«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет2/19
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

12
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Мөлдір Байтөре, Сабина Оразалинова, Дилара Асқарова,
Аудармашылар:
Әйгерім Манақбаева, Бөкейхан Қожабекұлы Манақбаев,
Әдеби редактор:
Венера Адыханова, Сағат Махметовна
Операторлар:
Евгений Сатиров, Асқат Нұрекин, Батыр Әубәкіров.
Бұл  жобаның  басты  нәтижесі  деп  Тәуелсіздік  пен 
Бірліктің  жалпы  құндылықтарын  саяси,  экономикалық 
және 
әлеуметтік 
катаклизмдерге 
қарамастан 
тарихтың 
бұралаңдарынан  аман  алып  өткен  Алаш  идеясының  тереңдігі 
мен  іргелілігін  түсінгенімізді  атауға  болады.  Алаш  идеясы 
бүгінгі  таңда  өткен  тарих  емес,  бұл  Қазақстандықтар  мен 
олардың  ұрпақтарын  қай  жерде  болмасын  біріктіретін  жанды 
уақыт  рухы.  Ол  Қазақстанның  шегінен  шығып,  рухы  күшті 
ұлттың  уақыт  пен  кеңістіктен  тыс  бейнесі  болып  табылады. 
Алаш  идеясының  тарихи  құндылығы  оның  сабақтастығы  мен 
Қазақстандықтардың жаңа ұрпақтарына арналған әлеуетінде. 
Ботагөз Рақышева, Айдос Сарым

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
13
Айдос Сарыммен Алаш идеясы туралы сұхбат 
 «Абай-ақпарат» қазақ интернет – кеңістігін
 дамыту Қоры» ҚҚ-ның вице-президенті
 (Алматы, Қазақстан)
МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕЯНЫҢ РУХАНИ НЕГІЗІ
Қазір  жалпы  қазақтың  алаш  қозғалысы-қазақтың  сана 
сезімі,  бүгінгі  қоғамдағы  ойдың  сол  кездегі  қоғамдық  оймен 
жалғасы.  Сондай-ақ  бүгінгі  күні  біздің  тарихи  жадының, 
тарихи  жалпы  сана  сезімі  бұйымының  үлкен  дағдарысы  болып 
сезіліп  жатқан  сияқты.  Менің  ойымша,  ол  дағдарыстың  басты 
себебі  біздегі  мына  осы  кезге  дейін  келген  рухани  тарихи 
сабақтастығының  жоқтығы.  Яғни,  белгілі  бір  уақытқа  дейін 
кеңес  өкіметіне  дейінгі,  кеңес  өкіметі  кезіндегі  жаппай  қуғын-
сүргіндері,  ұлттық  сананы  жою  деген  сол  саясаттың  кесірінен 
болар.  Бірақ  шын  мәнінде  біздер  өзіміздің  тарихымызда  болған 
көптеген  оқиғалардың  себеп-салдарын,  мағынасын,  мазмұнын 
ұмытып  қалған  сияқтымыз.  Мысалы  бүгінгі  күні  қазақтың 
тарихына түгелдей қарайтын болсақ, 16-17 ғасырдағы оқиғалар 
біз үшін жұмбақ. Бұл мәселе сол кездегі қазақ көшпенді болды, 
яғни  оның  тарихи  жазбалары,  мұрағаты  жоқ  деген  әңгімеден 
туындамайды.  Ол  жалпы  атадан  балаға  келетін  бұйымдарда 
бар,  ал  үлкен  рухани  сананың  ішінде  алатын  орны  ерекше. 
Бізге  жақында  осыдан  бірер  жыл  бұрын  қазақтың  жақсы 
философ  тарихшысы  деген  жігіт  екеуіміз  бірге  отырып, 
қазақтың  1456  жылғы  тарихынан  бастап,  бүгінге  дейінгі 
тарихын таблицаға салып, «Сол кездегі рухани қоғамдық ойдың, 
рухани  қоғалыстардың  қандай  белестері  болды,  қандай  жақсы 
тізгіндері  болды»  деген  тақырыпта  үлкен  зерттеу  жасаған 
болатынбыз.  Сонда  бір  байқағанымыз,  қазақтың  тарихында 
негізі  бір  4-5  идеяның  төңірегінде  айналып  келе  береді  екен. 
Яғни  айтқалы  отырған  ойымыз,  жалпы  үлкен  бір  қағидат  бар, 
ол  ешқандай  тарихта  идея  деген  нәрсе  ешқашан  өлмейді.  Ол-
мәңгі  нәрсе.  Бәлкім,  оның  айтылуы,  жазылуы  мен  қоғам  ішінде 
алып  отырған  рөлі  бәсеңдетілуі  мүмкін,  бірақ  идея  ешқашан 
өлмейді.  Менің  түсінуімше,  бұл  сол  4-5  идеяның  ішіндегі  ең 
үлкен  маңыздысы.  Ең  бастысы  Қазақстан  тәуелсіздігінің 
20  жылдығы  кезінде  көп  айтылатын  әңгіме  болу  керек  деп 
есептеймін.  Ол  -  мемлекеттік  идея  мен  азаттық  идеясы. 

14
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Мысалы  бүкіл  жырауларымыздың,  ақындарымыздың,  тарихта 
болған  хандарымыздың,  билеріміздің  біздегі  қозғалыстардың, 
көтерілістердің - бәріне келетін болсақ, шын мәніндегі ең үлкен 
2  идеясы-осы.  Тәу  еткен  тәуелсіздігіміздің  де  мән-мағынасына 
жете  мән  бере  бермейтіндігіміз  соншама,  тіпті  ол  журналистік 
стереотип,  штамп  сияқты  болып  кетті.  Көп  жағдайда  оның 
мақсат мағынасына бара бермейміз, бірақ шын мәнінде ол - өте 
үлкен құдіреті, үлкен қасиеті бар ұғым. 
Осы  тұрғыдан  алған  кезде  өзіміз  бүгін  әспеттеп  жүрген 
алаш  идеясы  осы  мемлекетшілдік  және  азаттық  идеясының 
табиғи  заңды  жалғасы,  мұрагері  деуге  болады.  Мысалы,  19 
ғасырдың  алғашқы  жартысында,  тарихшылардың  айтуынша 
Қазақстанда  300-ге  жуық  көтеріліс  болған  дейді.  1860  жылдары 
Даланы  реформалау  деген  орыстың  заңдары  қабылданған 
болатын.  Содан  кейін  біраз  уақытқа  дейін  бір  үмітсіздік  кезеңі 
дейміз  бе,  өзімен  өзі  бүкіл  рухтың  сынып  кеткен  кезі  болған 
сияқты  болып  елестейді.  Аса  үлкен  саяси  қозғалыстар  жоқ, 
бір  үлкен  керемет  көтерілістердің  дүмпіні  де  байқалмады. 
Қазақ  өзімен  өзі  тұрып,  күмәнданып  келгендері  тарихта 
қараңғы  кезең  сияқты  болып  қалады.  Мұрат  Әуезов  ағамыз 
бұл тақырыпты жақсы айтып бере алады. Қазақ қоғамы, қазақ 
қауымы  бұл  тақырыпты  өзі  табиғи  тұрғыдан  өзін  болашақта 
келе  жатқан  сын  кезеңге  дайындағандай  болды.  Бұл  кезде 
Абайдың  дүниеге  келуін  үлкен  жетістік  деп  есептеймін.  Яғни 
жаңа бағыттың пайда болуын әдеби саяси-философиялық деуге 
болады, Мысалы, қазақ зиялылары, сол кездегі қазақтың Алаш 
азаматтары  Абайды  бекер  қазақтың  бас  ақыны  деген  жоқ. 
Егер  кезінде  Достоевский  мен  Пушкинді  орыстың  бас  ақыны 
деп  санаса,  сол  Алаштың  азаматтары  Абайды  да  қазақтың  бас 
ақыны  деп  санаған.  1909  жылы  Петерборда  С.  Торайғыров, 
Әлихан  Бөкейханов  ең  алғашқы  қадамдары  ретінде,  қазақ 
газеті  болмаған  кездің  өзінде,  ең  бірінші  істеген  тіршілігі 
Абайдың  алғашқы  өлеңдер  жинағын  шығарды.  Бұны  аса  зор 
символизмы  бар,  үлкен  бір  мақсатты  қадам  деп  есептеймін. 
Осы кездері Абайдың кітаптарын, Абайдың өлеңдерін, Абайдың 
қара  сөздерін  оқып,  соған  құлшынып  келген  жаңа  ұрпақтың 
ұмтылысын  манифест  іспеттес  үлкен  дүние  деп  есептейміз. 
Сол  кезден  бастап,  1909  жылы  Абайдың  кітабы  шықса,  содан 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
15
кейін  қоғамдық  ойдың  өсуінің  негізі  Абайдан  келеді  деп  бекер 
айтпаймыз. 
«Айқап»  журналы  1911  жылы  дүниеге  келді.  Биыл  100 
жылдығы.  Одан  кейін  1913-ші  жылы  «Қазақ»  газеті,  16-17 
жылдары «Қазақстан» газеті және басқа газеттер дүниеге келді. 
Тағы  да  бір  мынадай  мәселе  әлі  күнге  дейін  біздің  түсініктер 
бойынша  Қазақстанды  бір  ойық-ойық  бөлінген  мемлекет 
ретінде,  қоғам  ретінде  қарап  отырсақ,  шын  мәнінде  қазақ 
халқы  о  бастан-ақ  сонау  Алтайдан  бастап,  қазіргі  Қара  теңізге 
дейінгі  аймақта  тұрған.  Алаш  жұртшылығы,  Алаш  қауымы  бір 
рухани  орталықта,  бір  тілде,  әдеби  тілде  сөйлеген.  Яғни  оның 
ішінде  ешқандай  үлкен  ойық  немесе  жаңағыдай  санадағы 
үлкен  бір  айырмашылық  болған  жоқ  деп  есептейміз.  Мысалы, 
өзіміз  таң  қаламыз  бүгінгі  күні  Өскеменнен  шығып,  Атырауға 
поезбен  жету  үшін  3-4  күн  кетеді.  Ол  кезде  коммуникация 
тіпті  басқа,  мысалы  Орынбордан  Ақмешітке  дейін  немесе 
Орынбордан  Семейге  жету  үшін  айлап  уақыт  кететін.  Соған 
қарамастан сол кездегі қазақ қауымының феномені бір рухани 
орталық,  ерте  ме,  кеш  пе  барлық  жаңалықтар  бүкіл  қазақтың 
отырған  жеріне  жетіп  отырған.  Және  бір  рухани  жағдаймен 
өсіп  отырған.  Кезінде  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов 
сынды  ақындар  патша  өкіметін  сынға  алды  деп  айыпталып, 
патша  өкіметі  оларды  түрмеге  қамаған  кезі  бар,  екінші  кезекте 
мына  «Қазақ»  газетіне  үлкен  айып  пұл  салып,  оны  шығармай 
қою  деген  үлкен  саясат  болған  кезде,  бүкіл  қазақтың  даласы, 
оның  ішінде  мына  Шынжаң  жақтағы  тұрып  жатқан  қазақтар, 
байлар малын сатып, ақша жинап, сол азаматтарын, біріншіден, 
абақтыдан  алып  шығып,  екіншіден,  «Қазақ»  газетінің  әрі 
қарай  шығуына  қаржы  тауып  берген.  Осы  бір  кішкентай  ғана 
мысал,  осының  өзінен  үлкен  ойды  аңғаруға  болады.  Себебі 
бүгінгі  күні  кез-келген  қазақ  газеті  жабылып  жатса  да,  дәл 
сондай  қазақ  қауымы  көтеріліп,  жаңағыдай  үлкен  көмек  бере 
алады,  соны  ақтап,  абақтыдан  шығарып  алады  немесе  жаңағы 
газеттің  шығарылуына  әрі  қарай  қаражат  жинайды  дегенге  өз 
басым сене қоймаймын. Дәл бүгінгі күні сол санадағы өзіміздің 
тотаритарлық  замандағы,  отарлық  заманнан  қалған  үлкен 
қиянаты  бар,  басқасы  бар,  қоғамдық  азаматтық  белсенділік 
деген  қоғам  ретінде  азайып  кетті.  Бұл  енді  алдағы  уақыттағы 
бүкіл  қазақ  партиялары  немесе  қоғамдық  қозғалыстар 

16
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
болсын,  тарихшылардың,  зиялы  қауымның  басты  міндеті-
осы  азаматтық  белсенділікті,  жауапкершілікті  ояту  деген  ой. 
Яғни  осы  Алаштың  тарихына  қарап,  көп  нәрсені  түсінуге, 
ұйғаруға  болады.  Екінші  үлкен  мәселе,  біз  мынаны  түсінуміз 
керек, бүгінгі күні менің өзімнің пікірім, кейбір азаматтарымыз 
келісе  қоймас,  оның  ішінде  осы  деген  азаматтар  алаш  идеясын 
жалпы  алаш  орда  өкіметі  қозғаған  жаңағы  үлкен  маңызы  бар 
құжаттар,  соның  көтерген  мәселелері,  оны  бүгінгі  күнде  әрі 
қарай  дамыту  керек  деген  сияқты  түсініктер  бар.  Біріншіден, 
біз  мынаны  түсініп  алғанымыз  дұрыс  сияқты,  бұл  кездегі  алаш 
орда өкіметі, алаш орданың зиялы қауымы, сол кездегі алаштың 
зиялысы  көтерген  мәселе,  ол  сол  уақыттағы  қазақтың  отар 
болып  жатқан  кезіндегісі  және  енді  ең  озық  пікірі,  қоғамдық 
ойдың  ең  үздік  үлгілерін  көрсеткеннің  өзінде  ол  бүгінгі 
күні  келе  ме,  келмей  ме  деген  үлкен  әңгіме  бар.  Яғни  басты 
мәселе,  біздер  кез  келген  нәрсені  фундаментальдық  тұрғыдан 
қарасақ  та,  фундаменталистік  тұрғыдан  қарамауымыз  керек. 
Мысалы,  қазақ  съезінде  көтерілген  бірнеше  мәселелер  бар, 
жер  мәселесі  және  басқа  мәселелер.  Ол  бүгінгі  мәселеге  сай 
келе  бермейді.  Шын  мәнінде,  осы  кездерде  Алаш  зиялылары, 
Алаш  азаматтары  көтерген  идея,  жалпы  идеялық  тұрғыдан 
алып  қарағанда,  социал-утопистік  социалистік  тұрғыда  сол 
кездегі  түсінікке,  қоғамға  сай  келетін  еді.  Қоғамның  өзінің 
сұранысынан,  ішкі  талабынан  туындаған  мәселе,  оны  саяси 
бағдарламасы  деуге  болады.  Ал  бүгінгі  күні,  біріншіден,  ол-
тарихи  мұра,  екіншіден,  -  саяси  мұра.  Саяси  мұра  -  ең  басты 
бізге  қажеттісі,  ол  қазақтың  мемлекеттік,  азаттық  мәселесі 
және  өзін-өзі  толық  қанды  асырай  алатын,  өзін  әрі  қарай 
дамыта  алатын  қоғамның  мәселесі.  Яғни  бүгінгі  тәуелсіздік 
заңнама  сол  кездегі  ойдың  ішіндегі  ең  бастысы,  осындай 
3-4  идеяның  негізгісі.  Азаматтардың  сол  кездегі  Жапонияға 
еліктеуі.  Мұхтар  Әуезовтен  бастап,  барлық  адам  Жапонияға 
сол  кезде  ерекше  бір  көзқараспен  қараған,  осы  мемлекет 
сияқты  дамуымыз  керек  деген  оймен  үлкен-үлкен  мақалалар, 
әңгімелер  жазған.  Себебі,  ол  кезде  үлкен  Азиядағы  жалғыз 
тәуелсіз  мемлекет  Жапония  болды.  Және  де  оның  басты 
ерекшелігі,  ол  өзінің  ұлттық  дәстүрінен,  ұлттық  тарихынан 
шыққан,  өзіндік  қасиеттерін  сақтай  отырып,  модернизацияға 
қадам  басқан  мемлекет  болды.  Яғни  Абайдан  бастасақ,  алаш 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
17
орданың  азаматтарын  еске  алсақ,  бүгінгі  күні  кейде  өзіміз  де 
таңданамыз. Осы аталарымыз қандай көреген болған, сол кездің 
өзінде дәл бүгінгі күннің мәселесін айтып отыр ғой деген сияқты 
әңгімені кейде жиі айтамыз. Ол неліктен туындап отыр? Өйткені 
қазақтың  тағдырындағы  үлкен  трагедия  -  қазақтың  тарихында 
бірде-бір  модернизациялық  жоба  аяғына  дейін  жеткізілмеген. 
Ол  қазақтың  кінәсі  емес,  ол  кезде  отарлық  кезең,  содан 
соң  тотаритарлық  кезең  болды,  жаңағы  модернизациялық 
жобалардың  әрқайсысына  балта  шабыла  берді.  Бүгінгі  күні 
бізде  бір  тарихи  реванш  алуға  мүмкіндік  бар  сияқты.  Яғни 
біз  Абайдың  өсиетін,  алаш  ордалықтардың  үмітін  ақтаймыз 
десек,  бүгінгі  күні  басталған  модернизацияны  соңына  дейін 
аяқтап жеткізуіміз керек. Оны саяси экономикалық әлеуметтік 
модернизация  дейміз.  Яғни  саяси  тұрғыдан  демократиялық 
қоғам  құру,  экономикалық  тұрғыдан  өзін-өзі  ақтай  алатын, 
өзін-өзі  асырай  алатын  экономикасы  жағынан  мүмкіндігінше 
өзіміздің  тәуелсіздігімізді  әрі  қарай  дамытып,  оны  үлкен 
табыстарға  жеткізу  -  біздің  міндетіміз.  Егер  осыны  ақтай 
алмасақ,  бүгінгі  күні  өзіміздің  таңдайымызды  қағып  жүрген 
алаш  азаматтарының  мақалаларын,  жазғандарын,  айтқандарын 
біз тарихи жағдай ретіндегі қалыпта ғана меңгереміз. Өкінішке 
орай,  сол  кездегі  аяқталмаған  көптеген  істер,  бастамалар 
аяқсыз  қалғандықтан,  бүгінгі  күні  әлі  де  өзекті,  басты  мәселе 
деп  есептеледі.  ХХ  ғасырдың  басындағы  алаш  зиялылары 
-  өз  заманындағы  еуропалық  деңгейде  білімі  бар,  көбісі 
энциклопедиялық  білімі  бар,  шынымен,  таңданарлық  үлкен 
тұлғалар.  Азаматтығы,  мінезі  өз  алдына,  алаш  трагедиясына 
ол  кезде  екі  үлкен  жол  болды.  Біреуі  -  шайқасып  елден 
шығып  кету.  Шоқай  сияқты  азаматтар  мүмкіндігінше  елде 
қалып,  жүректе  жүрген  ойларын  қағазға  түсіріп,  барынша 
халыққа  сол  азаттық  мемлекеттік  идеялерын  халыққа  сіңіре 
білу  керек  деген  таңдау  болған  тәрізді.  Бұл,  әрине,  менің 
түсінігімше.  Сонда  20-жылдары  Кеңес  өкіметі  жеңіп,  оның 
енді  елді  басқаратындығы  анық  болған  кезде,  сол  кездегі  бүкіл 
алаш  азаматтарының  тілге  тиек  етер  тақырыптары  екі  салада: 
біреуі  -  білім  беру  саласы,  екіншісі  -  оқу-ағарту,  мәдениет 
пен  ғылым  саласында  болды.  Ол  -  бүгінгі  күні  жазушы  қауым 
үшін,  біздің  драматургтер  үшін  табылмайтын,  таптырмайтын 
үлкен  тақырып.  Оны  өзімізге  де  елестетіп  көруге  болады. 

18
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Мысалы,  қараңғы  үйде  сол  кездегі  алаш  азаматтары  жиналып, 
ал,  жігіттер  не  істейміз,  елдің  тағдыры  не  болмақ,  біз  қайтеміз 
деген  төңіректе  әңгіме  жүргізілді  дейік.  Сонда  жаңағыдай 
таңдаудың  алдында  тұрған  кезде  біраз  азаматтар  шетке  шығып 
жатса, алаштың біраз азаматтары Шыңжаң жаққа шығып кетті. 
Сонда  халық  мұның  бір  жолы,  арпалысып  өлуге  болады,  -  деп 
ойлады. Бірақ одан халық не ұтады, қай жерінен ұтады, - деген 
сияқты  әңгіме  қозғаған  кезде,  көбісі  саналы  түрде  түбінде 
атылатынын,  қудаланатынын  біле  отыра,  жаңағыдай  қадамға 
барды.  Сол  кезде  әрқайсысы  бөлініп-бөлініп,  кезек-кезек  әр 
сала бойынша оқулықтар жазды. Бұл бүгінгі күнгі біздің ортақ 
әдеби  тіліміздің  қалыптасуына,  бәрімізге  ортақ,  бүкіл  қазаққа 
тең жадымыздың қалыптасуына үлкен ықпалын тигізді. Жалпы 
сол  кездегі  тәуелсіздіктің,  азаттықтың  идеялары  жерге  еккен 
дән  сияқты  өзінің  кезеңін  күтіп  жатты.  Өкінішке  орай,  сол 
кездердегі  қуғын-сүргіндер,  20-30  жылдардағы  алапат  аштық 
қазақ халқының 2/3 қырған болатын.
Сұхбатты өткізген Гүлден Емишева 
Алматы, 2010 жыл 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
19
Мұрат Әуезов,
Мәдениеттанушы, Мұхтар Әуезов қорының директоры 
(Алматы, Қазақстан)
МӘҢГІЛІК АЛАШ
Қазақстанда  Алаш  Орда  феноменінің  зерттелуі  -  бұл 
өте  жақсы  жоба  және  де  бірінші  жыл  зерттеліп  отырған  жоқ, 
ірі  зерттеушілер  бар.  Олардың  ішінде  әлбетте,  бұрын  Алаш 
Орда  тақырыбы  ресми  қолдау  таппаған  кезде  өз  зерттеуін 
бастап,  бұл  бағытта  жүйелі  іргелі  жұмыс  істеп  жүрген  Мәмбет 
Қойгелдиев бар. Бұл жобаның тағы бір жақсы қыры Алаш Орда 
идеясының ареалы Қазақстан аумағында ғана емес, одан да кең 
қарастырылуында. Алаш Орда туралы айта отырып, тағы да ұлы 
Абайға  ризашылық  білдірмеуге  болмайды.  Ол  кемеңгер  ақын 
ғана  емес,  сонымен  қатар  ұлы  ойшыл.  Оның  философиялық 
эсселері,  өлеңдері  мен  әндері  қазақтардың  жаны  мен 
санасына әсер етуші үлкен күшке ие еді. Ол онда жай Шыңғыс 
тауының  ұлы,  тобықты  ретінде  ғана  емес,  жалпы  ұлттық 
ауқымдағы  рухани  көшбасшы  ретінде  көрінді.  Оның  халыққа 
қаратпаларына  далада  пікір  айтылып,  біздің  халық  ретінде 
өзінің  мәдениетімен  және  руханилығымен  бірге  сақталып 
қалуымызға  көмектескен  адамдардың  саңлақтарын  дайындады. 
Сенім,  әрине  халықты  сақтайды,  бірақ  тарихта  оны  тек  үлкен 
білім  ғана  құтқара  алатын  қиын  кезеңдер  де  болады.  Санаға 
табыну,  білімге  табыну  Абайдың  аузынан  нанымды  естілді, 
және дала да оның үндеуіне үн қатты. Орта табысты адамдар да 
өздерінің балаларын мектепке жіберген. Сол кезде Қазақстанда 
Торғай мектебі сияқты ағарту ошақтары пайда болды. Ол жерде 
өз  кезінде  Ыбырай  Алтынсарин  жақсы  жұмыс  істеген  еді. 
Немесе  Баянауыл  мектебі,  немесе  Жетісудағы  Мамания.  Жаңа 
меценаттар балаларға білім беруді азаматтық борыш деп түсінді. 
Верный  қаласында  Жетісу  губернаторы  Г.А.  Колпаковский 
қазақ  халқының  ұлдары  мен  қыздары  оқуға  алынған  мектеп 
ашты.  Ол  бұл  жерде  олардың  оқуларын  қаржыландырды,  оған 
қоса  сол  оқу  орынының  түлектері  кейін  Петерборда  оқыды. 
Олардың  ішінде  кейбіреулері  Ресей  аумағынан  тыс,  Еуропада 
оқыды.  Толықтай  Абайдың  үндеуіне  сәйкес,  олар  Отаны  үшін 
білім іздеді, міне, Алаш Орданың осындай рухани әлем құрушы 
ерекшелігін  ұмытпау  қажет.  Абай  айқын  білдірген  «қазақтың 

20
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
халық  болу  немесе  болмау»  мәселесінің  өткірлігін  бұл  адамдар 
жақсы  сезінді.  Биік  жұлдыз  оларды  жоғары  руханилық, 
шынайы  білім  арқылы  өз  халқына  азаматтық  қызмет  ету 
жолына  жетеледі.  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов, 
Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев 
–  ұлы  есімдердің  бүтін  шоқтары.  Бұл  ренессанстік  үлгідегі 
адамдар болды. Қазақта «сегіз қырлы, бір сырлы» деген тамаша 
сөз  бар.  Бұл  адамдар  қиын-қыстау  заманда  өз  Отанына  қызмет 
етті.  Олар  Қайта  өрлеу  кезеңіндегі  адамдар  сияқты  көп  қырлы 
болды.  Әлихан  Бөкейханов  ірі  саяси  қайраткер  болған.  Ол, 
айталық,  қазақ  эпосы  туралы  мықты  гуманитарлық  мәтіндер 
жазған. Оның «Қобыланды» эпосына жасаған талдауы – іргелі, 
терең,  сонымен  қатар  әсем.  Ол  нақты  істе  кәсіби  шебер,  оған 
қоса,  кең  ой-өрісті  адам  болды.  Ірі  ұйымдастырушы,  табанды, 
жігерлі  Ә.Бөкейханов  ортақ  іске  адал  жақтаушыларын  таба 
алатын. 
Ахмет  Байтұрсынов  –  дарынды  ағартушы,  тамаша  ақын 
және  публицист.  Ол  араб  графикасының  қазақша  нұсқасын 
құрды,  қалғып  жүрген,  ұлттық  болмысты  танытуға,  халықты 
оятуға үндеген «Маса» журналын шығарды. 
Сонымен  қатар,  әрине  ұлы  Мұхамеджан  Тынышпаев. 
Қазақстан  үшін  жолдардың  маңыздылығын  түсіне  отырып, 
темір  жол  салған  инженер,  оған  қоса,  1916  жылдағы  көтеріліс 
туралы  бай  материалдардың  және  қазақ  хандарының  тарихы 
жөніндегі тарихи кітаптардың авторы. 
Олардың  әрқайсысы  туралы  көп  айтуға  болады.  Бұл  бір-
бірімен  тығыз  қарым-қатынас  жасаушы  адамдардың  ортасы 
болды  және  осы  бір-бірін  өзара  байытуға,  алға  қойған  істерін 
ауқымды  және  жарқын  жүзеге  асыруға  көмектесті.  Олардың 
ішінде  поэзиясы  адамдардың  сезіміне  сиқырлы  әсер  ететін 
Мағжан Жұмабаев та болды. Мағжан да өте жақсы білім алған. 
Ол  қазақ  болмысына  жалпы  түркі  тағдыр  мен  жалпы  түркі 
мәдениеті  тұрғысында  қарады.  Оның  Әмір  Темірге  арналған 
танымал өлеңі бар: «Көк аспан тәңірінің тұқымы жоқ, заты жоқ, 
жер тәңірісі Темірдің тұқымы түрік, заты от». М. Жұмабаевтың 
түркі  өзіндік  бірегейлігі  қазір  де  маңызды.  Орталық  Азия 
аймағы  күрделі  геосаяси  жағдайда  –  Қытай,  Ресей,  Америка 
Құрама  Штаттары.  Бізге  деген  ынтық  алыптардан  Орталық 
Азиялық  ынтымақтастық  керек.  Бұл  Алаш  Орданың  негізгі 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
21
идеяларының  бірі,  мұны  ұмытпауымыз  қажет.  Мұхтар  Әуезов 
Алаш  Орданың  рухани  ізденістерінің  үлкен  ықпалында  болды. 
20  жасында  ол  «Жапония»  деген  мақала  жазған.  Бірнеше 
жыл  өткен  соң  ол  жақында  қайта  басылды.  Бұл  мақала  Алаш 
Орданың  идеяларының  әсерімен  жазылғаны  белгілі.  Сол  кезде 
Алаштың  көшбасшылары  Батыс  экспансиясына  қарсы  тұра 
алған  еуразиялық  кеңістіктегі  мемлекеттердің  мысалдарын 
іздеді.  Мұндай  елдердің  ішінде  азиялық  кеңістікте  1861  ж. 
Мэйдзи  реформалары  жүзеге  асырылған  жалғыз  Жапония 
болды.  Жапондық  жағалауларға  ағылшын  канонеркалары 
тақап  келген  еді.  Ол  жағдайда  мықты,  құдіретті  феодалдар  – 
сёгундер  толық  билікті  Жапонияның  бірінші  императорының 
125-ші  ұрпағы  он  жеті  жасар  императорға  берді.  Сол  кезде 
Жапонияның  ұлттық  идеясы  қалыптасты:  жапондық  аралдар, 
жапондықтар,  император.  Жас  Мұхтар  Әуезов  олардың 
білім  бағдарламаларына  ерекше  мән  бере  отырып,  Мэйдзи 
реформаларын  толғанып  талдайды.  Жапония  сол  тарихи 
кездерінде өздерінің жас адамдарын көп мөлшерде Германияға, 
Еуропаның  басқа  елдеріне  оқуға  жіберді.  Нәтижесінде,  ХХ  ғ. 
басында  жапондықтар  өздерінің  мүдделерін  жақтай  алатын 
ұлт  болды.  Бұл  үлгі  Алаш  Орда  көшбасшыларына  қажет  еді. 
Жапонияның  тартымды  тәжірибесі  туралы  Мұхтар  Әуезов 
қана талқылаған жоқ. Ол туралы М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар 
да  жазды.  Кейін  қуғын-сүргін  толқыны  келген  кезде  қазақ 
интеллигенциясының  көптеген  өкілдері  Жапонияға  тыңшылық 
жасады  деп  айыпталды.  Тыңшылық,  әрине  болған  жоқ.  Бірақ, 
Алаш адамдарының Күншығыс еліне көңіл соққандығы анық. 
Олардың  дүниетанымына  ХІХ  ғ.  екінші  жартысында 
маңызды  реформаларды  жүзеге  асырған  Түркия  едәуір  әсер 
етті. Түрік тарихында сол кезде есімін есте сақтау қажет белгілі 
қайраткер  болды.  «Тұранның  алтын  алмасы»  поэмасының 
авторы,  философ  және  ақын  Зия  Гёк  Алып.  Онда  мынадай 
жолдар  бар:  «…өзбек  те  жоқ,  ноғай  да  жоқ,  қазан  татары  да 
жоқ,  тек  бір  ұлт  қана  бар  –  ол  тұран  ұлты».  Тұран  –  түркі 
халықтарын  бірлестігінің  символы.  Баку,  Қазан  арқылы 
Түркияда болып жатқан рухани ізденістер қазақ даласына жетті 
және Алаш Орда ризашылықпен қабылдады. 
Орталық  Азия  аумағында  Алаш  Орда  тәрізді  қабілетті 
және  жоғары  мәдениетті  басқа  партия  болған  жоқ.  Алаштың 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет