Сандуғаш Әлімжанова ыстық су мен жылу ақысы


– Белгілі журналист Әмірхан Мең-



жүктеу 0.75 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата13.02.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Белгілі журналист Әмірхан Мең-

деке өзінің бір мақаласында: «Орыс-

тiлдi қазақтардың аға буыны мен орта 

буынын қазақ ете алмасақ та, ең бол-

мағанда, кейiнгi буынын қазақ етуге 

күш салуымыз керек. Сондықтан да 

орыс мектебiнде оқып жүрген қазақтың 

ұл-қыздарын қазақ мектебiне ауыс-

тыруымыз керек. Қалай? Әкiмшiлiк 

жолмен!», – дейді. Осы пікірге қалай 

қарайсыз? Қазақ тілін өз тұғырына қою 

үшін расымен де, бізге осындай 

шаралар қажет шығар. Ең құрығанда 

Қазақстандағы барлық мектепте 

бастауыш сыныптарды қазақ тілінде 

оқыту қажет пе?

– Мен мұны толық қолдаймын. Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 

жылғы халыққа Жолдауында: «Біздің 

міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік 

тілді білетін қазақстандықтар санын 80 

пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға 

қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы 

тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітіруші-

лердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп 

шығатын болады. Ол үшін біз бәрін жасап 

жатырмыз», – деген болатын. Менің 

ойымша, Елбасының мектеп бітірушілерге 

байланысты ойын іске асыру кешеуілдеп 

жатыр. 

Ұлттық келбетімізді сақтаудың басты 



бағыттарының бірі – мемлекеттік тіліміздің 

қолданыс аясын кеңейту. Тілдерді дамыту 

мен қолданудың 2011-2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасында 

қазақ тілін үйретудің моделі аталатын 

айрықша бағыт бар. Осының негізінде 

балабақша, мектеп, орта арнаулы оқу орны, 

жоғары оқу орны, жоғары оқу орнынан 

кейінгі білім беру тізбегі бойынша қазақ 

тілін үйретудің жаңаша бағдарламасын, оқу 

құралдарын дайындау қарастырылған. 

Бағдарламаға Елбасы қол қойғалы екі жыл 

болды, десек те, осындай жүйе жасау мүлде 

қолға алынбаған. Біздің осы мәселеге 

байланысты депутаттық сауалымызға 

министрлік:  «Тілді деңгейлеп үйретудің 



халықаралық стандарты негізінде мем-

лекеттік тілді меңгерудің бес деңгейлік оқу 

бағдарламалары әзірленіп, қазақ тілінен 

басқа тілде оқытатын мектептердің оқу 

процестеріне енгізілді» деп жауап берді. 

Бұған айтарым, біріншіден, аталған дең-

гейлік бағдарлама оқу үдерісіне енгізіл-

меген. Егер дәл министрлік айтқандай 

болса, онда неге қазақ тілінің негізгі оқу-

лықтары өзгертілмеді. Біз білетін оқулықтар 

сол күйінше, сонда әлгі деңгейлік бағдар-

лама қайда енгізілген, түсініксіз. Екіншіден, 

жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарлама 

А1, А2, В1, В2, С1, С2 дең 

гейлерін 

қарастырады. Бұл оқу орындарына да 

тікелей қатысты әзірленген. Осы жүйенің 

негізінде бағдарлама бекітіліп, жаңа буын 

оқулықтары дайындалуы керек. Сонда ғана 

Елбасының «Енді он жылдан кейін мектеп 

бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік 

тілді біліп шығатын болады» деген 

тапсырмасы сапалы орындалмақ. 

– Бүгінде жарнамасыз көшені елес-

тету мүмкін емес. Алайда сол жарна-

малардың көбі қазақ тілінде шала 

болып жатады. Кейде өрескел қателер 

де жүреді. Бұл мәселе баспасөз бет-

терінде қанша рет жазылып та, айтылып 

та жатыр. Фотоайыптау ретінде де 

берілуде. Бірақ айтылған қателердің 

толастайтын түрі жоқ. Сол жарна-

малардың бәрі ілінбестен бұрын қада-

ғалаудан өтпейді емес, өтеді, бірақ 

сонда да түзелген түрі жоқ. Мұның бәрі 

жазалаушы тетіктің осалдығынан деп 

білеміз. Сондықтан да осындай келеңсіз 

қателерге жол бермеу үшін қандай 

шараларға барғанымыз жөн? Әлде 

заңның арнайы нормалары қажет пе?

– Бұл – үнемі айтылып, жазылып жүрген 

тақырып. Егер біз жергілікті тіл басқар-

маларына құзірет бермесек, прокуратура 

сияқты бақылау құқығын беріп, шара 

көрмесе, онда оны ретке келтіру осылайша 

әңгіме, пікір, ұсыныс жүзінде созыла бер-

мек. Сол үшін Тіл комитетінің де, басқар-

малардың да құзіретін күшейту қажет. Көрші 

Ресейдегі сияқты өңірлік Думалар қабыл-

даған көрнекі ақпарат, жарнама туралы 

тұжырымдамаларды қабылдауға бізде де 

мүмкіндік берген жөн. Бұл ретте мемлекеттік 

тілдегі мәтіндердің сапалы болуын реттеу 

үшін жарнама туралы, кәсіпкерлік туралы 

нормативтік-құқықтық актілерді қайта 

қарап толықтырулар енгізу қажет. 

Жарнаманы бақылау кәсіпкердің өндірісін 

тоқтатпайды, уақытын алмайды. Тексеріп, 

бақылап несі бар, егер заңға сәйкес қатесіз, 

сапалы мәтінді жазып қойса. Біздің тәуелсіз 

ел болғанымызға 20 жылдан асса да, 

жарнама бірінші мемлекеттік тілде жазылу 

керек екенін білсе де, нысанына бір түйір 

қазақша енгізбеген кәсіпкерлер жетерлік. Ең 

өкініштісі, солардың көбі – қазақ жігіттері. 

«Жігіттер, бұл қалай? Қазақшасы қайда?» 

деп сұрау құқығы бүгін тек жеке адамдарға 

берілген, ал біздің қазақ ауызша айтуға бар, 

бірақ бірде-бірі сотқа немесе прокуратураға 

шағымданбайды.

– Сізді депутат болмай тұрған 

кезіңізде ұлттық нақыштағы, оюмен 

өрнектелген киіммен жүретініңізді жиі 

көретінбіз. Депутат болғалы мұндай 

киімдерді сирек киетініңізді байқап 

жүрміз. Парламент қабырғасына ондай 

киімдермен жүруге тыйым салынған 

ба?

– Байқамаған шығарсыздар. Менің 

пікірім сияқты имиджім де өзгерген жоқ. 

Барлық киімдерімде ұлттық нақыш бар. 



– Алматы қаласы әкімінің орын-

басары Серік Сейдуманов «Алматы 

қаласының атауы Алма-Атаға айналуы 

мүмкін» деп қалған еді. Бұған сіз не 

дейсіз? Жалпы, мұндай қала атау-

ларына байланысты мәселелер көптен 

бері қозғалып келеді. «Петро павлдың 

атын Қызылжарға ауыстыру қажет», 

«Павлодарды Кереку деп атау керек» 

деген әңгімелер жиілеп кетті. Осының 

бәрін реттейтін заңды қашанға дейін 

күтуге болады? Сол атауларды қазақы-

ландырудың уақыты баяғыда жетті деп 

ойламайсыз ба?

– «Жеріңнің аты – бабаңның хаты» дейді 

қазақ даналығы. Сондықтан Алматының 

басшылығы бабалардан жеткен атты 

ауыстырам деп әуре болып, көпшіліктің 

қарсылығын тудырғанша, қала көшелерінің 

мерекесін өткізсе жөн болар еді. Мәселен, 

Алматыда Шоқан Уәлиханов көшесі бар. 

Шоқанның туған күніне арнап көше 

мерекесін өткізсе, бұл – бір ғана мысал. 

Яғни Алматының басшылары Астана 

қаласында дәстүрге айналған көше 

мерекесін өткізуді қолға алғаны абзал. Әр 

көшені сол көшедегі оқу орны, мектеп т.б. 

ынталы мекемелерге бөліп беріп, көше 

тұрғындары мен қала қонақтарына тәлімді 

танымдық іс-шара өтуі тиіс. Сонда Сәбит 

Мұқановтың «Аққан жұлдызы», Жарылқап 

Бейсенбайдың «Шоқаны» сынды еңбектері 

оқылар еді. Осы орайда Жарылқап Бейсен-

байдың аталмыш еңбегінде «Үш Алматы 

(үлкен Алматы, орта Алматы, кіші Алматы) 

өзеннің түйіскен жері. Бұл Мәскеуге «Ал-

маты» деп жіберіледі, бірақ Мәскеуден 

«Вер ный» деп өзгертіледі» деген мәлімет 

бар. Қаланың тарихи атауы Алматы екендігі 

1850 жылдың ортасында жазылған Ш.Уә-

лихановтың «Жоңғар очерктерінде» айтыл-

ған. 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын Елбасы 



«Мәңгілік ел» қақпасының ашылуымен 

ұлықтады. Өз жерінде, өз елінде мәңгі өш-

пейтін, өлмейтін Қазақ елін орнату бабалар 

мұраты еді. Сонау Күлтегін, Тоныкөк, Білге 

қаған балбалтастары мәңгі өшпеу үшін таста 

қалған тарих емес пе?! Одан беріде 

қаншама аталарымыз қазақтың елдігі үшін 

аянбай күресті. 

Қазіргі қазақ қоғамы өз тілінен, тари-

хынан, әдебиеті мен мәдениетінен жеріп 

жүр. Алматыда Бауыржан Момыш ұлы ның 

атында көше бар. Сол көше кептелісінде 

тұрғанда Баукеңнің «Ана тілін білмеген 

оңбаған және сатқын» немесе М. Әуезов 

көшесінде «Ана тілін білмеген адамды 

толыққанды мәдениетті деп есеп 

теуге 

болмайды» деген аталы сөздерін еске алса, 



қандай ғанибет болар еді! Сондықтан 

Алматының атын өзгерткенше, Алатаудың 

бауырында өскен әр адам өз көшесінің, өз 

қаласының тарихымен мақ танатын, рухани 

азықты молайтатын дүниені қоғамдық 

мәселе етіп көтерейік. Сөйтіп, мәңгі қазақ 

болып өтудің қамын жасайық! 

Алматы атауын қазақшалаған сол 

кездегі Жоғарғы Кеңес депутаттары, қазақ-

тың аса көрнекті тұлғаларының бірқатары 

қазір бақилық болып кетті. Алаш арыстарын 

былай қойғанда, көзі көрген, тұрған 

үйлеріне мемориалдық тақта ашқан сол 

аяулы аға, әпкелерінің аруағынан қорық-

пайтын болғаны ғой. Алаш арысы Халел 

Досмұхамедұлы айтқандай, күйініштер ғой 

бұлар. 

– Бүгінде «үш тұғырлы тіл» саясаты 

балабақшадан басталып кеткенін 

білеміз. Алаш арыстары «баланы мүшел 

жасқа дейін тек өз ана тілінде ғана 

оқыту қажет» дейді. Мұхтар Шаханов 

та: «Біздің биліктің жасап отырған ең 

үлкен қателігі – әлі оң мен сол қолды 

ажырата алмайтын екі жасар балаға 

бірден үш тілді оқытуы», – деген еді. 

Біздің балабақшадағы баладан бастап 

үш тілде оқыту саясатымыз қаншалықты 

құптарлық деп ойлайсыз? 

– Көп тіл білу – байлық. Мәселе – қай 

тілдің бірінші және түбірлі, түбегейлі 

оқытылғандығында. Біздің кейбір ата-

аналарымыз өз балаларына ана тілін 

үйретпей жатып, басқа тілге жармасады. 

Оны құптай алмаймыз. Бұл құбылыстың 

дұрыс емес екендігін ХХ ғасыр басында 

Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлы: «Орысша 

оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағды-

ланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай 

сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. 

Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесі-

мен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып 

шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін 

әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, 

өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің 

жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар 

әбден дағдыланғаннан кейін басқаша 

оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай 

сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана 

тілімізді оқытып, сонан соң басқаша оқытуға 

тиіспіз», – деп айтып кеткен. Ахаң ның осы 

ойы әлі де көкейкесті. Мәселе мұнда 

мемлекеттік саясатта емес, баласына қазақ 

тілін емес, орыс, ағылшын тілдерін алдымен 

үйретіп жүрген қазақ ата-аналарында деп 

ойлаймын. Тәуелсіздіктің 20 жылында әлі 

күнге дейін қазақ бола тұрып, өз елінде 

баласын өгейсітіп, өзге тілдерде оқытып 

жүрген ата-аналармен жұмыс істеуіміз 

керек. Білім және ғылым министрлігі оқу 

орындарында ата-аналар университетін 

ұйымдастырса. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында 

балалары қазақ мектебінде оқып үш тілді 

меңгерген үлгілі отбасыларын үнемі жүйелі 

насихаттау керек. Қазақ сыныбында оқыған 

баланың ғана үш тіл білу мүмкіндігі бар. Ал 

енді «нақты қай уақыттан бастап өзге тілді 

үйрете бастау керек?» деген сұраққа келсек, 

мұны дөп басып айту қиын. Себебі біздің 

кезіміздегі бала мен қазіргі баланың 

айырмашылығы жер мен көктей. Қазіргі 

балалардың ой-санасы сол кездегіден тез 

дамуда. Соңғы жылдары заман ағымына 

сай күнделікті сабаққа компьютер, элек-

трондық оқулық, интерактивті тақта қол-

дану жақсы нәтиже беруде. Білім беру 

жүйесі электрондық байланыс, ақпарат ал-

масу, интернет, электрондық пошта, теле-

конференция, On-line сабақтар арқылы іске 

асырылуда. Өзіміз де бала болдық, бала-

ларымызды өсірдік, балалар бізден мықты 

еді. Енді немерелер, тіл-көзден сақтасын, 

заманына сай кез келген ақпаратты тез қа-

былдайды. Ең бастысы, бала уызына 

жарыған төл секілді, қазақ тіліне де жаруы 

керек. Содан кейін ғана өзге тілді үйретуге 

болады деп есептеймін. 



– Украинадағы депутаттардың тіл 

үшін қандай жанжалға түсіп, көз шық-

паса да бас жарылып жатқанын көріп 

жатқан боларсыз. Бізде тіл үшін мұндай 

жағдайға барған халық қалаулыларын 

әлі көрмедік. Бұл біздің депутаттардың 

тіл және ұлт мәселесіне немқұрайды 

қарағандығы ма, әлде біздің Парламент 

асқан сабырлы Парламент пе? 

– Біріншіден, митингілер шеруіне 

айналған Украина бүгінгі Қазақстанға өнеге 

дей алмаймын. Себебі біздің ұлттық мен-

талитетіміз басқа. Біз, қазақ –сөзге тоқтаған 

халықпыз. Айқай, төбелес бар жерде 

береке, оң нәтиже болуы қиын. Парламент 

сияқты салиқалы орында, үлкен халықтық 

мінберде көз шығарып, бас жарып жатудың 

несі сән?! Жоғарыда тілге байланысты 

әріптестерімнің, өзімнің атқарып жатқан 

жұмыстарымды айттым. Халықтың назары 

түсе бермейтін комитеттегі жиналыс тары-

мызда, жұмыс топтарымызда тіл мәселесін 

көтерудей-ақ көтеріп жүрміз. Парламентке 

сайланған қазақтарға келсек, солардың 

қай-қайсысы да қазақ тіліне қарсы емес. Сіз 

бен біз сияқты тілдің қадірін білетін көшелі 

азаматтар. Үнемі мемлекеттік тілдің 

мәселесін көтеріп жүрген әріптестерім де 

бар. Әрине, мемлекеттік тілдің қолданыс 

аясын кеңейту үшін пәрменді жұмыстар 

қажет-ақ, оны Парламент қабырғасында 

айтып жүрміз, айта да бермекпіз. Бірақ бұл 

тек Парламентке тіреліп тұрған жоқ. Қазақ 

тілін дамытуды әр адам өзінен бастасын. 

Бірінші, атын қазақшаласын, оған 

Қазақстан Республикасы Президентінің 

1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 «Ұлты 

қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын 

жазуға байланысты мәселелерді шешу 

тәртібі туралы» Жарлығы бар. Неге әлі -ов, 

-ев жабысып жүр. Өзін қойшы, немерелері 

-ов, -ев деп жазылып жүр. 

Екінші, аты-жөніндегі қатесін жөндесін. 

Адамның аты-жөні – оның ұлтын, әулетін, 

тегін білдіретін маңызды нышан. Сондықтан 

оның ұлттық мәні мен маңызы айрықша. 

Бәріңіз жақсы білетін Дейл Карнеги: «Әр 

адам үшін өзінің атынан тәтті, жағымды 

ешнәрсе болмайды», – десе, Марина Цве-

таева: «Адамның өзін мазақтауға бо лады, 

бірақ атын мазақтауға болмайды», – депті. 

Бізде аты-жөндері сауатсыз жазыл ған, сол 

себепті де бұрмаланған, әжуаланған есім-

дер мыңдап, он мыңдап саналады. Мысалы, 

Телекабель деген азамат бар. Бірақ әке-

шешесінің қойған есімі Тілекқабыл, Бакит-

кюлді-Бақыткелді т.б. Осыған Парламент 

кінәлі ме? Балабақша толық қазақшаланды, 

мектеп жеткілікті, бер балаңды, үйрет 

қазақшаға. 

Ақша алғанда банкоматта «қазақ, орыс 

– қай тілде сұрайсың?» деп тұрады. Есі кетіп, 

бәрі орысшаны басады. Кез келген құжатты 

мекемеден ана тілінде сұра, бермесе про-

куратураға бар. Қате жарнама көрдің бе, 

тұтынушы ретінде «менің құқымды бұз ды» 

деп сотқа бер. Айыппұл салып, саған мо-

раль дық шығыныңды өтеп береді. 

Ел билігінде де, негізінен, бәрінің сайты 

бар. Намысын оятар үшін хаттар жазып, 

тыныштық берме. «Ұра берсең, шайтан да 

өледі» дегендей, не қазақша үйренеді, не 

қызметтен кетеді. 

Дегенмен «ауызды қу шөппен сүрте 

беру» де орайсыз. Тәуелсіздік жылдарында 

қазақ көбейді, Жаратқан иеміз қаласа, 

көбейе де бермек. Ұлттық сана-сезіміміз де 

өсті. Бүгінгі сапалық деңгейі артқан қазақ 

мектебінің оқушылары ертең билікке келеді, 

мем 

лекеттік маңызы бар шаруалардың 



тұтқасын ұстайды. Сонда сапалық деңгейіміз 

бүгінгіден де еселеп арта түседі. Өз басым 

осыған бек сенімдімін.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен 

Салтан СӘКЕН, 

Астана 

Өткен аптада басынан 

жарақат алған полиция 

лейтенанты ауруханада жан 

тапсырды. Патруль қызметіне бір 

жыл бұрын келген 26 жастағы 

Ерназдың сүйегі туған ауылы – 

Бақанасқа жерленбек.

Өткен сенбі күні қарулы топтың оғына 

ұшқан полиция лейтенанты Ерназ Қожах-

метов кеше қайтыс болды. ҚР Ішкі істер 

министрлігінің хабарлауынша, ол шілденің 

31-іне қараған түні сағат 01.00-де № 4 

ауруханада көз жұмған. Дүйсенбі күні 

күндіз оның жүрегі тоқтап қалғанымен, 

дәрігерлер қайта тірілткен болатын. 

Қарулы топ оқ жаудырған кезде Ерназдың 

әріптесі полиция аға лейтенанты Ержан 

Қайрақбаев оқиға орнында жан тапсырған 

еді. Ерназдың туыстарының айтуынша, 

оқиға болған кезде Қожахметов есін 

жоғалтпай тұрып, полицияға қылмыс-

керлер мінген көліктің маркасы мен 

олардың түр-сипатын рация арқылы 

хабар 


лап үлгерген. Ерназ Қожахметов 

1986 жылы Алматы облысы Балқаш 

ауданы Бақанас ауылында туған. Қазақ-

станның Қарулы күштерінің қатарында 

әскери борышын өтеген ол 2011 жылдан 

бері Алматы қаласы ішкі істер депар-

таментінің №6 патрульдік полиция 

полкінде қызмет атқарды. Марқұмның 

денесі Бақанас ауылына жерленеді. 

Алматы қаласы ішкі істер департаменті 

баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат 

Әзірбектің айтуынша, Алматы бойынша 

соңғы 20 жылда осымен 21-інші полицей 

қызмет барысында қаза тауып отыр. Бұл 

жылдар ішінде қызмет барысында 150-ге 

жуық полицей жарақат алған. 



Сандуғаш СҰЛТАНҚЫЗЫ

 

Жүргізуші куәлігін қалай 



ауыстырамын?

Серіктестік атауына қандай талап 

қойылады?

Жаңадан құрылатын серіктестікті мемлекеттік тіркеуге алған кезде 

оның жауапкершілігі шектеулі екенін жазу міндетті ме? Фирмалық атауға 

қандай талаптар қойылады?

 

   

Жандар 

АБДУЛЛИН, 

Ақтөбе облысы

ҚР Әділет министрлігі мамандарының 

түсіндіруінше, ҚР «Жауапкершілігі 

шектеулі және қосымша жауапкершілігі 

бар серік 

тестіктер туралы» Заңының 

4-бабына сәйкес, серіктестіктің фир-

малық атауы жауапкершілігі шектеулі 

серіктестіктің атауын, сондай-ақ 

«жауапкершілігі шектеулі серіктестік» 

деген сөздерді немесе «ЖШС» деген аб-

бреви атураны қамтуға тиіс. Қосымша 

жауапкершілігі бар серіктестіктің 

фирмалық атауында тиісінше «қосымша 

жауапкершілігі бар серіктестік» тіркесі 

немесе «ҚЖС» деген аб 

бре 

виатура 


болуға тиіс. Серіктестіктің фир малық 

атауының қысқарған нұсқасын және 

оның шет тілдердегі баламаларын 

пайда 


лануға болады. Шетелдің 

қатысуымен құрылатын жауапкершілігі 

шектеулі 

се рік тестіктің 

фирмалық 

атауын 


да оның құрыл 

тайшыларының 

қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі 

мүмкін.


Жуырда тұрмысқа шығып, Астанаға көшіп келдім. Фамилиямның 

өзгеруіне байланысты жүргізушілік куәлігімді ауыстыруым керек 

болып тұр. Бұл үшін қайда хабарласуым керек? Қандай құжаттар 

қажет?

  

 

Мақпал, Астана қаласы

Астана қаласы ішкі істер депар-

таменті мамандарының хабар-

лауынша, бұл мәселемен қалалық 

Ішкі істер департаментінің Жол 

полициясы басқармасының Тіркеу-

емтихан бөліміне хабарласу қажет. 

Оның мекенжайы: Жаңажол көшесі, 

6-үй. Қажет құжаттар: тектің ауысқаны 

туралы анықтаманың нотариуспен 

мақұлданған нұсқасы, жеке басты 

куәландыратын құжаттар, Астана 

қаласындағы тұрғылықты мекен-

жайға тіркелгені туралы құжаттар, 

жүргізушінің емтихан карточкасы, 

медициналық анықтама, жүргізуші 

куәлігін ауыстырғаны үшін 2023 теңге 

көлемінде салық төлегенін растайтын 

түбіртек.

АЛАШ-АҚПАРАТ



Алаяқ қайда 

демеңіз...

Әгераки, бөгде біреу өзін 

«полиция қызметкерімін» деп 

таныстырса, әуелі оның қызмет 

куәлігін сұраңыз. Сосын барып, 

уәжіне құлақ асыңыз. Әйтпесе, 

айдың, күннің аманында 

полиция атын жамылған 

алаяқтар сан соқтыруы әбден 

мүмкін. Тап осындай жағдай 

Қарағанды облысында орын 

алды. 

Жуырда полиция қызметкері атанып, 

аңқау қарттардың қалтасын қаққан алаяқ 

қолға түсті. Бір жылдан бері Шахтинск 

қаласының зейнеткерлерін алдап соғып, 

қалтасын ақшаға қампитқан бұл алаяқ бір 

жыл ішінде бірнеше зейнеткерді қан-

қақсатып үлгеріпті. Қарағанды об лысы ІІД 

таратқан мәліметтеріне сүйенсек, «жалған 

полицейдің» бірінші құрбаны болған 

зейнеткер былтырғы жылы жел тоқсанда 

полицияға шағым түсірген. Зейнеткердің 

айтуынша, оған бейтаныс ер адам телефон 

соғып, қызының есірткі сақтағаны үшін 

тұтқынға алынғанын ха 

барлаған. Оны 

босату үшін алаяқ 100 мың теңге талап 

еткен. Сұралған қаржыны қария 

полиэтилен пакетке салып, тере 

зе 


ден 

тастаған. Мұндай жағдай 2012 жыл дың 

қаңтарында тағы қайталанады. Бұл жолы 

екінші зейнеткерге Израильде тұра 

тын 

ұлын полиция тұтқынға алғанын, оны 



шығару үшін 100 мың теңге қажеттігін 

айтқан. Екінші 100 мың теңге де бірінші 

100 мыңның жолын құшқан. Яғни оны да 

алаяқ терезеден тастауды талап еткен. 

Бұдан кейін де алаяқтың арбауына үш 

тұрғын түсіп қалыпты. Олар 98 мың, 200 

мың және 295 мың теңгелерінен айырыл-

ған.


Ұзақ уақыт бойы құрыққа ілікпей 

жүрген алаяқты жедел-іздестіру қызмет-

керлері қолға түсірді. Ол 29 жасар 

жұмыссыз, бұрын қарақшылық жасаған-

дығы және көлік ұрлағаны үшін сотталған 

Шахтинск қаласының азаматы болып 

шықты. 

«Ол Шахтинск қаласында бір әйелмен 



жалдамалы пәтерде тұрады. Босап шыққан 

соң жұмысқа орналаспаған. Ақшаны 

кездейсоқ жолмен тауып жүрген. Алаяқтық 

жасау үшін әдейі телефон сатып алғанын 

айтты. Тергеу амалдары жүргізілуде», – 

делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан 

мәліметтерде. 

 Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,



 Қарағанды

ЖАҢҒЫРЫҚ


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.75 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет