6,02∙1023 саны итальяндық ғалым Амадео Авогадроның құрметіне
(1,2-видео):
Авогадро саны деп аталады. Белгісі NА, өлшем бірлігі моль -1. (2-видео):
NА = 6,02∙1023 моль -1.
Ол кез келген заттың 1 молінде 6,02∙1023 бөлшектер болатынын көрсетеді.
Мысалы : 1 моль суда да, 1 моль темірде де бөлшектер саны бірдей, тек судың 1 молінде 6,02∙1023 молекула болса, темірдің 1 молінде 6,02∙1023 атом бар.
Авогадро санын заттың молекуласын табу үшін қолданады.
Зат мөлшерінің формуласы: n = N / NА
Зат мөлшері белгілі болса бөлшектер санын анықтауға болады. Молекуланы (N) әрпімен белгілейді. Ол Авогадро санын зат мөлшеріне көбейткенге тең.
N = n ∙NА
мұндағы : n - зат мөлшері
N – молекула немесе атом саны
NА - Авогадро саны
Мольдік масса - заттың бір молінің массасы.
Поделитесь с Вашими друзьями: |