Сабақтың тақырыбы: Таза болса табиғат,аман болар адамзат



жүктеу 16.31 Kb.
Дата08.04.2022
өлшемі16.31 Kb.
#18788
түріСабақ
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû Òàçà áîëñà òàáè?àò,àìàí áîëàð àäàìçàò
Искусство вокруг нас и его роль в жизни современного человека, биотехнология

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Таза болса табиғат,аман болар адамзат.
Мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «денсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: -табиғатпен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
- денсаулығын күту іскерліктенір дамыту ;
- табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, үнтаспа,плакаттар,кеспе қағаздар,суреттер.
Әңгімелесу.
*Табиғатқа өз қарым – қатынастарыңды қалай білдіресіңдер ?
*Таза ауа, су, топырақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар ?
* Табиғатты неліктен «Жер - анаға» теңейді ?
* Адамның табиғатқа , табиғаттың адамға қандай пайдасы бар ?
Жаңа ақпарат. Тазалық болған жерде ағаштар да, гүлдер де жайқала өседі.Тазалықтан кейін табиғатқа сұлулық керек ол үшін ағаштар мен гүлдер егеміз.Табиғат тазалығын сақтау – адамның өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау деген сөз .Сондықтан адам мен табиғат арасындағы қатынас ізгілік пен үйлесімділікке құрылуы шарт.Барша байлықтардың анасы – Жер .Жерді күтіп – баптай білу оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.Табиғат тартылысы,құбылыстары тіршілігі – оның тынысы табиғат деп аталады.Олардың барлығы адам жанына саулық береді. Жан саулығы – денсаулық негізі . «Табиғат тазалығы – адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек.

Шығармашылық жұмыс.
Интерактивті тақтада көрсетілген суреттерді қатыстыра отырып «Табиғат аясында» атты тақырыпқа әңгіме жазу ұсынылады. Оқушылардың шығармашылық шабытын аша түсуге олардың суреттегі әрекеттерді ұғынуы арқылы өзіндік «менін» көрсете алуы үшін және табиғаттың құпиясын ұғыну.
Тапсырма. (жұмбақтарды шешу).
1.Әдемі түнде, 3.Жылт – жылт еткен,
Мен жүрсем жүреді бірге Жырадан өткен.
(ай) (су)
2.Бір түкті кілем, 4.Бар ма жоқ па оны анық білмейсің,
Бір түксіз кілем Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(жер мен аспан) (ауа)
5.Көтеріліп теңізден, Биіктен қайта түскенде,
Аспанға биік барамын . Өні кірер даланың . (жаңбыр) Тыныштық сәті.
Балаларға осы тыныштық сәтінде күннің жылуын,құстың ұшуын, шөптің дыбысын,ағаш жапырақтардың сыбдырын,судың сылдырын,гүлдің жұпар иісін жалпы табиғат тынысын сезіну қажеттілігі түсіндіру мақсатында «тыныштық сәті»ұйымдастырылады.
Дәйексөз. «Табиғатқа тазалықты тарту ет».(Дәйексөздің мағынасын оқушыларға түсіндіру).
-Адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге.Өйткені оның жерінде дүниеге келіп суын ішіп,ашық аспанда күн нұрына малынып,өсімдіктермен тынығып,жаңбыр – қарының қызығын көріп,еркін өседі.Табиғатта адамның сақтауымен ,қорғауымен, күтімімен дамып келеді. Демек олардың бір – бірінсіз өмір сүруі қиын.Егер табиғат таза болса адамның жаны, дені сау болады. Сондықтан да адам қолынан келген аяушылық сезімін табиғатқа деген ынта жігерін аямау керек.

Жағдаятты талдау.
1 – жағдаят: Арман бақ ішінде келе жатыр еді,терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де тұрып қалды ... .
2 –жағдаят: Алмат достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Олар өздері жиі келіп тамашалайтын бұлақтың көзі қалдық шөптер, босаған ыдысқа және қоқыстарға бітеліп қалғанын көрдің, сен не істер едің? ... .
3 – жағдаят: Сынып жетекшісі сабақ соңында аулаға көшет және де гүлзар өсіру туралы ұсыныс айтқан еді, сынып балалары мақұлдады да,Жанат мақұлдамады.Не себепті ? ... .
Сахналау. Табиғаттың адам өміріне қажеттілігі туралы көріністі тамашалаңыздар.
Қатысушылар: Күн, ауа, су, жер, оқушы.
Ж.Бахытқызы : Ей, адамдар!Күн мен гүлден жаралған ыстық сезім, шуақ судан таралған ,
Тіршіліктің иесі – Жер Ананы тыңдаңыздар.
Ортаға Жер Ана шығады. Жер – Ана: -Балалар адамның денсаулықтан асқан байлығы жоқ.Сондықтан да өз денсаулықтарыңды табиғат емшілеріне де қаратуды ұмытпаңдар.Сендердің қазыналарыңда, байлықтарыңда менің бауырайымда.Сол мен үшін ата – бабаларымыз сан ғасырлар бойы қан төгіп,басын қатерге тікті десеңші.
Ортаға : Күн шығады. -Армысыздар жер бетіндегі тіршілік иесі мен жылуы мен жер бетін қыздырып, әр кеудеге қуаныш сеуіп, әр жүрекке күлкі болып енемін.Әр бір арайлап атқан күнмен бірге сендерге тыныштық,бейбітшілік тілеймін.
Ауа шығады: Сәлеметсіздер ме қонақтар! Мені сендер құшақтасаңдар да құшағың толмайды,менсіз адамдар бірде – бір өмір сүре алмайды,сондықтан да менің орным ерекше.
Су шығады.Армысыздар, халайық! Мен сендерге қонаққа келдім.Менің қасиетім – тазалық пен денсаулық кепілі. Тазалық бар жерде денсаулық та болады. Сусыз тіршілік жоқ менің де сұрауым бар,сондықтан да ластамай, бүлдірмей таза сақтағанды мен де жақсы көремін.
Г.Ержанова : Уа,Жер – ана , мөлдір су, таза ауа, алтын күн дені сау ұрпақтың қалыптасуына тағы не керек?
Жер – ана: денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да мәнді күшің болуы керек.Яғни бойды тік ұстау дене жаттығуларын орындау,табиғи тағам ішу, дем алу, ақыл – ойды дұрыс қалыптастыру керек.
Үйге тапсырма. «Табиғатпен тілдесем».
Жүректен жүрекке.Оқушылар дөңгелене шеңберге тұрып С.Мәуленовтің «Міне,үлкен азамат»атты өлеңін оқып, бір – біріне гүлдерге, ағаштарға,күнге және де табиғаттың тағы да басқа құбылыстарына өз тілектерін айтып, гүлдерін бір – біріне тарту етеді.
Қорытындылау.- Балалар табиғат қандай әсемде сұлу болса бізде сондай әсем де сұлумыз.Табиғат не ? десе ол бізді қоршаған орта.Осындай сұлу дүниені жаратқан табиғат – анаға рахмет. Менде сендердің күндей күлідеп, гүлдей жайқалып,ағаштай б иік, судай таза болып өсулеріңді тілеймін.

Тәрбие сағаты




Таза болса табиғат,аман болар адамзат
жүктеу 16.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет