Сандуғаш Әлімжанова ыстық су мен жылу ақысы



жүктеу 0.75 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата13.02.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Сандуғаш СҰЛТАНҚЫЗЫ

Министрліктің баспасөз қызметі тарат-

қан мәліметке сәйкес,  Атырау об лы сын да-

ғы газ-химия кешенінің жобасы бойынша 

жергілікті кадрларды даярлау жөнінде Гер-

манияның  CB&I Lummus, Currenta, Ко рея-

ның  SK Energy және Қытайдың Sinopec 

Engineering компанияларымен келісімге 

қол қойылды. Мәселен, немістің CB&I Lum-

mus Technology Inc компаниясы кадрларды 

үш деңгейде даярлау жөніндегі бағ дар ла-

ма ны әзірлеуге кірісіп те кеткен. Ол жер-

гілікті мамандарды техникалық жұ 

мыс-


керлер, орнату операторлары және 

ин женерлік-техникалық 

жұмыскерлер 

бойынша оқытуды жоспарлап отыр. Ма-

ман дарды даярлау мерзімі – 2-4 жыл. Бұл 

жұмыс Қазақстанның төрт жоғары оқу 

орнында жүргізіледі. Олар – Қаныш Сәт-

ба ев атындағы Қазақ ұлттық техникалық 

уни 

верситеті, Қазақ-Британ техникалық 



уни 

верситеті, Атырау мұнай және газ 

универ ситеті, сондай-ақ Мұхтар Әуезов 

атын дағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 

университеті. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 

биылғы Жолдауында Атырау газ-химия ке-

ше 


нінің құрылысы мемлекеттік маңызы 

бар негізгі жобалардың бірі ретінде көр се-

тіл ген. Қазіргі кезде құрылыстың І кезеңі 

аяқ талуға жақын: негізгі техникалық құ-

рыл  ғылар мен ішкі желілердің 78 пайы-

зына, ал инфрақұрылым нысан да рының 

95 пайызына жобалау аяқталды.

Арман АСҚАР,

Астана

Үкіметтің қарауында ұзақ уақыт жатып 

қалған бас жобаның бекітілу бақыты 

тағайын 


далғанына осы аптада 100 күн 

толатын жаңа әкім Қайрат Құсейінұлының 

тізгін ұстаған уақытына дөп келген сы ңай-

лы. Мұндайда қазақ «бітер істің басына 

жақсы келер қасына» деуші ме еді?! 

«Қаланың  экономикалық  де мо гра фия-

лық және құрылыс қарқыны ескеріліп, бас 

жоспарға өзгерістер енгізілгені белгілі. 

Қазір оны бекітуге 11 министрлік пен басқа 

да ведомстволардың келісімі алынып, Үкі-

меттің бекітуіне ұсынылды. Жаңа бас жос-

парға сәйкес, 364 гектар жерге әкімшілік-

іскерлік орталық салу көзделген. Ол жерде 

облыстық ғылыми әмбебап кітапхана, 

орыс драма театры, облыстық көрме, Кон-

гресс Холл және инженерлік жүйелердің 

құрылыстары жүргізілетін болады», – деді 

қала әкімі Қайрат Молдасейітов облыс 

бас шысы Асқар Мырзахметовтің алдында 

берген есебінде. 

Жаңа бас жоба бекітілген жағдайда 

облыс орталығының көлемі қазіргі 43 мың 

гектар дан 112 мың гектарға дейін ұлға й-

мақ. Бұл облыс орталығына көрші жатқан 

аудандар есебінен жүзеге асырылмақ. 

 

Шадияр МОЛДАБЕК,



Оңтүстік Қазақстан облысы

Мәліметтер ұлттық орталығының ха бар-

 лауынша, шілденің 31-і күні сағат 04.30-да 

Ресей Федерациясының аума 

ғында 5,5 

балдық жер сілкінісі тіркелді. Оның 

эпицентрі Алматы қаласынан сол 

түстік-


шығысқа қарай 1146 шақырым жерде 

анық талды. 

Эпицентр 

коор ди нат тары 

51

о

11



,

 с.е. және 86

о

28

,



 ш.б. және те рең  дігі 

5 шақырым болса, энергетикалық класы 

К=12,5-ті құрады. ҚР Төтенше жағ дайлар 

министрлігінің хабарлауынша, Сібір дің оң-

түс 

тік-батысында болған жер 



асты дүм-

пулері Өскемен мен Риддер қала ларында 

сезілген, күші MSK-64 шка ласы бойынша 

2-3 балды құрайды. Құрбандар мен қиран-

дылар жайлы мәліметтер жоқ. Ес те  ріңізге 

сала кетейік, Ауғанстандағы шіл де айының 

ортасында болған 6,1 бал дық жер сілкінісі 

Шымкент пен Тараз қала ла  рында да 2 балл 

түрінде сезілген бо латын. 

Ардагердің төрт медалін ұрлаған Ақтөбе тұрғыны қолға түсті. 

Кеңсенің терезесінен түскен ұры жәбірленушіге 100 мың теңге 

залал келтірген. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, төсбелгілер 

иесіне қайтарылды.

Атырау облысындағы газ-химия кешені құрылысына отандық 

мамандар қатысады. Оларды Қытай, Корея және Германия 

компаниялары даярлайды. Осыған орай, Мұнай және газ 

министрлігі тиісті келісімді рәсімдеді. 

Еліміз бойынша үлкендігі жағынан үшінші қала болып 

есептелетін Шымкенттің келешегін айқындайтын, болашағын 

бағамдайтын бас құжат, яғни бас жоспар, бұйыртса, бір ай 

көлемінде бекітілмек. Бұл туралы Астанаға шұғыл шақыртумен 

барып қайтқан Шымкенттің жаңа әкімі Қайрат Молдасейітов 

мәлім етті. 

Ресей аумағында болған жер сілкінісінің әсері Шығыс 

Қазақстан облысында байқалды. Дүмпудің салдарынан зардап 

шеккендер жоқ.

Жүктілікке және бала күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде 

зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасы аударылып тұруы тиіс пе? 

Міндетті зейнетақы жарнасын қызметкер декреттік демалысқа кеткенге 

дейін жұмыс істеген мекеме аударуы керек пе, әлде оның басқаша 

механизмі бар ма?

Қатира ӘСЕМҚҰЛОВА, Қостанай облысы

Зейнетақы қоры маманының мәлі ме-

тіне қарағанда, міндетті зейнетақы жар на-

лары есебінен зейнетақымен қамсыз дан-

дыру туралы шарт болған кезде жүк тілігіне 

байланысты, сондай-ақ бір жас қа жет кен-

ше балаларын күтуге арнал ған демалыста 

болған  жағдайда  Мем ле кет тік  зейнетақы 

төлеу  орталығы  Мем ле кет тік  әлеуметтік 

сақтандыру қорынан жи нақтаушы зей нет-

ақы қорына ай сайын ғы әлеуметтік төлем-

нен 10 пайыз мөл шерде зейнетақы жарна-

ларын аударып оты рады.

тыйым» жайлы ұмытпағанымыз дұрыс. Біз 

қыздарымыздың жыныстық сауатын 

арттырғанша, оларды келін болып, босаға 

аттағанша жыныстық қатынастан бойын 

аулақ ұстауға үйреткеніміз жөн болар. 

Қазақ қызы үшін ар тазалығының қасиетін 

ұқтырғанымыз абзал. 

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі таңда 

жастар арасындағы бедеулік 20 пайызға 

жетіпті. Үйленіп, перзент сүйе алмай жүр-

ген отбасылар 16 пайызды құрап отыр. Ал 

Дүниежүзілік ден саулық сақтау ұйы мының 

талабына сай бұл көр сеткіш 15 пайыз дан 

ас қан да  қа терлі  бо лып  са налады  екен.  Де-

мек, алаңдауға не гіз бар. 



Салтанат  БАЙ ҚОШ  ҚА РОВА, дәрігер-эм-

брио лог,  «Экомед»  меди циналық  ор та лы-

ғының жетекшісі:

– Әйелдерді бе деулікке бастай тын 

тура жол – жасанды түсік жасау. Менің 

алдыма табиғи жағ дайда бала кө те ре 

алмаған әйел дер келеді. Солар дың 70-

80 пайызы – жасанды түсік жасату нә-

ти жесінде бала табу бақы ты нан айы-

рылған әйел дер. Ал жас организм үшін 

жа санды түсік жасау  өте қауіпті. Өйт -

кені аяғы ауыр болған әйел орга низмі 

қажетті гормондар бөле бас тайды. Ал 

енді жасанды түсік жасаған сәтте ана 

ор ганизмінде күрт өзгеріс пайда бо-

лады. Бұл өз кезегінде бедеу лікке алып 

келеді. Айды етекпен жапқанмен бол-

майды. Қазіргі қыздар дың ерте жы ныс-

тық қатынасқа түсетіні ащы болса да 

шындық. Жалпы, маман ретінде қазіргі 

жастардың бұл үрдісіне қарсымын. 

Қыздар аяғы ауыр болып қалудан сақ-

тану мақсатында гор мондық дәрілер 

пайдаланады. Бұл да жас организмге 

өзгеріс әкеліп, бедеулікке шал дық ты ра-

ды. Сонымен қатар мұндай жандардың 

алдағы уақытта қатерлі ісікке шалдығу 

ықти малдығы артады. Тағы бір айта 

кетер жайт, кейінгі кезде жастар ара-

сын да әртүрлі инфекция жұқтырып, 

нәти жесінде бала көтеру қабілетін жо-

ғалт 

қан әйел азаматтар қатары көп 

кезігетін болды. Мен бұған өзімнің 

күнделікті жасап жүрген жұмысымның 

барысында көз жеткізіп жүрмін.Сон-

дық 

тан мен ана ретінде де, маман 

ретінде де қыз дардың тұрмысқа шық-

қанша кездейсоқ қатынастардан аулақ 

болып, бойын таза ұстағанын қалай-

мын. Әйел үшін ең бірінші бақыт – бала 

табу. Қызда рымыз сол бақытының та-

мы рына өз қолдарымен балта шауып, 

өмірлік өкініште қалмаса екен деймін.

Жастарымыздың ерте жыныстық қаты-

нас тарға баруы олардың ертеңгі күні бе-

деулікке шалдығуына себеп болуы әбден 

мүмкін екенін мамандар растап отыр. 

Дәрігерлердің пайымдауынша, алғашқы 

баланы жасанды түсік арқылы түсірген 

жағ 


дайда жас қыздың болашақта ана 

атану мүмкіндігінен айырылу ықти мал-

дығы артады. Сонымен қоса, жастар ерте 

жы ныстық қатынас салдарынан әртүрлі 

ау ру жұқтырып, соның салдарынан бедеу-

лік дертіне шалдығуы мүмкін. Дәрі гер-

лердің мәліметіне қарағанда, еліміздегі 

бедеу лікке шалдығушылардың 56 пайызы 

әр түр лі жұқпалы ауру жұқтыру салдарынан 

бол ған. Сондықтан да бұл мәселеге үстірт 

қарауға болмас.

Бүгінгі бедеулік ертең-ақ де 

мо 

гра-


фияны діңкелететіні хақ. Сол себепті бұл 

мәселеге мемлекеттік демография тұр ғы-

сы нан да, ұлт болашағы тұрғысынан да 

қарауы мыз  қажет.



Басы 1-бетте

Басы 1-бетте

Мен аудандық әкімдікте компьютерші, жүйеші және бағдарламашы болып штаттан тыс 

келісімшарт негізінде жұмыс істеймін. Штаттағы компьютершілер қандай жұмыс істесе, 

мен де сондай жұмыс атқарамын. Алайда маған зияндылық (за вредность) үшін ақы 

төлемей отыр. Осы дұрыс па? Негізі, заң бойынша маған зияндылық үшін қосымша ақы 

төленуі тиіс пе?

Өтемұрат ШАЙБЕКОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу бас-

қармасының сарапшы маманының мәлі ме тін ше, 

Қазақ 


стан Республикасы Еңбек кодексінің 

204-бабына сәйкес, ауыр жұмыстарда, еңбек жағ-

дай лары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыс-

тарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу 

қалыпты еңбек жағдайлары бар жұ мыс тарда iст ей-

тiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу мен са лыс-

тыр ғанда  жоғарылатылған  лауа зым дық  айлық ақы-

лар (ставкалар) немесе қо сым ша ақылар белгiлеу 

жо лымен  жоға ры ла тыл ған  мөлшерде,  бiрақ  Қазақ-

стан Республикасының заңнамасында, салалық 

келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда еңбекке 

ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарына негiзделiп 

бел гi лен ген нен  төмен  емес  мөлшерде  белгiленедi.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюд-

жет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым дар дың 

қыз мет керлеріне,  қазыналық  кәсіп орын дар дың 

қыз мет керлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 

Қазақ стан  Республикасы  Үкіметінің  2007  жылғы     

29 желтоқсандағы №1400 қау лы сына 19-қо-

сым шада қызметкерлерге ауыр және зиян ды 

еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы қарас-

тырылған.

Бұл ретте, аталған қосымша ақы лауа зым дары 

мен кәсіптері Қазақстан Республикасы Еңбек және 

халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін 

атқарушының 2007 жылғы 31 шіл де дегі № 182-Ө 

бұйрығымен бекітілген. Жұмыс уа қытының қыс-

қартылған ұзақтығына құқық беретiн өндi рiс тердiң, 

цехтардың, кәсiптер мен лауа зымдардың тiзiмiн

сондай-ақ ауыр жұмыс тар дың, еңбек жағдайлары 

зиянды (ерекше зиян ды) және қауiп тi жұмыстардың 

тiзбесiне  енгізіл ген  қызмет кер лерге  төленеді. 

Тізім министрліктің веб-сайты «Нормативтік-

құқықтық база» айдарында орналастырылған.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)



                

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№134 (816) 



1.08.2012 жыл, 

cәрсенбі


Б

АЙЫП


Әлеуметтік жаңғыртудың жаңғырығы 

жастар үшін тиімді болмақ

Жаңадан құрылған Жастар комитеті жастар мәселесін шеше ала ма?



Санжар БОҚАЕВ, 

Алматы қалалық 

жастар саясаты 

жөніндегі басқар-

маның директоры, 

саясаттану бойынша 

PhD докторы:

Елнұр 

БЕЙСЕНБАЕВ, 

жас саясаткер:

Дінмұхаммед 

ЛЕСБЕКОВ, Алматы 

қалалық ішкі саясат 

басқармасының  

Бостандық ауданы 

бойынша аумақтық 

бөлім бастығы:  

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Республикалық деңгей мен жергілікті деңгейге 

дейінгі аралықта жастар саясатын үйлестіру 

тұжырымдамасын қолға алу өте маңызды, осын дай 

жүйе бізге өте қажет. Соңғы кездері Елбасы Жолдауында, 

Қа зақстан халқы ассамблеясында жастар саясатына 

баса назар аударылып, бұл елдің басым бағыты ретінде 

белгіленіп отыр. Менің ойымша, жергілікті жас тар 

саясаты жөніндегі мемлекеттік органдардың қажет 

екендігін осы мен үш жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан 

Алматы қалалық жастар сая саты жөніндегі басқарманың 

жұмыс тәжірибесі көрсетті. Осындай тұрпат 

тағы 

басқармалар жергілікті жастар мәселесін шешуге 



байланысты жо ба ларды, басқа да іс-шараларды жүзеге 

асыруға қабілеттілік таныта ала 

ды. Сондықтан 

аумақтық жастар саясаты жөніндегі басқармалар жас-

тарға қатысты барлық мәселені емес, өз құзыреті 

аясында жастардың нақ 

ты жекелеген мәселелерін 

шешуге атсалыса алады деп ойлаймын. 

– Құрылып отырған комитеттің алдында тұрған жүк аз емес деп 

ойлаймын. Жастардың мәселесі мемлекеттік маңызды стратегиялық іс 

екендігі анық. Мен идеология саласының маманы ретінде бұл комитет 

мынадай міндеттерді жүзеге асырып, қызмет аясының негізгі бағыттары 

ретінде қабылдауын жөн санаймын: 1. Жастар арасында деструктивті 

пиғылдағы әсіредіншілдік үрдістердің алдын алу, жастардың төзімсіздік 

идеяларына бой алдыру жолдарын жедел түрде анықтап, кешенді түрде 

күресу. 2. Жастарға өте жылдам әрі кері әсер ететін идеологиялық ықпал-

дардан жүйелі түрде қорғау. Мәселені ашық айтар болсақ, бірқатар 

кинотеатрларда біраз уақыт бойы жастарға ұсынылған «Секс по дружбе», 

«Право на «лево», «Лето. Одноклассники. Любовь», «Свидание» т.б. 

батыстық киноөнімдер жастардың дү ние танымында ұлттық құндылықтарға 

деген селқос пікір, жеңілтек көңіл күй қалдырғаны анық. 3. Мектеп 

оқушылары арасында орын алып жатқан депрессиялық көңіл күй мен суицид 

жағдайларын болдырмау, жастарды терең білім алуға қызықтыру, жаппай 

кітап оқуға, отансүйгіштікке баулу керек. 

– Жастар комитеті егер Білім және ғылым министрлігі шаужайы нан 

тартпаса, еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік берсе, либералдық көзқарасты 

ұстанатын болса, біраз шаруаны еңсеруіне болады. Жалпы, Жастар ісі 

жөніндегі комитеттің құрылғаны – үлкен жетістік, жастар үшін зор 

қуаныш деп есептеймін. Біріншіден, бұдан бұрынғы 11 адамдық 

департаментке қарағанда 50 адамдық штаты бар жаңа Жастар комитеті 

әлдеқайда тиімді жұмыс істейді деген үміт бар. Екіншіден, комитет 

төрағасының бұрынғымен салыстырғанда дең 

гейі жоғары, сөзі 

өтімдірек, құзыреті күштірек болады. Үшіншіден, министрлік ішіндегі 

комитеттің қаржысы да қомақты болады және көп шаруаның басын 

қайыруға мүмкіндігі артады деп санаймын. Комитет басшысы жастар 

мәселесінің білгірі, менеджерлік қабілеті мықты болса, жастар жайын 

ойлай алады. Комитет қадау-қадау жастар мәселесін шешіп тастамаса 

да, болашақта өкілеттігі ұлғаяды. Себебі билік жастардың қуатты күш 

екенін, осынау үлкен ресурсты жұмылдыру қажет екенін түсініп отыр. 

Елбасы өз мақаласында жастар саясатына жаңа көзқарас танытып, 

жастар саясаты жөніндегі жаңа заң қабылдау туралы тапсырмалар берді. 

Жастар мәселесін шешуде жұмыс істеу тәсілін өзгер туі міз керек.               

Дайындаған Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК, 

жазушы

Нұрдәулет АҚЫШ, 

жазушы

Соған байланысты біздің  дүниетаным-

дық көзқарастарымыздың өзі де бірнеше 

мәрте өзгерді. Өз көзқарастарымызды 

өзіміз өзгертіп, өзіміз игере алмай жүрміз. 

Міне, осының бәріне жазушылар ілесе 

алмай келеді. Бүгінгі әдебиеттің орнына 

публицистика, журналистика түсіп кетті. 

Олар енді ұшқыр жанрлар болғандықтан

болып жатқан жаңалықтың бәрін бірден 

іліп әкетіп, жариялап жатады. Журналис-

тиканың өзіне қарасаңыз, бұл көзқарас-

тардың әртүрлі болып өзгеріп жатқанын 

көресіз. Мысалы, бір жылдары газет-

журналдарда «Мерседес» мінген мәң-

гүрттер» деген тақырыппен материал-

дар шыққан болатын. Және «Мер   седес» 

мінген адам, шынымен де, мәңгүрт 

сияқты қабылданатын. Ал енді 

осыған бүгінгі күннің көзқа ра сымен 

қарасақ, ол енді тіпті күлкілі кө-

ріне 


ді. Бүгін ол әлеуметтік бір 

игілік ретінде ғана қабылданады. 

Міне, журналистиканың өзінде 

көзқарастар осылай  өзгере 

береді. Ал енді әдебиет деген 

бір күннің, бір айдың туын-

дысы емес. Сондықтан жазу-

шы ларымыз жазып жатқан 

шығармаларын уақытына 

қарай тоқтатып қойып, 

қайта қарап, әлектеніп 

жатқан болуы мүмкін деп 

ойлаймын. Осы тұрғыдан оларды 

ақтауға  болады. Бірақ, шын мәнінде, 

әдебиет қалып қойды. Дегенмен заман-

ның тамырын дөп  басып жүрген жекелеген 

жазушылар да бар. Мысалы, Төлен 

Әбдіков, Тынымбай Нұрмұхаметовті, жас-

тардан Асқар Алтай, Таласбек Әсемқұлов, 

Нұрғали Ораздарды айтып жүрміз  қазір. 

Олардың жекелеген туындыларында бүгін-

гі  қоғам бейнесі бар. Жалпы деңгей мен 

айтқанда, әдебиет қоғамдық ойға ілесе 

алмай қалды. Ал енді әлемдік әдебиетпен 

салыстырып қараса ңыз да, біздің әдебиет 

артта қалды.  Оларда қоғамға  сай жаңа 

шығармалар көптеп жарыққа шығып 

жатады және олар ескеріліп, марапатталып, 

сыйлықтар алып  жатады. Оның қасында 

біздің әдебиет әрекетсіз отырған сияқты 

көрінеді. 

Әдебиет күйзеліс үстінде. Бұрын біз 

әдебиетте тосқауыл көп дейтінбіз, бірақ 

кейінгі жылдары әдебиетте «сен 

мынаны айтпа, мынаны жазба» деген 

тосқауылдар бар деп айта алмаймын. 

Жазамын деген адамға жазуға 

мүмкіндік бар. Тек еркін көсіліп 

жаз ғысы келетіндер биліктің есі-

гіне көп жалтақтай ма деп ойлай-

мын. Біздің жазушылар бүгінгі 

қоғамда өршіп тұрған діни 

мәселелер, жұмысшылардың 

еңбек даулары сияқты тақы-

рып 

тардан осы себепті де 



қалыс қалып жатыр дер 

едім. Кеңес кезіндегі әде-

биет коммунистік партия-

ны насихаттауға бағыт-

тал  ған  болатын  және 

жазу шылар сол үшін тиын 

ала тын. Сол себепті де сол кезде 

жазу шы лардың өмірі басқа маман-

дық иелеріне қарағанда дұрыстау болды. 

Әдебиеттің халықтан алшақ кетуіне 

жазушылар кінәлі емес. Оған тарату жұ-

мыс тарының жоқтығы себепкер. Сондық-

тан қазір бізге бүгінгі қоғамның тыныс-

тіршілігін нақты көрсететін әдебиеттегі 

әңгіме жанры қажет. Ол газет арқылы 

болсын, интернет арқылы болса да,  басқа 

құралдар арқылы болса да тез тарайды. 

Рас, қазір жүздеген беттерден тұратын 

романдар жазып, ол романдарды халыққа 

тарату қиын болып қалды.  Кітапты оқитын 

нағыз қазақ ауылда. Бірақ ауылға жазыл-

ған дүние жетпейді. Қазір әкімқараларды 

мақтайтын кітаптарды жергілікті атқарушы 

органдар мұғалімдерге, дәрігерлерге, 

мем 

лекеттік қызметтегілерге күштеп 



Бүгінгі қазақ әдебиеті қоғам 

дамуынан қалыс қалған жоқ па?

таратады. Ондай сын көтермейтін кітаптар 

сондықтан да көбірек таралады. Ал енді 

қоғамның шындығын жазған, ақиқатқа 

ұмтылған әдебиеттерді жазған жазушылар 

ол кітаптарын сөмкемен өзі арқалап 

таратып жүр. Оның аяғы қанша жерге  

жетеді дейсіз? Дәл бүгінгі уақыттың өзі 

әдебиет пен оқырманды жақындатуға 

қызмет жасайын деп тұрған жоқ. Оларды 

бір-біріне жақындатудың жалғыз құралы 

бүгін  интернет пе деп ойлаймын. Бірақ 

біз дің ақын-жазушылардың көбі сол ин-

тер нетпен достаса алмай жүр. Мен өзім 

жа ңа шығарманы интернеттен іздеп жүріп 

оқитын адамдардың бірімін. Сондықтан 

да кітап оқығым келсе, интернеттен шы-

ғар маларды іздеп отырамын. Бірақ орыс 

тіліндегі жаңа әдебиеттерді интернеттен 

бірден тауып аламын да, қазақ тіліндегі 

ең бектерді таба алмаймын. Осындай се-

беп терді негізге алып, біздегі интернеттегі 

әдебиеттің мүмкіндігін арттыру керек.

Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: 

Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 

қадам» атты тұжырымдамасын іске асы-

рудағы «Нұр Отан» партиясының алдында 

тұрған міндеттерді баяндады. Бұдан 

бұрын да осы өңірде жиі болып жүрген 

сенаторлар өздерінің көкейкесті ойларын 

ортаға салды. Р.Ахметов Кедендік одаққа 

мүше елдердің міндеттері, бөлінген 

қаржының игерілуі, еліміздің одақтағы 

беделі және оның болашағы туралы кеңі-

нен әңгімеледі.

Ал Е.Мұқаев еліміздегі ЖОО-ның 

көбеюіне сәйкес ғалым-докторлар саны-

ның өсуін, демек, оларға қойылар талап-

тың жоғары болуы қажеттілігін айтып, 

Ресей, Беларусь, Қазақстан арасындағы 

кедендік байланыс, ауыл шаруашылығы 

үшін табиғи судың маңыздылығы, соған 

сай өңірді суландыру мәселелеріне егжей-

тегжейлі тоқталды.

Cенаторлар 

Ақжайықты аралады

ТМД Қарулы Күштерінде ортақ 

байланыс жүйесі болады

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «Нұр Отан» ХДП 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.75 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет