Сабақтың тақырыбы: "Шаңғы дайындығы"



жүктеу 2.12 Mb.
Дата22.09.2022
өлшемі2.12 Mb.
#21391
түріСабақ
shaңғy-dayyndyғy-6-synyp
1642996796758 Русский язык УРОВЕНЬ В1 Семестр 2, 620c873d9251b9ad3370d50f, Дискретті математика математикалык логика СӨЖтапсырмалары 2022

Сабақтың тақырыбы:
"Шаңғы дайындығы"
Қартбаев Мұхтар
КИКО-101
Тілек айту
Шаңғыны және шаңғы таяғын таңдау әдістері
Тілек айту
Шаңғыны жалпы қыс мезгілінде пайдаланамыз. Ол бәрімізге мәлім, ал шаңғы туралы білетініміз аз. Олай болса, сіздерге қысқаша шаңғының шығу тарихы туралы және шаңғы адам баласына не үшін қажет екендігін түсіндіріп өтейін.
Шаңғы дайындығы.
Шаңғы спортының қазіргі таңда мынадай түрлері бар:
  • шаңғымен сырғанау;
  • трамплиннен секіру;
  • шаңғы қос сайысы ( 15 км қашықтықта сырғанау мен трамплиннен секіру) ;
  • биатлон ( 15 км қашықтықта сырғанау мен мылтық атуды кезектестіріп орындау) ;
  • тау шаңғысы.

Шаңғымен сырғанау спортында ерлер, әйелдер бөлек жарысады.
  • Ерлер үшін шаңғымен сырғанау жарыу қашықтықтары мынадай 15 км; 30 км; 50 км. Ал эстафеталық шаңғымен жүгіру қашықтығы – 4х10 км
  • әйелдер үшін шаңғымен сырғанау жарысу қашықтықтары 3 км – ден басталады. Ал олимпиадалық ойындардағы қашықтықтар: 5 км; 10 км; 20 км. Эстафеталық шаңғымен жүгіру қашықтығы – 4х5 км.

Трамплиннің биіктіктері мынадай:
  • 20м – лік трамплин ( жаттығуға арналған трамплин) ;
  • 20 – 50 м – лік трамплин ( аласа трамплин ) ;
  • 50 – 70 м – лік трамплин ( орташа трамплин ) ;
  • 70 – 90 м – лік трамплин ( биік трамплин ) .
  • Биіктігі 120 м – ден асатын трамплиндерді шаңғымен ұшатын трамплиндер деп атайды.

Трамплиннен секіруге арналған шаңғының өлшемдері мынадай:
  • ұзындығы – 2,20 – 2,50 м;
  • бас жағының ені – 9 – 10 см;
  • ортасының ені – 7 – 8,5 см;
  • артының ені – 8 – 9 см;
  • салмағы – 5 – 8 кг;
  • табанында 3 – 5 қатар өзегі болады.
  • Шаңғышылар трамплиннен секіруге көбінесе ағаш, темір және эластиктен жасалған шаңғыларды пайдаланады. Шаңғымен секіруге арнаулы бәтеңке келеді.

Шаңғы дайындығы мектеп оқушыларының денесін шынықтыруда қазір де маңызын жоғалтқан жоқ. Қазіргі таңда шаңғы спорттық ойындардың қатарында.
  • Шаңғы жүрістері
  • Бір жүрістен екінші жүріске өту;
  • Тура және төменге түсу;
  • Биікке көтерілу;
  • Бір орында тұрып және қозғалыс үстінде бұрылу;
  • Тоқтау.

Шаңғы дайындығы сабақтарындағы тәртіп ережелері.
  • Шаңғымен сырғанауға шыққан кезде киім жылы әрі жеңіл болу керек.
  • Серуен жасап келе жатқан кезде асфальт немесе қара жер, тас кездескен жағдайда шаңғыны шешіп қолға ұстап өткен жөн.
  • Шаңғыны таңдаған кезде қолды жоғары көтеріп, бірдей қылып алу керек.
  • Шаңғы таяғын ұстаған кезде, таяқтың қолға киетін бауын білек арқылы екі саусақтың ортасына қысасың.
  • Шаңғыны теуіп келгеннен кейін оны сүртіп ортасына төрт бұрышты кішкене ағашты салып бас жағы мен аяқ жағынан қысып байлап қоямыз.

Жүрістің түрлері.
  • Бір мезгілде бір адымды жүріс.
  • Бір мезгілде екі адымды жүріс.
  • Алма - кезек жүріс.
  • Бір мезгілде төрт адымды жүріс.
  • Конькише жүріс.

Тілек айту
Тілек айту
Тілек айту
Биікке көтерілудің түрлері.
  • Сатылап көтерілу.
  • Шырша жасау арқылы көтерілу.
  • Жартылай шырша жасау арқылы көтерілу.
  • Қиғаш (жанама) көтерілу.
  • Осы жүрістерді оқушыларға түсіндіре отырып, биіктен түсу әдісін түсіндіре көрсету.
  • Толықтырып түсіндіріп өту.
  • Шаңғы, шаңғы таяғын және шаңғы аяқ киімін оқушыларға көрсетіп таныстыру, кию әдісін түсіндіріп көрсету.

жүктеу 2.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет