Сабақ жоспары Анатомия,физиология және мектеп гигиенасы пәні бойынша Оқу топтары : Бс-28-9,Мд-28-9



жүктеу 46.46 Kb.
бет4/19
Дата13.01.2022
өлшемі46.46 Kb.
#16711
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
анат бек 2020ж шыг
Топырақ микроорганизмдері, биология (1) тест 1курс, Бұлшық ет лек, Абай Құнанбаев.pptx слайд
Оқытушы:Омарова Ф.

“Бекітемін”

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары_______М.Абилдаев

“_____” ___________2019ж
Сабақ жоспары

Анатомия ,физиология және мектеп гигиенасы пәні бойынша

Оқу топтары : Бс-28-9,Мд-28-9.

Сабақтың тақырыбы: Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған оқу бағдарламасына сай оқушыларға білім беру

ә)Дамытушылық оқушылардың бойындағы адамгершілікті дамыту, өз бетінше шешім қабылдау қабілетін дамыту

б)Тәрбиелік оқушыларды еңбек сүйгіштікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі Аралас

Сабақтың бөлінген уақыты 80 минут___________

Сабақтың әдісі баяндау, түсіндірме, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі кітап, сурет, плакат, карточка, слайд

Сабақтың өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, сабаққа қатыссуын тексеру, аудиторияның тазалығына назар аудару

2. Өткен тақырыпқа шолу жасау сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау

III.Жаңа сабақтың мазмұны:Оқу-тәрбие мекемелерін,қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие процессінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор.Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі бөлмелерінің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар, антропомерия, гигиена, физиология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді және жиһаздардың әрқайсысының қолданылуына қарап анықтайды.Негізгі талаптардың бірі – жұмыс столы мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі.Бұл талаптардың сақталуы балалардың дене бітімі дамуының үйлесімді болуына, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына, қызмет қабілетінің ұзақ уақыт жоғары болуына жағдай жасайды;Сонымен қатар, көз анализаторы мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарының профилактикалық шаралары ретінде де өте маңызды роль атқарады.Бұл талаптар сақталмағанда жұмыс істеу жағдайының қолайсыздығы арта түседі: дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, “дене мүсінінің” бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады, балалар сабақта тыныш отыра алмай, артық қимыл-қозғалыстары көбейеді және т.б.

IV.Сабақ бойынша қаралатын сұрақтар 1. Балалардың дене тұлғасының дұрыстығын гигиеналық негіздеу.2. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі бөлмелерінің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар,

V.Сабақты қорытындылау жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға жаңа материал бойынша сұрақтар қойылып, жауап алынды. Сабаққа жақсы араласқан оқушылар бағаланып, мадақталады.




жүктеу 46.46 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет