Сабақта бақылау жұмысын жазып, тест тапсырмай, компьютер ойынын ойнаған қандай жақсы!



жүктеу 25.35 Mb.
Pdf просмотр
Дата14.09.2017
өлшемі25.35 Mb.
түріСабақ

1

1

– Біздің бүгінгі тәжірибеміз қиын әрі жауапты!

Оқытушы Дана Ғалымқызы қаржы ғылымдары зерт-

ханасындағы кезекті дәрісті осындай сөздермен баста-

ды. 

–  Сендерге  белгілі  бір  сомадағы  виртуалды  ақша 



беріледі. Оны сақтап қана қоймай, көбейтулерің керек. 

Егер осы тапсырманы ойдағыдай орындай алсаңдар, 

«Миллионды қалай сақтап, көбейтеміз?» деген ойын-

ның алғашқы кезеңінен өттім дей беріңдер.

Балалар  елең  ете  қалды.  Жүздері  бал-бұл  жанды. 

Сабақта  бақылау  жұмысын  жазып,  тест  тапсырмай, 

компьютер ойынын ойнаған қандай жақсы!

– Ең алдымен топқа бөлінейік. Әр топта үш адамнан 

болсын, – деді Дана Ғалымқызы.

Шолпан  заттарын  жинастырып,  сөмкесіне 

салғанша Марат пен Артем үлкен планшет 

қойылған  үстел  басына  жайғасып  үл-

герді.  Олар  осында  отырған  сайын 

тек жақсы бағалар алатын. 

Ойын  басталмас  бұрын  Дана 

Ға лымқызы  оның  тәртібімен 

таны стырды:

– Ойын шарты бойынша, 

әр  командаға  белгілі 

Кітап «Қаржы мәдениеті» ағартушылық жобасы аясында әзірленді

«Балаларға қаржы жайлы» сериясы



«Шашу оңай, жинау қиын»

2 кітап


Авторы  – 

Ольга Гумирова

Суретшісі – 



Юлия Чернова 

Қазақ тіліне аударған 



Бағдат Мәжитов

Тегін таратылады

Қымбатты балалар!

Сендердің қолдарыңдағы кітап – ерекше кітап. Бұл 

кітап сендерді қаржылық сауаттылықтың негіздерімен 

таныстырады. Басты кейіпкерлері – Марат, Артем және 

Шолпан  есімді  балақайлар.  Олар  өздеріңмен  бірге 

«Қаржы  ғылымдарының  зертханасы»  деп  аталатын 

таңғажайып  оқу  орнында  тәлім  алып,  қызықты 

тәжірибелер  өткізеді.  Үш  достың  бастан  кешкен 

оқиғаларымен  таныса  отырып,  «Банк  қалай  жұмыс 

істейді? Ақшаны қалай тиімді жұмсауға болады? Қор 

жинаудың маңызы неде? Несиені қай кезде алып, қай 

кезде  алмау  керек?  Отбасылық  бюджет  деген  не?» 

сияқты сан түрлі сауалдарға жауап аласыңдар.

Бұл  кітап  сендердің  білімдеріңе  білім  қосады  деп 

үміттенеміз.  Өйткені,  бүгінгінің  баласына  қаржылық 

сауаттылық ауадай қажет. 

Ендеше, іске сәт! 



Kaspi Bank командасы

Алматы 2015



3

2

бір  мөлшерде  виртуалды  ақша  беріледі.  Айталық,  1 



миллион теңге!

–  Қандай  көп  ақша!  –  десті  балалар.  –  Демек, 

тапсы рма да қиын болайын деп тұр ғой. 

– Басында айтқанымдай, осы ақшаны ысырап етпей 

сақтап,  барынша  көбейтуге  тиіссіңдер.  Тапсырманы 

орындауға 45 минут және үш мүм-

кіндік беріледі. Келістік пе?

Балалар  «келістік»  дегендей 

бастарын  изеді.  Олардың  ойынға 

ынталана кіріскендері ап-анық еді. 

Көп  ұзамай  планшет  экранын-

да  ойын  алаңы  пайда  болды.  Ол 

кәдімгі  қала  болатын.  Көшелерде 

кіп-кішкентай адамдар кетіп бара-

ды. Сан түрлі автокөліктер әр та-

рапқа зулап жатыр. 

–  Мынау  біздің  ықшамаудан 

ғой! – деді Марат бір кезде. – Бәрі 

алақандағыдай екен! Анау тұрған – біздің үй, мынау – 

балалар кітапханасы, қасындағы сауда және ойын-са-

уық орталығы мен банк. 

– Жақсы болды, ойында адаспаймыз! – деді Артем 

қуанып. – Енді көшеде жүрген адамдарды кейіпкер етіп 

таңдап алайық.

Шолпан өзі секілді тұлымды қызды таңдады. 

– Маған қатты ұқсайды екен! Үстіндегі мектеп фор-

масы да менікінен аумайды. – деді ол.

Марат пен Артем да таңдау жасап, өз кейіпкерлерін 

сөреге қойды. 

– Дайынсыңдар ма? – деді Дана Ғалымқызы. – Егер 

бәрі түсінікті болса, ойынды бастаймыз!

– Иә! – деп балалар жамырай жауап берді. – Ақша-

ны сақтаймыз әрі көбейтеміз!

– Онда кеттік!

Сол  сәтте  экранда  бір  қап  ақша  пайда  болды. 

Сы ртында «1 миллион» деген жазуы бар. Ойын осы-

лай басталды. 

   


Марат бірден ғаламтордың көмегіне жүгінді. «Ақша-

ны қалай сақтап, көбейтеміз?» деген сұраққа интернет-

тен жауап іздей бастады. Бірақ ондағы 

жауаптарға көңілі толмады.

– Әттең, дайын жауап-

тың  жоғын-ай!  –  деді 

балақай.  –  Енді  тек 

өз  күшімізге  се-

нуіміз керек. 


5

4

– Мұндай көп ақшаны кім көрген? Не істесек екен? – 



деді Шолпан достарына. – Қалай сақтаймыз? Көшеде 

көтеріп  жүрген  қауіпті.  Мүмкін,  бір  жерге  тығып  қояр-

мыз?

– Несі бар? Жақсы ұсыныс! – деді Артем. 



– Таптым! Таптым! Ақша сақтауға ең ыңғайлы орын 

– біздің үйдің шатыры! – деді Шолпан дауысын қатты-

рақ шығарып. – Біздің шатырда не жоқ дейсің?! Ескі-

құсқы  заттардың  түр-түрі  бар.  Егер  ақшаны  сонда 

сақтасақ,  ешкім  таба  алмайды.  Тіпті,  ешкімнің  ойына 

да  келмейді.  Біз  миллионды  әйнек  банкаға  салайық. 

Оны темір қорапқа жасырамыз. Сосын барып, әжемнің 

сандығына тығып қоямыз. Сандықтың кілті менде бо-

лады. Өзіммен бірге үнемі алып жүремін.

Балалар бұл ұсынысты қолдай кетті. Ақшаны тығуға 

небәрі бір минут уақыттарын арнады.  Батырманы ба-

сып, «Дайын» дей беріп еді...

Масқара! Миллион жоғалып кетті.

Балалар аң-таң.

– Не болды? Үйге ұры түсті ме? Өрт шықты ма?

– Тінтуірдің тілін ақша салынған банкаға апарып, ба-

сып көріңдерші. Ақшаның қайда екенін сонда білесің-

дер, – деп Қоржын мысық достарына кеңес берді

Балалар мысықтың айтқанын істеді.

Әйнек банканың ішінде тышқан отыр екен. Ақшаны 

жүндей түтіп, өзіне төсек жасап алыпты. 

– Қоржын, ұста! Тышқан! – деп балалар жанұшыра 

айғайлады.

Бірақ Қоржекең оған селт ете қоймады.

– Рахмет! Менің  қарным тоқ. Бұл  – бір. Екіншіден, 

компьютер  ішіндегі  тышқандарды  аулайтын  әдетім 

жоқ.

– Қап-ай! Бұрын маған тышқандар сүйкімді көрінетін. 



Енді қызықпаспын! – деді Шолпан ренжіген кейіппен.

   


–  Қорқатын  дәнеңе  жоқ!  Бір 

«жанымыздан»  айырылдық. 

Әлі екеуі бар, – деді Марат 


7

6

достарын жұбатып. – Ендігі мәселе – дұрыс шешім қа-



былдау. Бұл жолы мені тыңдайсыңдар.

Сөйтті  де,  бір  қап  ақшаны  өзінің  виртуалды  кейіп-

керіне берді. 

– Не істемек ойың бар? – деп сұрады Шолпан.

–  Меніңше,  бір  бағалы  зат  сатып  алу  керек.  Кейін 

оны  сатамыз  да,  ақша-

мы зды  еселеп  қайтарып 

аламыз. Басқа ұсыныстар 

бар ма?

– Миллионға үй келмей-



ді. Автокөлік алсақ, қалай 

болады? – деді Артем.

–  Немесе  асыл  заттар 

сатып алайық... – деп Шолпан да өз ойын ортаға сал-

ды.

– Оны қайда сақтаймыз? Тағы да әйнек банкаға са-



ламыз ба?

– Онда автокөлік алайық!

Ақыры  балалар  бір  шешімге  келіп,  кейіпкерлерін 

автодүкенге  кіргізді.  Су  жаңа  көлікке  ақшалары  жет-

педі. Сондықтан ескілеу әрі арзандау көлікті таңдады. 

Сатып  алған  көліктің  құжаттарын  рәсімдеуге,  сақтан-

ды руға  біраз  ақша  жұмсады.  Автотұраққа  да  бөлек 

ақша төлейтін болды.

–  Қоржын,  бізді  құттықтай  беруіңе  болады!  Ақша 

сақтаудың  амалын  енді  таптық!  –  деді  Марат  мақта-

нып.

– Оған сенімдісің бе? – деді мысық мысқылмен.



Марат  оның  сөзіне  мән  де  берген  жоқ.  Тінтуірдің 

тілін «Дайын» деген жерге апарды да, басып қалды...

Дәл алдындағыдай экран жарқ етті де, сөніп қалды. 

Сөйтіп, ақшалары күйді де кетті. Онымен қоймай, ба-

лалар тағы бір «жандарынан» айырылды.  

Шолпан жылап жібере жаздады:

– Тағы да қателестік! 

Қоржын  болса,  үндемей,  экрандағы  автокөлікті 

нұсқады.  Оның  қасында  есеп-қисап  жазылған  кесте 

пайда  болыпты.  Балалар  не  болғанын  енді  түсін-

ді. Олар ақшаларын көбейтпек түгілі, едәуір азайтып 

алыпты. Себебі, ескі автокөлік жыл өткен сайын құны 

түсіп, арзандай береді екен.

   


– Жағдай қиын! – деді Артем басын шайқап. – Дұрыс 

шешім қабылдамасақ, жеңілетін түріміз бар. Небәрі 

бір-ақ «жанымыз» қалды.

Ендігі  кезек  Артемдікі  еді.  Ол  ақша 

сақтаудың амалын таппай, ұзақ 

ойланды. Ақыры виртуал-



9

8

ды  қаланы  аралай  жүріп,  «Ақымақ»  деген  қаржы  пи-



рамидасының  жарнамасына  кезікті.  Онда  былай  деп 

жазылыпты: «Біздің компанияға ақша салыңыз да, 300 

пайыздық табысқа бірден кенеліңіз!»

– Міне, керемет! – деп мәз болды Артем. – 1 мил-

лионды  3  миллионға  айналдырған  қандай  жақсы!  Ең 

бастысы, бас қатырудың да, жұмыс істеп, тер төгудің 

де қажеті жоқ!

Сөйтті  де,  тінтуірдің  тілін  тез  жылжытып,  ақшаны 

қарны қампайған, көзі күлімдеген бір адамның қолына 

ұстата салды. Бұл адам әлгі «Ақымақ» қаржы пира-

мидасының өкілі болатын. 

«Әрі  қарай  не  болды?»  дейсіңдер  ғой. 

Ақша  желге  ұшқандай  айналып,  айна-

лып,  аспанға  көтерілді.  Бір  кезде  бұл-

тқа айналды да, жоқ болды... Ал «Ақы-

мақ»  деген  компания  үрленген  сабын 

көпіршігі  секілді  ісініп  барып,  ақы-

ры  жарыла  салды.  Онымен  бірге 

ақшаны  алған  адам  да  ғайып 

болды.  Сәлден  соң  экранға 

«Ала яқтығы  үшін  «Ақы-

мақ» фирмасының ба стығына полиция іздеу салады» 

деген хабарландыру шыға келді.

Ойын аяқталды.

–  Өкінішке  қарай,  сендер  тағы  жеңілдіңдер,  –  деді 

Дана  Ғалымқызы  балаларға.  –  Үш  мәрте  қателестің-

дер. Бар ақшадан айырылып қалдыңдар. Бұл, әрине, 

ойын. Шын өмірде болса, бастарың бәлеге қалар еді. 

Бүгін сендерге ең төменгі баға қоямын. 

– Сонда біз қателігімізді түзете алмаймыз ба? Тағы 

бір мүмкіндік берсеңізші!– деді Шолпан жыламсырап.

Дана Ғалымқызы басын шайқады:

– Жоқ. Ойын шарты солай!

–  Неге  олай  дейсіз?  Бір  мүмкіндік  бар.  Мен  ойын 

шартын өзгертіп қойдым, – деді Қоржын мысық. – Ой-

ынға «Досымның көмегі» деген опция қостым. Ал дос 

деген мына мен боламын!

Балалар  қуанып  кетті.  Қоржын  сөзін  әрі  қарай 

жалғап:

– Бірақ естеріңде болсын, ойынның негізгі шарты өз-



гермейді! Сендер ақшаны сақтап қана қоймай, көбей-

туге тиіссіңдер! Келістік пе? – деді.



11

10

– Келістік!



Сол-ақ  екен,  экран  қайта  жанып,  ойында  кейіпкер-

лер мен бір қап ақша пайда болды. 

– Ал іске сәт!

–  Уақыттарың  шектеулі!  Ұмытпаңдар!  –  деп  Дана 

Ғалымқызы  ескерту  жа-

сады.


   

Балалар  тағы  да  вир-

туалды  қаланы  аралауға 

кірісті.  Кенет  маңдай-

шасында  «Банк»  деген 

жазуы бар ғимаратты көз-

дері шалды.

–  Ішіне  кіріп  көрейікші!  –  деді  Шолпан.  –  Мүмкін, 

біздің іздегеніміз осы жер болар?

Фойеде оларды Дана Ғалымқызынан аумайтын бой-

жеткен қарсы алды. 

– Біздің 1 миллионымыз бар. Соны сақтап, көбейт-

кіміз келеді, – деді балалар.

Әлгі  бойжеткен  банктің  менеджері  екен.  Достарға 

сыпайы жауап берді:

–  Бізге  келгендерің  жақсы  болды!  300  пайыздық 

үстеме  бере  алмаймыз.  Бірақ  ақшаларыңа  10  пайыз 

қосылады.  Әрі  салымның  жоғалмай  сақталуына,  ин-

фляциядан қорғалатынына 100 пайыз кепілдік береміз. 

–  Банк  жабылып  қалмай  ма?  –  деп  сұрады  Артем 

алдындағы пирамиданы есіне алып.

– Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Тіпті, жабылып 

қалғанның  өзінде,  ақшаларың  мемлекет  қорғауын-

да болады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру 

қоры жайлы естулерің бар ма? Оның құрылтайшысы 

– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Әлдебір 

банк жабыла қалса, мемлекет осы қордан ақша алып, 

барлық салымшыларға қайтарады. Тек қайтарылатын 

ақша белгілі бір сомадан аспауы керек. 

–  Керемет!  Миллионымыз  жоғалмайтын  болды!  – 

деді Артем қуанып. – Енді не істеуіміз керек?

–  Біздің  банктен  депозит  ашып,  келісімшартқа  қол 

қойындар да, ақшаларыңды есепшотқа салыңдар!

Менеджер  керекті  құжаттарды  лезде  әкеліп  берді. 

Содан соң:

– Келісімшартты асықпай оқып шығыңдар. Сұрақта-

рың болса, қысылмай қоя беріңдер. Барлығына жауап 

беруге әзірмін, – деді.

– Қандай депозит ашқан тиімді?

–  Алдымен  депозитті  не  мақсат-

пен  ашасыңдар,  соны  анықтап 

алу  керек.  Жедел  депозитті 

белгілі  бір  мерзімге  аша-


13

12

ды. Мерзімі аяқталған соң, салынған ақшаға пайыздық 



мөлшерлеме қосылып қайтарылады. Депозиттің тағы 

бір түрі бар. Талап етілмелі депозит деп аталады. Оған 

салынған ақшаны қалаған кезде алуға болады. Бірақ 

оған  мардымсыз  ғана  пайыз  қосылуы  мүмкін.  Қысқа-

сы, пайыздық мөлшерлеменің көлемі депозиттің түрі-

не,  оны  ашатын  банктің  қандай  екендігіне  байланы-

сты. Дегенмен, ең жоғарғы мөлшерлеме еліміздің бас 

банкісі – Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген меже-

ден аспауы керек. 

– Пайыздық мөлшерлеме не үшін қосылады? – деп 

сұрады Марат.

– Ақшаның жұмыс істегені үшін. Банктегі ақша бекер 

жатпайды.  Айналысқа  түсіп,  банкке  пайда  келтіреді. 

Яғни, депозитке салынған ақшадан басқа клиенттерге 

несие беріледі. Олар қарызға алған ақшаны 

пайыздық  мөлшерлемемен  қайтарады. 

Несиенің  пайызы  көбірек  болады.  Со-

дан  барып,  банк  те,  депозит  иесі  де 

пайда табады. Банкте ақша көбейген 

сайын  кәсіпкерлер  мен  халыққа 

несие  көбірек  беріледі. 

Ең бастысы, банк те, несие алушы да мойынға алған  

міндеттерін жақсы біліп, бұлжытпай орындаулары ке-

рек. 


–  Банкпен  байланыс  ор-

натудың тағы қандай тиімді 

жақтары бар?

–  Банкке  ақша  салған 

адам  сенімді  клиентке  ай-

налады.  Яғни,  ол  адам 

банктің  басқа  өнімдерін 

жеңілдікпен  пайдаланады. 

Мысалы,  несие  алғанда, 

сенімді  клиенттер  үшін  ар-

найы жеңілдіктер  қарасты-

рылған.  

– Осы банктен депозит ашуға қалай қарайсыңдар? – 

деді Марат достарына.

Шолпан мен Артем Қоржынға қарады. 

– Ақша сендердікі! Өздерің шешіңдер, – деді мысық 

оларға.

– Сабақтың аяқталуына 5 минут қалды! Тездетіңдер!  



– деді менеджер қыз. Оның дауысы Дана Ғалымқызы-

ның  дауысына  ұқсағаны  сондай,  Шолпан  шыдай  ал-

май, күліп жіберді. 

– Дана Ғалымқызы, жаңадан бері біздің сұрақтары-

мызға сіз жауап берген екенсіз ғой!

–  Мүмкін!  Мен  де  кезінде  банкте  менеджер  болып 

істегенмін. 

Марат көп ойланбастан, тінтуірдің тілін «Банк» деген 

жазудың үстіне апарды. Балалар бір сәтке тына қалды. 

Шырт еткен дыбыс естілгенде, экран жап-жарық болып 

жана кетті. Кейіпкерлердің қасынан «1 000  000 теңге» 


15

14

деген жазуы бір бума ақша, оның артынан 100 000 де-



ген жазуы бар тағы бір бума пайда болды.

–  Құттықтаймын!  –  деді  оқытушы  апайлары. 

–   Тапсы рманы  орындадыңдар.  Бірақ  үздік  бағадан 

дәметпеңдер. Себебі, дұрыс шешім қабылдау сендер-

ге оңай болмады. 

   


Сабақ  аяқталған  соң  балалар  Қоржынды  ортаға 

алып:


– Сен нағыз дос екенсің! Егер саған көмек керек бол-

са, міндетті түрде қасыңнан табыламыз! – деді. 

–  Көмектен  қашқан  жерім  жоқ!  –  деді 

мысық  әдетінше  қуланып.  –  Әсіре-

се,  ит  қуғанда  қасымда  болыңдар. 

Пішіні  ерекше,  өзі  сондай  әдемі 

тінтуір-тышқанды  сыйға  тарт-

саңдар да қарсы емеспін!



Қоржын мысықтың сөздігі

Депозит

 – пайыздық үстеме алу мақсатымен банкке 

салынатын ақша.

Пайыз

 – банктің клиент салымын пайдаланғаны үшін

төлейтін ақшасы.

Пайыздық  мөлшерлеме

 – депозиттегі ақшаға 

қосылатын үстеме.

Пайызды капитализациялау 

– салымның бүкіл 

сомасына және жинақ ақшаға белгілі бір мөлшерде 

пайыз қосу.



Жедел  депозит

 – белгілі бір мерзімге арналып 

ашылатын депозиттік есепшот. Ол көбінесе ұзақ 

мерзімдік қаржылық жұмсалым мен жинақ ақша болуы 

мүмкін. Жедел депозитке мейлінше көп пайыз қосыла-

ды.


Талап етілмелі депозит

 – иесі кез келген уақытта 

қайтарып алатын депозит. Бұл депозит айтарлықтай 

табыс әкелмейді.



Депозиттерді сақтандыру

 – қандай жағдайда да 

салымның қайтарылуына кепілдік беретін сақтандыру 

түрі. Кепілгері – мемлекет.



Банк  салымының  (депозитінің)  келісім-

шарты

 – банк пен салымшы арасындағы келісім-

шарт. Ол бойынша, банк салынған ақшаны қайтарып 

беруге, тиісті мөлшерде пайыз қосып отыруға кепілдік 

береді. 

Салымның  мерзімін  ұзарту

 – банктің салым 

жөніндегі келісімшартты автоматты түрде ұзартуы. 

Бұл депозиттегі ақшаның мерзімі өтіп кеткенде жүзеге 

асады.


17

16

Миллион теңгені қалай сақтап, 



көбейтуге болады?

Ойын шарты бойынша, 1000000 теңгені сақтап қана қоймай, 

көбейтуге тиіссіңдер. Жолға шығарда түрлі-түсті фишкалар мен 

кубик алуды ұмытпаңдар.

1. «Банка» деген шеңберге түссеңдер, ойын қайта басталады. Ақшаларың  

жоғалады.

2. «Сатып алу» деген шеңберге түссеңдер,  кері қайтуға тура келеді. Жарты 

ақшадан айырыласыңдар.

3. «Қаржы пирамидасына» ақша салсаң, ойын аяқталды деген сөз. Ақша күйіп 

кетеді.

4. «Банк» деген шеңберге түссеңдер, бағдарша бойынша алға жылжып, ұтқан 



ақшаны аласыңдар.

18

Қоржын мысықтың кеңестері

1. 


Ақша  аспаннан  жаумайды,  еңбекпен  келеді. 

Бірақ ақылмен жұмсамасаң, жоғалтып алу оп-

оңай.

2.  


Ақша есепті ұнатады. Ақшаны бейберекет ша-

шуға болмайды. Әр теңгенің қайда жұмсалға-

нын күнделікті есептеп отыру керек. 

3. 


Ақшаны  үйде  емес,  банктің  депозитінде 

сақтаған дұрыс. Сонда ол ешқайда жоғалмай-

ды әрі иесіне табыс әкеледі.

4. 


Байлық  тиыннан  құралады.  Ақша  жинауды 

ерте бастасаңдар, күндердің бір күні қызығын 

көресіңдер.

5.

   Ақша сендерді емес, сендер ақшаны басқару-



ларың керек. Ол үшін  қаржылық сауаттылық 

ауадай қажет. Жас кезде терең білім алсаңдар, 

есейгенде ақшаны дұрыс басқарып, байлыққа 

қол жеткізесіңдер.



Каталог: files -> files -> books
files -> Сборник материалов международной научно-практической
files -> Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
files -> Куратор: Бекбаулова Э. Е. Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері». Тәрбие сағатының мақсаты
files -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
files -> Кіріспе Кешенді емтихан бағдарламасынамектепке дейінгі педагогика, тіл дамыту әдістемесі, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, мектепке дейінгі ұйымды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі педагогика
files -> Халықтың ауызша шығарған сӛз ӛнерін, оның табиғаты мен тарихын
books -> Қаржы ғылымдарының зертханасындағы кезек ті дәріс аяқталарда Дана Ғалымқызы шәкірттеріне
books -> Сабақтың басталуына бес минут қалғанда қаржы ғылымдарының зертханасына Қоржын мысық кіріп

жүктеу 25.35 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет