Сайын Назарбекҧлы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/26
Дата09.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 

 
 
 
 
 
 
 
Сайын Назарбекҧлы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шығармалар жинағы
 
 
 
 
 
 
 
 
4 том
  
 
 
 
 
 
 
Абай әлеміне саяхат
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Абай әлеміне саяхат
 
 
 
 
 
 
 
Күл Кӛмеш дастаны (аударма)
 
 
 
 
 
 
 
Менің Әбішім
 
 
 
 
 
 
 
Адамгершілік әліппесі
 
 
 
 
 
 
 
Әңгімелер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы   "Жазушы"      2011
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әбіш
 
Кекілбайҧлы,
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан
 
халық жазушысы
 
 
 
...Сайын  ӛлмес  армандар  мен  ӛшпес  есімдерге  қызмет  етуді 
мақсұт тұтты. Ата қоныста абыз ақын Абыл мен отаршылдыққа қарсы 
арыстандай арпалысқан Досан батырдың ескерткіштерін орнатты. Ұлы 
Абайдың  басындағы  ұлы  ғимаратты  уәделі  мерзімде  салып  бітіру 
аманаты  да  Сайынға  жүктелді.  Сайын  серттен  шықты.  Абай 
данышпандығына  тағзым  еткен  жұрт  Сайын  Назарбекұлының
 
ӛнері
 
мен еңбегіне де дән риза болары сӛзсіз.
 
 
Осынша  кӛзсіз  ерлікке  бастайтын  күштің  аты  не?  Ол
 

 
ӛмір
 
мен 
ӛнерге
 
деген  шексіз  махаббат.  Ӛлім  мен  ӛтірікке  деген  шексіз 
жиіркеніш.
 
 
Қалақ
 
ұстайтын
 
ұстаның
 
қолына
 
қалам
 
ұстатып
 
жүрген де
 

 
сол.
 
 
Ақын деген –
 
әсемдік
 
пен адалдықтың құлы ғана…
 
 
Адалдықтан туған сӛзден асқан ӛнегелі ӛмір болмайды.
 
 
Ӛнерің
 
үстеп, ӛмірің ұзара бергей, бауырым!
 
 
Бар бол, Сайын!
 
 
Ӛлең
 
қойнауындағы
 
орының  Иірдің  ойындағы  Шерқаладай  ӛте
-
мӛте ӛзгеше болғай…
 
        
Жасай бер!.. Ортада жүр!.. Оза бер!..
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
Абай әлеміне саяхат
 
 
 
Біздің  замандастарымыз  (жиырма  бірінші  ғасырға  ӛмір  ӛрмегінің 
жүзін  аударып  жеткендер)  Абай  ӛлеңдерін  бала  күнінен  мектепте 
жаттап ӛсті. 
 
Абай  еңбектерін  рухани  азыққа  айналдыру  соларға  негізінен  үш 
бағытта жүзеге асқан секілді. Бірін мамандығы мәжбүрлесе, енді бірін 
қызмет
 
бабы  Абай  атын  еске  түсіртіп  қоятын.  Ал  енді  бірі  Абай 
еңбектерін  ӛздерінің  қалауымен  оқып,  жандарына  рухани  азық  етіп 
келді. Біз ӛзімізді соңғы топқа жатқызғалы отырмыз.  
 
Сол топта жүріп, біз, жасымыз Абай сүрген ғұмырдан асыңқырап 
кеткен  шақта,  Абайды  тек  қана  оқып  шығу  жеткіліксіз  екен  деген 
пайымға тоқтадық. 
 
Абайды оқу қажет екен... 
 
Оқығаннан кейін ойланған дұрыс секілді... 
 
Дұрыстап ойланып ал да, ойыңды жария ет...
 
Біз  ӛзімізді  "адам  деп,  адмгершілік  деп"  тіршілік  ететіндер 
санатына қосамыз. "Қолымды мезгілінен кеш сермедім" –
 
демекші, біз 
де  кешірек  болса  да,  Абай  еңбектерін  сана  зердесімен  пайымдап,  ой 
толғамдары
 
арқылы қабылдап байқағымыз келді. Содан пайда болған 
түйсікті  ойға  айналдырып,  қағазға  түсіріп,  түсінігін  кӛпшілік  назарына 
ұсыну
 
қажеттілігін
 
мойындадық. 
 
Біздің  еңбегіміздің  атақты  философтар  мен  ғалымдардың,  Абай 
мұрасын  зерттеушілердің  назарына  ілігіп,  кемшілігі  байқалып  жатса, 
біз  ешкімнен  де  кешірім  сұрамаймыз.  Ӛйткені,  бұл  еңбек  кәсіби  Абай 
зерттеушісінің  еңбегі  емес,  Абайды  ӛз  бетімен  оқып,  ӛз  түсінігін 
кӛпшілік назарына ұсынып отырған кӛптің бірінің еңбегі. 
 
Осылайша,  ойлана,  бір  шешімге  келіп  алып,  біз  Абай  әлемін 
іздеп шықпақ болдық, осы сапарға бел байладық. 
 
Абай әлемін таба аламыз ба? 
 
Кездесе қалсақ, ол әлем бізге есігін аша ма? 
 
Тіпті ашық есікті әлем ішіне ене аламыз ба?
 
Ол  бізге  жұмбақ...  Дегенмен  талпынуды,  талап  қылуды  Абай 
жақсы кӛрген... Бізге ондай қайда деп мойымауды тапсырған...
 
Мойындай  кетелік,  бұл  сапардың  алғашқы  қадамын  басу  бізге  
қиынға
 
соқты.  Қалай  ұмтылсам  да  келіспей  тұрған  секілді  болып, 
дәлірек  айтқанда,  ӛзіме  ұнамай  кӛп  азаптандым.  Кейде  бұл  саяхатқа 
аттану маған  мүмкін
 
еместей кӛрінетін. Қаламды талай рет қолға алып 
(компьютерді) оқталғанмен, бұл жолға қалай қамдану керек екеніне ой 
жетпей,  меселім  қайтып,  жабырқап  қала  беретінмін.  "Айылын  тартып 
мінер арғымағың жоқ болса, айдынға жүздірер  желкенің болмаса, бос 
қиял
 
емес  пе,  қолың  кӛтерместі  білегіңе  неге  жүк  қыласың"  деп 
торығып та кететінмін.  
 

 

 
 
Осындай ойлар үстінде "Ұлы Абай" деген сӛзді қайталап отырып, 
"Ұлыны  туған  ел  де  ұлы"  деген  ой  менің  осы  сапарыма  жол  ашып 
бергендей болды. Абай ұлы болса, ұлыны тудырып отырған ел де ұлы 
емес пе!... 
 
Сонда, ұлы ел –
  
несімен ұлы?
 
Содан  барып  бұл  әлемде  ұлы  елдер  кімдер  еді  деп  санай 
бастадық. Кӛп екен. Кӛп секілді болды. Біраз елдің есімін еске түсірдік.   
Біразын  оймен  шолып, солар  ішінен үшеуін  таңдап  алдық.  Содан  соң 
"осы  елдер  несімен  ұлы  еді?",  "осы  елдерді  ұлылар  қатарына  қалай 
қосып
 
отырмыз?" деп, біз ӛзімізге сұрақ қойдық.
 
 
Осы  сұраққа  жауап  ретінде  біздің  санамызға  алғашқы  боп  әсер  
еткен,  оларды  бізге  ұлы  атандырып  отырған  олардың  жаулап  алған 
елдері  де  емес, шалқыған
 
байлығы да  емес,  халқының саны  да  емес 
секілді  боп  кӛрінді.  "Елді  ұлылар  қатарына  шығарар  сол  елдің  жеке 
тұлғалары екен
-
ау" деген түсінік пайда болды.
 
 
Ағылшындарды ұлы халық дейді.
 
 
Ағылшын  елінде  Шекспир  деген  керемет  болыпты.  Қаншама 
ғасырлар
 
бойы  Шекспир  аты  жер  жүзінінің  барлық  азаматының 
аузынан  түспестен  келеді.  Шекспир  арқасында  ағылшын  елі  де 
ұлықтана
 
түсуде.  Шекспирмен  қабаттаса  "Робинзон  Крузо",  "Қазына 
аралы" секілді кітаптар еске түсті.
 
 
Орыс  халқын  бізге  кӛзіміз  қара  танығалы,  кӛкірегіміз
 
сӛз  ұққалы 
ұлы
 
халық  деп  таныстыруда.  Ұлы  екендігінде  сӛз  жоқ.  Ұлы  ел! 
Олардың ұлылығының бір дәлелі –
 
отыз сегіз жыл ӛмір сүрген Пушкин 
ӛмірін
  
орыс ғалымдарының ізденгені, зерттегені соншалық, қазір ақын 
ӛмірінің
 
бірнеше күндері ғана ақтаңдақ деп есептелінеді. Олар Пушкин 
деген  ақын  баласының  қай  күні  кіммен  сӛйлескенін,  не  айтқанына 
дейін  хаттап  шығыпты.  Ломоносов,  Петр  патша,  Толстой,  Лермонтов, 
Гумилев,  Курчатов...  Олар  ұлыларын  ұлықтапты.  Біздер  сол  арқылы 
бүкіл  елді  ұлы  деп  танимыз.  "Тынық  Дон",  "Дубровский",  "Арылу", 
"Обломов" секілді кітаптар еске түсе бастады.
 
 
Қытай
 
дейтін  ұлы  халық  десек,  ешкім  таласа  қоймас.  Бұдан  үш 
мың  жылға  жуық  бұрын  ӛмір  сүрген  Конфуций  деген  бір  баласының 
аузынан  шыққан  әр  сӛзін  әлі  күнге  аударып,  тӛңкеріп,  қайта
-
қайта
 
тұзын  татып,  дәмін  тексеруден  жалығатын  емес.  Қытайлардың  осы 
әрекетенің
 
арқасында  бүкіл  әлем  ойшылдары  Конфуцийден  бір  ауыз 
сӛз кірістіріп, кӛсемсінуге тырысады.
 
"Ұлысын  ұлықтау  –
 
ел  ұлылығының  негізгі  кӛрсеткіші"  деген  
қортындыға
 
келдік...
 
Бала  кезден  Мұхтар  Әуезов  еңбектері  арқылы  Абайды  таныдық.  Сӛз 
мәнісін түсінгелі Абай ұлылығын мойындадық.
 
 
Біз  оқушы  ретінде,  әлемде  ұлы  атанғандар  еңбектерін  біршама 
оқып  келеміз.  Ұлылар  ұлылығын  мойындаймыз.  Бірақ  біз  сол  ұлылар 

 

 
тізімінен  соғыс  пен  жауыздық,  бақытсыздық  пен  қайғы  тарату  арқылы 
іліккендерді сызып тастадық.   
 
Біздің тізімге іліккен барлық ұлыларға ортақ бір қасиет бар, ол –
 
олардың адам сүйгіштігі.
 
Әлемдік
 
деңгейдегі  адам  сүйгіш,  адамгершілік  қасиеті  жоғары  тұлға 
ретінде біздің ұлы атамыз Абай тым ерекшелеу болып кӛрінеді. Талай 
ұлы
 
тұлғалардың  шығармашылық  тамырынан  адамгершілік  нәрін 
татып  байқадық,  бірақ  біздің  ақын  атамыздың  кӛтерілген  биігі  еш  із 
түспеген, соны биік деп ойладық. 
 
Абай:  "Адамзаттың  бәрін  сүй,  бауырым  деп!"  –
 
десе,  ол  осы 
нақыл  сӛзімен
-
ақ  ӛзінің  әлемдік  дәрежедегі  ұстаз    екенінін  дәлелдей 
алған. Бұл сӛзді оған дейін ешкім айта алмапты... 
 
 
...Тобықтының  бір  атасына  жан
-
тәнімен  еңбек  етіп  ӛз  ӛмірін 
бастаған  Абай  бара
-
бара  тұтас  қазақ  халқының  рухани  болмысына 
пайдалы  болу  керектігін  түсінген.  Содан  барып:  "Біріңді,  қазақ,  бірің  
дос,  –
 
кӛрмесең  істің  бәрі  бос"  –
 
деп  ұлттық  ұран  тастайтындай 
дәрежеге кӛтерілген.
 
 
Нағыз  ұлы  тұлға  ұлттық  шеңберде  шектеліп  қала  алмайды. 
Оларды  бүкіл  әлемдік  мәселелер  толғантады.  Ұлылықтың  негізгі 
белгісі  бүкіл  адамзаттық,  бүкіл  әлемдік  құбылыстардан  ақиқат  іздеу 
болса керек. Сол толғаныс үстінде Абай адам атты пенделердің мұң
-
мұқтажын  ӛз  жүрегінен  ӛткізе  алған.  Содан  барып,  бүкіл  адамзат 
ұранын,  саналы  тіршіліктегі  адам  сүйеніш  табар  бұ  дүние  ақиқатын 
анықтай
 
алған.
 
"Адамдардың  бәрін  сүй  бауырым  деп!"  –
 
деген  Абай  ой  түйіні 
бүкіл адамзат ұранына айналуға тиісті қасиетті сӛз! 
 
Бұл сӛздің тәні де бар, жаны да бар! Бұл сӛз –
  
тірі сӛз! 
 
Бұл  ұран  сӛз  –
 
мағынасын  бүкіл  әлем  бойына  сіңіруге,  тіршілік 
ету үшін күрес құралына
 
айналдыруға тұрарлық қағида!
 
Бұл  сӛз  бүкіл  әлем  саясаткерлерлерінің  басты  ұранына  айналған 
кезде жер бетінде Жұмақ орнамақ! 
 
Абай тек қана қазақтардың емес бүкіл әлем жұртшылығының перзенті 
және ұлысы! 
 
 
...Абай әлемі жұдырықтай жермен шектеліп қалмаған. Оны "Жеті 
қат
 
кӛк" мәселесі де аз толғандырмаған. Содан барып, "Алланың ӛзі де 
рас,  сӛзі  де  рас"  атты  ақиқат  сӛз  аузынан  шыққан.  Абай  аузынан 
шыққан,  бізді  ерекше  сүйсіндірген,  үш  ауыз  сӛзді  жеке  жазып 
кӛрелікші:
 
 
Біріңді қазақ бірің дос кӛрмесең
 
істің бәрі бос...
 
 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...
 
 
Алланың ӛзі де рас, сӛзі де рас...
 
 
Осы сӛздер –
 
қазақ
 
баласының аузынан шыққан сӛздер. 
 
Адамдар қазақтың ұлы ел екеніне осыдан кейін қалай күмәнді болмақ!
 
Қалай
 
қазақ
 
екеніңе мақтанбассың! 
   

 

 
Кез
-
келген қазақ баласы Абайдың әр ойынан, әр сӛзінен жанына шипа 
боларлық  бір  нәр  ала  алмайтын  болса,  оған  сезім  атты  түйсіктің 
қажеттілігіне
 
күмәніміз бар.
 
Қазақ
 
халқы –
  
Абай Құнанбайұлы,  Ахмет Байтұрсынов, Әлихан 
Бӛкейханов,  Әлкей  Марғұлан,  Мұхтар  Әуезов,    Қаныш  Сәтбаев,  Әбіш 
Кекілбайұлы, Олжас Сүлейменұлы, Нұрсұлтан Әбішұлы секілді, санаса 
сан жетпес ұлдарының атымен ұлы ел.
 
Шекспир,  Пушкин,  Конфуций  секілді  біздің  ұлыларымыздың 
басында Абай тұр! Бұл, әрине, салыстырмалы түсінік. Әйтпесе қазақты 
қазақ
 
еткен  әлі
 
күнге  аты  есте:  Қорқыт,  Асан,  Жиренше,  Бұхар, 
Абылай,  Әбілқайыр,  Тӛле,  Қазбек,  Әйтеке,  Махамбет  секілді  ұлдары 
толып жатыр. 
 
Ұмыт
 
болғандары қаншама?.. 
 
Ұмыт
 
болғандар деген қандай ауыр сӛз еді... 
 
Ұлыларды
 
ұмытуға
 
бола ма?.. 
 
Болмайды ғой!.. 
 
Ұлы
 
атын
 
мәңгілеу –
 
ел міндеті емес пе...
 
Ұлыларын
 
ұмытқан
 
ел, ол қандай ел?..
 
Абайды оқыту керек, оқу керек. Оқы да ойлан. Ойға тоқығаныңды 
айта  жүр.  Әсіресе,  Абай  секілді  ұлыларды  жалпы  жұрт  болмысына 
сіңіре беру әр саналы азамат міндеті деп ойлаймыз. Абайды бар
 
сана
-
сезімімен ұлық тұту әр қазақтың борышы... 
 
Сонда ғана ұлылар аты ұмытылмайды.
 
Сонда ғана қазақтар бірін –
 
бірі дос кӛрмек. 
 
Сонда ғана істелген іс бос болмақ емес.
 
Абай  ойын,  Абай  түсінігін  бойға  сіңірген  кісіге  тек  қана  ӛз  жұрты 
емес, адам баласының
 
бәрі бауырға айнала бастамақ.  
 
Аллаға деген шынайы сезім жүрекке енбек.
 
Абайдың ұлылығына сенгендер қазақ халқының ұлылығына сене 
алады.
 
Абай 
сӛздерінің 
нәріне 
тамсанғандар 
қазақ 
халқының 
данышпандылығы  мен  ойлылығына,  қазақ  тілінің  күші  мен  құдіретіне 
сене бастайды.
 
 
Абай  сӛздері  бір  құлақтан  кіріп,  екінші  құлақтан  шығып  жататын 
болса,  онда  құлақтың  ол  адамға    пайдалы  мүше  екендігіне  күмән 
келтіруге болар...
 
 
Абай  бір  ӛлеңінде:  "Білімдіден  шыққан  сӛз,  Талаптыға  болсын 
кез"  –
 
деген  екен.  Біз  ӛзімізді  талаптылар  тобына  жатқызуға  шешім 
қабылдап
 
алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз...
 
 
Сапарлас боламын дегендерге кемемізден орын табылады. 
 
 
Тек қана біздің бір талабымыз бар. 
 
Онымыз:  Абайдың  бір  шумақ  ӛлеңін  жаттап  алып,  мағынасына 
тұшыну...
 
 
Білімдіден шыққан сӛз –
 

 

 
 
Талаптыға болсын кез.
 
 
Нұрын, сырын кӛруге,
 
 
Кӛкірегінде болсын кӛз...
 
 
Абай  –
 
білімдіден  шыққан  сӛзді  (Абай  білімді)  түсінуге тырысқан 
талаптының міндетті түрде кӛкірегінде кӛзі болғанын қалап отыр.
 
 
Аллатағала ӛз құдіретімен кейбір пенделеріне үшінші кӛз, "кӛкірек 
кӛзін" береді екен.
 
 
Біз,  кӛкірек  кӛзі  анық  байқалып  тұрмайтындарды  да  талапты 
болуға шақырамыз.
 
Кӛкірек  кӛзі  жарқырып  тұрмаса  да  маңдайдағы  екі  кӛзбен  Абай 
сӛздерін  кӛкірекке  тоқып,  тәннен  ӛткізе,  жанға  жеткізсе,  содан  барып
 
жан сезімін тән пайдаланса дейміз...
 
 
Осы  мақсатпен  біз  Абай  поэзиясына  кӛз  сала  отырып,  Абайдың 
қара
 
сӛздерін оқып шықпаққа ниеттендік.
 
Ана тілімізде сӛйлейтін қазақ тілді ойшылдарды ғана емес, әлем 
философтарын  да  терең  ойға  батырып  келе  жатқан    Абайдың
 
заты 
асыл, жаны жұмбақ сӛздерін "қара сӛз" деп атау қалыптасқан.
 
Біз  Абай  сӛздерін:  тірі,  жаратылысы  ұлы,  болмысы  ақыл,  кӛзге 
кӛрінбейтін  қасиет  ретінде  елестетеміз.  Абай  сӛздерінің  тірі  екеніне, 
жаны бар екеніне сенеміз.
 
Бізге алғашында, Абай сӛздеріне "Абайдың кӛсем сӛздері" деген 
атақ лайық секілді болған.
 
Егер "қара сӛз" деп ат таққан Абайдың ӛзі болса, онда  ӛз сӛзіне 
"кӛсем  сӛз"  деп  ат  тағуға  ақылдылығы  мен  даналығы  жол  бермеген 
болар деп те ойлаған болатынбыз...
 
Бірақ  қазақтың  "қара"  деген  сӛзіне  арттырар  жүктері  туралы  ой 
жүгірткеннен кейін біз алғашқы ойымыздан қайттық.
 
Халқымыз "қара" сӛзіне сан түрлі мағына берген екен. 
 
"Қара"  сӛзі  арқылы  жұртымыз    даналық  пен  тереңдік,  шексіздік 
пен  жұмбақ  нәрселер  мағынасын  бейнелеп:  қара  құрдым,  қара  жер, 
қара кӛбейту, қара орман деген сӛздер пайдаланыпты.   
 
"Қара"  арқылы  қазақ  қайрат  пен  күш  қасиеттерін  анықтап:  қара 
күштің иесі, қара қайраты мол, қара нар, қара нӛсер секілді сӛздермен 
бұл сӛзге ерекше күш беріпті.
 
Бұл  сӛз  арқылы  халқымыз  ел  мен  жұрт  мағынасын  түсіндіріп: 
қара
 
халық, қара тобыр деген сӛздерді шығарады.
 
Қара
 
деген  сӛзге  ең  бір  қасиет  тұтқан  нәрселерін  теңеп  қара 
шаңырақ, қара орын, қара жұрт деп ардақтаған.
 
Аяушылық ретінде: қара қасқа кедей, қара табан болу;
 
Кӛп деген мағынада: қара құрттай
 
қаптау, қара құрым, қара нӛпір 
топ;
 
Сұлулықты бейнелеп: қара торының қандысы, қара кӛз; 
 
Мезгіл ретінде: қара кӛлеңке;
 
Ұрпаққа
 
сүйіспеншілік: қарайғаным, қарағым;
 

 

 
Жауыздық    пен  арамдықты  бейнелеп:  қара  ниет,  жүзіқара,  қара 
албасты, қара жүрек;
 
Ӛлшем
 
ретінде  пайдаланып:  қара  жол,  қара  кӛрдім  жер  деп  те 
жатады.
 
Ақ сӛзінің қарсы мағынасында аққа қара күйе жағушы деп сӛгеді.  
 
Ал  ӛлеңде  айтылатын  "қазақтың  қара  ӛлеңі"  деген  түсінік: 
үйреншікті
 
ӛлең,  нағыз  қазақи  ӛлең,  кӛпшіліктің  жадында  қалған  ескі 
мұра деген
 
секілді түсініктер баламасы.
 
Абай сӛзіне осылай ат таққан қазақ ойшылдары болса, онда олар 
"қара сӛз" деген атаққа: 
 
Абай сӛзі –
 
сыры мол, астары терең сӛз; 
 
Абай  сӛзі  –
 
тек  бір  адам  емес,  бүкіл  адамзат  пенделерінің 
мүддесіне сәйкес келе алар ойлар жиынтығы

Абай  сӛздері  –
 
Абайдың  ақылы  мен  парасаты,  ойы  мен  дарын 
сәулелері арқылы басқалар санасына жарық түсіру құралы...
 
Ойсыздарға  да  ойлыларға  да  заты  жұмбақ,  жанының  тұңғиығы 
терең,  биіктігі  жеті  қат  кӛкте  жатқан  Ұлылар  ойындағы  жұмбақтарды 
шешу уақыт деген құдіреттің шамасы жетер ғана құбылыс. Әйтпесе екі 
миллиардқа  жеткен  қытай  халқы  үш  мың  жыл  бойы  бір  кісі  еңбегін 
зерттеуден жалыққан болар еді. 
 
Әр
 
жаңа туған ұрпақты ӛз түсінігімен қызықтырар ұлылар болады. 
Ұлылар
 
ойына  олар  ӛз  түсінігімен,  ӛз  кӛздерімен,  ӛз  заманының 
талабымен қарайды. Сондықтан ұлылар мұрасы –
 
мәңгі тірі.
 
Сол ұлылардың бірі –
 
Абай!  
 
Абай  сӛздерінің  жай  қара  сӛз  де  емес,  тек  қана  кӛсем  сӛздер  
жиынтығы  да  емес  екеніне  бұ  заманда  қазақтардың  да,  әлем 
жұртшылығының да кӛздері жеткен секілді. 
 
Бұл сӛздер ӛз шешімін әр жаңа заман, әр жаңа ұрпақ ӛзімен бірге 
ала  келетін:  салмағы  "қара  жердей",  жұмбақтығы  "қара  құрдымдай", 
шексіздігі "қара нӛпірдей" құбылыс.
 
Абай  "қара  сӛздерін"    "кӛсем  сӛздер"  деп  атаудың  жӛнсіздігін 
байқадық. 
 
Абай:
 
"Кӛкірегі сезімді, кӛңілі ойлыға
 
Бәрі де анық тұрмай ма ойланғанда..." –
  
дейді 
 
Абай  сӛздері  жан
-
дүниемізді  нұрландыра  түсер  ме  екен  деп,  біз 
Абай  сӛздерінің  ой  биіктігіне  бой  жеткізуге  тырысып,  мағына 
тереңдігіне  дем  жеткізуге  тырысып,  оларды  ӛз  ой
-
елегімізден  ӛткізе 
оқып шығуға бел байладық. 
 
Егер  бұл  сапарда  Абай  биігіне  шама  келмей,  шарға  жетпей 
жатса,  онда  ең  болмаса  Абай  әлеміне  жақындай  түсерміз  деген  үміт 
біздің ең басты мақсатымыз болмақ...
 
Абай  "қара сӛздері" қырық бес сӛзден тұрады екен...  
 
Неге аз? Жоғалғаны жоқ па екен?..
 

 

 
Неге қырық бес? 
 
Одан кӛп болуы мүмкін бе еді?
 
Бұл  сұрағымызға  айтарлықтай  дәлелді  жауап  таппадық.  Бірақ 
олар туралы ойлар бар. 
 
Солардың бірі Абайдың қара сӛздері қырық бестен кӛп те болуы 
мүмкін  еді  дейді.  Абайдың  ойлау  дәрежесі  осы  сӛздерде 
қамтылғандардан
 
да басқа кӛптеген мәселелер жӛнінде ой толғап, ӛз 
қорытындыларын
 
қорытып
 
шығаруға  жететін  еді.  Бірақ  не  ӛзі 
қаламады, не ғұмыр қысқалығы  мүмкіндік бермеді дейді. 
 
Екінші бір ой –
  
"Абайдан айтылмаған сӛз қалмады" дейтін
 
кейбір 
зерттеушілер  ойын  қуаттамақ  болады.  Олар  адам  (қазақ)  баласының 
ӛміріне
 
керекті  ақыл  мен  ойды  Абай  сӛздері  мен  ӛлеңдері  түгендеп 
кеткен  дейді.  Бұл  ойға  да  кӛңіл  тоқтатуға  болатын  секілді.  Ӛмірде 
кездесіп  жататын  кез
-
келген  құбылысқа,  оқиғаға  Абай  сӛзімен
 
мысал 
келтіріп, Абай ӛлеңімен қостауға болатынына кӛзіміз жетіп келеді. 
 
Осындай  бір
-
біріне  қарама
-
қарсы
 
ой  тұлпарларына  мініп  алып,  біз  де 
біраз саяхат жасап қайтсақ па дейміз…
 
Саяхат  болғанда  да  Абай  әлеміне,  Абай  ойларына,  Абай 
ӛлеңдеріне
 
саяхат…
  
Біз ӛзімізше, алдымен, Абай сӛздеріне берілген сандық белгілер 
орнына  мағыналық  теңеу  таңып  байқамақ  болдық.  Содан  барып 
тӛмендегідей тізім жасақтадық:
 
Бірінші сӛз –
 
адам міндетін анықтау;
 
Екінші сӛз –
 
еңбекке баулу;
 
Үшінші
 
сӛз –
 
билік сыры;
 
Тӛртінші сӛз
 

 
мастық пен күлкі;
 
Бесінші сӛз –
 
қалыптасу

Алтыншы сӛз –
 
түсінік;
 
Жетінші сӛз –
 
талпыныс;
 
Сегізінші сӛз –
 
насихат;
 
Тоғызыншы сӛз –
 
ұлт
 
жандылық;
 
Оныншы сӛз –
 
ұрпақ

Он бірінші сӛз –
 
кәсіп;
 
Он екінші сӛз –
 
ғибадат

Он үшінші сӛз –
 
иман;
 
Он тӛртінші сӛз –
 
жүрек;
 
Он бесінші сӛз –
 
ақыл;
 
Он алтыншы сӛз –
 
еліктеу;
 
Он жетінші сӛз –
 
бірлік;
 
Он сегізінші сӛз –
 
кербездік;
 
Он тоғызыншы сӛз –
 
естілік;
 
Жиырмасыншы сӛз –
 
жалығу;
 
Жиырма бірінші сӛз –
 
мақтан;
 
Жиырма екінші сӛз –
 
қадір
 
тұту;
 

 
10 
 
Жиырма үшінші сӛз –
 
қуаныш
 
пен жұбаныш;
 
Жиырма тӛртінші сӛз –
 
күншілдік;
 
Жиырма бесінші сӛз –
 
құлшылық

Жиырма алтыншы сӛз –
 
надандық;
 
Жиырма жетінші сӛз –
 
ӛсиет

Жиырма сегізінші сӛз –
 
парыз;
 
Жиырма тоғызыншы сӛз –
 
сақтық;
 
Отызыншы сӛз –
 
ұят

Отыз бірінші сӛз –
 
ойлылық;
 
Отыз екінші сӛз
 

 
талап;
 
Отыз үшінші сӛз –
 
ӛнер

Отыз тӛртінші сӛз –
 
бұ дүние;
 
Отыз бесінші сӛз –
 
о дүние;
 
Отыз алтыншы сӛз –
 
ұят
 
пен иман; 
 
Отыз жетінші сӛз –
 
уағыз;
 
Отыз сегізінші сӛз –
 
жаратылыс;
 
Отыз тоғызыншы сӛз –
 
намыс;
 
Қырықыншы
 
сӛз –
 
мінез;
 
Қырық
 
бірінші сӛз –
 
тәрбие;
 
Қырық
 
екінші сӛз –
 
тіршілік қамы;
 
Қырық
 
үшінші
 
сӛз –
 
тән мен жан;
 
Қырық
 
тӛртінші сӛз –тазалық;
 
Қырық
 
бесінші сӛз –
 
адам болмысы.
 
Біз  осыдан  кейін  әр  қара  сӛз  мағынасына  сәйкес  деп  таңдаған 
атаулар  тізімін  талдап  қарадық.  Бұдан  байқағанымыз  тек  қана  ұят 
(отызыншы,  отыз  алтыншы)  және  иман  (он  үшінші,  отыз  алтыншы) 
атаулары,  солар  туралы  айтылар  ой  екі  рет  қайталанатынын 
байқадық.  Басқа  ешқандай  ой  да,  сӛз  де  қайталанбайды.  Осыған 
қарап,  біз  Абайдың  осы  еңбегін  жазуға  кірісер  алдында  адам 
баласының  тәрбиесіне,  тіршілігіне  қажетті  деген  насихат  сӛздерінің 
тақырыбын  іріктеп,  тізіп  алып  барып,  сосын  іске  кіріскен  бе  деп 
ойлаймыз.  
 
Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір 
мойындауға  тиісті  ақиқаты  болуға  тиісті.  Ол  –
 
Абайды  түсінудің  сан 
сатылы  болатыны.  Ӛйткені  осындай  саяхатқа  шыққандар  білімі  мен 
зердесінің, табиғи болмысы мен тәрбиесінің жобасына байланысты тек 
қана
 
ӛз дәрежесіне дейін кӛтеріле алмақ. Мысалға менің ойшылдығым 
мен  білімпаздығым  орташа  ғана  дәрежеде  болса,  онда  менің 
тұжырымдарым  атақты  білгірлер  сатысынан  әлдеқайда  тӛмен  тұруы 
кәдік.  Олардың  мені  жазғыруы  да  мүмкін.  Бірақ  мен  оған  мойымақ 
емеспін.  Ӛйткені  Абаймен  сырласуға,  Абай  әлеміне  саяхат  жасауға 
әркімнің
 
де қақысы бар. Абайдың ӛзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.
 
Сонымен Абайдың қара сӛздері маған не дейді?
 

 
11 
 
Жаратылысты,  тіршілік    ережелері  туралы  ӛмір  қағидаларын 
қабылдау
 
арқылы  ӛзімнің  білімім  мен  ақылымның
 
жобасы  Абай 
сӛздерінен не ұға алды?
 
Біз,  ең  алдымен,  Абай  ӛз  сӛздерін  қалай  бастап,  қалай  аяқтады 
екен  деген  сұраққа  жауап  беруге  тырыстық  та,  бірінші  сӛз  бен  соңғы 
сӛз мағыналарына ой жүгіртпек болдық.  
 
Абай  бірінші  сӛзімен  ӛзінің  саналы  тіршілік  алға  тартар  кӛп 
нәрселер  туралы  ойланатын  жан  екенін  танытады.  Болашақ 
оқушыларымен  әңгіме
-
дүкен  құра  отырып,  ӛз  ойларын,  болашақ 
айтылмақ    сӛздерін,  кӛздеген  мақсатын  соншалықты  түсінікті,  талас 
тудырмайтындай етіп, түсіндіріп береді. 
 
Бірінші  сӛз  –
 
сӛз
 
жоқ,  алғашқы  сӛз  болуға  лайық  сӛз  деген 
қортындыға
 
келдік.  Оның  алдына  салған  кез
-
келген  сӛз  ӛз  орнында 
тұрмаған болар еді. 
 
Ал соңғы сӛз –
 
ол дәл соңғы сӛз. Егер Абай тағы бір сӛз қосқысы 
келсе, онда ол сӛз соңғы болып тұра алмас еді, ортаға түсер еді. 
 
Абай сӛздерінің қортындысы секілді қырық бесінші сӛзінде шексіздікті, 
шексіз  әлемді  жаратушының  бар  екендігі  айтылады.  Бар  әлем  бір 
заңға  бағынып,  бір  құдірет  бұйрығын  бұлжытпай  орындап  жатады. 
Абай,  тірілер  жаратқанның  адам  пенделеріне,  жан
-
жануарына  берген 
сезімдері  арқылы тіршілік заңдылықтарын  мойындайды,  ӛз  тірліктерін 
жалғастыруға құштар болады дейді.  Абай ӛз еркімен ешкім еш нәрсе 
жасай  алмайтынын,  тек  қана  Жаратқанның  жаратқандарын  жаратқан 
сыйлаған  сезімдер  арқылы  сезе  алатындығын  әңгіме  еткен.  Егер 
ондай  сезім  аз  болса,  онда  кісінің  кісілігінің  де  жобасы  тӛмендей 
бермек. Қырық бесінші сӛз –
 
соңғы сӛз!..
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
12 
 
 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Чек-лист оценка результатов тестирования
2012 -> Азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Немецкий фашизм: истоки и содержание
2012 -> Темекінің зияны
2012 -> Адам пендесі үшін тіршіліктің тірегі де мағынасы да
2012 -> Ізбасар Шыртановқа
2012 -> ОҚу жылына тәрбие жұмысы бойынша ми директорының орынбасары
2012 -> Сайын Назарбекҧлы
2012 -> Сайын Назарбекҧлы
2012 -> Өпа кафедра профессоры, т.ғ. д. Фешин Борис Николаевичпен; Өпа кафедра аға оқытушысы Нұрмағанбетова Гүлім Сахитовнамен даярланды

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет