Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері : түсіндіру, әңгіме, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау



жүктеу 344.5 Kb.
бет14/18
Дата10.02.2022
өлшемі344.5 Kb.
#17132
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Аралық 1
Грамматикаңыз қалай?

Төмендегі мәтіннен қатені табыңыз.

Мүслима деген немерем бар. (В)Бундеркинд. Бір жасында тіл(і) шықты, екі жасында Абай атасының алты шумақ өлеңін жатқа айтты, үш жасында (х)қат таныды. Бес жасында мектепке барды, бірақ бойы кішкентай болды. Алты жасында 1-сыныпқа (оқыды) барды. Бір аптадан кейін екінші сыныпқа көшірілді. Жеті жасында үшінші сынып... . Төрт жасында ... мен рұқсат бермедім. Қайда асығады дегем. Кітап оқысын дедім. Оқи бастады: «Робинзон Крузо», «Қазына аралы», «Абай жолының» 4 кітабы, Тургенов, Чехов әңгімелері. Оқудан басқа – компьютер. Сонымен келесі сыныпқа өтті, төртінші сынып – сегіз жас. Құрдастары 8 жаста бірінші сыныпты аяқтаған.

Бірде шәкірт ұстазына келіп:

- Сіз секілді сабырлы болып, ешкімге ренжімейтіндей күйге түскім келеді. Маған бұның жолын үйретіңіз, - деді.

Ұстазы келісіп, шәкіртіне былай деді:

- Қолыңа бір қапшық ал да, әрдайым өзіңмен бірге ұста. Біреуге өкпелеген немесе ашуланған кезіңде қапшықтың бір жағына өзіңнің, екінші жағына ренжіген адамыңның есімін жаз да, қапшықтың ішіне бір картоп сал. Әр өкпелген сайын қапшыққа бір-бір картоптан салып отырғайсың, - деді.

Шәкірт келіскендей ұстаздың айтқанын бұлжытпай орындады. Уақыттың өтуімен қапшық ауырлап, түбіндеге картоптар шіріп, иістене бастады.

Оқушы ұстазына келіп:

- Сіз айтқанның бәрін істедім. Бірақ қапшығым ауырлап, картоптар иістене бастады. Бұны қолымнан тастамай бірге алып жүру мүмкін емес, - деді.

Сол кезде ұстаз:

- Дәл осы нәрсе сенің ішіңде де болып жатыр. Біреуге өкпелеген кезіңде көңіліңде ауыр тас пайда болады. Бірақ сен оны бірден байқай қоймайсың. Уақыт өткен сайын тастар көбейіп, ауырлай түседі. Сондықтан әр уақыт біреуге ренжуден бұрын саған бұндай жүктің керек немесе керек еместігін шешіп ал, - деп жауап бері.

III. ОҚЫЛЫМ

Баянауыл –көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен – отандық, шетелдік демалып келушілер үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, құмға қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны – ақиқат. Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп. Солардың бірі – Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас – Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымас тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл аттардың бағасы қымбат болыпты. Оларды ең батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда, соған қарамастан, күнде бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. Түн ортасында жер астынан түрі қорқынышты кемпір шығады. Ол жылқылардың ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына алып кетеді. Жас батыр көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды. Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгірмейді. Таң арайлап атып, күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің жартысытасқа айналып, қатып қалыпты. Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі – осы.




жүктеу 344.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет