Тақырыбы: Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы.
Мақсаты – ғылыми теориялық әдебиеттерді және ғаламтор желісіндегі сайттарды, атластарды пайдалана отырып, еліміздің экономикалық географиялық жағдайының басты ерекшеліктерне талдау жасау және экономикалық-географиялық түсінік қалыптастыру.
Тапсырма: ҚР Ұлттық Атласының 1-томының Кіріспе бөліміндегі экономикалық-географиялық жағдайымен танысу. Қажетті ақпараттардан қысқаша конспект жасау.
ҚР-ның әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша ақпараттарды жаңарту.
Еліміздегі 14 облыс пен 3 Республикалық маңызы бар қала туралы ақпаратты Ұлттық Статистика Бюросының мәліметтері негізінде жаңарту.
Кесте 1 – Қазақстан Республикалық әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат
Кесте бойынша халқының саны ең көп, ең аз облыстарды анықтау. Жер көлемі бойынша да салыстырмалы қысқаша талдау жұмыстарын жасау.
Жүргізу түрі:Ғылыми әдебиеттермен, ашық ғаламтор желілерімен және дәптермен жұмыс.
Көмекші құралдар мен жабдықтар: Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары (117 карта). 1 том. – Алматы, 2010. – 150 б.
https://stat.gov.kz/ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика Бюросының ресми-ақпараттық ресурсы
Тексеру формасы: Тапсырмалар дәптерге орындалады, кері байланыс Univer жүйесі арқылы жүргізіледі.