Сабақтың тақырыбы: Тіршілік көзі Сенің меңгеретінің



жүктеу 11.26 Mb.
Дата10.02.2022
өлшемі11.26 Mb.
#17143
түріСабақ
11-сабақ Тіршілік көзі (1)

Сабақтың тақырыбы: Тіршілік көзі

Сенің меңгеретінің:
  • Сюжеттің дамуын болжау;
  • Мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжет енгізу;
  • Кейіпкердің рөліне еніп, актерлік шеберлікті үйрену.

Мысал өлеңді тыңда Шегіртке мен құмырсқаның тіршілігі табиғатпен, Жермен байланысты екенін түсіндір.


Иван Андреевич Крылов 

Орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы ақын.

Мәскеу қаласында дүниеге келген.

 (1769-1844)

 

200-ден аса мысал өлеңі бар.

«Шегіртке мен Құмырсқа», «Қарға мен Түлкі» «Есек пен бұлбұл»т.б. мысалдар.

Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады. Мысалы, Абайдың “Қыс” атты өлеңінде қыс мезгілі мейірімсіз, түсі суық, қатал шал кейпінде бейнеленген. Ауыз әдебиетінде кейіптеуге шарттылық, дәстүрлі үлгіні ұстаушылық тән, жазба әдебиетте бұл тәсіл өзгеше сипат алады

Түсініп оқы. Жапырақтар мен тамырлар


Жаздың жақсы күнінде бір

Жапырақтар судыр-сыбдыр.

Көлеңкесін жайып жерге,

Көркін көріп, көңілі өсіп:

«Дала көркі бізде»,-десіп,

Мақтанды кеп ерке Желге.

-Ағаштардың көркі бізбен,

Жасыл желек киіп бізден

Түсіп көзге, түрленеді,

Сып-сида боп қалса қурап,

Желкілдеген шашты бұйра

Біз болмасақ, кім береді?

Біз мақтансақ, қанша айып?

Есіңе түсір!

Жансызды жанды ретінде бейнелеу тәсілі қалай аталады?

Теңеу

Кейіптеу

Мінездеу

Түсініп оқы. Жапырақтар мен тамырлар


Төңірекке сая жайып,

Көрсетеміз көпке пайда.

Мал соңында жүр малшылар,

Ыстық күнге қалай шыдар?

Біз бермесек, сая қайда?

Көлеңкемде малшы әйелдер

Бой сергітіп, жырлар, билер,

Аз демалып рақаттанар.

Таңсәріден бұлбұл менде,

Ерке Желім, кел сен де,

Қамқорлығым саған да бар.

Сонда біреу күмбір етті.



Бұл ненің даусы болуы мүмкін екенін болжа

Жел


Тамыр

Жер

Түсініп оқы.


Даусы қандай құдіретті

Жер астынан шыққан жарып.

Деді былай баяу ғана:

-Өз басыңды ойлау-жала,

Мына біздер ұмыт қалып.

Жапырақтар: «Бұл-кім?»-деді,

-Неге мұнша сілкінеді?

Кім едің сен сонша мықты?

Біз тұрғанда сендер кімсің?

Кімді алдап сендірмексің?

Ұят олай ойлау тіпті!

-Біз ғой, -деді әлгі дауыс,-

Сендерге де берген табыс

Қараңғыда жерді қазып.

Жақсылықты білмейсіңдер,

Білмей тұрып сөйлейсіңдер,

Біз береміз ағашқа азық.

Рас, еңбек жасадыңдар,

Бірақ бізді еске алыңдар!

Жаңа көктем-жас жапырақ,

Қурап қалса жерде тамыр,

Соқса дағы қанша дабыл,

Ағаш қалар бос қалтырап.

Мысал кейіпкерін

болжауда

саған не көмектесті?

Тамырдың сөзіне

не қосар едің?

Сахнала Кейіпкерлердің рөліне еніп, Жапырақпен сөйлес.


Мысалы: «Мен Күнмін, жапыраққа жарық беремін, жылу беремін. Менің жақсылығымды қалай ғана ұмыттың сен, жапырақжан?!...»

а) Күннің пайдасы туралы айт



ә) Судың пайдасы туралы айт

б) Ауаның пайдасы туралы айт

Тапсырманы дәптерге орында

1. Өлең мазмұнынан өзіңе не алдың? Ойыңды жаз

2. Жапырақтың бейнесінен қандай адамды көруге болады?

3. Жақсы адамға тән қасиеттерді жаз.


Бүгінгі сабақта:

Қорытынды
  • Сюжеттің дамуын болжай алдың;
  • Мәтінге жаңа кейіпкерлер қосып, жаңа сюжет жасадың;
  • Кейіпкердің рөліне еніп, сахналадың.

жүктеу 11.26 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет