Салқынбай А. Б. Көккөзова М. Б



жүктеу 2.8 Kb.

бет6/8
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

”_ _ _ _ _ _ _ _ _
  – сөйлем 
============  
– ереже 
     – мағлұмат 
!  – күрделiрек тапсырма 
     – шығармашылық тапсырма” 
Бұл  шартты  белгiлердiң  әрқайсысының  түстерi  бөлек.  Ал 
оқулық iшiнде бұлар ерекше тайға таңба басқандай анық болып 
тұрады.  Ал  екiншi  бетiнде  Диқан  Әбiлевтiң  “Туған  тiл”  өлеңi 
жазылған:  
“Туған тiлiм – бабам тiлi – өз тiлiм. 
Туған тiлiм – анам тiлi – өз тiлiм. 
Туған тiлiм – данам тiлi – өз тiлiм. 
Туған тiлiм – адам тiлi – өз тiлiм”. 
Өлеңдi  жатқа  айту  керектiгiн  жазып  қойған.  Әрi  оңай,  әрi 
жаңа  мектеп  табалдырығын  аттаған  балаға  тiлiне  деген 
сүйiспеншiлiктi туғызатын бұл өлең өте орынды берiлген.   
 “Бастауыш  мектепте  қазақ  тiлiн  оқыту”  еңбегiн 
К.Бозжановамен  бiрге  1964  жылы  жарияланды.  Мұнда 
“Бастауыш мектеп оқушыларын оқу дағдысын үйрету төмендегi 
үш мақсатқа негiзделiп жүргiзiледi. 
1.  Текстi  оқығанда  сөздердi  бұзбай,  орын  ауыстырмай, 
дұрыс оқуға үйрету. 
2.  Текстi түсiнiп, саналы оқи алуға үйрету. 
3.  Текстi мәнерлеп, шапшаң оқуға үйрету. 
Бастауыш  мектептiң  оқу  сабағында  бұл  көрсетiлiп  отырған 
үш талаптың үшеуiне де оқушыларды бiрте-бiрте дағдыландыру 
қажет.  Олардың  қай-қайсысының  да  жүзеге  асырылуы  1-
сыныптан  басталады  да,  барлық  сыныпта  қатар  жүргiзiлiп 
отырады.   
Содан  кейiн  барып  шығарманы  дұрыс  оқуға  үйрету, 
мәнерлеп  оқу,  текстi  саналы  түрде  оқуға  дағдыландыру, 
мәнерлеп  оқуды  ұйымдастыру  жолы,  оқу  сабақтарын  өткiзудiң 
үлгiсi,  оқушыларды  емлеге  жаттықтыру,  грамматикалық 

 
84 
ұғымдарды  түсiндiру,  қазақ  тiлiн  оқыту  үстiнде  оқушыларды 
тәрбиелеу деген мәселелерге тоқталады.   
Қазақ  тiлiн  оқу  арқылы  оқушылар  тiл,  емле  туралы  бiлiм 
алып,  жазу  дағдыларына  үйренiп  қана  қоймады.  Олар 
грамматика  мен  емленi  оқу  үстiнде  ойын  жетiлдiредi,  тiлiн 
дамытып, iскерлiкке 
үйренедi. 
Әрине 
мұндай 
кезде 
оқытушының    да  көп  iзденуiн,  сабақты  жақсы  әдiс-тәсiлдермен 
өтуi, жалпы шеберлiгi қажет. 
Қазiргi кезде бiлiмдi дайын күйiнде беретiн дәстүрлi сабақтар 
– баладан ыждаhаттықпен тыңдап, берген тапсырманы мүлтiксiз 
орындауды  ғана  талап  ететiн  сабақтар  өмiрден  артта  қалып, 
мектептегi  сабақ  беру  үрдiстерi  күрт  жаңару  үстiнде.  Бұл 
“инновациялық”  деп  аталып  жүрген  үрдiстi  тәжiрибеге 
ендiрудiң  мәнi – оқу  материалын  оқушыға  дайын  күйiнде 
жеткiзу  емес,  оны  шәкiртпен  бiрлесе  шешудiң  түрлi  жолдарын, 
тәсiлдерiн iздестiру: яғни баланы талаптандыру, iзденiс арқылы 
олардың  бойындағы  шығармашылық  қабiлеттi  ояту.  Сабақ 
үрдiсiнде  осы  принцип  жүзеге  аспаған  жағдайда,  оқыту  құрғақ 
сөз  болып,  шәкiртiмiз  құр  ереженi  жаттау  мен  сөйлем  талдауға 
ғана  машықтанған  роботтарға  айналатындығына  көзiмiз  жетiп 
отыр.   
 Тiлдiң 
фонетикалық, 
грамматикалық 
құрылысына 
байланысты  материалдарды  оқу  оқушылардың  ой  өрiсiн 
кеңейтедi  деген  пікірді  әдіскер  ғалым  үнемі  еске  салып 
отырады.  Оқушылар  мұнымен  қатар  сөздердiң  iшкi  мағыналық 
ерекшелiктерiн 
де 
(бiр 
топ 
сөздердiң, 
заттың 
атын 
бiлдiретiндiгiн, екiншi топ сөздердiң сынды бiлдiретiндiгiн т.б.) 
аңғарады.  Бұл  мағлұматтар  оқушылардың  тiл  туралы  ұғымын 
байытып, ой өрiсiн кеңейтедi. 
Сөйлемге,  сөзге  байланысты  тақырыпты  өту  үстiнде 
оқушылар сөйлемдi, сөздi тiлдiк категория ретiнде танып ой мен 
ұғымнан  даралап,  бiлiп,  абстрактылы  түсiнiктердi  таниды.  Бұл 
да оқушылардың ойын дамытатын жай. 

 
85 
Сөздердiң  грамматикалық  топтарын  (заттың  атын  бiлдiретiн 
сөздер,  заттың  қимылын  бiлдiретiн  сөздер  т.б.)  сөйлемдердiң 
грамматикалық түрлерiн (хабарлы, сұраулы т.б. сөйлемдер) тану 
үстiнде  оқушылар  талдау,  топтау,  қорыту  әдiстерiне  төселiп 
жетiледi.  Талдау,  топтау,  қорытындылау – ой  жұмысының  көп 
жұмсалатын тәсiлдерi. Бұл тәсiлдердi меңгеру арқылы өздерiнiң 
ойлау қабiлетiн жетiлдiредi. 
 Оқушылардың  ой  өрiсiнiң    жоғары    болуына  тiл 
сабақтарында  пайдаланылатын  жаттығу  материалдарының  да 
әсерi  мол.  Сондықтан  жаттығу  материалдарының мазмұны  бай, 
әрi  тұрмыс  тiршiлiктiң  әр  саласын  қамтуға,  сөздiк  қоры  әр 
салалы 
болып 
келуге 
тиiс. 
Мұнымен 
бiрге 
мұғалiм 
оқушылардың өздерiне мысалды өмiрдiң әр саласынан келтiруiн 
талап  етiп,  соған  үйретiп  отыруға  тиiс.  Бұл  оқушылардың 
қиялын  жетiлдiрiп,  ширақ  ойлауға  үйретедi.  Өйткенi  олар  әр 
саладағы  тiршiлiктi  еске  түсiрiп,  көз  алдына  елестетiп,  содан 
мысал құрастыратын болады. 
Тiл  сабақтарын  оқу  арқылы  оқушылар  iскерлiкке  үйренуге 
тиiс.  Олар  жұмысын  ұқыпты,  таза,  әрi  ұтымды  әдiспен 
ұйымдастырып  iстеуге  төселедi – деп  жазады  ғалым  өз 
еңбектерінде.   
 Р.Әмір  мәтінді  дұрыс  оқуға  көп  көңіл  бөледі: “Оқушы 
қандай  болмасын  текстi  дұрыс  оқуға  дағдыланбайынша,  оның 
бiлiмдiк  және  тәрбиелiк  мәнiн  де  жете  меңгере  алмайды. 
Сондықтан текстi оқығанда оқушының әрбiр сөздi дұрыс айтуын 
қадағалап  отыру  керек.  Оқушының  шығармасы  я  текстi  қатесiз 
оқуы деген сөз: 
1)  Оқып отырғанда  сөз  iшiнен әрiптi, жеке  буынды,  не  сөздi 
қалдырып кетпей оқуы; 
2) кейбiр буынды не жеке сөздi қайталап оқымауы; 
3)  кейбiр  дыбыстардың,  сөздердiң  орнын  ауыстырмай,  сөздi 
бұзбай оқуы; 
4) орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жiбермей оқуы; 

 
86 
5)  текстегi  сөздердiң  мағынасына  қарай,  лайықты  дауыс 
ырғағын, интонациясын сақтап оқуы”.  
Оқушылардың  оқу  дағдыларын  байқау  жұмысын  жүргiзген 
кезде,  жоғарыда  көрсетiлген  талаптардың  орындалмайтын 
себептерiнiң әртүрлi екендiгi анықтайды да,  мынадай жолдарын 
көрсетедi: 
1) Оқу сабағындағы негiзгi мақсат – текстi дұрыс оқып шығу 
емес, одан ұққанын айтып берумен шектелуi; 
2)  Текст оқығанда мұғалiмнiң оқушыны қатты қадағаламауы; 
3)  Әрбiр  оқушының  оқу  темпiн  мұғалiм  жете  бiлмей,  кейде 
оны  асықтыруы  деп  нақты  көрсетедi  де,  мұғалiм  тарапынан 
“қайталап оқыту” талап етiледi. 
Ендi  қате  болдырмаудың,  болған  күнде  оны  қандай 
жолдармен түзету керектiгi жөнiнде былай дейдi: 
1.  Егер  тексте  бiр  сөздi  қайта-қайта  қайталап  оқыса,  ол 
жерде екi не үш рет жазылмағанын ескертiп айту; 
2.  Оқушы  жылдам  оқу  мақсатына  берiлiп,  сөздi  сөйлемдi 
дұрыс  оқымайды.  Сондай  кезде  қайтадан  қайталап  оқыту, 
қатесiн ескерту; 
3.  1-2  сынып  оқушылары  үшiн  оқылуы  қиындық  келтiретiн 
сөздерден  қате  жiбергенде,  сөздi  буынға,  буынды  дыбысқа 
талдау тәсiлiн қолдану; 
4.  Кейбiр  оқушының  қатесiн  түзету  үшiн  қатесiз  оқитын 
оқушымен бiрлесiп хор ретiнде оқыту;  
5.  Шылауларды  (да,  де,  та,  те,  мен,  пен),  сұраулы,  лептi 
сөйлемдердi,  қос  сөз,  қаратпа  сөздердi  қосып  оқып  жiбередi. 2-
сынып оқушысы грамматикалық ұғым алмағандықтан, олардың 
дұрыс оқылуын талап ету; 
6.  Ендi  бiр  оқушылардың  тарапынан  жiберiлетiн  қате  қазақ 
тiлiнде  кейбiр  бiрiккен  сөздердiң  оқылуы  мен  жазылуындағы 
өзгешелiкке  байланысты.  Мұндай  кезде  сол  сөздi  буынға, 
дыбысқа талдату арқылы жүзеге асыруға болады. 

 
87 
 
Бастауыш 
мектеп 
оқушыларының 
оқу 
дағдыларын 
жетiлдiруде  қойылатын  бағдарламалық  талаптың  бiрi – 
оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болатын. 
“Мәнерлеп  оқу”  деген  сөз – екiншi  түрде  айтқанда,  қандай 
текстi  болмасын  дұрыс  сөздердi  бұзбай,  сөз  қалдырмай,  аяғын 
жеп  қоймай,  әрбiреуiн  анық,  дыбыстарын  дұрыс  атап  оқуы. 
Текстi  саналы  түрде  түсiнiп  оқу  мәнерлеп  оқи  бiлудiң 
талаптарын  қамтыса,  керiсiнше,  оқушыны  мәнерлеп  оқуға 
үйрету, – қандай  текстi  болса  да  саналы  түрде  түсiнiп  оқуын 
қамтамасыз етедi, -деп жазады ғалым.  
Қандай  болмасын  мәтiннiң  мазмұнын  дұрыс  ұғып,  онда 
айтылғандарды  саналы  түсiну  үшiн  және  тыңдаушыға  дұрыс 
ықпал ету үшiн оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы мен 
мәнерiнiң де зор маңызы бар. 
 Еңбекте  мәнерлеп  оқудағы  құралдың  әрқайсысына  жеке-
жеке тоқталады:  
1.  Логикалық  екпiн – мағына  жағынан  мәнi  басым  сөзге 
ерекше екпiн түсiре айту. Ондай сөз оқылғанда басқа сөздерден 
өзгешерек,  өзi  не  болып  тұрған  мәнiн  аңғартарлық  дауыстың 
болуын тiлейдi.  
2.  Мәнерлеп  оқуға  үйретудегi  керектi  құрал – паузалардың 
(кiдiрiс)  орынды  болуы.  Тыныс  белгiлерiне  байланысты 
паузалар әр түрлi болып келедi. 
Пауза үш түрлi – грамматикалық, логикалық, психологиялық. 
Грамматикалық  пауза  тыныс  белгiлерiне  байланысты  болса, 
екiншi, логикалық пауза оқылып отырған сөйлемдегi мағынаны 
айқындаудағы мәнi зор сөздердiң немесе сөз тiзбектерiнiң, басқа 
сөздерден бөлiнiңкiремей, ой екпiнiнiң сазын бере айтылуы. 
3.  Мәнерлеп  оқуға  үйретудегi  тағы  бiр  керектi  нәрсе – оқу 
қарқынының бiр қалыпты болуы. Егер тез, жылдам оқудың жөнi 
осы  деп,  қандай  шығарманы  оқыса  да,  сөздердi  бiр-бiрiнен 
ажырата  алмайтындай,  үстемелеп  оқыса,  бiрiншiден,  түсiнiксiз 
болса,  екiншiден,  құлаққа  жағымсыз  болады.  Сонымен  қатар 
тым  сылбыр,  баяу  оқу  да  сөздердiң  және  текстiң  ұғыну 

 
88 
мүмкiндiгiне  нұқсан  келтiредi,  дауыстың  дұрыс  шығуына, 
жақсы  естiлуiне  де  кемiстiк  келтiредi.  Сондықтан  текстi 
оқығанда  оқушыны  орынсыз  асығудан  және  тым  сылбыр, 
кiбiртектеп оқудан сақтандырып отыруы керек. 
Р.Әмір  грамматикалық  ұғымдарды  түсіндіруге  терең  мән 
берген  әдіскер.  Грамматика  сөздердiң,  сөйлемдердiң  құралу, 
байланысу 
заңдылығын, 
амалын 
белгiлейдi. 
Сондықтан 
грамматика ұғымдарын оқушылар сөздердi, сөйлемдердi талдау 
арқылы таниды. 
Мұнда  әдiскер  грамматикалық  ұғымдарды  түсiндiруде 
оқушылардың  барлық  сезiм  мүшелерiн  (көру,  есту)  қатыстыра 
отырып  танытса,  сонда  ғана  ұғымды  игеру  оқушыларға  оңай 
тиетiнiн ескертедi. 
Грамматикалық 
ұғым 
бергенде, 
мұғалiмдер 
өтiлетiн 
категорияның  белгiлерiн  практикалық  жолмен  тиянақтап  жете 
танытудың  жолын  iздейдi.  Мысалы:  қос  сөздер  танытылатын 
болса,  оқушылар  олардың  қайталап,  қосақталып  келетiнiн, 
кейбiреуiнiң  алдыңғы  сыңарының  қысқа,  мағынасыз  бөлшек 
екенiн,  бiр  екпiнмен  айтылатынын,  жазылғанда  арасына 
сызықша қойылатынын байқап алуға тиiс. 
2-сыныпта  грамматикалық  ұғымдарды  тануға  жаттығулар 
үшiн мынадай жұмыстар ұйымдастырылады деп көрсетеді: 
1.  Жазба 
текстен 
тиiстi 
грамматикалық 
категорияны 
(қимылды  бiлдiретiн  сөз,  сұраулы  сөйлем  т.б.)  тауып  талдау 
сұрағын қою т.б. 
2.  Ауызша ойдан мысал табу, оны талдау 
3.  Ауызша  айтылған  сөзден  грамматикалық  категорияны 
тауып, талдау.   
Кiтаптың  өн  бойынан  бағалы  әдiстемелiк  кеңестердi 
кездестiруге  болады.  Бұл  кiтаптың  тағы  бiр  пайдалы  жерi 
балаларды  жалықтырмайды,  кез-келген  жерде  сұрап,  кейде 
жаздырып,  қайсыбiр  уақытта  тақтаға  шығарып  немесе  қызық 
әңгiмелер  айтып  сабақты  түрлендiрiп  отыруды  мұғалiмдерден 

 
89 
қатты  талап  етедi.  Және  оның  жақсы  үлгiлерiн  мысал  ретiнде 
түрлi әдiстер арқылы өз тәжiрибесiмен баяндап кетедi. 
  1971 жылы ғалым А.Асқаровамен бiрлесiп “II-III класс қазақ 
тiлi  оқулығына  методикалық  нұсқау”  шығарады.  Бұл  нұсқау 
орыс мектептерiне арналған. 2-класта оқытылатын бұл қазақ тiлi 
оқулығы 1970-71 оқу жылында жаңа бағдарлама бойынша қайта 
жазылады.  Мұнда 65 параграф  қамтылған.  Әрбiр  параграф  бiр 
сағат мөлшерiне өтуге арналған. 
Оқу  басталысымен,  алғашқы  үш  апта бойы  ауызекi сабақтар 
жүргiзiледi. Бұл алғашқы сабақтардың мазмұны төмендегiдей: 
1.  Сыныптағы  әрбiр  оқушының  қазақ  тiлiнен  қаншалық  сөз 
бiлетiнiн анықтайды. 
2.  Оқушыларға  таныс  дыбыстардан жасалған  қазақ  тiлiндегi 
сөздермен таныстырады. Ол үшiн кез келген жеңiл сөздердi ала 
бермей (жер, тау, дала), программалық талаптарға сай, оқулықта 
берiлген  материалдарға  сәйкес  сөздер  ғана  алынады  (терезе, 
доп, ал, бер, т.б.). 
3.  Оқулықта  берiлген  материалдардың  негiзiнде,  мұғалiмнiң 
көмегiмен,  сөз  мағынасын  түсiндiрiп,  сол  сөзге  сұрақ  қою, 
сұраққа  жауап  қайтару  және  қысқа-қысқа  сөйлемдер  құрау 
үйретiледi (мынау не? Ол – класс. Мынау не? Ол – терезе, т.б.). 
4.  Оқулықтағы  суреттер  бойынша  жүргiзiлетiн  жұмыс  тұтас 
сабақтың  ажырамас  бiр  бөлiгi  ретiнде  болады.  Жаңа  сабақты 
түсiндiру  және  қорытындылау  кезеңдерi  сол  суреттерге 
байланысты жүргiзiледi. 
5.  Әр  сабақта  түсiндiрiлетiн  жаңа  сөздердiң  жалпы  саны 
алты  сөзден  артпайды.  Бүгiнгi  үйретiлген  сөздер  келесi 
сабақтарда жаттықтырылып, жаңа сөздермен толығады. 
6.  Ауызекi  сабақтар  оқулықта,  тақтада жазылған сөздер  мен 
сөйлемдердi  оқуға  және  таныс  сөздер  мен  суреттер  бойынша 
сөйлем 
құрап 
айтуға 
негiзделедi. 
Ал 
жазу 
жұмысы 
жүргiзiлмейдi.  
7.  Ауызекi  сабақтар  кезiнде  ы  дауысты  дыбысының 
дыбысталу  ерекшелiгiне  көңiл  бөлiнедi  де,  орыс  тiлiндегi  ы 

 
90 
дыбысы  мен  қазақ  тiлiндегi  ы  дыбысының  жасалу  өзгешелiгiн 
салыстыра талдайды. 
 Р.  Әмір  бастауыш  сыныптардағы  тіл  дамыту  жұмыстарына 
да  баса  көңіл  бөледі.  Оқушыларға  қазақ  тiлiн  оқыту  жұмысы 
алдымен  сөз  танудан,  сөйлеуге  үйретуден  басталады.  Мектепке 
келген  бiрiншi  күннен  бастап  оқушылар  мұғалiмнiң  көмегiмен 
әр  сабақ  сайын  үйренген  жаңа  сөздерден  сөйлем  құрайды.  Сөз 
саны  көбейiп,  оқушылардың  сөздiк  қоры  молайған  сайын 
жүйелi,  мағыналы  сөйлемдер,  шағын  әңгiме  құрастырып  айтып 
беретiн  дәрежеге  жетедi.  Ол  сөйлемдер  мен  шағын  әңгiмелер 
оқушылардың  күнделiктi  көрiп,  бiлiп  жүрген  заттарымен, 
iстерiмен,  өмiрмен  байланысты  болып  келедi.  Оқулықта 
берiлген  материалдар  негiзiнен  оқушылардың  ауызша  және 
жазбаша  тiлiн  ширатуға,  жетiлдiруге,  дамытуға  арналған. 
Алдыңғы  сабақта  үйретiлген  сөздер  келесi  сабақтарда  үнемi 
қайталанып,  сөйлемдер  мен  шағын  текст  құрастыруға  көмекшi 
болады. 
Оқушылардың  тiлiн  ширатып,  дамытуға  шағын  өлең, 
тақпақтар  мен  жұмбақтарды  жаттату  пайдалы.  Ол  үшiн 
мұғалiмдер алдымен тақпақты мәнерлеп оқып бередi. Тақпақтың 
әр 
жолына 
тоқталып, 
оның 
мағынасын 
түсiндiредi. 
Оқушылармен  бiрлесе  отырып,  орысшаға  аударады.  Оқушы 
тақпақтың  мағынасын  жақсы  түсiнсе,  оны  мәнерiне  келтiрiп 
дұрыс  оқиды,  әрi  тез  жаттайды.  Сыныптағы  балалардың 
дарындылық  қасиетiн  ескере  отырып,  тақпақтың  ауыр-жеңiл 
түрлерiн  даралап  берiп,  оны  сыныпта,  мектепте  өткiзiлетiн 
кештерде айтқызуға болады. 
Оқушылар  текспен  бiршама  жұмыс  жасауға  үйренген  кезде, 
қызықты  мысал,  әңгiме,  ертегiлердi  оқып  беру  қажет,  ол – 
оқушыларды  елiктiрiп,  бiлуге  құмарлығын,  қазақ  тiлi  сабағына 
деген сүйiспеншiлiгiн арттырып, ой-өрiсiн дамытады. 
Грамматиканы  оқытуда  орыс  мектептерi  үшiн  болғандықтан 
екi тiлде де жете түсiндiре айтуды және мұғалiм сабаққа келерде 
грамматикалық  материалдарды  алдын  ала  жүйелi  жобаға 

 
91 
келтiрiп,  әр  сұрақтың  сырын  ашып,  таныта  бiлсе,  ондай 
материалдар  оқушылардың  ұғымына  жеңiл  қалыптасатынын 
баса айтады.  
 
Тiл  үйретудiң  негiзi – оқушылардың  сөздiк  қорын  байыту 
және сол сөздердi дұрыс айтуға дағдыландыру. Сондықтан қазақ 
тiлi сабағында бұл жұмысқа баса көңiл аударылуы тиiс. 
“Оқушылардың  сөздiк  қорына  текст  арқылы  енетiн  жаңа 
сөздердiң  мағынасын  түсiндiрiп  беру – iстi  бастапқы  қадамы 
ғана.  Мұғалiм  жаңа  сөздердiң  мағынасын  сурет  көрсету  немесе 
заттың  өзiн  көрсету  арқылы,  орысша  аудармасын  беру  арқылы 
түсiндiредi.  Жаңа  үйренген  сөздер  оқушылардың  есiнде 
сақталуы  үшiн,  ол  үнемi  қайталанып  отырылады”-  деп  жазады 
әдіскер-ғалым. 
Әдiскер сөз үйреткенде мағынасына қарай топтап үйреткендi 
жөн  көредi.  Бұл – өте  ұтымды  әдiс.  Осындай  жағдайда  бала 
есiнде берiк сақталады.  
Р. Әмір оқушыларды сөйлем құрауға үйретудің мәнісін, оның 
алғы  шарттарын  жақсы  танытқан.  Мұнда  мұғалiм  алдымен 
орысша  сұрақ  айтып,  оның  қазақшасы  қалай  болатынын, 
қазақша қалай жауап беру керек екенiн үйретедi. Сосын қазақша 
сөздердiң  түбiрi  мен  қосымшасын  ажыратып  түсiндiредi. 
Алғашында  қазақша  сөздермен  жұмыс  жасаған  балалар  оларды 
орысшаға аударады. 
“Сөйлемнiң  жаңа  өтiлген  түрiн  өз  бетiмен  құрауға 
оқушыларды  үйрету  үшiн  жаттығудың  мынадай  түрлерi 
пайдаланылады: 
1.  Сөйлемнiң  бiр  сөзi  түсiрiлiп,  оның  орнына  сұрақ  қойып, 
оқушы сұраққа сөз қосып, сөйлемдi толықтырып айту, жазу. 
2.  Орысша сөйлемдер, текст берiп, оны қазақша аударту 
3.  Оқушыларға бiр-бiрiне сұрақ қойдырып, жауап бергiзу 
4.  Текст оқытып, мазмұнын айтқызу 
5.  Сурет бойынша сөйлем құрастыру, әңгiме айтқызу”, - деп 
жазады ғалым.   

 
92 
Оқушыларды  жүйелi  сөйлеуге  үйрету  де    тіл  үдістемесінің 
негізгі  бағыттарының  бірі.  Тiлдi  меңгеру  сөйлемдердi  өзара 
ұштастырып  жүйелi  сөйлеу  дәрежесiне  жеткенде  кемелiне 
келедi.  Сондықтан  қазақ  тiлi  сабағына  оқушылар  тек  сөз  бiлiп, 
сөйлем  құрап  қана  қоймайды,  жүйелi  әңгiме  айтуға,  күрделi 
пiкiр бiлдiруге дағдыланады. 
“Оқушыларды  жүйелi  сөйлеуге  үйрету  үшiн  мынадай 
жұмыстар iстелiнедi: 
1.  Әңгiме, ертегi оқытып, оның мазмұнын айтқызу 
2.  Сурет бойынша әңгiме құрату 
3.  Көргендi, iстеген iстерi жөнiнде әңгiме айтқызу”. 
Әдiскер  жоғарыдағыдай  жұмыстардың  басты  мақсаты – 
оқушылардың  еркiн,  өз  сөзiмен  әңгiме  айтуға,  жүйелi  пiкiр 
айтуға  үйрету  деп  бiледi.  Бұл  үш  жұмысына  қарап  отырсақ, 
расында  балалардың  ойлау  қабiлетiн,  еркiн  сөйлеу  қабiлетiн 
көздегенi  байқалып  тұр.  Аталмыш  жұмыстар  мұғалiмнiң  сұрақ 
қою көмегiмен жүзеге асады. 
Қарап  отырсақ,  жоғарыда  әдiстеменiң  барлығы  мұғалiм 
шеберлiгiне  байланысты  екенiн  көремiз.  Н.Ә.Назарбаевтың 
“Қазақстанның  болашағы – қазақ  тiлiнде  және  тiлiмiздiң – 
мемлекеттiк  қызметте  де,  өндiрiсте  де,  ғылымда  да,  бiлiмде  де 
дәл  орыс  тiлiнiң  қолданылуындай  болып  қолданылу  үшiн 
қолдан  келгеннiң  бәрiн  iстеу  керек” – деген  тұжырымдары  бар 
екенi  белгiлi.  Қазақ  тiлiн  оқытуда  осы  тұжырымдарға 
сүйенгенiмiз жөн. 
Олай  болса  мемлекеттiк  тiл  тағдыры – қазақ  ұлтының  да 
тағдыры.  Қазақ  тiлiн  оқытудың  маңыздылығын  бүгiнгi  таңда 
өмiрдiң  өзi-ақ  көрсетiп  отыр.  Сондықтан  қазақтың  әр  сөзiн 
қонымды  әдiспен,  терең  оймен,  ажарлы  тiлмен  жас  өрендердiң 
санасына  жеткiзе  бiлу  үшiн  қазақ  тiлiнiң  мұғалiмi – өте  кемел 
адам  болуы  керек.  Ұлт  тiлiнiң  рухын  аспандататын  да, 
асқақтататын  да  осы  қазақ  тiлiнiң  мұғалiмдерi.  Жан  Жак 
Руссоның “Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенiң бақытын аялау, 
өзiңнiң  уақытыңды  аямау.  Бiрақ  бұған  өкiнбеу  керек,  жер 

 
93 
үстiнде  адам  тәрбиелеуден  асқан  абыройлы  iс,  ардақты  жұмыс 
жоқ.  Ұстаздық – ұлы  нәрсе”  – деген  байламы  өте  дұрыс 
айтылған тұжырым. 
Сөйтiп, 
Рақыш 
Әмiр 
Сәтұлының 
мақалаларындағы, 
кiтаптарындағы  әдiскерлiк  нұсқаулар  мұғалiмдерге  жоғарыда 
атап  көрсеткенiмiздей  нақтылы  көмек  көрсететiн  пайдалы 
көрсеткiш болып келедi.  
Адам тәлiм-тәрбиесiз, өнер-бiлiмсiз, iс-әрекетсiз өмiр сүрмек 
емес. Сол өмiрiнде ол өзiн қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, 
ата-ананың  ұлы-қызы  болғандықтан  халықтың,  Отанның  ұлы-
қызымын  деп  есептейдi.  Кiсiнi  сондай  саналы  ойға  баулитын, 
еңбек  процесiне  белсене  қатысуға  мүмкiншiлiк  туғызатын 
қарым-қатынас құралы – ұлы мәртебелi ана тiлi.  
Адам  бiлiмдi,  тәлiм-тәрбиенi  тiл  арқылы  алады, мәдениеттi, 
өнердi, ғылымды, техниканы тiл арқылы үйренедi.  
Тiл – ұлт  ерекшелiктерiнiң  бiрi,  ұлт  мәдениетiнiң  бiр 
формасы.  Сондықтан  онда  әрбiр  халықтың  ұлттық  сана-
сезiмiнiң, 
ойлау 
тәсiлiнiң, 
мiнез-құлқының 
нысаналары 
сақталады.  Халықтың  сондай  ерекшелiктерi,  мәдениетi,  әдет-
ғұрпы,  әдеби  мұралары,  оның  психикалық  қалпы  тiл  арқылы 
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.  
Ана  тiлi  мектепте  өтетiн  пәндердiң  оқу  материалдарын  әрi 
саналы түрде, әрi жеңiл игерудi қамтамасыз етумен қатар, тәлiм-
тәрбие  жұмыстарын  ойдағыдай  жүргiзуге  және  балалардың 
патриоттық, ұлттық сезiмдерiн дамытуға жәрдем етедi.  
 Сондықтан  да  қазақ  тiлiн  оқыту  әдiстемесiн  жетiк  меңгеру, 
оны  дамыту  әрбiр  педагогқа  жауапкершiлiк  жүктейдi.  Оның 
басқа пәндер сияқты оқушыларға қазақ тiлiнен бiлiм берудiң де 
өзiне  лайықты  әдiстерi  бар.  Ол  әдiстер  қазақ  тiлiнiң  өзiне  тән 
ғылыми  жүйесiн  оқыту  мен  одан  жүргiзiлетiн  практикалық 
жұмыстардың түрлерiне сәйкес болып келедi.  
Қазақ  тiлiн  оқыту – қазақ  әдеби  тiлiнiң  маңызын,  әдiс 
тәсiлдерiн,  амалдарын,  оқушыға  ана  тiлiнен  бiлiм  берудiң,  оны 
меңгертудiң  жолдарын  үйрететiн  ғылым.  Мұғалiм  ана  тiлiнен 

 
94 
теориялық  бiлiм  беру  арқылы  оқушының  өзiн  қоршаған  ортаға 
көзқарасын қалыптастырады.  
Қазiргi кезде қазақ тiлiн мектепте оқыту мәселесi төңiрегiнде 
таза  тәжiрибе  баяндалатын  еңбектермен  қатар,  қазақ  тiлi 
әдiстемесi  ғылыми  педагогикалық  тұрғыда  қарастырылып, 
мектеп  мұғалiмдерiне  көмекшi  нұсқау  сипатта,  монографиялық 
сипатта,  әрi  жоғары  оқу  орындары  студенттерiне  арналған 
оқулық сипатында жазылған еңбектер туды. Сондай еңбектердiң 
авторы  болып  жүрген  қазақ  тiлi  пәнiн  оқыту  әдiстемесi 
ғылымына  өзiндiк  ой-өрнегiмен,  тегеурiндi  тұжырымдарымен 
үлес  қосқан  әдiскер,  ғалым,  филология  ғылымының  докторы, 
профессор - Рақыш Әмiр Сәтұлы. 
 
 
Р.Әмір туралы жазылған мақалалар мен Р.Әмірдің 

1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал