«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет13/19
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
121
ауданда  әкімшілік  сынақтардың  тарихын  анықтайды.  Циндік 
басып  кіру  қаупінен  сескенген  Ресей  үкіметі  аймақтағы 
биліктің  мигранттарды  толық  қуып  шығу,  дегеніне  көндіру 
ұмтылысына тоқтау салды. 
1771,  1788,  1797  жылдардағы  жарлықтар  қазақтарға 
Ертістің  орыстарға  қарайтын  бетіне  өтулеріне  рұқсат  берді 
және  Ресей  жерлерінде  де  көшіп-қону  құқығын  нығайтты. 
Нәтижесінде  Оңтүстік  Сібірдегі  қазақтардың  көшіп-қонуы 
қарқын  алды.  Бір  мезгілде  аймақта  шаруалар  көші-қоны 
қарқындады,  1818  жылы  орыс  халқына  шекаралық  жолдарға 
қоныстануға  рұқсат  етілді.  1822  жылы  Ресей  өкіметі  Алтайға 
Ресей аумағы ретінде қарайтынын алғаш рет ресми жариялады. 
ХІХ ғасырдың басынан Цин империясымен шекаралас жолдағы 
қазақтардың  қоныстарында  ресейлік  биліктің  үстемдігі  айқын 
көрінді.  Ресей  империясының  шығыс  шекараларындағы 
этносаяси  жағдайдың  даму  перспективалары  шекараның 
демаркациясымен байланысты болды. 
Орталық  Азиядағы  ресейлік  шекараның  соңғы  рәсімдеуі 
бүгін  де  өзінің  құқықтық  мәнін  сақтап  қалған  Орталық 
Азиядағы  ресейлік  шекараның  фундаментальді  келісімдік-
құқықтық  негізін  құрған  Құлжа  (1851ж.),  Пекин  (1860ж.), 
Шәуешек  (1864ж.)  және  Петербор  (1881ж.)  келісімдерінен 
кейінгі,  1894  ж.  Маргеландық  келісімге  қол  қойғаннан  кейін 
өтті. 
Алғаш  рет  Шәуешектік  хаттама  шеңберінде  шекаралық 
аумақтардағы  тұрғын  халық  туралы  мәселе  қойылды.  Жаңа 
аумақ  көптеген  мәселелерді  тудырса  да,  алтайлық  және 
қазақтардың  қоғамдастықтардың  орналасу  ареалы  бөлініп 
тасталса да, келісімге қол қоюдың мәні зор еді, себебі, аумақтық 
мәселелер  бойынша  қақтығыстарды  тоқтатты  және  «иесіз» 
жерлердегі аймақтық жанжалдардың тоқтатуына ықпал етті. 
Шекара  белгіленгенге  дейін  ресейлік  билік  Алтайға 
(Алтай,  Колыван-Воскресный  таулы  округке)  қоныс  аударуға 
рұқсат  еткен  еді.  Шекараның  демаркациясына  сәйкес  келген 
бұқаралық  қоныс  аудару  көп  жағдайда  сібірлік  шекаралық 
аймақтардағы 
этносаяси 
үдерістерді 
анықтады; 
көші-
қонды  құраушылардың  бірі  қазақ  бағыты  болды.  Неғұрлым 
маңызды  шекара  мәселесі  шеңберінде  шектес  мемлекеттер 
көшпенділерінің  бодандығы  туралы  мәселелер  шешілді. 

122
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Орталық  Азиядағы  мемлекеттік  шекаралардың  демаркациясы 
кезеңінде  Ресейдің  алдында  шын  бағынған  көшпенділерді 
қайтару  және  шекаралық  аумақтардағы  демографиялық 
әлеуетті сақтау мәселесі өткір тұрды. 
ХІХ  ғасырдың  соңында  ресейлік  құзырет  жүйесіне 
түбегейлі  интеграцияланған  азиялық  аудандарда  империялық 
биліктің  нығаюы  нәтижесінде  шекара  арқылы  көшпенділердің 
көшуіне  байланысты  биліктің  позициялары  елеулі  өзгерді.  1903 
жылы  ресейлік  бодандықтан  Жетісу  мен  Семей  облыстарынан 
Қытайға келушілерді алып тастау туралы шешім қабылданды. 
ХVIII  ғ.  шекаралық  аумақта  туындаған  ресей-қытай 
«кондоминиумы»  жағдайы  бітті.  Сібірдің  оңтүстігінде  ғана 
емес, сондай-ақ жалпы Орталық Азиядағы күштер балансының 
өзгеруі  және  шығыс  шекараларымен  шектес  аймақтардағы 
(Халхе  және  Шыңжаң)  Ресейдің  белсенді  саясатының  бастауы 
мемлекеттің жаңа көші-қондық стратегияларын құрды. 
XVIII  ғ.  соңына  қарай  қазақтарға  әкімшілік  құрылғылар 
мен фискальдық міндеткерлігінің жоқтығына байланысты еркін 
көшу  құқығы  берілді.  Біртіндеп  XVIII  ғ.  Орта  жүз  қазақтары 
Ертіс  маңының  далалық  кеңістіктерін  иеленді,  кейін  Кулудин 
даласын,  таулы  Алтайдың  шекаралық  шеттеріне  біртіндеп  өтіп, 
Бухтармин өлкесін белсенді игеріп жатты. 
ХІХ 
ғ. 
басында 
Еуразиядағы 
геосаяси 
нысанның 
өзгеруімен,  Ресейдің  азиялық  шет  аймақтарының  және 
олардың  тұрғын  халқының  ішкі  мәселелерін  шешуде 
жаңа  үрдістер  белгіленді.  ХVIII  ғ.  біркелкі  жоғары  білімді 
абсолютизмнің  либералды  курстан  империялық  құрылымдар 
көшпелі  халықтың  белсенді  интеграциясы  практикасының 
жалпыимпериялық  құзырет  жүйесіне  көшті.  Ресей  үкіметі 
қазақтардың  таулы  округта  болуын  заңдастыруға  талпынуы 
жергілікті  биліктің  батыл  қарсылығын  тудырды.  Сібірлік 
шекара 
жолдарында 
және 
Колыван-Воскресный 
таулы 
округінде көшіп-қонып жүрген қазақтардың жағдайы тұрақсыз 
еді;  қоныс  орындары  межеленіп,  заңнамамен  бекітілмеген 
болатын. 
Биліктің  «қазақ  мәселесіне»  қатысты  позицияларындағы 
айырмашылықты  жою  қажеттілігі  көптеген  бастамаларды 
тудырды.  Сібірдегі  қазақ  қоныстарының  әкімшілік-аумақтық 
мәртебесін  анықтау  мәселесінің  шешімі  1822-1824  жылдардағы 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
123
М.М.  Сперанский  реформаларымен  байланысты  болды.  Сібір 
комитеті  басқаратын  реформалар  пакетіне  ұсынылған  «Сібір 
қырғыздары  туралы  жарлығы»  (қазақтары.  –  И.О.)  енгізілді. 
1822  жылы  осы  құжатқа  сәйкес,  қазақ  даласындағы  ресейлік 
мемлекеттік  жүйенің  бекітілуі  және  дәстүрлі  тайпалық 
институттардың жойылуы ұсынылды. 
1822 ж. М.М. Сперанскийдің реформасы бойынша Сібірдің 
қайта  құрылымдануы  нәтижесінде  Орта  жүз  қазақтары  Тобыл 
және  Томск  губернияларымен  бірге  Батыс-Сібір  генерал-
губернаторлығы құрамына кіретін Омбы облысының құрамына 
кірді;  «Сібір  қырғыздары»  (қазақтары.  –  И.О.)  категориясы 
пайда болды. 
Сыртқы  округтерді  құру  (Омбы  облысы  айрықша 
ережелер  бойынша  құрылған  ішкі  және  сыртқы  округтерге 
бөлінді)  шеттегі  этноәлеуметтік  жағдайдың  дамуына  орасан 
әсер  етті,  оның  шеңберінде  көшіп-қону  аумағы  белгіленіп,  бір 
округтан екіншісіне өтуге тыйым салынды. Сыртқы округтардан 
ішкі  округтардың  шегіне  көшіп-қонуды  шектеуге  талпыну  ХІХ 
ғасырда түгелімен көші-қондық режимді қатайтуды талап етті. 
Көшіп-қону 
регламентациясы 
процестерімен 
және 
округтердің 
ішкі 
және 
сыртқы 
округтерді 
айырумен 
қазақтардың  «ішкі  жағына»  негізделген  жерді  пайдалану 
мәселесіне  байланысты  болды.  Межелену  бағдарламалары 
Алтай  таулы  басқару  мүдделеріне  қайшы  келді.  Алайда 
қазақтарды  көшіру  бойынша  жалғастырушы  науқандар 
ойлағандай  тиімді  болмай  шықты,  әрі  жағдайдың  жанжалды 
дамуын 
ушықтырды. 
Сонымен 
бірге 
Алтай 
жерінде 
қазақтардың көші-қонын нығайту да жүріп жатты. 
ХІХ  ғ.  ортасына  қарай  орталық,  сібірлік  және  жергілікті 
биліктің  қазақтардың  көші-қондық  регламентациясы  туралы 
мәселе  жөнінде  неғұрлым  айқын  айырмашылықтар  көрінді. 
Зауыт жұмыстары мен борыштарын міндетті орындаумен бірге, 
шаруа  сословиесіне  кіргендерге  қарамастан,  қазақтардың 
кабинеттік  жерлерде  орнығу  талпынысына  белсенді  қарсылық 
көрсетілді.  Бірақ,  барлық  шектеулерге  қарамастан  ХІХ  ғ. 
ортасында  қазақтардың  қоныстары  Алтай  таулы  округінің 
барлық  оңтүстік-батыс  бөлігін  алып  жатты.  Сол  себепті  Ресей 
әкімшілігінің  алдында  бұрынғысынша  қазақ  даласының  жер 
құрылымы атты өткір міндет тұрды. 

124
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Осымен  байланысты  қазақ  қоныстарын  басқару  жүйесін 
жетілдіруге  бағытталған  бірнеше  жобалар  пайда  болды. 
1838  жылы  Омбы  облысы  таратылды,  ал  оның  аумағында 
шекаралық  басқарудың  сыртқы  округтері  пайда  болды.  1850 
жылдардың  екінші  жартысында  «қазақ  мәселесі»  1854  ж. 
«Семей  облысының  және  Сібір  қырғыздарының»  (қазақтары. 
–  И.О.)  құрылуымен  байланысты  ішкі  шекаралар  мәселесінің 
бір  бөлігі  болды.  Жаңа  құрылымқа  сәйкес  Сібір  казактары 
әскері  жолының  ішкі  жағында  көшіп-қонып  жүрген  қазақтар 
өз  мекендерінде  қалды  және  қайтадан  ашылған  Сібір 
қырғыздарының  (қазақтары.  –  И.О)  Семей  ішкі  округінің 
құрамына кірді. 
Жаңа  Ережеге  сәйкес,  ішкі  округтардың  жерлері 
мемлекеттің  жекеменшігін  құрады;  олардың  аумағында  көшіп-
қонуы  мемлекет  пайдасына  жасақ  төленді;  қазақтардың 
қонысы  мен  шаруа  қоныстарына  өтуге  тыйым  салынды;  жерді 
бөліп  беру  мемлекеттік  шаруалармен  теңестірілген  отырықшы 
қазақтар арқылы іске асты. 
Бұл  жаңалықтар,  көшпелі  қоғамдастықты  құрылым-
дандырудың  бұрынғы  талпынысы  сияқты  көші-қонның 
жаңғыруына  айналды.  1850  ж.  қазақтар,  әсіресе,  Таулы  Алтай 
өңірін,  оның  солтүстік-батыс  аудандарын  белсенді  игере 
бастады. 
Батыс  Сібір  оңтүстігіндегі  этносаяси  жағдайдың  әрі  қарай 
өзгеруі  1860  ж.  Ресейдегі  әлеуметтік-саяси  реформаларды 
жүргізумен 
байланысты 
болды. 
1865 
ж. 
помещиктік 
шаруаларды,  шеберлік  және  тіркелген  шаруаларды  Сібірдің 
кабинеттік  иемденуінен  босатудан  соң,  Сібірдің  мемлекеттік 
аулындағы  (1861–1866  жж.)  реформамен  және  казак 
әскерлеріндегі реформамен (1861 ж. «Сібір казак әскері туралы 
Ережеге»  және  «Казак  әскерлеріндегі  жер  құрылыстары 
туралы  Ережеге»  сәйкес)  бірге  көшіп-келушілер  үшін,  Алтай 
таулы  округі  ашылды,  жер  Кабинеттің  табыс  және  тиісінше 
әлеуметтік (этноәлеуметтік) қақтығыстардың негізгі көзі болды. 
Алтай аумағының белсенді отарлау аймағына кіруі, мемлекеттік 
шекараның  демаркациясы  процесімен  бір  мезгілде  жүріп 
жатты. 
Азиялық  шет  аудандардағы  полиэтникалық  қоғамдас-
тықтардағы 1861 ж. реформаның дамуы олардың құрылысы мен 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
125
басқаруының  әрі  қарай  үйлестіруіне  бағытталған  стратегиялар 
болды.  1868  ж.  Орынбор  және  Батыс-Сібір  генерал-
губернаторлығы  далалық  облыстарындағы  басқару  туралы 
«Уақытша  ережелер»  қабылданды,  осыған  сәйкес  қазақтар 
рекруттік  міндеткерліктен  босап,  Ресей  империясының  ауыл 
тұрғындарымен теңдестірілді.
1860-1870 жж. далалық облыстардан Алтайдың шекаралық 
аудандарына  және  арғы  жағына  көшпенділер  толқыны  келді. 
«Уақытша  ережені»  жүзеге  асыру  шаруалардың  азиялық 
өңірге  көші-қонының  белсенді  басталуымен  қатар  келді.  Бұған 
байланысты  «қазақтар  мәселесін»  шешу  қажеттігі  1880  ж. 
«Алтай  таулы  округі  жерлерінде  қырғыздарға  көшіп-қонуға 
рұқсат ету туралы Ереженің» бекітілуіне алып келді. Қазақтарға 
еркін  тұру  үшін  округтің  басқа  облыстардан  олардың  міндетті 
көшіріп  жіберуімен  Құлындық  даласының  ауданы  бөлінді. 
Кейінірек  жерге  орналастыру  ауданы  Бұқтырманың  (Таулы 
Алтайдың шекаралық жерлерінің) бас жағындағы шатқалдарды 
қосу есебінен кеңейтілді. 
1822  ж.  Әскери  министрліктің  бастамасымен  Дала 
генерал-губернаторлығы  құрылды;  1891  ж.  қазақ  жерлерін 
мемлекеттің  жекеменшігі  деп  таныған  үдерісті  аяқтаған, 
әкімшілік  құрылыстағы  бесжылдық  салықтық  жеңілдікті 
алып  тастаған,  седентаризация  негізінде  қазақтардың  дәстүрлі 
көшпенді  қоғамының  трансформация  стратегиялары  бекітілген 
«Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Орал,  Торғай  облыстарындағы 
басқару  туралы  Ереже»  күшіне  енді.  1890  ж.  реформаның 
негізгі қортындысы Ресейдің азиялық шет аудандарды белсенді 
экономикалық қанауының басталуына жағдай жасаған Сібірдің 
далалық  облыстарының  империялық  геосаяси  және  әкімшілік-
құқықтық инфрақұрылымына түбегейлі кіруі болды. 
Сібір  аймағын  орналастыру  және  оның  мемлекеттің 
әлеуметтік-экономикалық  инфрақұрылымына  кіруі  мәселесін 
шешумен  байланысты,  Ресей  мемлекетінің  социомәдени 
ұстанымдары  көшпелі  қазақтарға  қатысты  вариативтілікпен 
ерекшеленді. 
Изоляционизм 
үрдістерімен 
қатар, 
седентаризация 
практикалары  жүзеге  асырылып  жатты.  Казак  станицасы 
жолдары 
мен 
шаруа 
қоныстарында 
көшпенділердің 
отырықшылығы  үдерісі  жүрді.  Сарасиндік  бұратана  басқар ма-

126
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
сының тарихы бұл процестің жарқын көрінісі болып табылады. 
Сарасиндік  басқарма  1816  ж.  санақтан  кейін  Смоленск 
шаруа  болысынан  әкімшілік  бөлініп  шықты,  оның  құрамына 
шоқынған  қазақтардың  едәуір  бөлігі  кірді.  1830  ж.  Сарасиндік 
бұратана басқармаға 20 ауылдар мен селолар тіркелді. 
Сарасиндік  шоқынған  қазақтар  шекаралық  аймақ 
халқының 
тиімді 
аккультурациясының 
мысалы 
болды; 
орыстармен,  телеуіттермен,  кумандықтармен  аралас  тұрды; 
егіншілік  (кешенді)  экономикаға  бағытталды;  сонымен  бірге 
шаруа  православ  мәдениеті  шеңберінде  өмір  сүрсе  де,  бөтен 
көшпенділерге 
тағылған 
ерекше 
мәртебенің 
бекітілген 
өзіндік  сананы  сақтады.  ХІХ  ғ.  ортасында  Сараса  Алтайдың 
Солтүстік-Батыс 
тауларындағы 
Қара-Ануй 
миссионерлік 
станның шеңберінде шоқынған қазақтардың жаңа анклавының 
бастамасы болды. 
ХІХ ғ. ортасынан Ануй өзеніне (төменгі ағысының бойында 
далалы Алтайда казак стандары орналасқан) құятын Черге және 
Турате  өзендері  бойынша  табиғи  межелер  Қара  Ануй  және 
Турат  ауылдарындағы  қазақтардың  аумақтық  топтарын  құру 
орны  болды.  Қазақтар  Алтай  Рухани  миссиясы  стандарында 
орналасып  қалды,  оның  Қара  Ануй  бөлімі  1844-1848  жж.  негізі 
қаланды. 
Қара-Ануй аулының шоқынған қазақтары туралы алғашқы 
жазбалар  1855-1870  жж.  Улалиандық  Спаск  шіркеуінің 
метрикалық  кітаптарында  сақталды;  1870  ж.  бастап  тіркеу 
қара-ануйлық  Троицк  шіркеуінің  метрикалық  жазбаларында 
жүргізілді.  Талдау  миссионерлік  стан  тұрғындары  1844  ж. 
құрылған  Көкпекті  сыртқы  округінен  (келесі  қайта  құрулар 
кезінде  жойылған)  шыққан  қазақтар  екенін  көрсетеді. 
Метрикалық  кітаптар  мәліметтері  бойынша  Қара  Ануйдың 
қазақтары  арасында  Сибан-Керей  болысының  (керейлер); 
Терістамғалы-Найман,  Бура-Найман,  Сары-Жомарт  Найман 
(наймандар);  сонымен  қатар,  уақ  (болыссыз,  яғни  рулық 
белгілерінсіз) өкілдері басым болды. 
Қара  Ануйдағы  қазіргі  қазақтардың  рулық  құрылымы 
20  астам  генеалогиялық  бөлімшелерді  көрсетуге  мүмкіндік 
береді,  көп  бөлігі  Орта  жүздің  найман  және  керей  тайпалық 
бірлестіктеріне  жатады.  Қара-ануйлық  қазақтардың  этно-
әлеуметтік құрылымы ХІХ ғ. ортасына таман құрылды. 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
127
Топ  1822  ж.  «Сібір  қырғыздары  туралы  жарлықты» 
қабылдағаннан  кейін  артынша  қазақ  қоныстарында  әкімшілік-
аумақтық  қайта  құрылымдармен  арандатылған  бағытталған 
(еркісіз)  көші-қон  нәтижесінде  құрылды.  Православие  және 
шаруа дәстүрлері шеңберінде жойылған тіл мен өзіндік сананы 
сақтап  қалудағы  мәдени  стандарт  Солтүстік-Батыс  Алтайдағы 
қазақтардың тіршілік етуінің фактілері болды. 
Микроөңірдің  этносаралық  өзара  әрекеттігі  страте-
гиясының  негізінде  конфессиялық  бірлік  негізінде  қазақ, 
алтай  және  орыс  мәдениеттерінің  комплиментарлы  өзара 
әрекет  принциптері  жатты.  Әу  бастан  Қара-Ануй  ауылы 
полиэтникалық  сипатта  болды.  ХІХ  ғ.  соңындағы  жағдай 
Алтайдағы  көшіп-қону  қозғалысының  бастамасымен  асқынды. 
Қара-Ануй  аулындағы  алтайлық,  қазақ  және  көшіп-қонған 
қауымдардың  басқа  рулық  шиеленісі  кейде  қарулы  күштерді 
қолданып, өрбіді. Оның себебі жерде және көшіп-келушілердің 
қазақ  тілінде  жұмыс  жүргізетін  «қырғыздық»  шіркеуді 
(қазақ.–И.О.) қабылдамауында еді. 
Ресейлік  көшіп-келушілердің  интолеранттық  страте-
гиялары  және  жерді  иеленуге  қатысты  өсіп  келе  жатқан 
әлеуметтік-экономикалық  бәсекелестік  этникалық  бірегей-
ліктің  жандануының  факторлары  болды.  Сепаратизмнің 
аймақтық  формаларының  дамуы  1905-1910  жж  Турат 
қазақ  аулының  құрылуына  алып  келді.  Әрі  қарай  қара-
ануйлық  қазақтар  тобы  соғыс  пен  репрессияның  барлық 
ауыртпалықтарын  бастан  кешіріп,  елдің  тағдырын  бөлісті. 
Олардың  қазіргі  замандық  жағдайы  этнодемографиялық  қайта 
өндіріс  пен  мәдени  және  тілдік  ассимиляциямен  бірігуіндегі 
белсенді метисациясының сыни тарылуын сипаттайды. 
Әйтсе  де,  этникалық  трансформация  процесі  жалғасуда. 
Солтүстік-Батыс  Алтай  қазақтарының  диаспоралық  байла-
ныстар  жүйесіне  енуі  этникалық  және  конфессиялық  өзіндік 
сананың  өсуіне  әкеледі,  шоқыну  мен  аккультурация  фактілері 
тиімді 
бейімделу 
стратегиясынан 
этникалық 
шектеудің 
фактісіне айналатын жаңа бағалаулар жүйесін құрады. 
Социомәдени 
бейімделу 
мәселесі-қазақтың 
көші-
қонуымен  байланысты  Үлкен  Алтай  шекара  аумағында  болып 
жатқан  нақты  тарихи  үдерістерді  өзінше  түсінуде  вариативті 
сипатқа  ие.  Бірақ,  қазақтардың  ХVIII–ХХ  ғғ.  Сібірдің 

128
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
оңтүстігінде  қазақтардың  пайда  болу  тарихын  сипаттайтын 
жағдайлардың  көпжақтылығына  қарамастан,  қабылдаушы 
қоғамдастықтардың 
интеграциясының 
стратегиясы 
екі 
шартталған схемаға орналасады: ассимиляция практикасы және 
мәдениеттердің  (комплиментарлық  немесе  конфронтациялық) 
өзара өмір сүру практикасы. 
Оңтүстік-Шығыс Алтай қазақтарының көші-қоны басқаша 
сипатта  болды.  Ресей,  Қытай  және  Жоңғарияның  геосаяси 
мүдделерінің  орбитаға  тартылған  Саян-Алтай,  Монғолия, 
Қазақстанның  түрлі  этноаумақтық  топтамаларының  мүдделері 
тірескен  Оңтүстік  Алтайдың  шекаралық  аумақтары  дәстүрлі 
түрде  көшпелі  ойкуменнің  белсенді  этносаяси  процестерінің 
аймағы  болып  табылды.  ХІХ  ғ.  басында  Цин  және  Ресей 
империяларының  арасындағы  әсер  етуші  негізгі  салаларды 
бөлгеннен  кейін,  бұл  аймақ  тұрғын  халықтарының  аралас 
құрамымен  және  олардың  қоныстарының  аттамалығымен 
ерекшеленді.Сыртқы  саяси  факторлармен  қатар,  аумақтық 
этносаяси  жағдайды  түзетуде  маңызды  рөлді  ХІХ-ХХғ. 
басындағы 
Ресей 
мемлекетінің 
шекаралық 
өңіріндегі 
әкімшілік  реформалар  атқарды.  Ең  жалпы  сипатта  олар 
жалпыимпериялық басқару жүйесінің бекітілуіне саяды. 
Көшіп-келуші  қозғалысының  өсімімен  қатар,  жерге 
орналастыруды 
жоюды 
Ертіс 
маңындағы 
қазақтардың 
көшпелі 
пайдаланатын 
жерлері 
мәселесін 
арандатты. 
Шекара  болыстарындағы  қазақтарда  шекаралас  аудандардан 
жайылымдарды жалға алу әдеттенген еді. Батыс және Оңтүстік-
Шығыс  Алтайдың  таулы  және  далалық  алқабында  Бұқтырма 
алабында қазақтардың жазғы қоныстары орналасқан. Олардың 
Шу  болыстарының  ішкі  аумағына  өтіп  кетуі  1860-1870  жж. 
таулы  округ  жерлерін  белсенді  санациялау  нәтижесінде 
басталды.  Қоныстардың  тапшылығы,  руаралық  алауыздықтар, 
казак  жолдары  мен  шаруа  болыстарындағы  шиеленістер, 
сондай-ақ  Кабинет  әкімшілігінің  репресивті  шаралары  Үлкен 
Алтай  шекаралық  аудандарындағы  қазақтардың  көші-қондық 
стратегияларын  құрды.  Шыңғыстай  және  Қатон-Қарағайдағы 
қазақтар  (наймандардың  тайпалық  бөлімшелері:  самай, 
қаратай, қара-керей және басқалар) жалға алу құқығында және 
өз  бетінше  иеленіп,  Бұқтырма  өзенінің  шекаралық  алқабымен 
Таулы  Алтай  шатқалдарын  –  Укок  таулы  жазығын,  Колгута, 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
129
Ақкөл,  Акалахи,  Каралахи,  Джазатор  өзендерінің  алқабын 
игерді.
ХІХ  ғ.  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басында  мұнда  екі  аумақтық  топ 
құрылды:  біреуі  Акалахи  және  Колгута  (Ақ-Бейт  рулық 
некрополі  Укокта  орналасты)  өзенінің  алқабының  бас  жағында 
көшіп-қонып жүрді, ал басқалары – Ақкөл өзенінің алқабында, 
Акалахидің  төменгі  жағында,  Каралахи  және  Джазатор 
алқаптарында  (рулық  некропольдер  Акалахи  және  Каралахи 
өзендерінің  тоғысында,  Акалахи  сағасында  және  Джазатор 
өзенінің  алқабында  орналасты).  Шыңғыстай  қазақтары 
қоныстарының  шекаралары  Тархаты  шыңдары  мен  Көкса 
өзенінің ағысы арқылы өтеді. 
Олармен  кабинеттік  жерлерде  Қытай  бодандары  – 
қазақтар  көршілес  болды.  Оларды  еркін  зайсан  Абульдо 
Сарыкалдыков  басқарды.  1887  ж.  Қытайдан  шыққандар 
өздерінің  Ресей  бодандығына  өткісі  келетінін  мәлімдеді.  Шу 
далаларын игере отырып, қазақтар оларға өздеріне болыс бөліп 
беруін талап етті. 
Мигранттардың  әкімшілік  құрылысы  туралы  мәселе 
кейінге  қалдырылды:  көші-қонның  мөлдір  шекарасы  жағдай-
ында  регламентацияланбаған  сипатта  болды,  халық  тұрақ-
сыздық  пен  азаматтық  және  әкімшілік  мәртебесінің  белгісіз-
дігімен  ерекшеленді.  Шу  даласы  қазақтарының  социомәдени 
бейімделуінің  стратегиялары  жанжалдық  сипатта  болды. 
Олардың  тек  аймақ  схемасы  бойынша  маусымдық  көшіп-
қонуға  бағытталған  экстенсивті  көшпелі  мал  шаруашылығы 
төлеңгіттердің  дәстүрлі  экономикасына  едәуір  бәсекелестікті 
құрады. Микроаймақ үшін неғұрлым проблемалы болған жерге 
орналастыру болды. Бұл мәселе 1913 жылы Жерге орналастыру 
комиссиясы  қазақтарға  бағытын  өзгертетін  жазба  ұсынған 
кезде  түбегейлі  шешілді.  Бірақ,  Таулы  Алтайдың  оңтүстік 
маңайындағы жағдай тұрақтылықтан алыс еді. 
1911-1913  жж.  шекаралық  аймақтағы  жағдай  Халханың 
тәуелсіздігі  үшін  күресіне  байланысты  қиындай  түсті. 
Батыс  Монғолиядағы  әскери-саяси  шиеленіске  шекаралық 
аудандардағы  керей-қазақтар  (12  ру)  тартылды.  Бірнеше 
мың  қазақтар  Ресей  шекарасына  өтіп  кетті.  1915  ж.  «монғол 
мәселесі»  шешілді.  Кяхтадағы  орыс-қытай-монғол  үштік 
конференциясы  Ішкі  Монғолия  туралы  келісімді  қабылдады. 

130
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Осы уақытта ресейлік Алтай шекарасына қазақ руларының кері 
көші-қоны басталды. 
Эмиграцияның  бұқаралық  сипатты  1916  ж.  қайта 
иеленуі  үкіметтің  басқа  рулықтарды  тыл  жұмыстарына 
шақыру  қаулысымен  байланысты.  Ресейлік  Алтайдан  шетке 
алтайлықтар  мен  төлеңгіттердің  көші-қондық  қозғалыстарын 
арандатып,  жүздеген  қазақ  ауылдары  кетіп  жатты;  сонымен 
қатар  жергілікті  халық  көші-қоны  қайтымды  сипатта 
болды.  Белсенді  аймақаралық  және  трансшекаралық  көші-
қондар  1930-1940  жж.  дейін  жалғасып  жатты.  Мемлекеттік 
режимді  ауыстыру,  азаматтық  соғыс  жылдарында  ушыққан 
этникалық  қақтығыстар,  1920-30  жж.  репрессивті  акциялар, 
Кеңес  мемлекетімен  бірге  Орталық  Азияның  шекаралас 
аймақтарындағы  сыртқы  шиеленістер  қазақтардың  бұқаралық 
қозғалысын арандатты. 
Аймақтағы  этносаяси  және  көші-қондық  жағдайлардың 
дамуындағы  үлкен  мәнге  1920  жж.  мемлекеттік  құрылысы 
кезіндегі Ресей мен Қазақстан аумақтарының айыруы ие болды. 
Оңтүстік-Шығыс  Алтайдың  жаңа  тарихы  қазақтар 
санының  өсуімен,  қайта  қалыптасуымен,  аймақтық  топтардың 
консолидациясы үдерісімен және олардың толеранттылық және 
этносаралық  өзара  әрекеттестігі  принципі  негізінде  аймақтың 
әлеуметтік-саяси  және  экономикалық  инфрақұрылымына 
белсенді  интеграциясымен  байланысты  болды;  әйтсе  де 
Оңтүстік 
Сібір 
шекаралық 
аудандарындағы 
ұлтаралық 
шиеленістер  дәстүрлі  түрде  күрделі  сипатта  болды.  Олардың 
контексін  этностардың  тарихи  жады,  ғасырлық  өмір  сүру 
тәжірибесі,  Ресей  шекараларындағы  және  ХVIII–ХIХ  ғғ. 
шекаралас 
орталық-азиялық 
аумақтардағы 
әлеуметтік-
экономикалық және саяси процестердің сипаты анықтады. 
Көші-қондық 
қоғамдастықтардың 
бейімделуі 
мен 
этносаралық 
өзара 
әрекеттестік 
стратегияларында 
конфессиялық  фактор  ерекше  орын  алады.  Мемлекеттегі 
исламға  қатынас  жалпы  империялық  кеңістікке  бірігетін 
аумақтардың  тұрғын  халқымен  өзара  әрекеттігі  сипатына 
байланысты  бірнеше  рет  өзгеріп  отырды.  Қазақ  мұсыл-
мандардың  жалпы  империялық  социомәдени  кеңістікке 
интеграциялану  мәселесі  бір  мезгілде  пайда  болды,  бірақ 
көшпелі  ортадағы  конфессиялық  практикаларға  Ресей 
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет