Мектеп қызметін жетілдірудегі Іс-әрекеттегі зерттеудің рөлі қандай?
Мұғалімнің кәсіби дамуының тиімділігі, ол өз тәжірибесін өзі бағамдап, оны жетілдіру жолдарын зерттейді. Бұдан басқа, бұл тәсіл мұғалімнің басқа мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, сол арқылы өз әріптестерінің кәсіби дамуына септігін тигізеді.
Шмук (1997 жылы) мектепте Іс-әрекеттегі зерттеуді тиімді қолдануға көмектесетін алты шартты атап көрсетеді:
Әлсіз жақтарды назарға алуға ашық болу: мектеп әкімшілігі мен ұжымы мектеп қызметін жақсарту үшін не істеу қажеттігі туралы бір-бірімен шынайы сөйлеседі.
Шығармашылық танытуға мүмкіндік болуы: мектеп әкімшілігі ұжымға оқытудың балама әдістерін ойлап табу туралы идеяларын талқылауға және талдауға мүмкіндік ұсынады.
Талпыныс пен қателерді қолдау: балама үдерістерді жүзеге асырып, енгізу мақсатында мектеп әкімшілігі ұжымды қолдап, ресурстар мен материал ұсынады.
Қызметкерлердің көзқарасы: мектеп әкімшілігі жұмысқа қатысты мәселелерді бірлесе шешу мақсатында өзінің дағдыларымен бөліседі.
Дерек жинау: мектеп әкімшілігі мен ұжым оқу үдерісі мен мектеп нәтижелері жайлы жүйелі дерек жинау үшін зерттеу аясынан шыға білу қажет деп санайды.
Мектеп қызметін жетілдіруге уақыт беру: мектеп әкімшілігі қызметкерлерге пікірталасқа, тәжірибелік зерттеулерге және проблеманы шешуге қатысуға мүмкіндік беру мақсатында оларды тұрақты міндеттерінен босатады.