«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет12/19
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
111
Юсуф Жанайдарұлы, 
Жұт кезінде көшіп-қонушылардың ұрпағы
(Стамбул, Түркия)
ЗАР-ЗАМАН ТАРИХЫНЫҢ БЕТТЕРІ
Өзіңіз  жайлы  айтып  кетсеңіз  және  де  ашаршылық 
жөнінде біраз тоқталсаңыз. 
Қазақстандағы  ашаршылықты  көргенім  жоқ.  Қазақ-
станның  ашаршылығында  мен  дүниеде  жоқпын.  Мен  76 
жастамын,  Ауғаныстанда  дүниеге  келдім.  Атым  -  Мұхаммед 
Юсуф, әкемнің аты – Жанайдар, оның әкесінің аты - Қошназар. 
Қошназардың әкесі - Құтыбай деген кісі Қазақстаннан шыққан. 
Өзі  арғын,  Сырдарияның  жағасында  турған  екен.  Менің  әкем 
13  жасымда  қайтыс  болды  да,  одан  соң,  мен  жетім  қалып 
Өзбекстанда, Ауғанда күн көрдім. 
Ұсатоқы  деген  кісі  бар  еді.  Баласы  осы  Қазақстанда, 
Шымкентте  тұрады.  Соның  әкесінің  руынан  менің  әкем  әйел 
алған  екен.  Ауғаныстанға  өткеннен  кейін  ел  жұмыс  білмейді, 
мал баққан ел. Ол кезде 8-9 жастамын. Оқып жүріп, аяққа кебіс 
тігемін.  Ол  уақытта  лашық  деген  болады,  ағашты  қадап-қадап 
қойып,  төбесін  күркелеп,  астына  жерге  төсек  тастап,  отырады. 
Қыста  соның  ішінде  отырып  қыстайды.  Үй  жоқ.  Содан  соң 
келсем, кебіс тігіп отырып, жаңағы кісі жылап отыр екен. Сәлем 
бердім. Неге жылап отырсың? - дедім. Жылағым келді. Адам бет 
алды жылай ма? - дедім. Кемпір ұрды ма? - дедім. Жоқ,-деді. Кім 
ұрды  сені,  неге  жылайсың?  -  дедім.  Адам  таяқ  жесе  жылайды, 
таяқ  жемесе  жылай  ма?  -  дедім.  Сені  кемпір  ұрған  шығар,  - 
дедім.  Кемпір  деген  шеше.  Жоқ,  балам  деді.  Кемпірдің  маған 
күші жете ме? - деді. Жетпесе неге жылайсыз? Біреу ұрды ғой, 
- дедім. Балам, мен саған бір оқиғаны айтайын,-деді. Қазақстанда 
«Жылан  жұт»  деген  жұт  болды,  -  дейді.  Сол  «жылан  жұтта» 
біз  Шымкент  деген  жерде  отыратын  едік,  -  деді.  Жейтін  нәрсе 
таппай  қалдық.  Мына  жердегі  шөптерді  шаңды  дауыл  тұрып, 
тамырымен  жұлып  әкетті,  малдар  аштан  өлді,  -  деді.  Жердегі 
егін көгермей қалды. Сонда әкем өліп қалғанда, біз екі бала, екі 
қыз, шешемменен бес кісі қалдық, үйде. Шешем мына бидайды 
қуырмаш  қылып,  қуырмашты  талқан  қылып,  ішіне  сүт  қосып, 
салып  алып,  үйді  тастап  Ташкентке  қарай  қаштық,  -  дейді. 
Келсек, Ташкентте көшеде адамдар аштан өліп жатыр екен. Жас 
келіншек, қыздар, жейтін нәрсе таппай, ауыздарынан суы ағып, 

112
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
көшеде  өліп  жатыр  екен.  Сонда  менің  шешеме  түрік  келіншек, 
қарным ашты, ашпын мына қызымды балаңа алып бересің, бізді 
ала  кет,-деп  жалынады.  Сонда  жаңағы  қыз,  келіншек  әр  кімнің 
өз басының қамы, - дейді шешем де мені алды да, шөлге шығып 
кетті.  Мына  жақта  ел  бар  деп,  жолда  келе  жатып,  бағанағы 
азығымыз  таусылып  қалды,  -  дейді.  Азығымыз  бітіп  қалған 
соң,  апамыз  шешеме  айтты.  8  жасар  қарындасым  бар,  бәріміз 
өлгеніміз  жақсы  ма,  біріміз  өлген  жақсы  ма?  бәріміз  өлгенше, 
біріміз  өлейік,  мына  қызды  сояйық,  -  дейді.  Осыны  жейік,  бір 
елге  жетейік,  болмаса  бәріміз  де  өлеміз,  қыздан  басқа  ешнәрсе 
жоқ  қой  жейтін-деді.  Сонда  шешем  қызын  алып  қашыпты. 
Мына  қырдан  асайық,  мына  қырдан  асайық  деп  жүргенде  бір 
таудың  басында  төбеге  шыққан  соң,  шешем  біраз  уақыттан 
кейін,  қолын  бұлғап,  жүгір-жүгір  деп,  шақырады.  Сайдың 
түбінде  қара  бірдеңе  жатыр,  барсақ,  бір  қап  қатып  қалған  сүр 
екен, - дейді. Кәдімгі сүр ет. Жаңағы сүр етті қаптан ала салып, 
пісіруге  шама  жоқ,  шикідей  тойып  жеп,  марқайып  қалды,-
деді.  Содан  қалған  етті  арқалап,  Өзбекстан  деген  елге  жеттік,-
дейді.  Бұнда  келген  соң,  баяғы  ет  таусылды,  енді  тамақ  керек. 
Күнде  ініміз  екеуіміз  тауға  шығып  келеміз.  Сонда  біреу  бір 
нан  береді,  екі  нан  береді,  біреу  жарты  нан  береді.  Сонымен, 
өзара  тіршілік  қылдық,-дейді.  Өзара  тіршілік  қылған  болмады, 
болмаған  соң,  өзбектер  айтты  дейді,  Тәжікстанда,  Қарақа 
деген  жер  бар,  сол  жақта  қазақтар  көп,  өздері  бай.  Сол  жаққа 
кетіңдер деп, өзбектер ақыл үйретті, - дейді. Олар кетейік депті. 
Кетсеңдер, ары қарай шөл дала, азық ала кетіңдер, әйтпесе, өліп 
қаласыңдар,  -  депті.  Содан  басқа  сататын  нәрсе  жоқ,  жаңағы 
қызды  бір  сері  тары  мен  бір  сері  бидайға  саттық,  -  дейді.  Сегіз 
жасар  қызды  өзбекке  сатса  керек.  Тары  мен  бидайды  талқан 
қылып  алып,  қарындасымды  жаңағы  өзбек  алып  қалғанда: 
«Көкежан,  көкежан  мені,  тастап  кеттің  бе?»  -  дегенде,  көкежан 
деген дауысы құлағымнан әлі шықпайды, - дейді. Арада сонда 25 
жыл өтіп кеткен. Ашаршылық жайлы сол кісіден естідім. Сонда 
сол кісі айтты: Шымкенттен шығып, Ташкенттен асқаннан кейін, 
шөл  далада  келе  жатырмыз,  шөлде  келе  жатсақ,  отаулар  тігулі 
тұр  дейді.  Керегенің  басында  алтын  қапталған  үйлер  дейді.  Ол 
жерде  күмістен  өткізген  үйлер  жасаулы,  -  дейді,  бәйбіше  келіні 
мен жігіт екеуі өліп жатыр екен. Мен соны көрдім, - деді. 
Сұхбатты өткізген Айнұр Мажитова 
Стамбул, Түркия, 2010 жыл 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
113
Бекмади Ахат Бекмадиұлымен сұхбат 
Жұтты өз көзімен көрген кейіпкер
(Астана, Қазақстан)
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚИЫН ӨМІРІН 
КӨРГЕН КУӘГЕР
Менің  туған  жылым  -  1923  жыл.  Ал  31-32-38  жылдары 
ашаршылық  болған  кездерінде  менің  жасым  сол  8-10-
ның  шамасында  болатын.  Ең  әуелі  жұрттың  айтуынша, 
колхоздандыру  болып,  халықтың  малын  алып,  орталыққа 
салып,  халықты  малсыз  қалдырады.  Ал  біздің  қазақ  -  малмен 
күн  көрген  халық.  Егіншілік  болды,  болғанмен  онша  көп 
жайылған  жоқ.  Ең  негізгі  кәсібі  мал  шаруашылығы  болды. 
Қорасындағы  малын  алған  соң,  жалғыз  сиырын  алған  соң, 
ашаршылыққа  ұшырады.  Бірақ,  колхоздың  орталығында 
ұстаған малдың сүтімен халық ептеп күндерін көреді. Ал біздің 
ар  жағымызда  жол  қатынасынан  алыстау  елді  мекендер  болды. 
Есілдің  арғы  жағында  мысалы.  Біз  Қауылтан  бойында  болдық. 
Ескі  Қауылтан  дейді,  жаңа  Қауылтан  дейді,  сол  Қауылтан  өзені 
бойында  қоныстанған  елде  тұрдық.  Колхоз  20  шақты  үйден 
тұратын.  Одан  басқа  тағы  да  Қоскөлдің  ортасында  бір  ауыл, 
Қоскөлдің  ар  жағында  тағы  да  бір  ауыл  болды.  Ашаршылық 
кезінде  ол  ауылдың  адамдары  түгел  Омбы  жаққа  қарай 
көшіп  кетіп,  әйтеуір,  аман  қалды.  Ал  көшпегендердің,  көше 
алмағандардың  біразы  аштықтан  қырылған  жағдай  болды.  Ал, 
бізден әрі қарай, Есілдің ар жағында, батысқа қарай орналасқан 
айдалада  орналасқан  елдердің  көбінің  үйі  қаңырап  бос  қалды. 
Жаяу  шыққандар  жеткендері  жетті,  жетпегендері  далада  жол 
бойында,  көмусіз  қалғандар  да  болды.  Міне,  жас  кезімізде  біз 
соларды  8-10  жасымызда  көрдік.  Бірақ,  біздің  қолымыздан  не 
келеді?  Біз  ол  кезде  саясаттан  аулақпыз.  Әңгімеден  аулақпыз. 
Көргенімізді  ғана,  есімізде  қалғанды  ғана  айтамыз.  Ал  біреулер 
айтып  жүрді,  Есілдің  арғы  жағындағы  Қаратүбекте  елдер 
отырды,  бертін  келе  ол  жер  Қайнар  деп  аталды.  Оның  сырт 
жағында  көп  елдерде  тігулі  кигіз  үйлер  сол  күйінде  қалған. 
Сол  кигіз  үйлердің  жасауы  да  сол  күйінде  қалған.  Соның  ішін 
кейін  барып  қараса,  шымылдықтың  ішкі  жағында  екі  өліктің 
сүйектері  құшақтасып  жатқан  күйінде  қалыпты.  Біреуінің 
шашы  ұзын,  біреуінің  басында  шашы  жоқ,  тақыр.  Құр  ғана 

114
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
бастың  сүйегі.  Ал  жерде  шаш  жатыр.  Сөйтсе,  жас  жұбайлар 
екен,-дейді.  Шамасы  елдің  болжап  айтуы  бойынша  олар 
шыға  алмаған,  қалып  қойған,  жаңадан  қосылған  болу  керек. 
Олар  сол  құшақтасқан  күйінде  қайтыс  болған  екен.  Өлген 
адамның  еті  ағып  кетеді  де,  сүйегі  ғана  қалады  екен.  Көрген 
адамдар  бертін  келе,  ел-есін  жинағанда,  оларды  көміпті. 
Міне,  осындай  жағдай  болған.  Ол  қолдан  ұйымдастырған 
науқан  деп,  бертін  келе  айтты  ғой.  Ол  кезде  біз  ондайды  айта 
алмадық.  Айта  алмағанымыз,  саясатқа  араласқанымыз  жоқ. 
Ештеңені  жөнді  біліңкіремейміз.  Жас  кезіміз,  33-ші  жылы 
10  жастамыз.  Ал  34-ші  жылы  егін  бітік  шықты.  Молшылық 
болды. Халық нанға тойды. Міне, осы кезде халық кішкене есін 
жиды.  Ептеп  егін  салып,  жер  жыртып  деген  сияқты  халықтың 
жағдайы  жаман  болған  жоқ,  едәуір  көтеріле  бастады.  Бірақ, 
қолдауа  шамалы  болды.  Бір  сиырды  ұстап  қалғандары  болды. 
Ұстамағандары  да  болды.  Ал  41-ші  жылы  соғысқа  дейін  елде 
малдың өсімі өте аз болды. Мысалы, біздің Қазкөскелде жылқы 
малы  деген  болмады.  Соқаға  жеке  меншіктің  орталықтағы 
сиырларын  жегетін.  Таңертең  сиырды  өріске  жібереді  де, 
біразын  жайылымға  жіберді,  сосын  әкеліп,  соқаға  жегіп,  жер 
жыртады.  Жазғы  тұрым  апрельдің  аяғы,  майдың  басында  жер 
жыртып, егін салады. Түс кезінде тағы да әлгі сиырларды айдап 
жіберетін,  иелері  келіп  сауып  алатын.  Кешке  қарай  тағы  да 
әлгі  сиырларын  жегеді.  Міне,  жер  жыртатын  көлік,  сол  кезде 
сиыр  болды.  Өгіз  де  шамалы  болды.  Бертін  келе,  тракторлар 
шықты.  Ол  тракторлар  да  көбінесе  жүрмейтін.  Ремонтты  көп 
керек  етпейтін.  Оның  фары  да  жұмыс  істемейтін,  әлгі  жарық 
беретін.  Содан  балалардың  қолына  шам  ұстатып,  боразамен 
жүгіртіп қоятын, артында трактор жер жыртып жүретін түнде. 
Күндіз ұйықтап, түнде жыртады. Мен өзім сондай шамды ұстап, 
жүгіріп жүрдім. Мысалы 35-ші жылы 11 жасымда, 36-шы жылы 
сол  12-13  жасымызда  солай  жүгіріп  жүрдік.  Боразамен  жүгіріп 
келе жатасың, артыңда трактор гүрілдеп келе жатады. Сен шам 
ұстап, сол боразамен жүресің. Шам сәулесінің соңынан трактор 
жүреді. Міне осындай жағдайды сол заманның балалары көрді. 
Қанша ағайындысыздар?
Біздің  әкеміз  4  ағайынды  болды.  Олардың  бәрі  де  қайтыс 
болды.  Көбі  колхозда  жұмыс  істеді.  Жалғыз-ақ  менің  әкем 
Атбасарда  қызметте  болды.  Соның  арқасында,  әйтеуір,  күн 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
115
көрдік.  Менің  әкем  32-33  жылдары  кіре  тартатын.  Кіреге 
жалданды. Қазіргі Астрахан ауданының Қалғытан деген жерінен 
10 шақты адаммен әкем Қызылжарға барады, Петропавловскіге. 
Қызылжарға  барған  соң,  әр  шанаға  10  -  15-қаптан  астық  тиейді 
де соны әкеліп, Қалғытанның басында пункт бар, соған әкеледі. 
Сосын  оны  таратады  әр  колхозға.  Сол  кіре  тартумен  ол  кісіге 
әр  барып,  қайтып  келген  сайын,  бір  қап  бидай  беретін.  Бір  қап 
болғанда  толық  100  келі  емес,  одан  аздау  50  келі  ме,  сондай 
кішкентай  қап.  Сосын  сол  қапты  ағайынды  үшеуі  бөлісіп 
жейтін.  Ол  уақытта  бидай  қуыратын.  Арада  1  жұма  өткеннен 
кейін,  тағы  да  әкем  кіре  тартуға  кететін.  Өйткені  тағы  да  бидай 
әкелу  керек.  Әкем  ана  жақтан  келгенше,  әлгі  бидай  бізде 
бітеді.  Ал  кей  уақытта  бидай  біткен  уақытта,  жаз  болса,  көлді 
жағалап  кетеміз,  қоға  тереміз.  Қоғаның  тамыры  болады.  Май 
қоға  дейді.  Оның  дәмі  тәтті  болады.  Соны  жейміз.  Ал  болмаса 
болдырық  деген  бір  өсімдік  болады.  Басы  түймелеу  келеді. 
Соның  түймесін  ашсаң,  ішінде  тары  сияқты  дән  шашылады. 
Соны  тарыға  қосып,  диірменге  тартасың.  Содан  нан  жасайды. 
Ол нан және бірікпейді, қамыр болмайды. Қамыр болатын ондай 
клековина  жоқ  қой.  Біріне  бірін  біріктіретін.  Міне,  сондықтан 
бытырап  шашылып  жататын.  Сонда  да,  әйтеуір,  тостақанға 
салып,  біріктіріп  лепешка  сияқты  етіп  пісіріп  беретін,  соны 
жейтінбіз.  Міне,  солай  күн  көрдік.  Бидай  таусылған  уақытта, 
сол болдырықты тереміз. Оны тарыға қосып, диірменге тартып, 
нан қылып жейтінбіз. Ол-ашаршылықта бастан кешкен жағдай. 
1934-ші жылы бидай көп шықты да, содан кейін тұрмыс түзеле 
бастады.  Халықтың  жағдайы  жаңа  түзеліп  келе  жатқанда, 
1941  жылы  соғыс  басталып  кетті.  Соғыс  келгенде  халықтың 
жағдайы  енді  кейінгі  ұрпақ  білетін  шығар  ауыр  болды.  Барлық 
ауыртпалық  біздің  Қазақстанға  түсті  ғой  деймін.  Өйткені, 
Украинаны  алып  қойды,  Белоруссияны  алып  қойды,  Москваға 
тақап  қалды,  Сталинград,  қазіргі  Волгоград  соған  да  келіп 
қалды.  Содан  астықпен  қамтамасыз  етіп  фронтқа  астық 
жіберген,  киім-кешек  жөнелткен  осы  Қазақстан  мен  Сібір 
Алтай крайы, Омбы облысы; сондай-сондай бидай егетін жерлер 
еді.  Міне,  сол  кезде  халық  үлкен  қиыншылық  көрді.  Жұмыс 
ауыр  болды.  Колхозда  жұмыс  істеді.  Еңбек  күнге  беретін.  Ол 
кезде колхозда жалақы жоқ, еңбек күн жазады. Бір күн жұмыс 
істесең, бір күнгі еңбек күн дейді. Немесе ауыр жұмыс істесең, 

116
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
2  еңбек  күн  беретін.  Үш  еңбек  күн  беретін.  Жылдың  аяғында 
колхоз есеп жасайды да, еңбек күнге ептеп бидай береді. Еңбек 
күні  мысалы,  1  еңбек  күнге  1  грамм  бере  ме,  10  грамм  бере  ме 
колхоздың  бидайының  өсіміне  байланысты  береді.  Сосын 
бидайдың  көбін  фронтқа  жөнелтеді.  Өйткені,  қаншама  әскерді 
асырау  керек,  тамақтандыру  керек,  киіндіру  керек  деген 
сияқты.  Ал,  соғыстан  кейін,  қиыншылық  жағдай  болып,  елдің 
жағдайы  түзелуі  50-ші  жылдан  басталды,  жақсы  бола  бастады. 
Сонымен мен өз басым, мен қатарлы азаматтар менен үлкендер 
не  көрді?  Кейбіреулер  21-ші  жылғы  аштықты  көргендері  бар. 
Одан кейін біз қатарлылар 31-32-33 жылғы аштықты көргендері 
бар. Сосын соғыстың алдындағы қиыншылықтар мен соғыстың 
қиыншылығын  көргендер  бар.  Соғыстан  кейін  да  заман 
ауыр  болды.  Әсіресе  тамақ,  киім  жағдайы  кем  болды.  50-ші 
жылдан кейін түзеле басталды. Ал мен өзім соғысқа қатыстым. 
Москваны қорғауда болдым. Курскіде болдым. Біраз қалаларды 
босаттық.  44-ші  жылдың  аяқ  кезінде  жараланып,  соғыстан 
келіп,  станция  Қалғытан  темір  жол  бойы  мектебінде  мұғалім 
болып жұмыс істедім. Сондай жағдай, балам. 
Ашаршылық  кезінде  басқа  жаққа  көшіп  кеткен 
туыстарыңыз болды ма?
Ашаршылық  кезінде  біздің  елден  сыртқа  көшіп  кеткен, 
шет  елге  көшіп  кеткен  азаматтар  болған  жоқ.  Жалғыз-ақ 
көшіп  кеткендер,  олар  Омбы  жаққа  кетті,  Қызылту  ауданы 
дейді  қазір,  бұран  оны  Сибкрай  дейтін.  Сол  Сибкрайға,  Омбы 
жаққа  көшкендер  болды.  Ол  жақта  кішкене  бізге  қарағанда 
жағдайлары тәуірлеу болды. Ал бізде кішкене асыра сілтеушілік 
көп болды. Әлгі «асыра сілтеу болмасын, айыр тұяқ қалмасын» 
деген  сөз  бар  ғой.  Көбіне  соны  әлгі  шолақ  белсенділер  істеді. 
Шолақ  белсенділер  сол  малдың  артығын  күнкөріс  қыл 
дегеннің  орнына,  түгел  тартып  алған  жағдайлар  болды.  Міне, 
осыдан  барып  ашаршылық  болды.  Байларды  конфискациялау 
кезінде  де,  сол  асыра  сілтеу  болды.  Көбінесе  сол  өкіметтің 
заңын  түсінбегендіктен  болды  ғой  деймін.  Ал  Омбы  жағында 
ондай  болмады.  Ол  жақта  орыстар  көбірек  қоныстанған.  Бізде 
қазақтар  ашаршылыққа  ұшырады.  Өліп,  жол  бойында  көмусіз 
қалғандар  да  болды.  Сосын  тағы  да  адамдар  Сибкрайға,  Омбы 
жаққа  көшіп  кетті.  Сол  жаққа  кеткендер  соғыстан  кейін  50-ші 
жылдары қайтадан елге оралды. Сөйтіп ата қонысына қайтадан 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
117
көшіп  келгендері  бар.  Ал  бірақ,  бізден  біздің  ауылдан  шетелге 
қоныс  аударыпты  дегенді  өз  басым  естіген  жоқпын,  көрген 
жоқпын, білмеймін. 
Өзіңіздің  үйіңізде  мал  болды.  Сол  малды  тартып 
алды  ма?  Түгін  қалдырмай  тартып  алды  ма  сонда  малдың 
барлығын?
Малдың жайын мен нақты біліңкіремеймін. Біз 4 ағайынды 
едік  дедім  ғой.  Шешеміз,  әжеміз  болды.  Сол  әжеміз  ертеректе 
4 ағайындыны үлкен үй, отау үй қылып бөлді. Өзі екі ортаншы 
баласы  мен  үлкен  үйде  болды  да,  әжеміз  солардың  қолында 
болды.  Ал  кіші  үйде  әкеміздің  үлкен  ұл  мен  ең  кенже  ұлы 
болды.  Енді  біз  қауымдасып  отырып  малды  түгел  бөліп  бердік. 
Негізі  бізде  екі  үйде  бір-бір  сиырдан,  екі  сиыр  қалды.  Соның 
сүті  мен  күнкөріс  қылдық.  Оның  қалу  себебі,  мен  ойлаймын, 
анау  әкемнің  інісі,  айттым  ғой,  Атбасарда  қызмет  істеді  деп. 
Сол  кісінің  ықпалы  болды  ғой  деймін.  Соның  сүтімен  күн 
көрдік. Сосын тағы бақшамыз болатын. Бау-бақша салатынбыз, 
картоп  өсіретінбіз.  Біздің  әкейлер  өте  шаруақор  болды  өзінің 
сондай  шаруақорлығынан  ертеден  жер  жыртып,  егін  салыпты, 
колхоздан  бұрын.  Сосын  олардың  үлкен  емкіден  жасалған, 
емкіні  фаляр  дейді  қазір,  сол  емкіден  жасалған,  бөткесі 
болыпты.  Ол  бөтке  арбаға  артылған,  4  дөңгелегі  бар,  ағаштан 
дөңгелете  істеп  темірмен  қаптаған.  Соған  өгіз  жегіп,  далаға 
барып  жер  жыртып,  егін  салады  екен.  Біздің  сыртымызда  адыр 
бар.  Сол  адырдың  күнгей  жағына  жер  жыртып  қауын  егеді. 
Сол  қауынды,  бидайды,  соның  бәрін  сақтап,  қыстай  соны 
жеп  шығады.  Кей  жылдары  егініміз  жақсы  шыққанда,  анау 
бөткенің  іші  бидайға  толады  екен.  Қазір  Алғабас  деп  айтады, 
бұрын  Қарабидайық  дейтін  ауыл  болған.  Сол  Қарабидайықтан 
ағайындарымыз  қысты  күні  түйемен  келіп,  үйден  қап-қап 
бидай  алатын.  Ертеректе  колхоздандырудан  бұрын  сондай 
кәсіп  қылған  көрінеді  әкелеріміз.  Міне,  соның  арқасы  ғой 
деймін,  кейін  сол  ашаршылықты  біз  көп  көрген  жоқпыз. 
Бірақ,  шет  жағасын  көрдік.  Аш  құрсақ  болып  жүрдік,  тойып 
ішкен  жоқпыз,  рас.  Егін  шаруашылығымен,  малмен  сол  күн 
көріп  кеттік.  Біздің  елде  Қазкөскелде  ашаршылықтан  өлген 
адам  болған  жоқ.  Бәрі  сол  ептеп  Қоскөлдің  балығы  бар,  соны 
аулайды. Балық жер, оның сорпасын ішеді. Сосын жазғытұрым 
әлгі  көлге  құс  көп  келеді.  Үйрек  келеді,  қаз  келеді,  олар 

118
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
жұмыртқа  салады.  Соның  жұмыртқасын  теріп  алып  жейді, 
сосын  тұзақ  құрып,  үйрек  ұстайды.  Ол  да  тамақ.  Тұзақпен 
ұстайды,  мылтық  жоқ.  Соныменен  біздің  елде  қатты  жақтық 
бола  қойған  жоқ.  Біздің  тұрған  жерімізде  ашаршылық  күшті 
бола қоймаса да, аш құрсақ болып жүрдік.
Сұхбатты өткізген Айнұр Мажитова
Астана, 2010 жыл

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
119
Октябрьская Ирина Вячеславовна,
Тарих ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым Академиясы 
Сібір бөлімінің Археология және этнография институты 
(РҒА СБ АЭТИ), Этнография бөлімінің меңгерушісі
(Новосибирск, Ресей)
АЛТАЙ ҚАЗАҚТАРЫ: ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХ 
ЖӘНЕ БІРЕГЕЙЛІК МӘСЕЛЕСІ
Қазіргі 
әлемде, 
Ресей 
Федерациясының 
Қазақстан 
Республикасымен 
және 
Орталық 
Азияның 
басқа 
мемлекеттерімен  қатынастарының  тұрақтылығын  сақтау  және 
дамыту  тұрғысында,  Ресейдің,  Қазақстанның,  Монғолияның 
және  Қытайдың  мемлекеттік  шекаралары  тоғысатын  Үлкен 
Алтай  шекаралық  аймағында  қазақтар  мәселелері  жаңадан 
айтыла  бастады.  Бұл  ХІХ-ХХ  ғасырлардағы  Үлкен  Алтай 
маңайындағы  ресейлік  шекарада  орналасқан  қазақтар  тарихы 
зерттеудің  өзекті  екендігін  көрсетеді.  Бұл  қазақ  қоғамдастығы 
шекара  демаркациясы  процесімен,  отарлау  саясатымен,  ХVІІІ 
ғасыр  мен  ХІХ  ғасырдың  ортасындағы  Ресей  империясындағы 
әкімшілік  және  жер  реформаларымен  құралған  болатын. 
ХVІІІ  ғасырдан  бастап,  Ресей  шекарасы  әрі  қарай  шығысқа 
жылжыды.  Сібірде,  зерттеушілердің  пікірінше,  қалыптасқан 
әкімшілік-саяси аудандарды белсенді құрғанымен, айтарлықтай 
белгілемеген,  сондықтан,  аталған  аудандар  ұзақ  уақыт  айқын 
емес  және  белгісіз  болып  қала  берген.  Бұл  кезеңдегі  Ресейдің 
шекарасын  құрудың  негізгі  үрдістерін  Нерчинск  (1689  ж.), 
Буринск  (1727  ж.)  және  Кяхтинск  (1727  ж.)  ресей-қытай 
келісімдері анықтады. 
Қытай  мен  Жоңғария,  ал  содан  соң,  Ресей  мен  Цин 
империясының  қарсы  тұруы  келесі  кезеңде  макроаумақтағы 
этносаяси  жағдайды  анықтады.  Ол  ХVII  –  ХVIII  ғасырлардағы 
Сібірдің 
оңтүстігіндегі 
күрделі 
этносаяси 
жағдайдағы 
тіркелмеген  шекара  жағдайында  түрлі  мемлекеттік  және 
биліктік  құрылымдар  басып  алған  жерлерді  өздерінің  өмірлік 
мүдделерінің 
жерлері 
ретінде 
санаған 
«кондоминиум» 
жағдайының пайда болуымен байланысты болды. 
Циндік Қытай Жоңғар хандығын қиратқаннан кейін Ресей 
үкіметі  мен  Сібір  әкімшілігі  қазақтардың  ауқымды  көші-қон 
қозғалысына  кезікті.  ХVІІ  ғасырда  даланың  маңызды  бөлігін 

120
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
иемденген  Ұлы,  Орта,  Кіші  жүздердің  –  қазақ  хандығының 
құрылу  үдерісі  ХVІ  ғасырдан  бастап  белсенді  жүріп  жатты. 
ХVІІІ  ғасырдың  бірінші  жартысында  қазақтар  жоңғарларға 
белсенді  қарсы  тұру  нәтижесінде  жоспарлы  түрде  Оңтүстік 
Сібірдегі ресейлік ықпал ету аймағына жақындады. 
ХVІІІ  ғасырдың  бірінші  ширегінде  орын  алған  қазақ 
жүздерінің  Ресейге  қосылу  үдерісі  ұзақ  уақытқа  созылды 
және  қарсылыққа  толы  болды.  Бұл  кезеңде  Орталық  Азия 
мен  шектес  аумақтардың  басым  бөлігінің  этносаяси  картасы 
күрделі динамикалық құрылымға ие болатын. Оның құрылуына 
Жоңғар империясының құлауы шешуші рөл атқарды. 
ХVІІІ  ғасырдың  ортасында  қазақтардың  көші-қоны  иесіз 
қалған  Жоңғар  жерлеріне  тарады  және  бір  мезгілде  ресейлік 
ықпалған  ене  бастаған  Обь-Ертіс  өзендері  аралығын  басып 
қалды.  Қазақ  этносының  өмір  сүру  салтындағы  көшпелі 
экстенсивті  мал  шаруашылығына  (меридиандық  қоныстардың 
үлкен  амплитудасымен  және  жайылымдардың  маусымдық 
стратификациясымен)  негізделген  таулы-далалық  кеңістікті 
Ресей  құрамына  қосу  -  шаруалық  жер  өңдеушілік  отарлау 
стратегиясына  және  аймақтың  таулы-кен  ресурстарын  игеру 
жұмыстарына кері әсерін тигізді. 
Таулы  округтегі  «қазақ  мәселесін»  шешуге  байланысты 
ұзаққа  созылған  жанжалда  мемлекеттік,  өңірлік  биліктердің, 
жергілікті  құрылымдардың  мүдделері  қақтығысып  жатты. 
Ресейлік  билік  үлкен  геосаяси  және  сауда-экономикалық 
маңызы бар қазақ даласын игеруге мүдделі еді. 
Таулы  округ  және  Сібір  жолдарын  басқару  әкімшілігі 
қазақтарды  аталған  қоныстардан  басқа  жерге  ауыстыру 
қажеттігі  туралы  бірнеше  рет  мәлімдеді.  Бірақ  әкімшілік 
шаралар 
мен 
репрессиялық 
жарлықтарға 
қарамастан, 
қазақтардың  көші-қондық  қозғалысы  тоқтаған  жоқ.  Таулы 
округ  шекарасы  да  белгісіз  болып  қала  берді,  одан  тысқары 
жерлерде  көші-қондық  қозғалыстың  регламентациясы  үдерісті 
қиындатты. 
Бұл  кезең  Ресейдің  Сібір  аумағының  ресурстарын 
белсенді  игерумен  тұспа-тұс  келді.  Алтайдағы  тау-кен  ісінің 
бастамасы  1725-1726  жылдарға  жатады.  Осы  кезеңнен  бастап, 
тау-кен  ауданын  көшпенділерден  қорғау  мәселесі  басталады. 
Қазақтардың көші-қонын реттеу мәселесі, негізінен шекаралық 
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет