Сабақ Мәтін және сөз мағынасы Жоспар



жүктеу 311.6 Kb.
Дата14.05.2022
өлшемі311.6 Kb.
#19873
түріСабақ
1-сабақ
Буын түрлері, 4 сынып тапсырма

1-сабақ
Мәтін және сөз мағынасы
Жоспар:
Ауызша әдеби тілге қатысты мәтіндердің үлгілері. Жазба әдеби тілдік мәтіндер: түрлері, тақырыптары, идеясы, мазмұны, ой бөліктері, стильдік сипаты. Мәтіндерге тілдік талдау. Мәтіннің түрлерінде әдеби тіл нормаларының сақталу қалпы.
Мәтін – бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтінге ат қою – оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау.Тақырып – мәтінде баяндалатыно қиғамен ойдын түйіні.Мәтіндегі негізгі ой-автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Әңгімелеу – оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін.
Ерекшелігі:
1) тірек сөздері – етістіктерден болады.
2) Сөйлемдер тізбектеле байланысады.
3) Мәтіннің соңына қарай негізгі ой айтылады.


Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.

Сипаттаузат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін.
Ерекшелігі: 1) Тірек сөздер сын есімнен болады.
2) Сөйлемдер заттың түр-түсін, қасиетін суреттейді.
Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі.

Пайымдау – Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін.


Ерекшелігі: 1) Бірінші сөйлемде негізгі ойы айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.
2) Тірек сөздері – «өйткені», «себебі», «біріншіден», «екіншіден» деген сөздер.


Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан.Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады.



Стильдердің ерекшелігі

  • Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу.

  • Ресми іс-қағаздар стилі – ресми, анық, дәл, нақты.

  • Публицистикалық стиль: шақыру, үндеу, нақтылық.(мақала)

  • Көркем әдебиет стилі: образды, эмоционалды, экспрессивті.

  • Ауызекі сөйлеу стилі: сөздер мен сөз тіркестерінің еркін қолданылуы, күнделікті сөйлесу стилі

Стильдердің тілдік құралдары:

  • Ғылыми стильде - ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.

  • Ресми іс-қағаздар стилінде –кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы өйлемдер мен даяр тіркестер мен құжат тілдері жиі қолданылады.

  • Публицистикалық стильде - риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдаланылады.

  • Көркем әдебиет стилінде - ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары(теңеу, метафора) қолданады.

  • Ауызекі сөйлеу стилінде – қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады, көбінесе диалог түрінде келеді

Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:

  • Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылы-сүйгіш ағаштар қатарына жатады.

  • Ғылыми стиль

  • Көркем әдебиет стилі

  • Өз қалауыммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын.

  • Ресми іс –қағаз стилі

  • Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма берді?

  • Ережелерді жаттауға берді.

  • Ауызекі сөйлеу стилі

  • 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыз-дың жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағы берілді.

  • Публицисти-калық стиль

жүктеу 311.6 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет