Сабақ тақырыбы Ə. Тəжібаев «Толағай» (Ерлік туралы аңыз) Сабақтың мақсаты



жүктеу 33.86 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.02.2017
өлшемі33.86 Kb.
түріСабақ

САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 



Пəн 

Қазақ əдебиеті 

 

Мұғалім  

Баянбаев Бақытжан  



Мектеп, сынып 

Өскемен


қаласы,

№2

 



 

 

мектеп-гимназиясы, 6 «Б» -сыныбы 



Сабақ тақырыбы 

Ə. Тəжібаев «Толағай» (Ерлік 

туралы аңыз) 

 

Сабақтың мақсаты: 

Оқушыларға тақырып мазмұнын меңгерту.

 

Міндеттері: 



1. Білімділік:  

​Əбділдə Тəжібаев  туралы  сөз, əдеби 

ертегінің  ауыз  əдебиетіндегі  ертегі  жанрынан 

айырмашылығы  мен  ұқсастығы  туралы түсінік  беру. 



2. Тəрбиелік: 

​Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке 

баулу, елжандылыққа, ержүректілікке  тəрбиелеу. 

3. Дамытушылық: 

​Оқушылардың  өз  ойын  жүйелі 

айта  білуін,  шапшаңдыққа,  сөздік  қорының 

молдығына назар  аудару.   



Сабақтың типі:

 

Жаңа білімді меңгеру.   



 

Сабақтың түрі:

 

Дəстүрлі сабақ. 



 

Сабақтың əдіс-тəсілі:

 

Мəнерлеп оқу, əңгімелеу,талдау,венн 



диаграмасы,инсерт. 

 

Сабақтың көрнекілігі:

 

оқулық,презентация,



  



www. bilimland.kz сайтынан   

 

 

 

http://www.bilimland.kz/index.php/kz/

 "Толағай"   əдеби 



ертегісі. 

 

Пəнаралық байланыс: 

 

орыс тілі, тарих, география. 



 

 



Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 

1. Оқушылармен сəлемдесу 



2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру 

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 

 

«Алтын сақа»  ертегісін мазмұндау, сөздік.



 

ІІІ. Білім  тексеру: 

 

Сұрақ – жауап; 



1.«Ертегі» деген не? 

2. Ертегінің қандай түрлері бар? 

 

ІV

​  ​Жаңа  сабаққа  дайындық 

 

1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу



2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру; 

Балалар бүгін біз ертегілердің тағы бір түрі əдеби ертегі 

туралы өтеміз. Ертегі мен əдеби ертегінің 

айырмашылығын түсіндіріп өту. Əдеби  ертегілер 

туралы қысқаша түсінік. Ə.Тəжібаев өмірбаяны 

(слайдтан). 

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 

 

1.Сөздікпен

жұмыс;

мəнерлеп

 

 

 

оқып, түсіну. 

 

Əдеби ертегі – литературная сказка 

Ел аузында – в устах народа 

Даңқы шыққан мерген-  славный стрелок  

Ат арылтып жетті бəрі – прибыли все 

Ерекше тұлға – особая фигура 

Шатқал – ущелья 

Жай оғы – стрела лука 

Ерте солды – рано высохли 

Арқалады ауыр тауды – нес на спине тяжелую гору 

Күн күркіреп, шатырлатты- гремел гром 

Шөлдегендер суға қанды –утолили жажду. 

 

2. Интерактивті тақтадан  

www. bilimland.kz сайтынан   



 

 

http://www.bilimland.kz/index.php/kz

/



 

​Ə.Тəжібаевтың «Толағай» ертегісін 

көріп, тыңдау. Астындағы мəтінді 

мəнерлеп оқу. 

 

 

Əбділда Тəжібев (1909-1998) шығармаларына тəн 

романтикалық образ автордың əдеби ертегілерінде 

көрінеді. Оның «Мерген», «Кілемшілер туралы ертегі», 

«Аққу» «Күй атасы» атты шығармалары халықтық 

аңыздар сюжеті негізінде жазылған. 

Əбділда Тəжібаев əдебиеттің бірнеше жанрында қатар 

жазған қаламгер, əдебиет зерттеушісі. Сыр өңірінде 

дүниеге келген ақын өнерге жасынан қанығып өседі. 

Ақын анасының да ықпалы мол болады. Əбділда 

шығармаларындағы басты образ ақын мен халық. 

«Толағай» – ерлік жайлы аңызға негізделген əдеби 

ертегі. Ертегідегі романтикалық образ – Толағай. 

Толағайдың дүниеге келуі, күн санап өсуі, алып күш 

иесіне айналуы қазақ ертегілерінде кездесетін дəстүрлі 

мотивпен өрбиді. Шығарма сюжеті екі бөлімге 

топтастырылған. Алғашқысында Толағайдың дүниеге 

келуі мен қалыптан тыс өсуі сипатталса, екінші бөлімде 

 


ел басына түскен қиыншылықтағы Толағайдың ерлік ісі 

баяндалады. Автор Айсұлу мен Толағайдың образдарын 

жасауда ертегіге тəн элементтер мен жазба əдебиет 

үлгісін қатар қолданады. Шығармада кездесетін көркем 

тəсілдің басым көпшілігі – теңеулер. Толағай мен 

Айсұлудың портретін жасауда автор «Туған айдай, ақ 

меруерттей, қос жұлдыздай, жанған өрттей», «ақ 

маралдай, Ақша беті айменен тең», «Айналады, 

толғанады, Көбелектей от айналған» деген теңеулерді 

қолданады. Шығарма сюжеті қарапайым, тілі жеңіл. 

Ертегіде ел мүддесі үшін жанын қиған ерен ерлік 

дəріптеледі. Халық үшін жанын қиған ердің ерлік ісі ел 

есінде мəңгілік сақталатынын айту арқылы жастарды ел 

мүддесіне қызмет етуге шақырады.    

 

VІ. «Қоржын қалта» . Жаңа 

сабақтан түсінгендерін тексеру: 

Сұрақ – жауап. Əр оқушы қоржыннан сұрақтар суырып 

тыңдаған ертегіге байланысты жұптарына сұрақ қояды. 

1.Ерегі кім туралы? 

2.Отыз күндік мереке деген не? 

3.Толағай  төрт жасында  не істеді? 

4.Неше жасында садақ тартты? 

5.«Жазғытұрым» қай мезгілге жатады? 

6.«Тарбағатай өңірінде,үзілмейді жылда жаңбыр» осы 

өңірді картадан көрсет. 

7.Толағай сен болсаң не істер едің? 

8.Шығармадағы Айсұлуға мінездеме бер. 

 

 

VІІ.  Сабақты бекіту: 



Салыстыру (Венн диаграммасы); 

 

Ұқсастықтарын жазу; 



Кестені толтыру. 

 

Ертегі туралы 



не білдім? 

Тағы не 


білгім келеді? 

Маған 


түсініксіз 

 

 



 

 

 



 

VІІ. Бағалау: 

Бағалау парағына қарап алған ұпайлары бойынша 

бағалау (төмендегі кестеден қараңыз). 

VІ.Үй тапсырмасын беру. 

 

Ертегіні оқып,  түсінгенін  өз  сөзімен  айту. 24 -29 бет. 

30-бет. Сөздік жаттап келу. 

 



 

VІІ. Сабақты аяқтау. 

Қоштасу. 

 

 

Оқушылардың 

аты жөні 

Үй 


тапсырмасы 

(білуі 


-білмеуі) 

Қоржын 


қалта 

(сұрақтар) 

Вен 

диаграм


масы 

Инсерт   Қорыты

нды 

баға 


Мұғалімнің 

қорытынды 

бағасы 

Колья  


 

 

 



 

 

 



Саша  

 

 



 

 

 



 

Даниль  


 

 

 



 

 

 



 

Кесте 1 

Бағалау 

 



 

жүктеу 33.86 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет