Сабақ жоспары пəн Биология Мұғалім Алмағанбетова Алтынгүл Мектеп, сынып



жүктеу 43.49 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.03.2017
өлшемі43.49 Kb.
түріСабақ

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ



 

 

Пəн 

Биология 

 

Мұғалім  

Алмағанбетова Алтынгүл 

 

Мектеп, сынып 

Қызылорда облысы, Арал 

қаласы, №62 орта мектеп, 

8- сынып               

Сабақ тақырыбы 

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің  

алдын алу шаралары 

 

 



Сабақтың мақсаты 

Оқушыларға иммунитет жəне ЖИТС ауруы, оның алдын алу 

шаралары туралы түсінік беру. Оқушылардың пəнге 

қызығушылығын арттыру, салауатты өмір сүруге тəрбиелеу. 

 

 

Сабақтың көрнекілігі 



 

 

 



Itest.kz, bilimland.kz  ресурстар қоры, twig-bilim видео 

сабақтары. 

 

Сабақтың барысы 



І.Ұйымдастыру 

 

Амандасу, оқушыларды түгендеу жəне сабаққа дайындық. 



ІІ.Өткен сабақты 

қайталау 

Itest.кz  жəне биология  8-сынып,  ҮІІ  тарау.  Ұлпа  сұйықтығы. 

Лимфа, лейкоциттер.Тромбоциттер. Қанның ұюы тақырыбына 

А)  Конспект.  Лейкоцит  тақырыбын  қайталау.  Лейкоциттердің 

құрылысы  мен  қызметі. Лейкоциттер (грекше  «leukos»  –  ақ, 

«kytos»  –  жасуша)  қанның  түссіз  ядролы,  амеба  тəрізді 

қозғалғыш  жасушалары.  Адамның  1  мм

3

қанында  4–9  мың 



əртүрлі  топқа  жататын  (лимфоцит,  моноцит  жəне  т.  б.) 

лейкоциттер  болады.  Лейкоциттер  құрылыс  ерекшелігіне 

сəйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті жəне түйіршіксіз. Түйіршікті 

лейкоциттердің  цитоплазмасында  ұсақ  түйіршікті  түзілістер 

болады.  Түйіршікті  лейкоциттерге  –  нейтрофилдер  (45–75%), 

эозинофилдер  (1–5%)  жəне  базофилдер  (0–1%)  жатады. 

Түйіршіксіз 

лейкоциттерге 

– 

лимфоциттер 



(18–30%), 

моноциттер  (2–9%)  жатады  (қосымша  бет).  Олардың 

цитоплазмасында 

түйіршікті 

түзілістер 

болмайды. 

Лейкоциттер  сүйек  кемігінің  майында,  лимфа  түйіндерінде, 

айырша  безде  жəне  көкбауырда  түзіледі.  Қанда  таңертеңгі 



 

ашқарында  (тамақ  ішпегенде)  аздау,  тамақтанғаннан  кейін 



көбейеді.  Тіршілік  ету  ұзақтығы  2–5  тəулік.  Эритроциттер 

сияқты  лейкоциттер  де  көкбауыр  мен  бауырда  жойылады 

(бұзылады). 

 

1-сурет. Фагоцитоз құбылысы: 

а) тікен қадалғандағы қабыну: 1–бактериялар; 2–тікен; 3– тері 

(сұрғылттау  түспен  көрсетілгені  –  ірің);  4–лейкоцит;  5– 

қантамыр; 6– жүйке; ə) лейкоциттердің микробтарды жоюы. 

 Қызметі. Лейкоциттер  амеба  тəрізді  «жалған  аяқтарының» 

көмегімен  қозғалады.  Пішіндерін  жіңішке  жіп  тəрізді  созып 

өзгертеді. 

Лейкоциттер 

қылтамырлардың 

(капилляр) 

қабырғаларынан  өтіп,  қан  ағынынан  шығып,  жасушалар  мен 

ұлпалардың 

аралықтарына 

оңай 

енеді. 


Бактериялар 

цитоплазмаға  енген  соң  лизосоманың  көмегімен  олар  ериді. 

Лейкоциттердің өздері де бұзылады. Лейкоциттердің қызметін 

толық  зерттеген  атақты  физиолог  ғалым  Илья  Ильич 

Мечников  микробтарды  ерітетін  «обыр  жасушаларды»  – 

фагоциттер  (грекше  «рhagos»  –  сіңіру,  жеп  қою),  микробтар 

мен бөгде бөлшектерді сіңіріп қорытуды фагоцитоз деп атады. 

Зақымданған мүшелердің қантамырлары кеңейіп, лейкоциттер 

тез 

енеді, 


зақымданған 

жер 


қызарып, 

қызуы 


көтеріледі. Тромбоциттер (грекше  «thrombos»  –  қан  ұйығы 

(сгусток)  +  «kytos»  –  жасуша)  –  қан  пластинкасы. 

Тромбоциттер  –  сүйек  майының  ірі  жасушаларының 

ыдырауынан  түзіледі.  Ыдысқа  құйылған  қанның  екінші 

қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2–

5  мкм,  түссіз,  домалақ  немесе  сопақша  пішінді  ядросыз 

жасуша. Қанның 1 мм

3

-де 250–400 мың тромбоциттер болады. 



Қанның  ұюына  қатысады.  Тромбоциттер  сүйек  кемігінің 

майында 


жасалады. 

Қан 


тамырлары 

зақымданғанда 

тромбоциттер  тез  бұзылып,  қанды  ұйытатын  ерекше  зат 

бөледі.  Қан  тамырларының  зақымданған  жерлерін  бітейді. 

Тромбоциттердің  тіршілік  ұзақтығы  7–10  күн.  Қанның 

сарысуы – қан ұйығының сығындысы, сарғыш түсті сұйықтық. 

Құрамы  жағынан  плазмаға  ұқсас,  бірақ  фибриноген  нəруызы 

болмайды, сондықтан ұйымайды. 

Дені  сау  адамда  қанның  мөлшері,  құрамы,  физикалық  əрі 

химиялық  қасиеттері  тұрақты  болады.  Қанның  мөлшері  мен 

құрамының  тұрақты  болуы  ағзадағы  барлық  ұлпалардың 

тіршілігі  үшін  қажетті  жағдай.  Ағзаның  ішкі  ортасының 

тұрақтылығы 

қанайналым, 

тынысалу, 

асқорыту 

жəне 


зəршығару жүйелері арқылы қамтамасыз етіледі. Ішкі ортаның 

 

тұрақтылығын  əрі  жүйке,  əрі  эндокриндік  жүйелер  реттеп 



отырады. 

 

  



Ə) Ұлпа сұйықтығы. Лимфа, 

лейкоциттер.Тромбоциттер.Қанның ұюы тақырыбына  



тақырыптық тест орындау. 

 

 



ІІІ.Жаңа сабақты 

түсіндіру 

 

 

А) Itest.кz.        пəндер      биология        өту        8 сынып        ҮІІ 



тарау.  Иммунитет,  қан  құю,  қан  топтары.  Иммунитет 

тақырыбын  оқу. Конспект: 



Иммунитет (латынша  «іmmunіtas»  –  бір  нəрседен  құтылу, 

босау)  –  қабылдамау,  қарсы  тұру,  ағзаның  қорғану  қабілеті. 

Иммунитет  –  жұқпалы  аурулар  мен  бөгде  денеге  қарсы  тұру. 

Иммунитеттің  негізін  салған  ғалым  –  И.  И.  Мечников.  Ағзаны 

жұқпалы  індеттен  қорғау  тек  фагоцитті  жасушаларға 

(лейкоциттер)  ғана  байланысты  емес.  Иммунитет  –  табиғи 

жəне жасанды деп 2-ге бөлінеді. Табиғи иммунитет (ағзаның 

өзінде  түзілген)  –  туа  біткен  иммунитет.  Ата-анасынан 

беріледі,  тұқым  қуалайды,  ұрпақтан  ұрпаққа  беріледі.  Табиғи 

иммунитеттің екінші түрі – жүре пайда болған иммунитет. Бұл 

қандай  да  болмасын  бір  аурумен  ауырғаннан  кейін 

қалыптасады.  Мысалы,  жас  кезінде  қызылшамен  ауырған 

адам  енді  қайтып  ауырмайды.  Себебі,  қанда  қызылшаға 

тəн қарсыдене түзіледі. 

Қарсыденелер 

ұзақ 


сақталатындықтан, ағза бір аурумен қайталап ауырмайды. 

Жасанды  иммунитетті егу  арқылы  қалыптастыруға  болады. 

Жұқпалы  ауруға  қарсы  ауру  туғызатын  бактериялардың 

əлсіретілген  немесе  ультракүлгін  сəулемен  өлтірілген  түрін 


 

егеді.  Мұндай  жағдайда  ауру  жеңіл  түрде  өтеді.  Ағзада 



қарсыдене  пайда  болып,  жасанды  иммунитет  қалыптасады. 

Ауырған  адамдарға  тезірек  көмектесу  үшін  құрамында  дайын 

қарсыденесі  бар  ауру  малдың  қанының  сарысуын  егеді. 

Сарысуды  малдың  (сиыр,  жылқы)  қанынан  дайындайды. 

Малдарға 

мөлшерін 

біртіндеп 

көбейтіп, 

микробтарды 

жұқтырады.  Малдың  қанында  қарсыденелер  жинақтала 

бастайды.  Ауық-ауық  малдан  қан  алып,  құрамындағы 

жасушалар  мен  фибриноген  нəруызынан  бөліп,  емдік  сарысу 

алады. 

Иммундық жүйе – ағзаның қорғаныш қамалы. 

Адам  ағзасының  микробтарға,  түрлі  ауруларға  қарсы  тұруы 

иммундық жүйе арқылы жүзеге асады. Сондықтан қазіргі кезде 

иммундық  жүйенің  атқаратын  қызметіне  ерекше  көңіл 

бөлінуде.  Дүние  жүзінде  соңғы  уақыттарда  кеңінен  таралған 

ЖИТС  (жүре  пайда  болған  иммундық  тапшылық  синдромы) 

ауру  белгісі  де  иммундық  жүйемен  байланысты.  Бұл  ауру 

көпшілікке СПИД (синдром приобретенного иммунодефицита) 

деген атпен белгілі. 

 

 



 

Ə) twig-bilim kz       биология        биология ресурстарын 

зерттеу        жасушалар жəне ДНҚ-иммундық қорғаныс 1 бөлім 

бейнекөріністі көрсету, фильм жайлы ақпарат алу. 



 

 



 

Б) bilimland  ресурсы         курстар       білім беретін фильмдер         

танымдық фильмдер          «ЖИТС дегеніміз не?» 

тақырыбындағы фильмді көрсету 

 

 

 



 

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту 



 

twig-bilim kz         биология         биология ресурстарын зерттеу        

жасушалар жəне ДНҚ-иммундық қорғаныс 1 бөлім-

бейнекөрініс жəне тереңдетілген тест.  

 

 

А) twig-bilim kz          биология        биология ресурстарын 



зерттеу        жасушалар жəне ДНҚ-иммундық қорғаныс 1 бөлім        

бейнекөрініс сынып бөлмесінде көру               иммундық 

қорғаныс         тест жауаптары. 

 

 



 

 


 

Ү. Қайталау 



 

А) Itest.кz.          пəндер          биология         өту      8 сынып 

Иммунитет, қан құю, қан топтары. Конспект сұрақтарына 

жауап беру. 

 

Ə) ) Itest.кz        пəндер          биология        өту       8 сынып         



 

 

 



ҮІ Үйге тапсырма 

Иммунитет, қан құю, қан топтары. ЖИТС ауруы, оның алдын 



алу шаралары туралы конспект.  

 

жүктеу 43.49 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет