Сабақтың мақсаты : Ақын өлеңдерінің қазақ балалар әдебиетіндегі орнын таныту



жүктеу 21.57 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.01.2017
өлшемі21.57 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: М.Әлімбаев шығармалары бойынша

  

                                          баланың байланыстырып сөйлеуін дамыту 

Сабақтың мақсаты: Ақын өлеңдерінің қазақ балалар әдебиетіндегі 

 

                                  орнын таныту. 



                                  Ақын өлеңдерін бала тілін дамытуға  

                                   пайдалану жолдарын меңгерту. 



Сабақтың түрі:

         Біріккен сабақ 



Сабақта қолданылатын көрнекіліктер

: Ақын шығармаларының жинағы, 

портреті, карточкалар, картотекалар, суреттер, сызба-кестелер 

Сабақтың барысы

      1.Ақын Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылық өмір жолына  



            шолу жасау 

- Ақын 1923 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы    

Қызылағаш ауылында туған. 

-  Ұлы Отан соғысына қатысқан. 

- «Пионер» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиетінде» бөлім 

меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, «Балдырған» журналында бас 

редактор қызметін атқарған. 

- Алғашқы өлеңі оқушы кезінде, 1939 жылы облыстық «Қызыл ту» газетінде 

жарияланған. 

- Ақын балаларға арналған бірнеше кітаптардың авторы. 

- «Аспандағы әпке» кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие 

болған. 


           2.  Ақынның балаларға арналған өлеңдері 

        Ақынның балаларға арналған өлеңдері қысқалығымен, мазмұнымен, 

айтар ойымен құнды. Ең қысқа деген өлеңнің өзінде қаншама мазмұн мен 

тағылымды ой жатыр. Балаларға арналған өлеңдер бала тілін, оның жан 

дүниесін, өзін қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасын бейнелеуімен 

бағаланады. Бұл жағынана алғанда, М.Әлімбаев шығармалары бала 

танымына өте лайық, қонымды екені сөзсіз. 

            Ақын өлеңдерінен мысалдар келтіріп өтейік. 

 

                    Қандай сөздер 

Ана –  


Ардақты сөз. 

Тау-тас -  

Салмақты сөз. 

Жел – 


Қанатты сөз. 

Шәкірт- 


Талапты сөз. 

Жалау  –  

Дабылды сөз. 

Алау –  


Жалынды сөз. 

 

 

                           Он саусақ 

Жалғыз саусақ тіпті де, 

Ұстай алмас жіпті де. 

Екі саусақ бірікті, 

Ине қолға ілікті. 

Үш саусағым орамды, 

Жүгіртеді қаламды. 

 

Өнерлі екен он саусақ, 



Қала салсақ, жол салсақ. 

 

                     Бал араның жыры 

 

Баратыным –  



Қыр. 

Қонатыным –  

Гүл. 

Теретінім –  



Нәр. 

Беретінім –  

Бал. 

 

                     Күн тоқыған кілем 



Күн –  

Кілем тоқиды. 

Нұрмен тоқиды, 

Гүлмен тоқиды. 

Ол –  

Асыл зер кілем, 



Жалпақ кең кілем. 

Жерге тең кілем. 

Ол –  

Сен де сиярлық, 



Мен де сиярлық, 

Ел де сиярлық кілем! 

 

3. Ақын шығармаларын балабақшада баланың байланыстырып сөйлеуін 



дамыту үшін қолдану жолдары. 

 

          Ақын шығармашылығында балабақша жасындағы балаларға арналған 



санамақтар, қаламақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, сөзді 

ойнату жиі кездеседі. 



           Аталған дүиелерді бала тілін дамытуда орынды қолдана білу аса 

маңызға ие. Балаға оқыту, жаттату, айтқызу, мағынасына түсінік бері, 

түсініксіз сөздермен жұмыс жасау сияқты бірнеше әрекеттерді орындауға 

болады. 


               Жұмбақтар 

Жүз төрт түйме, 

Он бір ине. 

             (Есеп шот) 

Тұмсығында түйірі, 

Өзегінде сұйығы. 

Қалып жатыр ізінде, 

Талай ойдың түйіні.  

                     (Автоқалам) 

Су ішінде өскен тау, 

Су ішінде көшкен тау. 

                     (Айсберг) 

 

Жаңылтпаштар

 

Ақ доп, 


Соқ доп. 

 

Үш ұшқыш алды 



Үш кір қысқыш, 

Үш тіс ысқыш. 

 

Ара барда бал бар, 



Қайда кетер бар бал?! 

 

4. Тіл дамыту тапсырмаларын құру. 



    Тест тапсырмаларын құру. 

 

Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 21.57 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет