Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату.
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
тапсырмалардың жауаптарын жазу.
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
8 минут
03:00 – 11:00
11:00-14:00
|
Жаңа сабақ
|
Адамдар әртүрлі жағдайда түрлі өлшем бірліктерін қолданады. Мысалы , адамның бойын сантиметрмен өлшесе,қалалардың арасын сантиметрмен емес немесе миллиметрмен емес километрмен өлшейді. Кейде жеңілдету үшін кішігірім бірліктерді топтастырып біріктіреді.
Мысалы: 1000 г – 1 кг
30 күн – 1 ай
100 тиын – 1 теңге
100 жыл – 1 ғасыр
Сол сияқты химиктерге де өте кішкентай атомдар мен молекулаларды өлшеуге қолайлы өлшем бірлік қажет болды.
Химияда заттың өлшемі ретінде ерекше физикалық шама – зат мөлшері алынады. Зат мөлшері мольмен өрнектеледі.
Моль – бұл құрамында 0,012 кг (12 г) көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар, т.б.) болатын заттың мөлшері.
Көміртектің әрбір атомының массасын (19,93∙10-27 кг) біле отырып көміртектің 0,012 кг массасында қанша атом (N) болатынын есептеуге болады.
N= 0,012 кг / 19,93∙10-27 кг = 6,02∙1023 (атом)
602 000 000 000 000 000 000 000 (немесе 6,02∙1023) құрылымдық бөлшектерді атом, молекула және т.б біріктіріп 1 моль деп атайды.
|