«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



жүктеу 2.8 Kb.

бет14/19
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
131
әкімшілігі  үлкен  абайлықпен  қарайтын.  Алтай  қазақтарының 
этникалық  тарихының  бөлігі  православ  пен  исламның  өзара 
әрекеттестігі  –  Алтай  рухани  миссиясының  мұсылмандыққа 
қарсы орталығының тарихы болды. 
ХІХ  ғ.  инкультурация  стратегияларына  бағытталған  РПШ 
Алтай  рухани  миссиясының  басқа  дінді  жақтау  практикалары 
полиэтникалық 
қоғамдастық 
шеңберіндегі 
басқару 
мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ететін  бірыңғай  социомәдени 
стандартты  құруға  бағытталған.  Ислам  мен  православие  ХХ 
ғ.  басында  бір-бірінен  алшақ  болатын,  бірақ  миссионерлер 
игерген  социомәдени  кеңістік  шеңберінде  құралған  өзара 
әрекеттік стратегиялары барлық келесі кезеңде маңызды болып 
қала берді. 
Бүгінде  ислам  Алтайдың  трансшекаралық  аймағының 
социомәдени 
кеңістігінде 
белсенді 
орнығып 
келеді. 
Посткеңестік  Ресейде  қазақтардың  өзін-өзі  диаспоралық 
анықтауының 
параметрлерін 
беру 
арқылы 
қазіргі 
Қазақстанның  саяси  және  академиялық  элитасы  оның 
мағынасын  этностандыру  факторын  көрсетеді;  сонымен  қоса 
нақты  конфессиялық  практикалардың  алуан  түрлілігін  және 
полимәдени  өмір  сүрудің  стратегияларын  игерген  аймақтық 
қазақ қоғамдастықтарының тарихи тәжірибесін ескермейді. 
Посткеңестік  кезең  жалпы  Оңтүстік  Сібір  шекаралық 
аудандарында  қазақтардың  жаңа  бірегейлігінің  белсенді 
құрылуымен  белгіленген.  Биік  таудың  өзіндік  табиғи-
географиялық  аймағында  Алтайда  болған  уақытта  негізгі 
этноконфессиялық  массивтен  үзуде  қазақтардың  түрлі  рулық-
тайпалық  және  аумақтық  бірлестіктері  мәдени,  тілдік,  діни 
ерекшелігімен  және  айқын  өзіндік  санасымен  этникалық 
қауымдастыққа – бір бүтінге консолидацияланады. 
Алтайдың  шекаралық  ауданындағы  этнодемографиялық 
процестерінің 
динамикасы 
статистикалық 
мәліметтерді 
бақылауға  мүмкіндік  береді.  1926-1927  жж.  Шу  даласындағы 
қазақтар  саны  100  ауылмен  (әрбірінде  үш-сегіз  киіз  үйден) 
анықталады.  Сол  жылдары  Қазақ  ауыл  кеңесінің  аумағында 
2175  адам  алтай  қазақтарының  жалпы  саны  326  адам)  тұрып 
жатты.  1926  ж.  санақ  қорытындыларының  есебінде  Ойрат 
автономиялық  облысы  мен  Қазақстанның  мемлекеттік  қор 
аумағында  талас  тудыратын  Джазатар  өзенінде  қыстайтын 

132
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Қош  Ағаш  ауданында  43  көшпелі  қазақтар  шаруашылығы 
тіркелмей  қалғаны  айтылады.  Рулық  құрамына  байланысты 
алтай 
қазақтары 
наймандардың 
негізгі 
тайпаларына 
(қаратай,  кекжарлы,  қара-керей  руішілік  бөлінулер)  жатады. 
А.Н.Самойлович  материалдарына  сәйкес,  Орта  жүздің  басқа 
руларына  Шу  алқабында  керейлерге  –  төрт-бес  отбасы, 
уақтарға – отыз отбасылары жатады [Самойлович, 1930. 310 б].
ХХ  ғ.  қазақтар  саны  ұдайы  өсті,  халық  санағының 
мәліметтері  бойынша  1959  ж.  -  4745  адам,  1979  ж.  -  8677,  1989 
ж. - 10692, 2002 ж. - 12108 адам. Алтай мемлекеттігі шеңберінде 
қазақтар  Алтай  Республикасының  барлық  халықтары  секілді 
мәдени  және  тілдік  егемендігін  дәлелдеді.  Республиканың 
заңнамалық  актілері  алтай  және  орыс  тілін  мемлекеттік  тіл 
деп  жариялап,  қазақ  тілі  ықшам  тілді  ұстанушылар  тұратын 
жерлерде  ресми  деңгейде  пайдаланылуы  мүмкін.  Ресми 
статистика  мәліметтері  бойынша,  1989  ж.  96,5%  қазақтар  өзінің 
ұлтының  тілін  ана  тілі  деп  санаған,  67,8%  орыс  тілін  жетік 
меңгерген;  2,2%  -  алтай  тілін  біледі.  Бүгін  қазақ  тілі  күнделікті 
және  кәсіби  қарым-қатынас  тілі,  ауданның  сегіз  мектебінде 
оқытылады;  Жаңа  Ауыл  аулындағы  ұлттық  мектептің 
негізі  болып  табылады.  Алтай  Республикасының  Қош  Ағаш 
ауданындағы «Чуй зори» газетінің алтай және қазақ тілдеріндегі 
қосымшасы  бар.  Алтайдың  шекаралық  зонасы  үшін  белсенді 
үштілділік  жағдайы  тән:  Алтай  қазақтары  ана  тілдерінен  басқа 
көбінесе орыс тілін ғана емес, сондай-ақ алтай тілдерін де жетік 
біледі. 
Аудандағы  қазіргі  жағдайды  тұрғындардың  аралас  мінез-
құлқы  сипаттайды.  11  ауыл  әкімшілігінен  қазақтар  төртеуінде 
(1994  ж.  мәліметтер  бойынша)  басым  түседі:  Қазақ  ауылында 
(Жаңа-Ауыл  ауылы)  қазақтар  1246  адамды  құрады;  төлеңгіттер 
-8;  Қош-Ағашта  (Қош-Ағаш  ауылы)  -  1965  қазақ,  341  алтайлық/
төлеңгіт, 181 орыс; Джазатода (Джазатор, Куркуре ауылы) – 912 
қазақ, 429 алтайлық/төлеңгіттер, 57 орыс. 
1994  ж.  басқа  елді  мекендердің  көбінде  төлеңгіттер  болды: 
Кокоря  аулында  -  1342  төлеңгіт,  91  қазақ;  Мухор-Тархата 
аулында  -  1164  төлеңгіт,  193  қазақ  және  15  орыс;  Орталық 
аулында  -717  төлеңгіт,  86  орыс;  Шаған-Ұзын  аулында  -  400 
төлеңгіт,  81  қазақ,  141  орыс;  Бельтир  аулында  -1303  төлеңгіт 
және 1 қазақ; халықтың санының өзгерісіне қарамастан, соңғы 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
133
жылдары  этникалық  компоненттерінің  қатынасы  белгіленген 
мөлшерде  қала  берді.  Қазақтар  белсенді  этносаралық  өзара 
әрекеттестігінде 
өзінің 
этникалық 
жекешелігіне 
назар 
аударады;  қазақ  қоғамдастығы  айрықша  моноэтникалық  неке-
лерге  бағытталған  –  аралас  некелердің  пайызы  көп  емес,  7-ге 
жуық пайызды құрайды. [Нечипоренко, Вольский, 2002. 95 б].
Алтайдың  қазіргі  қазақтарының  өзіндік  санасы  барлық 
қазақтар  секілді  сатылық  сипатқа  ие  болады.  Өзін-өзі 
анықтаудың  негізі  –  қазақ  деген  жалпыэтникалық  аты.  1860 
ж.  В.В.  Радлов  қазақ  қоныстарында  тұрған  кезде  қазақтардың 
өздерінің  этникалық  бірлігін  ұғынуының  жоғары  дәрежесі 
белгіленді: «Кең далада тұратын қазақ-қырғыздар тілдік қарым-
қатынастарда  Каспий  теңізі  және  Жоғары  Ертіс  маңайындағы 
қырғыздардың 
тілінде 
диалектілік 
айырмашылықтар 
байқалмайтын  бөлінбес  бүтінді  құрайды,  ...барлық  жерде 
олардың  әдеттерінің,  тұрмысының,  мінез-құлқының  бірдейлігі 
көзге  түседі  және  барлық  жерде  басқа  түркі  халықтарынан 
оларды  қазақ  халқына  жататындығы  туралы  түсініктері 
ерекшелейді...» [Радлов, 1989. 250 б.]. 
Қазақ  этносының  өзін-өзі  ұйымдастыру  принципі  жүз 
жылдар  аралығында  қалыптасты.  Оның  құрылуы  кеңістіктік 
(географиялық) 
локализациялану 
есебімен 
көшпенді 
қоғамдастықтардың 
әскери-потестарлық 
құрылымдану 
нәтижесі  болып  табылады.  Күрделі  көпфакторлық  процестер 
барысында  үшбөліктік  –  Ұлы,  Орта  және  Кіші  жүздік 
ұйымдастыру жүрді. 
Жүздер  бөлінуі  Қазақстан  далаларының  экологиялық 
және 
шаруашылық-экономикалық 
аудандарға 
бөлінумен 
сәйкес  келетін  тарихи  қалыптасқан  этноаумақтық,  әскери-
потестарлық  көшпелі  бірлестіктерді  білдіреді  –  Жетісу, 
Батыс,  Орталық  және  Шығыс  Қазақстан  өздеріне  тән  мәдени-
тарихи  ерекшеліктері  бар.  Олар  қазақтардың  қоғамдық 
ұйымдастыруларының  негізі  болды,  өз  кезегінде  олар 
шығу  тегі  мен  үлкендік  санаттарында  дәстүрлі  қоғамда 
нығайтылған 
тайпаларға, 
ұрпақтарға, 
руларға 
бөлінеді. 
[Зуев,  1981.  65–68  б.;  Масанов,  1993.  107  б.;  Андреев,  1998. 
27–28 б.].
ХVIII  ғ.  бастап,  сібірлік  жерлерді  белсенді  игере 
бастаған Орта жүздің маңызды рулары наймандар, арғындар, 

134
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
қыпшақтар,  уақтар  және  керейлер  болды.  Дәстүрлі  қазақ 
қоғамы  жеті  ұрпақты  қосатын  патриожелілік  линиджи 
бойынша  бағытталған  генеалогиялық  принцип  бойынша 
құрылымданады. 
Көшпенділер қоғамының элитасын Шыңғыс ханның үлкен 
ұлы  Жошыдан  тараған  және  генеалогиялық  құрылымнан 
алшақ сұлтандардың ақсүйек таптары құрады. Экономикалық 
молшылығына  қарамастан  оның  өкілдері  көшпенділердің 
әлеуметтік,  саяси  және  әскери  өмірінде  көшбасшылық 
орынды  иеленді.  Сұлтандар  табынан  рулық  ақсүйектердің 
мүдделеріне бағытталған, қолында жоғарғы билігі бар хандар 
сайланатын. [Ерофеева, 1997; Ерофеева, 1999].
Көшпенділік  таптық  иерархияны  (династиялық  шығу 
тегіне  байланысты  емес)  құқық,  соғыс,  басқару  -  қоғамның 
өмір  сүруінің  негізгі  салаларына  бағытталған  билер,  батырлар, 
ақсақалдар  категориясы  құрады.  Көшпенділердің  әлеуметтік-
қатынастарды  реттеу  жүйесінде  маңызды  рөлді  ақсақалдар 
атқарады. 
Әлеуметтік  стратификацияның  сатылығымен  ерекше-
ленетін  көшпенді  қоғамның  өзін-өзі  ұйымдастыруы  рулық 
қауымдық 
(туысқандық-өзіне 
тән) 
ынтымақтастыққа 
негізделеді 
және 
институалдандыру 
формалары 
болып 
табылатын 
руаралық 
кооперация 
мен 
бәсекелестікті 
жорамалдайды. 
Қазақ 
даласында 
Ресей 
империясының 
әкімшілік-
саяси 
стандарттарының 
таралуы 
дәстүрлі 
әлеуметтік 
стратегиялардың  жойылуымен  қатар  жүрді.  Хандық  биліктің 
жойылуы  және  1822,  1838,  1854,  1868,  1891  жж.  реформалар 
рулық  ақсүйектіктің  құқықтарын  шектеді,  қандық-туыстық 
өзін-өзі 
ұйымдастыруды 
жойды, 
қазақ 
қоғамдастығын 
құрылымдандыруда  аумақтық  басымдықтар  бекітілді  және 
соңында қоныстарды жалпыресейлік жүйе бойынша басқаруды 
үйлестіруге бағытталды. 
Қазақ  қоғамдастықтарының  шаруалық  жер  шаруашылық 
дәстүрлерін  тарату  аумағына  кіруі  туратин/қара-ануйлық 
қазақтар  сияқты  көшпенділердің  аккультурациясына  айналды. 
ХІХғ. 
аралығындағы 
интеграция 
практикасымен 
қатар 
көшпенділер  қоғамдастығына  қатысты  изоляция  принципі 
әрекет етті. 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
135
Негізгі  этникалық  массивтің  перифериясында,  сонымен 
қатар Ресей саяси-құқықтық кеңістігінің перифериясында өзін-
өзі  ұйымдастырудың  (генеалогия  негізінде)  дәстүрлі  принципі 
басқа  этностар  қоршауы  жағдайында  өзін-өзі  сақтаудың 
нысаны  болып  табылатындар  үшін,  қазақ  анклавтары  пайда 
бола бастады. Әлеуметтік институттардың архаизациясы жалпы 
этноанклавтарға  және  атап  айтсақ,  Оңтүстік-Батыс  Алтай 
қазақтарының анклавтарына тән болды. 
Қоныстарға  құқығын  талап  ете  отырып,  мигрант-
қазақтар рулық белгісі бойынша шоғырланды. Бүгін Қош-Ағаш 
ауданының  қазақтары  өздерін  Орта  жүзге  -  48%,  Ұлы  жүзге 
–  2  %  және  Кіші  жүзге  –  1  %  жатқызады;  қазақтардың  едәуір 
бөлігі  үшін  жүзге  жатқызуы  емес,  рулық  топтың  аты  маңызды 
болып  табылады.  Қазіргі  бірегейліктің  ерекшелігі  этностың 
қалыптасу  тарихымен  және  оның  динамикалық  дамып  жатқан 
этносаяси шындыққа бейімделуімен беріледі. 
Сонымен қатар қазақ қоғамдастығының бірлігі бір уақытта 
бастапқыда  этностың  динамикалық  құрылымын  анықтаған 
рулық-тайпалық  бөлінудің  бар  екенін  жорамалдайды.  «Рулық 
одақ,  бір  халықтан  шығу,  ата-бабаларының  бірдей  қайғылары, 
бірыңғай  ғибадат,  ынтымақты  қиыншылықтарды  жою  –  бір 
пікірлестіктің  бір  салдарын  құрады»  -  деген  қазақ  туралы 
И.П.Шангин [Шангин, 2003. 130 б.].
ХІХ 
ғасырдың 
аяғында 
сарықалдықтар 
көшпелі 
қоныстарына  барған  саяхатшылар  жергілікті  халықтың 
ауқаттылығына  таң  қалған:  «...Тархаты  алқабына  түсу 
орыстармен  шектескен  тұстарына  өте  тік.  Біз  кеш  түсе  жүріп 
өттік,  және  де  жақын  ауылға,  түнейтін  жерге  дейінгі  жеті 
шақырым  жолдың  барлығында  қыруар  қора-қора  қойлар  мен 
үйір-үйір жылқылар кездесіп отырды, бұл жем-шөптің молдығы 
мен жергілікті халықтың ауқатты екенін көрсетеді.
Бұл  тұрғын  халық  Қалжыбай  руына  жатады,  тегі  – 
сарықалдық, орыс аумағында тұрғанымен қытайдың боданы.
…  Қалжыбайлық  зайсан  өз  туыстарының  отбасылық 
тізімдерін  жасаған.  Ол  былай  аталады:  «Еркін  қырғыз  Зайсаны 
Абдулда  Қалдыкейұлы  Сарықалдық  халқының  отбасылық 
тізімі.  Барлығының  тегі  -  Сарығалдық».  1893  жылы  жасалған 
тізімде 77 отбасы (киіз үй) бар, оларда 105 еркек және 124 әйел 

136
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
бар.  Содан  бері  тағы  3  отбасы  қосылған,  қазіргі  кезде  орыс 
бодандығына өткісі келетін қалжыбайлықтар 80 отбасы.
Қалжыбайлықтар  деп  олар  бабаларының  атымен,  ал 
Сарықалдықтықтар деп, қазіргі зайсан Абдулданың бабасының 
атымен  аталады.  Осы  80  отаудың  барлығының  қазіргі  кездегі 
жаз  жайлауы  Тархатының  бас  жағында,  Ясатер,  Джумалах 
өзендерінде  және  Зердекөлде,  қыстауы  Тархаты  өзенінің 
төменгі  жағында  (30  отау)  және  Чаганборгуздың  (50  отаудай 
шамасы) төменгі ағысында орналасқан.
Олар  №  ауылдарда  жеке  болыстарға  бөлініп,  өмір  сүреді. 
Бұратаналарды  басқару  туралы  Далалық  Ереже  оларға 
қолданылмайтындықтан  олар  өздерінің  ішкі  иеліктерінде 
толық  автономиялы,  қалжыбайлықтар  тек  рулық  ауылдарға 
ғана  бөлінеді,  әкімшілік  ауылға  бөлінуді  білмейді...  Туыстары 
сайлаған  адам  ешқандай  бекітусіз  Зайсан  (болыс)  болады. 
Қазіргі  зайсан  осы  атағын  21  жасынан  бастап  20  жыл  иеленіп 
келеді». [Шмурло, 1898. 36-43 б.].
Саяхатшылар «Сарықалдық халқының отбасылық тізімін» 
жасаған  қазіргі  рубасы  Абдулдо  Сарықалдықовтың  аңқау 
мансапқұмарлығын  атап  өтеді.  Томск  губерниясы  мен  Алтай 
округі  жоғары  инстанцияларына  оның  жасаған  өрескелдіктері 
туралы  шағымдар  түсе  бастады.  Шу  өзенінің  басындағы 
Көшағаш  сайында  көшіп  жүрген  қазақтардың  1901  жылы 
жазылған  өтініштерінде  былай  делінген:  «Бұрындары  бізді 
Ресей бодандығына өткенге дейін қырғыз (қазақ – И.О.) зайсан 
Абдулдо Калдыкин бізді басқарған кезде қоғамымызды қолынан 
келгенше, әбден тонап бітті; өзі тұрғылықты тұруға қабылдаған 
бұрынғы  тіркелген  жерлерінде  қылмыс  жасаған,  бізден  бұрын 
Ресей  боданында  болған  қырғыздар  (қазақтарды  –  И.О.) 
арқылы  біздің  көшпелі  тобымыздың  ішінде  талан-таражды, 
ұрлық  пен  төбелесті  таратты;  олардың  кейбіреуін  Абдулдо 
екінші рет әділ бодандыққа ант беруге тартқан» [ГАТО Ф. 3. ОП. 
4. Д. 3216. Л. 93-94].
Қашқындарды  жасырып,  Моңғолия  мен  Бұқтырма 
өлкесінен  руластарын  шақырып  және  олардан  алым-
салық  алып,  «еркін  зайсан»  Абдулдо  өз  бодандарының 
санын  арттырған.  Жаңа  құрылым  қосалқы  ру  схемасымен 
қалыптасқан.  Орта  жүздің  генеалогиясында  сарықалдықтар 
қаратай  руының  (наймандар)  төрт  тармағында  аталады;  басқа 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
137
дерек  көздерінде  олар  бағаналы  руына  (наймандар)  жатады. 
Бұл  қарама-қайшылықтар  А.Н.  Самойловичтің  Оңтүстік  Алтай 
қазақтарының  этноәлеуметтік  құрылымындағы  сарықалдық 
(сарголдак)  тармағының  позициясын  жергілікті,  топтың 
шынайы  әлеуметтік-саяси  жағдайға  бейімделуінің  нәтижесі 
болған  кейінгі  құбылыс  ретінде  жіктеуіне  мүмкін  берді 
[Самойлович, 1930. 308 б.].
Оңтүстік-Шығыс 
Алтай 
қазақтарының 
өзін-өзі 
тануында  рулық  сәйкестілік  негізгі  болып  табылады.  Руішілік 
ынтымақтастық  топтың  негізгі  этностық  құндылық  жүйесінің 
бір  бөлігі  болған.  Адамның  өмір  жолын  атап  өтетін  әдеттегі 
құқықтар  нормаларымен  және  діни  ғұрыптар  практикасымен 
манифестацияланған.  Шағын  өңірдегі  қазақтардың  этностық 
қауымдары  құрылымдалуының  маңызды  факторы  рулық 
ынтымақтастықты  білдіретін  үйлену  тойы  мен  жерлеу 
ғұрыптары болды.
Үйлену  тойы  рәсімі  барысында  өзара  сыйлықтар  алмасу 
нәтижесінде  отбасылар  мен  кландардың  бір-біріне  қатысты 
өзара  міндеттемелер  қалыптасады.  Алтай  қазақтарының 
ішінде  өз  руынан  (әкесінің  тармағы)  жеті  атасына  дейін 
үйленуге  (анасының  тармағынан  онша  қатаң  емес)  тыйым 
салынған.  Жердегі  өмірдің  қорытындысы  болған  жерлеулер 
адамның 
әлеуметтік 
маңыздылығын 
айқын 
белгілеген: 
марқұммен  қоштасуға  келген  адамдар  саны,  олардың  берген 
садақаларының  мөлшері  туыстық  қатынастар  мен  қасиеттер 
сатысындағы  тұлға  мәртебесінің  жүзеге  асуы  қызметін 
атқарған.
Оңтүстік-Шығыс 
Алтай 
қазақтарының 
кәдімгі 
құқықтарының  нормалары  бойынша  жерлеулерде  бүгін  де 
қайтыс  болғанның  отбасымен  некелік,  экономикалық  және 
басқа  да  байланыстары  бар  барлық  генеалогиялық  (рулық) 
топтардың өкілдері қатысуға міндетті. Едәуір маңызды рулардың 
өкілдері  –  кем  дегенде  5-7  адам  жерлеу-еске  алу  рәсімдеріне 
қатысуға  тиіс,  оған  жуындыру  да  кіреді,  ол  кезде  марқұмның 
жанында  5-7  ақсақал  тұрып,  олардың  әрқайсысы  Құранның 
сүрелерін оқып, марқұмға құрмет көрсетеді. 
Алтай қазақтарының арасындағы туысқандық (отбасылық-
рулық)  байланыстар  дәстүрлі  түрде,  тұлғаның  қоғамдық 
мәнін  анықтаған  және  бүгін  де  анықтайды.  Оңтүстік-шығыс 

138
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Алтайдың 38 қазақ руларының арасында неғұрлым үлкен және 
беделділері  найман  тайпаларына  кіретін  сарықалдық,  самай, 
қаратай бөлімшелері болып табылады. 
Рулық  (рулық  және  рулық-қауымдық)  байланыстардың 
біркелкілігін, 
өзара 
көмегін 
және 
сақтауын 
Алтай 
қазақтарының  өзіндік  санасының  ерекшелігін  анықтаған 
және  шекаралық  аумақта  полиэтникалық  қоғамдастықта 
этноәлеуметтік  басымдықтарын  қорғауда  топтың  жоғары 
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етті. 
1990  ж.  басындағы  елдегі  әлеуметтік-саяси  жағдайдың 
тұрақсыздануы  жағдайында,  дәстүрлі  рулық  институттар 
отбасылық-рулық 
қатынастарын 
ұйымдастыруында 
өздерінің  маңыздылығын  сақтай  отырып,  өзін-өзі  басқаруды 
ұйымдастыруда,  ұлттық  элитада  баламалы  нысаны  ретінде 
қарастырылды. 
Алтайдың 
жергілікті 
халқының 
арасында 
рулық 
құрылымдарды  заңдастыру  үдерісі  1989  ж.  басталды.  Содан 
бастап,  рулық  съездер  және  зайсандардың  есептері  жиі 
сипатта  болды.  1995  ж.  ақпанда  Алтай  Республикасының  Қош-
Ағаш  ауданының  Мухор-Тархат  ауылында  азаматтарды  жинау 
соектар  аулында  ұсынылған  барлық  зайсандарды  сонымен 
қатар,  «зайсандар  жай  белгімен  тіркелу  үшін  сайланбаған», 
олар  «өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақтың  тәрбиесіне  және 
тәртіптің,  Мухор-Тархата  аулындағы  құқықтық  тәртіптің 
нығаюына,  сонымен  қатар  ұлттық  мәдениеттің,  тілдің,  әдет-
ғұрыптар  мен  салт-дәстүрлердің  жетілдірілуі  мен  дамуына 
ат  салысуға  «міндетті  екенін  көрсете  отырып,  бекітті. 
Рулық  институттардың  заңдылығын  1990  ж.  аяғы  мен  2000 
ж.  басында  аудандық  және  республикалық  деңгейдегі 
әкімшілік  басшыларын  сайлауда  Алтай  Республикасының  ру 
басыларының қатысу фактісі нақтылады. 
Бұл  практикалар  қазақ  қауымының  көшбасшыларының 
ойлау тақырыбы болды. Өзін-өзі ұйымдастырудың формаларын 
іздеу  қазақ  халқын  1990  ж.  басынан  қамтыған  көші-қондық 
процестермен  байланысты  ерекше  белсенді  болды.  Көшіп 
кеткен  қазақтар  қайта  ие  болған  Отанының  экономикалық 
және  социомәдени  жағдайларына  бейімделу  қиындықтарына 
тап  болды,  көп  адам  үшін  бұл  мәселе  шешілмейтін  болып 
көрінді. Отбасыларының бір-біріне қосылуға және ата мекеніне 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
139
оралуға  ұмтылысы  реэмиграцияның  басты  себептерінің  бірі 
болды, ол этносаралықты арандатты. 
Өздерінің әлеуметтік және этникалық құқықтарын қорғау 
жағдайында  тұрақтылықтың  қажеттілігі  көршілес  этностардың 
ұлттық  элиталарын  құрылымдандырудың  жаңа  нысандарын 
іздестіруге  итермеледі.  Алғашында  қазақ  көшбасшылары 
дәстүрлі құндылықтарға сенді. Ру институты жаңғырды. 
1990 
ж. 
басынан 
Алтай 
қазақтарының 
арасында 
генеалогиялар  –  шежірелер  белсенді  құралды.  Алтай 
Республикасының 
Қош-Ағаш 
ауданының 
Жаңа-Ауыл 
аулындағы 
қазақ 
әкімшілігінің 
мекемесіндегі 
көрнекі 
үгіт-насихат  стендтерін,  Орта  жүздің  негізгі  руларының 
генеалогиялық  схемалары  алмастырды.  Алтайда  кең  танымал 
наймандардың 
шежіресіне 
арналған 
Б.Китатбаевтың 
(бұрын  Шығыс  Қазақстанның  шекаралық  ауданындағы  ірі 
шаруашылықтардың  бірінің  төрағасы  болған)  еңбегі  алды; 
оның  еңбегінде  Бұқтырма  мен  Шу  даласы  қазақтарының 
ауызша тарихы негізінде автордың өзі жазып алған мәліметтері 
пайдаланылды.  Наймандар  шежіресі  ресей-қазақстандық 
шекарадағы қазақтар қоғамдастығын біртұтас бүтінге біріктірді. 
1900 
ж. 
екінші 
жартысында 
Оңтүстік 
Алтай 
қазақтарының арасында рулық Кеңес (сүйектер) ұйымдастыру 
мүмкіндіктері  белсенді  талқыланды.  Уақтардың  биі  сайланған 
А.  Кобдабаевтың  арқасында  «Алтай  Республикасында  тұратын 
уақтардың  отбасылық  жобаланған  тізімі»  құрастырылды. 
Тізімге  167  ер  есімі  кірді.  Көшбасшының  пікірінше,  рудың 
барлық  мүшелерін  тіркеу  өзара  қолдауды  дамыту  мен 
рулық  ынтымақтастықты  нығайтуға  мүмкіндік  берді.  Сүйек 
шеңберіндегі  ұйымдастырушылық  сұрақтарды  шешу  үшін, 
ауыл ағасы – ақсақал сайланды, құқықтық және идеологиялық 
сұрақтар ауыл ақсақалдарына жүктелді. Рулық (корпоративтік) 
құрылымдарды  жаңғыртушы  және  жеткілікті  автономияға  ие 
өзін-өзі басқару мен өзін-өзі ұйымдастырудың практикасы әлсіз 
мемлекеттік  билік  жағдайында,  шекара  зонасында  құрылатын 
этникалық және этноконфессиялық қоғамдастықтар тарихында 
кең ұқсастықтары болды. Қазақ диаспорасының перифериялық 
топтарын  зерттеуші  мамандар  руға  жату  қазақ  бірегейлігін 
және  түркі  (мұсылмандық)  ортада  олардың  мәдениетінің 

140
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
жекелігін  сақтаудың  негізгі  фактісі  болып  табылатынын 
көрсетті. 
Сонымен  қоса,  Ресей  қазақтарының  этникалық  сана-
сезімінің  эволюциясы  О.Б.  Наумованың  пікірінше,  «дәстүрлі 
индустриалдыққа  дейінгі  қоғамдардың  модернизация  мен 
мәдениеттің  үйлесуін,  дәстүрлі  институттардың  жоғалуын 
сүйемелдейтін, 
атап 
айтсақ, 
аумақтық 
және 
рулық-
тайпалық  топтар  арасындағы  этноаумақтық  өзгешеліктердің 
жойылуымен, 
рулық-тайпалық 
бөлінуімен 
байланысты 
урбандалған  индустриалдыққа  жалпы  тарихи  өтуді»  анықтады. 
[Наумова, 1997. 63 б.].
Осылайша, «жеті ата» - рулық байланыстардың институты 
категориясымен 
белгіленген 
әлеуметтік 
мағыналардың 
диапазоны  қазіргі  қазақ  қоғамдастығында,  зерттеушілер 
бағалаулары  бойынша,  төтенше  кең  болып  шықты:  нақты 
соционормативті  парадигмалардан  этникалық  бірегейліктің 
вербальді символдарына дейін. 
Сонымен  қатар,  Қазіргі  Қазақстанның  ұлттық  идеясының 
кодификациясы  рудың  абсолюттік  құндылығын  растаумен 
бір  мағыналы  сәйкестендірілді.  Н.А.  Назарбаевтың  «Тарих 
толқынында»  бағдарламалық  жұмысында  көрсетілген:  «Өз 
руын,  тайпасын,  жеті  атасын  білу  әрбір  қазақтың  өз  рулық 
бірегейлігін  түсінудың  міндетті  шарты  болып  табылады.  Ал 
бұл  арқылы  өз  халқының  дәстүрлерін  тарату.  Бұл  өз  кезегінде 
тағдырдың  барлық  қиын  қыстау  кезеңінде  өз  қалпын  жоғалту 
мен  сіңісуге  мүмкіндік  бермей,  қазақтардың  этникалық 
бірегейлік сезімін нығайтады. 
…Қазақ  халқының  бірегей  рулық-тайпалық,  рулық-жүздік 
бірыңғай  денесі  ғасырлар  бойы  органикалық  мына  принцип 
бойынша  кеңейді:  барлық  қазақтар  -  бір  «ұядан»  шыққан 
балапандар,  бір  ағаштың,  бір  тамырдың  бұтақтары.  Міне, 
халықтың бірлігі сана-сезімі қайда жатыр, еуропалық қағидалар 
бойынша, жекеленген, үш негізгі бөлікке – жүздерге бөлінген, 
бір-бірінен  үлкен  алшақтықта  орналасқан  көшпенділерде 
жоқ  болатын.  Сондай-ақ  бұл  бірлік  шыққан  тегі  арқылы 
қабылданды. 
Мұнда  қазақтардың  генетикалық  бірлігі,  бір  генеа-
логиялық  ағаштан  шығуы  көрінеді.  Көшпенді  қазақтар  өзінің 
тамырлары мен рулық байланыстарын білу міндетті деп санаған. 


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал