Сабақ жоспары пəн Информатика Мұғалім Сыдық Ақмарал Рыскелдіқызы Мектеп, сынып



жүктеу 39.68 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.05.2017
өлшемі39.68 Kb.
түріСабақ

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ



 

 

Пəн 

Информатика 

 

Мұғалім  

Сыдық Ақмарал Рыскелдіқызы 

Мектеп, сынып 

Талғар қаласы, №7 мектеп-

лицей, 6-сынып 

Сабақ тақырыбы 

Абзацтар, шегіністер жəне 

интервалдар 

 

 



Жалпы мақсаты 

Оқушыларға Ms Word редакторында құжатты форматтау 

тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. 

Оқушыларға мəтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу 

тəсілдерін, негізгі форматтау режимдерін қолдануды 

үйрету, символдарды форматтау, мəтінді туралау, 

жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты 

мəтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету. Өз 

бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту жəне 

ойлау қабілеттерін дамыту, пəнге деген қызығушылығын 

арттыру, есте сақтау, байқампаздық, тапқырлық 

қабілеттерін дамыту.  



Оқыту нəтижелері 

- Берілген тапсырмаларды жұппен, топпен орындауға 

үйрету; 

- Оқушылардың өзін жəне бір-бірін бағалауға 

дағдыландыру; 

- Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу 

дағдысын қалыптастыру; 

- Информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттерін 

дамыту. 

Түйінді идеялар 

Абзацтар, шегіністер жəне интервал түрлерімен жəне 

қызметтерімен танысты. 

 

Күтілетін нəтиже 

Оқушылар абзацтар, шегіністер жəне интервалдармен 

танысып, оларды ажырата алатын болады. 

Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу 

дағдысы қалыптасады. Информатикалық терминдік тілде 

сөйлеу қабілеттері дамиды. Жұппен, топпен жұмыс жасай 

отырып, бірлесіп білім алады. 



Сабақтың көрнекілігі 

Білім беруде АКТ-ны пайдалану. 



Сабақтың əдіс-тəсілдері 

Сыни тұрғыдан ойлау, «Шаттық шеңбері» тренингі, 

«Серпілген сауал», «Ой қозғау», «Ойлан, жұптас, бөліс», 

«Нақты жауап» «Интервью» ыстық орындық, кері 

байланыс. 


 

Ұйымдастыру кезеңі 



2 минут 

Суреттер бойынша 3 топқа бөлу. 

 Бағалау критерийлері: 

•      Өз бетімен білім алуы

•      Дербес жұмыс жасауы

•      Жұпта жұмыс жасауы

•      Практикалық білімі

•      Информатикалық терминді пайдалану. 



Сабақтың    барысы 

Мұғалімнің іс-əрекеті 

Оқушының іс-əрекеті 

Білу 

3 минут 

Топқа бөлу, психологиялық ахуал 

Сурет бойынша сұрақ қою 

 

А) Оқушылар сурет бойынша өтетін 

тақырыпты айқындап алады. 

«Серпілген сауал» ойыны 

Өткен тақырып бойынша сұрақ қою 

 

Ə) Өткен тақырып бойынша сұраққа жауап 

1. Кегль деген не? 

2. Гарнитура деген не? 

3. Қаріп деген не? 

4. Қаріптің тізімде жоқ мөлшерін қалай 

орнатамыз? 

5. Символдар кестесі қандай бұйрық көмегімен 

шақырылады?  

6. Мəтінді қалай ерекшелейміз? 

7. Х



мəтінін теру үшін қандай батырманы 



басамыз? 

8. Мəтіндік редакторды қалай іске қосамыз? 

9. Жанама мəзірді қалай шақырамыз? 

«Ой қозғау» 

Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. 

Интерактивті тақтадан  

 

 

 



http://bilimland.kz/kk/home#lesson=16357ht

tp://bilimland.kz/kk/#lesson=16357

 

 порталын көрсету. 1, 2, 3 жаттығуларды 



орындау. Өздеріне мысал келтірту. 

Б) Жаңа  сабақ  бойынша  не  білетінін  айту. 

В) Оқушылар мұғаліммен бірге тақырып 

бойынша жұмыс жасайды. 

http://bilimland.kz/kk/#lesson=16357

  білім беру 

порталындағы жаттығуларымен жұмыс істейді. 

 

«Ойлан, жұптас, бөліс» 



Түсіну 

5 минут 

Тақырыпты оқушылар 

өздері меңгеруіне   мүмкіндік беру. 

А) Əр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып 

түсінеді, жұптасып талдайды, топпен 

талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін 

айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) 

дəптерге жазу.    



 

Ə) Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе 



мəтіннің ерекшеленген фрагментіне 

қолданылады. Мəтінді пішімдеу сызғышымен 

жолақтың Басты-Абзац немесе Абзац 

бұйрығы сұхбат терезесінің мəзірі 

бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге 

болады. Пішімдеу сызғышын экраннан алып 

тастауға жəне қайта қоюға болады. Пішімдеу 

сызғышын экранда көрсетуге Түр-Көрсету 

немесе жасыру-Сызғыш бұйрығы жауапты. 

Түйін 


•  Мəтінді пішімдеу сызғышымен жолақтың 

Басты-Абзац тіркеме парағы немесе 

Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мəзірі 

бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге 

болады.  

•  Жолдардың аралығы интервалмен 

реттеледі. 

Пішімдеу сызғышын экранда бейнелеу үшін 



Түр-Көрсету немесе –жасыру-Сызғыш 

бұйрығы жауап береді. 



Практикалық кезең 

Қолдану 

15  минут 

Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай 

деңгейлік тапсырмалар. 

Компьютермен жұмыс: 



А деңгейі  

«Вирус» құжатын ашыңдар. 

1.  Оны толықтырыңдар. 

2.  Мəтінді төменде ұсынылған түрде 

теріңдер. Түзеуге, азат жол шегіністеріне 

жəне əріптерге назар аударыңдар. 



В деңгейі 

1.  Мəтінді үлгі бойынша теріңдер 

1) 

√х

#$ &



х

$$

 



2) Х

Х



2  

+ Х


Х

3  



+  Х

Х



3   

3) mg cos a 

4)  2R 

5) b


2

 - 4ac 


2. 2 жəне 4 жолдарды жасыл түсті Arial 

қаріпімен жаз. 

3. Жолдардың арасын 1,5 интервал жаса. 

С деңгейі 

1.  Мəтінді теріңдер 

1 байт = 8 бит 

1 Кбайт (бір килобайт) = 2

10 

= 1024 байт 



(=1000 байт) 

 1 Мбайт (бір мегабайт) = 2

20 

= 1048576 байт 



(=1млн. байт) 

1 Гбайт (бір гигабайт) = 2

30 

= 1073741824 байт 



(=1миллиард  байт) 

2.  Бірінші абзацты қызыл түспен жаса. 



 

3.  Мəтін арасын 1,5 интервал жаса. 



Нақты жауап 

Талдау 

6 минут 

Сыни ойлауын дамыту. 

Анықтама тұжырымдайды, ережелерді 

нақтылайды. 



 Тест 

http://bilimland.kz/kk/#lesson=16357

 

 

 

1.      


Сергіту сəті 

3 минут 

 

Интервью 

Жинақтау 

8 минут 

Оқушыларға сұрақ қою жəне олардың 

жауаптарына қарай əрекет ету. 

1.  Пішімдеу сызғышы не үшін керек? 

2.  Мəтіндік 

процессордың 

терезесіндегі 

пішімдеу  сызғышын  қалай  қосып-өшіруге 

болады? 

3.  Пішімдеу деген не? 

4.  Абзацты  пішімдеудің  сұхбаттық  терезесін 

қалай шақырамыз? 

5.  Жолдар  арасындағы  қашықтықты  қалай 

өзгертеміз?  

6.  Сөздердің түсін қалай өзгертеміз? 

Мұғалімнің іс-əрекеті 

  

Оқушының іс-əрекеті 

Бағалау  

2 минут 

 

Топ бағалаушылары топ мүшелерін 



бағалайды. 

Мұғалімнің іс-əрекеті 

  

Оқушының іс-əрекеті 

  

Қорытынды баға шығару 

Бағалау парағы бойынша бағалау.   



Үйге тапсырма беру  

2 минут 

Мұғалімнің іс-əрекеті 

Оқушының іс-əрекеті 

Абзацтар, шегіністер жəне аралықтар 

тақырыбын оқып келу. Тест тапсыру.  

Қосымша тапсырма: 

https://e.edu.kz/ui/#/lcms/scorm/215318711

 кітапханадан «Мəтінді форматтаудың 



негізгі əдіс-тəсілдері» атты электрондық 

оқулығындағы №1, 2 жаттығу. 

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу. 

        Рефлекция    /   1 минут   



                Кері байланыс 

 

 



Каталог: upload -> content -> lesson -> 19604 -> media -> 4c4bbbe785e7cadb43f704a973e33076
lesson -> Сабақ тақырыбы Ілияс Есенберлин "Көшпенділер" трилогиясы Мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Ə. Тəжібаев «Толағай» (Ерлік туралы аңыз) Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Етістіктің сөйлемдегі қызметі Жалпы мақсаттары
lesson -> Сабақ жоспары пəн Əдебиеттік оқу Мұғалім
lesson -> Сабақ тақырыбы Ғарыш туралы алғашқы түсінік Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
lesson -> Сабақ жоспары пəн Қазақ тілі Мұғалім Сванғожаев Алмас Болатұлы Мектеп, сынып
lesson -> Сабақ жоспары пəн Биология Мұғалім Алмағанбетова Алтынгүл Мектеп, сынып
lesson -> Сабақ жоспары пəн Əдебиеттік оқу Мұғалім Кадирбекова Райгүл Камалбекқызы
lesson -> Сабақ жоспары пəн Биология Мұғалім Бисенгалиева Əсел Мектеп, сынып
4c4bbbe785e7cadb43f704a973e33076 -> Сабақ жоспары пəн Информатика Мұғалім Сыдық Ақмарал Рыскелдіқызы Мектеп, сынып

жүктеу 39.68 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет