Салқынбай А. Б. Көккөзова М. Б



жүктеу 2.8 Kb.

бет5/8
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 
Исатай  Кенжеғалиев  “Қазақ  тiлiнiң  тұңғыш  профессоры” 
атты  мақаласында  Қ.  Басымов  туралы    ғылыми  толық  пікірлер 
бар.   
 Қ.Басымовтың  балғын  шағы  шығармашылық,  қабiлеттiлiк  
пайда  болу  кезеңi  туралы, “Садақ”  журналында    нақты 
жазылған.  Белгiлi  ғалым  Тұрсынбек  Кәкiшұлы  Жазушылар 
одағы  кiтапханасынан  ұрланған  “Садақ”  журналын  талай 
жылдар  iздеп,  ақыры  Қалижан  Бекхожиннен  тауып,  сол 
журналды шығаруға қатысқан кiсiлер туралы, Басымов  туралы 
мәлiметтер  жинап  жүрiп,  оның  Қарағандыдағы  жұбайы  мен 
балаларын табады, 

 
72 
Сол  кездерде  баспасөз  бетiнде  қазақ  тiлiнiң  алфавитiмен 
бiрге жазу емлесiн жасау керек деген мәселе көтерілгені белгілі 
жайт.   Бұл  мәселенi  шешуге  А.  Байтұрсынов,  Қ.  Қарашевтар 
ерекше  атсалысып,  екеуi  екi  алфавит  жасады.  Профессор 
Кәкiшевтiң  ғылыми  зерттеу  еңбегiнде  Қ.Басымов  1916-1918 
жылдары “Садақ” журналының 15 шақты санының әрқайсысына 
3-5 мақала жариялаған деп жазады. 
  Қажым  Басымовтың  еңбектерiнiң 30-шақтысын  белгiлi  тiл 
маманы профессор Ш.Сарыбаев өзi шығарған библиографиялық 
көрсеткiштерде 
атайды. 
Қажымның 
өмiрi 
мен 
шығармашылығын  зерттеген  ғалым  И.Ұйықбаев  “Басымов 
еңбегiн  мұзтау  (айсберг)  секiлдi.  Бiзге  тек  үстiңгi  жағы  ғана 
белгiлi,  ол  су  астында,  яғни  көрiнбей,  беймәлiм  жатқаны  ұлан-
ғайыр”, – дейдi. 
Тiл  бiлiмi  тарихын  зерттеушi  Т.Қордабаев  “Қазақ  тiл  бiлiмi 
мамандарының алғашқы тобы 30-жылдардың бас кезiнен бастап 
көрiндi”  деп  жазды.  Ол  орфография,  морфология,  синтаксис 
салаларына  сүбелi  үлес  қосты.  Мысалы. “Латын  әрпiне 
негiзделген жаңа емлемiздiң құрылысы”, “Қазақ тiлiндегi  түрлi 
сөздердi”  жазылуы”  тағы  басқа  осындай  зерттеулерi  мен 
педагогикалық  жұмысы  үшiн  Қ.Басымов  доцент  атағын  алды. 
1930  жылдан  ол  Ақтөбедегi  ауылшаруашылық  жоғары 
мектебiнде,  мұғалiмдер  институтында  қазақ  тiлi  мен  әдебиетi 
кафедрасының  меңгерушiсi  болып  iстеген.  Бұнда  да  ғылыми 
жұмысын  жалғастырып  “Қазақ  грамматикасы  қалай  құрылуы 
керек”, “Тұрлаулы  сөздердi”  жазылуы  туралы”  көп  еңбегi 
көрiндi. 
Исатай Кенжеғалиев: Қажекенiң артында бай ғылыми, әдеби 
мұра қалды. “Қазақ”, “Айқап” газет – журналдардан бастап көп 
басылымдарда  еңбегi  жиналмай  жатыр.  Асыл  атамыздың  есiмi 
аталып,  рухы  қайта  оянса  екен.  Есiл  ердiң  бағы  жансын,-  деп 
жазады. 
Қажым 
Басымовты 
бiз 
бiлемiз 
бе? 
атты 
Рахмет 
Иманғалиұлының  мақаласына  келсек,  Т.  Кәкiшев  былай  дейдi: 

 
73 
1938  жылы 5-қаңтарда  Ақтөбенiң  пединститутында  жұмыс 
жасап  жүрген  профессор  Қажым  Басымовты  Алматыға  оқу 
комиссариатының  жоғары  мектеп    басқармасының  қазақ  тiлi 
мен  әдеби  тiлiнiң  методист–консультанты  етiп  тағайындайды. 
Қажым  өндiре  еңбек  етiп,  педагогика  училищелерiнiң  1,2,3 
сыныптарына  арнап  қазақ  тiлiнiң  бағдарламасын  мұғалiмдер 
даярлау 
курстарының 
қазақ 
тiлi 
бағдарламасын, 
қазақ 
мектептерiнiң  барлық  сыныптарында  орыс  тiлiн  оқытатын 
мұғалiмдерге 
арналған 
бағдарламаны 
жасаған. 
Мұндай 
дүниелердiң  бұрын  болмағанын  ескерсек,  Қажым  Басымовтың 
қосқан  үлесi  ерекше  деймiз.  1938  жылдан  Социалистiк 
Қазақстан, “Ауыл  мұғалiмi”  газеттерiне  жиырмадан  астам 
ғылыми  мақалалар  жариялаған.  Басқа  авторлармен  бiрлесiп, 
“Қазақ  тiлiнiң  емле  ережелерi”, “Орта  мектептерге  арналған 
қазақ тiлi мен әдебиетi” бағдарламасын редакциялауы бiр жылға 
жетер-жетпес  мезгiлде  атқарылған  жұмыстар  екенi  қайран 
қалдырады. 
Исатай 
Кенжеғалиевтiң 
“Қажым 
Басымұлы” 
атты 
мақаласында айтылған көп маңызды ойлар бар. 
 Қажым  Басымұлы  отызыншы  жылдар  басындағы  бiр 
мақаласында: “Шынында,  барлық  сөзiмiздiң  екпiнi  жалғыз  аяқ 
буында  келе  ме?  Жоқ,  ортасында  да  келедi.  Мысалы: 
төсенсейшi,  билейiн,  оқырман,  жасаңдар  деген  сөздердi  алсақ, 
екпiн  буыны  бiр  де  бiрiнiң  аяғына  келiп  отырған  жоқ.  Соңғы 
буынының  алдыңғы  буынына,  яғни  сөз  ортасына  түсiп  отыр” – 
деп өзiнен бұрын кең тараған қағидаға түзету жасады. 
Соңғы жылдары есiмi ескерiлмей кеткен лингвист-ғалымның 
ғылыми  мұрасын  бiршама  зерттеген  Шора  Сарыбаев  әкесi 
Шамғалидiң архивiнен табылған Қажымның өз қолымен жазған 
жәдiгер  есептi “Жұрнақтар”  атты  дәптердi  сөз  ете  келiп, 
ғалымның  айтылған  дәптерiмен  баспа  бетiн  көрген. “Қазақ 
тiлiнiң  жалғау-жұрнақтары”  деген  көлемдi  мақаласын  жалғау-
жұрнақтар  арнайы  қарастырылған  қазақ  тiл  бiлiмiндегi  тұңғыш 
зерттеулерге жатқызады. 

 
74 
Қажымның 
“Қос 
сөздердiң 
классификациясы 
яғни 
топтастырылуы”  берiлген  мақаласын  алайық.  Ғалым  мұнда  қос 
сөздерде  мағыналық  hәм  тұлғалық  жағынан  бiрнеше  топқа 
бөледi: 
1.  Екi  жағы  бiрдей  мағыналы  әрi  тұлғалары  бұзылмай 
қосарланып  айтылатын  қос  сөздер.  Қ.Басымұлы  бұларды 
айнусыз  қайталама  қос  сөздер  деп  атайды.  Мысалы:  ойлай-
ойлай, жүре-жүре. 
2.  Мағына hәм тұлға жағынан әр түрлi алдыңғысы мағыналы 
болғанмен,  соңғысы,  бұзылып  айтылатын  қос  сөздер.  Басымов 
бұларды  айнулы  қайталама  қос  сөздер  деп  атаған.  Мысалы: 
жылқы-мылқы, түйе-мүйе. 
3.  Екi жағыда толық мағыналы болып, тұлғалары бұзылмай, 
жалпы  заттың  атын  бiлдiретiн  сөздер.  Бұл  топтағы  қос  сөздер 
“жалпылы  заттық  қос  сөздер”  болып  аталған.  Мысалы:  құрт-
құмырсқа,  аяқ-табақ.  Мiне,  осындай  тәсiлмен  қос  сөздердi  жетi 
топқа жүйеленген. 
Қажым  орфография  мен  терминология  мәселелерiн  мұқият 
зерттеуiн бағалау жөн.  
Қажым әсiресе емле мәселесiмен көбiрек шұғылданды. Шын 
сауаттылыққа апаратын жолдың басы – орфографияның бар ер–
тұрманына  сай  ету  екендiгiн  ғалым  жақсы  түсiнген.  Қажым 
сияқты “астана қарындастың қамын ойлап, бiр таңда ұйқысынан 
үш  шошынған”  оқығандарымыз. “Қатесiз  жазу  үшiн  күрес, 
әдеби  тiлдi  өркендету  үшiн  күрес  екендiгiн  естен  шығармады. 
Оқуды  жеңiлдету,  оңай  сауаттандыру,  сөйлеу – жазу  тiлiн  бiр 
қалыпқа  түсiру  тiлiмiздiң  өркендеуiне,  мәдениетiмiздiң  гүлдене 
беруiне  жол  белгiлейтiн  iрi  мәселе  болып  саналады”, – деп 
жазды Басымов. 
Қ.Басымұлының  ғалымдық  еңбегiнiң  маңызды  бiр  қыры – 
оның педагогикалық мәселелерге бiлек сыбана араласуы. Ғалым 
мектепте,  жоғары  оқу  орындарында  қазақ  тiлiн  оқыту 
мәселесiне  көп  көңiл  бөлдi,  мектеп  өмiрiне  тiкелей  қатысып, 
сабақ  беру  тәсiлдерiн,  әсiресе  бiздiң  тiлiмiздiң  оқыту  сапасын 

 
75 
үнемi  назарда  ұстады.  Оның  бұл  саладағы  бiр  шоғыр  еңбегi 
кезiнде  мұғалiмдердiң  практикалық  жұмыстарына  зор  жәрдем 
болды. 
Қажым  Басымұлы  1939  жылы  ақпанның  он  сегiзiнде 
Мәскеуде  ұзаққа  созылған  науқастан  қайтыс  болды.  Қазақ  тiл 
бiлiмiнiң  тарихнамасы  бағытында  көзге  түсер  бiрден-бiр  еңбек 
профессор  Төлеубай  Қордабаевтың  “Қазақ  тiл  бiлiмiнiң 
қалыптасу, даму жолдары” кiтабында “Қазақ тiл мамандарының 
алғашқы тобы 30-жылдардың бас кезiнен бастап көрiндi”, – деп 
жазылды.  Осы  тұстан  бастап  Қ.Жұмалиев,  С.  Аманжолов,  Ш. 
Сарыбаев,  Қ.Басымовтардың  тiлiмiздiң  түрлi  мәселелерiне 
арналған мақалалары жариялана бастады.  
Шындығында,  Шамғали  Сарыбаев  пен  Басымов  Қажым  тiл 
бiлiмiне жиырмасыншы жылдардан бастап араласқан. Басымұлы 
ол  кезде  Ташкенттегi  университеттi  бiтiрiп  келген  жас  маман.  
Көп ұзамай, 1924 жылы “Тiлшi” газетiнде “Қосымшалар” дейтiн 
ғылыми мақаласын бастырды. Осыларды сараптай келiп, белгiлi 
тiл  маманы  Иманбай  Ұйықбаев  1958  жылы  “Халық  мұғалiмi” 
журналындағы  мақаласында  “Басымұлы  қосымшалар  туралы 
iлiмдi қалыптастырушы”, – деп қадап айтқан. 
 Қажым Басымұлының ғалымдық дүниесiн, мұрасын танытар 
арнайы еңбек – болашақ зерттеушiлер, әсiресе жастар қолға алар 
келелi iстiң 
бiрi. “Ақтаңдақтар” 
қазақ 
ғылымы 
үшiн 
жиырмасыншы  жылдармен  ғана  бiтпейдi.  Бiз  үшiн  сұрапыл – 
зұламат 
кезеңдi 
отызыншы-қырқыншы 
жылдары 
да 
тарихымыздан  жұлынып  тасталған  бiр  бет  елеулi  үзiк.  Ол 
үздiкте тiлiмiздi ұстартуда талай еңбек еткен профессор Қажым 
Басымұлының  да  есiмi  бар, – дейді  И.Кенжалиев  өзiнiң 
мақаласында. 
Ғалым  Қ.  Басымовтың  сонау  алғашқы  білім  алуға  ұмтылған 
шәкірт  кезінен  бастап  үлкен  ұстаз,  ғалым,  әдіскер  болғанға 
дейінгі  өмір  жолын  біздің  әр  қырынан  алып  суреттеуіміздің 
өзіндік  сыры  бар.  Міндет,  ғалымның  біртуар  тұлғасын  көрсету, 
өмір  бойғы  ұстаздық  тәжірибесінен  оның  сол  ғалымдық 

 
76 
тұлғасын 
айқындаудағы 
маңыздылығын 
және 
ғылыми 
әдістемелік  еңбектерінен  күні  бүгінге  дейінгі  қолданыстағы 
өміршеңдігін дәлелдеу. 
Ғалым  еңбектері  мектеп  немесе  жоғарғы  оқу  орнына  тіке 
барып,  тіке  келумен  жазыла  салынған  дүниелер  емес, 
төңкерістен  кейінгі  аумалы-төкпелі  заман  зардаптары  мен 
ауыртпалықтарын  бастан  өткере  жүре,  ғылымдағы  сан  түрлі 
кедергілерді кездестіре жүре жазылған дүниелер. Міне, осындай 
өмір мектебінен сүрінбей өткен, шыңдалып өскен Қажым қазақ 
тілі  тәрізді  бүтін  бір  ғылымның  теориялық  та,  әдістемелік  те 
жақтан  дамуына  орасан  зор  үлес  қосты.  Қ.Басымов  қай  жерде 
қызмет  етпесін,  кіммен  жұмыс  істемесін  тәжірибе  жинақтаудан 
әсте  жалықпаған.  Оның  тек  қана  өсу,  кемелдену  жолында 
болғандығын  жазба  мұрасына  қарап  отырып  анық  көруге 
болады. 
Ұстаз,  ағартушы,  әдіскер  ғалым  Қ.  Басымов  қазақ  тілі 
ғылымының  ардагері,  оны  оқыту  әдістемесі  ілімінің  негізгі 
қалаушылардың бірі деп саналады. 
Өмірінің  қырық  жыл  саналы  ғұмырын  ұрпақ  тәрбиесіне 
арнады, оның оқу өнегелік тәрбие мұраты мектеп қабырғасынан 
болсын, жоғарғы оқу орындарынан болсын лайықты білім алып 
шығуына  арналған  бар  саналы  өмірі  тек  ізденістерге  толы. 
Қ.  Басымовты  біз  сөз  етіп  кеткен  ғылыми-шығармашылық 
жолына,  ұстаздық  тәжірибелеріне,  ғалым  ретінде  қалыптасып 
танылуына келер болсақ, бұлардың әрқайсысы арнайы сөз етуге 
тұратын 
ғылыми-әдістемелік 
тақырыптардың 
өзектілігін 
көрсетеді. 
Қ.  Басымовтың  ұстаздық  қызметін  үнемі  шығармашылық 
ізденістерге  толы  болғандығы  бүгінгі  күнгі  оқу  әдістеме 
ілімімен  өзектес,  сабақтас  екендігі  әрі  оның  күрделі  әрі  терең 
талдауға негіз болғандығымен маңызды деп білеміз.  
Қ. 
Басымов 
“Грамматиканы 
оқыту 
жөнінде” 
деген 
мақаласында  грамматиканы  оқытудың  маңызына  тоқталып, 
оның  өту  әдісін  баяндайды.  Грамматиканы  оқыту  үстінде 

 
77 
оқушының  сөйлеу  тілі  де,  жазу  тілі  де  қабаттасып, 
грамматиканың 
әр 
тарауына 
ілесе 
өз 
уақытында 
жаттықтырылып отырады. 
Орта, орталау мектепті бітірген кейбір оқушының осы күнге 
шейін  не  өз  ойын  түсінікті  етіп  сөйлеп  бере  алмауы,  не 
дөңгелетіп  ойын  қағаз  бетіне  түсіре  алмауы,  грамматикадан 
оқытқан  мұғалімнің  кемшілігі  деп  көрсеткен  еді.  Грамматика 
көркем  әдебиетпен  байланыспай  тұрмайды.  Грамматика  мен 
көркем шығарма бірігіп бір-біріне көмек етеді. 
 Қ.  Басымов  “Қазақ  тілі  грамматикасы  туралы  мынадай 
әдістемелік  пікір  айтады:  Кітаптағы  көптік  жалғау  (зат  есімнің 
көпше  түрі)  тәуелдік,  септік  жалғаудан  соң  үйретілуі  әдіс 
жағынан  өте  қолайсыз  шыққан.  Көптік  жалғау  зат  есімнің 
көпшесін  үйретпей  тұрып,  көпше  зат  есімге  тәуелдік,  септік 
жалғауын жалғатып көрсету қате” деген пікірін білдіреді. 
Қажым  Басымовтың  “Орталау  және  орта  мектептерге 
арналған  қазақ  тілінің  жаңа  бағдарламасындағы  кейбір 
жаңалықтар”  туралы  мақаласына  тоқталып өту  оның  әдіскерлік 
қызметінің жаңа қырын танытады. 
“Жаңа  бағдарлама  жасалған  соң  да  бірнеше  рет  тіл 
мамандарының  қатысқан  мәселесінде  сыналып,  мінеліп, 
түзетілді.  Сонда  да  әлі  де  болса  түк  кемшілік  жоқ  деуден 
аулақпыз.  Көш  бара  түзеледі.  Қалың  оқытушы  жұмыс  үстінде 
ұшырайтын кейбір міндерін тапса, оның оқу құралы әділ білімін 
бағасын  арқылы  білдірулері  керек.  Келесі  басылуында  мінсіз 
болып  шығуына  көпшілік  пікірі  үлкен  көмек  болады”  деп 
есептейді. (Қ. Басымовтың осы еңбегі түпнұсқадан өзгертілмей 
берілді). 
 Қорыта  айтқанда,  Қ.  Басымовтың  ғылыми  әдістемелік 
еңбектері,  зерттеулері  болашақ  жас  ұстаздарға,  студенттерге 
үлгі,  мұра,  көмекші  құрал  бола  алатындығымен  құнды  екені 
анық.  
 
 

 
78 
Қ. Басымовтың негізгі ғылыми-әдістемелік еңбектері: 
 
Емлемізді  түзеу  туралы. “Еңбекші  қазақ”,  1929, 28 февраль, 
№ 48. 
Қазақ  тілін  өркендетудегі  индоевропашылдыққа  қарсы. 
“Социалистік Қазақстан”, 1933. 
Емле сөздігіне негізді тиянақ керек. “Жаңа мектеп”, 1930, № 3, 
22-27 беттер. 
Қазақ  әрпін  өзгерту  туралы. “Лениншіл  жас”,  1938,  12 
январь, № 6. 
Қысқарған  сөздерді  дұрыс  жаза  білейік. “Ауыл  мұғалімі”, 
1938, № 7-8. 
Түрлі-түсті  сөздердің  жазылуы  туралы. “Халық  мұғалімі”, 
1938, № 3-4. 
Грамматиканы  оқыту  жөнінде. “Ауыл  мұғалімі”,  1938,  №14, 
июль. 
Қазақ грамматикасының кейбір мәселелері. “Ауыл мұғалімі”, 
1938, № 11-12.  
Қазақ  тілінің жалғау-жұрнақтары. “Жаңа  мектеп”,  1930,  №6. 
26-52 бб.  
Қазақ  тілінің жалғау-жұрнақтары. “Жаңа  мектеп”,  1930,  №7. 
35-65 бб.  
Орталау  және  орта  мектептерге  арналған  қазақ  тілінің  жаңа 
программасындағы кейбір жаңалықтар туралы. ”, 1938. №10.  
Сөйлемнің  тыныс  белгілерін  дұрыс  жаза  білейік. “Халық 
мұғалімі”. 1939. №1.  
Сөйлем мүшесі туралы. “Ауыл мұғалімі”, 1938. № 21-22, 16-
25 бб.  
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. “Халық мұғалімі”, 1939. №7.  
Педучилищеде  сырттан  оқушы  мұғалімдер  үшін  оқу 
программасы мен методикалық түсіндірулер. Алматы, 1938. 
 
 
 

 
79 
ӘМІР РАҚЫШ 
 
Қазiргi кезде қазақ тiлiн мектепте оқыту мәселесi төңiрегiнде 
таза  тәжiрибе  баяндалатын  еңбектермен  қатар,  қазақ  тiлi 
әдiстемесi  ғылыми-педагогикалық  тұрғыда  қарастырылып, 
мектеп  мұғалiмдерiне  көмекшi  нұсқау  сипатта,  монографиялық 
сипатта,  әрi  жоғары  оқу  орындары  студенттерiне  арналған 
оқулық сипатында жазылған еңбектер туды. 
Осындай  еңбектердiң  авторы  қазақ  тiлi  әдiстемесiнiң  
мәселелерiн зерттеген,  профессор – Әмiр Рақыш Сәтұлы.  
Әмiров  Рақыш  Сәтұлының  балалық  шағы  халқымыздың 
басындағы  қиын  жылдармен,  сергелдең    кезеңдермен  тұспа-тұс 
келедi. Ол 1930 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысының Жамбыл 
ауданы  Жетiтөбе  (қазiр  Аса  деп  аталады)  аулында  туған.  Әкесi 
Сәт – мұғалiм, шешесi – Мiнәсiп үй шаруасындағы кiсi болған. 
 Рақыш  Сәтұлы  оқуды  Жамбыл  қаласында  бастап,  Отан 
соғысы жылдары туған ауылында жалғастырады.   
Ұстаз: “Тiлшi 
мамандығын 
қалауыма 
Ыбырайым 
Мамановтың  ықпалы  себеп  болды”, – дейдi.  Ы.Маманов – 
студенттермен  қоян-қолтық  араласып  жүретiн  көпшiл  кiсi 
болған. Ол кiсi 1 курстан бастап курс жұмысы ретiнде тақырып 
берiп,  үйiнен сирек  ұшырайтын  ғылыми кiтаптарды  әкеп  берiп, 
таныстырып, тiл бiлiмiне қызықтырады. 
 Қазақ 
мемлекеттiк 
университетiне 
түсiп, 
М.Әуезов, 
I.Кеңесбаев, 
Н.Сауранбаев, 
М.Балақаев, 
Ы.Маманов, 
Блюменфельд,  Үшаяқов,  Е.Исмайлов  сияқты    ұстаздардың 
шәкiртi  болғанын  Әмiр  Рақыш  тағдыр  берген  зор  сыйлық  деп 
есептейдi.  Р.С.  Әмiр  “Қазақ  тiлiндегi  жалғаулықтар”  деген 
тақырыпта  диссертация  жазып,  қорғап,  1955-жылы  филология 
ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болады.   
 1957  жылы  қазақ  тiлiн  оқытуды  жақсарту  мәселесiне 
арналған  республикалық  ғылыми-практикалық  конференция 
өтедi. Конференция қабылдаған ұсыныстардың мәнi зор болады. 
Қазақ  тiлiн  оқытудың  дәрежесiн  көтеру  бағытындағы  көптеген 

 
80 
күрделi  шаралар  жүзеге  асады:  бағдарламалар,  оқулықтар  жаңа 
сапада  қайта  дайындалды,  қазақ  тiлiн  оқытатын  сағат  саны 
көбейтiлiп, методикалық базасы күшейтiлдi.  Р.С. Әмiр   қазақ тiлiн 
қазақ,  орыс  мектептерiнде  оқытуға  қатысты  бағдарламалар 
дайындайды. I-IV сыныптарға 
арнап 
М.Балақаевпен, 
А.Асқарбаевамен, Ұ.Асыловпен, У.Жиенбаевамен, К.Бозжановамен, 
О.Бекбосыновамен  бiрлесе  отырып  жаңа  оқулықтар  шығарады. 
Әдiстемелiк құралдар дайындап,  мақалалар жазады.  
 Р.С.  Әмiр  1958  жылы  орыс  мектептерiнiң  II-IV 
сыныптарына  арнап  шығарған  “Қазақ  тiлi”  оқулығы  тiлдi 
үйретуде  практикалық  жолға  қоюдың  алғашқы  үлгiсi  болды. 
Орыс  мектептерiне  арналған  басқа  сынып  оқулықтары  да  осы 
бағытпен жазылды.   
Рақыш Сәтұлы  қазақ тiл бiлiмiнiң күрделi салаларының бiрi 
–  сөйлеу  тiлi  синтаксисiнiң  ерекшелiктерiн  зерттейдi.  Көп 
жылғы  зерттеулерiнiң  нәтижесiнде  осы  тақырыпта  докторлық 
диссертация қорғайды.   
 Сөйтiп  “Әдеби  тiлдiң  тiл  дами  келе  ауызекi  сөйлеуiмiздiң 
әдеби  түрiн  дамытатынына  көзiмiз  жетiп  отыр.  Тiл  дамуында 
ерсiлi-қарсылы  болып  жататын  осы  заңды  процестер  Р.Әмiр 
кiтабында жүйелi баяндалады” – дейді  Өмiрзақ Айтбаев.   
Р.Әмiр Қазақ тiлiн оқытудың мазмұны мен әдiстемесi саласы 
бойынша  бiрсыпыра  еңбектер  жазады.  Солардың  арасынан 
сөйлемнiң  бiрыңғай  мүшелерiн  оқыту,  әдебиеттi  оқытуда 
шәкiрттердi  шығарма  тiлiн  түсiне  бiлуге  үйрету,  бастауыш 
сыныптардағы  бағдарламалар  мен  оқулықтар,  бастауыш 
сыныптарда  қазақ  тiлiн  оқытудың  ғылыми-методикалық 
тақырыптары,  орыс  мектептерiнде қазақ  тiлiн  оқыту  әдiстемесi, 
орыс  мектептерiнiң II-VII сыныптарына  арналған  қазақ  тiлi 
бағдарламасы мен грамматиканы оқыту таблицаларын айрықша 
атауға тұрады.  
Осының  iшiнде  1993  жылы  “Қазақ  тiлi  мен  әдебиетi” 
журналының № 3 санында жарияланған “Қазақ тiлiн теориялық, 
практикалық 
жағынан 
тереңдетiп 
оқыту 
бағдарламасы” 

 
81 
мақаласын  және  осы  жылы  тура  осы  журналды”  №  10-11-12 
сандарында  жарық  көрген  “Жалпы  бiлiм  беретiн  мектептiң 5-9 
сыныптарына арналған қазақ тiлi пәнiнiң бағдарламасы” [Жоба] 
мақаласын ерекше  айтуға болады. Бұл мақалаларда әр сыныпты 
бөлек-бөлек өз алдына алып, баланың қабылдау санасына, ойлау 
қабiлетiне  байланысты  бағдарламаны  жасап  бередi.  Екiншi 
аталған мақаласында жоба жөнiнде бiр ауыз айтып өтедi: 
“Қазақ  мектебiнiң  оқу-тәрбие  жұмысын  қоғам  өмiрiнде 
болып  жатқан  саяси,  әлеуметтiк,  экономикалық  түбегейлi 
өзгерiстерге сай жаңартып қалыптастыру оңай iс емес. Ол үшiн 
ерен  жұмыс  керек.  Дегенмен,  соған  апаратын  әрекет, iзденiс 
Бiлiм  министрлiгi  мен  бiлiм  проблемалары  институтында, 
сонымен қатар мектептерде қолға алынуда. Қазақ мектептерiнiң 
жаңа  құрылымын,  жаңа  оқыту  мазмұнын  анықтауға  арналған 
тұжырымдамалар дайындалады.  Осы  құжаттар  негiзiнде “Қазақ 
тiлi  пәнiн  қоғам,  мектеп  реформасына  сай  жетiлдiру 
тұжырымдамасы” 
жазылып, “Қазақ 
тiлi 
мен 
әдебиетi” 
журналының бетiнде (1992, № 4) жарияланды. 
Ендi  жоба  ретiнде  оқытушыларға 5-9 сыныптарда  түпкi 
(базалық)  бiлiм  беру  мақсатын  көздеп,  қазақ  тiлiнен  алатын 
мәлiметтiң, дағдылардың бағдарламасын ұсынып отырмыз. 
Тұжырымдаманы оқыған мұғалiмдер қазақ тiлi пәнiне бүгiнгi 
қойылып 
отырған 
талаптармен 
таныс 
деп 
есептеймiз. 
Бағдарлама  сол  талаптарды  орындауды  мiндет  еттi – дейдi 
(3.76). 
Әдіскер  ғалымның  мектеп  бағдарламасына  сәйкес  арналып 
жазылған  мынадай  еңбектерін  көрсетуге  болады:  “3-класта 
бiрыңғай  мүшелердi  оқыту”, “Қазақ  тiлi  мен  әдебиетi  пәндерiн 
оқытуды жақсартайық”, “10-класқа сөз құрамын оқыту”, “Қазақ 
тiлiн 
тереңдетiп 
оқыту 
жөнiнде”, “Қазақ 
тiлiн 
орыс 
мектептерiнде  оқыту  методикасы”, “Бастауыш  кластарда  қазақ 
тiлiн оқыту”, “Қазақ тiлi оқулығын (3-класс) пайдалану жөнiнде 
методикалық  нұсқау”, “Орыс  мектептерiнiң 2-3 кластарына 
арналған қазақ тiлi оқулығына методикалық нұсқау”,  “1-класта 

 
82 
қазақ  тiлiн  оқыту”; “1-класта  оқушылардың  тiлiн  дамыту  үшiн 
iстелiнетiн жұмыстар”;  “Грамматика, емле, тiл дамыту”; “Қазақ 
тiлi”; “Қазақ  тiлi. 3 жылдық  бастауыш  мектептiң  1-класына 
арналған  оқулық”; “Қазақ  тiлi.  Сегiз  жылдық  мектептi”  1-
класына арналған”; “Қазақ тiлi. 2-класқа арналған”; “Қазақ тiлi. 
Грамматика,  емле,  тiл  дамыту. 2-класқа  арналған”;“2-3 –класқа 
қазақ  тiлi  оқулығына  методикалық  нұсқау”; “Қазақ  тiлi  орыс 
мектептерi  үшiн”; “Қазақ  тiлi. 3-класс  начальной  русской 
школы”; “Қазақ тiлi. 3-класқа арналған”;  “3-класс. “Қазақ тiлi” 
оқулығына  методикалық  нұсқау  (мұғалiмге  арналған  көмекшi 
құрал)”; “Қазақ  тiлi  оқулығына  методикалық  нұсқау  (орыс 
мектептерiнi” 3-класына  арналған)”; “Қазақ  тiлi. 4-класқа 
арналған оқулық”; “Қазақ тiлi оқулығы бойынша жаттығулар. 8-
сыныпқа арналған”;   
Әмiр  Рақыштың ғылыми-әдiстемелiк  еңбектерiнiң тақырыбы 
жан-жақты,  әр  салалы.  Мәселен, “Қазақ  тiлiндегi  шылаулар”, 
“Шылаулар  мен  демеулiктер”, “Көмекшi  сөздер”, “Жай 
сөйлемдер”  тiлiмiздiң  грамматикалық  құрылысына  арналған 
мәндi, мазмұнды, тың зерттеулер қатарына қосылады. 
Ғалымның  сөйлемнiң  бiрыңғай  мүшелерiн  оқыту,  әдебиеттi 
оқытуда  шәкiрттердi  шығарма  тiлiн  түсiне  бiлуге  үйрету, 
бастауыш 
кластардағы 
қазақ 
тiлiн 
оқытудың 
ғылыми-
методикалық  тақырыптары,  орыс  мектептерiнде  қазақ  тiлiн 
оқыту методикасы, орыс мектептерiнiң 2-7 кластарына арналған 
қазақ тiлi программасы мен грамматиканы оқыту таблицаларын 
айырықша атауға тұрады. 
 Ғалымның  серiк  авторлармен  Г.И.  Уәйiсова,  Ә.Е.  Жұма-
баевамен  бiрге  шығарған  “Қазақ  тiлi”  жалпы  бiлiм  беретiн 
мектептi” 2-сыныбына  арналған  оқулығы.  Оқулық 2-сыныпқа 
арналғандықтан  iшi-сыртының  суреттерi  мен  бояулары  ерекше 
көз  тартады.  Оқулық – оқытушы,  мұғалiм  үшiн  емес, 
шәкiрттерге арналып жазылатынын ұмытпауымыз тиiс. Сондай-
ақ  оқулықтың  алғашқы  бетiнде  мынадай  шартты  белгiлердi 
байқаймыз: 

 
83 

1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал