Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп



жүктеу 1.06 Mb.

бет4/9
Дата09.01.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЖАЯУ МҰСА 

Жаяу Мұса бір кезде қыр-сахараны әнімен күңіренткен атақты әнші-серілердің бірі. Және 

ол тек қана әнші,сері болып қалмаған. Дүниені жақсы танып, өзі жасаған заманына терең 

сын  көзімен  қарап  еркіндікті,  әділетті  көксеп  өткен  кісі.  Бұрын  әділеттің  ұшқыны  жоқ 

зұлымдық  бел  ең  алған  заманда,  Жаяу  Мұса  жауыздықпен  жалғыз  жүріп  алысып,  бар 

өмірін  халық  мүддесін  жоқтау  жолында  сарып  еткен,  белгілі  қоғам  қайраткері.  Жаяу 

Мұсаның  бұл  азаматтық,  адамшылық,  ерлік  істерін  әдемі  ашық  суреттейтін  мәліметтер 

тіпті  аз  емес.  Оны  өзінің  қолымен  жазған  айлық  дәптерлері,  халық  жыры,  архивте 

сақталып келген байтақ жазулар толық сипаттап бере алады. 

Бұл Жаяу өнерімен дүние кезген  

Алдағы болашақтың бәрін сезген.  

Қан ауыз қабандарға қарсы тұрып  

Өсірмей бұл сорлыны таптап езген, - дейді халық жыры. 

 

Жаяу  Мұса  туралы  бұл  күнде  көптеген  мақалалар,  ұсақ  кітаптар  жарыққа  шықты.  Бірақ 



олардың  көбі  тарихи  деректерге  негізделмей,  бір  ғана  жүйрік  ойдың  жемісі  ретінде, 

жорамалмен  жазылған.  Сондықтан  ол  жазулардан  Жаяу  Мұсаның  көп  жылғы  өмірінің 

нақтылы  шындығын  табу  өте  қиын.  Оның  орнына  оқыған  сайын  ол  ардан  көптеген 

кемшіліктер, ойсырап тұрған қатал ерді  көресің. Соның бірі  Жаяу  Мұсаны оның әні  ана 

сүтінен шықпаған кезіндегі оқиғаларымен байланыстыру, сол үшін Мұсаны он екі жылға 

Тобыл  қаласына  айдауға  жіберді  деп  жорамал  жасау.  Бірақ  бұл  асығыс  айтылған  ойлар 

негізін архив деректерімен ешуақытта дәлелдеп болмайды. Бір жақсы жері бұл болмаған 

нәрсеге  күдіктене  қарап,  оны  тарихи  деректермен  түзетуді  өзіне  міндет  етіп  қойған 

зерттеушілер де шыға бастады. 

Жаяу  Мұсаның  өмірін  тарихи  деректермен  анықтауды  қолға  алушы  соңғы  кезде  Б.Г. 

Ерзакович  пен  жас  ғалым  3.  Қоспақов.  Музыка  тарихын  зерттеуші  марқұм  Ахмет 

Жұбанов та осы әдіске ойысып келген еді. Б.Г. Ерзакович пен 3. Қоспақов соңғы жылдары 

бірталай  жаңа  мәліметтерді  жарыққа  шығарса  да,  оларға  әлі  де  болса  көп  уақыт  көз 

жанарын шаршатып, архив бетіне төну керек болады. Өйткені Жаяу Мұса XIX ғасырдың 

екінші жартысында қазақ даласында қатты шу көтерген кісінің бірі екенін ұмытпау керек. 

Сондықтан  оны  білмеген  кісі  аз  болған.  Оны  халық  бұқарасы  да,  патша  ұлықтары  да, 

ғалымдарда  жақсы  білген.  Жаяу  Мұсаны  аса  жүйрік  білген  әсіресе  Ақмола  мен  Семей 

облысының  губернаторлары  Полторацкий,  Проценко,  тексеру  полиция  орындары.  Жаяу 

Мұсаға  олардың  сенімсіз  көзбен  қарауы  сонша  оның  басқан  ізі  қағаз  бетіне  түспей 

қалмаған.  Патша  ұлықтарымен,  оның  ішінде  оязбен,  жергілікті  әкімшілік  орындарымен 

аянбай  күрескен  Жаяу  Мұса  олар  туралы  жоғарғы  орындарда  халық  атынан  шағым-

арыздарды  да  аз  жазбаған.  Ондай  арыздардың  көбінде  дала  уалаяты  басқарған  генерал-

губернаторлар  Казнаковтың,  Колпаковскийдің,  Таубенің  шешімдері,  бұрыштама 

жазулары  кездесіп  отырады.  Колпоковскийдің  шешімінде:  «Мұса  Байжановтың  ісіне 

селсоқ қарамау керек. Тексеру жүргізу керек» - дейді. 

Демек,  Жаяу  Мұсаның  өмірін  ашық,  әдемі  сипаттайтын  жазба  деректер  өте  көп.  Бірақ 

өкінішті  жері  терең  зерттеушілер  жеткіліксіз  болғандықтан,  ол  деректер  бүгінге  дейін 

жарық көрмей мыңдаған архивтің ішінде көмулі жатқанын көреміз. Ондай жазба деректер 

екі саладан құралады: бірінші көптеген архив документтері. Бұл сегіз жұмыста кездеседі, 

оның  екеуі  Омбы  архивінде  болса,  қалған  алтауы  Қазақстан  архивінде  сақталып  келеді. 

Екінші  салаға  кіретіндер  Жаяу  Мұсаның  өз  жазулары,  оның  естелік  дәптерлері.  Жаяу 

Мұса  көзі  ашық,  оқыған  кісі  болғандықтан  естелік  дәптерін  1879  жылдан  бастап  1925 



51 

 

жылдарға дейін жазып отырған. Мұндай дәптерлер онда бесеу болған, Олардың ішіндегі 



ең  тамашасы  1879  жылы  жазылған  бірінші  дәптері.  Мұнда  ол  өзінің  1850-1880  жылдар 

арасындағы  өткен  өмірін  жақсы  айтып  берген.  Бұл  дәптер  қазір  Қазан  университетің 

қолжазбалар бөлімінде сақталып тұр (№1288). Оған кіретін өзге жазулар: 

Бірінші  дәптері:  1)  Баласы  «Бөрібай;  2)  Дүниенің  жаратылған  оқиғасы;  3)  Олжабай 

(поэма);  4)  Қоңтажы  әңгімесі  (Ақтабан-шұбырынды  кезі);  5)  Қолбасылар  хикаясы 

(Олжабай, Едіге би); 6) Қазақ өлейеті Арқада жиналып хан сайлағаны (Абылай әңгімесі). 

Екінші  дәптерінде  Семей  облыстың  санақ  басқармасының  хатшысы  Н.Я.  Коншиннің 

сұрауы  бойынша  жазылған  (1901)  алты  нәрсе  бар:  1)  Секретарға  өлең;  2)  Баянауылда 

болған  жиналыста  айтылған  «Нақыл  сөз»;  3)  Данышпан  Қазы  (Мың  бір  түннен);  4) 

Байжановқа  қазақтың  көрсеткен  сыйлары;  5)  Жұлдыз  (жыл  мезгілі);  6)  Мұсаның  әйелі 

Сапардың  моласында  айтқаны.  Мұнда  «Данышпан  Қазымен  «Жұлдыз»  болмаса  өзгесі 

Мұсаның өз өмірімен тығыз байланысты әңгімелер. «Қазақ сыйы» деген өлеңінде Мұса өзі 

туралы былай деген: 

Қыс күні бүркіт салам елде жүріп  

Қатын өліп ішімде арманым көп  

Үйде отырып әнмен өлең айтам  

Қапаға біразырақ болады сеп 

 

Өз қыстауым Ақшоқы, елім Далба  



Әнші, өлеңші тағы бар менен басқа  

Ән домбыра кемшілік - деп мен естимін  

Бар дейді жазу өлең Ыбырайда. (Абай)  

 

Үшінші дәптері 1905-1910 жылдары жазылған. Бұл ең жақсы дәптері еді. Жаяу Мұсаның 



ең  жақсы  өлеңдері  осы  дәптерде  болатын.  Ол  дәптерді  әншінің  немере  баласы  Ағынтай 

Мұстафин  маған  сыйға  тартқан  еді.  Бірақ  өкінішті  жері  мен  Ленинградта  ауырып 

жатқанымда ол дәптер жоғалып кетті. 

Төртінші дәптері 1911-1918 жылдары жазылған. Ол «халық композиторы Жаяу Мұсаның 

күнделік  дәптері»  деген  атпен  Орталық  ғылыми  кітапханасында,  қолжазбалар  бөлімінде 

№1420. 


Бесінші  дәптері  1918-1925  жылдары  арасында  жазылған.  Мазмұны  совет  дәуіріндегі 

жойқын  өзгерісті,  балалардың  тобымен  оқу  соңына  түскенін  көрсетуге  арналған.  Бұл 

дәптерді  Жаяу  Мұсаның  баласы  Салық  Қазақстанның  сол  кездегі  Мәдениет  министрі 

Темір Жүргеновқа әкеп тапсырған. Бірақ ол дәптердің кейінгі тағдыры не болғаны мәлім 

емес. 

Бұл екі байтақ саладан басқа атақты әнші Жаяу Мұсаның бейнесі онымен бірге жасасқан 



замандастарының  есінде  де  әдемі,  ашық  сақталған.  Жаяу  Мұсаның  өмірін  терең  түсініп, 

оның  шығарған  әндерін,  өлең-жырларын  тапжылтпай  төндіре  айтатын  әсіресе  оның 

немере баласы Бошанай Мұстафин еді. Менің студент кезімде Бошанай інісі Ағынтай мен 

бірге Павлодар қаласында тұратын. Мен Ленинградтан елге қайтып қырға шыққанда кей 

жылдары Бошанай жазды менімен бірге өткізіп үйіне күзге қарсы қайтып жүрді. Ертіс пен 

Шідерті  өзеннің  арасы  4-5  күндік  жер.  Осы  ұзақ  жолдың  бойын  Бошанай  арба  үстінде 

отырып,  бірғана  Жаяу  Мұсаның  басынан  кешірген  оқиғасымен  оның  әндерін  айтумен 

өткізетін.  Жаяу  Мұса  туралы  Бошанайдың  білгендерін  қазір  ол  сияқты  ешкім  білмейді. 

Жаяу Мұсаның дәптеріне кірген,  кірмеген өлеңдерді  ол толығынан жатқа айтатын, және 

Жаяу  Мұсаның  өзі  сияқты  жоғары  сезім  толқынымен  еліте,  әнімен  айтатын.  Бошанай 



52 

 

айтатын  Жаяу  Мұса  өлеңдерінің  әлеуметтік  тұрғысынан  ең  толқындылары  «Жүкеңе», 



«Айман  ұлы  Аппасқа»,  «Бәшерденге»,  «Арап  қашқынға»  деген  өлеңдері  де  бұлардың 

бәріне  тон  нәрсе  шырқап  салған  әннің  ойнақы  ырғақтарымен  құйылып  отыруы,  оның 

адамды еріксіз өзіне тартуы оның күшті драматизімі болатын. Мәселен  

Айман ұлы бұл Аббас  

Қылығың сенің еш жақпас  

Құсайынмен ұстасып  

Қорғалауға жер таппас. 

 

Мұны  Жаяу  Мұса  Аббастың  жадағай  мінезін  көрсету  үшін  қан  майдан  халық 



жиналысында төпеп айтатын. Құйылма ырғақпен шырқай берген соң, бұл он көпшіліктің 

жүрегінде  мәңгі  ұйып  қалады.  Бала  күнінен  бұл  әнге  үйренген  Бошанай  мұны  әкесінен 

кем айтпайтын. Өлеңнің мазмұны – Аббас Айманов алғашқыда Мұсаға еріп Құсайынның 

соңына түссе де кейін мықты болыстық тегеуірініне шыдай алмай тайқи берген. Аббастың 

бұл собалақ мінезіне жаны күйген Жаяу Мұса топ алдында әшкерелеп, әнге түсіреді. 

Жаяу  Мұса  есінде  берік  ұстаған  әрине  өзінің  баласы  Салық,  немере  балалары  Мәлік, 

Ағынтай  –  бұл  екеуі  де  орта  білімі  бар  оқыған  кісілер,  келіндері  Тоғжан,  Жанкүміс. 

Бұлардың ішінде жүргендері  тек  ғана Ағынтай мен Жанкүміс. Жаяу Мұсамен көп заман 

бірге  жасасып,  оның  шалқыған  әнін  басынан  кешірген  ерлік  оқиғаларын  жанын  сала 

тыңдаған  кісілер  Баян  төңірегінде  аз  болмаған.  Олардың  ішінде  Мұсаның  өмірін  аса 

жүйрік біліп, оның өнерін, істеген ісін мақтаныш етіп, жиналған топ алдында шалқытып 

айтып отыратын дана қарияларда аз емес еді. Мұсаны жақсы білген, ондай қариялардың 

менің  есімде  қалғандары  Байдалының  Мұстафасы,  Арыстанбайдың  Иманбегі,  Жиен 

Құсайын, Жәпектің Сүлеймен, Айдарбектің Ысмағы, Ертісбайдың Адхамы, тағы басқалар. 

Бір  кезде  мен  бұлардың  көбімен  ой  бөлісіп,  бала  күнімде  көп  көргем  Жаяу  Мұсаны 

есейген ойдың елегінен өткізуді мақсат ететінмін. Сөйтіп жазба деректермен қатар Жаяу 

Мұсаның өмірін жарқын сипаттайтын деректердің үшінші саласы халықтың естелігі. Бірақ 

мұны  пайдалану  үшін  терең  сын  көзі  керек.  Өйткені  Мұсаны  білем  деушілер  өте  көп, 

олардың  білгендері  шындыққа  орай  келе  ме  жоқ  па  оны  айырып  білу  зерттеушінің 

міндеті. 

Осы  үш  қайнар  көзге  сүйене  отырып,  халық  композиторы  Жаяу  Мұсаның  өмірін  ашық 

түрде сипаттауға болады. Келтірген деректер бойынша Жаяу Мұсаның өмірі сегіз кезеңге 

бөлінеді. 

1)  Балалық-боздақ шағы (1835-1852 жж.); 

2)  Қызылжар мен Омбыда оқыған кезі (1854-1862 жж.), 

3)  Әскери жорыққа қатынасқан кезі (1862-1965 жж.); 

4)  Ел ішінде ел билеуші болған кезі (1865-1875 жж.);  

5)  Қашқын болып жүрген кезі (1875-1880 жж.); 

6)  Заң жолы мен халық мүддесін жоқтаған кезі (1880-1900 жж.); 

7)  Қауым  жұмысынан  торығып,  бір  ғана  серілікке,  аңшылыққа  берілген  кезі  (1900-1918 

жж.), 


53 

 

8)  Совет  дәуірі  кезіндегі  соңғы  өмірі.  Жаңадан  тіршілікке  ой  болу,  осы  кездегі  күнделік 



дәптері (1917-1929 жж). 

Біз  енді  Жаяу  Мұса  өмірінің  осы  айтқан  кезеңіне  тоқталып,  оны  тарихи  деректермен 

анықтап  көрейік.  Жаяу  Мұса  Шоқанмен  құрдас,  1835  жылы  туған.  Оның  балалық  шағы 

Шідерті  өзенінің  бойында,  Қабанбай  шаты  деген  жерде  өтеді.  Бұл  жер  кейінгі  заманға 

дейін  «Орман  ауылының  ескі  қыстауы»  болып  саналатын.  Бірақ  Жаяу  Мұса  Құсайын 

болыспен  тартысып  жүргенде  оның  қол  астында  болғысы  келмей,  ескі  қыстауларын 

жамағайын Иманбекке беріп, өздері Далбаға көшіп келеді. 

Мұсаның  арғы  атасы  Орман  ол  кездегі  бай  кісінің  бірі  болған.  Сондықтан  олар  «бай 

ауылы»  деп  аталған.  Олардың  қысты  күні  боранда  жылқы  қамайтын  үлкен  табын 

қоршауының іргесі әлі күнге дейін көрініп жатады. Бірақ, Орманның немересі Байжан мал 

бақпай,  салдық  құрып  кеткен  соң  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  бұрынғы  байлық 

бірте-бірте  жойыла  бастайды.  Оны  құртуға  себеп  болған  Байжанның  өзі.  Ол  кісі  малға 

қарамағаны  былай  тұрсын,  жыл  сайын  топтаған  жылқыны  жібек  сатып  алуға  жұмсап, 

малын  басқа  далаға  шашып  отырған.  Байжаның  ата  мұрасын  бұлай  шашуы  Мамин-

Сибиряктың  «Ақбозат»  әңгімесінде  жазған  сюжетпен  бірдей.  Әкесінің  бұл  қылығына 

наразы болған, Жаяу Мұса дәптерінде былай деген:  

Білсеңіз Малқозы ұлы Толыбай  

Немере Жанқозыдан би Төлебай.  

Өлтірген қарақалпақ Толыбайды  

Қалыпты төрт баласы шулай-шулай.  

Орман мен Олжабайдан туды төбет  

Бір қудай аямақ-ақ берген дәулет.  

Кеңес қылар үй екен бейілі кең  

Атанған жиылыста «құтты суат».  

Төбеттің үлкен ұлы болды Байжан  

Дәулетін қылды атаның бұлан-талан.  

Не мұра жақсы атадан қалмаған соң  

Ылаж жоқ барлығынан босқа айрылған.  

 

Өзінің  жүріс-тұрысын  жібекпен  жарқыратып  көрсету  ол  кездегі  салдардың  дағдылы  ісі 



болған. Сондықтан денесін жібекпен тазартып, атын жібекпен арқандап қою оларға ерісі 

болып  көрінбеген.  Байжанның  малға  қыңырлығы  кейін  оның  кейбір  балаларына  да 

ауысады. 

Әкесі тәрізді оларда байлықтаң көрі ерлікті, серілікті анағұрлым жоғары ұстаған. 

Мұсаның анасы Нақыш сол кездегі атақты кісінің бірі қанжығалы Сасық бидің немересі. 

Кейін  Жаяу  Мұса  Құсайынмен  ұстасып  жүргенде  осы  мықты  ел  нағашыларынан  күш 

алып,  солардың  қолдауымен  Құсайынды  ақсатпақшы  болады.  Қанжығалы  елі  бұрын 

Құсайынға  қарайтын  Ақбеттеу  баласының  құрамында  болатын.  Жаяу  Мұсаның 

үгіттеуімен  олар  Ақбет  ауданы  бөлініп  енді  Шақша  баласына  айналады.  Жаяу  Мұсаның 

өзі  де  қашқын  болып жүргенде  осы  елді  паналап,  інісі  Мұстафаны осы  елдің  бір  белгілі 

адамының қызы Тоғжанға үйлендіреді. 

Жалпы айтқанда, Жаяу Мұсаның інілерінің алған әйелдері тегісімен сұлу, қолынан майы 

тамған іскер, кіршіксіз күмістей жарқыраған жайдары адамдар болатын. Олардың бәрі де 

болған  адамдардың  қызы,  және  бір  тамаша  жері  олардың  көбін  қалың  малсыз  алған.  Ең 

ақыры  Жаяудың  ынжықтау  інісі  Қали  Байжановтың  алғанының  өзі  генерал-


54 

 

губернатордың  тілмаші  болған  Әбіш  Нұржановтың  қарындасы,  яки  ақын  Самат 



Нұржановтың  апасы  болатын.  Қалыңсыз  сұлу  әйел  алуды  Жаяу  Мұса  1864  Әулиеата 

қаласынан  бастады.  Осы  жылы  Әулие  атаның  Қорған  бегі  Мырзалының  Айтжан  деген 

қызын өзімен бірге қырға алып кетіп, Төбеттің кенже ұлы Шоқыбайға апарып береді.  

Қорған бегі Әулиеата Мырзалыбек  

Қызын алдым Айтжан атты мал бермей тек  

Алып кеп кіші ағамыз Шоқыбайға  

Жұбай қып оған бердім болған соң еп  

 

Шоқыбай  мен  Айтжаннан  туған  Қоянкөз  ең  сұлу  әйелдің  бірі  еді.  Бойы  сұңғақ,  көзі 



бөкеннің  көзіндей  төңкерілген,  әдемі  сопақ  бетті  ақсұр  еді.  Алпыстан  асқанша  ақ 

жаулығына  кіршік  жолатпай,  жас  жігітке  көзін  тастап,  көп  заманын  серілікпен  өткізген. 

Осы  заманның  отызыншы  жылдарына  дейін  Қоякең  жақсы  өмірін  қырда  өткізіп,  одан 

кейін  Павлодар  қаласына  келіп,  тұрады.  Қоянкөзді  естіген  қазақ  серілерінің  оны  көруге 

құмар болғаны кемде-кем болу керек. Оқыған азамат,  әнші,  серілердің Қоянкөздің үйіне 

жиналып  думан  құрмайтын  күндері  болмайтын.  Қоянкөзді  ақын  «М»-де  аз  уақыт 

қызықтаған.  Міне,  Жаяу  Мұсаның  туыстары,  оның  төңірегі  қандай  болғанын  осылардан 

көруге болады. Әншіміз туыстарын  ашық  көрсететін әрине оның ата шежіресі. Ол мына 

түрде суреттеледі.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

55 

 

 



 

Орман 

 

 



Төбет 

 

Шоқыбай            Байжан              Тайжан 



 

Қоянкөз                              Ақтай            Сәттібай  

 

 

Уәли     Қали      Ескендір                  Мұса        Мұстафа 



Мәлік         Әмір                    Салық        Бошанай  

                                                                   Ағынтай  

 

 

Сүлеймен         Дүмбір 



 

Омар         Оспан 

 

Олжас 


 

Доғалақ       Бекөй    Шекей           Көкше         Көке  

Жаяу Мұсадан бұрын Орман балаларының ішінде әлеуметтік іске қатынасқандары Көкше 

мен Тайжан. Бұл екеуі де жақсы оқыған, көзі ашық адамдар болған. Тайжан XIX ғасырдың 

орта кезіндегі белгілі би. Оның билік құрған елі Тайкелтір, Қожакелді, Жиен-Төлен. Сол 

кездегі кездегі ресми қағаздарға ол кісі «Би Тайжан Төбетұлы» деп қол қойып отырған

12



Көкше Шымырұлы және оның баласы Бибас орысша жақсы оқыған кісілер. 1850 жылдары 



Қызылжарда  таможный  ашылғанда  пысық  кісі  Көкшені  сонда  тілмаш  етіп  жіберді. 

Көкшенің Қызылжарда болғаны кейін Жаяу Мұса үшін үлкен тірек болды

13

. Одан бұрын 



                                                           

12

 Ф. 374, ОП. I, Д. 5273/л. 30, 32, 34, 41-41 об. 



13

 Ф. 374, oп, I, Д. 5273, л. 37 об.

 


56 

 

Көкше қырдағы ел билеушілер қатарында істеген



14

. Осындай туыстары болған Жаяу Мұса 

қандай қиындықты басынан кешірсе де далада қалмаған. 1842-1852 жылдар арасында ол 

ауылдағы  мектепте  оқып,  арабша  хатты  толығынан  біліп,  өз  ойын  қағаз  бетіне  түсіруге 

жеткен.  Мұсаның  араб  жазуын  білуіне  көп  еңбек  сіңірген  әсіресе  оның  ағасы  Тайжан 

«молда».  Мұса  үш  жасқа  келгенде  анасы  Нақыш  қайтыс  болып,  өгей  шешенің  қолына 

қарайды.  Бірақ  ағасы  Тайжан  оны  бәйбішесі  Сәтбала  екеуі  кішкене  Мұсаны 

жетімсіретпей,  өз  қолдарына  алып,  тәрбиелейді.  16  жасқа  келген  Мұса  ауыл  мектебінен 

бір  талай  білім  алып,  дүниеге  ашық  көзбен қарай  бастайды.  Жас  тоқалмен  елігіп  кеткен 

сал  әкеден  онша  қызық  көре  алмай,  Есіл-дерті  Қызылжарда  жатқан  туысқаны  Көкшенің 

үйіне  қарап,  елегізе  береді.  Ағасы  Тайжан  да  «сонда  барып  оқып  өнер  үйреніп»  қайтуға 

ақыл  береді.  Осылай  елегізіп  жүргенде,  Жаяу  Мұсаның  еліне  Аягөзден  Қызылжарға  бет 

алып  бара  жатқан  сауда  керуені  кездеседі.  Жаяу  Мұса  ешкімге  айтпай  осы  керуенмен 

ілесіп  Қызылжарға  тартып  кетеді.  Бұл  оқиға  1879  жылғы  Қазан  дәптерінде  тап  осылай 

жазылған  (Үйінен  өнер  іздеп  кетті  қашып).  Жаяу  Мұсаның  Қызылжарға  қай  жылы 

барғанын ашып айту қиын. Бірақ 1854 жылдан кейін емес, бір екі жыл бұрын болу мүмкін. 

Өзінің  айтуынша  17-18  жастарында  барған.  Он  жылға  таяу  осы  Қызылжарда  Көкшенің 

үйінде жатып орысша оқиды. Таможный мектебінде ме болмаса басқа мектепте оқыды ма 

ол  арасы  әлі  белгісіз.  Оны  анықтау  үшін  әлі  көп  архивтің  бетін  ақтару  керек.  Қазына 

мектебі болмай жеке меншік мектепті оқыса оны білу өте қиын. Бірақ орысша оқуы анық. 

1924  жылы  Жаяу  Мұсамен  кездескенде  «Қызылжарда  Көкшенің  үйінде  жатып  орысша 

оқыдым»  -  деп,  өзі  айтып  отыратын.  Жаяу  Мұсаның  Қызылжарда  орысша  оқығанын 

қырдан  барған  кісілерге  Көкшенің  өзіде  кейінірек  әңгімелеп  отыратын  болған. 

Баянауладан Қызылжарға барған кісілердің Көкшенің үйіне соқпайтын болмаған. Әсіресе 

Қызылжарға  айдалған  кісілер  Көкшемен  оның  баласы  Бибасты  қалайда  тауып  олардан 

қалай босанудың ақылын сұрайтын болған. Ондай айдауда болған Ораз Шәуке Төкеннің 

баласы. Ораздың айтуы бойынша Бибас зарыққан кісілердің атынан орысша арыз жазып 

олардың  ісінің  жеңілуіне  үлкен  көмек  көрсететін  болған.  Баян  ауладан  барған  Ораздан 

Бибас  Жаяу  Мұсаның  жайын  көп  сұрап  отырады.  Жаяу  Мұсаның  Қызылжарда  орысша 

оқығанын  айтып  отырады.  Жаяу  Мұсаның  Қызылжарда  орысша  оқығаны  оның  орысша 

сөйлеуінен,  әдемі  сауатты  жазуынан  көрініп  тұрады.  1924  жылы  мен  оның  үйінде 

болғанымда  90-нан  асқан  әдемі  қарт:  «без  пропуска  не  допущу»  -  деп  есігін  жауып, 

қалжыңдап  біраз  тұрып,  содан  кейін  көзінің  жасын  мөлдіретіп,  құшағын  жайып  иіскей 

бастады.  Менің  келгенімді  оған  жүгіріп  барып  хабарлаған  келіні  Жанкүміс  еді.  Жаяу 

Мұсаның  орысша  жазып  жақсы  сөйлейтіні  дала  өлейетін  билеген  ұлықтардың  бәріне 

белгілі болған. Жазған арыздарының кейбірінде «өзім хат білмегендіктен басқа кісіге қол 

қойдырдым» дегенге патша ұлықтары нанбаған. Оған қысқа екі мысал келтіруге болады. 

«Муса  Байжанов  умеет  писать  не  только  по-киргизски,  но  и  по-русски»

15

.  В  деле  пять 



прошений,  написанных  лично  Мусой  Байжановым  по-русски,  первое  и  третье прошения 

подписаны, якобы за его неграмотностью, другим человеком. Но он был известен властям 

как  грамотный  человек  и  его  почерк  был  узнан  чиновниками  канцелярии  губернатора» 

(тағы сонда). 

Демек,  бұл  айтылған  орысша  білімді  Жаяу  Мұса  бір  ғaнa  Қызылжар  қаласында  алып, 

кейін  Омбыда  болған  кезінде  оны  толықтыра  түседі.  Бірақ  Қызылжардан  Омбыға  қай 

жылы келгенін кесіп айту қиынырақ. Ол туралы ешбір документ жоқ. Дегенмен, шамалап 

айтқанда Жаяу Мұса Омбыға елуінші жылдардың соңы мен алпысыншы жылдардың бас 

                                                           

14

 



Ф. 345, оп, д. 2230, л. 335 об.

 

15



 

ГАО, ф.З, оп. 8, д. 12788, л. 19.

 


57 

 

кезінде  келуі  күдіксіз.  Омың  Омбыға  келуі  де  туысқаны  Көкшенің  ақылымен  оның 



жәрдемінсіз  болмауға  тиісті.  Өйткені  Көкшенің  Омбымен  байланысы  аз  болмаған. 

Омбыда қызмет істейтін таможныйдың кісілері, қазақ офицерлері, оқушылар Қызылжарға 

келгенде  оның  үйінде  болмай  кетпеген.  Көкшенің  сондай  байланысы  болған  кісінің  бірі 

Сұлтанғазы  Уәлиханов.  Тегінде  Көкше  інісі  Жаяу  Мұсаны  осы  Сұлтанғазыға  жібергені 

байқалады.  Жаяу  Мұсаның  өзінің  айтуынша  Омбыға  келісімен  ол  осы  Сұлтанғазыны 

тауып,  оның  үйінде  жатып,  шүйіркелесіп  дос  болып  кетеді.  Осы  жақындасудың 

нәтижесінде  кейін  ол  Сұлтанғазыға  еріп  Польшаға  барды.  Онымен  бірге  Черняев 

экспедициясына  қатынасады.  Польшаға  барудың  себебі  сол  кездегі  болған  үлкен  саяси 

оқиға  поляктардың  1863-1864  жылғы  шаруалардың  көтерілісімен  байланысты  болған. 

Патша үкіметі халықаралық қауым пікірін ушықтырмау мақсатымен бұл көтерілісті сапта 

тұрған  негізгі  әскермен  жаншымай,  оның  бұратана  халықтардан  құрастырған  жеңіл 

қосындармен баспақшы болады. Осы ретте Тобол қаласында, Орынборда, Уфада, Қазанда 

«өз  тілегімен»  барушылардан  қосын  түзеп,  оларды  басқаруға  жас  офицер  Сұлтанқазы 

Уәлихановты  тағайындайды.  Қосынның  негізі  Тобол  қаласында  ұйымдасқан.  Оны 

ұйымдастыруға  Сұлтанқызы  Тоболға  аттанғанда  Жаяу  Мұса  онымен  бірге  барып 

Польшаға  жіберетін  әскердің  қатарына  қосылады.  Халықаралық  саясатта  поляк 



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал