Сабақтың мақсаты : Механикалық жұмыс «Жұмыс» терминін физика ғылымына 1826 жылы француз ғалымы Ж. Понселе енгізген



жүктеу 30.43 Mb.
Дата10.05.2022
өлшемі30.43 Mb.
#19701
түріСабақ
7 сынып презен
7-сынып. 02.02

«Сұрақты ұстап ал» әдісі

«Сұрақты ұстап ал» әдісі

  • Кері итеруші күш дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
  • Архимед күші қандай формуламен өрнектеледі?
  • Дененің сұйықта жүзуінің барлық шарттарын тұжырымдап, мысалдар келтіріңдер?
  • Архимед аңызында не бейнеленген?

§30. Механикалық жұмыс. Қуат
02.03.2022ж
  • Жұмыс және қуат түсініктерімен таныстыру;
  • Қуат және механикалық жұмыс формуласын пайдаланып есеп шығару;
  • туынды өлшем бірліктер мен негізгі ХБЖ бірліктерді ажырату ;

Сабақтың мақсаты :
Механикалық жұмыс
«Жұмыс» терминін физика ғылымына 1826 жылы француз ғалымы Ж. Понселе енгізген.
Механикалық жұмыс
Бұған дейін жұмыс деп адамның еңбегі ғана айтылса, осыдан кейін «жұмыс» деп аталатын физикалық шама да пайда болды.
«Жұмыс» және «механикалық жұмыс» терминдерінің арасындағы айырмашылық – механикалық жұмыс кезінде дене міндетті түрде қандай да бір күштің әсерінен орын ауыстыруы қажет.
Ал, егер дене орнынан қозғалмаса, жұмыс атқарылды деп есептелмейді.

Механикалық жұмыс атқарылуы үшін қандай шарттар орындалуы керек?
Механикалық жұмыс жасалуы үшін:
Күш жұмсалуы қажет
Дене орын ауыстыруы қажет
Механикалық жұмыстың формуласы
Механикалық жұмыс = күш * орын ауыстыру
A = F ∙ s
Механикалық жұмыстың ХБЖ-дегі өлшем бірлігі
ХБЖ: [A] = H ∙ м = Дж
(Джоуль -Джеймс Прескотт Джоуль/James Prescott Joule – ағылшын физигінің құрметіне берілген өлшем бірлік)
1Дж = 1Н ∙ 1м
Сонымен, 1 Джоуль – 1 Ньютон күштің әсерінен денені 1 м –ге орын ауыстырту үшін жасалатын жұмыс.
Тәжірибе арқылы энергияның сақталу заңын тұжырымдаған. Ол энергияның сақталу қағидасын, жылу табиғатын зерттей отырып, жылу мен энергияның баска түрлерінің тең мөлшерлі болатынын және оның механикалық жұмыспен өзара әрекетін қалыптастырды. 
Механикалық қуат. Қуат бірліктері
Жұмыстың орындалу шапшаңдығын/тездігін сипаттайтын физикалық скаляр шаманы қуат деп атайды.
Қуат – механикалық жұмыстың сол жұмыс істеуге кеткен уақытқа қатынасымен өрнектеледі:
Қуаттың өлшем бірлігі ретінде [Вт] «Ватт» деген бірлік алынады: 1 Вт 1 секунд уақытта дене 1 джоульге тең жұмыс атқарғандағы қуатты білдіреді. Қуаттың Ватт деген бірлігі алғаш рет бу машинасын ойлап тапқан ағылшын өнертапқышы Джеймс Уаттың (1736 - 1819) құрметіне алынған
ХБЖ: [N] = Дж /c = Вт
 1 Вт = 1 Дж / 1с
Бірқалыпты қозғалыстағы қуат



бірқалыпты қозғалыстағы қуаттың формуласы.
Мұндағы F – көліктің қозғалтқышының тарту күші
�� – көліктің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы

Джеймс Уатт
(1736-1819)
Уатт Джеймс – ағылшын өнертапқышы, бу машинасын алғаш жасаушы, Эдинбург корольдік қоғамының (1784), Париж ғылым академиясының шетелдік, Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1785). 1757 жылдан Глазгодағы университетте механик болып жұмыс істеді.
Уатт қуаттың алғашқы бірлігі – ат күшін енгізді. Кейіннен қуаттың басқа бірлігі – ватт Уаттың есімімен аталды. Уаттың бу машинасы кеңінен таралды және машина өнеркәсібінде орасан зор рөл атқарды. 
Жаттығу 5.1
  • Мәшине 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н, онда ол 10 секундта қанша жұмыс атқарады?
  • Тереңдігі 5 м су түбінде жатқан көлемі 0,6

  • Тастың тығыздығы 2500 кг/ .
    3. Арбаға жегілген ат 400 Н күш жұмсап, оны 0,8 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Ат 1 сағатта қанша жұмыс істейді?

Миға шабуыл
  • 1. Жұмыс дегеніміз не?
  • 2. Жұмыс пен қуатты қандай әріппен белгілейміз?
  • 3. Қуаттың өлшем бірлігі қандай ?
  • 4. Қуат және жұмысты ашқан ғалымдар кімдер ?
  • 5. Қуаттың формуласы қандай ?

Рефлексия «Блоб ағашы»
Үйге тапсырма:
§30. Механикалық жұмыс. Қуат
Тақырып бойынша 3 сұрақ дайындау
жүктеу 30.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет