Сабақтың әдістемелік әзірлемесі Денешынықтыру пәні бойынша



жүктеу 93.66 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.06.2017
өлшемі93.66 Kb.
түріСабақ

Ф ҚҚЭК 703-12-09 Оқу-әдістемелік материалдар. Бірінші басылы. 

Ф КЭКК 703-12-09 Учебно-методические материалы. Издание первое.  



«Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжі» Мекемесі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың әдістемелік әзірлемесі 

 

 

Денешынықтыру  пәні бойынша 

 

 

Тақырыбы: Бір мезгілді жүрістің техникасын, жетілдіру. 

 

 

 

 

 

 

                                                                         Орындаған: Күнтуған Б.К. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017ж/г 

Ф ҚҚЭК 703-12-09 Оқу-әдістемелік материалдар. Бірінші басылы. 

Ф КЭКК 703-12-09 Учебно-методические материалы. Издание первое.  



1.  Кіріспе 

Ғылыми – техникалық прогресс дәуірінде дене тәрбиесінің ролі айтарлықтай 

өзгерді. Денешынықтыру заманауи қоғамның жалпы мәдениетінің ажырамас 

бөлшегі  ретінде,  халық  тәрбиесіне  және  дамуына  мықты  ықпал  ететін,  көп 

қырлы әлеуметтік құбылысты білдіреді. 

 

Бүгінгі  әлеуметтік,  техникалық  өрлеу  және  денешынықтырудағы 



ғылыми  –  техникалық  революция  ғасыры  біздің  өмірімізге  бірқатар 

жағымсыз  факторлар  әкелді.  Оған  жататындар  гиподинамия,  күрделі 

заманауи техниканы игеруге байланысты нервтік және физикалық салмақтар, 

сондай-ақ  кәсіби  және  тұрмыстық  реттегі  стрестер,  артық  салмақ,  жүрек 

ауруына бейімділік. 

 

Жағымсыз  факторлардың  адам  денсаулығына  ықпал  етуі  соншалық, 



организмнің ішкі қорғаныс қызметі оған төтеп бере алмайды. 

Тәжірибе  көрсеткендей  жағымсыз  факторларға  ең  мықты  қарсы  әсер  етуші 

үнемі 

денешынықтырумен 



айналысу, 

ол 


адамдардың 

денсаулығын 

жақсартуға,  организмнің  кез-келшен  ауыртпалықтарға  дайын  болуына 

көмектеседі. 

Адам 

организмі 



дамыған 

сайын, 


оның 

шымырлығы 

денешынықтыруға тәуелді болады. 

 

Бұған  дейін  миллиондаған  адамдар  жұмысқа  жаяу  барып,  жаяу 



қайтатын,  өндірісте  де  олар  көп  күш  жұмсады,  тұрмыста  да  ауқымды 

жұмыстар атқарды. 

 

Қазіргі уақытта қимылдау көлемі төмендеді. Өндірісті автоматтандыру 



және  робот  техника,  автокөліктер,  лифт,  кір  жуғыш  машинкалар,  адамның 

қимылдау әрекетінің дефицитін өсіріп отыр. 

Гиподинамияның  халыққа  кері  әсер  етуі  онымен  күресуде  денешынықтыру 

және спорттың әр түрлі әдістері мен формаларын қолдануды талап етеді. 

 

Денешынықтыру  қызметінің  маңызды  бөлігі  адамның  қимылдау 



белсенділігінің  табиғи  сұранысын  қанағаттандыруға    және  қимылдау 

қабілетін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  тудырады.  Осы  маңызды  қызметтерді 

орындаумен  қатар,  денешынықтырудың  кейбір  әдістері  жеке  сипаттағы 

арнайы қызметтерді атқаруға бағытталған. 

Оған жататындар: 

-  білім  беру  қызметтері,  еліміздегі  жалпы  білім  беру  жүйесінде 

денешынықтыруды оқу пәні ретінде қолдану; 

-  қолданбалы  қызметтер,  кәсіби-қолданбалы  денешынықтыру  арқылы 

еңбекке және әскери қызметке арнайы дайындықты жетілдіруге тікелей 

қатысты болу; 

-  спорттық  қызметтер  адамның  күшінің  және  моральды  –  жігерлік 

мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруда  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізуде 

көрінеді; 

-  реактивті  және  сауықтыру  –  реабелитациялық  қызметтер,  мәнді, 

мағыналы  демалыс  ұйымдастыруда,  сондай-ақ  шаршап-шалдығудың 

алдын  алу  және  организмнің  уақытша  жойылған  функционалдық 

мүмкіндіктерін қайта қалпына келтіруде денешынықтыруды қолдану. 


Ф ҚҚЭК 703-12-09 Оқу-әдістемелік материалдар. Бірінші басылы. 

Ф КЭКК 703-12-09 Учебно-методические материалы. Издание первое.  

Денешынықтырудың  тікелей  қатысуы  арқылы  орындалатын,  жалпы 

мәдениетке  тән  тәрбиелік,  нормативтік,  эстетикалық  функциялардың  атап 

айтуға болады.  

Денешынықтыру 

адамның 

барлық 


функцияларының 

жан-жақты 

дамуындағы  негізгі  міндеттерді  шешуде  қатысады.  Олардың  құрамдас 

бөлігінің  әр  қайсының  өзіндік  ерекшеліктері    бар  және  олар  өздеріне  тиісті 

міндеттерді  атқарады,  сондықтан  олардың  әр  қайсын  өз  алдына  жеке 

қарастыруға болады. 

 

2. Базалық денешынықтыру. 

 

 



Денешынықтырудың  бұл  бөлігі,  дене  шымырлығының  жан  –  жақты 

дайындығын қамтамасыз ететін оқу пәні  ретінде жалпы білім беру жүйесіне 

енгізілген.  Денешынықтырудың  бұл  түрінің  адам  өміріндегі  қажеттілігі  мен 

жоғары  маңыздылығына  баға  беру  қиын.  Адамның  бала  күнінен  бастап 

қалыптасқан  денсаулығы  оның  болашақтағы  психикалық  жағдайын,  ойлау 

қызметін, шығармашылық белсенділігін анықтайды. 

 

Осындайда 



М.И.Калининнің 

сөзі 


еске 

түседі: 


«Мен 

неге 


денешынықтыруды  орыс  тілімен  және  математикамен  қатар  қоямын  ?  Мен 

неге  оны  оқу-тәрбие  пәндерінің  негізгілерінің  бірі  деп  есептеймін  ?    Себебі 

мен  азаматтардың  барлығының  денсауылықтары  мықты  болуын  қалаймын. 

Егер  біздің  мектептердің  түлектерінің  нервтік  жүйелері  бұзылған  болса,  ол 

жөн  бе?  Ондай  адамдарға  өмірде  бақытын  табу  қиын  болады.  Мықты 

денсаулықсыз  бақытты  болу  мүмкін  бе  ?  Біздің  ізбасарларымыз  денсаулығы 

мықты ерлер мен денсаулығы мықты әйелдер болуға тиісті». 

Базалық  дене  тәрбиесі  денешынықтыру  жүйесіндегі  негізгі  тізбек  болып 

табылады  және  адам  өмірінің  барлық  кезеңіне  қатысты,  ол  мектепке  дейінгі 

мекемелердегі жаттығулардан бастап, егде жастағы денсаулық топтарындағы 

жаттығулармен аяқталады. 

Мектептегі  денешынықтыру  сабақтары  базалық  дене  тәрбиесінің  маңызды 

формасы  болып  табылады.  Себебі  денешынықтыру  барлық  оқушыға  

міндетті  болып  саналады  және  оның  мазмұны  мемлекеттік  бағдарламамен 

анықталады.  Бірыңғай  бүкілодақтық  спорттық  классификацияның  екінші 

спорттық  дәрежесі  атап  айтқанда  оның  бұқаралық  түрлері  базалық 

денешынықтырудың құрамына кіреді. 

 

3. Кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі. 

 

 



Кәсіби-қолданбалы  немесе  өндірістік  денешынықтыру,  адамды  белгілі 

бір  қызметке  дайындауда  кәсіби  маңызды  қасиеттер  мен  біліктіліктерді 

дамыту мен жетілдіруге бағытталған. 

Ол  кәсіби  еңбектің  ерекшеліктерінің  адамға  ықпал  етуімен  белгіленеді  және 

кәсіптік салаға тікелей тәуелді  болады. 

Кәсіби-қоданбалы  дене  тәрбиесі  кәсіби  еңбекпен  айналысу  барысында 

ұйымдастырылған мақсатты түрде жүргізілуі мүмкін немесе  кәсіпорындарда 


Ф ҚҚЭК 703-12-09 Оқу-әдістемелік материалдар. Бірінші басылы. 

Ф КЭКК 703-12-09 Учебно-методические материалы. Издание первое.  

жұмыс  күні  тәртібіне  енгізіліп  өткізілуі  мүмкін  (өндірістік  гимнастика, 

шынығу сағаты, демалыс сәті) т.б. 

 

Ғылыми  зерттеулер  мамандардың  кәсіби  деңгейінің  жоғары  болуы 



көбінесе  оның  денсаулық  шымырлығының  таңдаған  жұмыс  талабына  сай 

болуына байланысты екенін анықтады. Сондай –ақ өндірісі көрсеткіштерінің 

деңгейі  де  жұмысшының  денсаулығына  тікейлей  қатысты  екені  белгілі 

болды. 


Денешынықтыру  және  спортпен  үздіксіз  айналысынатын  адамдар  сирек 

ауырады,  аптаның  немесе  жұмыс  күнінің  соңында  шаршауы  азаяды, 

сондықтан да еңбек өнімділігі артады. 

Кәсіби  –  қолданбалы  денешынықтырудың  бір  түрі  әскердегі  және  теңіз 

флотындағы  дене  тәрбиесі  болып  табылады.  Әскери  офицерлерден  тыс, 

көпшілік  әскери  қызметкерлердің  өз  міндеттерін  атқарған  соң  азаматтық 

мамандықтарына  оралатындарына  қарамастан  әскердегі  денешынықтыру 

кәсіби-  қолданбалы  денешынықтырудың  құрамдас  бөлігінің  бірі  болып 

саналады. 

Біріншіден,  Отанды  қорғауға  дайындық  –  дене  тәрбиесінің  негізгі 

міндеттерінің  бірі.  Екіншіден,    Қарулы  Күштерде  борышын  өтеу  -  әрбір  ер 

азаматтың Конституциялық міндеті. 

Үшіншіден,  әскердегі  және  теңіз  флотындағы  дене  тәрбиесі  әскери 

мамандыққа  ғана  тән  қорғаныс    немесе  шабуыл  жасау  тактикаларын  жетік 

меңгеруге бағытталған. 

Қарулы  Күштердегі  дене  тәрбиесінің  негізгі  мақсаты  қысқа  мерзім  ішінде 

жеке құрамның дайындық деңгейіне және әскери тапсырманы тиімді шешуге 

қол жеткізу. 

 

4. Сауықтыру – реабелитациялық денешынықтыру 

 

 



Денешынықтырудың  бұл  түрі  организмнің  қалжырауына  байланысты 

туындаған  уақытша  еңбекке  жарамсыздығына  немесе  сырқаттануына 

байланысты  адам  организмінің  функционалдық  мүмкіндіктерін  қайта 

қалпына  келтіруге  бағытталған.  Емдік  дене  тәрбиесі  бұл  ретте  басты  орын 

алады. 

Емдік  дене  тәрбиесі  емдік-педагогикалық  процесс  болып  табылады  және 



сырқаттанған  адамның  тағайындалған  жаттығуларды  саналы  және  белсенді 

түрде  орындауын  қарастырады.  Ол  адам  организіміне  әсері  мол  емдік  әдісі 

бар  денешынықтырудың  гимнастикалық  түрлерін  қамтиды.    Гимнастикалық 

шынықтыру әдістері, олардың  уақыт мөлшері аурудың түріне қарай ғылыми 

негізде  тағайындалады.  Мысалы,  инфаркт  сияқты  ерекше  ауыр  жағдайларда 

ғылыми анықталған бағдарлама бойынша жаттығу белгіленеді. 

Интенсивтендірудегі 

маңызды 


талап 

сабақтардағы 

денешынықтыру 

жаттығуларын  бүгінгі  күн  талабына  сай  қайта  құру.  Ол  оқуды  үйлестірумен 

тығыз  байланысты  және  оқытушының,  оқушылардың  денешынықтыру 

сабағына  ынталығын  арттырады  және  осыған  орай  білім  беру  -    тәрбиелік 

міндеттердің  шешімін  табудағы  оқытушының  еңбек  өнімділігін  күшейтеді. 


Ф ҚҚЭК 703-12-09 Оқу-әдістемелік материалдар. Бірінші басылы. 

Ф КЭКК 703-12-09 Учебно-методические материалы. Издание первое.  

Интенсивтендіру оқушының ғылыми еңбегін ұйымдастырудағы талаптардың 

бірі болып табылады. 

Дене  тәрбиесі  бойынша  оқушылардың  шығармашылық  жұмысы 

өткізген  жеке  жаттығу  жұмыстары  жайлы  күнделік  жүргізуден  басталады, 

онда  жаттығудан  кейін  өзін  қалай  сезінетіні,  тамыр  соғу  жиілігі,  кешенді 

жаттығу  түрлері  жазылады.  Күнделікте  орындалатын  жаттығулыардың  бір 

күндік мөлшеру туралы жеке графа жүргізілуі мүмкін. 

                 Оқушылардың  денешынықтыру  сабағындағы  қозғалыс  жиілігін 

уақыт  бірлігіне  қарай  жөнге  келтіріп,  озық  оқыту  әдісін  қолдану  негізінде 

жүзеге асырады. 

Сабақтың  дайындық  бөлігінде  жеке  педагогикалық  міндеттерді  шешуге 

бағытталған  жаттығуларды  арнайы  топтастыру  арқылы  сабақтың  барысын 

қарқындатуды жүзеге асыру ұсынылады, ол жекелеген  жаттығулардың  және 

сабақтың кейбір тұстарының оқушыларға ерекше ықпал етуін жетілдіреді. 

                      Оқушылардың 

оқу-жаттығу 

дағдысын 

дамыту 


оларды 

орындайтын  жаттығулардың  техникасын    талдай  білуге  және  қимылдағы 

кемшіліктерді 

көре 


білуге, 

оларды 


шешу 

жолдарын 

анықтауға, 

денешынықтыру  және  спорт,  бой  тазалығы,  дәрігерлік  –  педагогикалық 

бақылау,  қимыл  тәртібін  қалыптастыру,  массаж  жасау  бойынша  арнайы 

әдебиеттерден білім алу арқылы жүргізіледі. 

Денешынықтыру 

сабағының 

жаттығуларға 

толы 


болуы 

қарқындылықты  жетілдіру  және  оларды  орындау  жолымен  жүзеге 

асырылады.  Сабақты  музыкалық  әуенмен  әрлеу  жаттығуларды  орындау 

әдісін,  олардың  орындалу  жиілігін  реттеуге  ықпал  етеді.  Жекелеген 

жаттығуларды, спорттық қимылдарды орындау мөлшері қайталануы мүмкін. 

Сабақтың 80% уақытын жаттығуға бөлудің маңызы зор. Сабақтың тиімділігін 

және  оның  құрамдас  бөліктерін  жетілдіру  жаттығуларды  белгіленген  уақыт 

мөлшерінде  орындау,  жаттығу  санын  көбейту  және  шешімін  табар 

педагогикалық 

міндеттердің 

сапасын 

эжетілдіру 

жолымен 

жүзеге 


асырылады.  Бұл  орайда  педагогикалық,  психологиялық,  биологиялық  және 

медициналық  ғылымдардың  жетістіктерін,  оқу  орнының  материалдық 

базасының  мүмкіндіктерін,  оқушыны  тәрбиелеу,  дамыту  әдістерін,  сапаны 

өсіру  тәсілдерін  тиімді  пайдаланған  дұрыс.  Осының  бәрі  денешынықтыру 

сабақтарын және жеке жаттығуларды жоспарлай білу арқылы үйлесім тауып 

отырады. Оқытушының ізденісі үнемі, тұрақты және нәтижелі болуы керек.. 

 

Оқушылардың  дене  тәрбиесінің  барлық  құрамы  денешынықтырудың 



белсенді  жаттығуларына  және  шынығу  процедураларына  бағынуға  тиіс.  Бұл 

оқушылардың  сабақтағы  жүктемелерге  шыдай  білуіне  мүмкіндік  жасайды, 

танымдылықтарын,  шыдамдылықтарын  жоғары  деңгейге  көтереді.  Сонымен 

қатар  қоршаған  ортаның,  күндізгі,  түнгі    уақыттардың,  жыл  мезгілдерінің 

ырғақтылық  әсері  де  назарға  алынады.    Адамның  еркінен  тыс  биологиялық 

ырғақтары  мысалға,  спорттағы    күрделі  қимылдарға  бой  үйретуі,  адам 

организмінің  кәсіби  қызметтегі  түрлі  жағдайларға  бой  үйретуі    ескеріледі.  

Адамның  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынасы    организмнің  тіршілік 

әрекетінің деңгейін көтеруге ықпал етеді. 


Ф ҚҚЭК 703-12-09 Оқу-әдістемелік материалдар. Бірінші басылы. 

Ф КЭКК 703-12-09 Учебно-методические материалы. Издание первое.  



«Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжі» Мекемесі 

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ  

Пән             Денешынықтыру      

Тақырып  «Бір мезгілді жүрістің техникасы, жетілдіру» 

Сабақтың түрі   Практикалық сабақ 

Сабақтың мақсаттары 

білімділік: шаңғы мен бір мезгілді қозғалыстың техникасын үйрету 

дамытушылық: шаңғы мен бір мезгіді екі адымды  қозғалыстын 

техникаларын үйрену, қайталау. 



тәрбиелік: денсаулық жағдайына қарап,  денсаулық жақсарту және жұмысқа 

деген қаблеттілігін арттыру,  тапсырма орындаған кезде әр қозғалыстың 

сұлулығына тәрбиелеу,  спортқа және дене тәрбиесіне деген сүйіспеншілікке 

тәрбиелеу. 



Сабақтың жабдықтары 

көрнекілік құралдар: өлшегіш құралдары және тулар. 

үлестірімді құралдар: шаңғы, сықырғыш, өлшеуіш құрал және хаттамалар. 

Әдебиет:  

1.  Дене тәрбиесі. Авторлары: Пономарев Н.И., Коробков А.В. 

 

      2. Энциклопедиялық журнал «Спорт», 2008ж 



Сабақтың мазмұны 

Кезеңдері 

Уақыт 

1.  Бастапқы бөлім  



 

10-20м 


 

2.  Жалпы  бөлім 

 

30-40м 


 

3.  Қортынды  бөлім 

 

10-20м


 

 

 



 

 

 



 

Ф ҚҚЭК 703-12-09 Оқу-әдістемелік материалдар. Бірінші басылы. 

Ф КЭКК 703-12-09 Учебно-методические материалы. Издание первое.  

 

Сабақтың барысы

 

С

аб



ақ

ты

ң



 

б

ө



л

ім

і 



Жеке 

тапсырмалар 

Сабақтың мазмұны 

Б

ел



гі

л

ен



ге

н

 



м

ө

л



ш

ер

 



Ж.Ә.Н. 

Бастапқы 

бөлім  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Жалпы  



бөлім 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Негізгі 



бөлім 

 

Оқушыларды  



дайындау 

 

Назарын 



аудару 

 тапсырмалар 

мен 

таныстыру  



 

 

 



 

 

 



 

Оқушыларды 

дайындау  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Оқушылардын 

жылдам-

дықтарын  



дамыту  

Сапқа тұру, рапорт, сәлем беру және 

сабақ тапсырмасы. 

 

Бір мезгілді жүрістін техникасы, 



жетілдіру. 

Шаңғылар мен саптық жаттығулар жасау  

Әр түрлі қадамдарды.  

Оқушылардан сурау және көрсету.  



 

 

 



 

 

 



Жаттығу. 

Теориялық мәліметтер.  

Шаңғынның қозғалыстарың айту және 

көрсету.   

Бір мезгілді жүріс. 

Екі адымды жүріс. 

Екі адымды таяқсыз жүру. 

 

 



Ара қашықтықтарын қадағалау. 

Озып өту және тб.  

 

 

Қайта сапқа тұру бағаларын айтып 



қортынды жасау.  

Сабаққа қатысу сандарын тексеру.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қоштасу 

5-10 


 

 

 



10-15 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

5-10 


 

 

10 



10 

10 


 

 

 



 

 

 



15 

Топ Түзел! 

Тік тұр! 

Сәлеметсіз 

дерме 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1000метр 

1000метр  

1000метр 

 

 



 

 

 



мақтау  

ескерту 


нашар 

немесе 


жақсысың 

айту  


 

 

 



 

 

 



 

Сау 


болыңыздар

 

 

 


Ф ҚҚЭК 703-12-09 Оқу-әдістемелік материалдар. Бірінші басылы. 

Ф КЭКК 703-12-09 Учебно-методические материалы. Издание первое.  



 

 

Қорытынды 

 

Денсаулық  -  әр  адамның  ғана  емес,  сонымен  қатар  барлық  қоғамның 



бағаланбас  байлығы.  Жақын  және  қымбат  адамдарымызбен  кездескенде, 

қоштасқанда    оларға  мықты  денсаулық  тілейміз,  себебі  ол  бақытты  өмір 

сүрудің  негізгі  кепілі.  Денсаулық  бізге  жоспарларымызды  орындауға, 

қиындықтарды,  кіші-гірім  ауырпалықтарды    жеңуге    көмектеседі.  Адамның 

өзі  ақылмен  қорғап,  сақтай  білген  мықты  денсаулық  белсенді  және  ұзақ 

өмірді қамтамасыз етеді. 

Қартайған шағына дейін еңбекке қабілеттілілігін, өмірге белсенділігін сақтау 

үшін денсаулығын нығайтуға әр адамның  мүмкіндігі мол.   

Статистика,  зерттеулер,  бақылаулар    денешынықтыру  жаттығуларының 

адамның  денсаулығын  сақтауда,  өмірін  ұзартуда  жағымды  ықпал 

жасайтынына көз жеткізді. 

 

 



 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Дене тәрбиесі. Авторлары: Пономарев Н.И., Коробков А.В. 

2. Энциклопедиялық журнал «Спорт», 2008ж 

3.  Денешынықтыру  және  спорт  журналы.  №  1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.  2007-

2015жыл. 

4. Дене тәрбиесі. Авторлары: Рафин А.Я. М., 2010ж 

5. Колесников В.Ф. Дене тәрбиесі., 2008ж 

6. Дене тәрбиесі. Авторлары: Коробков А.В., Головин В.А., Маслеков В.А.     

7.  Спортық ойындар. Авторлары: Железняка Ю.Д., Портнова Ю.М. 

 

 



 

 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 93.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет