Сабақ жоспары Анатомия,физиология және мектеп гигиенасы пәні бойынша Оқу топтары : Бс-28-9,Мд-28-9



жүктеу 46.46 Kb.
бет17/19
Дата13.01.2022
өлшемі46.46 Kb.
#16711
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
анат бек 2020ж шыг
Топырақ микроорганизмдері, биология (1) тест 1курс, Бұлшық ет лек, Абай Құнанбаев.pptx слайд
Оқытушы:Омарова Ф.

“Бекітемін”

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары_______М.Абилдаев

“_____” ___________2019ж
Сабақ жоспары

Анатомия ,физиология және мектеп гигиенасы пәні бойынша

Оқу топтары : Бс-28-9,Мд-28-9.

Сабақтың тақырыбы: Қан. Қан құрамының жасқа байланысты ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған оқу бағдарламасына сай оқушыларға білім беру

ә)Дамытушылық оқушылардың бойындағы адамгершілікті дамыту, өз бетінше шешім қабылдау қабілетін дамыту

б)Тәрбиелік оқушыларды еңбек сүйгіштікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі Аралас

Сабақтың бөлінген уақыты 80 минут___________

Сабақтың әдісі баяндау, түсіндірме, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі кітап, сурет, плакат, карточка, слайд

Сабақтың өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, сабаққа қатыссуын тексеру, аудиторияның тазалығына назар аудару

2. Өткен тақырыпқа шолу жасау сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау

III.Жаңа сабақтың мазмұны: Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.Қан — ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі.Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.Қан келесі қызмет атқарады: 1.асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;2.бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;

IV.Сабақ бойынша қаралатын сұрақтар 1. Қан - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі.

2. Қанның құрамы мен қасиеттері.

V.Сабақты қорытындылау жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға жаңа материал бойынша сұрақтар қойылып, жауап алынды. Сабаққа жақсы араласқан оқушылар бағаланып, мадақталады.


жүктеу 46.46 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет