын бақылауға болады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы 
ойлау  қабілеттері  дамиды.  Әр  оқушының  жауабы  тындалуы  қажет,  әр  топ  мәселе  бойынша  өз  ойларын 
ортаға  
салуы  маңызды.  Ой  шақыру  кезеңінің  басты  міндеті  –  алдағы   жұмыстарға  оқушылардың 
қызығушылығын ояту,  дайындау. Ой шақыру кезіндегі жұмыстардың негізгі тәсілдері мен стратегиялары 
болады . Қай тәсіл болса да , ол тұлғаның шығармашылық  әлеуетін ашуға бағытталады . Сабақтарымда 
түрлі  суреттер,  ұлы  адамдың  сөзімен,  ойландыратын  тұжырымдамаларды  пайдалана  отырып,  сабаққа 
деген  қызығушылықтарын  арттырдым.  Іс-әрекетті  ой  елегінен  өткізу  кезеңінде  жаңа  ақпараттар 
кездестіреді,  алға  қойған  міндеттерді  шешуге  ынталанды,  осыны  іске  асыру  барысында  мұғалім  берген 
мәліметтерге, оқулықтағы мәтіндерге сүйенеді.  
          Сабақта   берілген   тақырыпты  алдымен  жеке,  содан  кейін  жұпта,  ұжымда  талқылатып  жұмыс 
жасайды.  Бұл  жағдайда  әрбір  оқушы  бір  сәт  өзін  мұғалім  ретінде  сезініп,  оқуға  деген  жауапкершілігі 
артады.  Әр  топқа  берілген  тақырыпты  жеке  оқып,  содан  кейін  өзге  топқа  реттік  нөмірлер  бойынша 
топталып,  өз  тақырыптарын  түсіндіреді.  Бұл  есте  сақтау,  негізге  алу,  түсіндіруді  арттырады,  яғни  жаңа 
ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.  

164 
 
  
            
 
     Жұптық жұмыс                                                 топтық жұмыс 
Рефлексия  кезеңінде  оқушылар  алған  жаңа  ақпараттарды,  жаңа  білімді  реттейді,  өз  пікірлерін  дәлелдеп 
айтады. 
Манағы 
 флип 
чартқа 
түсіргендерін  
топпен 
қорғайды.  
7  модулді  қолдана  отырып,  өзімнің  де  көптеген  қызықты  идеяларымды  жүзеге  асыру  жөнінде 
белсенділігім  арта  түсті.  Қазақстанның  білім  беру  мазмұны  сөзсіз  жаңа  сатыға  көтеріліп,  алға  қадам 
бастап  келеді.  Біліктілік  пен  шеберлігімізді  ұштастырып,  жас  ұрпақты  әлемді  мойындататын  рухани 
биікке көтеру біздердің міндетіміз.  
            Қоғам  дамуында  білім  берудің  ең  маңызды  мәселе  екендігі  белгілі.  Әрбір  мемлекеттің  өсіп-
өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы  ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең 
биік  көкжиегінен  көрінгісі  келетін  кез  келген  мемлекет,  ең  алдымен,  білім  беру  саласын  жолға  қойып, 
сапасын  көтеруді  мақсат  етеді.  Ендеше  осындай  бәсекеге  қабілетті,  рухы  биік  ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа 
формация  мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық.  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау» 
бағдарламасының  қазіргі  таңда  білімді,  білгенін  өмірге  пайдалана  алатын  шәкірт  тәрбиелеуде  алатын 
орны  ерекше.  Қытай  философының  «Маған  жәй  айтсаң  –  ұмытамын,  көрсетсең  есімде  сақтаймын,  ал 
өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын артыруда 
ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада 
жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материалдар-
ды,  көрнекі  құралдар  мен  ұтымды  технологияларды,  тиімді  әдіс  –  тәсілдерді  пайдалана  отырып,  білім 
алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру.  
«Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді 
ешқашан тоқтатпайық дегім келеді. Өркениет көшіндегі білім кемесінің сапары сәтті болғай.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚЫЗЫЛОРДА
 
ҚАЛАСЫ,
 
 
№217
 
Б.
 
ШАЛҒЫНБАЕВ
 
АТЫНДАҒЫ
 
ОРТА
 
МЕКТЕПТІҢ 
 
ИНФОРМАТИКА
 
ПӘНІНІҢ
 
МҰҒАЛІМІ
 
 
ӘБУОВА
 
ЖАНАР
 
МҰРАТАЙҚЫЗЫ 
 
 
 
 
 
 
И
НФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
 
 
К
ІРІСПЕ
 
        «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол 

165 
 
жеткізуіміз керек» 
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н. Назарбаев 
 
        Қазіргі  кезде  толғандыратын  өзекті  мәселелердің  ең  негізгісі  –  еліміздің  болашағы.  Еліміздің  өркен 
жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселені  жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі. 
        Президенттің    жолдауында:    «Ұлттық    бәсекеге    қабілеттілігі    бірінші    кезекте    білім  деңгейімен 
айқындалады»  -  деген  байламы  жеке  адамның  құндылығын  арттыру,  оны  дайындайтын    ұстаз  
жауапкершілігінің  өсуі,  тынымсыз  еңбек,  сапалы  нәтиже  деген ұғыммен егіз. 
        Тәуелсіз ел тірегі білімді  ұрпақ. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне    өту  
оқыту    мен    тәрбиелеудің    соңғы    әдіс-тәсілдерін,    жаңа    инновациялық  педагогикалық    технологияны 
игерген,    психологиялық-педагогикалық    диагностиканы  қабылдай  алатын,  педагогикалық  жұмыста 
қалыптасқан  бұрынғы  ескі  сүрлеуден  тез  арада  арылуға  қабілетті  және  нақты  тәжірибелік  іс-әрекет 
үстінде  өзіндік  даңғыл  жол  салуға  икемді,  шығармашыл  педагог-зерттеуші,  ойшыл  ұстаз  болуын  қажет 
етеді.  
        Инновация  ұғымы  жалпы  энциклопедияның  жаңа  басылымында  «инновация,  жаңалық,  жаңару  –
техникалық  және  технологиялық  жетістіктер  мен  ашылымдардың  немесе  жаңалықтардың  іс  жүзіндегі 
«қолданысы»  деген  анықтама  беріледі.  Ал,  сөздікте  «новация»–бір  нәрсенің  ішінара  жаңаруы,  яғни 
қандайда  бір  бөлігінің,  қасиетінің,  байланысының  өзгеруі»  делінсе,  «инновация  –  мүлдем  жаңа  нәрсе, 
жаңалық»  ретінде  пайымдалады.  «Инновация»  сөзі  латын    тіліндегі  іn  (ішіне)  novus  (жаңа)  сөздерінен 
құралып      «жаңарту», «өзерту», «жаңашылдық»,  «жаңалық»  деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни  педагогика 
ғылымында  жаңа  әдістерді,    тәсілдерді,    құралдарды,    бағдарламаларды    пайдалану.        Бұл    ұғымдар 
К.Ангеловский,  В.Загвязинский,    В.Ляудис,    Л.Подымова,    М.Поташник,    А.Пригожина,    В.Сластенин,  
Т.Шамова, Н.Юсуфбекова сияқты ғалымдардың еңбектерінде кеңінен ашылған. 
        Қазіргі  кездегі  шапшаң  жүріп  жатқан  жаһандану  үрдісі  әлемдік  бәсекелестікті  күшейте  түсуде. 
Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы 
атты  жолдауында:  «Білім  беру  формасы  –  Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз 
етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды  құралдарының  бірі»  деп  атап  көрсетті.  Бүгінгі  білім  мазмұны 
мұғалім  мен  оқушының  арасындағы  байланысты  субъективті  деңгейде  көтерудегі  демократиялық 
бастамалардың  барлығы  мұғалімдер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бүгінгі  мұғалімге  тек  пән  мұғалімі 
ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.  
         Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  инновациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы 
дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу  -  тәрбие  үрдісінің 
барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарылатуды  көздейді.  Біріккен  ұлттар  ұйымының 
шешімімен  «ХХІ  ғасыр  –  ақпараттандыру  ғасыры»  деп  аталады.  Қазақстан  Республикасы  да  ғылыми  - 
техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.  
        Инновациялық  технология  электрондық  есептеуіш  техникасымен  жұмыс  істеуге,  оқу  барысында 
компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды,  интерактивті  тақтаны  қолдануға, 
интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік  оқыту  бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық  әдістемелік 
материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. 
Жедел  дамып  отырған  ғылыми  –техникалық  прогресс  қоғам  өмірінің  барлық  салаларын 
ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның 
қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік 
қауымдастықтағы 
мемлекеттің 
рөлі 
тәуелді 
болады.  
        Заман  ағымына  қарай  ақпараттық  технологияларды  қолдану  айтарлықтай  нәтижелер  беруде.  Кез 
келген  сабақта  электрондық  оқулықты  пайдалану  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттырып  қана 
қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға,  шығармашылықпен  еңбек  етуіне  жағдай  жасайды. 
Инновациялық  технологияны  бәсекеге  қабілетті  ұлттық  білім  беру  жүйесін  дамытуға  және  оның 
мүмкіндіктерін  әлемдік  білімдік  ортаға  енудегі  сабақтастыққа  қолдану  негізгі  мәнге  ие  болып  отыр.  
Инновациялық 
технологияны 
пайдалану 
жөніндегі 
қызметтің 
мақсаты: 
• үйренушінің шығармашылық  әлеуметін  дамыту; коммуникативтік  әрекеттерге қабілетті болуды қамту; 
сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру; оқу қызметі мәдениетін дамыту;  
• оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;  
        Ақпараттық  мәдениетті,  сауатты  адам  -  ақпараттың  қажет  кезін  сезіну,  оны  тауып  алуға,  бағалауға 
және  тиімді  қолдануға  қабілетті,  ақпарат  сақталатын  дәстүрлі  және  автоматтандырылған  құралдарын 
пайдалана білуі керек.  
 

166 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
        Қазақстан  Республикасы  орта  білім  жүйесін  ақпараттандыру 
туралы  мемлекеттік  бағдарламасында  «.  .  .  ҚР  дүниежүзінің  дамыған  елдері  сияқты  орта  білім  беру 
жүйесінен  ақпараттандырудың  жолына  түсуі  тиіс,  яғни  бірыңғай  ақпараттық  білім  беретін  желіге 
негізделген оқыту жүйесін жасау керек.» Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты 
болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі – мектептерді компьютерлендіру.  
       Білім  беруді  ақпараттандыру  –  жаңа  технологияны  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны 
бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асырады.  Педагогикалық  технология  –  мұғалімнің  кәсіби  қызметін 
жаңартушы  және  сатыланып  жоспарланған  нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін  іс-әрекеттер  жиынтығы. 
Педагогикалық  технологиядағы  басты  міндет  –  оқушының  оқу-танымдық  әрекетін  жандандыра  отырып, 
алға  қойған  мақсатқа  толықтай  жету.  Ал  бұдан  педагогикалық  технологияның  тиімділігі  шығады.  
Оқыту үрдiсiнде технологияны қолдану мұғалім мен оқушы қарым - қатынасының бұрынғы қалыптасқан 
жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм 
беру  жүйесінде  мұғалім  –  оқушы  -  оқулық  түрінде  құрылған  үш  жақты  байланыс  бұзылып,  мұғалiм  – 
оқушы  -  компьютер  -  оқулық  жүйесі  пайда  болды.  Мұндай  жүйеде  бiлiм  беру  оқыту  процесінде 
компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап 
етедi.  Ақпараттандыруда  технологияның  негізгі  бағыты  ХХІ  ғасырдың  талаптарына  сәйкес  қоғамды 
дамытудың  жоғары  тиімділікті  технологияларына  сүйенген  жаңа  білім  стратегиясына  көшу  болып 
табылады.  
      Ақпараттық  технология  құралдарын  меңгеру,  жаңа  элементтің  енгізілуінің  негізінде  адам  қызметінің 
өзгеруі сияқты мәселелер көп уақыттан бері психологтарды қызықтыруда. 1937 ж. Л. С. Выготский былай 
деп  жазған:  «Адамның  өмір  сүру  процесіне  құралдың  ендірілуі  осы  құралды  қолдану  және  басқарумен 
байланысты көптеген жаңа қызметтерді өмірге әкеледі, осы құрал орындай  алатын  көп жай  процестерді 
керек  емес  қылады,  психикалық  процестер  және  олардың  ұзақтылығын,  интенсивтілігін,  жүйелілігін 
өзгертіп,  бір  қызметті  екінші  қызметпен  ауыстырады,  қысқаша  айтқанда,  бүкіл  өмір  сүру  құрылымын 
өзгертеді».  
      Жаңа  ақпараттық  технологиялар  дегенiмiз  –  бiлiм  беру  iсiнде  ақпараттарды  даярлап,  оны  бiлiм 
алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудан негiзгi құрал компьютер болып табылады. Компьютер - 
бiлiм  беру  iсiндегi  бұрын  шешiмiн  таппай  келген  жаңа,  тың  дидактикалық  мүмкіндіктерді  шешуге 
мүмкiндiк  беретін  зор  құрал. Бірақ  әлі  күнге  дейін  біз  осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан 
бiрiн 
де 
пайдалана 
алмай 
отырмыз.  
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, 
кең  байтақ  Қазақстанның  байлығына  ие  болатындар,  сол  байлықты  өз  иелігіне  жұмсайтындар,  сөз  жоқ, 
қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Менің 
де  мұғалім  ретінде  алдыма  қойған  мақсатым  –  оқушыларға  ұлттық  педагогикалық  тәрбие  мен  білім 
берумен  қатар  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттыру.  Сол  себепті  сабақты  идеялық  жағынан 
ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр 
сабақта  оқушыларды  ойлануға,  өздігінен  ізденіс  жасауға  баулып,  ойын  ауызша,  жазбаша  жинақтап 
баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру  - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. 
Бұл  ретте  ғасырлар  бойы  қолданылып,  сұрыпталып,  тұрмыс  пен  өмір  тәжірибесі  сынынан  өткен  салт-
дәстүріміз педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланылады.  
      Технологиялардың  танымал  түрлерінің  бірі  Модульдік  оқыту  –  оқытуды  оңтайландыру,  тұлғаның 
мүмкіндігіне  даярлық  деңгейін  бейімдеу  болса,  дамыта  оқыту  –  оқушының  жеке  тұлғасын,  оның 
біліктерін 
дамыту.  
Осыны  ескере  отырып,  мен  оқу  үрдісінде  М.  Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту  технологиясын» 
қолданып жүрмін. Мұндағы менің мақсатым  - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына 
төзе  білетін,  белсенді,  білімді  оқушы  тәрбиелеу.  Модульдік  технология  дамыта  оқыту  идеясына 

167 
 
негізделген.  Модульдік  оқытудағы  негізгі  мақсат  –  оқушының  өз  бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігін 
дамыту. 
Ал  жекелеп  (даралап)  оқыту  –  бұл  қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін  ашуға,  дамытуға  жағдай  туғызу, 
белсенді  оқыту  –  танымдық  белсенділігін,  шығармашылығын  ұйымдастыру.  Сондай-ақ  түрлеріне 
тоқталсақ: 
Олай  болса,  жаңа  технологияның  әдіс-тәсілдерін  иновациялык  құрылғыларды  пайдалану  білім  сапасын 
арттырудың  бірден-бір  жолы.  Оқу  үрдісінде  осы  технологияның  тиімді  жақтарын  төмендегі  сызбадан 
көре аласыздар.  
       Ақпараттық  технологияларды  пайдалану  кезінде  бірден  бір  талап  десек  те  болады  ол  -  ақпараттық 
мәдениет.  Ақпараттық  мәдениет  дегенiмiз  -  адамға  ақпараттық  кеңістіктің  қалыптасуына  қатыcyғa  және 
ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. 
Э. Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң 
ақпаттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде 
сапалы  жаңа  ақпаратты  құру  және  практикалық  қолдану  бойынша  жетілу  деңгейі».  
        Өз  тәжірибемде  педагогика  ғылымының  докторы,  профессор  Ж.  Қараевтың  «деңгейлік  оқыту» 
жүйесіне,  «сын  тұрғысынан  ойлау»  стратегиясына,  Шаталовтың  «тірек  сигналдары  арқылы  оқыту» 
жүйесіне және қосымша электронды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргіземін. Жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы 
да  оқушының  нені  білетінін,  нені  меңгергенін,  нені  ұға  алмағанын  білуге  болады.  Жаңа  әрі  пайдалы 
ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» 
бағдарламасының  стратегияларын  сабақта  қолдану  барысында  көрсеткен  нәтиже:  оқушының  оқуға 
қызығушылығы  артады,  іскерлік  дағдысы,  ойлау  белсенділігі,  тапқырлығы,  өзіне  деген  сенімі 
қалыптасады,  пікір  таластыра  білуді,  ойын  жүйелі  түрде  жеткізуді,  қолданбалы  программаларды 
пайдаланып  немесе  алгоритмдер  құру  арқылы  программа  құрастыруды,  үйренеді.  Баланың  жеке 
қасиеттерін  ашу  арқылы  тәрбиелей  отырып,  танымдық  күшін  қалыптастыру  және  оқушының 
шығармашылық  қабілетін  дамытуда  «Бетпе-бет»,  «Жұлдызды  сәт»  сияқты  ойын  түрлері,  топтастыру, 
сәйкестендіру,  толықтыру  стратегиялары,  он  лайн  басқатырғыш,  сергіту  жаттығулары,  электронды 
оқулықтар кеңінен қолданылады.  
        Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра 
білу. Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.  
         ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  басым 
бағыттарының  бірі  -  білім  беру  ұйымдарын  электрондық  оқыту  жүйесіне  енгізу.  /e-learning/.  «Оқушы 
автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін» жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік 
–тақырыптық  жоспары  бар  электрондық  дәптерді,  сынып  журналын,  хабарландыруларды  т  с  с  бар 
мәліметтер,  ДҚ  арқылы  енгізіледі.  Электрондық  оқыту  жүйесінің  негізгі  мақсаты  білім  беру  ұйымдары 
қызметкерлеріне  үздік  білім  беру  ресурстары  мен  технологияларына  қол  жеткізуді  қамтамасыз  етуге 
негізделген болса, міндеті – оқу-тәрбие үрдісін автоматтандыру болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

168 
 
 
 
Касенова Айнұр Құрманғазықызы 
Астана қаласы,  
МКҚК № 44 «Үркер» балабақшасы 
 
 
 
 
 
 
 
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дәстүрлі емес бейнелеу техника құралдарымен 
гипербелсенді тәртібіне түзету енгізу 
 
        Жоғары  қозғалысты  белсенділік,  назар  аударудың  орнықсыздығы  мен  ырықсыздығы  мектепке  
дейінгі  баланың  дұрыс  дамуына  тән  сипат  болып  келеді.  Ондағы  қозғалыстағы  қажеттілік  табиғаттың 
өзімен  салынған.  Бірақ  бұл    қажеттілік  патологиялық    деңгейіне  жететін  кейбір  балалардың  тобы 
болады.  Мұндай  балаларды  гипербелсенді  деп  атайды,  яғни  олардың  тәртібі  артық  ширақтықпен 
білдіріледі.  Әр  түрлі  авторлардың  мәліметінше,  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  2-ден  20%-ға 
дейінгі аса ширақтықпен, тежегішсіздікпен сипатталатын гипербелсенді бұзылуды көрсетеді. 
        Қазіргі таңда бұл мәселе тек психологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңыздылыққа да 
ие,  яғни  психомоторлы  мазасыздық,  тежегішсіздік,  жоғары    ашуланшақтық  мұндай  балаларға  қоғамда 
өмірге бейімделуге, мектеп бағдарламасын меңгеруге кедергі келтіреді. Тәртібі гипербелсенді белгілері 
бар баланың мектептегі жолы сәйкессіздіктерден басталады. Жетістікті сезінудің жоқтығы екінші әсерлі 
бұзылуға  және  бағасының  төмендеуіне  әкеліп  соқтырады.  Тіпті  парасаттылығы  жоғары  деңгейлі 
баланың өзі төмен үлгерімді көрсетеді. Қанша дегенмен, балалардың кейбіреулері жақсы нәтижеге қол 
жеткізеді,  бірақ  олар  да  өздерінің  жоғары  парасатты  мүмкіншіліктерін  толығымен  жүзеге  асыра 
алмайды. 
        Гипербелсенді  баланы  қоршаған  үлкендер,  тәрбиешілер,  ата  –  аналар,  мамандар  болсын  әртүрлі 
кикілжің  жағдайларда    мүлдем  көмекке  зәру  болады.  Көптеген  педагогтар  мұндай  балаларға  себебін 
тауып көмек көрсетуден бөлек, тіпті баланың эмоционалды алаңдаушылық фактісін, баланың өз мінез – 
құлқының, өз мәселесінің құлы болып бара жатқанын да көрмейтіндей жағдайда болады. Гипербелсенді 
бала  мен  тәрбиешілер,  ата  –  аналар  арасында  соңғыларының  көңіл  қалуы  мен  ашулануына  жиі  әкеліп 
соқтырады, мұның негізі көп жағдайда бала тәртібіндегі қарапайым себептерді білмеуден болады. 
        Мектепке  дейінгі  жастағы  гипербелсенді  тәртібіне  түзету  енгізудің  бір  құралы  дәстүрлі  емес 
бейнелеу  техникалар  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  гипербелсенді  тәртіпке  ие  мектепке  дейінгі 
балаларды бейнелеудің дәстүрлі емес техникасын қолданумен бейнелеу қызметіне  үйрету келешегі бар 
бағыт  ретінде  қарастырылады.  Бұл  тәрбиеленушілердің  қызықты,  әрі  айшықты  композициялар 
жасауында мүмкіншіліктерін молайта түседі, олармен қажетті бейнелеу және техникалық шеберлігі мен 
дағдыларын  ең  жақсы  меңгеруге  әсер  етеді,  түсіну,  қозғалтқышты,  әсерлі-еркін  ортаның  бұзылуын 
қалпына  келтіреді,  әр  баланың  тұлға  ретінде  қалыптасуына  және  әлеуметке  оның  ықпалдасуына  әсер 
етеді. 
        Осылай,  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  гипербелсенді  тәртібінің    пайда  болу  тақырыбы 
психологияның  теориясы  мен  тәжірибесінде  толық  айқындалмаған  өзекті,  теориялық  және  тәжірибелі 
маңыздылардың қатарына жатады. 
        Дәстүрлі  емес  сурет  салудың  көптеген  техникасы  бар,  олардың  өзгешелігі  –  олар  балаларға,  аса 
жоғары қозғалысты  белсенділікке  ие балалар үшін күтетін нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді. 
        «Қатты бояу жаққышпен түрту» әдісі гипербелсенді  тәртіпке  ие баладан техникалық меңгеру 
мен  дағдыларының  дамуының  нақты  деңгейін  талап  етеді.  Бейнелеудің  қарастырылған  әдісі  көп 
жағдайда бояу жаққышпен  сурет салу техникасымен ұқсас, бірақ құралды ұстауда,  онымен нүктелерді  
бояуда,  жұқтыруда,  таңбалауда  кейбір  өзгешеліктері  бар.  Осылай,  бояу  жаққышпен  дәстүрлі  бояуда 
құрал үш саусақпен (үлкен мен сұқ саусақ арасында, ортаңғыға сүйене отырып) беттің үстіңгі бөлігіне 
қатысты аз ғана иілумен ұсталады; сызықтар мен таңбалар қатаң түрде қол қозғалысының жүруі арқылы  
жағылады.  «Қатты  бояу  жаққышпен  түрту»  әдісінде  бояу  жаққышты  қатаң  түрде  қағаз  бетінің  үстіңгі 
жағына перпендикуляр ұстауды ұсынады, оны үлкен саусақ пен екі жұмылған (сұқ саусақ пен ортаңғы 

169 
 
саусақ)  саусақ  арасында  ұстау  қажет.  Құрғақ,  қатты  бояу  жаққыш  арқылы  оттиск  қалдыра    отырып, 
қарды көруге, кез келген затты бояуға, кірпінің инелерін салуға, шөпті, балапанды бейнелеуге болады.  
        Бояуларды  үрлеу.  Коктейль  ішетін  түтікшенің  көмегімен  араласқан  гуаш  бояуын  үрлеу  арқылы  – 
күннің сәулесін, ағаштардың бұтақтарын, шөптерді салуға болады.  
        Жыртылған  қағаздармен  жапсыру.  Қағаз  жырту  –  балалардың  ең  сүйікті  ісі.  Тәрбиеші  пішін 
салады, балалар жапсырмалау арқылы бейне туғызады 
        Шарларға  домалатылған  сүрткіштерден  жапсыру.  Сүрткіштерден  шарларды  домалату  – 
тынымсыз, бірақ қызықты іс. Оларды жапсыру арқылы күннің сәулесін, гүлді, шөпті салуға болады. 
        Монотипия  әдісі.  Бала  қағаздың  бетін  екіге  бүктеп,  оның  біреуіне  бейнеленген  заттың  (заттар 
симметриялы  түрде  таңдалады)  жартысын  салады.  Заттың  әрбір  бөлігін  салған  сайын,  бояу  кепкенше, 
таңба  алу  үшін  қағазды  қайта  бүктейміз.  Содан  соң  бірнеше  әшекейлер  салудан  соң  қағазды  тағы  да 
бүктеу арқылы бейнені безендіруге болады. 
        Трафарет  үстіне  тампонмен  салу.  Бала  трафаретті  қағазға  қояды,  паралонды  бояуға  батырып, 
паралонмен  трафаретті  сулайды,  содан  соң  трафаретті  ұқыпты  алып  тастайды,  қажет  болса,  бояу 
кепкеннен соң рәсімді қайталайды. 
        Граттаж.  Бала  қағазды  түгел  балауыздың  қаттары  болғанша  жағады.  Содан  соң  оның  үстіне 
сұйық  сабынмен  тушь  жағылады.  Кепкеннен  кейін  таяқша  арқылы  суретті  тырнайды.  Граттаж  қағазға 
қандай тушь жағылғанына қарай түрлі – түсті және ақ – қара түсті болуы мүмкін. 
        Сабын  көпіршіктерімен  салу.  Түтікшені  қоспаға  (гуашь,  сабын,  су)  малып,  сабын  көпіршіктері 
шығатындай  үрлеу  қажет.  Қағаздың  таза  бетін  қағазға  ауыстырған  сияқты  көпіршіктерге  тигізеді. 
Қызықты таңбалар пайда болады, таңбаларды қайта бояуға да болады. 
        Мыжылған  қағазбен  салу.  Мұндай    әдіспен,  мысалы,  ағаштардың  бұтақтарын  салуға  болады.  Ол 
үшін жұқа қағаздың бетін мыжып, бояуға  сәл матырып, абайлап сулай  отырып, ағаштың ұшар басын 
салуға болады. Осындай әдіспен шөпті, аспанды, қарды салуға болады. 
       Бояу  жаққыштың  орнына  –  тескіш.  Қағаз  бетіне  тескішпен  қисынсыз  тәртіпке  бірнеше  тесік 
жасаймыз. Бетті бірнеше рет бүктеу арқылы симметриялы тесіктерді қалай алуға болатынын көрсетіңіз. 
Тесілген  бетті  түрлі  –  түсті  қағазға  жапсырамыз,  әр  түрлі  қарандаштардың  көмегімен  суретті  аяқтауға 
болады. 
        Жіппен бояу әдісі. Жіпті сіңгенше бояуға матырамыз, жіптің ұштары құрғақ болуы тиіс. Жіпті қағаз 
бетіне  қисынсыз  түрде  салып,  бетіне  таза  қағаздың  бетін  жабамыз,  жіптің  ұштары  көрініп  тұруы  тиіс. 
Жіптердің  ұшын  қағаздың  үстіңгі  бетін  қатар  қыса  отырып,  тартамыз.  Қажетті  элементтерін  бояймыз. 
Бір жіпті қолдану арқылы бұл техниканы меңгеріп алғаннан кейін, екі немесе одан да көп жіптер арқылы 
жұмысты 
қиындатуға 
болады. 
        Мөртабан  арқылы  таңбалау  техникасы  (фабрикалық  немесе  қолдан  жасалған  бұйымдар)  мен 
фактурасы арқылы әртүрлі материалдармен (пенопласт, тығындар, құрғақ жапырақтар) істің қарапайым 
тізімін  ұсынады:  Мөртабанды  (немесе  тығынды,  ластикті,  қағаз  бетін,  оның  арғы  бетін  бояуға 
матырамыз  немесе  жалпақ  бояу  жаққыш  көмегімен  оған  бояуды  жағамыз)  аламыз.  Содан  соң  бетке 
таңбаның  орнын  белгілейміз,  мөртабанның  табанын  беттің  үстіне  қойып,  сәл  ғана  бастырамыз.  Бұл 
техника  объектілердің  хаотикалық  композициялық  (затсыз  сурет  салу)  орналасуымен  сюжеттен  аса 
оқшауланған  (тапсырмаға  сәйкес  реттелген)  композицияға  ауысуға  мүмкіндік  береді.  Гипербелсенді 
тәртіптегі балалардың бұл техниканы  қолдануы сәндік сурет салуда аса тартымды, яғни бір қозғалысты 
қайта  –  қайта  қайталау  оның  ырғақтылығын  дамытады,  бұл  техникалық  дағдылардың  жетілуіне  әкеп 
соқтырып,  қозғалыстың  кинестетикалық  сапа  бақылауын  күшейтеді.  Сондай-ақ,  балалар  сәндік 
композицияны  (өрнек  элементінің  ырғақты  қайталауы  негізінде  жататын  сызықты  ою  түрінде) 
қарапайым ұйымдастыруын меңгереді.  
        «Коллаж»  техникасы  бейнелеу  өнерінде  бұрыннан  таныс.  Бұл  техника  жалпақ  (суреттердің, 
слайдтардың,  түсқағаздардың,  түрлі  –  түсті  қағаздардың  көрінісі)  немесе  көлемді  (сымның,  ағаштың, 
металдың бөлшегі) материалдан әр түрлі элементтер жапсырудан тұрады. 
        Дәстүрлі  емес  бейнелеу  техникаларымен  балаларды  таныстырудың  күтілетін  нәтижесі  
гипербелсенді  тәртіптің  (қозғалғыштың  белсенділігі,  ырықсыздығы,  назар  салудың  бұзылуы) 
белгілерінің  төмендеуі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 

170 
 
 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 19.56 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет