Сабақта жоқ: Сабақ тақырыбы



жүктеу 19.69 Kb.
Дата16.05.2022
өлшемі19.69 Kb.
#19965
түріСабақ
Тілдерінде ауытқушылықтары бар
12, Көру кемшілігі Анара


Оқытушының аты-жөні:
Рахпанова Багиткуль Ганиевна

e-mail преподавателя:
bagitkul1966@mail.ru




Whatsapp: 87756899199

Күні:16.05.2022

Дисциплина: Логопедия негіздері

ТОП:Т-41

Қатысқаны:

Сабақта жоқ:

Сабақ тақырыбы:

Тілдерінде ауытқушылықтары бар балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі



Сабақ мақсаты:

Қазіргі кездегі балалардың тілдерінің бұзылуының әрекеті туралы түсіндіру. Тілдерінің ауытқушылықтары бар балаларға арналған мекемелерді іріктеу




Жұмыс барысы

Инструкциялық нұсқау

Ұйымдастыру кезеңі

Платонус бойынша байланыс.Студенттерді тексеру.
Жоспар бойынша жұмыс жасау


Теориялық бөлім.

Жоспар:
Сабақ жоспары:
1.Тілдерінде ауытқулары бар балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдар.

  1. 2.Сөйлеу бұзылулары бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер.

  2. 3.ЖДА мен ауратын балаларға арналған мекемелер.Ақыл есі кем балаларға арналған мекемелер.Көру қабілеті кем балаларға арналған мекемелер.

  3. 4.Логопедттік көмек көрсететін мектептер

. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады.
Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.
Осы орайда Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына байланысты қаламызда осындай мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналып жартылай стационар « Аялы алақан » атты бөлімше ашылды
Балалар емханасындағы логопед жұмысының мазмұны Балалар емханасының логопедиялық кабинеті туралы жарғысында ашылып көрсетілген. Жарғыға сәйкес, мұғалім- логопед (психолог) қызметіне логопедия мамандығы бойынша жоғары дефектологиялық білімі бар адамдар тағайындалады. Логопед емхананың бас дәрігеріне бағынады және оның алдында орындаған жұмысы бойынша жауапты.
Емхана логопедінің міндеттері:(дәптерге жазу)
1. Сөйлеу тілінің патологиясының барлық түрлері жөнінде 3 айдан-14 жасқа дейінгі балаларға кеңес беру.
2. Сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету бойынша жұмыс.
3. Ұйымдастырылмаған балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылыстарын айқындау және алдын алу мақсатында алдын алу шараларын жүргізу.
4. Логопедиялық сабақтар курсын өткен балаларға диспансерлік бақылау жасау.
5. Аудан тұрғындары және емхананың медициналық персоналы арасында санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу.



Практикалық бөлім

Логопед орта есеппен күніне сөйлеу тілінің ауыр кемістігі бар 5 -6 бала қабылдайды.
Басталған оқу жылында логопед көмекті қажет етіп келген балалардың барлығын алғашқы қабылдау журналына тіркеу қажет. Күнделікті және кеңес беру сабақтарына қатысып жүрген балаларға арнап логопед логопедиялық карталар бастап, оған сөйлеу тілінің статусы , сөйлеу тіл қорытындысын тиянақты түрде сипаттап жазады. Сабақ жоспары мен жетістіктер динамикасын жазып отырады. Бала арнайы логопедиялық сабақтарда болмаған жағдайда, онымен үйде қалай жұмыс жүргізу туралы ата –анаға кеңес беру қажет. Логопед сабақтарына психомоторлық дамуы терең тежелген сөйлеу тілі дамуының 1 – 2 деңгейіндегі, кереңдер, психоневрологиялық диагностикалық жағдайында арнайы емді қажет ететін балалар алынбайды.
Балалардың бұл категориясындағы балалар сәйкес емдеу және оқыту мекемелеріне жіберіледі.
Логопедтің жұмыс уақыты аптасына 14 сағатты құрайды. 5 күндік аптада 2 қабылдау таңертен, 2 қабылдау кешке жасау керек. Сабақтарға дайындық, көрнекілік құжаттар дайындау, құжаттармен жұмыс уақытынан тыс кезде жасалуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің № 485 бұйрығына қосымша ретінде: жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін логопедиялық кабинетке 20 метрден кем емес бөлме бөлінуі керек.
Кабинет қажетті жиһаз, арнайы құралдармен, көрнекілік, сөйлеу тілін дамытуға арнайы көрнекі материалдарымен жабдықталуы қажет.
Кабинетте ойын бұрышы болуы керек.
Күнтізбелік жыл соңында логопед емхананың бас дәрігеріне жылдық жұмыстың есебін береді. Есеп беруді сандық көрсеткіштерден басқа есеп беру кезеңдерінде барлық атқарылған емдеу педагогикалық, алдын алу және санитарлы – ағарту жұмысының талдауымен түсініктеме хат болуы қажет.
Үйге тапсырма: Тілдерінде ауытқушылықтары бар балаларға арналған арнайы мекемелерді іріктеп жазып жіберу.

жүктеу 19.69 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет