Сабақ Тақарыбы: бақ тарихы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары туралы түсінік беру



жүктеу 18.78 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.03.2017
өлшемі18.78 Kb.
түріСабақ

1-сабақ

  

Тақарыбы:

 

БАҚ тарихы



  

Сабақтың мақсаты: 

 

-Оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары туралы түсінік беру. 

-Газет-журналдар түрлерімен таныстыру. 

-Шығармашылық қабілеттерін арттыру 



Сабақтың міндеттері:

  

-Оқушылардың ой-өрісін өсіру, танымдық қабілеттерін арттыру. 



-Мерзімдік басылымдардың өмірде алатын орны туралы түсінік беру.  

-Бұқаралық ақпарат құралдарын қалауынша оқу, пайдалану, жазылу



 

Сабақтың барысы:

 

1.

 

Ұымдастыру кезеңі 



2.

 

Жаңа сабақ. 

А)Мәтінмен жұмыс: 

Газет тарихынан

Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — 



халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір 

қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не 

жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді 

баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет 

шығарылатын  газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. 

Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, 

тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, 

оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге 

жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз 

өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің 

жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, 

Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға 

бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент 

қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ 

даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы 

ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның 

азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне 

ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен 

бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп 

тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз 

басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. 

Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда 

басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен 

буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға 

бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-

мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі 

кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. 

Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған 

таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы 

Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” 

заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.  

Ә) Сұрақтарға жауап бер:

 

 



Баспасөз деген не? 

 



Баспасөз түрлеріне не жатады? 

 



Баспасөздің көне түріне не жатады? 

 

Алғашқы газеттер қай елдерде шыға бастады?  



3.   Бекіту: 

Деңгейлік тапсырмалар

 арқылы 

І деңгей 

 

Мәтіннен бірыңғай мүшелерді теріп жаз. 



 

Бірыңғай мүшелерді қатыстыра отырып,  



5-6 сөйлем құрастыр. 

II деңгей.

 

 



Мәтіннен тірек сөздерді теріп жаз. 

 



Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлесу құрастыр. 

ІІІ

 деңгей. 

 



Бұқаралық ақпарат құралдары туралы әңгімеле. 

 



Қосымша мәліметтер жинақта.  

4.

 



Қорытынды :

 Бағалау парағы 



Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 18.78 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет