Сабақ жоспары Тақырыбы: Әсемдік әлемінде «Табиғатқа қамқорлық»



жүктеу 36.64 Kb.
Pdf просмотр
Дата30.04.2017
өлшемі36.64 Kb.

4 «Д» сыныбы   

 

 

 

9.02.2017 ж. 

Мұғалім: Шакенова М.Е. 

Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары  

Тақырыбы: Әсемдік әлемінде «Табиғатқа қамқорлық».          

 

Сабақтың мақсаты: 

Табиғатқа қамқорлық жасаудың  маңыздылығын  түсіндіре отырып,  

сүйіспеншілік  құндылығының мәнін ашу. 

 

Сабақтың міндеттері: 



Білімділік: «Табиғатқа қамқорлық» деген ұғымның мәнін ашу, түсіндіру. 

Дамытушылық: Оқушылардың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілік  

құндылығын қалыптастыру. 



Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, табиғатқа  қамқорлық жасай білуге, табиғатты 

құрметтеуге  тәрбиелеу.  



Құндылық:  Сүйіспеншілік   

Ресурстар: (оқулық, дәптер, күнделік, қалам, слайд, музыка, жүрекшелер, топқа 

бөлу, постер құру) 



 

Сабақтың барысы: 

1.

 

Ұйымдасытру кезеңі. Сабақты жағымды күйге келтіру  

5 "Т" ұстанымын еске түсіру 

1. Тәртіп 

2. Талап 

3. Тыныштық 

4. Тазалық 

5. Татулық  

Сәлемдесу: 

Қайырлы күн, қайырлы күн!  

Күліп шықты күн бүгін.  

Нұр, сәулесін шашуда.  

Бәріміз жадырайық,  

Қонақтарды қарсалайық.  



2.

 

Тыныштық сәті.   

Нұрға бөлену: Баяу әуен ойнап тұрады. 

Ыңғайланып  отырыңыздар,  денелеріңізді  түзу  ұстаңыздар.  Аяқ-қолыңызды 

айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді 

жұмуларыңызды өтінемін.  

Елестетіп  көріңіз:  Күн  нұры  сіздің  төбеңізден  өтіп,  кеудеңізге  қарай  бойлап 

барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан 

баяу  ашылып  келеді.  Балғын  және  таза  әсем  гүл  сіздің  әр  ойыңызды,  әр 

сезіміңізді,  эмоцияңыз  бен  тілек-қалауыңызды    шайып,  жүрегіңіздің  қауызын 

ашты.   

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп 

күшейе  түсуде.  Оймен  осы  нұрды  қолдарыңызға  түсіріңіз.  Сіздің    қолдарыңыз 


нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға 

көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар 

сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат 

құралына айналды.  

Одан  әрі  нұр  сіздің  аузыңызға,  тіліңізге  тарады.  Тіліңіз  тек  шындықты  және 

жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз 

тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек 

жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға 

бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.   

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-

жағыңызға  сәуле  шашады.  Осы  нұрды  туысқандарыңызға,  мұғалімдеріңізге, 

достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп 

жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.  

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық 

тірі  жанға  таралсын...  Ғаламның  барлық  түпкір-түпкіріне нұр  бағыттаңыз.  Ойша 

айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».  

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...   

Енді  осы  Нұрды  жүрегіңізге  орналастырыңыз.  Нұрға  толы  бүкіл  әлем    сіздің 

жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.  

Жаймен көзіңізді ашуға болады.  

Рахмет.    

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі (қағазға жазып тақтаға іледі). 



Топқа бөлу: (жүрекшелер алу арқылы) 

1 топ: Актерлер 

      2 топ: Журналистер 

      3 топ: Суретшілер 

 

Слайд: 

Сара Назарбаеваеваның – өмір баяны 

- Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысында 

дүниеге келді, яғни 12 ақпанда 75 жасқа толады. 

Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы.  

«Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие 

беру идеясының авторы болып табылады. 

 Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, 

Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс 

Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен марапатталған  және  т.б 

марапаттарыда бар.     

3.

 

Үй тапсырмасы: «Табиғатқа қамқорлық»  тақырыбын оқып келу. 



4.

 

Тақырыпты хабарлау:  «Табиғатқа қамқорлық» 

Мен де балғын гүлмін!  (өлеңді оқушылар оқиды) 

 

Мұғалім: Табиғат – бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-

жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына 

тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған. 


 

Дәйексөз: «Көзіңді қалдыр –бұлақ көзін аша жүр,  

Ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, 

Өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр»-3 рет бірге дауыстап оқыту. 

 

Дәптермен жұмыс: Дәйек сөзді дәптерге жазу. 



  

«Атаның өнегесі» әңгіме бойынша   – әр топқа тапсырма беремін. 

 

1 топ: Сахналап көрсетеді. Мәтін бойынша немересі мен атасының ата жұртына 



барған жерін сахналаңдар. 

2 топ: Сұрақтарға жауап береді. 

 

Атасы  немересі неліктен жол үстінде  тоқтатты? 



 

«Жол жүрсең, жоралғыңды сақта» дегенді қалай түсінесіңдер? 



 

Атасы мен немересінің бұлақ көзін ашуы табиғаттқа қамқорлық деп 



айтуға бола ма? Неліктен? 

 



Атасы мен немересінің табиғаттқа қамқорлығы тағы қандай істерінен 

көрінеді? 

3 топ: Атасы мен немересінің еккен ағаштарының бес жылдан кейін қандай 

болатынын бейнелеп береді. 

           

Шығармашылық жұмыс, 

1 топ: Актерлер – Табиғатқа байланысты мақал-мәтел құрастыру, айту. 

2 топ: Журналистер- Табиғатқа байланысты тақпақ, өлең құрастыру, айту. 

3 топ: Суретшілер- Табиғатқа байланысты жұмбақтар  құрастыру, айту 



 

Қорытынды:

  

1 топ: Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені... 

2 топ: Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені... 

3 топ: Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені... 



Бір-біріне жақсы тілектер айтып жүрекшеледі сыйлайды. 

Топпен ән айту (минус қосамын). 

 

"Дос болайық, бәріміз" 



Әні: И. Нүсіпбаев 

Сөзі: Х.Талғаров 

 

1.

 



Әрқашан дос, біргеміз, 

Ажырамас іреміз. 

Ілгері жүріңдер. 

Достық жырын  біліңдер, 



Ту ғып ұстап бірлікті,  

Еңбекті сүйіңдер! 

 

Қайырмасы: 

Дос болайық, бәріміз, 

Жарасып тұр әніміз. 

Тыныштықты сақтаймыз, 

Атсын күліп таңымыз. 

 

2.



 

Қайраттанып қарышта, 

Озып шыққан жарыста, 

Батыл бас, жас ұлан! 

Самға биік, алысқа, 

Жұлдыздарға,  ғарышқа, 

Бойда күш тасыған. 

Қайырмасы: 

 

Мұғалім: Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға 

алдық, сондықтан Табиғатты аялап, қүтіп, оған қамқорлық жасап жүрейік.

 

 



5.

 

Үйге тапсырма? 

Оқулықтың 123-124 бет. Оқу мазмұндау.. 

 

6.

 

 Соңғы тыныштық сәті.  

Баяу ән қойылады 

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен 

өткізіп көрейікші. 

Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегімізге түйіп алайық. 

Барлығыңа, үлкен рақмет. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 




жүктеу 36.64 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет