Сайын Назарбекҧлы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/22
Дата12.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 

 
                                                                                                                       
 
 
 
 
 
 
 
 
Сайын Назарбекҧлы
 
 
 
 
 
 
Менің Ақордам
     
(таңдамалы)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақорда есіктері:
 
Парыз бен  кісілік есігі
 
Ҿнер мен сезім есігі
 
Ел мен жер есігі
 
Діл мен дін есігі
 
Ата
-
баба мен “ҿсер елдің жігіті” атты есік
 
Табиғат пен ақиқат есігі
 
Ойлар мен армандар есігі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2006 жыл.
 
 
 

 

 
ТҤРК БӘДІЗШІЛЕРІНІҢ СОҢҒЫ ТҦЯҒЫ,
 
   
немесе  ақындар   Меккесіне  мұнара тұрғызған 
 
Сайын ақын шығармашылығы жҿнінде...
 
 
 
Семейден ҽрі...
 
 
Күшікбай, мен Қасқабұлақтан да ҽрілеу...
 
 
Ақшоқыдан ары асқанда...
 
 
Бҿріліден де ҿткен соң... 
 
Жидебайға жеткеннен кейін... 
 
Кҿкбай  ауылынан  кейін  де  біраз  жер...  Бҽленбайыншы 
шақырымда.  Ҽлден  уақытта,  құладүздің  тҿсінде  Құндызды  шығады 
алдыңнан.  Құндызды  –
 
ақын  Шҽкер  Ҽбеновтың  ауылы.  Құндызды 
туралы  да  ҽңгіме  кҿп.  Шҽкер  ақсақал  туралы  да  хиқаят  жетерлік. 
Аңыз.  Ақиқат.  Ҽзіл
-
оспақ.  Ауылдың  жатып  ататыны.  Құндыздының 
ҿзінше бір “ауыз ҽдебиеті”. Ақын ауылының шетінде, қырлауытта ақ 
бейіт  тұр.  Тоқсанды  тоқымдап...,    жүз  жасаған  дейікші,  жүзді 
алқымдап бұл жалғанның құйынынан бетін ҽрі бұрған Халық ақыны 
Шҽкер  Ҽбеновтің  ақ  сағанасы.  Ақындық  қуаты  шалқар  дүниені 
тарсынған таланттың мҽңгілік жайы. Жүрекжотадағы ақ сағана ары 
ҿткеннің  де,  бері  ҿткеннің  де  назарын,  ат  шаптырым  жерден, 
сонадайдан  тартады.  Бұл  ҿңірге  тҽн  емес  ақ  ұлутастан  қаланған. 
Басына  құран  оқуға  жиналған  Құндызды  шалдарының  аузында  кҿп 
қайталанған  бір
-
ақ  сҿз  болды.  “Сҽкең!  Сайынның  азаматтығы. 
Сонау  Маңқыстаудан  Абай
-
Шҽкерім  кесенесін  салуға  келгенде,  ҿз 
қаржысына Шҽкір мен Ақылбайға, Ділдҽ мен  Ҽйгерімге де кҿрнекті 
сағаналар  тұрғызып  кеткен.  Ҿзіміздің  Сҽкең,  анау  Жидебайдағы 
зҽулім Абай мен Шҽкҽрім мұнараларын кҿтерген, Бҿрлідегі Мұхтар 
Ҽуезов  ата
-
анасы  “Омархан
-
Нұржамал”  күмбезін  ҿмірге  келтірген, 
Тоқтамыс  пен  Мамайдың  басына  күмбез  тұрғызған...  Шыңғыстау 
ҿңірін  мұражайға  айналдырып  жіберген...  Кеңгірбай  мен  Кҿкбай 
ақын күмбездерін кҿтеруге себеп болған”...  
 
 
Құндыздыда қазір Шҽкер Ҽбеновтың мұражай
-
үйі жұмыс істеп 
тұр,  біз  бұл  ҽңгімені  сол  мұражайға  кіргенде  де  ҽлденеше  мҽрте 
естідік. 
 
 
Абай  ауылының  жұрты  аузынан  тастамай  отырған  Сайын 
Назарбектің есімі қалың қауымға тҽуелсіздік жылдарында танылды. 
Сҽулетшілік  талантымен.  Ақындық  жан
-
дүниесімен.  Азаматтық 
тұлғасымен.
 
 
Абай  атамыздың  160  жылдық  тойында  Семей  қаласында 
Сҽкеңмен  жүздесе  кеттік,  Бҿріліге  бірге  тарттық.  Үлкен
-
кіші 
Сҽкеңмен  ҽбден  біліс,  шұрқырасып  жҿн  сұрасады.  Ағалары 
арқасынан  қағып  бауырына  тартады,  інілері  ізет  білдіреді, 

 

құрдастары...
   
Қазаққа  тҽн  мінезбен  ҽзілдеседі,  жарасты  ҽңгіме 
ҿрбітеді.  Дана  Абайдың  кешенді  кесенесін  кҿтерген  тұста  Семей 
жерінде айлап, жылдап тұрған. Үш
-
тҿрт жыл бойы табан аудармай 
Абай  бабасының  ауылында  қызмет  атқарып,  бауыр  басқан.  Қыс 
қыстаған,  жаз  жайлаған.  Шалғынына  аунаған,  шаңына  кҿмілген, 
суына  қанған.  Кҿкірегі  кеніш  азамат  Дана  бабасының  даналығына 
қанығуға  құлық  қойған.  Ел  мен  Жердің  құнарын  тамсап,  кҽусҽрін 
сүзген.  Шежіреші Жердің  қасиетіне қанған.  Соны  байқадым.  Сҿздің 
жҿніне  кҿшсек,  1992  жылдың  қара  күз  қазанынан  1995  жылдың 
тамылжыған  тамызына  дейін  Семейде  тұрып,  Абай  кесенесін 
тұрғызған шеберге ҿзінің міндетті құрылысын тап
-
тұйнақтай аяқтап, 
ЮНЕСКО мерекесіне жарқыратып ҿткізіп берсе аз абырой емес еді. 
Басқа сҿйтер еді, ҽлбетте. Бірақ ақын, құрылысшы, сҽулетші Сайын 

 
Абай,  Мұхтардың  рухани  дҽстүрінің  жаратылысын  ұққысы 
келгендей,  шежірешіл  абайлықтардың  жан  лүпіліне  құлақ  қойды, 
кҿкірек  кҿзін  ашты,  қоян
-
қолтық  іштесіп  танысты,  сырласты.  Бұл, 
бүгінде  Шыңғыстаудың  ҿріндегі  қос  ақмҽрмҽр  Мұнараны  сҽулет 
ескерткішінен  рухани  Дҽулет  мұрасына  айналдыру  үшін  қажет  еді. 
Кҿкіректің  кҿзі  кҿріп,  кҿңіл түйген  мағына ҿнердің  бір  түрінен  асып
-
тҿгіліп екінші, үшінші саласына сарын жалғастырғандай екен. Сайын 
Назарбек қаламынан Абай тағдыры туралы драмалық шығармалар, 
Абай  жері  жайлы  топ
-
топ  сыршыл  ҿлеңдер  туған.  Олары 
баспасҿзде,  кітаптарында  жарық  кҿрген.  Үлкен
-
кіші  оқырманның 
лебізіне бҿленген. 
 
 
Сҽкеңнің  ҿзі  жазған:  “Абай  ата  аруағы  мені  кісілікке  жеткізді!” 
деген  кісілікті  сҿздерді  оқығанда,  Жидебайдағы  кҿк  тіреген  қос  ақ 
шаңқан мұнара –
 
Абай
-
Шҽкерім кесенесі –
 
ойға оралды. Дүние жүзі 
демей
-
ақ  қояйын,  күллі  Еуроазияда  теңдесі  жоқ  сҽулетті  сағана. 
Дүниежүзінде де не секілді ескерткіштер бар ғой, бірінен бірі ҿткен, 
ҽйтсе  де,  дҽл  осы  Жидебайдағыдай  бітімді  кесене  кездеспейтіні 
кҽміл.  Сайын  құрылысшының  тұрғызған,  солардың  бірінен  озық, 
бірінен  кем  Абай
-
Шҽкерім  кесенесі,  зираттық  ескерткіштердің 
ешбіріне ұқсамайтын бірегейлігімен Кҿк Тҽңірінің зеңгірін арбап тұр. 
Мидай даладағы Сана мұнарасы, Рух пирамидасы! Қайталанбайтын 
дара ескерткіш, ұлттық қолтаңба! 
 
 
Сайын  сҽулетшінің  Қаратаудағы  Домалақ
-
ана  кесенесі, 
Маңқыстаудағы  атақты  Абыл  ақын  мен  Досан  батырға  соққан 
кесенесі де ерекшелігімен танымал. 
 
“Хан ордалы Сарайшық” атты Алтын Орда, Ноғай орда, Қазақ 
хандығы  мемлекеттеріне  астана  болған  Сарайшық  қаласындағы 
тарихи  кесене,  Сарайшық  тарихын  зерделеп  поэма  жазған  мен 
үшін,  ерекше  ыстық.  Осындай  ұлт  жан
-
жүйесіндегі  жанды  да  нҽзік 

 

ордалы орындар ҿнер иесін күллі қазақпен жалғастырып, жүзбе
-
жүз 
танысын
-
танымасын жатырқаусыз табыстырып тұр. 
 
 
Сҽулетші  Сайын  мен  ақын  Сайын  Абай  ұлылығын  қос  ҿнер 
саласында жарыстыра толғапты.
 
 
Шам
-
шырағы қазақтың –
 
Ұлы Абай,
 
 
Бағдарымсың бет түзер Қыбыладай!
 
 
 
 
 
(“Абаймен сырласу”),
 
 
Менің Меккем  баратын қажылыққа,
 
 
Қағбам да сол  қайтатын
 
табынып та!
 
 
 
 
 
(“Менің меккем”).
 
 
 
Осы  ҿлеңдердегі  Абай  туралы  толғаныстарды  оқығанда, 
қолжазбадан  бас  кҿтеріп  жоғарыдағы  мағлұматтарды  еске  түсіруге 
тура  келеді.  Жҿні  солай.  Сайын  Назарбектің  ҿлең,  толғамдарының 
сыры  сонда  ашыла  түседі.  Олар  ҿмірден,  тағдыр  ағыстарынан 
ҿрбіген  кҿңіл  толқындары.  Ардақты ақын  ағамыз  Хамаңның,  Хамит 
Ерғалиевтің “Кҿкірекке тереңдеп кҿз барғанда...” дейтіні бар еді. Сол 
ҿлең жолын ҿзі разы күймен біразға дейін қайталап айтып та жүрді, 
ҿлеңге  тақырып  етіп  қойды,  жаңылмасам  анау  бір  жылдардағы  бір 
жыр  кітабын  да  солай  атады.  Баспасҿзде  Хамаң  жырларына  пікір 
білдіргенде,  мен  де  ақынның  сол  ҿлең  жолын  тақырыпқа  шығарып 
едім: “Кҿкірекке тереңдеп кҿз барғанда...”. Хамаң “Кҿкірек кҿзі” деген 
ұғымды мағыналық
-
поэтикалық жағынан ойнатқан. Сайын жырлары 
да сол кҿкірек кҿзімен жазылған сҿздер. Ҿнерлі жанның кҿкірек кҿзі. 
Кҿз  кҿргендер  ойды  қозғайды,  сезімді  тербейді,  ой  толқытқан 
кҿңілден ҿрнекті сҿз шығады. Кісілік кҿктейді. 
 
 
Сайын  ҿлеңдері  тағдырдан  туған,  тіршілік
-
тұрмыстың  түрлі 
коллизияларынан  ұшқын  алған  азаматтық  тебіреністер.  Бұл 
ҽдебиетті кҽсіп етпеген,  поэзияны ҽу бастан ҿнердің ҿнеріне балап 
қастерлеген, ҿзге бір мамандықтың жалын ұстаған, ҿзге бір кҽсіптің 
тізгінін тартқан адамның туындылары. Ондай ҿмірден келген, жүре
-
бара  тағдыр  жазуымен  ақындықтың  тұмасын  ашқан  дарындар 
ҽдебиет  ҽлемінде  ҽрқашан  болған,  бола  береді.  Ҽдетте,  ондай 
ақындардың сҿз жүйесі де ҿзгешелеу, бітімі де бҿлектеу, кҿз кҿріп, 
құлақ үйренгенше мҽнері де оқшаулау тартып тұратындығы да рас. 
Ҽдетте, ешкімге ұқсай бермейтін ҿзіндік қолтаңбасы оқшау ақындар 
да  солардан  шығатыны  да  шындық.  Ақындық  шығармаларын  кейін 
жариялай  бастаса  да,  ақынжанды  адамның  кҿкірек  кҿзі  тереңдеп 
барған тағдыр суреттері туа бітті сыршылдықты аңғартады. Ой мен 
сезімді  жарыстыра  ҿреді.
 
Абай  туралы  ҿлеңдерінің  қатарында 
Жидебай топырағы, Семей атырабы, дана ойшылдың туған ортасы 
туралы да біраз сҿз бар.
 
 

 

 
“Ұлы жолға айналған Абай ізін,
 
 
Сақтап қапты Жидебай топырағы!”.
 
 
 
 
(“Абай басқан Жидебай топырағы...”).
 
 
Дана ақынның жұмбағын ҿзінше
 
ҿрнектейді.
 
 
 
 
 
 
*** 
 
“Қарызға ҿсім үшін берген пұлдай,
 
 
Сҿзінің құны күнде ҿседі еппен!”;
 
 
 
 
 
*** 
 
“Салмағы ҽр сҿйлемнің бір кітаптай,
 
 
Атажан, қорғасынмен жазып па едің?!”
 
 
 
*** 
 
“Тотықпай ғасыр
-
тұздан аман ҿткен,
 
 
Атажан, таптың қайдан асыл сия!?”
 
 
 
 
 
(“Абай сҿзіне”).
 
 
 
Абай  атасының  қорғасыннан  құйғандай  сҿздеріне  тамсанып, 
ҿмірі  ҿшпейтін  ҿміршең  қасиетіне  таңданады.  “Оқышы,  кісілікке 
бармақ  ішің!  Оқышы,  елден  биік  тұрмақ  үшін!”  деп  ҿзгелермен  де 
жан лҽззҽтінен бҿліскісі келеді. Даналық поэзиясынан ҿзгелердің де 
сусындауын  қалайды.  Абай  мен  Жидебай  атырабы  туралы 
ҿлеңдерді,  “Абай  ішіп  үлгірмеген  у”  драмасын  бір  желіге 
топтастырса  ҿзінше  ҿзгеше  бір  кітап  түзілер  еді.  Абай  туралы  ой 
толғап, сҿз жазбаған қалам иесі жоқ. Сҿйтсе де, бұл бұрынғыларға 
ұқсамайтын, сҽулетші ақын Сайын Назарбектің тебіреністері болып 
шығар еді. Абай ауылында үш жыл ғұмырын ҿткізген жанның жүрек 
сырлары, ыстық ҽсерлері. Ҿйткені оның ҿлеңдерінің тармақтарында 
тағдырдың, 
ҿмірдің 
демі 
ҿрілген. 
Ақынның 
жүрекжарды 
жырларының  бірқатары  ҽке  махаббатын  жеткізеді.  Алмағайып 
тағдыр  талқысындағы  ұлына  ғұмыр  сұраған  ҽке  тілегі  соншалықты 
шынайы,  ҽсерлі.  Оқты,  отты  кҿрген,  қанды  қырғынды    кешкен, 
тағдырдың қилы талқысынан ҿткен ҽке тебіренеді:
 
 
“О, Жаратқан!
 
Он сегіз мың ғаламға жан жаратқан,
 
Алпыс екі тамырға қан таратқан,  
 
О, Жаратқан!
 
Тек ұлымды сақтай гҿр ожар оқтан!
 
Кезегімді бере гҿр, шын сұрадым,
 
Соңғы тілек, осыным, о, Жаратқан!”.
 

 

 
 
Лирикалық  толғаныс,  тағдыр  сыры.  “Аяныш”  ҿлеңінде 
бағзыдан  қалған  қара  қазанды  жамамақ  болып  үш  күн  бойы  қол 
бұрғымен  шойын  қазанды  тесе  алмай  ҽлектенген  ҽкесін  аяған 
баласы  “осы  үш  күнгі  азапты  еңбегіңнің”  есесіне  бір  жаңа  қазан 
сатып  ала  салсаң  нең  кетеді  демес  пе?!  Сонда  қария  морт  кетеді, 
шамырқанып тіл қатады. Осындай оймен кҿктемейсің, ҿнбейсің, дҽл 
осындай  қара  қазанды  алтынға  да  сатып  ала  алмайсың  дегенді 
мегзейді  қария.
 
 
“Мына  т е с і к  түскен қара қазанға,
 
Жеті анаңның қырғышының ізінен!”
 
 
 
Жҽй  қара  қазан  емес,  ырыс  қазаны,  береке  қазаны.  Ҽулеттің 
ырысы. Қазақтың ырым
-
нанымы, тұрмыс шындығы. Ұлттық
 
сананың 
қаймағы.
 
Ақынның  қазақ  халқының  қазыналы  тақырыптарына  ой 
толғауы  шығармаларын  қауым  санасына  етене  түсінікті  жақындата 
түседі.  Ҿлеңдері  ҿзі  жиі  айтып,  жазатын,  сірҽ  мықтап  ұстанатын 
Жеті  қазына  мен  Жеті  ғаламнан  ҿрбіп  тарамдалып,  тармақталып 
желі
   
тартады.  Ҽке,  ана,  бала  туралы  тоғамдар  да,  дос
-
дұшпан, 
жақсы  мен  жаман  туралы  тебіреністер  де,  мҽрттік,  кісілік, 
имандылық қасиеттерді сҿйлесе де, заман мен адам жайлы ойы да, 
“Күн  иісі”,  “Жидебай  нҿсері”,  “Сырласым  бол”  секілді  ҿлеңдер  мен 
тҿрттағанды  топтамалар  да  сол  желідегі  жүйелі  сҿздер.  Таным 
тұтастығы,  азаматтық  тіннің  беріктігі,  ақынжандылықтың  тұнық 
тұмасы.  
 
 
“Шындықты  іздеп  ұзақ  жүріп  қалыппын”  дегеніндей  тағдыр 
поэзиясына  тағдырдың  тозағы  мен  тозаңын  кешіп, тірліктің  шуақты 
сҽулесін  сіңіріп  барып  кірген  ақын  аз  жылда  ұзақ  ғұмыр  жолының 
сырын ашқан. Қалам ізі, поэтикалық сҿз таңбасы жастайынан ҿлең 
ҿнеріне  ынтығып,  қазақ  жырынан  сусындап,  іштей  түлеп,  ұзақ 
жылдар булыға ізденген шабытты шақтардың күнделігі. Үш томдық 
шығармалар  жинағындағы,  кейінгі  жинақталған  жаңа  ҿлеңдерінің 
қолжазбасын  тұтастай  саралағанда  ҿлеңнен  ҿлеңге  тыныс  ашып, 
үдей  шапқан  шамырқаныстың  куҽсі  боласыз.  Ҽу  бастағы  қайсыбір 
ҿлеңдердегі  ой  мен  сҿздің,  сезім  мен  ҿлең  қалыбының  шендесуі, 
шарпысып та қалатын сҽттері біртіндеп бой түзеп, аршылып, ыстық
-
суықтан  арылып,  сазын  түзеген,  перне  мен  құлақкүйінің  үйлесімін 
тауып  ҿмір  жырына  үрдісті  үн  қосқан  дарын  қанатының  суылына 
ұласады.  Қазақ  домбырасының  қоңыр  сазы  мен  азаматтық  қоңыр 
дауыстың  жан  баласына  түсінікті,  жанға  жайлы  қоңыр  ҽуені  есе 
жҿнеледі. Ҿмір сыры, тағдыр жыры. 
 

 

 
Бірқатар  шығармаларында  ҿлеңнің  архитектоникасына  да  ҿз 
қолтаңба  бедерін  нақыштайды.  Сҽулет  ҿнерінің,  сымбат  ҿнерінің 
ҿзіне  ғана  тҽн  жүйе  заңдылығы  ҿлең  ҿрнегіне  де  сҽулесін  солай 
түсірген  шығар.  Бұл  ҿзі  сҽулетші
-
ақын  Андрей  Вознесенскийдің 
қазіргі заманғы орыс поэзиясындағы ҿзіне ғана тҽн шеберлік “кілті”, 
ҿзге  ақындардың  алдындағы  “кҿзірі”.  Бірақ,  орыс  ақыны  сол 
қолтаңбасын айқұлақтындырып, басым кҿрсетіп ақындық мектебінің 
дҽстүріне  айналдырмақ,  қазақ  ақыны  ҿзіне  тҽн  мҽрт,  сырбаз 
мінезбен  бірді
-
екілі  шығармаларында  ғана  байқатады.  Бҽлкім, 
сонысын ҿзі аңғармауы да, табиғатынан, кҽсіби ойлау ерекшелігінен 
барып дарыған нҽш болуы да мүмкін. Бұл жерде Сайын Назарбектің 
жыл мезгілдері туралы қысқа ҿлеңін тілге тиек еттік. Ҽлем ҽдебиеті 
мен 
музыкасында 
ҽммеден 
аян 
тақырып. 
Абай 
шығармашылығының  Ҽлихан  Бҿкейханов  атаған  классикалық  
нұсқасы. “Тҿрт мезгіл” ҿлеңіндегі жылдың тҿрт мезгілін Сайын ақын 
ҿзінше ҿрнектейді, ҿзінше кейіптейді. “Абылдар мен Қабылдар” атты 
қарасҿзбен  зерлеп,  ҿлең  сҿзбен  ҿрген  туындысында  да  ақын 
қолтаңбасы айқын.
 
 
Кейіннен  жазылған,  енді  жарық  кҿрмек  “Қазақстаным” 
ҿлеңінде:
 
 
Қазақстаным!
 
Байтағым, менің мекенім!
 
Сезінем сенде
 
Бақыттың нағыз не екенін!
 
Сондай бір шақта
 
Ҽлемге симай ғажап
-
ай,
 
Сел болып тасып,
 
Мұхит боп шалқып кетемін!
 
деген азаматтық пафосқа толы, тебіреністі жолдар бар. Шын сезім. 
Лирикалық қаһарманның жан толғанысы. Ҿнерімен де, ҿлеңімен де 
ұлттың  рухани  қазынасына  қазына  қосып  жүрген  ақын  жүректің 
лүпілі.  Ең  ҽуелі  сол  сезім  нұрымен  шұғылалы  шумақ.  Осы 
таңдамалы  жинақтың бір  жүрекжарды сыры  “Мен  Сайынмын ғой...” 
толғауымен жарасты ашылатыны кҽміл. 
 
 
“Мен Сайынмын ғой! –
 
Қазақ еткен қазақты қаңқа сүйек...
 
Ҿмір сүрдім сендерге арқа сүйеп...
 
Қалайсыңдар: бабалар, аруақтар,
 
Қысылғанда жүретін арқа сүйеп!...
 
 
Содан барып ҿзіңе тас қаладым,
 

 

Содан менде ерекше басқа наным.
 
Түркістан мен Сарайшық, қарт Тараздар,
 
Астанасы, бас қала, Астананың.
 
 
Жыр арнадым сезімге енгендіктен,
 
Тас қаладым сендерге сенгендіктен...”
 
 
 
“Мен  Сайынмын  ғой...”
 
деген  рефренмен  қайталанып 
отыратын  толғамды  ойлар  автор  ниеті  мен  пейілінің  куҽсіндей 
естіледі.
 
 
Мен  Сайын  Назарбектің  қолжазбасын  жақсы  тілекпен,  риясыз 
кҿңілмен оқыдым. Ҿйткені ол ҿнердегі ҿзінің жүрек лүпілін, ҿмірдегі 
ұлттық  қастерлі  қазынаға  ықыласын  ҽлдеқашан  ақ  тасқа  қашап 
жазған  жан.  Жан  сырын  тасқа  жазған,  таспен  ҿріп  ҿрнектеген 
ақынжанды  азамат.  Ата  шежіресін  бітік  тасқа  түсірген  түрк 
бҽдізшілерінің  соңғы  тұяғы!  Сырын  тасқа  бедерлеген  түрк 
жырауларының жолын ұстанған қазақ.
 
 
Тастан  ҿнер  ҿрген  шебердің  ақ  қағаздағы  қолтаңбасында  да 
оқырманға  қадірлі,  азаматқа  қастерлі  сҿздер,  шынайы  сезім  лүпілі 
мол.  Кҿкірек  кҿзінің  кҿргені  мен  кҿкейге  түйгені  кҿп.  Қазақ 
даласының  ойы  мен  қырындағы  адам  баласының  қалтарысты
-
қатпарлы  тағдырының  іздері,  ҿткенге  де,  кеткенге  де  салауат 
тілеген  кісіліктің,  парасатты  мҽрттіктің  лебі  ыстық.  Пайғамбар 
жасындағы  Сҽкеңнің  ҿмірге  де,  ҿлеңге  де,  ҿнердегі  ҿзге  де 
құбылыстарға кҿзқарасы айқын. Ҿз ҿнері мен ҿмір жолына парасат 
кҿзімен  қарайтыны  анық.  “Ҿлең”  атты    туындысында    да
 
сол 
дүниетанымдық кҿзқарасы сезіледі.
 
 
     -   
Ҿлең   сенің анаң болса, қайтер ең?
 
-
 
Ҿмір бойы ардақтаумен ҿтер ем!
 
-
 
Ҿлең сенің жарың болса, қайтер ең?
 
-
 
Ҿмір бойы арын қорғап ҿтер ем!
 
-
 
Ҿлең болса арғымағың, қайтер ең?
 
-
 
Ҿз қолыммен жалын тарап ҿтер ем!
 
-
 
Ҿлең сенің дертің болса, қайтер ең?
 
-
 
Ҿле
-
ҿлгенше қабақ шытпай кҿтерем!
 
 
Ана болмай, ҿгей болса бұл ҿлең –
 
Онда қайтем? Бақытымнан кҿрем де.
 
Жарым болмай, бетпақ болса бұл ҿлең –
  
Онда қайтем? Айтқанына кҿнем де.
 
Шабан мҽстек боп кездессе бұл ҿлең –
  
Онда қайтем? Озбасам да мінем де.
 

 

Дертім болса жазылмайтын бұл ҿлең –
 
Онда қайтем? Сол дертімнен ҿлем де!..
 
 
 
Ҿмірдегі  Абай
-
Шҽкерім  кесенесінің  бас  құрылысшысы,  Абай 
бабасының  ҿлеңдегі  рухын  пір  тұтқан  Сайынның  ҿнерсыры, 
болмысы  осы шумақтарда тұнып тұр. 
 
 
Абайдан  да  ҽріден,  қазақ  қазақ  болғалы  бірге  жасасып  келе 
жатқан  қазақ  ҿлеңінің  жері  кең,  тынысы  биік,  аясы  нұрлы,  сол 
сұлулық  ҽлемінде  ҽр  қазақтың  жүрегінің  лүпілі  бар.  Сайын 
Назабекұлының  сыршыл  толғамдары  сол  сырлы  ғаламның  бір 
ұшқыны.
 
 
Асқар ЕГЕУБАЙ,
 
ақын, 
 
филология ғылымдарының докторы
 
профессор.
 
30.01.06 ж.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
10 
 
Парыз бен кісілік есігі
 
 
Мен Сайынмын ғой…
 
 
 
 
 
* * *  
Апырым
-
ай!
 
...Неге мені мына жұрт елемейді?..
 
...Дейтін кісің мен емес... ие, мейлі...
 
Бетін ашып алалық мҽселенің,
 
Болсын анық түсінік, түбегейлі!..
 
 
...Танымадың сен, інім, мені қалай?..
 
Жетектегем, арқалап сені талай.
 
Мінгестіргем қалдырмай жолда жаяу,
 
Аралатқам тау мен тас, еліңді ұдай.
 
 
Айтып ем ғой, ақынмын, ағаңмын деп!
 
Уҽде еткем, сел болып ағармын деп!
 
Бір жұлдыздай ҿзімді жақпақ болғам,
 
Жана алмадым жұлдыздай, ағардым тек!
 
 
Ойлар талай кетті де қайта келді,
 
Шатастырды, талай жан сайтан ҿңді.
 
Тура жолдан адастым, кҿп кешіктім,
 
Кешіріңдер деймін де, қайтем енді...
 
 
Мен ағаңмын ғой!..
 
Жан
-
тҽнімдей, жеткіншек, сүйіп едім!
 
Тыңда, менде ойнайды күйі ненің?..
 
...Іні қамы –
 
ел қамы, болашағың,
 
Жан жарасы, жазылмас күйік едің?!.
 
 
Болашағым деп едім, кҿкте күнім!
 
Ҿткен талай кҿз ілмей текке түнім.
 
Сағынышпен сарғайды талай жылдар,
 
Тағдыр саған кей
-
кейде ҿкпелімін...
 
 
Алыстаттың ей тағдыр, арманымнан,
 
Үзіп бердің жалғанның жалғанынан.
 
Ҿкпелімін... Адамды “адам” деген,
 
Қазағыма дҽм жаздың қалғанынан...
 
 

 
11 
Мен ініңмін ғой!..  
 
Қолыңда ҿскем, қалайша ұмыттыңдар?
 
Ҿздеріңмен оянған үміт, мұңдар.
 
Мінезімен біріңнің жерге кірсем,
 
Ал біреуі –
 
асқарым, шабыт шыңдар.
 
 
Талай барғам алдыңа ақыл сұрап!
 
Еліктедім, сүйдім де жақынсырап.
 
Ағалар
-
ау, кемсітпе інілерді,
 
Қуат берші, деші тек “мақұл, шырақ!”.
 
 
Жарасады ағаға жҿн сілтеген,
 
Сҿкпе оны, тіпті ойы, болсын тҿмен.
 
Іні деген еліңнің болашағы,
 
Мен жас жанға ешқашан қол сілтемен.
 
 
 
 
 
* * *  
Ау, халайық!.. 
 
Мендей ұлды қалайша елемедің?..
 
Дұрыс еді дер кезде демегенің.
 
Ҿзің үшін тер тҿккен бір баланың,
 
Біліп жүрші арам ас жемегенін.
 
 
Шырылдаған сен үшін жаным, мына...
 
Талай тақыл сҿз айттым танымдыға.
 
Жел сҿз емес күн туса, ел басына, 
 
Керек десең қиямын жанымды да...
 
 
Мен бҽріңді, бҽріңді танимын ғой! 
 
Айтпақ болғам сендерге пайымды ой...
 
Ес білгелі жүрегім соқты сен деп,
 
Мен балаңмын, ақының... Сайынмын ғой!
 
 
Ау ағайын!.. 
 
Ҽлі менің сіздерге айтарым кҿп!..
 
Неге жігіт баптайсың сайтанын тек?..
 
Неге талап қоймайсың азаматқа
 
Мойындағы парызды қайтарың деп?..
 
 
Маңдай термен борышты тҿледім мен,
 
Алыс қадам баспадым керегіңнен.
 
Қала ма деп түсінбей қара сҿзді,
 
Ҿң бергенмін ойыма ҿлеңіменен.
 

 
12 
 
 
 
 
* * * 
Мен Сайынмын ғой! –
  
Қазақ еткен қазақты, қаңқа сүйек –
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                
Ҿмір сүрдім, сендерге арқа сүйеп...
 
Қалайсыңдар: бабалар, аруақтар!
 
Қысылғанда жіберер барса, сүйеп...
 
 
Содан  барып ҿзіңе тас қалағам,
 
Содан менде ерекше басқа наным.
 
Түркістан мен Сарайшық, қарт Тараздар, 
 
Астанасы, бас қала, Астананың.
 
 
Жыр арнадым сезімге енгендіктен,
 
Тас қаладым сендерге сенгендіктен.
 
Қойыныңа ҿзіңнің енем барып, 
 
Бүгін алып кетсе де, кҿнгем, тіптен.
 
 
 
 
 
* * * 
Мен Сайынмын ғой!..
 
Ақын болып ағымнан жарылғанмын!..
 
Ойын ұқтым абыздың, дарындардың!..
 
Сол ойлардан тоқыдым шекпенімді,
 
Жаным сезді ежелден сарын барын!..
 
 
Ей, ағайын!, айтпағың не демеңдер,
 
Жүрек жарды айтылған ойды меңгер.
 
Парыз емес, алданып қызарғанға, 
 
Жүріп қалмаң қызықтап тойды сендер.
 
 
Батырыңмын қас жауың жасқанардай,
 
Бола алмаймын шал
-
шапыр басқалардай,
 
Балаң түгіл құрдаспын немереңмен,
 
Қуатым бар қамал сап, тас қалардай.
 
 
 
 
 
* * * 
Ау, халайық!..
 
Ақын болып ағымнан жарылғанмын!..
 
Ойын ұқтым абыздың, дарындардың!..
 
Сол ойлардан тоқыдым шекпенімді,
 
Жаным сезді ежелден сарын барын!..
 
 
Бҽріңді де, бҽріңді танимын ғой! 
 

 
13 
Айтпақ болғам сендерге пайымды ой...
 
Ес білгелі жүрегім соқты сен деп,
 
Мен балаңмын, ақының... Сайынмын ғой!
 
 
...Мен Сайынмын ғой!..
 
 
Ақтау.   1.05.2004 ж.
 
 
 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Чек-лист оценка результатов тестирования
2012 -> Азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Немецкий фашизм: истоки и содержание
2012 -> Темекінің зияны
2012 -> Адам пендесі үшін тіршіліктің тірегі де мағынасы да
2012 -> Ізбасар Шыртановқа
2012 -> ОҚу жылына тәрбие жұмысы бойынша ми директорының орынбасары
2012 -> Сайын Назарбекҧлы
2012 -> Сайын Назарбекҧлы
2012 -> Өпа кафедра профессоры, т.ғ. д. Фешин Борис Николаевичпен; Өпа кафедра аға оқытушысы Нұрмағанбетова Гүлім Сахитовнамен даярланды

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет