Сабақты өткізуге арналған жалпы кеңес «Кодтау сағаты 2015»



жүктеу 48.89 Kb.

Дата16.03.2017
өлшемі48.89 Kb.
түріСабақ

Кодтау сағаты 2015

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР



Құрылым: 

1. «Кодтау сағаты 2015» бастамасының сипаттамасы

2.  Мұғалімге арналған «Кодтау сағатын 100%-ға өткізу» ескертпесі

3. «Кодтау сағаты 2015» ресурстарын сипаттау

4.  Сабақ жоспары

5.  Сабақты өткізуге арналған жалпы кеңес



«Кодтау сағаты 2015» - ол не? 

- Дүниежүзілік 

Информатикадан білім алу 

аптасы аясында өткізілетін 

Ғаламдық бастама

- Сабақ ұзақтығы: 45 минут. Ол 

3-7 сыныптағы оқушыларды 

бағдарламалау негіздерімен 

таныстырады

- Сынып жетекшісі (3-4 

сыныптар) және информатика 

мұғалімдері(5-7 сыныптар) 

жүргізеді


[бағдарламалау - оңай! ]

Бастама міндеті – Қазақстан бойынша 30 000 оқушыға бағдарламалау идеясын беру



«Кодтау сағатын» неге өткіземіз? 

1. Оқушыларды XXI ғасырдың негізгі дағдысы - бағдарламалауға 

қызығушылықты тудыру

2. Бағдарламалауды жасына, жынысына және ақыл 

жаратылысына байланыссыз әрбір адам үйрене алатынын көрсету

3. Бағдарламалаушы жұмысымен таныстыру

4. Бағдарламалауды үйренуге сәтті жағдай(оңды тәжірибе) жасау


Берілген ресурстардың сипаттамасы:

1. Уәждемелік бейне-ролик 

hourofcode.kz

сайтында (2015 жылдың 2 -желтоқсанынан 

бастап пайда болады) сабақтың ең басында оқушылардың көңілдерін аудару үшін 

көрсетілуі тиіс 

2. Angry Birds онлайн-жаттығулары. Оқушыны сүйікті ойнына еліктіру арқылы жаттығуға 

мүмкіндік береді



3. Интернет болмаған жағдайда қолданылатын жолнұсқа.  Егер сіздің мектебіңізде 

компьютерлер саны аз болса, немесе интернет сапасы төмен болса, немесе сабақ үстінде 

болжанбаған жағдай туған кезде – сол нұсқаулықты пайдаланыңыз 

4. Онлайн-жаттығу мен  «интернетсіз» тапсырмалардың жауаптары

5. Сертификат үлгілері оқушыларды марапаттау үшін

6. Бастаманы жариялау постерлері

1.


«Кодтау сағаты 2015» сабақ жоспары

онлайн 

сабақ

интернетсіз 

сабақ

1.

Уәждемелік бейне-ролик



5 минут

5 минут


2.

Мұғалім алғысөзі

3 минут

3 минут


3.

Бірінші тапсырманы көрсету

2 минут

10 минут


4.

Оқушылардың өзіндік жұмысы

30 минут

22 минут


5.

Қорытынды және 

сертификаттарды тарату

5 минут


5 минут

Материалдар тізімі

Онлайн сабақ

Интернетсіз сабақ

Проектор (алдын ала болғаны 

жақсы)

Қатысушылардың компьютерлері



Уәждемелік бейне-ролик (алдын 

ала жүктеп алғаныңыз жөн)

Жауаптар+ сертификаттар

Бейнелер сипаттамасы

Стақандық құрылымдар тізбесі

Пластикалық/қағаз стақандары

А4 қағаздары

Қалам


Жауаптар+ сертификаттар

*Интернетсіз сабақ үшін материалдарды принтерден басып шығаруды ұмытпаңыз!

Сабаққа дайындық: бірнеше күн бұрын

1. Барлық тапсырмаларды өзіңіз өтіп шығыңыз

2. Әр оқушыға қатысушы сертификатын басып шығарыңыз

3. Интернетке қосылу сапасын тексеріңіз

4. Уәждемелік бейне-роликті жүктеп алыңыз/дайындаңыз


Дайындық: сабақ өтетін күні

1. Проектор бар болса, дайындап қойыңыз.  Егер болмаса, бірінші 

тапсырманы бір компьютерден көрсетіңіз. 

2. 


Барлық экрандардан 

www.hourofcode.kz сайтын ашып қойыңыз

Мұқият: Егер Интернетке қосылу сапасы нашар болса, онда 

«интернетсіз» сабақ жоспары бойынша жүріңіз! 



Уәждемелік бейне-ролик

Қазақстан жұлдыздары, саясаткерлері мен әйгілі 

бағдарламалаушылардың қатысуымен түсірілген бейне-роликті 

сыныппен мына жерден тамашалаңыз: 

www.hourofcode.kz

Осы уақытта мына сұрақтарды қойыңыз: ”Бейне-ролик ұнады ма?” 

,“Естеріңде не сақталды?” ,”Бағдарламалау қызық па?”


Алғысөз

1-3 минуттық алғысөз дайындаңыз. 



3-4 сыныптары үшін: 

Балалардың қандай компьютерлік ойындарды ойнайтынын сұраңыз. Көбісі Minecraft, 

Angry Birds, Counter Strike деген ойындарды атап өтеді. “Осы ойындарды кім 

жасайды?” деген сұраққа көшіңіз. Бағдарламалаушылар жасайды. Міне біз бүгін 45 

минут ішінде бағдарламалаушы болу қандай екендігін көреміз. 

5-7 сыныптары үшін:

Ақпараттық жүйелер саласындағы мамандық бүгінгі таңда ең талап етілетін, жоғары 

төленетін және беделді кәсіп болып табылады. Сыныпқа сұрақ: Бейне-роликті 

көргеннен кейін бағдарламалау жайлы басқа қандай қорытынды жасадыңдар?  АЖ 

саласы туралы басқа не білесіңдер?  

Өзіңіздің қызықты материалдарыңызды кіріспе ретінде дайындауыңызға болады.



Онлайн жаттығу

Бірінші жаттығуды проектордан көрсетіңіз (немесе кез келген 

компьютерден).  Яғни, бірінші тапсырманы барлығымыз жасаймыз, ал 

қалғанын әркім өзінше орындайды

Программа интерфейсімен балаларды таныстырыңыз: сахна, жұмыс 

аясы, блоктар, блоктарды жою  және қосу, орындау/тастау 

батырмалары (келесі слайдтарды қолдансаңыз болады).

Ағылшын тіліндегі видеоларды,  X-ті  басу арқылы өткізіп жібергеніңіз 

дұрыс.


hourofcode.kz

сайтына көшкен кезде оқушылар «кодтауды баста» түймесіне 

бассын және қатысушы сауалнамасын толтырсын


Сауалнаманы толтырған соң, басқа бетке көшеді. Мынадай бейне 

пайда болады. Оны X-ті басу арқылы өткізіп жіберіңіз!



Бағдарлама мынадай түрде пайда болады. Тапсырманы оқыңыз, содан 

кейін X-ті басыңыз, келесі қадамға көшіңіз 



Тапсырмаларды оқыңыз, 

келесісіне өту үшін х

-

ті басыңыз

Төменде сол жақтағы бұрышта тілді Орысшаға ауыстырыңыз (егер ағылшын тілі пайда болса) 



A

А аймағы 

-

сахна



Б

Б аймағы 

-

қолданылатын 

блоктар тобы.

В

В аймағы 

-

бағдарламалаушының жұмыс аясы, 



бұл жерде негізгі код жазылады. Блоктар 

жоғарыдан төменге қарай оқылады



Выполнить батырмасын шешімін 

тапқаннан кейін басыңыз. Егер 

қателер болса, оларды түзегеннен 

кейін Сбросить батырмасына 

басыңыз. Бағдарлама қайтадан 

орындалады.



Мысал: құс торайға жетуі үшін 2 рет алға жүруі тиіс, “двигаться вперед” блоктарын 2 

рет қосамыз. Тапсырманы орындадық!



Онлайн сабаққа арналған кеңес

1. Егер оқушы шешімін таба алмай, қиналса,  оған «Алдымен үш адамнан сұра, содан соң мұғалімнен 



сұра» қағидасын ұсыныңыз , яғни, әуелі үш сыныптастан сұрауы керек, олар көмектесе алмаса, 

мұғалімнен сұрау керек.

2. Үнемі «Өте жақсы жасап келе жатырсың!» деп, оқушыға демеу көрсетіңіз 

3. Егер  бір сұраққа жауап білмесеңіз, «Бірге шығарып көрелік» деген ұсынысты айтуға ұялмаңыз 

Қатені бірге түзей отырып, сіз сабақты жақсырақ меңгеруге мүмкіндік бересіз.

4. Жарысуды тудыратын элементтер енгізіңіз ( Кім бірінші? Кімнің шешімі қысқарақ?)

5. Біреу ертерек бітірсе,  

https://code.org/learn

сайтындағы басқа тапсырмаларға көше берсін, немесе 

қалып бара жатқан сыныптастарына көмек берсін

6. Егер біреу барлық тапсырманы бітіріп үлгермесе, онда оны ынталанғаны үшін мақтаңыз. Қалғанын 

үйде бітірсін. 

7. Сертификат әр қатысушыға шығарған тапсырма санына қарамастан беріледі. 

8. Барлық тапсырмалардың шешуін жеке файлда таба аласыз.



«Интернетсіз» сабақ

Бұл сабақты өткізу жайындағы бардық мағлұматтар 

«Интернетсіз сабақ» есімді жеке файлда орналасқан


Қорытынды

Соңында балалардан сабақты ұнатып, я ұнатпағанын сұрап алыңыз.  

Қиын болып болмағанын сұраңыз. Араларынан кімнің болашақта 

бағдарламалаушы болатынын біліп алыңыз.

Сабағыңыз интернетсіз өтсе, балаларға робот, әлде 

бағдарламалаушының рөлі ұнағанын белгілеп алыңыз.

Кері байланыс үшін мына поштаға: 

hourofcode@lovetocode.kz 

хабарласыңыз.


Есептеме

Міндетті түрде сабақ барысын кем дегенде 1 фотосуретке түсіріп 

алыңыздағы, facebook.com, instagram.com немесе vk.com әлеуметтік 

желілеріне жүктеңіз. Болмаса, 

hourofcode@lovetocode.kz

электрондық поштасына жіберіңіз.



#ЧасКодаKZ 

ресми хэштегін қолданыңыз.



Бағдарламалауды қалай жалғастырса 

болады?

Нағыз қызығушылық көрсеткен немесе бағдарламаушы болатынын қазірден 

бастап шешкен оқушыларға пайдалы ресурстарды беріңіз.

Біздің ұсыныстарымыз:

https://studio.code.org/

- бастаушыларға арналған (4+ жастан бастап) 20 

сағаттық сабақ

https://scratch.mit.edu/

- әлемге әйгілі балаларға арналған бағдарламалау тілі 

(7 жастан бастап) және проектердің әлеуметтік жүйесі

https://www.codecademy.com/

- Java, Python тәріздес ересектерге арналған 

тілдерді үйрететін интерактивтік жаттығушы (ағылшын тілінде)

https://www.khanacademy.org/

- ересектерге арналған Java, Python тәріздес 

тілдерін үйрететін курстар(ағылшын/орыс тілінде)



Мұғалімдерді мадақтау шаралары

(әлемдік Кодтау сағаты аясында)

Мына сілтемеге кіріңіз: 

https://hourofcode.com/us/ru/prizes

Қатысушы сауалнамасын толтырыңыз және өз поштаңызды растаңыз.

Аталмыш  поштаға itunes, amazon немесе windows store ішінде жұмсауға 

арналған 10$  түседі.

Толығырақ мәліметтер мұнда:  

https://hourofcode.com/us/ru/prizes


Егер мына ашық сабақтан тыс “Кодтау Сағаты”идеясын қолдау 

мақсатымен, оқу мекемесінде өзіндік іс-шараларын өткізсеңіз сізге 

риза боламыз.

Мысалы, қалаңыздағы ірі АЖ компанияларына экскурсия жасау, 

немесе АЖ мамандарымен жүздесу; түрлі бағдарламау тілдерімен 

танысу; бағдарламалаушылар жайлы қызықты фильмдерді сыныппен 

бірге тамашалау; мектеп шеңберінде информатика пәні бойынша 

олимпиада, ойын не жарыс өткізу және басқа да іс-шаралар бола 

алады.

Сізге және сіздің оқушыларыңызға информатика және 



бағдарламалауды үйрену жолында сәттілік тілейміз! «Кодтау сағаты 

2015»-те жүздескенше!



Әдістемелік материалдың авторлары:

Балғабекова Ақерке, University of Waterloo, Canada

Мұқашева Дина, University of Nottingham, UK.

хабарласу: hourofcode@lovetocode.kz 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал