Сайын Назарбекҧлы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата10.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сайын Назарбекҧлы
 
 
 
 
 
 
 
 
Қаһарман
 
халықтың қаһарман ҧлы
 
 
 
 
 
 
 
 
Деректі хикаят
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана
, 2010 
 
 
 
 

 

 
 
Қаһарман
 
халықтың қаһарман ҧлы
 
 
 
Исатай  Сүйеубаев  туралы  бұл  хикаятты  ҿткен  ғасырда 
болып  ҿткен  сұрапыл  соғыста  ерен  ерлік  кҿрсетіп,  кҿзі 
тірісінде  аты  аңызға  айналған  адам  туралы  хикатты,
 
біз 
аңыздардың  ең  алғашқысы  –
 
Адам  Атаны  еске  түсіруден 
бастамақ болдық.
.. 
 
...
Аспаннан 
түскен 
қасиетті 
кітаптар
 
аңызында
 
Аллатағала    жерден періштелеріне  топырақ алдырып,  қырық 
күн  бойы  ҿз  қолымен  илеп,    тҽні
 
дайын  болғасын  еңбегінен 
үрлеп
 
жан кіргізеді.
..  
...
Болашақ  адамға  тиісті  барлық  қасиеттерді  дарытады. 
Осы  шаруаларының  бҽрін  зор  махаббатпен  тындырып,  
жиырма бірінші ғасыр басында саны алты миллиардтан асып 
кететін  адам  атты  пенделерінің  ең  алғашқы  атасын 
жаратады.
..  
 
 
...
Оны  Адам  деп  атап,  Һауа  Анамызбен  екеуінің  некесін 
періштеге қиғызып отау етеді.
.. 
 
 
...
Аллатағаланың 
осындай 
сүйіспеншілігімен, 
құрыметімен
 
кҿтерілген  шаңыраққа
 
Һауа
 
Анамыз  кілең 
егіздерді (бір ұл, бір қыздан) ҿмірге ҽкеледі.
 
 
Осылайша  ҿмірге  Абыл  мен  Қабыл  атты  ұлдар
 
жҽне 
олардың егізінің сыңары қыздар ҿмірге келеді
...  
 
 
...
Қабыл
 
Абылға қас болып ақыры ҿлтіріп тынады...
 
 
...Содан  бері  қанша  миллиондаған  заман  ҿтсе  де,  адам 
пенделері ҽлі күнге бір
-
біріне қастық ойлауын доғарар емес.
.. 
  
...
Бұлардың  неге  сонша  бір
-
біріне  ҿшігетіні  жұмбақ 
құбылыс
... 
 
...Адам Ата мен Һауа Анадан адам баласы аталып ҿрби 
бастағаннан бері қарай сол адам атты жаратылыс:
 

 


 
ҿздерінің
 
ең  бір  сорақы  ақылға  сыймас  ақымақтығын 
танытар; 
 

 
ҿздерінің
 
ең 
бір 
саналы 
жаратылысқа 
сыймас 
қатыгездігін
 
танытар; 
 

 
ҿздерінің
 
ең  бір  санасыздығын  танытар
 
соғыс  атты 
зұлматты  ойлап  тапқаннан  бері  қарай  талай  адам  атты 
пенде 
жаратылыс 
сыйлаған 
ғұмырын, 
біздің 
бабаларымыз  «қамшы  сабындай  шолақ»  деп  бағалаған 
 
аз ғана ҿмірін толық қызықтай алмастан келеді екен...
 
 
...Жастай солып, жат қолынан қаза табады
 
екен...
 
 
...Қазақ халқы да бар адам басына ортақ осы қасіреттен 
құтыла
 
алмаған.  Олардың  сан  мыңдаған  жылдық  тарихына 
 
ой  жүгіртсек    талай  қырғын
 
соғыстарды  бастарынан 
кешіргенін,  талай  соғысқа  амалсыз  қатынасқанын  қынжыла 
мойындар
 
едік. 
 
Сол қырғындардың бірінде олар жеңіс дҽмінің шаттығына 
бҿленіп  жатса,  енді  бірінде  туы  жығылып,  тауы  шағылып 
жатыпты.  
 
Сондай  соғыстар  талай  елдерді  жер  бетінен  жоғалып 
жатыпты.
 
Талай  халықтың  мойнына  құлдық  пен  бодандық 
бұғауын кигізіп қорлапты. Соғыстан аман қалған ел жоқ.  Бҽрі 
де  соғыса  жүріп  мемлекет  болыпты,  қырыла  жүріп  тірі 
қалыпты

Біздің  халқымыз  тарих  беттерінде  «Сақтар»  мен 
«Ғұндар»,  «Үйсін»  мен  «Қарақан»  атағы  тағылып  жүріп  те, 
«Қаңлы»  мен  «Оғыз»,  «Қыпшақ»  пен  «Түркі»  атала  жүріп  те, 
бергі заманда «Алтын Орда», «Ноғай Орда» елі деліне жүріп 
те, тіпті ҿздерін «Алаш», «Қазақ Хандығы» дегізе
 
жүріп те не 
бір соғыстарды
 
бастан ҿткізіпті. 
 
Сондай  соғыстар  талай  боздақтарымызды
 
жанынан
 
айырып
 
жатыпты. Егер біздің еліміз енді ғана тҽуелсіздік туын 
кҿтеріп  жатса  онда  мемлекеттің  тҽуелсіз
 
ел  атты  атағы  да, 
адамдардың тҽуелсіз мемлекет азаматы деген
 
бақыты да
 
тек 
қана
 
сол  ұлттардың  кҿсемдері  мен  батырларының  арқасы
  
екен.
.. 

 

...Осы  күнге  жету  үшін  бұдан  үш  мың  жыл  бұрын  ҿз 
еркімен  ҿзін
 
құрбан
 
еткен  Ширақ  қойшы  да,
 
кешегі  Қайрат 
Рысқұлбеков те не үшін ҿмір сүргісі келмеді...
 
 
...Бұ халықтар не үшін соғысады...
 
...
Соғыс атаққұмар патшалардың
 
ҽлемдік
 
тұлғаға айналу 
үшін
 
істер амалы секілді. Ондай ел басшылары адам ғұмыры, 
ел  қасіреті  деген  түсінікті  болмысымен  сезіне  де  алмайтын 
болар. 
 
Ал  амалсыздықтан  қолға  қару  алу,  болашақ  ұрпақ 
бақыты  үшін  тірі
 
ұлдарын
 
құрбандыққа
 
шалу,  ҿз  отаны  үшін 
ҿзін
 
құрбан
 
етуге дейін бару
 

 
ол елі мен жерін сүюден туар, 
 
амалсыздықтан,  шарасыздықтан  туындар  құбылыс  секілді

Ондай  соғыстарда  жасалған  ерлік  елдің  рухани  мұрасына 
айналмақ.  Ҿз еліңнің тарихымен таныса отырып бабалар туы 
асқақтаған  сҽттерін  сезінгенде  ұрпағының  оларға  деген 
ризашылық  пен  мақтаныш  сезімдерінің  оянары  табиғи 
құбылыс.  Бірақ  ешқандай  ел  ҿмір  бойы  соғыста  жеңе 
бермепті.
 
Біздің  бабаларымыздың  тағдыры  да  тура  сондай.  Бірде 
жеңіс  қуанышына  мастана  ҽлемдік  ұлы  мемлекет  орнатып 
мыңдаған жыл салтанат құрса, бірде тағдыры талқығы түскен 
кезі  де  жеткілікті  болыпты.  «Ақтабан  шұбырынды»  секілді 
кездерін жүрек арқылы ҿткізіп, сезімге жол берсек бар денеңді 
мың  қанжар  тілгілеп  жатқандай,  бар  жүйкеңе  мың  найза 
қадалғандай
 
боласың. 
 
Соғыс
 
халық  батырларын  туғызады.  Басқаға  кеткен 
есесін,  сол  соғыста  құрбан  болғандар  ҿтеуін  сол  батыр 
ұлдарының
 
ерлігі 
 
тұратын секілді.
 
Қазақ
 
халқының сондай соғыстарда атақты болған ерлері 
сонау  біздің  ғасырға  дейінгі  Мҿде  батыр  мен  Томиристерден 
бастап, содан кейінгі Еділ мен
 
Құлтегін, беріректегі Қабанбай
 
мен  Наурызбайға  дейінгі
 
аралықтағы  тарихи  уақиғаларды 
ұмыттырмай, ел есінде ҽлі күнге жатталып қалыпты.
 
Халқы  үшін  мерт  болғандар  туралы  ойланғанда 
 
халқының  болашағы  үшін  ҿздерін  құрбан  еткен  «Алаш» 
ерлері  бірден  ойға  оралады  жҽне  ол  ерлердің  есімдері 
қаншама
 
десеңізші.  Сол  ерлердің  тізімін
 
түгендеп  алған  да 
дұрыс  болар  еді.  Басқаны  болмаса  да  батырлар  тізімін 

 

қиналмай
 
да ойланбай тізімдеп шығуға мүмкіндігіміз жеткілікті 
секілді. Ҿйткені қазақ халқы –
  
қаһарман
 
халық, батыр ел.
 
Тарихи  тұлғалардан  басқа  аңыз  бен  ертегілердегі,  жыр 
мен  дастандардағы
 
батырлардың  есімі  қаншама.  Олар  да 
біздің  ерлеріміз.  Олардың
 
аттары  мен  уақиғаларының  бұ 
заманда
 
аңыздық
 
кейіпкерлерге  айналып  кеткені  болмаса,
 
кезінде нақтылы
 
тарихи тұлғалар екендігі, қазақ халқының қас 
батырлары
 
екендігі ақиқат. 
 
Қазақ
 
халқының  тарихи  кезеңдердегі
 
шайқастары,  тіпті 
соңғы бодандық кезеңнің ҿзінде бас бостандығы мен  егемен 
ел болу жолындағы ұлт
-
азаттық күрестері
 
кезіндегі батырлар 
ерлігі
 
қазақ
 
елінің жігерін
 
ұдайы
 
шыңдаумен келеді
.  
Қазақ
 
халқы  қатысқан,  мың
-
мыңдап  жан  алып,  жан 
беріскен
 
соғыстары
 
ішінде

СССР  атты  алып  империяның 
құрамында
 
жүріп  фашист  басқыншыларына
 
қарсы
 
соғысы
 
тым қатыгез соғыс болып еді.
 
Бұл  соғыста  қазақ  ерлерінің  кҿрсеткен  ерлігі  ерекше 
құбылыс
 
болды. Біздің  жауынгерлер
 
соғыстың нағаз шешуші 
кезеңдеріне, нағыз
 
шешуші айқастарына тап келді
.  
Қазақ
   
жауынгерлері  ең  басты  шайқастар

Москваны 
қорғау
 
кезінде  де,  Ұлы
 
Отан  Соғысының  тағдырын  шешкен 
Сталинград  үшін  шайқаста  да,  екінші  дүниежүзілік  соғыстың 
нүктесі қойылған  Рейхстагты алу соғысында да ерекше кҿзге 
түсіп,  қазақ  халқының  қаһарман  халық  екенін  бүкіл  ҽлемге 
паш етті. Қазақ батырлары ерлік пен тапқырлықтың сан түрлі 
үлгілерін
 
кҿрсете білді.  
 
Бұл  соғыс  бұрынғы  бабалар  соғысы  емес  еді.  Бір 
замандарда  соғысқа  қатысушы  екі  жақтың  баяғыдан 
қалыптасқан
 
міндетті  түрде  мойындайтын  жҽне  ойланбай 
орындайтын  ережелері  болыпты.  Екінші  дұнижүзілік  соғысы 
ондай  ережелерді
 
сақтай  отырып  соғысу  үрдісі  жоғалған 
заман  болатын.  Бҽрін  жекпе
-
жек  шешетін  үрдіс
 
келмеске 
кеткен. 
Соғысқа 
қатысып 
жатқан 
мемлекеттің 
де, 
жауынгерлерінің  де  парасат,  адамгершілік  деген  қасиеттерді 
ойлауға  мұршасы  жоқ  заман  туған.  Ҿйткені
 
техника  күші 
ҽлемді
 
де,  адамды
 
да
 
жайпап  келе  жатты.  Мыңға  жалғыз 
шабатын  аңғал  батырлар  заманы  тек  қана  жырлар  мен 
ертегілерде сақталып қалды. Адам айласы мен қайраты емес
 
техника күшімен, оның алапат құдіретін пайдалана соғысатын 

 

заман  туған  еді.  Соғыс  тағдырын  жеке  ер  тұлғалардың  ерлік 
болмысы билемеді, командирлердің бұйрығы биледі.
 
Дегенмен адам ақыл мен ойдың иесі емес пе, қас батыр 
боп  жаратылғандар  бұндай  техника  соғысында  да  ҿз 
ержүректігін  кҿрсету  үшін  жол  таба  біліпті.  Солдат  Уставы 
деген  ережені  қажет  кезінде  бұза  алыпты.  Ежелгі  ерлердің 
батырлығын  қайталай  отырып,  қазіргі  заманның  техникасы 
мен  қаруын  ұтымды  пайдаланып,
 
қазақ
 
ұлдары
 
ерліктің 
үлгілерін
 
кҿрсете
 
бастады.
 
Бірі жолдастарын аман алып қалу 
үшін
 
пулеметтің  аузын  кеудесімен  жауып  жатса,  енді  бірі  оқ 
тиіп ҿртеніп келе жатқан ұшағын жау
 
эшолонына шүйліктірді. 
Қазақ
 
жігіттерінен
 
қыздары
 
да қалыспады. Бұндай ерліктердің 
талайы  атаусыз  да  қалған  болар,
 
байқалмағаны,  кҿзге 
кҿрінбегені қаншама десеңізші.
  
Намыс  үшін  Шерқала  тауынан  секірген  Ораз  Оңғалбаев 
ағасы секілді киелі Маңғыстауымыздың бір баласы Ұлы Отан 
Соғысы  кезінде  қазақ  намысын  ҽлем  жұршылығы  алдында 
аспандата  кҿтеріп  бере  алды.  Соғыс  ережесі  бойынша  ол 
танктен  түсіп,  жаяу  жүгіріп  келе  жатып  жауына
 
оқ  жаудыруы 
тиіс
 
еді.  Бірақ  ол  жауға  оқ  атуға,
 
атқан  оғын  тигізуге  танктің 
үсті
 
ұтымды
 
екенін  ұғады.  Соны  сезінген  ер  жігіт,  туысынан 
батыр
 
боп  туған  бір  қазақ  баласы  танкінің  үстінен  түспейді. 
Ҿзінің
 
аса  мергендік  қасиетін  ұтымды  пайдаланып,  ақылға 
сыймас ерлік
 
үлгісін
 
кҿрсетеді. 
 
Ол –
 
қазақ
 
халқының батыр ұлы, маңғыстаулық –
 
Исатай 
Сүйеубаев
 
болатын. 
 
Ол  –
 
арғы  замандарда  мыңға  жалғыз  шабатын: 
Қобыланды
 
мен  Қамбардың,  соңғы  заманда  он  кісі  жасақпен 
екі  жүз  жҽуміттің  соңынан  қуатын  Қармыс  пен  Балуанияз 
батырлардың ізбасары еді. 
 
Ол –
  
жоңғар
-
қазақ
 
соғысында жекпе
-
жек батыры атанған 
Тоқтамыс батырдың тікелей ұрпағы болатын
.  
Тоқтамыс  батыр  ұрпақтары  қазір  адай  тайпасының  бір
 
белгілі  руына  айналды.  Олар
 
қазақ
 
халқының
 
тарихи 
кезеңдерде ҿз
 
орнын таба да білді, жеңіс жолына ҿз үлестерін 
қоса
 
да білді. 
 
1870-
76 ж. орыс имериясына қарсы күреске шыққан, жеті 
жылға  ұласқан  адайлар  кҿтерілісінің  бас  батыры  Досанның
 
қасында
 
ең соңғы
 
күніне дейін табыла білген, оң
 
қолы
 
атанған 

 

Орақ  батыр  да
 
Тоқтамыс  батыр  ұрпағы  болатын,  осы  хикаят 
кейіпкері Исатайдың рулас атасы еді.
 
Сол  бабаларының  ерлік  рухын  бойына  сіңіріп  ҿскен 
Исатай  ҿз  заманындағы  техника  тілін  жетік  меңгеріп,  айласы 
мен ақылы бірдей жетіскен ержүрек жігіт болып қалыптасады. 
Текті  де ҿнерлі еді. Қайратты да айлалы болатын.
 
 
Қазақ
 
халқы  ҿз  тегін  ардақтауға
 
аса  ұқыпты  халық. 
Мыңдаған  жыл  кҿрші  боп  келе  жатқан,  ҿздерін  ұлы 
атандырған орыс халқы ҿз ата тегін таныстыру үшін ҽке, ата 
деген  сҿздерді  пайдаланады  да
 
арғы  жағын  пра
-
пра
-
пра... 
деп
 
жалғастырады. Бір атақты атасының атын айтып мақтану 
үшін
 
бірнеше пра
-
пра
-
праларын айтып ҽлекке қалып жатады. 
Ол  праларды  ешкім  санамайды  да.  Санағанмен  пайдасы  да 
болмайды.  Ал  біздің  бабаларымыз  ҽлемде  үлгісі  жоқ,  қазақ 
халқының  ұлылығын  дҽлелдей  түсер,  ата  мен  баланың 
қандастық,  туыстық  жақындығына  ерекше  мейірімін  тҿге, 
ғажайып
 
сҿз тіркестерін таба білген данышпандар. «Туажат», 
«жүрежат»,  «жұрағат»  сҿздерінің  мағынасын  ҽлемді  алты 
айналып  іздесең  де  басқа  тілдерден  таба  алмайсың.  Сҿзіміз 
дҽлелді  болу  үшін  біз  Исатай  батыр  мен  батыр  бабасы 
Тоқтамыс  арасын  туыстық  атауларымен  жалғастырып 
кҿрелік. Исатайдың рулық шежіресінен
...  
 
Адайдан –
 
Келімберді
 
Келімбердіден –
 
Мҧңал
 
Мҧңалдан –
 
Жаулы
 
Жаулыдан –
 
Жары
 
Жарыдан –
 
Тоқтамыс.
 
Тоқтамыстан
 

 
Бабеке, Тілеке.
  
Тоқтамыс
 
батырдың он сегіз жасар батыр ұлы Бабеке
 
бір 
соғыста  жоңғар  батырымен  жекпе
-
жек  айқаста  мерт  болады

Бабеке  артында  Табай,  Ҿтембет  (атақты  Абыл  ақынның 
атасы) атты ұлдары қалады.
  
Тілекеден
 

 
Еспембет, Доспамбет,
 
Майтан, Құлтығай, Қаржау
 
Еспембеттен  –
 
Мҽті  ҽулие  (осы  кітап  авторының  бесінші 
атасы).
 

 

Доспамбеттен  –
 
(бәйбішесі  Кӛбелдестен)  Қамысбай, 
Күмісбай,  Жанғұтты,  Тҽтен,  (тоқалы  Таңсықтан)  Мұстафа, 
Соқыр, Қуан.
 
Майтаннан –
 
Ҽбділ, Бҽубек.
 
Құлтығайдан
 

 
Жанбау, Бекбау, Түркебай, Жылды, Ақмамбет, 
Қоныс

Қаржаудан
 

 
Қаражүсіп
 
(Маңғыстаудағы  атақты  зираттық 
сҽулет ескеркіштер авторы)
 
Қамысбайдан
 

 
Қожамұрат,  Бұлты,  Есмұрат,  Ҿтемұрат, 
Сүлеймен,
 
Есіркеп, Нұрлыбай.
 
Есіркептен –
 
Берді, Жақсылық,
 
Шахат, Ермағамбет.
 
Шахаттан –
 
Сҥйеубай, Салман, Жұмалы.
 
Сҥйеубайдан –
 
Сырлыбай, Ҽкімбай,
 
Исатай.
 
Исатайдан –
 
Шҥкір.
 
Шҥкірден –
 
Манас.
 
Салманнан –
 
Орынбай, Рамазан, Нұрбек.
 
Орынбайдан –
 
Қуантқан, Ілесқан, Аралқан, Қадірқан, Оразқан, 
Адайқан.
 
Қуантқаннан
 

 
Еркін, Ербол.
 
Рамазаннан  –
   
Ҽдірқан,  Қайырқан,  Комсомол,  Айтқұл, 
Мұратбек, Серік.
 
Нұрбектен –
  
Ҽлібек, Бектұр, Есет.
 
Жұмалыдан –
 
Кҿбеген, Ҿткілбай, одан: Мейрамбай.
 
Кҿбегеннен –
 
Қыдырбай, Серікбай.
 
Исатайдың  рулық  шежіресіндегі  бабаларын  қазақы 
сҿздерге,  туыстық  жақындыққа
 
айналдырып  жазсақ,  Исатай 
Тоқтамыс  батырдың  жетінші  ұрпағы,  жүрежаты  болып 
шығады. 
 
 
Ата –
 
Тоқтамыс батыр
 
Ҽке
 

 
Тілеке
 
Бала –
 
Доспамбет
 
Немере –
 
Қамысбай
 
Шҿбере –
 
Есіркеп
 
Шҿпшек –
 
Шахат
 
Немене –
 
Сүйеубай
 
Жүрежат –
 
Исатай
 
Туажат –
 
Шүкір
 
Жұрағат –
 
Манас
 

 

 
Қазақ
 
халқының  қаһарман  ұлы  Исатай  Сүйеубаев  
Маңғыстау  ҿлкесінің  азаматы.  «Қырымның  қырық  батыры»  
деп  жырланатын  ерлік  дастандарды  рулас  ағасы  Мұрын 
жыраудан бастап, жыр айта алатын барлық жыршылардың
 
ҿз
 
ауыздарынан  естіп,  болмысымен  қабылдап
 
ҿскен
 
жігіт.  Сол 
уақиғалардың «Ноғайлық жырлар» деген атпен жырланғанын 
естіп  жадына  сақтаған,  жырдағы  аты  аталатын  жерлерді  ҿз 
кҿзімен кҿріп мақтаныш тұтқан сезім иесі. Ерлік дастандарның 
тек қана қияли жыр емес екенін, олардың ҿткен
 
ҿмірде
 
болған 
уақиғаға екеніне сеніп ҿскен бала. 
 
Осы  еңбек  авторы  да,
 
автор  ҽкесі  Сҽрсенұлы  Назарбек
 
те  Исатай  батырмен  бір  ауылда  туған,  тҽндері  сол
 
топырақтан  жаралған,  жандары
 
ноғайлы  жырларынан  нҽр 
алған  адамдар

Назарбек  1909  жылы,  ал    хикаят  кейіпкері 
1913 жылы ҿмірге келген
 
замандас, тағдырлас жандар еді
.  
Қалжыңбас
 
та  ҿткір,  қайратты  да  батыл,  ҿнерпаз  да 
мерген Исатай тек қана ҿз құрдастары арасында емес, ҿзінен 
ҽлдеқайда
 
үлкен
 
ағаларымен  сыйлас  болады,  достарындай 
бірге  ойнап  ҿседі.  Дҽлірек  айтсақ  Исатайдың  ҽлгі  қасиеттері 
ҿз
 
құрдастарынан
 
ертерек
 
ержеттіріп,
 
ҿзінен
 
біраз  үлкен 
ағаларымен
 
бірге жүруге ұмтылдырған секілді.
  
Денесіне  сыймай,  болмысын  жарып  бара  жатқан  қайрат
 
пен  жігер
 
шығатын  жол  іздеткен  болар.    Ауылдың  бір 
қайратты
 
адамы  кездесе  қалса
 
«кел,  күреселік»  дейді  екен. 
Ол  жҽне  ұрқсат  сұрап  жатпастан  ұстаса  да  кететін  ерсілеу 
ҽдеті
 
болған. Менің ҽкем ортаға шығып күреспесе де қайраты 
мол  кісі  еді.  Содан  болар  Исатай  о  кісімен  кездескен  жерде 
«Кел, Назеке, күреселік» деп оңтайлана бастайтын болған.
 
  
Біраз  жағаласқаннан  кейін  «Сенде  де  күш  кҿп»  деп
 
ойынын  тоқтатып,  жықпай  босатып  жібереді  екен.  Оның 
мақсаты  біреуді  жығу  да  болмаған  секілді.  Осыларды 
ойлағанда  ол
 
ҿз
 
бойындағы  есепсіз  қайратты  сезіне  ҿскен 
адам
 
секілді
.  
Мол  қайратты  қажетсінер,  денедегі  артық  күшті  жұмсар 
бұ  замандағы  спорт  секілді  ермек  таптырмай,  табиғат 
сыйлаған  қара  қайрат  оны  ҽр
 
нҽрсеге  ұрындыра  да  берген.  
Ҿздерін
 
бір нҽрсеге жұмсап шығындап тұруды қалап тұратын 
 
жасҿспірім  күші
 
Исатайға  қауіп  деген  сезімді  ойлатпаған  да 

 
10 
секілді.  Кейін арнайы тақырып етіп баяндап бергелі отырған 
бірнеше уақиғалар біздің осы ойымыздың
 
дҽлелі болмақ.
 
Ауыл  қарттарының  айтуы  бойынша  Исатайдың  қара 
күшімен қоса
 
бойында туа біткен қаһармандық қасиеті болған 
адам дейді. Рас сҿз секілді.
 
Ерлік  қимыл
 
ҽр
 
түрлі  жағдайларда  жасалынып  жатады. 
Бір ерлік кенеттен басқа түскен уақиға кезінде амалсыздықтан 
туындайтын  болса,  енді  бірі  ойланудан,  оған  дайындалудан 
барып іске асырылады.
 
Үлы
 
Отан  Соғысы  кезіндегі  Исатай  батыр  ерлігі 
осылардың  соңғысы  секілді.  Ол  кездейсоқ  уақиғаға
 
бола 
батыр атанбаған. 
 
Исатай  болмысының  –
 
осындай  тарихи  ұлы  уақиға 
кезінде  қазақ халқының болмысын танытар,  ерлігін паш етер 
тарихи тұлға болып қалыптасқаны байқалады. 
 
Исатай тұлғасы тек қана жеке батыр адам тұлғасы емес, 
тұтас бір ер халықтың ерлік образы секілді жан болатын. 
 
Оның  бойында  қазақ  халқының  дархандығы  мен 
мейірбандығы  қаз  қалпында  сақталған  адам  еді.  Бізді 
осындай қортындыға келтіріп отырған Исатаймен ең бір қиын 
уақытта

адамдар  жан  беріп,  жан  алысып  жатқан  арпалыс 
кезеңде,  ҿлім  мен  ҿмірдің  арасы  қас  қағым  сҽт  екенін  сезіне 
жүрген  кезде    онымен  жолдас  болған  майдандас 
жолдастарының пікірлері
 
еді
.   
Мысалға  Исатаймен  бірге  соғысқан  Қожа
 
Қайырлиевтың 
мына сҿздеріне ой жүгіртіп қаралықшы...
 
...
Тағы бір нәрсе есіме түсіп отыр. Ол кезде біздің жігіттердің 
арасында  шала  сауаттылар  кездесіп  қалатын.  Олар  үйіне  жӛндеп 
хат  жаза  алмай  киналады.  Сондай  кезде  Исатай  бізді    шақырып 
алып:
 

Мыналар  ӛз  бауырларың  ғой.  Қолдарыңа  жұқпас,  үйіне  хат 
жазғысы  келіп  жүр,  кӛмектесіңіздерші  дейтін.  Біз  Исекең 
айтса, кұп аламыз. Хат иелерінің ӛтініштерін орындаймыз. 
 
Исатайдың
 
ӛзі
 
де: «Ал, шалдың баласы, тоқ етерін айт
!
», 

деп 
қойып,  хат  иесін  әзілдей  отырып,  сыдырта  жазып,  роталасының 
кӛңілін аулап жатады. Осы күнде ойлап қарасам, сол кезде бізге аға 
болып кӛрінген Исатайымыз отызға да толмаған жігіт екен ғой...
 
 
 
Шындығында  да  сол  жылы  Исатай  29  жаста  болатын. 
Қожа
 
ағамыз айтқандай «Ал, шалдың баласы, тоқ етерін айт!» 
деген  бір  сҿйлемде  маңғыстаулықтардың  тіл  ерекшелігі  мен 

 
11 
ҽзілі, Исатайдың мінезі мен ақжарқындығы қатар кҿрініс тауып 
тұр.  Біз  осы  бір  ауыз  сҿзден  жерлесімізді  танып  отырмыз. 
Қазақ
 
халқының біз білетін асыл қасиеттерін кҿріп отырмыз.
 
 
Исатайдың  азаматтық  тұлғасын  айқындай  түсетін  
қылықтарын
 
біз  батыр  мүрдесін  орыс  жерінен  туған 
топырағына  жеткізуге  кҿп  еңбек  сіңірген  немере  інісі
 
Кҿбеген 
Жұмалыұлы естелігінен кҿп кездестірдік.
 
 
Бұл  1945
-
46  жылдар  еді.  Исатай  соғыстан  келгесін,  үйленіп

Иманбай  дегеннің  қызын  алады.  Аты  Кенған  болуы  керек.  Содан 
Таушықтағы  сауда  бӛліміне  бастық  болады.  Ол  уакытта  пойыз 
жоқ,  халыққа  керекті  тамақ  пен
 
заттарды  Гурьев  қаласынан
 
машинамен тасиды.
.. 
Бір  жолы
 
тамақ  әкеле  жатып
 
(Атырау  мен  Ақтау  арасы  1000 
шақырым.  С.Н.),  Бейнеуден  бері  шықса,  Таушыққа
 
қарасты
 
(Маңғыстау  ауданының  орталығы,  С.Н.)
 
колхоздың  малшылары 
отырады. Бір
   
үйге
 
келсе, ішетін шәй да
 
жоқ болып шығады. Сонда 
Исекең аты
-
жӛнін жазып алып, машинадағы тамақтарды түгел сол 
жердегі  жұртқа  таратып  беріпті.  Келген  соң  аудан  басшысына: 
«Барлық малшы аш отыр екен. Соларға таратып бердім» депті.
.. 
 
 
Біз  Кеңес  заманын  жақсы  білетін  адамбыз.  Аркадий
 
Райкин мазақ ҽңгіме ететін «деф
-
фи
-
цит» деген сҿз бар емес 
пе еді. Ал нағыз шындыққа келсек ол заманда «деф
-
фи
-
цит» 
емес  зат  болмайтын.  Біраз  жыл  Жаңаҿзен  қаласында 
құрылыс
 
мекемесінде  (
1974-
80  ж.)  жұмыс  жасаған  едім.  Ҽлі 
күнге жұмысшы ҽйелдердің: «Қызымды ұзатқалы жатыр едім, 
бір  кілем  тауып  беріңізші»  –
 
деп  жалынған  дауыстары  ҽлі 
күнге  құлақтан  кеткен  жоқ.  Тауып  бере  алмайсың.  Ҿйткені 
барлық  затты  аудан  басшылары  ҿзі  бҿледі,  ҿзі  таратады. 
Сауда мекемелерінің басшылары олардың ұрқысатынсыз бір 
нҽрсе беріп
 
жібере алмайды, жіберсе бас кететін заман.
 
 
Исатай батыр ерекше жаратылған жан. Қорқу дегеннің не 
екенін  сезбей  ҿткен  адам.  «Жұмысымнан  алып  тастайды» 
деген  қорқыныш  оған  жат.  Мың  шақырымнан  алып  келе 
жатқан бір машина затын жолда қойшыларға таратып кетуі
 
ол 
кездегі  кҿзқараспен  қарағанда  қандай  қылық  екенін  анықтау 
да оңай шаруа емес... 
 
...Бұндай ерлікті тек қана Исатай істей алады...
 
...
Исатайдың  дыбысқа  ататын  ерекше  мергендігі,  ҿткір 
жанары  мен  есту  қабілеті,  нағыз  батырларға  бітер  орасан 

 
12 
табиғи күші оны полк барлаушылары ішінде атақты етеді. Сол 
қасиеттерінің
 
арқасында  үш
 
жыл  ішінде  ел  аузына  аңыз  боп 
сақталып қалар  кҿптеген
 
ерліктері
 
жолдастарының  жадында, 
елінің есінде сақталып қалады. 
 
Ұлы
 
Отан Соғысы қазақ жауынгерлері арасынан кҿптеген 
Исатайларды
 
ҿмірге
 
ҽкелді.  Ерлерін  елі  ҽлі  күнге  мақтаныш 
тұтады.
 
Мҽншук пен Ҽлия ерліктері қазақ халқының мерейін ҿсіре 
түсті

Қазақ
 
халқының қыз баласын еркін ҿсіретіні неге екенін 
дҽлелдеп берді.
 
Хикаят  авторы  осы  еңбегін  жазу  барысында  тҿмендегі 
тізімде  кҿрсетілген  құжаттар  мен  мақала  авторларының 
еңбегін  пайдаланды  жҽне  сол  үшін  оларға  ҿзінің  рахметін 
айтады.
 
 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2012 -> 777
2012 -> Азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Немецкий фашизм: истоки и содержание
2012 -> Темекінің зияны
2012 -> Адам пендесі үшін тіршіліктің тірегі де мағынасы да
2012 -> Ізбасар Шыртановқа
2012 -> ОҚу жылына тәрбие жұмысы бойынша ми директорының орынбасары
2012 -> Сайын Назарбекҧлы
2012 -> Сайын Назарбекҧлы
2012 -> Өпа кафедра профессоры, т.ғ. д. Фешин Борис Николаевичпен; Өпа кафедра аға оқытушысы Нұрмағанбетова Гүлім Сахитовнамен даярланды
777 -> Сайын Назарбекұлы

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет