Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп



жүктеу 1.06 Mb.

бет7/9
Дата09.01.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қанжығалы елінің жобасына Құсайынға наразы болған өзге кісілер де қосылады. Олардың 

ішінде  «Сары»  деп  аталатын  рудың  басшылары  Нөгербек  Шабақұлы,  Омбыдағы  оқыған 

Қасқабастың  Жүнісі,  Тілеген  Қосарбайұлы,  Қара  Баубекұлы,  Өскенбай  Жолдыбайұлы, 

Мұхамеджан  Секербайұлы

47

,  айтқан  кісілердің  ішінде  Құсайынның  өзімен  аталас  жақын 



кісілері  де  бар.  Бірақ  олар  Құсайынның  халықты  аяусыз  ұстағанына  қарсы  болып,  одан 

бөлінгенін зор бақыт деп біледі. Жаяу Мұсамен бірігіп Құсайынмен қатты ұстасқан кісінің 

бірі  әсіресе  Шабақұлы  Нөгербек,  оның  Құсайынмен  ұстасқаны  бірнеше  жұмыстарда 

кездеседі.

48

  Бұлардың  бәрі  Құсайынның  жауыздығын,  оның  жемқор  ел  талағыштығын 



ашық  фактілермен  суреттеп,  Шақшан  болысының  одан  бөлінуінің  керектігін  жеткізе 

дәлелдеген.  Ол  фактілер  әсіресе  Жаяу  Мұсаның  арызында  төндіре  айтылған.

49

  Патша 


өкіметінің  орындары  алғашында  бұл  арыздарға  мән  бермей,  Құсайынды  қорғауға  алып, 

оның  үстінен  арыз  берген  Мұса  Байжановты  сотқа  тарту  керек  деп  шешім  шығарады.

50

 

Бірақ  көп  халық  тегеурін  көрсеткен  соң  оны  елеусіз  қалдыра  алмай,  ең  соңында  1883 



жылы  Ақпеттауды  екі  болысқа  бөледі:  бірінші  Ақпеттау  болысы  бұрынғыша  өз  атымен 

қалуды  екінші  одан  бөлініп  жаңадан  Шақшан  болысы  ұйымдасып,  Қарасар  бекетінен 

Ақкөлге  дейін  оның  жері  болып  саналады.

51

  Бұны  көрген  Жаяу  Мұса  жұлдызы  жанып, 



қуанышы  қойнына  сыймайды.  Бір-екі  жыл  Шақшан  елінде  нағашылардың  қолында  ән 

салып жүріп оларын қуантады.Одан кейін өзінің ескі жауы түбегейлі Мұстафа болысының 

қарамағында жүрген Далба елін түбегейлі боліп, жеке болыс істеудің соңына түседі. Бұл 

туралы  кең  бір  арыз  жазып,  оны  бірнеше  кісі  тобына  бөліп  көбейтеді.  Бірінші  арызды 

халық  өкілі  болып  сайланған  Әшім  Шонтайұлы  мен  Офан  Тәттібайұлының  атынан 

жазады,  екінші  арызды  Жұмабек  Дүйсенбіұлы  мен  Тастан  Бердібекұлының  атынан 

жазады.  Бұл  арыздардың  тексті  бірақ  түрлі,  оның  негізгі  нұсқасы  Жаяудың  өз  қолымен, 

оның стилімен жазылған Колпаковский атына жазылған бұл арызда не деген? «Ұлұғ ағзам 

атты  Сібір  уалаятында  әкім  етуші  генерал-губернатор  хазретіне  қазақ  Далба  елінің 

Жұмабек  Дүйсенбі  ұлынан,  Тастан  Бердібек  ұғлынан  арыз  наме.  Өткен  1877  жылы  жер 

атрабымызбен  Қаржас  руынан  шығып,  жер  пайдамыз  үшін  Далба  еліне  қосылып,  көп 

тыныштық көрген едік, өйткені бұрын Шорман ұғланларынден көп күшлік хорлық көрген 

едік.  Мал  жанымызға  ие  болмаған  едік.  Шорман  ұғландары  бізді  жер  атырабымызбен 

Далба елінен шығарып аламыз деген ниетін  біліп, Далба елі 1880-жылында орталарынан 

екі өкіл сайлап, Семейдің губернаторға арыз берген еді. Әскери губернатор Далба елінен, 

бір үй Баянаул (Қаржас) еліне шықпасын, және бір үй қосылмасын деп жарлық берген еді. 

Шорман  ұғланлары  әскери  губернатор  жарлығына  тоқтау  қылмай,  1882  жылында  Далба 

елін бөліп аламын деген соң біліп, генерал-губернаторға Әшім Шонтай ұғлы бірлан Офан 

Таттыбай ұғлына өкілдік етіп, арыз берген едік «ол өкілдерге тапсырған арыздың мазмұны 

                                                           

46

 Ф.64, оп.1, д.4025 



47

 Ф.64, оп.1, д. 4025, лл. 93-122 

48

  Ф.  64,  оп.1,  д.4125,  лл.  93-94  об.  Дело  по  жалобе  киргиза  Акпетовской  волости  Нугурбека 



Чабакова. ф.64, оп.1, д.2258). 

49

 



Ф.64, оп.1, д. 4025, лл.1-25, 38-39, 40-41, 48-52, 70-

83. 


50

 

Ф.64, оп.1, д. 4025, лл. 145-147 об, 149, 151.



 

51

 Ф. 64, оп.1, д.4025, л.46-46 об. 



71 

 

мына  түрде:  «Біздер  Баянауыл  кейін  (Ақкелін)  еліне  қосылуға  разы  емеспін.  Себебі  сол 



кім, жеріміз дөңгелек баршамыз. Далба деген жердеміз. Ол баршамыздың күзеу, қыстау, 

жайлаумыз  бәрі  бірге,  тыныш  едік.  Бұл  тұрғыда  біздің  ойлайтынымыз  жер  бұзылмаса 

екен,  егер  жер  шегі  бұзылса  жер  хақында  өмір  бойы  жанжал  көбейіп,  халық 

тынышсыздықта болмақ. «Әр болыстық өзіне тиісті жер туралы, оған мықты болыстар қол 

сұқпаса деп тілек еткен бұл арыздардың мазмұнын бұзып генерал-губернатордың кеңсесі 

оған  басқа  түрлі  ат  берген  «Прошение  доверенных  от  1008  кибитковладельцев 

Далбинский  волости  киргизов  О.  Таттыбаева  и  А.Чонтаева  о  не  причислении  киргиза 

Мусы  в  их  волость  (1883-1885).

52

  Демек,  Жаяу  Мұсаның,  Далба  елінің  жеріне  басқа 



болыстар қол сұқпаса екен деп жазған өтініштерінің орнына Далба еліне Мұсаны кіргізбеу 

керек»  деген  іске  айналдырған.  Кеңсе  бұлған  бұл  атқа  оның  ішіндегі  мазмұны  бүтіндей 

қарсы. Бұдан көрінетін шындық, патша үкіметінің жергілікті ұлықтары Жаяу Мұсаға өте 

сенімсіздік  пен  залымдық  көзбен  қараған.  Бұл  әсіресе  Семейдің  әскери  губернаторының 

Колпаковскийді  нандыру  үшін  10  декабрьде  1883  жылғы  жазған  баяндамасында  ашық 

көрінеді.  «Изложение  о  прошении  киргиза  Мусы  Байжанова,  поданом  вашему 

нысокопревосходительству в октябре 1883 г. донос не заслуживает никакаго вероятия, т.к. 

Байжанов  неодобрительного  поведения  заключается  по  многим  неблаговидным  делам, 

возбужденным  против  него  в  волости  (1884).  Семей  әскери  губернаторының  Жаяуға 

жапсырған сондай «қылмысының» бірі оны полицияға қарсылық істеді деп көрсету. Бірақ 

Семей  губернаторы  ояздың  елдегі  болыстардың  тіліне  еріп  Жаяуды  қанша  қудаласуда 

Колпаковский  кезінде  оған  ешнәрсе  істей  алмаған.  Қайта  Жаяу  Мұса  ол  кездегі  қырда 

жүргізілген саясатты жақсы түсініп Колпаковскийдің либералдың бағытымен пайдаланып, 

ояз  бастығын,  кейбір  болыстарды  өзінің  ашық  арыздарымен  әлсіретіп  отырған.  Оның 

генерал-губернатордың  атына  ақылмен,  үлкен  әдіс  пен  төндіре  жазған  арыздары  жәй 

қалмаған,  сол  кездегі  Павлодар  уезінде  сойқандылық  істеген  Фарафоновты, 

Доставоловты,  Нұрым  Теміровты  орындарынан  алып,  оларды  басқа  кісімен  өзгертуге 

бейімдеген.  Жаяу  Мұсаның  өткір  арыздары  елдегі  ата  мұрасын  қуалап  болыс  болған 

кісілерге де оңай тимеген. Олардың да көп заманғы мықты іргесін шайқап, өздеріне көп 

сенімсіздік  туғызған.  Соның  бірі  Нұрым  Теміров  пен  Құсайын.  Либерал-демократтың 

негізде  жұмыс  жүргізген  генерал-губернатор  Колпаковский  қазақ  ауылында  тыныштық 

орнату мақсаты мен Құсайын болысты орнынан алып, оны сотқа тартуға бұйырады. Дело 

по прошению А.Х. Бочтаева об отмене высылки отца Хусаина Бочтаева.

53

 Құсайын бұдан 



кейін көп заман, Колпаковский кеткенше, болыс бола алмай оның орнына кезекпен басқа 

кісілер  отыратын  болады.  Мұхаметжан  Секербаев,  Мәукей  Темірболатов,  А.  Жүндібаев 

онымен  қатар,  Жаяу  Мұса  Шақшан  мен  Далба  елін  олардың  таптауынан  босатып  өз 

алдына жеке болыс болудың жолын табады. Далба елі түбегейлі жеке болыс болған соң, 

өзгеге қарағанда да, мұнда демократиялық бағыт басымырақ болады. Мұның болыстарын 

патша  ұлықтарының  өздері  қудаламаса,

54

  олар  өз  қол  астындағы  кісілерді  қудалап, 



тынышын  кетірмеген. Сондықтан,  XIX  ғасырдың  сексенінші  жылдардың  соңынан кейін, 

Жаяу Мұса осы Далбадағы Қарағайлы бұлақ деген жерге келіп орналасып, өмірінің екінші 

жарымын осында, Ақшоқы деген қыстауында өткізеді. 

                                                           

52

 Ф. 64, oп. I, д. 4004



  

53

 Ф.64, оп.1, д.2302. 



54

 

Дело о выселении в административном порядке в Акмолинскую область киргиза 



Муслима Елевова, ф.64, оп.1, д. 2633

 


72 

 

Біз  бұған  дейін  Жаяу  Мұса  атының  халық  алдында  ең  алғаш  ардақталуға  себеп  болған, 



оның  жас  кезіндегі  қоғам  қайраткерлік  ісіне  тоқталып,  оның  ол  кезеңдерін  жарқын 

сипаттайтын көптеген архив деректерін келтірдік. 

Жаяу  Мұсаның  қартайған  шағындағы  өмірін  әдемі,  ашық  көрсететін  оның  дәптерлері, 

бала  күндегі  өз  көргендеріміз  және  оның  көп  туысқан  достарының  есінде  сақталған 

әсерлер. 

Бұлардың тобын қосып барласақ, XIX ғасырдың соңында Жаяу Мұса қауым тіршілігінен 

әбден  қажып,  бұрынғы  тасыған  жалынды  жүрегі  бірте-бірте  суи  бастағаны  байқалады. 

XIX ғ. соңғы 25 жылында ол жыл сайын кемінен бір өтініш жазып, халық мүддесін патша 

үкіметінің  жоғарғы  орындарына  жеткізіп  отырса,  1900  жылдан  былай  қарай  ол  ресми 

түрде бір ауыз сөз жазбаған, Жаяу Мұса жазды деген арыз, не өтініштер бұдан былай еш 

архивте кездеспейді. 

Саясат-әлеуметтік  істен  қажып  шаршаған  Жаяу  Мұса,  енді  көбінесе  ойға,  музыкаға 

беріліп, бұрынғыша өзінің шығарған өлеңдерін, халық фольклорының үлгілерін, музейге 

керек  болған  сирек  жолығатын  нәрселерді  жинап  жібереді.  Сондай  сирек  нәрсенің  бірі 

Олжабай батырдың «бүкір қылышы, оның сауыты, шарайна белдігі». Бұл айтқан нәрселер 

1900-жылдарға дейін біздің бабамыз Олжекеңнің кенже немересі Дулат ұлы Марғұланның 

қолында  сақталып  келген.  Жаяу  Мұса  ол  нәрселерді  қоярда  қоймай  жүріп,  сұрап  алып, 

Омбының  география  қоғамының  музейіне  апарып  тапсырады.  Ол  қазір  сонда  сақтаулы 

тұр. Бірақ одан қымбаттырақ нәрселерді бабамыз Мұсаға бермеген. Оның бірі Олжекеңнің 

бір  жарым  метрлік  «Сарала  туы»,  аспаннан  түскен  жауын  шақыратын  жайтас»,  XVIII  ғ. 

жазылған  әр  қайсы  екі-үш  метрлік  төрт  үлкен  сауаттар.  Мен  бала  күнімде,  ауылда  оқып 

жүргенде,  бұларды  әуес  қылып,  күн  сайын  қарап  отырған  күндерім  болды.  Сауаттар 

терліктей  қалың  сары  қағазға  бадырайтып  жазған,  бұрыштарында,  соңында  қызыл 

бояумен  түсірген  өрнек  жазулар  бар.  Араб  пен  орыс  харпын  жақсы  білетін  кезім,  бірақ 

былай қарап олай қарап, ешбір қарпын шығарып, оқи алмайтынмын. Кейін байқасам, ескі 

ұйғыр  харпымен  жазылған  құба  қалмақ хандарының  сауаты  екен.  Бір  өкінішті  жері,  бұл 

тарихи ескерткіштерді шешемді ренжітіп ала алмай, Ленинградта оқуда жүргенде шешем 

қайтыс болып (9-10) айтқан нәрселер сол кісімен бірге жоқ болды. Олармен байланысты 

есте  қалған  нәрселер  емшегі  іскен  жас  әйелдер  «жай  тасты»  қыздырып  төсіне  басқанда 

ісіктері  қайтты  -  деп  жүретін,  босанған  әйелдер  қиындық  көргенде,  туды  сұрап  апарып 

бетін желпіндіріп отырғанын талай көрдім. 

Алыстағы  ауыздар  ту  шетінен  қиып  беруді  сұрап  келудің  көп  болуынан  оның  бір  шеті 

мүлде ойылып тұратын. Бұл нәрселерді тегісімен Жаяуға бергенде, олар осы күнге дейін 

Омбы музейінде сақталып тұратын еді. 

Жаяу  Мұса  өзінің  Қазан  дәптерінде  музейге  тапсырған  «Бүкір  қылыш»-тың  тарихты 

өлеңмен жазып, оның қайдан шыққанын суреттейді. Бұл қылыш дейді - 707 жылы (1329) 

Қабыл қаласында жасалған, бері кел ол Әмір-Темірдің қолында болып ол оны киелі қару 

деп  Қожа-Ахмет  Иассауидің  мешітіне  берген  Жоңғар  шабуылына  дейін,  қылыш  сонда 

сақталып  тұрады.  Ақтабан-шұбырынды  кезінде  ер  Олжабай  Жоңғар  әскерін  Түркістан 

қаласынан қуып шыққанда, Самеке хан қылышты Олжабайға сыйға тартқан дейді.

55

 Жаяу 


Мұсаның  Қазан  дәптеріндегі  негізгі  еңбегі  «Ер  Олжабай»  деген  оның  көлемді  поэмасы. 

                                                           

55

 

Қазан дәптері. №1288, 17-18-33 беттері



 

73 

 

Бұл  дәптер  тегісімен  Олжабайдаң  Едіге  бидің,  Абылайдың  жоңғарға  қарсы  жорығына 



арналған.

56

 



Жаяу  Мұсаның  бұл  кезде  ой  ісімен  шұғылданғанын  көрсететін  жазулардың  бірі,  оның 

қазақ шежіресіне көңіл бөлуі, оның кейбір үзіктерін өзінің дәптерлеріне жазып отыруы.

57

 

Орта  жүз  шежіресіне  тоқталып,  қара-кесек  пен  тобықтының  қалай  шыққанын  өзге 



жазушылардан басқа түрде сипаттайды.

58

  Жаяу  Мұсаның  көп  ой  бөлген  мәселесінің  бірі 



ежелгі  дәуірдегі  қазақ  календары,  жыл  аттары  (он  екі  жұлдыз),  оның  қазақ  тіршілігімен 

байланысты кезеңдері. Бұл ойларын Мұса «Жұлдыз» деген өлеңінде суреттеген. Жырдың 

басталуы былай:  

Күз басы ол сентябрь  

Болмаса бұлттан бір тамыр  

Алты айға созар барлығын  

Жақсылық шаруаға өзің бер. 

 

(Омбы география қоғамының кітапханасы, Жаяу Мұса қолжазбалары). 



Жаяу Мұсаның дәптері бойынша, аспандағы жұлдыз, ай туралы ол ауылдағы молдалармен 

айтысқа  түсіп,  жаратылыста  болатын  заңдылықтарды  ғылым  тұрғысынан  түсіндірмекші 

болады.  Қазақта  «ақпа  жұлдыз»  деген  бір  ұғым  бар.  «Түнде  төбеден  жұлдыз  ағып  өтсе, 

қазақтар оны екі түрлі жориды: бірі-бір адам дүниеден көшті, жұлдызы ағып жерге түсті 

деп  беттерін  сипайды;  екінші  жағы  тұрғы  көк  қақпасы  ашылды»  деп  осы  кезде  аспанға 

қарап  қол  жайса  тілегі  қабыл  болады  дейді.  Қазақтар  жұлдызды  балалар  ойнайтын 

жарқырауық  кішкене  асыл  тас  тәрізді  көреді,  оның  тек  алыстағаны  кіші  көрінетінін 

білмейді.  Жұлдыз  үлкен  зат,  егер  сол  қалпымен  ол  жерге  түсетін  болса,  жерді  ойран-

топыр  қылып,  талқанын  шығарар  еді.

59

  Мұндай  терең  түсінуді  Жаяу  Мұса  газет-



журналдан басқа Шоқанды, А.Н. Северцовты көп тыңдаудың нәтижесінде білді деу керек. 

Өйткені  Черняев  экспедициясымен  1863-1864  жылдары  Алматыда,  Пішпекте,  Меркеде 

салық  құрып  жатқанда,  ол  ғалымдардың  әскер  алдында  күн  сайын  сөйлегені  көбінесе 

осындай ғылыми, тарихи мәселелер болған.

60

 Жас өмірін көп уақыт қалада өткізіп, европа 



мәдениетінің дәмін татқан Жаяу Мұса кейде елегізіп, ауылдағы бір қалып өмірмен отыра 

алмайды. Баянаула, Далба тауларын аралап келген геологтармен, ботаниктер мен кездесіп 

оларға кен туралы, ол жердің өсімдігі туралы көп жаңалықтар тауып береді. Жаз күндері 

болғанда жанына қоржын байлап алып, күні бойы тау ішін кезіп, көк тастың сынықтарын 

тереді. Ащы өзені бойындағы Хан-сүйегі деген жерді аралап жылтыр қара тас тереді. Бұл 

қозы  бауыр  қара  тас-тас  көмірдің  өзі  осы.  Бұл  жерде  бір  кезде  завод  болуға  тиіс  дейді 

баласы Салыққа. Бұл жерді геолог Б. Ораэге көрсеткенде, ол кісі Жаяудың қолына естелік 

хат беріп кетеді. Ондағы жазғаны:  «Мұса Байжанович указал каменно-угольную руду на 

урочище Сары-Адыр. 23. 10. - 1899 г.» 

                                                           

56

 

Қазан дәптері. №1288, 18-52 беттері



 

57

 



Қаржас шежіресі, Қазан дәптері, 46-47 б.

 

58



 

Орталық Ғылыми кітапханасы, редкий фонд, 1420, 

45 б.  

59

 Орталық Ғылыми кітапханасы, қолжазба қоры, 



60

 Ч.Ч.Валиханов. Собр. соч. T.IV. С. 435-442, 443.

 


74 

 

Далбаның Едіге деген тауында темірдің тотығы сыртына шығып жатқан ескі кен болатын. 



Жаяу  Мұса  одан  бір  қоржын  тасты  үйіне  әкеліп,  балғамен  үгіп,  сумен  шайып,  Қанды-

Қарасу заводының қожасы Деровке апарғанда, ол Мұсаны үлкен сыймен қайтарады. 

Елге шыққан ғалымдармен қатар Жаяу Мұса қала ғалымдарымен де байланысты болуды 

жақсы  ұнатқан.  Ол  ең  алдымен  Семейде  тұрған  белгілі  талым,  қазақ  халқының  тарихы, 

этнографиясы туралы көп жазған, Абайдың досы Н..Я. Коншинмен байланыс жасап, оған 

өзінің  қолжазбаларын  жіберіп  отырады,  хатты  бірінші  рет  жазған  Н.Я.  Коншин.  Оған 

қарағанда ол кісі Жаяу Мұсаны сырттан жазған хаты бізге дейін сақталып жетпеген, бірақ 

мазмұны,  жіберген  мезгілі  Жаяудың  дәптерінде  жақсы  сақталған  ол  туралы  Мұса  былай 

дейді: 

«Секретарь  Статистический  бір  мың  тоғыз  жүз  бірінші  жылы  бір  жүз  отыз  нөмірінде 



жазып жіберген». Қолжазбаларының бір тобын Н.Я. Коншинге жіберіп Жаяу Мұса оның 

далада бос қалмауын өтініп, оған өлеңмен былай дейді: 

Жібердім осы өлеңді сізге жазып  

Сіздердің тілеуіңді қазақ ғаріп,  

Қазақ жұрты әуелде қараңғы еді  

Бұл күнде дүние жүзі болды жарық  

 

Екінші бір өлеңінде:  



Атпекет Коншин затың ақылың дана  

Әрқашан құдай болсын сізге пана  

Екінші бізден керек бәит болса  

Хабарын жеткізіңіз хатқа сала. 

 

Өзінің  дәптерлері  бойынша,  Жаяу  Мұсаның  жазысып  тұрған  кісілері  аз  болмаған.  Ол 



Омбыдағы  А.Н.  Седельников  пен  Томдағы  А.Е.  Кузьминмен,  Мәскеудегі  Горашиа 

Картермен  жазысқан  (Горашианың  адресі:  «Москва,  Б.  Лубянка,  д.  14»  деп  дәптеріне 

тіркеп қойған). 

Ол  жұмысына  көңіл  бөлумен  қатар  Жакеңнің  ауылдағы  сүйетіні,  қызықтап  ләззәт 

алатыны  аңшылық,  серілік,  сауық  құру,  уақытын  думанмен  өткізу  болған.  Жәкең 

аңшылық  өнерінің  көбінің  соңына  түскен,  мылтық  ату,  тазы  жүгірту,  саятшылық  құру. 

Бұл соңғылардың ішінде Жаяу Мұсаның аса қызықтап соңына түскені жаз-күні айларында 

қаршыға,  лашын  салу,  қыс  күні  бүркіт  аңшылығымен  шұғылдану  тегінде  қырдың  таулы 

жерлерінде екі үйдің бірі бүркітсіз болмайтын. Бүркіт салатын аңдар түлкі, қоян, қасқыр, 

сайғақ.  Бұл  аңдардың  ол  кезде  таңынан  жыртылып  жүретін  жерлері  әсіресе  Арқаның 

Оңтүстік таулары Ақшатау, Бектау-ата, Бұғылы, тағылы Айыртау, Тайатқан Шұнақ, тағы 

басқалар.  Жердің  алыстығына  қарамай  қыстың  қоңыр  күз  болып  тұратын  кейбір  серілер 

топталып  жеке-жеке  қос  болып,  самғаған  көп  бүркіттерімен  аң  аулауға  «салбурынға» 

шығады.  Олардың  баратын  жерінде  қысты  күні  қостап көп  жылқы жатады,  онда  қасқыр 

да, түлкі де көп болады. Бірнеше уақыт сонда жатып қасқыр мен түлкіні қырып, олардың 

мұрындарын  салақтатып  еліне  алып  келеді.  Жаяу  Мұса  да  осындай  «салбурынға»  аз 

қатынаспаған.  Қыс  күні  ел  аралап  жүріп  бүркіт  салатынын  Жаяу  Мұса  Н.Я.  Коншинге 

жазған. 


Жаяу Мұса қыран құстың тілін жүйрік білген, тамаша саятшы, құсбегілердің бірі болған. 

Сондықтан  ол  қыран  құстарды  өзі  ұстап,  өзі  баулып  үйрететін  болған.  Сұңқар  тектес 

қыран  құстармен  шұбар  қаршығалардың  көп  жүретін  жері  күнбатыс  Сібірдің  қою 


75 

 

ормандарының  іші.  Кейде,  Сібірде  суық  қатты  болған  жылдары  олар  Баянаула,  Далба, 



Қарқаралы,  Қуу  тауларының  ормандарын  қыстап  шытады.  Қырдағы  саятшылардың 

бақылауынша, қыран құстардың  бұл мінезі күз айларының өзінен белгілі бола бастайды. 

Олар күз айларының өзінде бұл таулардың ішінде қаптап жүреді және мінезі, ұшуы басқа 

жылдардағыдан  өзгеше  болып,  алас  ұрған,  қан  ішерлік  қырып  салатын  мінездер 

көрсетпейді.  Қыс  қорек  ететін  жемін  сырттан  бақылап,  соның  көбірек  жолығатын  жерін 

сығалап жүреді. Олар көбінесе қоянның, орман ішіндегі тышқанның көп жері. 

Не  заманнан  бақылаған  осы  тәжірибесі  бойынша  Жаяу  Мұса  қыран  құстарды  алыстан 

іздемей, оларды өзі отырған Далба, не оған көрші тұрған Қуу, Дегелең тауларының ішінен 

ұстап,  өз  қолымен  тәрбиелеп,  баулитын  болған.  Аңшылықпен  байланысты  қысқаша 

бажайлар  Жәкеңнің  дәптерінде  ауық-ауық  кездесіп  отырады.  Соның  бірі  жаз  күні 

бүркіттің түлегені. Ол туралы Жәкең былай деген: «1916 жылы, июннің 28- күні бүркіттің 

тұяғы мен бір қанаты түсті» - демек бүркіт түледі, ескі қанатын, ескі тұяғын түсірді, енді 

жаңа қанат, жаңа тұяқ шығып күшейді - деген үмітте болады. Сол жылы «Декабрьдің 24-

күні екі үкі, бір қоян түсті» деп жазады. Бірақ оларды немен, қалай ұстағанын айтпайды. 

Қазақ тіршілігінде, әсіресе қызы көп үйлерге үкі асырау бұрын халық салтының бір түрі 

болған. 


Үкі оларға сұлулық, әшекей үшін керек болған. Сондықтан бір шоқ үкінің өзін олар өте 

қымбат  бағамен  алудан  мойымаған.  Жаяу  Мұсаның  үкі  алдыруы  халықтың  үкіге  құмар 

болуының  ашық  бір  суреті.  Тазы  аңшылығымен  байланысты  дәптерінде  тағы  былай  деп 

жазады:  Июньнің  13-күні  ақтазы»  ұйықты,  тағы  сол  жылы  «декабрьдің  28-күні  көк  тазы 

күшіктеді,  үшеуі  еркек,  екеуі  ұрғашы.  Алдыңғы  туғанына  және  ұрғашыларына  жіп 

тақтым». Қысқа-қысқа жазылған қарапайым сөз болса да, одан Жаяу Мұсаның аңшылыққа 

жүйрік  тазыға  құмар  болғаны  аңқып  көрініп  тұр.  Және  ол  өзінің  көп  жылғы  тәжірибесі 

бойынша, алдыңғы туған күшік пен ұрғашы күшіктердің өзгесінен артық болуына кәміл 

сенеді, сондықтан басқа кісіге бермеу үшін оларды белгілеп, мойнына жіп тағып қояды. 

Жаяу  Мұса  осылай  аңшылық,  серілік  қызығына  түссе  де,  тоқсаныншы  жыл  мен  1900 

жылдар арасында ол тағы да үлкен соққыға ұшырайды. Бұл жылдары оның жақсы көрген 

көп  үміттенген  екі  баласы  Бөрібай  мен  Зікен  шешектен  қайтыс  болып,  алпыстан  аса 

бастаған Жәкеңді қатты күйзелтеді (дәптерінде): Бөрібай кетті бу дерттен, Зікен де кетті 

бұл дерттен, берсеңші тәңірім артын). Бірақ тәңірі оған артын бере қоймаған. 1900 жылы 

аяулы  жұбайы  Сапар  отыз  жеті  жасында,  өзі  жоқта  қайтыс  болып,  Жаяуды  мүлде 

күңірентіп, зар қақсатқан. Жыр Сапарға:  

Жатырмысың ей, Сапар,  

Топырақпен пара-пар,  

Қара шымды жамылып,  

Қалғаның ба гүл-ғизар?  

Жаңа келдім қасыңа  

Абдысалық қасымда,  

Топырақ басып қалыпты  

Отыз жеті жасыңда.  

(Омбы дәптері) 

 

Осы  жылдары  қайғы  үстінде  жүріп,  Жаяу  Мұса  «Сапар»,  «Қоңыр»,  «Гауһар  қыз»  деген 



толқынды терең зармен, өксумен келетін өлең-әндерін шығарды. Бұл әндерін қазір ешкім 

білмейді, білсе де бұзып айтады. Оны Бошанай айтқанда адамның сай-сүйегін сырқырата 

айтушы  еді.  «Сапар»  әнін  айдалада,  Шідерті  өзенінің  бойында  тыныстап  жатып 


76 

 

айтқызғанда  Бошанайдың  өз  көзінен  жасы  мөлдіреп  отырғанын  көрдім.  Дегенмен,  Жаяу 



Мұса өмірдің не түрлі соққысын көрсе де, ауырлықты жеңе білген. Оның үстіне оның ескі 

достары  да  Жәкеңді  қайғы-мұңның  құшағында  қалдырмаған.  Жаны  сергек,  өнерпаз,  ару 

адамды ескі достары еліне шақырып, көңілін көтеріп, басынан кешірген оқиғасын тыңдап, 

оның басына түскен ауыр күндерін бірте-бірте сергіте берген. 

Жаяу  Мұсаның  мұндай  қамыққан  кезінде  оған  күш  беріп  достық  қолын  созғандар 

жоғарыда  көрсетілген  Байдалының  Мұстафасы,  Арыстанбайдың  Имамбегі,  Шөкеңнің 

Құдайбергені,  Шоқаманның  Әбділдасы,  Айдарбек  сал,  тағы  басқалар.  Жаяу  Мұсамен 

кездескенде: 

Менің  ең  жақын  жанашыр  дос-жарандарым  осылар  болатын.  Мен  «қашқын»  болып 



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал