Сандуғаш Әлімжанова ыстық су мен жылу ақысы



жүктеу 0.75 Mb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата13.02.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

20 жылда 

21 полицей 

қаза тапты

№134 (816) 

1.08.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Райан Гиггз Олимпиада ойындарына қатысып жүр ме? 



ДОДА

1 тамыз

Уақыты


Спорт түрі

С/д немесе 

бағдарламасы

Аты-жөні


Кезең

18:30 


Бокс

56 келі


Қанат Әбутәліпов

1/16-финал 

03:30, 2 тамыз 

Бокс


91+ келі 

Иван Дычко 

1/16-финал

14:30–19:00

Дзюдо

90 келі


Тимур Болат

Іріктеу-финал

14:00-01:10

Семсерлесу

Шпага

Эльмир 


Әлімжанов, 

Дмитрий 


Алексанин

Іріктеу-финал

18:10–23:30

Семсерлесу

Қылыштасу

Юлия Живица

Іріктеу-финал

19:15 Велоспорт

Жекелей 

жарыс


Александр 

Винокуров, Асан 

Базаев 

Финал 


16:30

Теннис


Жекелей сын

Ярослава 

Шведова?

Үшінші 


айналым 

15:20-00:47

Жүзу

200 м 


(шалқалай)

Александр 

Тарабрин

Іріктеу-


жартылай 

финал


20:30

Ауыр 


атлетика

69 келі


Анна 

Нұрмұхаметова

А тобы

Ескерту: Спорттық додалардың басталуы Астана уақытымен көрсетілген. Осы уақытта 

бұл додалардың көбісін «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан тамашалай 

аласыздар.

ЖҮЛДЕНІҢ ЕКІНШІ ЖАҒЫ

Оның бәрі – көрген нәрсе, кадр сыр тын-

дағы нәрселерді айтайын. Жеңістен кейін 

біз Александр Винокуровпен Лондон 

төріндегі қазақ ауылында Қазақстан жур на-

листері үшін ашылған баспасөз орта лы ғын-

да жүздестік. Сол кезде баспасөз мәс ли хаты 

басталмай тұрып «Осыншама жыл мені 

аялап, бесікте тербеткендей қамқорға 

алған Қазақ еліне тартуым – осы»  деп айт-

 қан екі ауыз сөзі Сашаның бүкіл ғұмы рының 

мәніне қазық болып қағылғандай еді. Сон-

дай-ақ Винокуровтың мына сөзі де көпке 

дейін көпшіліктің көкейінде жүрері хақ. 

«Кеше ғана «Тур де Франс» додасынан түк 

ала алмай, үйге келгенімде балам ма ған: 

«Әке, Олимпиададан бір медаль алып ке -

лі ңізші», – деп тапсырып еді», – деді. Ба ла 

деген періште ғой, періште көңілдің тіле гін 

Алла қабыл етті деген осы болса керек.

Баспасөз мәслихатында «Александр, 

Олимпиаданың жеңімпазы атанып отыр-

сың. Енді спортты қоямын деп шештің. Бі рақ 

бұл тұрғыда тағы да ойланып жүр мей сің 

бе?» – деп сұрақ қойдым. Сонда Ви н о-

куров: «Жоқ, спортшы осындай атақ пен 

кетуі керек», – деп жауап берді. Міне, бұл 

да болса, көп спортшыға үлгі болуы тиіс.

Одан кейін кеше шынашақтай ғана 

қызымыз Зүлфия Чиншанло әлем ре кор-

дын жаңартып, жеңімпаз атанды. Баспасөз 

мәс лихатында ұлттық құраманың бас бап-

кері Алексей Ни: «Зүлфия әлі жас бала ғой. 

Алғашқы мүмкіндігінде толқып, 92 келіні 

көтере алмады. Сонда шын мәнінде көзі 

боталап, жылауға шақ отырды. Жігер лен-

діріп, қайта рухтандырдық. Сөйтіп, бас тап-

қыда ойластырған тактикалық жоспарымыз 

жүзеге аспай қалды. Негізі, бірінші мүм-

кіндігінде 92 келіні көтерген соң, 97 келіге 

тапсырыс береміз деп ойлағанбыз. Ал-

ғашқы сәтсіздігінен қорқып, 95-ке тү сір-

дік», – деді Алексей Ни. Сондай-ақ бас 

бап кер бүй дейді: «Жұлқа көтеру жат ты-

ғуынан кейін маған Халықаралық ауыр ат-

ле тика федерациясының президенті То-

маш Аян мырзаның өзі жүгіріп келді. 

«Алек сей, не істеп отырсың? Сенің спорт-

шың тек үшінші орында тұр. Залда – ми-

нистрің мен федерация президентің, 

еліңде бүкіл халқың қарап отыр» дегенде 

мен: «Саспаңыз, Томаш мырза, біздің өз 

жоспарымыз бар. Бәрі окей болады» 

дедім». Бұдан бөлек бас бапкер Зүлфияның 

бір келі балмұздақтан айырылғанын айтты. 

«Серпе көтеруде 135 келіге тапсырыс 

бергенде Зүлфияға зілтемірді көтере алса, 

бір келі балмұздақ әперетінімді айтқанмын. 

Не болса да ол балмұздағынан айырылды», 

– деген кезде тілінің уыты бар, сөзге шешен 

Чиншанло да қарап қалмай, «кеудеме 

дейін көтердім ғой. Ең болмаса, жарты келі 

балмұздақ әпер», – деп наздана, бұртия 

сөйледі.

Иә, Лондондағы алғашқы әсерлер – 

осы. Алда әлі тағы да алтын медальдардың 

болатынына үміттенеміз.



Екі алтынның әсері

Қазақстанның спорт қайраткері, журналист Несіп ЖҮНІСБАЙ 

арнайы «Алаш айнасы» үшін Лондоннан хабарлайды:

– Мұндай қуаныш Тәуелсіз Қазақстан спортының тарихында 

ешқашан болмаған. Бұрындары Олимпиада ойындарында 

әупірімдеп жүріп, соңында медальға әзер қол жеткізсек, Тұманды 

Альбионда алғашқы екі күнде-ақ екі спортшымыз тұғырдың 

биігіне көтерілді. Оның бірі – Александр Винокуров, екіншісі – 

Зүлфия Чиншанло.

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ

КҮНДЕЛІКТІ КҮНТІЗБЕ

Әрине, бұлай боларын әу баста-ақ біл-

ген біз. Өйткені «Барыс» – Қазақстан ұлттық 

құрамасының негізін қалайтын клуб. Сон-

дықтан «Барыстың» бас бапкері кім болса, 

сол ұлттық құрама тізгінін де қоса ұстайды. 

Тек ресми түрде бекітілуін тосып жүргенбіз. 

Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан шай-

ба лы хоккей федерациясының атқару ко-

ми теті бас қосып, Владимир Крикуновты 

бас бапкерлік қызметке ресми түрде бе кіт-

ті.


Осы басқосуда ұлттық құраманың бас 

менед жері де тағайындалды. Бұл қызметке 

Шуми Бабаев тағайындалыпты. Ұлттық 

феде рация Крикунов пен Бабаевқа Қазақ-

стан құрамасын алдағы маусымға дайын-

дау жоспарын әзірлеп әкеліп көрсетулерін 

тапсырыпты.

Естеріңізге сала кетейік, 9-13 тамыз 

ара лығында  елордамыз  Астанада Қазақ-

стан Президенті кубогы халықаралық тур-

нирі өтеді. Үшінші рет ұйымдастырылатын 

дәс түрлі додаға Қазақстан ұлттық құра ма-

сы да, «Барыс» та қатысады. Сондай-ақ 

«Қазцинк-Торпедо» (Өскемен), СКА 

(Санкт-Петербург) және «Югра» (Ханты-

Ман сы) клубтары қатысады. Астаналық 

жан күйерлер биылғы маусым аралығында 

СКА клубына ауысқан Кевин Далллмэнді 

көре алады.

Осы орайда Қазақстан ұлттық құрамасы 

сапына әлеуеті зор жас хоккейшілер көп 

шақырылып отыр. Сонымен қатар ел чем-

пио натында көзге түсіп жүрген ойын шы-

лар ға мүмкіндік берілмек. Владимир Кри-

кунов «Барыс» клубының да, ұлттық 

құ раманың да ойыны мен қабілетін осы 

турнирде бағамдап көрмек. Бұл тұрғыда 

оған ел хоккейін жақсы білетін Ерлан 

Сағым баев  көмектеседі.

Нұрғазы САСАЕВ

Бас бапкер бекітілді 

Бірнеше жүлде 

алатын күн болғай

Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық 

құрамасының бас бапкері бекітілді. Бұл қызметке «Барыстың» бас 

бапкері, Ресей маманы Владимир Крикунов тағайындалды.

Олимпиада басталмай тұрып, дзю до-

шы жігіттеріміздің Лондонға толық құ ра м-

да баратынын қайта-қайта тілге тиек еттік. 

Жеті жігіттің бәрі жайпап жеңіп келмейтінін 

білсек те, жартылай финалға жетіп жы ғы-

лар деп топшылағанбыз. Бірақ қазақ дзю-

до шылары белдесу қызбай жатып, баудай 

ұшып жатыр. Алдымен – Еркебұлан, содан 

соң – Сергей, кеше – Ринат... Еркебұлан 

мен Сергей алғашқы қарсыластарын жең-

ген. Ал Ринат Олимпиададан бірде-бір же-

ңіссіз кетіп барады. «Бейжің ойын дарына 

қа ты сып,  тәжірибе  толықтырды»  деген 

Иб ра ги мовтің жеребесі ауыр түскені хақ. 

Лон дон Олимпиадасындағы дзюдо тур-

нирін екінші кезеңнен бастаған ол бірден 

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 

екі дүркін әлем чемпионы, оңтүс 

тік-


кореялық Ванг-Ки Чунмен белдесіп, кез-

десудің үшінші минутында қарсыласының 

құр  сауы на түсіп қалды. Ал Ринатты тоқ-

татқан кәріс жігіті жартылай финалдан 

әріге жет кен жоқ. 

Осы орайда самбодан әлемнің үш дүр-

кін чемпионы, даңқты балуандарымыздың 

бірі Асхат Шахаровтың пікірін білуге асық-

тық.

Асхат ШАХАРОВ,  самбодан үш дүркін 

әлем чемпионы:

– Шынын айту керек, Еркебұланнан 

басқа екі жігітіміздің жеребелері өте қиын 

түсті. Сергей Лим де, Ринат Ибрагимов те 

екін ші айналымда әлем чемпиондарымен 

белдесті. Олимпиада ойындарына сүт бе-

ті не шыққан қаймақтар ғана барады емес 

пе?! Бәрінің медальға таласы бар. Кеше 

бас бапкер Асхат Жеткеевпен телефон ар-

қы лы сөйлескенмін. Ол Ринатты тө ре ші-

лер дің аяқтан тартқанын айтты. Кейін теле-

ди 

дардан қараған едім, расында, 

қазы лардың кәріс жігітіне бүйрек бұрғанын 

байқадым. 81 келідегі Ислам Бозбаев та 

алғашқы қарсыласын жеңген жағдайда 

германиялық әлем чемпионымен күреседі. 

Лондон Олимпиадасының 

алғашқы екі күнінде медаль 

алғанға үйреніп қалған қазақ 

жанкүйері үшінші күннен де 

жүлде күтті. Алтын 

медальдың сыңғырын 

естімесек те, дзюдошы Ринат 

Ибрагимов бір ғажап 

тудырып қалар деп 

дәмеленген. Алайда алғашқы 

белдесуінде-ақ иппонға 

түскен Ринат екінші 

Олимпиадасын тым ерте 

аяқтады...

Бұл жерде баптан бұрын, бақтың рөл 

ойнайтынын ұмытпау керек. Теледидардан 

Олимпиада бәсекесін көріп отырып, ойы-

ма мынаны түйдім. Дзюдодан Олимпиада 

чемпионы атанып жатқан спортшылардың 

асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Бәрінің де 

деңгейлері біздің жігіттермен шамалас. 

Сондықтан жігіттерімізге өздеріңе деген 

сенімді жоғалтпай, соңына шейін күре сің-

дер дегім келеді. 

Кеше Олимпиададағы бокс турнирінде 

52 және 81 келі салмақ дәрежесіндегі 

бокс шылар 1/16 айналым жолдамасына 

тала с ты. 81 келідегі қыранымыз Әділбек 

Ниязымбетов АІВА рейтингінде жоғары 

сатыда тұрғанына орай, бірден 1/8 фи-

нал ға өту үшін шаршы алаңға шығатынын 

айтқанбыз. Ол әлемнің вице-чемпионы, 

колумбиялық Карлос Меркадо Конгорадан 

емтихан қабылдайтын болды. Ал 52 келіде 

ел сенім артқан астаналық Ілияс Сүлей ме-

нов Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегін 

жеңіспен аяқтады.

Златан Ибрагимовичтің Отаны қысқы 

спорт пен командалық ойын түрлерінде 

оза шапқанымен, боксқа келгенде керемет 

же тістіктерімен мақтана алмайды. Сон-

дық тан Скандинав елінің намысын афри-

О

ЛИМИАДА – 2012 



Үшінші күнді саралау

калық боксшының қорғағанына таңғалуға 

болмас. Саломо Нтуве Ілияс үшін мүлде 

ың 


ғайсыз қарсылас болды. Алдымен 

Сало моның бойы Ілиястан 16 сантиметр 

ұзын екенін ескеруіміз керек. Бірақ аста-

налық былғары қолғап шебері өзінің тө бе-

сінен қарап тұрған қара маржанға со қ қы-

ла 


рын дарыта білді. Жерлесіміздің 

жек пе-жекті тезірек жеңіспен аяқтаймын 

деп, тактикаға емес, төбелеске басып 

кетке нін жасырмаймыз. Бұл жеңіске деген 

құштарлық та шығар, бірақ бокс, ең 

бірінші кезекте, өнер! Сондықтан ақылға 

жүгінуді ұмытпаған жөн шығар. Саломо 

Нтувенің әлі пісіп жетілмеген жас боксшы 

екені білініп-ақ тұр. Егер шеберлігі жоғары 

болса, қолы мен бойының ұзындығын өз 

пайдасына жаратар ма еді?! Тіпті жұды-

рық тасу мәнерінің аса таза еместігін көрген 

көзде айып жоқ. Айқас кезінде біресе 

Ілиясты шалып құлатты, біресе құшақтап 

алып жібермей қойды, енді бірде күрес 

әдістеріне баса жөнелді. «Швед» сонысы 

үшін ескерту де алды. Ескертуден Ілияс та 

қашып құтылмады. Қарсыласын шын та ғы-

мен қағып жібергенін көрген қазылар де-

реу Сүлейменовтің ұпайын кемітті. Де ген-

мен біз үшін бәрі сәтті аяқталды. Қазақстан 

боксшысы үш раунд бойы қарсыласына 

дес бермей, қазылар пікірінше, 13:8 есе-

бі мен басым түсті. Алғашқы жеңіс – қолда! 

Енді келесі кезеңде Ілиясты шаршы алаң 

қожайыны, британдық Эндрю Селби күтіп 

тұр. Уэльс өкілі өткен жылы Еуропа чем-

пио ны атанып қана қоймай, әлем чем пио-

на тының ақтық сынында Миша Алоянға 

ғана жол берген.



Қайрат СӘТЖАНОВ, бокстан Қазақстан 

жасөспірімдер құрамасының бас бапкері:

– Болат Манкенов дұрыс айтады. Ілияс-

тың асыға қимылдағанын байқадық. Тө бе-

лесіп кеткен кездері де болды. Мейлінше 

соққыларын оймен жұмсағаны дұрыс. 

Бокстың шырайы әдемі техника мен дұрыс 

таңдалған тактика бір жерде тоғысса шы-

ға ды. Сосын қарсыласын алдап, айламен 

жеңуге талпынса, нұр үстіне нұр болар еді. 

Мысалы, біздің жасөспірім боксшылардың 

басты қарсыластарының бірі – өзбек 

ағайындар. Олар бізден гөрі физикалық 

тұрғыдан қуаттылау. Сондай кезде біздің 

балалар әдіс-айламен жеңіп жатады. 

Сондықтан Ілиястың асықпай, ақылмен 

жұдырықтасқаны дұрыс деп білемін. Кеше 

жарады! Қарсыласы тым ұзын әрі қолайсыз 

еді. Жеңді! Енді Ілияс келесі кезеңде сақ 

болуы керек. Эндрю Селби Олимпиада қо-

жайыны болғандықтан емес, әлемнің күміс 

жүлдегері атанғаны үшін де төрешілер на-

за рын аударады. Ілияс бауырымыз ешкімге 

күмән келтірмей, төрешілер ұпай бермеуге 

ұялатындай соққылар жасауы тиіс!

Кешегі күн қазақстандық теннисші Га-

лина Воскобоева үшін сәтсіз болды. Ол же-

ке лей сында венгриялық Тимеа Бабоштан 

екі сеть қорытындысы бойынша ұтылып 

қал ғанымен қоймай, жұптық сында да 

алысқа шаба алған жоқ. Ярослава Шве-

дова мен Галина Воскобоева жұбы ре сей-

лік Мария Кириленко мен Надежда Пет-

ро ва дуэтіне 3:6, 2:6 есебімен жол берді.

Садақ тартудан үздік 16 мергеннің ара-

сына өткен Денис Ганькин алғашқы се гіз-

дікке сына қағу үшін голландиялық қар сы-

ласы Ван Дер Рикті ұтуы тиіс болған. 

Алай да Денис 1:7 есебімен нидерланды 

өкіліне есе жіберіп қойды. Қыздар ара сын-

дағы сында Анастасия Баннова да қуантқан 

жоқ. Ол 1/32 айналымда Мексика қызы 

Айда Романнан 2:6 есебімен жеңілді. 

Ақбота ШӨКЕНБАЙ

«Еуроспорт» арнасынан Райан Гиггз Олимпиада ойындарында 

Ұлыбритания құрамасының сапында ойнап жүр дегенді естіп қалдым. 

Шынымен, ол Олимпиадаға қатысып жүр ме? Ұлыбритания құрамасы 

сапында басқа кімдер бар екен?

Дидар НҰРМАҒАМБЕТОВ, Қарағанды облысы

38 жастағы Райан Гиггз – әлемдегі әй-

гілі футболшылардың бірі. Бірақ ол бір-

де-бір рет Әлем чемпионатына қа тыса 

ал мады. Гиггз бастаған Уэльс фут бол шы-

ла ры қаншалықты қайсар болса да, әлем 

чемпионатына қатысу бақы ты на ие бола 

алмады. Сондықтан ол Стюарт Пирс жа-

сақ таған  команда  са пын да  Олимпиада 

ойын дарына  қаты сып,  Ұлыбритания 

құра масының  на мы сын  қорғауға  келісім 

беріпті. Ал Ұлы британия құрамасының 

сапы төмендегідей:

қақпашылар – Джек Батлэнд («Бир-

мингем»), Джейсон Стил («Мид 

дл-

сбро»);


қор ғаушылар – Майк Ричардс 

(«Ман чес тер Сити»), Дэнни Роуз («Тот-

тенхэм»), Райан Бертранд («Челси»), 

Стивен Кол 

кер («Тоттенхэм»), Крэйг 

Доу сон («Вест Бромвич»), Нил Тейлор 

(«Суонси Сити»), Джеймс Томкинс 

(«Вест Хэм»);



жартылай қорғаушылар – Райан Гиггз 

(«Манчестер Юнайтед»), Аарон Рэмси 

(«Арсенал»), Джо Аллен («Суонси Си-

ти»), Том Кливерли («Манчестер Юнай-

тед»), Джек Корк («Саутгемптон»), Скотт 

Син клейр («Суонси Сити»);



шабуылшылар – Крейг Беллами 

(«Ливерпуль»), Марвин Сорделл («Бол-

тон»), Дэниэл Старридж («Челси»).

Өкінішке қарай, Гарет Бэйл («Тот-

тенхэм») жарақатына байланысты 

Олим  пиада ойындарына қатыса алмады. 

Ал Дэвид Бекхэм құрама сапына ілікпеді.

Ресей дзюдосын өркендетіп отырған – Эцио Гамба



Қазақстан дзюдошыларынан жүлде күтіп, теледидарға телміргеніме бірнеше 

күн болды. Ал көршілес Ресей татамиден екі алтын алды. Олар дзюдоға сондай 

жетік емес еді ғой. Менің білуімше, Ресейден шыққан дзюдошы Олимпиада 

чемпионы да жоқ еді. Түсінбеймін, олар қалай алтын алып жүр?

Дидар НҰРМАҒАМБЕТОВ, Қарағанды облысы

Шынымен де, Ресей Олимпиада ойын да-

рына жеке мемлекет ретінде қатыса бастағалы 

дзю додан алтын алған жоқ еді. Күрестің 

басқа түрінен көшбасшылардың бірі болса 

да, дзюдодан Олимпиада алтынына қол жет-

кізе алмай жүрген. Ал Лондонда Ресей дзю-

дошылары қазірдің өзінде екі алтын алды. 

Әлі ауыр салмақтағы алыптары бар. 

Ресей дзюдосының тасын өрге домалатып 

отырған – итальяндық білікті бапкер Эцио 

Гам ба. Ол кезінде көпшілікке танымал дзю-

до шы болған. 1980 жылғы 71 келі салмақ 

дә ре жесінде Мәскеу Олимпиадасының чем-

пио ны болған. 1984 жылы Лос-Анджелесте 

өткен Олимпиада ойындарында күміспен 

күп телген. Жалпы, Олимпиада ойындарына 

төрт рет қатысып, белдескен. Әлем чем пио-

натында екінші орын алып, Еуропа чемпионы 

болған. Бұған дейін Италия құрамасының бас 

бапкері болған. 53 жастағы білікті бапкер 

2008 жылғы 12 қарашадан бері Ресей құ ра-

ма сын  жаттықтырады.

Гамба, шынымен де, білікті бапкер екен. 

Ресей әзірше Лондон татамиінен екі алтын 

алып, төрткүл дүниені таңғалдыруда. 

Бойында армян қаны жүгірген Арсен Галстян 

60 келіде топ жарса, дағыстандық Мансур 

Исаев Олимпиада ойындарына бірінші рет 

қатысып отырғандығына қарамай, 73 келіде 

алтын мен  апталды.

Қазақстан жанкүйерлеріне Ресейдің ендігі 

сенім артып отырған балуандарының бірі 

100 келі салмақтағы Тагир Хайбуллаев екен-

ді гін ескерте кетпекпіз. Ол – Мансур Исаевтың 

жерлесі, әлем және Еуропа чемпионы. 2011 

жылы Парижде өткен әлем чемпионатының 

финалында біздің Максим Раковты иппон 

әдісімен жеңіп, сан соқтырып кеткен.

ШАРШЫ АЛАҢ



Тұрсынғали 

ЕДІЛОВ,

2000 жылғы 

Сид ней  Олимпиа-

да сын дағы 

Қазақстан  құра  ма-

сының бас бап кері:

– Сидней Олим-

пиадасында сәтті 

өнер  көр се те ті ні міз-

ге сенімді бол ған мын. Өйткені Ермахан 

Ибраимов ке 

ремет бабында болды. 

Сондай-ақ ха риз малық қасиетке ие Ер ма-

хан өзге жігіт терге де рух беріп, олардың 

да сәтті өнер көрсетуіне себепші болды. 

Бек 

зат Саттарханов, Болат Жұмаділов, 

Мұх тар хан  Діл дә беков  сынды  саң лақ тар-

дың да жеңіске жететінін білдім. Олардан 

бөлек, Нұржан Кәрімжанов, Да нияр Мұ-

ңайт  басов,  Олжас  Ора за лиев  сынды  бокс-

шы  лардың да жүлдеге ілігулері мүмкін еді. 

Бірақ жолдары болмады.

Жалпы, сол кезде дайындық ба ры сын-

да бірінші ретте «кубалық синдроммен» 

арпалыстым. Өздеріңіз білесіздер, Атланта 

додасында  кубалықтармен  жұ ды ры қ тас-

қан жігіттеріміздің бәрі де жеңіліп қалды. 

Жұ маділов, Ибраимов, Болат Ниязым-

бетов, Нұржан Сманов – бәрі де Бостандық 

аралының өкілдерінен жеңілді. Сондықтан 

кубалықтардың да ет пен сүйектен жа рал-

ғанын жігіттерге көрсету үшін Сидней до-

да сының қарсаңында олармен бірге оқу-

жат 

тығу жиынын өткіздік. Спарринг 



жұ    ды рықтасулар  өткізіп,  олардың  да 

кәдімгі адам екенін көрген боксшыларымыз 

Сиднейде Куба боксшыларының еш қай-

сы сынан жеңілген жоқ. Өзіндік мик ро-

матч ты алар болсақ, біз оларды 3:0 есе-

бімен жеңіп кеткенбіз.

Бұл Олимпиадада қоржынымызға 

жүл денің түсері анық. Бірақ медальдың 

қай сұрпына қол жеткізетінімізді айта ал-

май мын. Десек те, бапкерлер кеңесі, бокс-

шы лар бұл додаға барынша дайын дал ға-

нына шүбә келтірмеймін. Басты үмітіміз 

– әл бетте Серік Сәпиев. Екі дүркін Әлем 

чем  пионына  тек  Олимпиаданың  бас  жүл-

десі ғана жетпей тұр. Бүгінде өз салмағында 

Серікке ешкім тең келмейді. Сондай-ақ 

Әділбек Ниязымбетовтің жолына үмітпен 

қараймын. Бірақ кубалық Хулио де Ла Круз 

– өте мықты боксшы. Шамамен екі ай бұ-

рын Бостандық аралында болып, олардың 

дайындықтарын көзбен көріп қайттым. 

Сонда осы Хулионың өзге кубалық бокс-

шы лардан да әлдеқайда жоғары тұрғанын 

байқадым. Техникалық арсеналы өте бай 

жігіт екен. Әділбектен бөлек, Иван Дычко 

мен Данияр Елеусіновтің де тұғырға көте-

рі луге мүмкіндіктері зор. Қалай десек те, 

Лон доннан бос қайтпауымыз керек.



Ермахан 

ИБРАИМОВ, 2004 

жылғы Афи ны 

Олимпиа да сын-

дағы Қазақстан 

құ  ра ма сы ның  бас 

бап кері:

– Ұлттық құ ра-

ма ның тізгінін 2002 

Бокстан Қазақстан құра масы Тәуелсіздік алған жылдардан бері 

қарай еш қашан Олимпиада ойын дарынан алтынсыз оралып көрмеген. 

Еншімізде бес алтын, төрт күміс, төрт қола бар. 1996 жылғы Атланта 

Олимпиадасында коман дамыздың бас бапкері мар құм Әбдісалан 

Нұрма ханов болса, 2000 жылғы Сидней додасына Тұрсынғали Еділов 

бастап барған. 2004 жылы Ермахан Ибраимов жетекшілік етті. Ал 

Бейжің Олим пиа да сында Дамир Буданбеков бас бапкер болды. 

Газетіміздің бүгінгі нөмірінде ұлттық құрама бапкерлері жетістіктерге 

жеткен жолдарын еске алып, бүгінгі боксшыларымыздың Лондондағы 

мүмкіндіктеріне өз бағаларын берді. 

жылы ұс та дым. Шлемді шешкеніме де көп 

уақыт бола қоймаған. Сондықтан ал-

ғашында маған бұл жұмыс өте ауыр болды. 

Иығымдағы жауапкершілік екі есе артты. 

Тіпті миымды боксшыларға уақытша бере 

тұрғым келетін кездер де аз болған жоқ. Өз 

басымнан өткізіп тұрғаннан кейін бапкерлік 

қызметтің ма шақаты қаншалықты ауыр 

екенін алғаш рет сол кезде сезіндім. Ал 

Афины Олимпиадасында Кеңес боксының 

түлектері емес, тұңғыш рет Қазақстан бокс 

мектебінің төл шәкірттері өнер көр сетті. 

Және де біз биіктен көріндік. Бахтияр Ар-

таев Олимпиада жеңімпазы атанып қана 

қой 

май, Вэл Баркер ку 

бо 

гының иегері 

атанды. Сондай-ақ кү міс пен күптелгенімен 

Ген надий Головкин де чемпионға лайық 

өнер көрсетті. 

Биылғы құраманың бапкерлері өте 

білікті. Мырзағали Айтжанов пен Нұрғали 

Сафиуллин және басқа да бапкерлер – өз 

ісінің нағыз қас мамандары. Боксшыларға 

да өте жақсы жағдай жасалды. Олим пиа-

да лық даярлау орталығының директоры 

ре тінде кезінде біздің орталықта дайын-

дық тарын жүргізген Әділбек Ниязымбетов, 

Ілияс Сүлейменов, Иван Дычко сынды ше-

берлердің Лондонда өнер көрсететініне 

қуаныштымын. Жалпы, жігіттеріміздің қай-

қайсысы болмасын, жүлдеге таласа алады. 

Ал біздің орталық өз тарапымыздан бокс-

шы лардың дұрыс дайындалуына бар жағ-

дайды жасайды. Түлектеріміз жылдан-

жыл 

ға халықаралық ареналарда атой 



салу мен келеді. Мәселен, жақында ғана 

аяқ талған «Азия балалары» додасында 

біздің түлектер төрт алтын, үш күміс және 

екі қола медаль еншіледі. Бұл – бастамасы 

ғана.

Дамир 

БУДАНБЕКОВ, 

2008 жылғы 

Бей жің 

Олимпиада сын да-

ғы Қазақстан 

құ  ра ма сының  бас 

бапкері:

– Алдымен айта 

кетейін, бапкерлік қыз метпен айналысып 

жүргеніме 32 жыл болды. Бүгінде Ота-

ныма пайдамды тигізу үшін тіпті бала-

ларды  жат тық ты ру ға  да  дайынмын.  Бей-

жіңде бақыт құсы Бақыт Сәрсекбаевтың 

басына қон ды. Бірақ мен мұны кездей-

соқтық деп қабылдамадым. Әлі де көз 

алдым 

да, Бақыт бұл додаға барынша 

дайын  далды. Тек Бақыттың бастапқы ке-

зең дерде кубалық Карлос Банто Суарес 

және Қытайдың атынан өнер көрсеткен 

қандасымыз Қанат Исламмен кездесіп 

қалмауын тіледім. Өйткені оған дейін 

Бақыт Қанаттан қатарынан екі жекпе-

жекте жеңіліп қалған болатын. Жеребе 

сәтті шығып, ол екеуімен тек финалда 

ғана кез десетіні белгілі болды. Ал ақтық 

айқастың алдында ешқандай алаңдаған 

жоқпын.  Себебі  Сәр сек баев ты  тоқтату 

мүмкін емес-ті. 

Бокстан Қазақстан құрамасының әр 

бапкерінде Олимпиада жеңімпазы атана 

алатын кем дегенде үш-төрт саңлағы 

болатын. Айтжановтың өз көзірлері бар. 

Кімге сенерін біледі. Сондықтан бұл жолы 

да қоржынымызға бір алтынның түсері 

анық. Ал оны кімнің алатыны бокс шы лар-

дың бағына байланысты. Қарап тұрсаң, 

қай-қайсысы да чемпиондыққа лайық 

жігіттер. Сондай-ақ, менің байқағаным, 

құ 


ра 

мадағы тоғыз боксшының алтауы 

Олим пиадаға алғаш рет бара жатыр. Өз 

тә жі рибемнен білемін, Олимпиада ойын-

  да рында әдетте атақ-даңқтары асқан тә-

жірибелі спортшылар емес, кім бабында, 

сол жеңіске жетеді. Мәселен, 2005 жылғы 

әлем чемпионатында көбісі Бақтияр 

Артаев пен Геннадий Головкинге сенім 

артты. Алайда Афины додасынан кейін 

бұл екеуі аздап шаршап қалды да, көпшілік 

күтпеген Серік Сәпиев пен Ердос Жаңа-

бергенов алтын алды. Сондықтан үлкен 

спортта құлдилау және өрлеу кезекпен 

жүреді. 2007 жылы Серік чемпиондығын 

қор ғап қалды. Бүгінде ол – нағыз бабында. 

Тіпті бұрынғысынан да күшті секілді. Енді 

қалғанын Лондон шаршы алаңы көрсетер. 

Жерлестеріме тек жеңіс тілеймін.

Бір алтынның бұйыратыны анық

Әзиз ЖҰМАДІЛ


№134 (816) 

1.08.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№134 (816) 



1.08.2012 жыл, 

сәрсенбі


8

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Тауықтың отаны – Азияның 

оңтүстік-шығысы



Ғалымдар әлем бойынша табылған ежелгі тауық сүйектеріндегі ДНК 

үлгілеріне талдау жасап, үй құсының ең алғаш Азия құрлығында қолға 

үйретілгенін растады. Барлығы 92 археологиялық жәдігер зерттелген.

The Telegraph басылымының хабар-

лауын  ша, зерттеуге Еуропа елдері, Таи-

ланд, Чили, Доминикан Республикасы 

және Тынық мұхит аралдарынан та был-

ған тауық сүйектері алынды. Архео ло-

гия лық жәдігерлердің 48-інен мито хон-

дриялы ДНК үлгісін алу мүмкін болды. 

ДНК талдауы үй құстарының үш туыс 

топ  қа жіктелетінін көрсетті: D тобы – 

Тынық мұхиты ауданы, В тобы – Оңтүстік-

Шығыс Азия аумағы, Е тобы – басқа 

құр лықтар. Зерттеудің нәтижесінде ға -

лым  дар тауық атаулының осыдан 5,5 

мың жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азия 

құрлығында пайда болғанын растады. 

Үй құстарының түп негізі Банкив джунгли 

тауығы тұқымынан тарайды. Ғалымдар 

ежелгі грек аңыз 

да 


рын 

да не себепті 

тауықтың кездеспейтінін енді түсініп 

отыр. Кейбір еуропалық аңыз 

дарда 

тауықтар «парсы құстары» делінеді. 



Сөйтіп, тауықты ең алғаш қолға үйреткен 

азиялықтар екені дәлелденді, ал 

ғылымның «жұмыртқа бірінші пайда 

болды ма, тауық па?» деген басты сұра-

ғы на әлі жауап табылған жоқ.

Олимпиаданың қателігі 

жарнамаға айналып кетті

Specsavers көзілдіріктерін өндіретін ұлыбританиялық 

компания Солтүстік және Оңтүстік Корея мемлекеттік тула-

рын шатастырған Лондон Олимпиадасы ұйым дас ты-

рушыларын келеке етіп, жарнама шығарды. Қос елдің туы 

бей неленген жарнамада корей тілінде «Сізге Specsavers-ке 

бару керек еді» деп жазылған.

Көзілдірік пен линза өндіруші 

компания осылайша Олимпиада 

ұйымдастырушыларын әжуалап, 

«көру қабілетіңіз нашарласа, бізге 

хабарласқаныңыз жөн» дегенді 

меңзейді. Жарнама мәтінінде ағыл-

шын тілінде «Солтүстік Корея мен 

Корея Республикасына осы лай деу 

керек еді» деген де жазу бар. Spec-

savers футболдан Еуропа чем пио-

наты кезінде де осыған ұқсас жар-

нама ойлап шығарған бо 

латын. 


Жар намалық принтте Ук раина құ-

ра масының Англия қақпасына соқ-

қан голын есепке алмаған венгр 

қа 


зысы Виктор Кашшай келеке 

етіліп, украин тілін де «Вам треба 

було пiти до Specsavers» деп жа зыл-

ды. Есте рі ңізге сала кетейік, шіл-

денің 25-і күні Олимпиада аясында 

фут  бол дан  КХДР  мен  Колумбия 

әйелдер құрамалары арасындағы 

ойын бас таларда цифрлы экранда 

Оң түстік Кореяның туы көрсетілген 

бо 


латын. Кейін Халықаралық 

Олим  пиада  комитетінің  басшысы 

Жак Рогге бұл қателіктің саяси ас та-

ры жоқ екенін мәлімдеді.



Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №133 (815) санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН:  Бойра. Идо. Гурт. Атлет. Узо. Ноумен. Үзбе. Кеусен. Ала. Ене. Рауан. Туаз. Матч. Ода. Ау. Отит. Натр. 

ТІГІНЕН:  Кортизол. Уыт. Ара. Ергенек. Азот. Ауто. Езу. Ушу. «Аман». Битум. Сена. Зерен. Тат. Фотон. «Нейчур».

Кенелерді 

зерттейтін 

ғалым


Өсімдік 

цитоплазма-

сында 

болатын 


органоид

Суда жүзу

әдісі

Еңіс


О.Америка 

бақасы


Әлпет,

жүз


Қорқыныш

Сақ


тайпасы

Дыбыс


Теріс

іс

Жомарт



Күләпаралы 

маскарадтық 

киім

Тәтті


картоп

Сулық киім

Тік

беткей


Ас атасы

Рауан


Сайттағы 

кез келген 

ақпарат түрі

0,568 литр

Жоғарғы 

сұрыпты 


фаянс

Шығыс


Спорт 

жарысының 

бір сатысы

Текеметтегі 

ою-өрнек

Кезбе


Ықыластың 

күйі


Пияз

Келеке


Еліміздегі

қала


Париждегі 

ерекше 


акустикалы 

концерт залы

Шәкіл

Лақат


Нигерия 

қаласы


Ішімдік

ТАРАЗЫ

Осы жылдағы ең қиын 

күннің бірі. Сондықтан өз 

бетіңізбен шешім қабыл-

дай 

тын кез. Қателіктерді 



бірінен кейін бірін жіберіп, 

еңсеңіздің түсуі де ықтимал. 

Бірақ мойымаңыз, бәрі – өз 

қолыңызда. Ойланып, ішкі 

түй  сігіңізге ерік берсеңіз, сы-

нақ  тардан оңай өтуіңіз ықти-

мал. 

САРЫШАЯН 

Осы күн қарбаласқа 

толы болмақ. Тіптен оқи-

ға 


ның бірінен кейін бірі 

орын алып жатқанына таң-

ға луыңыз да мүмкін. Уақыт 

өте келе «мұндай қиындықтар 

менің өмірімде неге болып 

жатыр?» деген сауалдың да 

ше ші мін  тапқандай  боласыз. 

Өт кен уақыт аралығында жі-

бер ген қателіктеріңіздің жа-

за сы деп есептеп, дұрыс ше-

шім дер қабылдаған жөн. 

МЕРГЕН

Бұл күн өз ойы ңыз да-

ғыдай болмаса да жақсы 

өтпек. Басында өте қиын 

мәселелермен беттесуіңіз 

мүмкін. Оның шешімін тек 

қана қолдаушыларыңыз бен 

беделді таныстарыңыз ғана 

шеше алуы ықтимал. Жаңа 

жо бамен жұмыс істемей, бұ-

рын аяқсыз қалған істе рі ңізді 

жал ғастырған  дұрыс. 



ТАУЕШКІ

Осы күнді толығымен 

жұмысқа арнасаңыз, біраз 

жетіс тікке жетуіңіз ықти-

мал. Жақында танысқан 

адам дардың  сеніміне  кіріп, 

бизнес жобаларыңызды іске 

асыруыңыз мүмкін. Ол адам-

дарды тексеріп, шектеу де 

артық болмас. 



СУҚҰЙҒЫШ 

Бұл күн бір жағынан 

жағымды жаңалықтарға 

толы болмақ. Алайда аяқ-

сыз қалған жұмыс та ры-

ңызды ойлап басыңыз қатуы 

да  мүмкін.  Жақын да ры ңыз-

дың көмегінен бас тарт па ған 

жөн. 

БАЛЫҚ 

Осы күні орын алған 

жайттардың бәрі жақсы 

болып көрінгенімен, апта-

ның аяғына дейін көз қа ра-

сы ңызды  өзгертуіңіз  мүм-

кін. Сіз мақтанып жүрген 

жо  ба ла ры ңыз  ойдағыдай 

бол 

мауы да ықтимал. Сол 



себеп ті ойла нып әрекет жа са-

ған абзал.



ТОҚТЫ

Аянбай еңбек етіп, 

маң дай теріңіздің қы зы-

ғын көретін шақ. Шенді-

шек п енділердің  көмегін  күт-

пей, өз күшіңізге сүйенген жөн. 

Өмірдің өзі сіздің ал ды ңыз ға 

жаңа белестер мен асу ларын 

дайындап қойған тә різді. Бе-

ріліп  тұрған  мүм  кін діктің  ше ші-

мін қазір тауып, дер кезінде іске 

асы ру дан  ада  қалмаңыз. 



ТОРПАҚ

Бұл күн сіз үшін жа ғым-

ды жаңалықтарға толы 

болмақ. Туа біткен та лан-

тыңызға барша жұрт там-

санып, іскерлік ұсы ныстардың 

түсуі де мүмкін. Бо 

лашаққа 


нық қадам басу үшін ішкі түй-

сігіңіздің де көмегі мол бол-

мақ.  Өмірге  де ген  көз қа ра сы-

ңыз өзгеріп, ал 

да тұрған 

бе лестерді  қалай  ба ғындыру 

керектігін түсінуге мүмкіндік 

бар. 


ЕГІЗДЕР 

Өзіңізді қамшылап бі-

лек сыбана жұмысқа кі рі-

сіңіз. Сонда ғана же тіс тік ке 

жетуіңіз ықтимал. Құн  ды 

мүлікке қатысты қиын дық тууы 

да мүмкін. Алай да жақын да-

ры 


ңыз бен дос 

тарыңыздың 

тара пынан  түскен  көмектен 

бас  тарт па ған  абзал.



ШАЯН 

Өз дегеніңіз болсын де-

сеңіз нық қадамдар жасап, 

әрекет етіңіз. Сіздің ор ны-

ңызға басқалар да шешім 

қабылдауы мүмкін. Іскерлік 

кездесулердің сәтті өткенін 

қаласаңыз, тұрақты да қуатты 

болған абзал. Болашаққа жос-

пар құрып, құрылыс жұмыс та-

рымен айналысуға қолайлы 

уақыт болмақ. 



АРЫСТАН

Есте қаларлық маңыз-

ды оқиғаларға толы қы-

зық 


ты күн болмақ. Осы 

ара  лықта сіз қолға алған 

істің бәрі дерлік шешімін тауып 

жатқандай. Жаңа жобалармен 

жұмыс істеп, маңызды келі сім-

шарт қа отыруыңыз ықтимал. 



БИКЕШ 

Рухани дүниеңізді 

ретке келтіріп, барынша 

сабырлы болуға ты ры сы-

ңыз. «Адам көркі – шү-

берек» демекші, әдемі 

киініп жүру сізге оң әсерін ти-

гіз  бек.  Алға  қойған  мақ са ты-

ңызға жету үшін қолдан кел-

ген 


нің бәрін жасаудан 

тайын баған  абзал.  Бас шы лық-

пен арақатынасыңыз жақсы 

бол сын. 

 

Алматтың әзілдері

– Алло, мама, сен үйдемісің?

– Жоқ, біз папаң екеуміз саяжайға кетіп қалдық.

– Енді қайттім?! Мен пәтердің кілтін жоғалтып алдым.

– Сен «Жетімдер» фильмін көріп пе едің?

– Жоқ, бұның не қатысы бар?

– Қалай көше кезуге болатынын оңай түсіндірейін деп 

едім...


***

– Алло, Талғат?

– Данияр, сен бе бұл?

 – Мен ғой...

 – Асылхан?

– Жоқ, Саматпын.

– Самат, қалайсың, сені бірден таныдым...

***


Әскери комиссариат алдындағы хабарландыру:

«Құрметті шақырылушы, өзің сияқты тағы бес жігітті ертіп 

келсең, әскерден босатыласың!»

***


Күйеуі әйеліне:

«Баламыз компьютер ойынына әбден тәуелді болып 

кеткен екен. Кеше теледидардың жанындағы DVD дискіні 

саған әзірше қарауға болмайды, әлі ерте дегенмін. Екі күн 

болды, дискіні жасырынып барып қарайтын түрі жоқ, 

ойыннан бас алмайды...»



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

К

е



зекшi  ред

ак

тор – Гүлнар А



ХМЕ

ТОВ


А

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1583

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1393

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



д

ак

цияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiк

тi 

тiлшiлер қосыны, т



е

л.: 


388-80-62

Тар


ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 414«б»

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


н

а б


ю

росының ж

ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

 

 



  

АУА РАЙЫ


Астанада бұршақ 

аралас жауын жауды

ОҚЫРМАН ЛЕБІЗІ

2

3

4



5

6

7



8

9

10



11

12

13



14

15

16



17

18

19



20

21

22



23

24

25



26

27

28



29 

30

31



1

Тамыз 2012

Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Өткен сенбіден бері Астанада 

күн жауынды болып тұр. Әсіресе 

сенбі күнгі нөсер елорда халқының 

есінен кетпестей болды. Қаншама 

көше суға толды. Судың деңгейі 

кей көшелердің қиылысында тізеге 

таяды. Ал Иманов көшесі болса, 

көлік жартылай суға батып 

жүретіндей күйге жетті. 

Бексұлтан НҰРЖЕКЕЕВ,

жазушы,

«Жалын» баспасының 

директоры

05,43

14,31

20,14

Ауа райы

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қ

а



р

а

ға



н

д

ы



 –

 Қ

ы



зғ

ал

д



ақ

 А

Й



ТЖ

А

Н



О

ВА

, т



ел.: 

87014901976

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Ор

ал – Т



оқт

ар КЕНЖЕҒА

ЛИЕВ, т

ел.: 87756720806



dekatop.com

Көптеген көліктер көше ортасында жүрмей 

қалды. Көшелердегі бағдаршамдар істен шық-

ты. Неше күннен бері шіліңгір шілденің аптап 

ыстығының есесі осылайша қайтарылды.

Кеше де сенбі күнгідей тағы бір нөсер бұр-

шақ араласа құйып өтті. Түнеріп келген бұлт ше-

лектеп қоя берді. Бұршақ аралас жауынның 

қатты жауғаны сонша – біраз ғимараттың ша-

тыры сыр беріп, кей үйлердің төбесінен қап-

тамалардың ұшқаны да байқалды. Сон дықтан 

бұл жауыннан қаншалық шығын келгені алдағы 

күндері белгілі болып қалар. 

Қазгидрометтің мәлімдеуінше, Қазақ стан-

ның біраз облысында жаңбыр болуы ық ти мал. 

Тек еліміздің батыс, оңтүстік-шығыс және оң-

түстік аймақтарында күн жауынсыз болмақ. 

Еліміздегі жауынның жиілеп кетуіне шаруа-

лардың қуаңшылықтан құтылу үшін берген 

тасаттығы да себеп болып жатқан секілді. Себе-

бі өткен аптада қуаңшылыққа қатысты Үкі мет те 

болған селекторлық кеңесте ауыл шаруа-

шылығы министрі Асылжан Мамытбеков ша р-

уа лардың тасаттық беріп жатқанын растаған еді. 

Сірә, Құдай диқандардың мінажатын қабыл 

еткен болар.



Мақпал БОТАЕВА,  «Қазгидромет» РМК 

инженер-синоптик маманы: 

– Қазақстанның солтүстігінде үлкен 

циклон болып тұр. Кешеден бері Астанаға 

келген жаңбыр – солтүстіктегі циклонның 

әсерінен. Кеше жауын Елорданың солтүс ті-

гін 

де жауып тұрса, бүгінгі жауын – сол 

циклон ағынының бізге келгені. Бұл белсенді 

циклон – төменгі қысымда. Әдетте желдің 

күшеюі мен жауын-шашын циклонмен 

байланысты бола ды. Қазір әуеде де, жерде 

де ауаның қарама-қайшылығы күшті, сол 

себепті нөсер мен бұршақ жаууда. 

Салтан СӘКЕН,

Астана

+20+23

о

 

 +12+14

о

+30+32

о

 

+12+14

о

+25+27

о

 

+11+13

о

 +31+33

о

 

+18+20

о

 +26+31

о

 

+13+18

о

 

+21+23



о

 

+11+13

о

 

+20+22



о

 

+13+15

о

+23+25

о

 

  +12+14

о

+30+32

о

 

+18+20

о

+32+34

о

 

 +18+20

о

+29+31

о

 

+19+21

о

+20+22

о

 

+13+15

о

 

+31+33

о

 

 +14+16

о

 

+30+32

О

 

+17+19

О

  

+31+33

о

 

+19+21

о

        


+21+23

о

 

+14+16

о

 

+31+33

О

 

+18+20

О

  

+29+31

о

 

+12+14

о

Тамыздың 1-і

       Алаштың атаулы күні

•  

2542 жыл бұрын (б.з.д 530) Сырдария өзені бойын мекендеген 

сақ тайпалары мен оларды жаулап алуға келген парсы тайпалары 

арасындағы ұрыста парсы патшасы Кир қаза тапты. Тұмар ханым 

(Томирис) Кирдің басын кесіп алып, қан толтырылған торсыққа 

салып қойған. Геродоттың қолжазбалары бойынша осы шайқас 

кезінде парсы жағының шығыны 200 мың адамға жуықтаған екен.

• 

802 жыл бұрын (1210) Талас өзенінің маңында Қарақытай 

ұлысы мен Хорезмшаһ әскерлері арасындағы шайқас өтті. 

Қарақытайлар жеңіліске ұшырап, Баласағұнға қарай шегінді.



• 

Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі тұңғыш концертін берді. 

Тұсаукесер өнер кеші 1967 жылы Баянауылда өтті.

     Туған күн иелері

Еркеғали Рахмадиев

 (1932) – сазгер, КСРО және Қазақ КСР 

Халық әртісі, қоғам қайраткері;

Байзақ Момынбаев (1946) – педагогика ғылымының докторы, 

профессор, академик;



Ілияс Бақтыбаев (1948) – ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, 

2-сы ныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, заң ғылымының кан ди-

даты;

Қуандық Тұрғанқұлов (1949) – ҚР Орталық сайлау 

комиссиясының төрағасы;



Амангелді Шабдарбаев (1950) – ҚР Республикалық Ұланның 

қолбасшысы, генерал-лейтенант;



Таласбек Әсемқұлов (1955) – жазушы, кинодраматург, күйші;

Салидат Қайырбекова (1961) – ҚР денсаулық сақтау министрі, 

медицина ғылымының докторы;



Еркін Қыдыр

 (1962) – «Егемен Қазақстан» АҚ вице-президенті.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

       Белгілі есімнің белгісіз сыры

ЕРКЕҒАЛИ – қазақтың «ерке» (кенже, еркетотай, шолжаң), арабтың 

«гали» (жоғарғы, ұлы, қымбатты және ерекше) сөздерінің бірігуінен құралған 

ныспы. Қазақта «Ерке» есімі сондай-ақ қыздар арасында да жиі кездеседі. 

Мәселен, бұл сөзге «гүл», «тай», «жан» және «қыз» т.б. жалғаулар қосылып 

кете береді. ЕРКЕҒАЛИ – жаңа туған сәбиге елінің еркесі, көптің қалаулысы 

болуға бұйырсын, үлкен белестерді бағындырарда бойында қайрат-жігері 



молынан болсын деген тілекпен қойылатын есім. 

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.75 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет