Тəуелсіздік –жарқын болашақ кепілі!
2014 ж. 5 желтоқсан күні 9-сабақта «Информатика» кафедрасының аға
оқытушысы Жумасеитова С.Д. 202 тобында Тəуелсіздігіміздің 23
жылдығына арналған "Тəуелсіздік –жарқын болашақ кепілі!" тақырыбында
əдеби- сазды ашық кураторлық сағатын өткізді.Ашық сабақ барысында топ
студенттері Тəуелсіздік туралы, Елбасы жайында дайындаған мəліметтерімен
бөлісті. Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарға шолу жасалды. Тəуелсіздік
алғаннан кейінгі уақытта оқу орнымыздың жеткен елеулі жетістіктеріне де
тоқталып өтті. Сонымен қатар, университет студенттерінен Тəуелсіздікке
байланысты алынған сұхбаттар көрсетілді. Ашық сабақта топ студенттері күй
тартып, би билеп, əн шырқады. Көрермендерге Тəуелсіздікке байланысты
сұрақтар қойылып, сыйлықтар берілді.