Тарау:
|
Дененің тығыздығы
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Бимырзақызы Ұлдана
|
Күні:
|
16.03.2022 ж
|
Сынып: 7 «А»
|
Қатысушылар саны: 12
|
Қатыспағандар саны: -
|
Сабақтың тақырыбы:
|
§4.4. Дененің тығыздығы тарауына қорытынды есептер шығару
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
7.4.4.1- Заттың тығыздығы тақырыбы бойынша есеп шығару дағыдыларын қалыптастыру;
7.4.4.2- дененің массасын анықтау әдістерін жүйелеу;
7.4.4.3-дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін анықтауда формулаларды дұрыс қолданудың әдістемесін қарастыру;
7.4.4.4-қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің тығыздығын есеп шығаруда қолдануды үйрену.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін: ізделініп отырған физикалық шама мен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты жаза алады, дененің тығыздығы, көлемі, массасы арасындағы тәуелділіктерді қарастыра алады;
|
Оқушылардың басым бөлігі: талдап көрсетілген есеп мазмұнына сәйкес қарастырылатын физикалық процестер мен заңдылықтарды түсіне алады,
|
Кейбір оқушылар үшін: қарастырылған есеп түрлері мен бағдарламаның көмегімен эксперимент арқылы есеп шығарудың әдіс тәсілін толық меңгере алады, өз бетінше қойылған есептерге қорытынды жасап, талдау жұмыстарын жүргізе алады.
|
|