Сабақ жоспары Анатомия,физиология және мектеп гигиенасы пәні бойынша Оқу топтары : Бс-28-9,Мд-28-9



жүктеу 46.46 Kb.
бет7/19
Дата13.01.2022
өлшемі46.46 Kb.
#16711
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
анат бек 2020ж шыг
Топырақ микроорганизмдері, биология (1) тест 1курс, Бұлшық ет лек, Абай Құнанбаев.pptx слайд
Оқытушы:Омарова Ф.

“Бекітемін”

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары_______М.Абилдаев

“_____” ___________2019ж
Сабақ жоспары

Анатомия ,физиология және мектеп гигиенасы пәні бойынша

Оқу топтары : Бс-28-9,Мд-28-9.

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің қызметі мен құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған оқу бағдарламасына сай оқушыларға білім беру

ә)Дамытушылық оқушылардың бойындағы адамгершілікті дамыту, өз бетінше шешім қабылдау қабілетін дамыту

б)Тәрбиелік оқушыларды еңбек сүйгіштікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі Аралас

Сабақтың бөлінген уақыты 80 минут___________

Сабақтың әдісі баяндау, түсіндірме, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі кітап, сурет, плакат, карточка, слайд

Сабақтың өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, сабаққа қатыссуын тексеру, аудиторияның тазалығына назар аудару

2. Өткен тақырыпқа шолу жасау сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау

III.Жаңа сабақтың мазмұны: Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, Сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды. Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ Бұл өте әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді. Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрын нан басталады (1-сурет). Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс, науа).

IV.Сабақ бойынша қаралатын сұрақтар 1. Тыныс алу жүйесі құрылысы.2. Ауа жолдары. Тынысалу жүйесінің физиологиялық әрекеттері. Өкпе сыйымдылығы.

V.Сабақты қорытындылау жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға жаңа материал бойынша сұрақтар қойылып, жауап алынды. Сабаққа жақсы араласқан оқушылар бағаланып, мадақталады.




жүктеу 46.46 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет