Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасындағы биогенді элементтердің маңыздылығы Сабақтың мақсаты



жүктеу 58.86 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.04.2017
өлшемі58.86 Kb.
түріСабақ

«Адам баласы көзімен көріп,құлақпен 

естіп, қолмен ұстап, тілмен 

татып,мұрнымен иіскеп, тыстағы 

дүниеден хабар алады»  Абай Құнанбаев. 

 

Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасындағы биогенді элементтердің маңыздылығы  

Сабақтың мақсаты:   

Білімділік: Тіршіліктің жасушалық негіздерін, жасушаның құрылысын атқаратын қызметі 

жөніндегі алған мәліметтерін нақтылай отырып, жасушаның химиялық құрамының 

ұқсастығы мен ондағы химиялық элементтердің  маңызын ашу, макро 

,микроэлементтердің түрлері жөніндегі білім деңгейлерін кеңейту; 

 Дамытушылығы: Адам ағзасындағы химиялық элементтер тек химия пәнімен  ғана емес, 

биология саласымен тығыз байланысты екендігін айта отырып, болашақтағы өз 

мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырып,ой-өрісін дамыту; 

Тәрбиелігі: Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызын оқыту арқылы дұрыс 

тамақтана білуге баулу. 



Сабақтың түрі :   Кіріктірілген сабақ 

Сабақтың әдісі:  Баяндау, сұрақ – жауап 

Сабақтың барысы:     І .   Ұйымдастыру бөлімі 

                                     ІІ.  Меңгерілген білімдерін тексеру 

                                    -Жасушалардың құрылысы мен атқаратын қызметін қай ғылым 

зерттейді. 

                                   - Жасушалық теория  авторларын  атаңдар. 

                                  -Эукариот  пен прокариот  жасушалар құрылысының ұқсастығы мен            

                                     айырмашылығы неде? 

                                   -Өсімдіктер жасушасының жануарлар жасушасынан ерекшелігі. 

                                  - Органеллалар деген не, олардың компаненттерінің құрылысы мен 

қызметтері 

                                  (ЭПС, митохондрия, Гольджи комплексі,рибосомажасуша 

орталығы,микротүтікшелер, пластидтер ) 

 ІІ  Негізгі бөлім.   Жасушаны зерттейтін ғылым цитология деп аталады. Жасша тірлік 

атаулының ең кішкене құрылымы және қызмет атқару өлшем бірлігі. Жасушалар тек 

құрылысы және химиялық  құрамы бойынша емес, тіршілік әрекеттерінің процестері 

бойынша ұқсас.  Д.И. Менделевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің көбісі 

ағзалардың құрамдас бөлігі микроскопиялық құрылысты жасушада болады және бұл 

элементтер өлі табиғат жиынтығы. 

 

 



 

 Адам ағзасындағы мүшелер әртүрлі болғандықтан онда кездесетін химиялық элемент те 

алуан түрлі болып келеді.  Жасушаны құрайтын құрайтын химиялық заттар химиялық 

элементтерден тұрады, олардың маңыздылығы мен атқаратын қызметі өте зор. 



 Ағза микро және макроэлементтер мүше мен ұлпаларда  әртүрлі таралады.  

Микроэлементтердің көпшілігі – бауырда, сүйек, бұлшықет ұлпаларында жинақталады. 

Сондай ақ мырыш- қарынасты безінде, иод- қалқанша безінде, фтор- тіс кіреукесінде, 

ваннадий- шашта, кадмий-, сынап, молибден- бүйректе, қалайы- ішек ұлпаларында, 

барий- көздің пигментті қабатында; Бром,марганец, хром- гипофизде жиналады. Кремний, 

аллюминий, мыс, титан- бас миы 

ұлпаларында нәруыздармен комплексті 

түрде, ал марганец ион түрінде кездеседі. 

Макроэлементтер – С, Н, О,Р, S, N- 

нәруыздың, нуклейн қышқылдарының 

және ағзаның басқа биологиялық 

белсенді қосылыстарының құрамына 

кіреді. 

 

 



 

 

 



 

                Адам ағзасындағы кейбір химиялық элементтердің биологиялық ролі 

 

Қ/с   Элемент 



Адам 

ағзасындағы  

мөлшері(70 кг 

салмақта) 

Тәуліктік 

мөлшері 


 Ағзадағы мөлшері 

жетіспеген жағдайдағы 

туындайтын бұзылыстар 

       Fe (темір) 



5г 

15 г 


Қаназдық 

Cu мыс 



100 г 

2- 3г 


Бауыр аурулары 

Zn мырыш 



3 г 

10-15 г 


Ергежейлік, шаштың 

түсуі 


Сr хром 


6- 30 г 

0,05- 0,2 

мг 

Аллергия, өкпе рагы 



Мg магний 

20- 42 г 

0,3-0,7г 

Жүйке жүйесінің 

аурулары 

Со  кобальт 



30 мг 

7-10 мкг 

Қаназдық, зоб аурулары 

V ванадий 



Сүйек қисаюы 



Мn марганец 

340 г 

510мг 


Бойдың өсуі мен қанның 

дамуы бұзылады. 

Са кальций 



1700 г 

25-50 г 


Сүйек аурулары 

10 


К  калий 

250г  


510 г 

Жүрек аурулары 

11 

Nа  натрий 



250 г 

510 г 


Ми аурулары 

12 


Ni  никель 

150 г 


0,1 мг 

Жүйке жүйесінің 

аурулары 

 

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш түрге бөлуге болады. 



1. Тіршілікке қажетті (ауыстырылмайтын) элементтер. Олар адам ағзасында үнемі 

кездеседі. 

2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында кездеседі. 

3. Өте аз элементтер. (Se, Tl, In, La, Pr) 

 

Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор – көмірсулар да  және 



липидтерде  (майлар) кездеседі. Кальций негізінен сүйек және тіс ұлпаларында 

концентрленеді.  



Кейбір макроэлементтер (магний, 

кальций) және көптеген микроэлементтер 

ағзада аминқышқылдарын да кездеседі. 

 

Химиялық элементтердің ағзадағы 



мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар 

әсер етеді. 

Ағзадағы макро және 

микроэлементтердің мөлшерін гормондар 

реттеп отырады.  

Химиялық элементтердің адам 

ағзасындағы биологиялық рөлі әр түрлі 

болып келеді. 

Макроэлементтертің басты функциясы – 

ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, 

Микроэлементтер ферменттер, гормондар, витаминдер, биологиялық белсенді заттар 

құрамына комплексті кездеседі. 

Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. 

Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері және қатынасы сот-медициналық 

сараптама қолданылады. 

Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний металлдары 

кездеседі. 

Көптеген элементтер (күміс, сынап, қорғасын, кадмий, және т.б.) ағзаға  улы болып 

саналады. 

Биогенді элементтер ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. 

   Осы  биогенді элементтер қатарындағы  темір мен алюминийге есеп шығарып өтейік. 

       Іске асыру теңдеулері 

 

1)

 



 Fe → Fe

2

O



3

→ Fe(OH)


→ Fe


2

O

3



 → Fe 

2)

 



 Al→ Al 

2

O



3

→ Al (OH) 

3

→ Al 


2

O

3



 → Al 

 

 



 

Адам ағзасындағы тіршілікке 

қажетті зат алмасу 

процестерінде тамақ 

құрамындағы минералды заттар 

мен микроэлементтердің ролі 

өте  ерекше.  

Олардың ағзада жетіспеуі зат 

алмасуын тежеп, түрлі ағзаның 

сырқатына душар етеді. Мысалы 

тамаққа ең жиі пайдаланатын 

минералдық зат - ас тұзы. 

Әрине ас тұзынсыз тамақтың 

дәмі кірмейді, ол натрий мен 

хлордан тұратындықтан, тек 

тағам дәмін келтіріп қана қоймай, зат алмасуды жақсартады. Ағзадағы суды ұстап, қанның 

қысымын арттырады,жүрек пен бүйректің қызметін қиындатады. Сонымен бірге қан 

тамырын, әсіресе мидың қан тамырын атеросклероз ауруына шалдықтыратындығы 

анықталды.  Күніне ересек адам  10-15 гас тұзын қабылдасажеткілікті. 


 Адам ағзасында тағы да бір минералдық зат- калий. Ол жүректің жұмысын, 

қанайналымын жақсартады,асқазан мен ішектердің қызметіне де өте қажет және ағзадағы 

барлық зат алмасу үшін тікелей қатынасы бар. Натрий мен калий ерітінділері ағзаның кез 

келген жасушасының құрамында белгілі бір мөлшерде болады. Мысалы қанның 

сарысуына қарағандақанның қызыл түйіршіктерінде калий шамамен 18-20 есе көп, ал 

натрий 6-7 есе аз болады. Натрий мен калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен 

импульстардың жақсы жүруін реттейді. Ал ол элементтердің жетіспеуі жүйке 

талшықтарының жұмысын нашарлатады. Мысалы ішек қарынға жасалған операциядан 

кейін калий жетіспеген жағдайда, ол адамның іші кеуіп,ішек –қарынның жиырылу созылу 

қабілеті күрт нашарлайды. Сол үшін ауыр операциядан кейін адамқанының құрамындағы 

калий мөлшерін күніне тексеріп, азайған жағдайда калий ерітіндісін құйып, қалыпты 

жағдайға келтіру қажет. Калий мейіз бен кептірілген өріктің, көк пияздың, қауынның, 

апельсиннің және алманың құрамында көп. Жүрегі  асқазаны және ішектері ауратын 

адамдар осы жемістерді асқа жиі пайдаланғаны дұрыс. 



Кальцийдің де ағзада  атқаратын қызметі өте зор. Сүйектің өсіп- жетілуіне, 

жарақаттанғанда аққан қаның тоқтауына, жүрек пен бұлшықеттердің қызметіне,қышқыл 

мен сілтінің арақатынасын сақтауда аса маңызды процестерде кальций өте қажет.. адам 

ағзасын кальциймен қамтамасыз етудің ең қолайлысы – сүт пен балық және солардан 

жасалатын тағамдарды пайдалану. Қанның құрамында кальцийдің жетіспеуінен түрлі 

сүйек ауруларына соқтырады. 

 Адам ағзасына жасөспірімдерге өте қажет элемент- фосфор. Фосфорда калий сияқты 

сүйектің өсіп жетілуіне қажет. Сонымен бірге бұлшықет пен жүйке жүйелерінің 

қызметінде жақсартады. Фосфор етте,бұршақта, жұмыртқада сүт пен балықтан жасалған 

тағамдардың құрамында көп болады. 



Магний- адам ағзасындағы зат алмасу процестерін жақсартатын ферменттердің құрамына 

кіреді. Ағзада магнийдің жетіспеуі жастардың бойының өсуін нашарлатып, жүйке 

жүйесінің қызметін бұзады,әртүрлі тері ауруларына шалдықтырады. Ондай адамдардың 

шаштары түскіш келеді. Егер ауру адамдарға аспен бірге магний тұзын берсе, жүйке мен 

қан тамырлары жүйелерінің   қызметі дұрысталып,ішек пен өт қызметтерінің 

жақсаратынына анықталды. 

Жоғарыдағы кестеде  

микроэлементтердің тәуліктік қажет 

мөлшерінде темір, мыс, кобальт, иод 

сияқты элементтер 

гормондардың,ферменттердің, 

дәрумендердің құрамына ауадай 

қажет.олар ағзадағы және оның 

жасушаларындағы зат алмасу 

процестеріне  тікелей 

қатысып,олардың жұмысын 

реттейдіжәне қанның құрамындағы 

оттегін тарататын,қызыл қан 

түйіршіктерін көбейтеді. Ал иодтың 

қалқанша безінің қызметіндегі және 

соған байланысты бұғақ-зоб ауруын 

болдырмаудағы рөлі үлкен.  Таулы 

аймақтардың суларында иод жетіспегендіктен ас тұзына иод қосады. Сондай-ақ фтордың 

да тіс пен сүйектің жетілуіне әсері зор, Фтор жетіспеген  жағдайда адамның тістері 

үгілгіш,бұзылғыш келеді. Сондықтан тіс жуатын пасталарға фтор қосады.  

Соңғы  арнаулы жүргізілген ғылыми зерттеулер,адам ағзасына арнайы дәрі дәрмектерден  

еккеннен ғөрі микроэлементтер мен дәрумендердің тамақ арқылы берілгені анағұрлым 

тиімді екені дәлелденіп отыр.  



Денсаулықты сақтаудың дұрыс жолы дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік 

заттар сапасы жағынан адам ағзасының мұқтажын өтуі қажет әсіресе тамақ нормасын 

әркім өз ақылымен жоғарыдағы ғылыми деректерге сүйене отырып мөлшерлегені жөн. 

 ІІІ бөлім   Бекіту сұрақтары: 

1.  Жасушаны зерттейтін ғылым? 

 2. Жасушаны құрайтын химиялық элементердің маңыздылығы ? 

 3. Гипофизде жинақталатын элементтерді ата? (бром, марганец, хром) 

4.  Макроэлементтерді ата олардың биологиялық маңыздылығы?( С, Н, О, Азот, күкірт, 

фосфор олар нәруыздың нуклейн қышқылдарының ағзаның қосылыстар құрамына кіреді.) 

5. Қан құрамындағы калий мөлшерінің азаюуының себебі ?(ішек –қарын ауруларын 

мүшелерінің жиырылып,созылу қабілетін нашарлатады) 

6.Бас ми ұлпаларында кездесетін элементтер?(аллюминий, мыс, титан) 

7.Ағзадағы кальций мөлшері?(1700 г) 

Тапсырмалар арқылы ағзада кездесетін элементтер жетіспеген жағдайда  

туындайтын аурулардың атауы мен  емдейтін дәрігерді ата? 

1.

 



Қан ауруларын атаңыз емдейтін дәрігер (қаназдық, гемофилия; дәрігер- гематолог) 

2.

 



Жүрек ауруларын атап, дәрігерді ата?(инфаркт,миакардит; кардиолог) 

3.

 



Көз ауруларын атап, дәрігерді ата? (глаукома, катаракта; дәрігер- окулист) 

4.

 



Иод жетіспегенде туындайтын ауруларата, емдейтін дәрігерді ата?(бұғақ-зоб; 

дәрігер- эндокринолог) 

5.

 

Шөптесін өсімдіктер, шаңтозаңнан туындайтын ауруларды атап,емдейтін дәрігерді 



ата?(аллергия,өкпе рагы;  дәрігер- аллерголог) 

6.

 



Тіс ауруларын атаңыз,емдейтін дәрігер? (кариес,пульпит; стоматолог) 

7.

 



Жүйке жүйесінің ауруларын ата?(энурез,шизофрения;  дәрігер- невропотолог, 

психиатр) 

8.

 

Асқазан ауруларын ата,емдейтін дәрігер?(гастрит, асқазан жарасы; 



гастроэнтеролог) 

9.

 



Сүйек ауруларын ата,емдейтін дәрігер? (артрит,рахит, хирург) 

10.


 

Тыныс алу жолдарының ауруларын ата, емдейтін дәрігер? (бронхит, рахит; 

терапевт) 

11.


 

Ми ауруларын ата, емдейтін дәрігер?(минингит,  энцефалит; невропотолог) 

12.

 

Бауыр ауруларын ата,  емдейтін дәрігер? (цирроз,гепатит; терапевт) 



13.

 

Бүйрек ауруларын атап, емдейтін дәрігерді ата? (пилонефрит, уролог) 



14.

 

Қаңқа ауруларын атап, емдейтін дәрігерді ата? ( остеохондроз; невропотолог) 



 

 

ІV бөлім  Қорытындылау 

  Адам ағзасы  біртұтас құрылым,  он екі мүшеден құралған денеміздің әр жүйесінің 

өзіндік қалыпты жұмыс атқаруы  бұл біздің күнделікті тамақтануымызға байланысты. 

Себебі «денсаулықты сақтау – дұрыс тамақтанудан басталады» деп айтуға болады. 

Тамақтағы қоректік заттар, сапасы жағынан адам ағзасының мұқтажын өтеуі қажет.  

 

V бөлім  Үйге тапсырма 

           « Биогенді элементтер» тақырыбына реферат жазып келу. 

 

 

 



 

 

 



Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 58.86 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет